Іскерлік хаттарды аудару кезінде қолданылатын әдіс-тәсілдерді анықтау, ерекшеліктерін сараптамалау


Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1 Іскерлік хат түсінігі

1. 1 Іскерлік хаттардың түрлері

1. 2 Іскерлік хат мәдениеті

1. 3 Ісқағаздар стилі

2 Ісқағаздар жүргізу

2. 1 Ресми хаттарды безендіру

3 Ісқағаздарды аудару жұмыстары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Іскерлік хаттар осы кезге дейін байланыстың ең көп тараған түрі болып табылады. Телекс, телефон, компьютерлік байланыс өте тез, жылдам іске асады, алайда хаттың да өз артықшылығы бар: ол көлемі, арзандығы әсіресе, заң тұрғысынан тыңғылықтылығымен маңызды.
Іскерлік хаттар фирма не ұйымның деректемелері бар арнайы қағазға жазылады. Оның сыртқы түрі фирманың қзіндік бет-бейнесін береді, сондықтан оны безендіру ұсақ-түйегіне дейін ойластырылып жасалады.
Халықаралық ережелер бойынша мекен-жай екі рет жазылады: конверттің төменгі оң жағына және хаттың сол жақ жоғарғы бұрышына. Хатта міндетті түрде болуы тиіс-хат арналған адамның аты-жөні, фирманың атауы, мекен-жайы: үйдің нөмірі, көше атауы, қала атауы. Пошта индексі, елдің атауы.
Жіберуші фирманың деректемелерінен кейін жіберілген күні, бірақ қысқарту халықаралық тәжірибеде қолданылмайды.
Жұмыстың мақсаты. Іскерлік хаттарды аудару кезінде қолданылатын әдіс-тәсілдерді анықтау, ерекшеліктерін сараптамалау.

Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс 3 бөлімнен тұрады.

Зерттеу нысаны: ісқағаздар, іскерлік хаттар.

Зерттеу міндеті: ісқағаздарды жүргізу формаларын анықтау, ісқағаздарды аудару ерекшеліктерін анықтау.

Практикалық маңызы: Ісқағаздардың практикалық маңызы ісқағаздарды жүргізуге негізделеді. Тәжірибеде ісқағаздардың өтініш, түйіндеме, баяндама, түсініктеме, шағым, арыз, өмірбаян сиақты түрлері сан түрлі. Ісқағаздарды сауатты жүргізуді ұйымдастыру барысында ісқағаздар классификациясын, ресми клишелерді зерттеу қажеттілігі туындайды. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 167-бабының да ісқағаздарды жүргізу нормативтері толығымен берілген. Ісқағаздарды мемлекеттік, яғни қазақ тілінде жүргізу қазіргі кезде жоғары талаптарға ие. Бұл қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі - оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуіне жағымды ықпал етеді. Сол себепті, іскерлік құжаттарды сапалы аудару, аудару техникаларын, аудару ерекшеліктерін зерттеу маңызды аспект болып табылады.

Теориялық маңызы: Қандай да бір іс қағазын немесе іскери құжатты құрастыру үшін сол тілде сөйлеп, жаза білу жеткіліксіз. Іскери мәтін құрастыру - басқа мәтін түрлерінен өзіндік қатаң талаптарымен, айрықша белгілерімен ерекшеленетін күрделі үдеріс. Демек сауатты түрде іскери мәтін құрастыру, үшін, біріншіден, іскери тілді әдеби тілдің басқа да түрлерінен ажыратып, екіншіден, іскери тілде жазу мәдениетін меңгеру қажет. Ресми-іскери стиль мен оның тілдік құралдары, әлбетте, бірден қалыптасқан жоқ, күрделі даму үдерісін өткерген ғасырлардың жемісі. ісқағаздарды жүргізу үдерісінде бұл стильді толықтай меңгерудің практикалық маңызы зор. Ресми-іскери стиль - өзіне тән дәстүрлі тілдік құралдары, белгілі бір талаптары мен шектері бар сала. Сондықтан тілдегі ресми-іскери стильдің өзіне тән тілдік негізгі белгілерін айыра білу аса маңызды. Ісқағаздарды аудару кезінде осы стильді білу процесс кезінде мейлінше жеңілдіктер туғызады.

1 Іскерлік хат түсінігі

Іскерлік хат - кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің сыртқы әлеммен негізгі байланыс арналарының бірі. Хат арқылы алдын-ала келіссөздер жүргізіледі, кәсіпорындар арасындағы қарым-қатынастар анықталады, талап-шағымдар айтылады, ұсыныстар жасалады, өзара пайдалы ақпарат алмасу іске асырылады.

Хатты жылдам әрі сауатты дайындау үшін қазіргі кездегі ресми хат-хабар стилін және оған қойылатын талаптарды білген жөн.

Қызметтік хаттар - бұл іс құжаттарының ең көп тараған түрі. Хат басқа кәсіпорынмен немесе мекемелермен әртүрлі мәселелер бойынша жедел байланысу үшін жасалады.

Хат мазмұны және мақсаты бойынша ақпараттық, кепілдік, рекламациялық (наразылық), коммерциялық, сұрату-хаттар, шақыру хаттар және т. б. болады.

Ақпараттық хаттар хабарлау, өтіну, есіне салу, ұсыныс және т. б. тұрады.

Кепілдік хаттар ақы төлеуге, жеткізу мерзіміне немесе өнім мен қызметтің сапасына кепілдік беру туралы хабарлауға арналған.

Рекламациялық (наразылық) хаттарда келісім-шарттың немесе шарттардың талаптарын басқа тараптың (контрагент) бұзуы салдарынан шеккен зиянды өтеу талаптары баяндалады. Рекламация хатқа қоса берілетін акті, анықтама және т. б. түріндегі құжаттармен расталуы тиіс.

Коммерциялық хаттар келісім-шарттар жасау және орындау кезінде жазылады, оларда негізінен тауарлар мен қызметтер туралы ақпарат ұсыну немесе керісінше тауарлар мен қызметтер ұсыну туралы өтініштер жазылады.

Сұрату хаттарда контрагенттен қандай да бір фактіні немесе әрекетті түсіндіру сұралады.

Қызметтік хаттарды ресімдеу ережесі:

1. Қызметтік хаттар хатқа арналған бланкіде ресімделеді, оның жалпы бланктен айырмашылығы онда кәсіпорынның почталық және банктік деректемелері болады.

2. Қызметтік хаттың құрамына мынадай деректемелер кіреді:

- адресат;

- күні;

- құжаттың индексі;

- мәтіннің тақырыбы;

- мәтін;

- қосымшаның бар екендігі туралы белгі (бар болса) ;

- қолы;

- орындаушының аты-жөні мен телефоны.

3. Хат тек бір нәрсе туралы ғана жасалады, мысалы, бір нәрсе туралы өтіну немесе хабарлау. Бірнеше мәселе - өтініш және бір нәрсе туралы хабарлау - қозғалған хаттарды өңдеу қиын, өйткені әр түрлі мәселемен әр түрлі орындаушы айналысады. Сондықтан әрбір мәселе бойынша жеке хат жасаған орынды.

4. Іскерлік хаттың ұсынылатын көлемі - 2 беттен аспағаны жөн (кейбір жағдайларда - 5 бетке дейін) .

5. Хат екі данада ресімделеді, хаттың түпнұсқасы мекеменің бланкісінде басылады, ал көшірмесі таза стандартты қағазға басылады. Көшірме данасына бастық қол қоймайды, оны хатшы растайды.

6. Қызметтік хат мекемеге, оның құрылымдық бөлімшесіне, нақты лауазымдық тұлғаға немесе жеке адамға жіберілуі мүмкін. Егер хат мекемеге жіберілсе, онда адресаттағы мекеме атауы атау септігінде жазылып, лауазымды адамның аты-жөнін - барыс септігінде жазылады.

7. Егер бір мазмұндағы хат бірнеше адресатқа бағытталған болса, алдымен негізгі алушының мекен-жайы, содан кейін басқалары тізіледі. Бір хатта Адресаттар деректемелері төртеуден аспауы керек. Егер құжат төртеуден көп адресатқа жіберілетін болса, тарату тізімі жасалып, әрбір данада нақты дана жіберілетін бір адресат көрсетіледі.

8. Хаттар мен факстерде құжат түрінің атауы көрсетілмейді. Хаттың тақырыптық бөлігіне мынадай деректемелер ресімделеді: егер жауап хат болса, Күні, Индексі және хаттың нөмірі мен күніне сілтеме ресімделеді. Хат мәтінінің тақырыбы барынша қысқа және нақты болуы тиіс. Ол әдетте былайша ресімделеді: ……. өзгерістер туралы, ………. . құру туралы, . өткізу туралы, т. б. мазмұны 4-6 жолдан аспайтын хаттарға тақырыпша ресімделмейді.

9. Хаттың мәтінін екі бөлікке - кіріспе және негізгі - бөлген жөн:

- кіріспе бөлікте хат жазуға себеп болған нәрсе көрсетіледі, хаттың нөміріне, күніне, құжатқа сілтеме жасалады;

- негізгі бөлікте хаттың негізгі мақсаты тұжырымдалады.

Мысалы:

Кіріспе бөлік: «»

Негізгі бөлік: «»

Көпшілік қызметтік хаттардың кейбір сөз орамдары бірдей болып келеді, оларды меңгеріп алған соң, әр түрлі хаттарды оңай құрастыруға болады.

10. Қолы деректемесін ресімдеу жалпы талаптарға сәйкес жүргізіледі.

11. Орындаушының фамилиясы мен телефоны деректемесі бланктің беткі немесе екінші жағының төменгі сол жақ шетіне орналастырылады.

Әр хаттың өзіндік мақсаты бар, сондықтан ол осындай мақсатқа қол жеткізетін үлгіде жазылуы тиіс.

Сыпайылық пен дәлдік іскерлік хат-хабарлардың ажырамас бөлігі болып табылады. Маңызды мемлекеттік қайраткерге жазылған хаттардың мәнері әдеттегідей іскерлік хаттарға қарағанда ресми және құрмет білдіру сипатында болғаны жөн.

Іскерлік хаттарды дайындау барысында мына жайды есте ұстау керек, хаттар арқылы оларды жазып отырған адам ғана емес, оның артында тұрған ұйым да бағаланады. Нәтижесінде хат адамға немесе ұйымға жақсы бедел әкеледі немесе керісінше болып шығады.

1. 1 Іскерлік хаттардың түрлері

Іскерлік хат, келісім-шарт немесе бұйрыққа қарағанда қатты регламенттелмеген, бірақ заңдық маңызы бар, құжаттардың ерекше түрі болып табылады. Өзара мүдделеріне қатысты жеке тұлғалар мен ұйымдар арасындағы хат алысу да іскерлік хаттар санатына жатады. Іскерлік (қызметтік) хаттарды әртүрлі белгілері бойынша топтастырады:

Ресми хат алысудың негізгі түрлері:

- дипломатиялық - дипломатиялық тәжірибедегі мемлекеттік мекемелер немесе шетелдік өкілдіктер арасындағы хат алысу;

- әкімшілік - басқару органдары (билік органдары, басқару органдары) және орындаушылар, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері (мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдар) арасындағы ресми хат алысу;

- іскерлік (коммерциялық) - компаниялар, кәсіпорындар және т. с. с. арасындағы жартылай ресми сипаты бар хат алысу және т. с. с. Функционалды белгілері бойынша іскерлік хаттар келесідей бөлінеді:

- бастама хаттар - белгілі бір мақсатпен адресанттың бастамасымен жасалады;

- жауап-хаттар - бастама хаттарға жауаптар; Өз кезегінде бастама хаттар келесідей бөлінеді:

- жауапты талап ететін хаттар (сұрау салу хаты, ұсыныс хат, наразылық хаты, өтініш-хат, үндеу-хат;

- жауапты талап етпейтін хаттар (ескерту хаты, хабарлама, ілеспе хат, растау хаты, кепілдік хаттар, хабарландыру хаты (ақпараттық хаттар), өкім-хаттар және т. б. ) .

Тақырыптық белгісі бойынша іскерлік қатынасхаттар іскерлік және коммерциялыққа бөлінеді. Іскерлік хатта тілшілердің ұйымдастырушылық, құқықтық мәселелері, экономикалық қарым-қатынастар мәселелері шешіледі, ал коммерциялық хаттарда келісім-шарттарды жасасуды ескертетін, сондай-ақ шарттардың талаптарын орындағанда пайда болатын мәселелер қарастырылады.

1. 2 Іскерлік хат мәдениеті

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің жұмысын құжаттармен тығыз байланысты. Мамандардың айтуынша, жұмысн құжаттарын жасау және әртүрлі деңгейдегі жұмыскерлер жұмыс істеу кезінде 30 проценттен 70 процентке дейін уақыттары кетеді.

Талапқа сәйкес, қызметтік құжат қатаң қалыптасқан. Олар нақты жасалған, көп тілде және артық, керексіз сөздер болмауы қажет.

Іскерлік қарым-қатынас қағидасына сәйкес тәжірибеде құжаттар мен жұмыс істеуде бүкіл әлемде бірдей және құқық қорғау органдарының қызметкерлері тек бір-бірімен ғана емес, сонымен қатар басқа мемлекеттің қызметкерлері мен, халықаралық қылмыспен күрес қызметкерлерімен байланыста болады.

Барлық қызметтік құжаттарды былай бөлуге болады: нұсқаулы (нұсқау, шешім, бұйрық) ; анықтама (қызметтік хаттар, жазба, телефонограммалар және т. б) және ұйымдық (жарғы, дәреже, нұсқау) . Қызметтік құжаттардың ішіндегі ең көп таралған түрі бұл - бұйрық. Бұйрық нақты, түсінікті және талапқа сәйкес болуы керек. Оның құрамы тақырыпша сияқты және көмектес септігінде тұрады. Қылмыстық құжаттардың ішіндегі үлкен орын алатын құжаттың бірі бұл іскерлік хат, ол әртүрлі себептерде қолданылады. Сауатты-түсінікті құралған хат керекті нәтиже алуға мүмкіндік береді.

Қызметтік құжатты құрған кезде маңызды талаптарды орындау керек.

- орындаушы жеткізетін хабарды, қоятын сұрағын өзі нақты білу керек;

- хат нақты, дәл, қисынды болу тиіс;

- хат түсінікті, жеткілікті аргументті болуы тиіс;

- хат бейнетарапты жазылуы тиіс және эмоциялық рең болмау керек;

- қыметтік хаттың көлемі;

- салақ жасалған хат, орфографиялық, синтактистік және стилистикалық қателермен жаман әсерлер болмауы керек.

Хатты бағалау хаттың мазмұнын ғана емес, сондай-ақ конвертпен және жазылған бланкаға байланысты болады.

Қызметтік хат белгілі бір бланкта, стандартарға сәйкес, керекті ревервтері бар қағазда жасалады. Оған келесі реквезиттер қолданылады: ведоство атауы, ұйымның атау, почта және телеграф мекен-жайы, телефон және факс нөмірі, күні, құжат индексі.

Іскерлік хат- бұл жалғыз іскерлік құжат, бұған атау берілмейді. Мұнда ұйымның атын қысқартуға болмайды, бірақ ресми қысқарту рұқсат етіледі, бұл іскерлік хаттың реквизиті ретінде қажет. Хатты алушының аты және адресі бланктың үстінгі оң жағында белгіленеді.

Іскерлік әдепті құжаттын анық, дәлелденген, обьективті және түсінікті болу керек. Қызметтік құжаттарда дұрыс жазылмаған сөздермен, терминдермен, қысқартылған сөздермен, шет сөздерді қолданудың дұрыссыздығымен күресу керек. Әрине, әрбір құқық қорғау органдарында және бөлімшелерінде құжаттарды жөндеудің өз дәстүрі бар, бірақ әрбір құжат, дәл, нақты, дәлелдемелі, обьективті жазылу тиіс, ал мазмұны іскерлік талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Сұхбат. Шет елде іссапарында, құқық қорғау органының қызметкері өз қызметін ресми адамдармен тиісті қызметтік дәреже деңгейінде, басты мақсатынан және іссапар тапрсымасынан орындаудан бастайды.

Бұл байланыс кезінде, сұхбат өзіне мұқият дайындықты талап етеді. Байланысқа дайындалғанда және байланысты өткізу уақытында үш негізгі тірек орынды еске түсіру қажет. Біріншіден, пайдалы іскерлік көрісу, бұл әңгімелесушінің тыңдауына шеберлік қызықтыру. Екіншіден, өзара кездесу құбылысында, сенімділік ортасын жасау. Және үшіншіден, бұл іскерлік уақыт кезінде ақпаратты өнерлі пайдалану әдісі. Сұхбат ең алдымен алдына қойған мақсаттарға және нұсқауларға байланысты әртүрлі сипатқа ие болады.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің жұмысын құжаттармен тығыз байланысты. Мамандардың айтуынша, жұмысн құжаттарын жасау және әртүрлі деңгейдегі жұмыскерлер жұмыс істеу кезінде 30 проценттен 70 процентке дейін уақыттары кетеді.Талапқа сәйкес, қызметтік құжат қатаң қалыптасқан. Олар нақты жасалған, көп тілде және артық, керексіз сөздер болмауы қажет.Іскерлік қарым-қатынас қағидасына сәйкес тәжірибеде құжаттар мен жұмыс істеуде бүкіл әлемде бірдей және құқық қорғау органдарының қызметкерлері тек бір-бірімен ғана емес, сонымен қатар басқа мемлекеттің қызметкерлері мен, халықаралық қылмыспен күрес қызметкерлерімен байланыста болады.Барлық қызметтік құжаттарды былай бөлуге болады: нұсқаулы (нұсқау, шешім, бұйрық) ; анықтама (қызметтік хаттар, жазба, телефонограммалар және т. б) және ұйымдық (жарғы, дәреже, нұсқау) . Қызметтік құжаттардың ішіндегі ең көп таралған түрі бұл - бұйрық. Бұйрық нақты, түсінікті және талапқа сәйкес болуы керек. Оның құрамы тақырыпша сияқты және көмектес септігінде тұрады. Қылмыстық құжаттардың ішіндегі үлкен орын алатын құжаттың бірі бұл іскерлік хат, ол әртүрлі себептерде қолданылады. Сауатты-түсінікті құралған хат керекті нәтиже алуға мүмкіндік береді.Қызметтік құжатты құрған кезде маңызды талаптарды орындау керек.- орындаушы жеткізетін хабарды, қоятын сұрағын өзі нақты білу керек;- хат нақты, дәл, қисынды болу тиіс;- хат түсінікті, жеткілікті аргументті болуы тиіс;- хат бейнетарапты жазылуы тиіс және эмоциялық рең болмау керек;- қыметтік хаттың көлемі;- салақ жасалған хат, орфографиялық, синтактистік және стилистикалық қателермен жаман әсерлер болмауы керек.Хатты бағалау хаттың мазмұнын ғана емес, сондай-ақ конвертпен және жазылған бланкаға байланысты болады.Қызметтік хат белгілі бір бланкта, стандартарға сәйкес, керекті ревервтері бар қағазда жасалады. Оған келесі реквезиттер қолданылады: ведоство атауы, ұйымның атау, почта және телеграф мекен-жайы, телефон және факс нөмірі, күні, құжат индексі.Іскерлік хат- бұл жалғыз іскерлік құжат, бұған атау берілмейді. Мұнда ұйымның атын қысқартуға болмайды, бірақ ресми қысқарту рұқсат етіледі, бұл іскерлік хаттың реквизиті ретінде қажет. Хатты алушының аты және адресі бланктың үстінгі оң жағында белгіленеді.Іскерлік әдепті құжаттын анық, дәлелденген, обьективті және түсінікті болу керек. Қызметтік құжаттарда дұрыс жазылмаған сөздермен, терминдермен, қысқартылған сөздермен, шет сөздерді қолданудың дұрыссыздығымен күресу керек. Әрине, әрбір құқық қорғау органдарында және бөлімшелерінде құжаттарды жөндеудің өз дәстүрі бар, бірақ әрбір құжат, дәл, нақты, дәлелдемелі, обьективті жазылу тиіс, ал мазмұны іскерлік талаптарға сәйкес болуы тиіс.Сұхбат. Шет елде іссапарында, құқық қорғау органының қызметкері өз қызметін ресми адамдармен тиісті қызметтік дәреже деңгейінде, басты мақсатынан және іссапар тапрсымасынан орындаудан бастайды.Бұл байланыс кезінде, сұхбат өзіне мұқият дайындықты талап етеді. Байланысқа дайындалғанда және байланысты өткізу уақытында үш негізгі тірек орынды еске түсіру қажет. Біріншіден, пайдалы іскерлік көрісу, бұл әңгімелесушінің тыңдауына шеберлік қызықтыру. Екіншіден, өзара кездесу құбылысында, сенімділік ортасын жасау. Және үшіншіден, бұл іскерлік уақыт кезінде ақпаратты өнерлі пайдалану әдісі. Сұхбат ең алдымен алдына қойған мақсаттарға және нұсқауларға байланысты әртүрлі сипатқа ие болады.:

1. 3 Ісқағаздар стилі

Ресми, іс қағаздар стилі кейде кеңсе стилі, ресми стиль, іс қағаздар стилі деп те айтыла береді. Ресми, іс қағаздар тілінің ерекшелігі, онда факті дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі. Өйткені іс қағаздары да, ресми құжаттар да ерекше қатынас жасау арқылы болып саналады.

Ресми стильдің құрамында үш шағын стиль болады:

  • таза заң шағын ресми стилі (заң, жарлық, азаматтық және қылмыстық істер актілері, жарғылар) ;
  • әкімшілік-кеңсе шағын ресми стилі (өкім, бұйрық, іс қағаздары: өтініш, өмірбаян, сенімхат, қолхат, т. б. ) ;
  • дипломатиялық шағын ресми стиль (нота, мазмұндама, меморандум, келісім, конвенция, т. б. ) .

Ресми стильдің ауызша жазбаша түрлері болады. Ауызша түрлеріне әр алуан құрылтайларда, конференцияларда, семинарларда жасалатын баяндамалар мен жарыссөздер жатады, бірақ ресми стиль түгелдей дерлік жазбаша түрде көрініс береді. Ауызша сөйленген түрлерінің өзі алдын ала неше түрлі редакциялаудан, өңдеуден өтеді. Демек таза мағынадағы ауызекі сөйлеу стилінен мүлдем басқаша сипат алады. Сондықтан ауызша сөйленген сөздерді де жазбаша түрі деп есептеуге лайық.

Ресми стиль екі түрлі тіл қызметін атқарады: бірі - информативтік (ақпарат беру) қызмет; екіншісі - волюнтативтік (іске итермелеу) қызмет. Мәселен, анықтама, ақпараттық немесе хабар беру қызметі бар да, бұйрықта іске итермелеу немесе сол істі орындауға міндеттеу қызметі бар; ал хаттамада әрі ақпараттық (тыңдалды), әрі іске итермелеу (қаулы қабылданды) қызметтері жарыса жүреді.

Бұл стиль ел билеу, мемлекет жұмыстарын жүргізумен байланысты. Қазақ елін Алтын Орда хандығы, бертінде қазақ хандары билеген кездерде әртүрлі жарлық, шарт, қатынас қағаздар болды. Бірақ олардың тілі, құрылысы қазақ тілінің ерекшеліктеріне негізделмей, Орта Азия халықтарына ортақ әдеби тілге негізделген болатын. Ресми, іс қағаздарының түрлері қазір екі тілде (орыс, қазақ) пайдаланылады. Дегенмен ресми, іс қағаздарының түрлері қазір көбінесе орыс тілінде жазылады. Олардың ішінде жарлық, заң, жарғы т. б. мемлекеттік құжаттар орыс тілінен қазақшаға аударылып, газетке басылып отырады. Сондықтан қазақ тілінде қолданылып жүрген қалыптасқан сөз орамдарының көпшілігі орыс тілінің ықпалымен жасалған: қызу мақұлдау, қызу қарқын, тұрмыстық қызмет, қызмет көрсету, жүзеге асыру, қамтамасыз ету, өз күшінде қалдыру, қол жеткен табыс, кең жол ашу, іске қосу, мәселе көтеру, алғыс жариялау, сөгіс жариялау т. б. Мұндай сөз орамдары іс қағаздары мен ресми құжаттарда дайын тілдік единица ретінде жұмсалып, ол қағаз үлгілеріне кеңселік сипат береді.

Көптеген сөздер белгілі бір стильге телулі болады да, қолданылу жағынан шектеліп отырады. Мысалы, тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама берілді, қаулы етеді, жарлық етеді, түсініктеме сияқты сөздер мен сөз тіркестері ресми, іс қағаздар стиліне тән.

Ресми іс қағаздарында кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әртүрлі аталады. Мысалы, адам деген сөз ресми құжаттарда - азамат, жолдас, телефон станциясында - абонент, ательеде - заказ беруші, санаторийде - демалушы, шаштаразда - клиент, ауруханада - науқас, транспортта - жолаушы т. б. болып айтылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Желі сипатын бағалау
Ресми іскери құжаттарды қазақ тіліне аудару тәсілдері
Ресми іскери құжаттарды ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуда кездесетін мәселелер
Еңбек және кәсіптік оқытудың дамуына тарихи- педагогикалық шолу
Қоршаған ортаға әсерді басқару, бақылау
Хаттардың жалпы ерекшеліктері мен сипаттамасы
Қазақ тіліндегі құжат мәтінінің тілдік ерекшеліктерін зерттеу мәселесі
Ағылшын тілі сабағында жазбаша коммуникативтік құзыреттілікті дамыту
ҚЫЗМЕТТІК ХАТТАРДЫ РЕСІМДЕУ
Жалпы білім беру мектептерінің ортаңғы сынып оқушыларына аутентикалық материалдарды қолдана отырып ағылшын тілін проблемалық жағдайда оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz