Компьютердің адамзаттарға әсері


Қосымша
Компьютер адамзаттың өркениет жолымен дамуына ықпал ететін басты құралдардың бірі екені даусыз. Қай салада болмасын компьютер кеңінен қолданылып, адамдар тіпті онсыз өмір сүруін елестете алмайтындай дәрежеге жетті. Ал компьютерлік ойындар балалардың құмартып ойнайтын ойындарының біріне айналып, оған деген тәуелділігі күннен- күнге артып отыр. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы құмар ойындарын психиканың бұзылуына әкеліп соқтыратын, адам ағзасына қауіпті ойындардың қатарына енгізді.
«21 ғасыр- компьютер ғасыры» деп атап, айдар тағуымыздың өзі осыны дәлелдеп отыр. Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі баланың өзі жазу - сызуды білмесе де, компьютердің не екенін жақсы біледі. Демек, бала заманына қарай өседі. Технология тілін жатық біле бермейтін әке - шешелері «қазіргі балалар іштен біле туады» деп те айтып жатады. Компьютерге осыдан 10 жыл бұрын тек қалталылардың ғана қолы жетсе, бүгінгі күні оны әрбір үйден көруімізге болады. Сондықтан болар компьютерлік ойындар балалардың құмартып ойнайтын ойындарының біріне айналды.
Енді мамандар зерттеулеріне сүйене отырып, бұл озық технологияларды ұзақ пайдаланудың бала психологиясына кері әсерлерін саралап көрсек.
Біріншіден, шамадан тыс ақпараттар тасқыны баланы енжарлыққа душар ететін көрінеді. Интернетті өзінің бірінші серігі, ал компьютерді «досы» етіп таңдаған жан айналасындағы адамдармен еркін араласу қабілетін лезде әлсіретіп алады екен. Бұл туралы мамандар: «Өзгенің адами мұң-мұқтажын түсінбейтін, айналасындағылардың жан қиналысын сезіне бермейтін, яғни жүрегі селт етпейтін халге жетеді», - дейді. Адамдармен, тіпті өзінің жақын-жуықтарымен, әке-шеше, бауырларымен араласудан қашқақтайтын ондай бала, абайламаса, шынайы мынау өмірді виртуалды, жансыз «өмірге» айырбастап жіберетіндей дәрежеге жетеді екен.
«Компьютерге байлану» ауруы негізінен кімдерде пайда болады?» деген сауалға мамандардың жауабы: «негізінен, шынайы өмірде өз-өздеріне сенімсіз, сондай-ақ тұрмыста кездесетін қиын түйіндерді шеше алмайтын адамдар және әке-шеше қарауынан тыс қалған жас балалар аталған ауруға бейім». Олар: «компьютерден тыс жерде тірлік ету уақытты босқа жоғалтқанмен бірдей», - деп есептейді екен
Ата-ана шетте қалып,
Жан серігі - компютер болып қалған . . .
Санкт-Петербургтегі В. М. Бехтерев атындағы Психоневрологиялық институтының ғалымдары компьютерге үйірсектіктің 10 белгісін көрсетіп берді. Олар:
- компьютер алдында бір ойынды ойнап бірнеше сағат отыру;
- ата-аналарымен кикілжіңге бару;
- үйге кешігіп келу;
- сабаққа үлгерімі нашарлап;
- сабаққа жиі бармай қалу;
- баланың бұрынғы достарымен қарым-қатынасы азаяды;
- өзі сияқты компьютерге үйірсектермен ғана араласады;
- күнделікті ақшаға сұранысы көбейеді;
- берген уәдесін орындамайды;
- ашуланшақ, мазасыздану мінездері пайда болады;
- ұйқысы бұзылып, зейіні мен есте сақтау қабілеті нашарлайды;
- көз жанары төмендейді, басы ауырады, омыртқасының бұзылуы басталады.
Компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай:
*Көздің көру қабілетін төмендетеді
*Жүйкеге салмақ түсіреді
*Шаршағыштық, әлсіздік басады
*Дене белсенділігі азаяды
*Омыртқалардың қисаюына әкеледі
Компьютермен жұмыс істеу ережелері:
- компьютердің мониторы мен көзіңіздің арақашықтығы кемінде 50 см болуы қажет;
- компьютер тұрған бөлменің ауасы жиі тазартылуы керек;
- күн сайын бөлмеде ылғалды тазалық жұмыстарын (влажная уборка) жүргізгеніңіз дұрыс;
- компьютермен жұмыс істеп болғаннан кейін қолыңызды салқын сумен жуыңыз;
- ересек адамдар үшін әрбір екі сағат сайын 15 минут үзіліс жасау керек;
- балалар үшін әрбір жарты сағат сайын 15 минут үзіліс жасап отыру керек;
- көзге жасалатын жаттығуларды жасап отыру керек;
Осы жұмысты жүргізу барысында мен мектептің оқушылары мен мұғалімдеріне келесі сұрақтарды қойған болатынмын:
- Қол мен көзге арналған жаттығуларды орындайсыз ба?
Бұл сұраққа 24, 5 пайызы қол мен көзге арналған жаттығуларды орындайтынын, ал 75, 5 пайызы оны мүлдем орындамайтынын айтты.
- Компьютермен жұмыс жасау нормаларын білесің бе?
Осы сұрақ қойылған кезде оқушылардың жартысынан көбі компьютермен жұмыс жасау нормаларын білетіндіктерін мойындады, бірақ оны жұмыс жасау барысын келгенде қолданбайтындықтарын айтып кетті. Неге? Бұл сұраққа оқушылардың ешқайсысы жауап бере алмады.
- Компьютерлік ойындарға қай түріне қызығасыз?
4. Интернет алдында қанша уақыт отырасыз?
![]()
Жоғарыдағы көрсеткіштерге зер сала қарасаңыздар, балалар уақыттарының көбісін интернет пен компьютерлік ойындарға жұмсайды деген сөз. Яғни олардың сабақ оқуларына жұмсаған уақыттарынан компьютерде отырған уақыттары әлде қайда көп.
Балаға "сиқырлы машинаның" алдында отыруға қай жастан кейін рұқсат еткен жөн?
Дәрігерлердің айтуы бойынша, баланы үш жастан бастап отырғызуға болады, бірақ күніне жарты сағат қана. 6 жастан бастан 12 жасқа дейін - бір сағат. Ал 12 жастан бастап күніне екі сағат рұқсат етуге болады. Компьютер көзге зиян, сондықтан әр бір он бес минут сайын үзіліс жасап отыру керектігін есте сақтау керек. Егер балаға көзге арналған жаттығуларды үйретіп қойсаңыздар, одан бетер жақсы болар еді: көзді вертикальды және көлденең айналдыру немесе жиі жыпылықтау. Кейін тәуелділік пайда болмау үшін компьютер алдында отыратын уақыт нақты белгілену керек. Балаға компьютердің алдында көп отыру, оның көздеріне үлкен зиян тигізетінін жайлап түсіндіре білу қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz