Негізгі құралдар туралы жалпы түсінік, олардың мәні маңызы, рөлі мен жіктелуі


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

  1. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК, ОЛАРДЫҢ МӘНІ МАҢЫЗЫ, РӨЛІ МЕН ЖІКТЕЛУІ

1. 1 Кәсіпорындағы негізгі құралдардың жалпы түсінігі мен жіктелуі . . . 5

1. 2 ҚЕХС жағдайында кәсіпорындарда негізгі құралдардың қозғалысы және

ұйымдастырылуы . . . 7

  1. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ЖӨНДЕУДІҢ, ЖАЛҒА АЛУДЫҢ ЕСЕБІ МЕН ОЛАРДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

2. 1 Кәсіпорын негізгі құралдарының амортизациясын есептеу және жөндеу есебі . . . 10

2. 2 Негізгі құралдардың пайдалануын жетілдіру жолдары . . . 16

Қорытынды . . . 25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 27

КІРІСПЕ

Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты -барлық кәсіпорында орындалатын операциялардың уақытылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау. Қоғамдық дамудың қай кезеңінде болмасын бухгалтерлік есеп кез келген кәсіпорында, яғни өнім өндіру мен оларды сату, пайдалану, бөлу үдерістерімен айналысу барысында жүргізілгендігі бүгінгі таңда дәлелденіп отыр. Бухгалтерлік есептің негізгі бағыты - кәсіпорныдағы есеп жұмысының барысында қолданылатын, яғни толтырылатын құжаттардың қарапайым әрі түсінікті болуына және ондағы көрсеткіштердің пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі.

Нарықты экономика Қазақстан Республикасында жедел түрде дамуда. Онымен бірге шаруашылық үрдістерді реттеу механизмі болып табылатын бәсеке де өсіп келеді.

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі қазіргі уақыттағы негізгі құралдардың ҚЕХС-на көшкендегі туындайтын қиындықтарды зерттеп, оған қорытынды жасау.

Жұмысты жазудың мақсаты кәсіпорындағы негізгі құралдардың жіктелуін, ҚЕХС жағдайында ұйымдастырылуын, олардың түгенделуін, қайта бағалануын маңызды мәселелерді ашып, зерттеп және теориялық тұрғыдан қарастыру.

Курстық жұмыстың міндеті:

  • Негізгі құралдардың түсінігі мен жіктелуімен танысу;
  • Негізгі құралдардың бағалау, қайта бағалау және түгендеу есебімен танысу;
  • Негізгі құралдардың жөндеу, жалға беру есебімен танысу;
  • Негізгі құралдардың жетілдіру жолдары.

Есеп регистрлерінде шаруашылық операцияларын бейнелеудің дәстүрлі бухгалтерлік қызметінің қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың көпшілігінің қажеттілігін қамтамасыз ете бермейді. Бұл ақпарат іскерлік қабылдау үшін жеткілікті дәрежеде өңделіп, белгілі бір түрге келтірілуі қажет. Қазіргі кезде бухгалтер нәтижелердің қалыптасуының әр түрлі әдістерін білуі, кәсіпорындағы қаржылық стратегияны жүзеге асыратын есеп саясатынның нұсқасын таңдап, басшылыққа ұсына алуы керек. Яғни, оның қызметінің аймағы шоттар жүйесінен қаржылық есептемеге дейін ұлғаяды. Қазіргі нарық жағдайы шаруашылық субъектілеріне өндіріс және қаржы жөнінен сұрақтарды өз бетінше мүмкіндік береді.

Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. "Негізгі құралдарға" - қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.

Негізгі құралдар субъектінің материалды-техникалық жарақтану базасын құраудың негізін қалыптастырып, қызметтегі жетекші бағыттарды іске асыруда маңызды рөл атқарады.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімінде негізгі құралдар туралы жалпы түсінік, олардың мәні, маңызы, рөлі мен жіктелуі, қайта бағалау және түгенделуі және амортизациясы

Екінші бөлімінде негізгі құралдарды жөндеудің, жалға алудың есебі мен олардың жетілдіру жолдары және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ХҚЕС ЖАҒДАЙЫНДА НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУ ТӘРТІБІ МЕН БАҒАЛАНУЫ

1. 1 Кәсіпорындағы негізгі құралдардың жалпы түсінігі мен жіктелуі

Өндірісте ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақытта пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралын, яғни материалдық активтерді айтамыз.

Өндірістік үрдіске жылдар бойы өз қызметін көрсететін, алдағы кезеңдерде табыс келтіруге арналған және өндірілген жаңа өнімдер үшін жұмсалған шығындар құрамына өзінің бастапқы құнын амортизация түрінде біртіндеп беріп отыратын негізгі құралдарға жылжымайтын мүліктер, яғни жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдық өсімдіктер және жермен өте тығыз байланысты, қозғалысы олардың мақсатына зиян келтірмеуі мүмкін емес басқа объектілер, көлік құралдары, жабдықтар, аулау аспабы, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандар, үлкен және өнім беретін малдар, арнайы құралдар мен басқа да негізгі қорлар, яғни кітапхана қорлары, мұражай құндылықтары, жануарлар әлемінің экспонаттары, автокөлік жолдары және т. б. жатады.

Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойына пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырып, жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.

Айналым құралдары бір ғана өндірістік процесте тұтынылады және өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге толықатй көтереді.

Қаржылық есептілікті жасайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп шоттар жоспары 2006 жылы қаңтар айынан бастап қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына көшуіне байланысты шаруашылық субъектілері өздерінің негізгі құралдарының есебін мынадай жаңа актив шоттарында жүргізеді:

2410-шот - Негізгі құралдар

2411-шот - Жер

2412-шот - Ғимараттар

2413-шот - Машиналар мен жабдықтар

2414-шот - Көлік құралдары

2415-шот - Компьютерлер, қондырғылар және деректерді өңдеу жөніндегі жабдық

2416-шот - Кеңсе жиһазы;

2417-шот - Өндірістік құрал-саймандар мен керек-жарақтар.

Сондай-ақ:

2420-шот - Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы

2421-шот - Тозуы

2422-шот- Ғимараттардың құнсыздану

2423-шот - Машиналар мен жабдықтардың тозуы

2424-шот - Машиналар мен жабдықтардың құнсыздануы

2425-шот - Көлік құралдарының тозуы

2426-шот - Көлік құралдарының құнсыздануы

2427-шот - Компьютерлер мен перифириялық қондырғылардың тозуы

2428-шот - Кеңсе жиһазының тозуы

2429-шот - Өндірістік құрал-саймандар мен керек-жарақтардың тозуы.

Бұлар активті шот болғандықтан дебетінде негізгі құралдарының кірісі, яғни көбеюі, ал кредитінде негізгі құралдарының азаюы, яғни есептен шығарылуы көрсетіледі. Негізгі құралдардың есебі шаруашылық субъектісінің орталық бухгалтериясында жүргізіледі. Олардың аналитикалық (талдамалық) есебі әрбір инвентарлық объектісі бойынша бөлек жүргізіледі.

Негізгі құралдардың ғылыми негізделген жіктемесі алға қойған мақсаттарға жету үшін, маңызды шарт болып табылады. жіктемелік топтарға өндірістік-техникалық мақсаты бойынша, тозу қарқыны, қызмет мерзімі, жөндеудің ерекшелігі, икемділігі мен техникалық жаңалығының дәрежесі бойынша өте жақын негізгі қорлар енгізіледі.

Өндіріс процесіне қатысу сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді:

  • өндірістік - бұл өндірістік процеске тікелей қатысатын немесе өндірістің негізін құрайтын құралдар. Олардың шамасы мен техникалық күйіне шаруашылық субъектісінің, жалпы елдегі салалардың экономикалық қуаты тәуелді. Бұлардың құрамына өндірістік үйлер мен ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, өлшеуші және реттеуші аспаптар мен құрылғылар, көлік құралдары, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандар, керек-жарақтар, жұмысшы және өнім беретін малдар, көпжылыдқ өсімдіктер енеді. Қор қайтарымдылғы, яғни негізгі құралдардың бірлігіне натуралды және ақшалай өлшеуіштермен, өнім өндіру негізгі өндірістік қорлардың тиімді пайдалануын сипаттайтын, жалпылаушы экономикалық көрсеткіш болып табылады.
  • өндірістік емес - бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар. Олар өндіріс процесіне қатыспайды, ол ұжымның мәдени-тұрмыстық қажеттігін қамтамасыз етуге арналған, мысалы, үйлер, ғимараттар, керек-жарақтар, денсаулық сақтау, спорт.

Тиістілігі бойынша негізгі қорлар былайша бөлінеді:

  • меншікті - бұл субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар;
  • жалданған - жалдау шарты бойынша, онда белгіленегн мерзімге басқа субъектілерден алынған негізгі құралдар.

Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар жалдау мерзімі аяқталған бойда немесе ол аяқталғанға дейін жалгер шартта келісілген өтемін төлеу бағасын түгелдей енгізген болса, негізгі құралдар жалгердің меншігіне өтеді.

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді:

  • қолданыстағы- бұл пайдалану сатысындағы негізгі құралдар қолданылмаған - консервацияға немесе басқа да себептерге байланысты уақытша қолданылмай тұрған негізгі құралдар;
  • запаста тұрған- қолданылып жүрген негізгі құраладрдың жөнделуі, жойылуы, апатқа ұшырауы жағдайында оларды алмастыру үшін запас құрайтын негізгі құралдар.

Заттық құрамы бойынша негізгі құралдар былайша бөлінеді:

  • инвентарлық - бұл заттай нысанға ие және айырбастау мен заттай санауға болатын объектілер, яғни үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар;
  • инвентарлық емес - бұл жер, орман және су дақылдарына (ғимараттан басқа) арналған күрделі салым, яғни заттық нысаны жоқ шығындар, мысалы, жер учаскелерін жоспарлау, егістік алаңдарын өңдеу.

Экономика саласы мен қызмет түрлері бойынша негізгі құралдар осы қорлардың қатысуымен өндірілген өнім немесе көрсетілген қызмет жатқызылған экономика саласы мен қызмет түріне жатады.

Негізгі құралдардың ағымды, баланстық, сату немесе өткізу, жою және амортизацияланған құндары болады. Жеке тоқталып өтелік:

Ағымды құн деп негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құнын айтамыз. Баланстық құн деп бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымдық құнын айтамыз. Сату немесе өткізу құн деп біріні-бірі жақсы білетін және мәмілеге келуге дайын тәуелсіз жақтардың негізгі құралдарды өзара айырбастауына мүмкіндік беретін құнды айтамыз. Жою құн деп тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайдалану мүмкінідгі бар бағасаы бойынша бағаланған бөлшектердің, металл сынықтардың және басқа да материалдық құндылықтардың құнын айтамыз.

Ал, амортизацияланған құн деп негізгі құралдардың бастапқы және болжанған жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңінен субъектінің шығысы ретінде таратылады.

1. 2 ХҚЕС жағдайында кәсіпорындарда негізгі құралдардың қозғалысы және ұйымдастырылуы

Негізгі кұралдарды тугендеу. Негізгі құралдардың нақты бар-жоғын анықтау және олардың сақталуына бақылау жасау мақсатында субъекті басшылары нормативтерді, заңдарды жөне басқа да актілерді, сондай-ақ есеп саясатын басшылыққа ала отырып оқтын-оқтын негізгі кұралдарға мүліктік тугелдеу жүргізіп отырады.

Бухгалтерлік есептің 8, 1 ХҚЕС деп аталатын стандартына сәйкес әрбір шаруашылық жүргізуші субъект өз бетінше жүйелі түрде түгендеу жұмысын жүргізіп отыруды белгілейді.

Негізгі құралдарды мүліктік түгендеу жылдық қаржылық есеп беру мен

баланстарды жасау алдында, жылына ең аз дегенде 1 рет, қараша айында жүргізіледі. Үйлерді, ғимараттарды және басқа жылжымайтын объектілерді үш жылда 1 рет; өнім беретін және жұмысқа пайдаланатын малды тоқсан сайын және жылдық есепті жасау алдыңда (есепті жылдың 31 желтоксанында) түгендеу жүргізіледі.

Мүліктік түгендеу міндетіне негізгі құралдардың нақты барлығы, техникалық жағдайы туралы дәл, толық мәліметтерді алумен катар бухгалтерлік есепке алу, мәліметтермен салыстыру шаралары да жатады. Негізгі құралдардың нақты бар-жоғы және техникалық жағдайы туралы мәліметтер "Негізгі құрал-жабдықтарды мүліктік түгендеу тізіміне" жазылып, мүліктік түгендеу біткеннен кейін субъектінің бухгалтериясына өткізіледі. Тізімдемеде объектілердің толық аты көрсетіліп, олардың техникалық сипаттамалары берілуі тиіс. Жалға берілген немесе алынған, сақтауға немесе уақытша пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша келісімдердің, басқа құжаттардың нақты бар-жоғы және заңдылығы тексеріледі. Мүліктік тізім төменде көрсетілген.

Мүліктік түгендеу тізімдерін жасамастан бұрын мүліктік карточкалардың мүліктік түгендеу бар-жоғын және олардың қандай күйде екенін; техникалық паспорттар мен басқа техникалық құжаттардың бар-жоғын және оларда кандай күйде екендігін; жалға немесе сақтауға берілген немесе алынған негізгі құралдардың құжаттарын тексеру қажет. Егер де құжаттары жоқ болса, оларды алдыртуды және дайындауды қолға алған жөн. Бухгалтерлік есепке алу үшін регистрлердің және техникалық құжаттардың бір-бірімен сәйкестігін тексереді.

Негізгі құралдарды мүліктік түгендеу кезінде комиссия міндетті түрде объектілерді тексеріп, олардың толық атын, міндетін, мүліктік түгендеу тізімін, ретін және негізгі техникалық және пайдалану көрсеткіштерін мүліктік тізімдеріне енгізуі тиіс. Үйлерді, ғимараттарды және басқа да жылжымайтын мүлікті мүліктік түгендеу кезінде, керсетілген объектілердің субъектіге тиісті екендігін растайтын құжаттардың бар-жоғын тексереді.

Сондай-ақ, субъектінің пайдалануындағы (меншігіндегі) жер телімдерін, су тоғандарын және басқа табиғи ресурстарды иелену (колдану) қүқын растайтын кұжаттардың да бар-жоғы тексеріледі.

Есепке алынбаған объектілер, сондай-ақ бухгалтерлік есептің регистрлеріне алынған мәліметтердің дұрыс еместігі айқындалса, комиссия мүліктік түгендеу тізіміне және мүліктік түгендеу карточкаларына осы объектілер жөніндегі жеткіліксіз болған, сондай-ақ дұрыс мәліметтер мен техникалық көрсеткіштерді енгізуі тиіс. Мысалы, үйлер бойынша - олардың кандай материалдардан (қандай мақсатқа пайдаланылатынын) салынғанын және сол материалдардың көлемін (іштей және сырттай өлшеу арқылы), көлемі (жалпы, пайдалы көлемін), қабаттар (этаждар) саны (подвалсыз, подвалымен) салынған жылы; каналдардың ұзындығы, тереңдігі және ені (түбі мен беті бойынша), жасанды құрылыстар, түбі мен еңісін (құлама бетін) бекіту материалдары; көпірдің тұрған жерін, негізгі материалдардың түрі мен мөлшері; жолдар бойынша - жолдардың түрлері (шоссе, арнайы), қашықтығы, төселген материалдар, жолдың ені т. б. көрсетіледі.

Есепке алынбаған объектілерді муліктік түгендеу кезінде бағалау әрекет етіп тұрған баға мен ұдайы өндіріс жағдайларын ескеріп есепке алынуы тиіс. Есепке алынбаған объектілердің қашан салынғанын немесе алынғанын, жасалған шығындардың қаржыландырылған көзін мүліктік түгендеу комиссиясы белгілеп, оны хаттамада көрсетуі керек.

Негізгі құралдар өзінің негізгі мақсатына сай мүліктік түгендеу тізімдеріне тіркеледі. Егер объект қайта жаңғыртылып, өзгертілсе, кеңейтілсе немесе қайта жарақтандырылып, өз қолдану мақсатын өзгертсе, онда ол жаңадан белгіленген мақсатына сай тізімге тіркеледі.

Өнім беретін ірі малдар мен жұмыс көліктері мүліктік түгендеу тізімдеріне тіркелгенде, олардың: малдың нөмірі (биркасы, ен-таңбасы) ; малдың аты, туған жылы, (жасы) тұқымы, қоңдылығы, тірідей салмағы (жылқы, түйе, қашар, бұғыдан басқалары) және алғашқы (қалпына келтірілген) құны көрсетіледі. Мал тұкымын (тегін) сапасы туралы мәліметтеріне карап анықтайды. Ірі қара мал, жұмыс көлігі, шошқа (мегежін және аталық) және асыл тұқымды қой мен басқа мал түрлері (тұкымдық) тізімге бөлек жазылады. Негізгі табыңдағы мал тотық ретімен есепке алынып, тізімге жасы мен жынысына карай бөлініп, әр топ бойынша тірідей салмағы мен мал басы көрсетіліп тіркеледі.

Егер де комиссия күрделі сипаттағы жұмыстар (этажға этажды қосу, жаңа бөлмелерді салу) немесе ішінара құрылыстар мен құрылымдардың жойылуы (конструкциялық элементтерінің кейбір қабаттарын жою) бухгалтерлік есепте көрсетілмегенін байқаса, онда оларды арнайы кұжаттар арқылы объектінің баланстық құнының өсу немесе кему сомасын анықтап, тізімге өзгерістерді енгізуі тиіс. Сонымен катар, комиссия кейбір объектілердің күрделі өзгертілгенін анықтап, олардың себептері мен кінәлі тұлғаларын тауып және бухгалтерлік есептің регистрлерінде көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.

Машиналар, құрал-жабдықтар мен көлік құралдары мүліктік түгендеу тізімінде заводтардың, дайындаушы кәсіпорындардың мүліктік нөмірі, шығарылған мерзімі, арналымы, қуаты және т. б. көрсеткіштері жеке көрсетіледі. Бір тектес шаруашылық заттарының, саймандардың, станоктардың құңдары бірдей болса, бір цехқа немесе кәсіпорынның құрылымдық бөліміне бір уақытта түссе, мүліктік түгендеу тізімдеріне осы заттардың атауы мен саны бойьнша көрсетіледі.

Негізгі құралдардың мүліктік объектілеріне берілген реттік сандары (нөмірлері) ешқашан өзгермеуге тиіс. Нөмірлерді өзгерту объектілерді байқамай (қателесіп) негізгі құралдардың басқа тобына, яғни техникалық-өндірістік мақсатына сай емес топқа жазғанда немесе реттеу (нөмірлеу) дұрыс болмағаны анықталғанда ғана жүзеге асырылады.

Мүліктік түгендеу кезінде кәсіпорыннан тыс жерде тұрған немесе негізгі кұралдар (алыс рейстерге шыққан теңіз және өзен кемелері, теміржолдың жылжымалы құрамы, автокөліктер, күрделі жөндеуге жіберілген машиналар мен жабдықтар және т. б. ) кәсіпорыннан уакытша сырт жерге шығар алдында мүліктік тізімдеуден өтеді.

Пайдалануға жарамайтын және жөндеуге келмейтін негізгі кұрал-жабдықтар мүліктік түгендеу тізімдеріне енгізілмейді. Мүліктік түгендеу комиссиясы бұл объектілердің пайдалануға қосылған мерзімі мен мардымсыз болып қалуының себептерін бүлінген, әбден тозған т. б. көрсетіп, арнайы тізім жасайды.

II. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ЖӨНДЕУДІҢ, ЖАЛҒА АЛУДЫҢ ЕСЕБІ МЕН ОЛАРДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

2. 1 Кәсіпорын негізгі құралдарының амортизациясын есептеу және жөндеу есебі

Негізгі құралдар өндіріс процесіне катысуымен, жылдар мерзімінің әсерімен, табиғат күшінің әсер етуімен пайдалану процесінде біртіндеп тозады. Тозудың екі түрі болады: табиғи және сапалық (моральдық) (заман талабына сай келмеуі) .

Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың өндіріс процесіне катысу нәтижесінен және негізгі құралдардың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ, түрлі сыртқы факторлардың әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар нәтижесінен, металдардың тот басуынан, ескіруінен (тозудың табиғи нысаны) пайда болады.

Негізгі кұралдардың сапалық (моральдық) тозуы техникалық прогреске, өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді. Техниканика мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі кұралдардың ұқсас өнімдерінің арзандауына ықпал етеді. Осыған орай, пайдаланылудағы негізгі кұралдар өздерінің құнының бөлігін жоғалтып, құнсызданғандай болады. Машиналардың, жабдықтардың, үйлер мен ғимараттардың барынша жаңа, неғұрлым жетілдірілген және үнемді турлерін, малдардың жаңа немесе жақсартылған өнімді тұқымдарын, көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен сортарын өндіріске енгізуге байланысты пайдаланылып жүрген негізгі құрадарды бұдаң әрі қолдану экономикалық жағынан тиімсіз болып қалады.

Негізгі кұралдардың сапалық (моральдық) тозуын мынадай факторлар арқылы анықтайды: өндірісте немесе жабдықтарды жаңартудағы жаңалықтар (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімді машиналармен ауыстыру) ; технологиялық процесті жетілдіру - жаңа технология колданған кезде пайдаланудағы машиналар мен жабдықтар жарамайды; шығарылатын өнімнің номенклатурасын өзгерткенде және жаңартқанда (ескі машиналар мен құрал-жабдықтар жарамсыз болып танылады) ; жұмысшы күшінің еңбекке камтылуындағы, жүмысшылар біліктілігіндегі, өндірісті орналастыру географиясындағы өзгерістер өңдірістің және пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар санының азайтылуын талап етуі мүмкін; өндірістің өңдеуші салаларындағы өнімнің жекелеген түрлерін шығаруға қажетті шикізат кұрамындағы өзгерістер өнеркәсіптің өндіретін салаларында өндіріс көлемінің қысқаруына әкеліп соғуы мумкін.

Моральдық тозудың әсері нәтижесінде табиғи тозу мерзімі келгенге дейін негізгі құрал-жабдықтар объектілері жаңасына, әрі неғұрлым пайдалы (үнемді) түріне ауыстырылады. Моральдық тозуды болдырмау мақсатында негізгі құрал-жабдықтар объектілерін қайта құрып, жаңарту жұмыстарын жүргізеді.

Мұражай және көркемтуынды құндылықтары, кітапхана кітаптары, фильмқорлары, сәулет және өнер көрсеткіштері болып табылатын үйлер мен ғимараттар және баска барлық негізгі құралдар моральдық тозуға ұшырайды. Амортизация (латынның "өтеу" деген сөзінен) - тозудың құндық көрінісін бідіреді. №16-шы "Негізгі құралдардың есебі" ХҚЕС сәйкес, амортизация - активтің кызмет еткен мерзім бойына амортизацияланған құнды тарату процесі. Амортизацияланған құн бастапқы құны мен жою құнының арасындағы айырма. Амортизациялық аударымдар әрбір есептік кезеңнің шығысы ретінде танылады.

Кесте-2 Амортизацияны есептейтін шоттар сомасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Жалпы фармакология
Оқушылар білімін бақылау
Химияны оқыту әдістерінің классификациясы
Ақпараттың басқару тиімділігіне әсері
Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері пәнінің дәрістік материалдары
Бастауыш сынып оқыту процесіне жаңа оқу - әдістемелік кешенді енгізу
«Бастапқы есеп және құжат айналымы» пәні бойынша СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмаларын орындауға арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Компанияның басқару жүйесінің тиімділігін көтеру бағыттары
Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz