Б.Майлиннің прозаларын талдау, зерттеу арқылы оның қазақ прозасындағы рөлін айқындау


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

1 Биографиясы, өмір жолы . . . 7

1. 1 Шығармалары . . . 11

2 Прозадағы сықақ . . . 20

2. 1 Өленіндегі сықақ . . . 25

3 Жазушы туралы тілек-лебіздер . . . 27

Қорытынды . . . 29

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 30

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Бейімбет Майлин - поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол «Садақ» қолжазба журналында, «Айқап» журналында, «Қазақ» газетінде жарияланған алғашқы өлеңдерінен бастап-ақ ел өмірінің сан-сала көкейкесті мәселелеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң-мұқтажын, арман-аңсарын, әсіресе азаттық-теңдік тақырыбын тілге тиек етеді. Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай - типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс-бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік-тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған.

Курстық жұмыстың зерттеу пәні. Курстық жұмыста қазақ әдебиетіндегі сықықшы-прозашы ретіндегі Б. Майлиннің шығармалар мұрағаты.

Курстық жұмыстың мақсаты. Б. Майлиннің прозаларын талдау, зерттеу арқылы оның қазақ прозасындағы рөлін айқындау, шығармаларында қолданылатын сықақ тәсілдерін айқындау, қазақ әдебиетіндегі рөлін ашу.

Курстық жұмыстың міндеті. Курстық жұмыстың міндеттері келесідей:

- Б. Майлиннің шығармаларын талдау кезінде, оның прозаларындағы сықақ мәнін көрсету;

- жазушы прозаларындағы сықақ ұғымдарының орындылығын талдау;

- шығармаларындағы ғылыми мәнді айқындау;

- жазушының өзіне тән ерекшелігін зерделеу.

Курстық жұмыстың әдіснамалық және теориялық негізі. Жұмысты орындау барысында жазушының шығармалары талданып, оның сықақтарына баға берген басқа да жазушылар ойлары талданды. Курстық жұмыста С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Т. Кәкішев, Ғ. Мұстафин, М. Бейсенұлы, М. Әуезов т. б. ақын-жазушылардың баспа беттеріндегі мақала, тұжырымдамалары, зерттеулері қолданылды.

1 Биографиясы, өмір жолы

Бейімбет Майлин - жазушы, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Әкесі Жармағамбет те, атасы Майлы да кедей адамдар болған. Жастай жетім қалған Бейімбет шешесі Құлғизар мен әжесі Бойдастың тәрбиесінде өседі. Әжесі Бойдас кезі келгенде өлең де шығарып жіберетін сөзге ділмар жан болған. Бұл үйде ақындар, жыршылар жиі қонақ болып, ұзақ таңға небір дастандар жырналып, суырып салма айтыстар болып, өлеңдер айтылып тұрған. Оның үстіне шығыстыңқиссаларын жақсы көретін әжесі кейіннен Бейімбет ауыл молдасынан хат таныған соң оған ұзақтаңға жыр!дастандар оқытып, тыңдайтын болған. Осының барлығы жас Бейімбеттің сөз өнерін сүйіп, әдебиет жолына түсуіне ықпал жасады. Әуелі ауыл молдасынан сауат ашқан Бейімбет кейіннен Арғынбай қажының медресесінде екі жылдай дәріс алады. 1913 ж. Троицкідегі «Уазифа» мектебінде, оны бітірген соң Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқиды. Медреседе оқып жүргенде татардың Ғалымжан Ибрагимов, Мәжит Ғафури сияқты белгілі жазушылармен танысады. Осында шығып тұрған «Садақ» атты қолжазба журналға белсене араласып, өзінің алғашқы прозалық туындысы, «Шұғаның белгісі» әңгімесі жариялайды. Өлеңдері «Айқап» журналында басқа да басылымдарда шыға бастайды. Туып-өскен жері - қазіргі Қостанай облысының Таран ауданы. Бір жасқа толмай жатып әкесінен, алтыға шығарда шешесінен айрылған. Жетімдік зардабын шегіп, байларға жалданады.

Алғаш ауыл молдасынан оқып сауат ашқан. 1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде, Қостанайдағы орысша қазақша мектепте, Уфадағы Медресе Ғалияда оқып білім алған.

1916-1919 жылдары мұғалім болады, жазушылықпен шұғылдана бастайды. «Қазақ», «Ауыл» газеттері мен «Айқап», «Садақ» журналдарына жазып тұрады.

Б. Майлин «Еңбекшіл қазаққа» «Еңбек туы» болып тұрған кезде-ақ атсалыса бастаған. Алғаш мақалаларымен қатысқан ол әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, хатшысы да болған, редакторлыққа дейін өскен. Бірақ көп істемеген.

1920-1922 жылдары газетті жасауға алғаш шығарушылар алқасы басшылық жасап, кейін жекелеген тұлғалар келе бастаған тұста басылымға Б. Майлин секілді жеті-сегіз адам жетекшілік еткені мәлім.

Содан соң, «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде қызмет істеп (1922-1923), Қостанайдағы губерниялық «Ауыл» газетінде шығарды (1925) . 1925-1928 жылдары қайтадан «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет істеп, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясын (ҚазАПП) ұйымдастыруға қатысты (1928-1932) .

Мұнан кейінгі 30-шы жылдарында «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, «Ауыл тілі», «Қазақ әдебиеті» басылымдарының бас редакторы болып істейді.

1938 жылы жазықсыз тұтқындалып, қызыл қырғын саяси репрессияның құрбаны болды.

Әдебиетіміздің жарық жұлдызы

Бейімбет Майлин есімі аса талантты, соншалық мол дарын дарыған адамдардың шоқ жұлдыздай жарқыраған тобында тұр.

Бейімбет Майлин - қазақ жазушыларының арасындағы алғашқы журналист, әдебиеттің осы бір айырықша жауапты және қызулы жанрына бірінші болып жол салған кісі. Және де Майлин творчествосындағы осы екі бағыт - көркем проза иен журналистика біріне-бірі сіңісіп кетпей, әрқайсысы өзінше дамиды, өзіне тән табиғи жолмен шымырлана түседі.

Майлиннің ілуде бір адамда ғана боларлық еңбекқорлығы мен іске қабілеттілігі тұстастарын таң-тамаша қалдыратын. Талантпен тізе қосқан еңбек аумағы мол, маңызы баға жетпес қымбат көркем мұраны бізге сый етті.

Бейімбет Майлин- поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол «Садақ» қолжазба журналында, «Айқап» журналында, «Қазақ» газетінде жарияланған алғашқы өлеңдерінен бастап-ақ ел өмірінің сан-сала көкейкесті мәселелеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң-мұқтажын, арман-аңсарын, әсіресе азаттық-теңдік тақырыбын тілге тиек етеді. Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай - типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс-бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік-тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған.

Бейімбет Майлин қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қыз», «Қашқын келіншек», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Кемпірдің ертегісі», «Хан күйеуі», «Мырқымбай» поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл-стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады.

Бейімбет Майлин дарыны оның прозалық шығармаларында айрықша жарқырап көрінген. Әсіресе, қазақ прозасында әңгіме жанры Бейімбет шығармалары арқылы кемелдене түсті. Оның әңгімелері өмір шындығын дөп басып көрсететін реалистік тегеурінімен, көркемдік биік өресімен, тақырыбының әр алуандығымен дараланады. Ол - көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен сомдай алған ұлы суреткер.

Ол он беске тарта повесть, бұған қоса «Азамат Азаматович» атты роман жазған қаламгер. Оның «Қызыл жалау», «Қоңсылар» атты романдары аяқталмай қалған. Мұның сыртында ол - ірілі-ұсақты 25 пьеса, либретто, сценарийлердің авторы.

Бейімбет Майлин шығармалары қазақ әдебиетін барлық салада байытқан рухани асыл қазына ретінде халқымен мәңгі бірге жасайтын болады.

Ол қазақ, татар, башқұрт, орыс әдебиеттерімен кеңірек танысып, әдеби сауаты арта түседі. Денсаулығына байланысты Майлин медресені аяқтай алмай, 1916-1921 ж. ауылда бала оқыту, мұғалімдікпен айналысты. Осы кездерде 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалысына арналған, төңкерістен кейінгі кездердегі қазақ аулының тұрмысын суреттейтін бірсыпыра өлеңдер жазды. 1922-23 ж. Орынборда шығып тұрған «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке келеді. Газетте редактор болып істейтін белгілі революцонер ақын С. Сейфуллиннің қарамағында жұмыс жасау Майлиннің шығармашылық жолына үлкен өзгерістер әкеледі, еңбекші таптың саяси мүддесін көздеген өлеңдер жаза басатайды. «Еңбекші Қазақ» газеті бетінде өлең, әңгімелері жиі жарияланады. «Шұғаның белгісін» қайтадан өңдеп, «Кызыл Қазақстан» журналында бастырады. 1923-1925 ж. Қостанайда шығып тұрған «Ауыл» газатінде істейді. «Раушан!коммунист» повесі осы кезде жазылады. 1934-1937 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінде редактор болды. 1937ж. халық жауы деген жаламен ұсталып, 1938ж. ақпанның 25-і күні атылып кетті.

Майлин аз өмірінде аса өнімді еңбек етіп, елуге тарта кітабын шығарды. Оның шығармаларында қазақ кедейінің мінез-құлқы, тұрмыс-тіршілігі, арман-мүддесі бұрын болмаған деңгейде жан!жақты да терең суреттеліп, қміршең типтік бейнелер жасалды. Майлиннің ақындық қызметі 1912ж. жазылған «Мұсылмандық белгісінен басталады». Төңкеріске дейін жазған көп өлеңдерінде («Мұқтаждық», «Мал», «Байлыққа») ауылдың ауыр тұрмысы, әлеуметтік теңсіздік жырланады. 1916ж. ұлт-азаттық қозғалысы Майлин шығармашылығындағы халықтық сыйпатты күшейте түсті. Осы кезден жазылған «Қанды тұман» өлеңінде қараңғыға қамалған қалың елдің, аянышты халі суреттеледі. Ақынның шығармашылығында ұлт-азаттық, ағартушылық, демократтық сарындар түпкілікті қалыптасып, жаңа биіктергк бет алды. «Кедей», «Жауыз кім?», «Кедейге», «Құтты болсын», «Мейрамың», «Бүгін», «Гүлденсе ауыл - гүлденеміз бәріміз», «Коллективтің жырын айт» сияқты өлеңдерінде жаңа заман әкелген ауылдағы өзгерістерді, ондағы елдін тұрмыс-тіршілігін зор шабытпен жырға қосты. Майлин поэзиясындағы Мырқымбай бейнесі - жиырмасыншы жылдардағы қазақ кедейінің типік бейнесін жасау жолындағы үлкен табысы. Мырқымбай - тұтас бір қтпелі дәуірдегі ауыл кедейінің қмірінде болған қзгерістерді оның сана-сезімі, мінез-құлқы, іс-әрекеті, тұрмыс-тіршілігі арқалы шынайы суреттелген типтік бейне. Мырқымбай сияқты типтік дәрежеге көтерілген бейне қазақ әдебиетінде күні бүгінге дейін жасалына жоқ. Ол ақынның жиырма шақты өлеңінде, екі поэмасында бірде басты, бірде қосымша кейіпкер ретінде көрінеді. Майлиннің біраз өлеңдері әйел теңдігі тақырыбына арналған. «Қыздың сәлемі», «Қашқын келіншек», «Ақсуаттың жанында» сияқты өлеңдерінде ескі салтқа негізделген қазақ қыздарының аянышты тағдырлары суреттеледі. «Азат әйел», «Ғазиза», Шал мен қыз», «Ажар» сияқты өлеңдерінде жаңа заманда теңдікке жетіп, бақытты өмір сүре бастаған жастарды жырға қосты.

1. 1 Шығармалары

Б. Майлин, өзімен замандас Қазақ қаламгерлерінің көбі сияқты, жазуды өлеңнен бастағанымен, көп ұзамай прозаға ден қойған, бұл жанрдағы алғашкы туындыларының өзімен-ақ (мысалы, «Шұғаның белгісі») үлкен суреткер екенін паш еткен жазушы. Ол қазақ әдебиетіне проза жанрын қалыптастыруда керемет еңбекқорлық пен үздік шеберлік танытты. Әсіресе оның қуатты талантын айғақтайтын әңгімелері сан жағынан ғана емес, идеялық-көркемдік деңгейімен де қазақ прозасының алтын қорындағы інжу-маржандары болып табылады.

Поэзиясы сияқты, Майлин прозасы да, өзі жетік білетін, негізінен, ауыл өміріне, әсіресе Қазақ төңкерісінен кейінгі қазақ қоғамында адамдардың ой-санасы мен мінез-құлқында, психологиясында болған жаңғыруларды бейнелеуге арналған.

Б. Майлин әңгімелерінде ауыл адамдарының жаңа тұрмысқа көшуінің қиын процесі терең білгірлікпен біртіндеп, сатылап әңгімеленеді. «Қара шелек» деген әңгімесінде колхозға ұйымдасудың бір көрінісі шынайы суреттелген. Мұнда қарапайым ауыл әйелдерінің бірі Айшаның «Коллектив боламыз» деген жиналыста ойламаған жерден белсенділік көрсетіп, ауыл адамдарының атынан сөйлеуі, «майкөт» (байкөт) болған екі байдың жиналыстан шығарылуын талап етуі, ақырында өзі артель бастығы болып сайлануы баяндалады. Жиналыс кезінде өжеттік көрсеткен Айша, кенет өзін артель бастығы етіп сайлағанда, қатты толқиды. Қолдағы малын ортаға салуға іштей қимағанмен, ол жұрттың ауқымынан, заманның ағымынан сырт кете алмайды… Сөйте тұра, қара шелегін бүлдіріп қойғаны үшін Айша көрші әйелге қол жұмсайды. Автор Айшаның санасындағы жекеменшікшіл психологияның қайшылығын көрсетпек болған. Оқиғалар мен мінездерді өмірдің өз ағынынан ойып ала білген суреткер, әлгіндей бір көрініс, деталь арқылы-ақ ұжымдастыру жүзеге оңай аспағанын, бұл жолда талай-талай шырғалаң мен сарсаң, күдік пен толқу болғанын байқата алған.

Ал «Ұлбосын» атты әңгімесінде автор ауылдағы жалған белсенділердің зиянкестігін шебер көрсетеді. Жалпы, Б. Майлин шығармаларында колхоз қозғалысына орасан зардап келтірген арамза атқамінерлердің ұнамсыз қылықтары әшкереленіп отырады. «Ұлбосында» да солай. Колхоз жаңа ұйымдасып, әлі де көңілдері дүдәмал жүрген адамдарды шолақ белсенділер дүрліктіре түседі. Мәселен, Оспан дегеннің үйіне, ойламаған жерден мынадай салық түседі. Салықты хабарлаушы бала Оспанның әйеліне келіп: «Шеше, тыңдаңыз, сіздің үйге берілген жоспар: бір пұт ет, он қадақ шыртылдақ, он қадақ ескі темір, он қадақ ескі жүн, төрт мүйіз, бес тұяқ, бір ит терісі, бір мысық терісі…»-дейді Салықтың жиылып тапсырылуына жеті-ақ күн мерзім береді. Мынау сияқты сорақылықты тыяды дейтін өкілдің өзі ештеңені жарытьш түсініп көрмеген адам. Осыдан-ақ ондайлардың ауыл өміріне қаншалық залал келтіргенін сезуге болады. Жазушы жеке адамдар өмірінің күнделікті қарым-қатынас шындығынан қоғамдық тіршіліктің сырын аңғарта біледі, «кішкентай» фактілерден үлкен тарихтың сипатын сездіреді.

Б. Майлиннің бірсыпыра шығармасында топас белсенділердің ұнамсыз бейнелері жасалған. Өздері ештеңенің жөн-жосығын түсінбесе де, мансапқа қызығып, көп нәрсені бүлдіреді. Ондайлар «шаш ал десе, бас алуға әзір», айқайға, зорлыққа үйір. Отызыншы жылдардың бас кезіндегі Қазақстанда орын алған нәубетке жандайшаптар айрықша себепкер. Жазушының «Арыстанбайдың Мұқышы» деген әңгімесінде сондай «белсенді» алаяқтың тұлғасы қашалған.

«Шұғаның белгісі» хиқаяты. Өзінің проза жанрындағы тұңғыш туындысы-»Шұғаның белгісі» хикаятын Б. Майлин жасы жиырмаға толар-толмаста «Садақ» атты қолжазба журналда жариялайды. Соған қарамастан, бұл шығарма күні бүгінге дейін қазақ прозасының айтулы үлгілерінің бірі болып қалып отыр. Егер ол кез - 1914-1915 жылдары - қазақ прозасының жаңа ғана бой көтере бастаған балаң шағы екенін ескерсек, онда мұндай ғажайып туындыны қолына жаңа қалам ұстаған шәкірт талапкердің дүниеге әкелуі танымдық тұрғыдан да ерекше қызық кұбылыс. Хикаятта ескі қазақ қоғамындағы кезекті мәселе - әйел теңсіздігі, бірін-бірі сүйген жастардың махаббат бостандығы әңгіме болады. Әлеуметтік теңсіздік кедергі болып, армандарына жете алмаған байдың қызы - аяулы Шұға сұлу мен кедейден шыққан мақтаулы, оқыған жігіт Әбдірахманның қайғылы тағдыры суреттелген. Есімбек бай қызын кедей жігітке бергісі келмей, олардың жолығысуына тыйым салады. Онымен де тынбай, өтірік жала жауып, Әбдірахманды айдатып жібереді. Осындай қатыгез зорлықтан ішкұса болған нәзік жанды Шұға айықпас дертке шалдығып қайтыс болады. Айдаудан босатылған Әбдірахман сүйікті ғашығы - Шұғасына асығып жеткенде, қайран арудың қазасының үстінен шығып, бордай егіледі, өзіне қалдырған хатын оқып, көз жасын көл етеді…

Поэзиясы сияқты, Майлин прозасы да, өзі жетік білетін, негізінен, ауыл өміріне, әсіресе Қазақ төңкерісінен кейінгі қазақ қоғамында адамдардың ой-санасы мен мінез-құлқында, психологиясында болған жаңғыруларды бейнелеуге арналған.

Б. Майлин әңгімелерінде ауыл адамдарының жаңа тұрмысқа көшуінің қиын процесі терең білгірлікпен біртіндеп, сатылап әңгімеленеді. «Қара шелек» деген әңгімесінде колхозға ұйымдасудың бір көрінісі шынайы суреттелген. Мұнда қарапайым ауыл әйелдерінің бірі Айшаның «Коллектив боламыз» деген жиналыста ойламаған жерден белсенділік көрсетіп, ауыл адамдарының атынан сөйлеуі, «майкөт» (байкөт) болған екі байдың жиналыстан шығарылуын талап етуі, ақырында өзі артель бастығы болып сайлануы баяндалады. Жиналыс кезінде өжеттік көрсеткен Айша, кенет өзін артель бастығы етіп сайлағанда, қатты толқиды. Қолдағы малын ортаға салуға іштей қимағанмен, ол жұрттың ауқымынан, заманның ағымынан сырт кете алмайды… Сөйте тұра, қара шелегін бүлдіріп қойғаны үшін Айша көрші әйелге қол жұмсайды. Автор Айшаның санасындағы жекеменшікшіл психологияның қайшылығын көрсетпек болған. Оқиғалар мен мінездерді өмірдің өз ағынынан ойып ала білген суреткер, әлгіндей бір көрініс, деталь арқылы-ақ ұжымдастыру жүзеге оңай аспағанын, бұл жолда талай-талай шырғалаң мен сарсаң, күдік пен толқу болғанын байқата алған.

Ал «Ұлбосын» атты әңгімесінде автор ауылдағы жалған белсенділердің зиянкестігін шебер көрсетеді. Жалпы, Б. Майлин шығармаларында колхоз қозғалысына орасан зардап келтірген арамза атқамінерлердің ұнамсыз қылықтары әшкереленіп отырады. «Ұлбосында» да солай. Колхоз жаңа ұйымдасып, әлі де көңілдері дүдәмал жүрген адамдарды шолақ белсенділер дүрліктіре түседі. Мәселен, Оспан дегеннің үйіне, ойламаған жерден мынадай салық түседі. Салықты хабарлаушы бала Оспанның әйеліне келіп: «Шеше, тыңдаңыз, сіздің үйге берілген жоспар: бір пұт ет, он қадақ шыртылдақ, он қадақ ескі темір, он қадақ ескі жүн, төрт мүйіз, бес тұяқ, бір ит терісі, бір мысық терісі…»-дейді Салықтың жиылып тапсырылуына жеті-ақ күн мерзім береді. Мынау сияқты сорақылықты тыяды дейтін өкілдің өзі ештеңені жарытьш түсініп көрмеген адам. Осыдан-ақ ондайлардың ауыл өміріне қаншалық залал келтіргенін сезуге болады.

«Шұғаның белгісі» - жастардың теңдік, еркіндікті аңсап, әлеуметтік әділетсіздіктерге қарсы үн көтере бастағанын шынайы бейнелеген шығарма.

Драмалары. Шамамен, XX ғасырдың алғашқы ширегінде қатарласа қалам сілтеген өзінің дарынды замандастары сияқты, Б. Майлин де бір емес, бірнеше жанрда өндіре еңбектенген әмбебап суреткер. Бұл өзі жалпы, жас, жазба әдебиеттің әлеуметтік күшті сұраныс жағдайындағы қалыптасу дәуіріне тән сипат болса керек. Өзі отына күйіп, суығына тоңған, кім-кімнен де артық болмаса, кем білмейтін және поэзиясы мен прозасында суретті шежіресін жасаған өмірді «жанды қалпында» көрермендер мен сахна арқылы беттестіру өзіне де қызық көрінген. Оның үстіне, әсіресе прозасындағы тұрмыс суреттері мен типтік кейіпкерлері қатты кызықтыратын оқырмандар оларды сахнадан көргілері келгені анық.

Осылар түрткі болған еңбекқор талант бұл жанрда да кұлшына қалам сілтейді, соның нәтижесінде қазақтың жас драматургиясына саны жағынан да, көркемдік құндылығы (жанрлы сапасы) жағынан да сүбелі үлес болып қосылған туындылар береді. Олардың қазақ әдебиеті тарихында алатын орны жағынан елеулілерінің ұзын саны 10-нан асады. Олардың ішінен «Шаншар молда», «Ауыл мектебі», «Неке қияр», «Амангелді», «Көзілдірік», «Талтаңбайдың тәртібі», «Майдан» тәрізді көп актілі комедиялар мен драмаларын бөліп атауға болады.

Майлиннің шығармашылық стиліне тән мысқыл мен сықақ күлкі әсіресе оның драматургиялық кейіпкерлерінін сатиралық толық қанды бейнесін жасаудың таптырмас кұралына айналады. Өйткені Бейімбеттің күлкісі де, мысқылы да өмірдің шынайы шындығынан, өрескел, керағар үйлесімсіздігінен туады. Мәселен, «Талтаңбайдың тәртібі» комедиясын альш қараңыз. Туындының атынан-ақ, кісі есімі болса да, Талтаңбай сөзі мен тәртіп сөзінің тіркесінің өзінен-ақ өрескел сорақылықты бағамдаймыз. Жөні түзу, түйсігі бар адам талтаңдамайды, Ақылы жоқ ақымақ, көргенсіз делкұлы ғана талтаңдайды. Ал біз танысқалы отырған көргенсіз, ұрда-жықтың аудан берген өкілеттілігі бар. Екі сөздің басын жөндеп кұрай алмайтын, жазған мәнін өзі де жөнді түсінбейтін және тілі де келе бермейтін орыс сөздерін араластырып, ата-бабасында көріп, білмеген, естімеген колхоз дегеннен шошып, үркіп тұрған елдің зәресін ұшырады, асқағын ашса болды, тіліне «темпу, саботаж, лодыр» деген сұмдық сөздер оралады, онымен де қоймай: «құқ», «түрмеге тық!-» деп бейкүнә, момын жұрттың басына әңгір таяқ ойнатады.

2 Прозадағы сықақ

Б. Майлин, өзімен замандас Қазақ қаламгерлерінің көбі сияқты, жазуды өлеңнен бастағанымен, көп ұзамай прозаға ден қойған, бұл жанрдағы алғашкы туындыларының өзімен-ақ (мысалы, "Шұғаның белгісі") үлкен суреткер екенін паш еткен жазушы. Ол қазақ әдебиетіне проза жанрын қалыптастыруда керемет еңбекқорлық пен үздік шеберлік танытты. Әсіресе оның қуатты талантын айғақтайтын әңгімелері сан жағынан ғана емес, идеялық-көркемдік деңгейімен де қазақ прозасының алтын қорындағы інжу-маржандары болып табылады.

Поэзиясы сияқты, Майлин прозасы да, өзі жетік білетін, негізінен, ауыл өміріне, әсіресе Қазақ төңкерісінен кейінгі қазақ қоғамында адамдардың ой-санасы мен мінез-құлқында, психологиясында болған жаңғыруларды бейнелеуге арналған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ проза жазушысының өмірдегі жолы
Бейімбет Майлин прозасындағы ұлттық характер
Қазақ прозасының зерттелуі
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері. Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙНЕЛЕУДІҢ КӨП ТҮРЛІ ФОРМАЛАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
Қазақ прозасындағы фольклорлық сарындар
Қазіргі әдебиеттану теориясындағы ғылыми ағымдар
Халық прозасында жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі
Әкім Тарази повестеріндегі кейіпкерлердің адамгершілік әлемі
Көркем прозадағы түс көру тәсілінің сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz