Кәсіптік оқу орындарындағы казіргі кезде қолданылатын заманауи техникаларды, оларды қолдану әдістерін анықтау



1 Кәсіби оқытудың мазмұны және міндеттері
1.1 Кәсіби оқытудың жүйесі
1.2 Кәсіби оқыту формалары
1.3 Кәсіптік оқыту әдістері
2 Кәсіптік білім беру мәні
2.1 Кәсіби оқытуды ұйымдастыру
2.2 Кәсіптік білім беруде заманауи оқыту техникаларын пайдалану
2.3 Кәсіби оқыту процессінің мәні
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің басты міндеті ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде алынған тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техника да, оны басқару жүйелері де өзгеріп отыратыны белгілі, осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Бұндай бетбұрыстар адамның іс әрекетін өзгертіп қана қоймай, оның тұлға ретінде жаңаща қалыптасуын талап етеді. Осыған байланысты, жоғары оқу орындары білім беруде адамның алған білім, дағдысымен шектелмей, оның шығармашылық белсенділігін, кәсіби біліктілігін, өз бетімен әрекет жасау мүмкіндігін, өз пәніне қызығушылығын, ғылыми көзқарасын, кәсіби мәдениетін, педагогтік шеберлігін,ж.т.б. қалыптастыруы қажет.
Білімгерлердің бойында бұндай қасиеттер мен қабілеттер қалыптасуы үшін оқу процессіне оқытудың жаңа нысаналарын, жаңа технологияларын енгізу қажеттілігі туындайды.
Білім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жақсарту және азаматтардың білім алуға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Білім" мемлекеттік бағдарламасы туралы Жарлығы 2000 жылдың 30-шы қыркүйегінде шығып, Мемлекеттік бағдарлама ретінде бекітілді.
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050»
2. В.С.Кукушкин. «Современные педагогические технологии. Начальная школа. Пособия для учителя». (Серия «учение с увелечением») – Ростов н/д: изд-во «Феникс», 2004г.
3. К.Ангеловский «Учитель и инновации» М-1991г.
4. Р.Наубетова. «Кәсіптік білім беру орындарында инновациялық әдістер мен технологияларды кәсіби түрде оқыту» Ақпан, 2014ж
5. Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде информатика пәнін оқыту. І том. Алматы, 2006.
6. Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде информатика пәнін оқыту. ІІ том. Алматы, 2006.
7. С.Елубаев. Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі. Жалпы бөлім. А., 2006.
8. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана, 2000.
9. Беспалько В.П. Программированное обучение. Дидактические основы. – М., 197.
10. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Алматы, 2004.
11. Сарбасова Қ.А. Инновациялық технологиялар. Алматы, 2006.
12. ообладатель товарного знака ИНФОУРОК: ООО «Инфоурок

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
1 Кәсіби оқытудың мазмұны және міндеттері
1.1 Кәсіби оқытудың жүйесі
1.2 Кәсіби оқыту формалары
1.3 Кәсіптік оқыту әдістері
2 Кәсіптік білім беру мәні
2.1 Кәсіби оқытуды ұйымдастыру
2.2 Кәсіптік білім беруде заманауи оқыту техникаларын пайдалану
2.3 Кәсіби оқыту процессінің мәні
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің басты міндеті ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде алынған тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техника да, оны басқару жүйелері де өзгеріп отыратыны белгілі, осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Бұндай бетбұрыстар адамның іс әрекетін өзгертіп қана қоймай, оның тұлға ретінде жаңаща қалыптасуын талап етеді. Осыған байланысты, жоғары оқу орындары білім беруде адамның алған білім, дағдысымен шектелмей, оның шығармашылық белсенділігін, кәсіби біліктілігін, өз бетімен әрекет жасау мүмкіндігін, өз пәніне қызығушылығын, ғылыми көзқарасын, кәсіби мәдениетін, педагогтік шеберлігін,ж.т.б. қалыптастыруы қажет.
Білімгерлердің бойында бұндай қасиеттер мен қабілеттер қалыптасуы үшін оқу процессіне оқытудың жаңа нысаналарын, жаңа технологияларын енгізу қажеттілігі туындайды.
Білім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жақсарту және азаматтардың білім алуға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Білім" мемлекеттік бағдарламасы туралы Жарлығы 2000 жылдың 30-шы қыркүйегінде шығып, Мемлекеттік бағдарлама ретінде бекітілді.
Жұмыс құрылымы: Курстық жұмыс 3 бөлім, 1 кесте, кіріспе, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу мақсаты. Кәсіптік оқу орындарындағы казіргі кезде қолданылатын заманауи техникаларды, оларды қолдану әдістерін анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
- Кәсіби оқыту мәнін ашу;
- Кәсіби оқытуға әсер етуші факторларды талдау;
- Кәсіби оқыту процесстерін сараптау;
- Кәсіби оқытудағы техникаларды анықтау.
Зерттеу нысаны: кәсіптік білім беру колледждері, ондағы білім беру мәні, жүйесі, қолданылатын оқыту техникалары.
Зерттеудің практикалық маңызы: Кәсіптік даярлық, кадрларды кәсіптік даярлау - білім беру жүйесінің маңызды саласы; мамандар мен жұмысшыларға кәсіптік білім беру, оларды мамандыққа даярлау, қайта оқыту және олардың біліктілігін көтеру. Бастауыш кәсіптік білім беру ісі негізгі жалпы білім беру базасы негізінде кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлерде жүзеге асырылады және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша біліктіжұмыскерлерді (жұмысшыларды, қызметшілерді) даярлауға бағытталған. Кәсіптік мектепте оқу мерзімі 2 - 3 жыл, кәсіптік лицейде - 3 жыл, ал ерекше маңызды кәсіптер және бірегей жабдықтарға күтім жасауға байланысты кәсіптер бойынша - 4 жыл. Сондай-ақ, тікелей өндірісте, оқу-өндірістік комбинаттарда, оқу орталықтарында, курстарда және жұмысшылар мен қызметшілерді даярлайтын басқа да оқу-өндірістік құрылымдарда да кадрлар кәсіпке даярланады. Орта кәсіптік білім оқушыларға колледждер мен училищелерде беріледі, мұнда кәсіптік білім беру ісі арнаулы орта білім берумен ұштастырыла жүргізіледі және ол орта кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға бағытталған. Колледжде оқу мерзімі - 3 - 4 жыл. Жалпы орта білімі бар, сондай-ақ, сабақтас мамандықтар бойынша бастауыш кәсіптік білімі бар азаматтар колледждерде қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша орта кәсіптік білім алады. Колледждерде тиісті лицензиясы болғанда ғана бастауыш кәсіптік білім беру бағдарламалары іске асырылады.
Экономиканың нарыққа бағдарланып қайта құрылуына байланысты мамандардың біліктілік деңгейіне, олардың кәсіптік ілкімділігіне, ептілігі мен шеберлігіне, бастамашылдығына жоғары талаптар қойылып отыр. Осыған орай кәсіптік білім беру жүйесіне ерекше назар аударылып, дағдарысқа қарсы күрес барысында оған экономикада жүргізілетін құрылымдық өзгерістерді қамтамасыз ететін, нарықтық сауаттылықты енгізетін "қуатты фактор рөлі" жүктелуде. 1999 ж. колледждердің мемлекттік қазыналық кәсіпорындар қатарына жатқызылуына байланысты олар ақылы оқытуға көшті, олардың тек кейбіреулері ғана мемлекттік тапсырыс бойынша жұмыс істейді. Бұл тапсырысты тиісті мемлекттік органдар білікті жұмысшылар мен қызметшілерді даярлаудың мемлекттік бюджет есебінен іске асырылатын жоспары ретінде белгілейді. Қазіргі кезде колледждерде оқушыларға конкурстық негізде мемлекттік гранттар мен несиелер беру жолымен мамандар даярлаудың тетігі әзірленіп, тәжірибеге енгізілуде.
Зерттеудің теориялық маңызы: Білім саясатының өзекті мәселелері - кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгерту, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру және қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу.
Сондықтан кәсіби оқытудың күрделі де маңызды бір мәселесі студентті болашақ мамандығына оңтайландыру, кәсіптік біліктілігін дамыту, кәсіби бағдар берудің жаңа жүйесін жасау, іскер және құзіретті маман дайындау. Мұндай маман дайындау үшін білім беру үдерісін белсенділендіру, оқытудың жаңа формалары мен әдіс-тәсілдерін жетілдіру қажет. Оқу үдерісін белсенділендіру - берік те тиянақты білім берудің жолдарын қарастыру, студенттердің шығармашылық ойлауына, ізденуіне мүмкіндік жасау, оларды келешек мамандығына қызықтыра алу, оқу үдерісін ғылыми негізде ұйымдастыру және т.б.
Кәсіби оқыту жалпы оқыту процессінің бір тармағы ретінде кәсіптік білім беру жүйесін жетілдірумен қалыптасты. Бұл енді дамып, қанат жайып келе жатқан жас ғылым саласы.
Басқа ғылымдар сияқты мұның өз ұғымы мен түсіну аппараты бар, оның іргелі ғылым екендігін, сапалық ерекшеліктерін айғақтайтын дәйектемелері бар.Қазіргі кезде нарық талабына сай бәсекеге қабілетті жұмысшылар дайындау мен олардың біліктілігін арттырудың жаңа тұжырымдамалары әзірленіп, оқыту әдістері мен оны ұйымдастыру формалары жетілдіру үстінде. Кәсіби оқыту осындай меселелермен шұғылданып, егемен елімізде білікті маман жұмысшы дайындауда. Әлемдік өркениет деңгейіне көтермекші.Қазіргі нарық жағыдайына бейімделген ақпаратты әлемде білімді тез, негізді түрде әрі тиімді игере білуіміз қажет.






1 Кәсіби оқытудың мазмұны және міндеттері

Жалпытехникалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі пәні оқушыларды өздігінше еңбек етуге даярлайтындықтан, оның бұрынғы еңбекке баулу жүйесінен айырмашылығы сол, ол баланың жеке түлғалық шығармашылық дамуын қалыптастыруы тиіс. Жалпытехникалық жэне арнайы пәндерді оқыту әдістемесі пәнін игеру барысында оқушы белгілі бір политехнологиялық білімдерді меңгеріп қана коймай, сол алған білімдерін іс жүзінде қолдана алуы үшін ізденуі қажет. Мәселен, оқушылар материалдық, интеллектуалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, аталған пән бойынша алған білімдерін үйде, мектепте, өндірісте, бизнес саласында қолдана алуы тиіс. Осы айтылғандардың бәрі жеткіншектердің кәсіптік бағдарды сезінуіне, еңбекті бағалауына, бірге атқаратын жұмысқа дағдылануына, жауапкершілікті сезінуіне, мінез-құлық жэне қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруына септігін тигізеді. Қазіргі оқыту технологиясы барысында оқушы тыңдаушы ғана емес, олардың ынтасы мен таным деңгейін кеңейту әдістері, тыцдаушыдан белсенді пікір айтушы, ой бөлісуші дәрежесінде болуы керек. Оқу сабақтарында оқушы тек қана мәтіннің мазмұнын өз сөздерімен айтып қоюмен шектелмейді, сонымен бірге оган талдау жасап, мазмүнына өз пікірін айтуға дағдыланады. Оқушылар эр түрлі тұрмыстық өнімдіқ еңбекке шамаларына қарай ертерек тартылады, сол арқылы және қол өнеріне сәйкес жүмыстарымен айналысуымен өнерге, кәсіби еңбектерге талпыныс қызығушылықтары артады. Жан мен тәннің қажеті - еңбек десек артық емес. Жалпытехникалық және арнайы пәндерді окыту әдістемесі пәнін оқыту барысында студенттер осы курстың мақсаты мен міндетін, оқу процесінің құрылу принципі, мазмұны, сабақ өткізу барысында теориялық және өндірістік оқыту әдістемелік тәсілдерінің жүйесін, білу керек. Жоғарғы оку орнындағы мамандарға, яғни студенттерге білім беру жағы инженерлік және педагогикалық жақтарын ұқсатып біріктіреді. Осының негізіне білім беру жүйесі, дағды мен іскерлікті білген студент жалпытехникалық, өндірістік жэне арнайы инженер дайындау болып табылады. Мүнда екі педагогикалық практика өтеді: кәсіби-техникалық мектептерде, диплом алдындағы практика, бұл дипломды жобалау жагынан инженерлік және әдістемелік бөліктер бір-бірімен тығыз байланыстылығын ажыратады. Оқу жоспарлары, багдарламалары және оцу цұралдары. Білім мазмұны оқу жоспарларында, бағдарламаларында, оқулықтар мен оқу қүралдарында айқындалады. Оқу жоспары - оқу орнында игерілетін оқу пәндерінің құрамын, оларды меңгеру бірізділігі мен кезек тәртібін, әр пән бойынша жылдық, апталық бөлінген сағат санын, оқу жылының бас-аяқ мерзімі және апта, айларын анықтап беретін кұжат. Оқу жоспарлы түбір (типтік) және нақты оқу мекемесі тарапынан жасалған оқу жоспары болып бөлінеді. Түбірлі оқу жоспарында мектеп (ЖОО) қабырғасында оқу жылдарына орай жүргізілетін барша оқу пәндерінің тізімі беріледі. Игерілуі қажет пәндер оқу жоспарында үш топқа бөлінеді:
1) міндетті (базалық-мемлекеттік бөлік),
2) оқушылар қалауы бойынша (аймақтық бөлік),
3) мектеп (ЖОО) кеңесі бекітуімен өтілетін пэндер (мектептік (ЖОО) бірлік). Түбір оқу жоспарында әрқилы білім саласына, факультативтерге, оқушылар таңдауымен енген курстерге арналған сағаттар белігі өрнектеледі. Түбір жоспар негізінде жеке ерекшеліктерін ескерумен мектеп (ЖОО) өз оқу жоспарларын жасайды. Оқу формаларына қарай күндізгі, ауысымды, сырттай, қашықтықтан оқыту жоспарлары да эр қилы келеді. Оку жоспарлары негізінде оқу бағдарламалары түзіледі. Оқу бағдарламалары өз ішіне:
1) нақты пәнді оқу жөніндегі түсініктемені;
2) оқушылардың (студенттердің) біліміне койылатын талаптарды;
3) әр сыныпта (курста) пән бойынша өтілетін материалдардың тақырыптық жоспарын,
4) пән курсы бойынша білімдер мен тақырыптар тізімін, яғни бағдарламаның өзін;
5) пәнге орай оқу жабдықтары мен көрнекі қүралдар тізімін;
6) қажетті әдебиеттер ауқымын;
7) бақылау сұрақтарын,
8) курстық, дипломдық жұмыстар тақырыбын (ЖОО- да) қамтиды. Оқу бағдарламаларының түбірлі (типтік), оқу-жүмыс және авторлық түрлері ажыратылады. Түбір бағдарламалары Мемлекеттік білім стандарты негізінде нақты пән бойынша құрастырылады. Оларды ұсыныс сипатында қабылдауға болады. Оқу жұмыс бағдарламалары түбір жоспары негізінде түзіліп, мектептің педагогикалық кеңесінің (ЖОО-да жетекші кафедра) шешімімен бекиді. Бұл бағдарламалар білім стандартының талаптарына сәйкес, сонымен бірге ол нақты оқу орнының мүмкіндіктерін ескерумен жасалады. Оқу жоспарларында білім стандартының талаптары міндетті сақталады, бірақ оқу материалын ұсынудың өзгеше қисыны, оқу барысында окып-зерттелетін құбылыстар мен процестерге автор тарапынан өзіндік көзқарастар болуы мүмкін. Мұндай багдарламалар көбіне тандамалы курстар мен факультативтерде қолданыс табады. Оқу бағдарламаларын кұрастырудың педагогика тарихында екі әдісі белгілі: конценгрлі жэне тізбекті. Концентрлі әдіске орай бір оқу сатысында өтілген оқу материалы алдағы жоғарылау сатыларда күрделірек күйде және оқылады. Бұл әдісті қолданудың қажеттігі оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру принципін сақтаудан туындайды. Тізбекті әдіспен түзілген оқу бағдарламаларында әр кезекті оқу сатысының материалы өткен жылдардағы игерілгендердің қисынды жалғасы ретінде қабылданады. Мұндай оқу өзінің үнемділігімен еленеді. Білімдік оқу материалының нақты мазмұны окулықтар мен оқу құралдарында ашылады. Оқулық мектептік (ЖОО) білім ақпаратының көзі, әрі оқу жабдығы, білімдену мақсаттары мен мазмұнын айкындайды. Оқулықтың басты көрінісі - мәтінде. Мәтін келесі бірліктерден қүралады:
- негізгі (тұғыр терминдер, олардың анықтамалары, негізгі деректер, құбылыстар, оқиғалар; заңдар, теориялар және жетекші идеялар және т.б. баяны);
- қосымша (құжаттар, хрестоматиялық және анықтамалық материалдар, омірнама деректері, статистика мәліметтері ж.т.б.);
- түсініктеме (кіріспе, ескертулер, сөздіктер, көрсетпелер ж.т.б.) Оқулықтарға косымша оқу құралдары дайындалады. Мұнда окулык материалдарының кейбірі мазмұн тұрғысынан тереңдей түседі, кеңейеді. Оку кұралдары - бұлар хрестоматиялар, есеп жинақтары, атластар, жаттығу жинақтары және с.с.

1.1 Кәсіби оқытудың жүйесі

Өндірістік оқыту жүйесі түсінігі. Өндірістік оқу жүйесі - дидактикалық және өндірістік процестердің мақсатты түрде байланысын, маман жұмыскерлерді дайындауға, технологиялық және техникальщ білімді келісіп анықталган құрылысымен, кәсіби білімді, дағдыны және іскерлікті жүйелі қалыптастыру. Кәсіби-еңбекке оқыту жүйелері.
- пәндік жүйе;
- оқытудың операциялық жүйесі;
- операциялы-пәндік орта;
- моторлы-тренировкалы жүйе;
- операциялы-кешенді жүйе;
- конструкторлы-технологиялық жүйе.
Пәндік жүйе - теориялық дәлелдеу пайда болып, кол өнер шеберін оқу ретінде көрсетеді. Оқу еңбек әрекеттерін қайталап, яғни қолөнершіге жұмыс кезінде көмектеседі.
Операциялық жүйе - өндірістік оқытудың бірінші ғылыми дәлелдеу жүйесі болып табылады.
Операцияльқ-пәндік жүйе - талдау және операциялык жүйенің дамуы арқылы қалыптасады.
Моторлы-жаттықтыру жүйе - операциялық жүйе ретінде көрінетін жұмыскерлердің қозғалысы мен элементін оқытуға бағытталған. Осы жүйе арқылы өндеуді 5 кезеңге бөлуге болады:
1. Еңбек әрекеті мен қозғалыстарды қабылдау;
2. Әрекеттерді, қозғалыстарды қабылдаған тәсілдер;
3. Тәсілдерді қабылдаған еңбек әрекетінде жаттықтыруды орындау;
4. Кешенді жүмыстарды орындау яғни еңбек операциясына байланысты;
5. Жұмыс орнында берілген маман бойынша өзіндік жүмыстарды орындау.
Операциялық-кешенді жүйе - өндірістік оқытудың жүйесінің мәні оқушылар маман бойынша негізгі еңбек тәсілдерін оқып, орындауға жаттықтырады. Бұл жүйені талдай отырып 4 кезеңге белуге болады:
1. Кіріспе кезеңі - маманмен таныстыру, мінездемелерінің біліктілігі, жұмыс орнының үйымдастырылуы, оқу шеберханаларының ішкі орналасу ережелері мен қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитариясымен қамтамасыз етіледі;
2. Меңгеру кезеңі - еңбек операциясын меңгерген кезде жүйелілік оқу тәсілдерін орындау, осы операция тәсілі арқылы жаттығулар, әр түрлі 19 операциялар байланысымен кешенді жүмыстарды орындау;
3. Жетілдіру кезеңі - өзіндік өндірістік жұмыстарды орындау, білім беру мекемелерінің дағдысы мен іскерліктерін багыттау, маман бойынша анықталады;
4. Аякталу кезеңі - оқушының жұмыс істеуі.

1.2 Кәсіби оқыту формалары

Кәсіптік - техникалық мектептерде оқытудың мынадай формалары қолданылады:
1. Теорияльқ оқыту: түрлі типтегі сабақтар, дәрістер, зертханалық- сарамандық жүмыстар, теориялық және практикалык, семинарлар, саяхаттар, оқу конференциялары, үй тапсырмалары.
2. Өндірістік оқыту: оқу шеберханасындағы сабақ, кәсіпорыннын өндірістік цехында оқыту, қызмет көрсетудегі еңбек, өндірістік практика, жұмыс орны т.б. Сыныптан тыс жұмыстар мен косымша сабақтар: Факультативті сабақтар, консультациялар, үлгермеушілермен қосымша сабақтар, үйірмс жүмыстары т.б. Оқушылардың білім, білік жэне дагдыларын тексеру: коллоквиумдер, сынақтар, емтихандар, қорытынды конференция-біліктілік байқау жүмыстары. Сабақ - оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі түрі. Кәсіби білім берудегі сабақ өту барысында инженер - педагог оқушыларды білім деңгейі бірдей нақты топтарға, бригадаларға біріктіріп, белгілі бір мерзім ішінде, ақпарат береді. Кәсіби оқытуда сабақ берудің мына түрлері қалыптасқан: теориялық оқыту сабағы; практикалық оқыту сабагы. Теориялық оқыту сабағы оқушыларға болашақ кәсіби - қызметін жүзеіе асыруда ғылыми - теориялық білім мен парасат, білік, дагдылык қабілеттіліктерін жетілдіруге арналган оқу үрдісі. Кәсіптік мектептерде (дидактикалық мақсатына қарай) сабақ мынадай түрлерге жіктеледі.
1. Жаңа білім негіздерін игеру;
2. Білім мен дағдыны жетілдіру және бекіту;
3. Қайталама - жалпылау;
4. Бақылау - тексеру;
5. Аралас сабақтар т.б. Теориялық оқыту үрдісінде негізінен аралас сабақтар түрі жиі пайдаланылады.
Мұнда сабақтың ұйымдастыру және дидактикалық күрылымы болады. Ұйымдастыру құрылымы мыналардан түрады:
-ұйымдастыру кезеңі;
- үй тапсырмасын орындауын тексеру;
- оқушылардан өтілген материалдарды сүрау;
- жаңа сабақ түсіндіру;
-жаңа сабақты игеруде оқушылардың өз бетінше жұмысы;
- жаңа сабақ материалдарын бекіту;
- сабақты корытындылау;
- үйге тапсырма.
Өндірістік оқытудың мынадай формалары бар:
- оқу шеберханаларында оқыту;
- өндірісте оқыту.

1.3 Кәсіптік оқыту әдістері

Кәсіптік оқытудың тиімділігі оны кім жүргізетіндігіне тікелей байланысты. Осы орайда ұйымдар төмендегі нұсқалардың бірін таңдай алады:
* Қызметкерлерді өз бетінше оқытуды ұйымдастыруға ықпал ету.
* Оқытушы немесе жаттықтырушы ретінде компанияның тәжірибелі қызметкерлерін алып жұмыс орнында оқытуды жүзеге асыру.
* Өз оқу орталығы мүмкіндіктерін пайдалану.
* Мамандандырылған тренингтік компаниялар қызметіне жүгіну.
* Қосымша оқыту жүйесі мүмкіндіктерін қолдану (отандық және шетелдік).
* Ұсынылған нұсқалардың бірнешеуін немесе барлығын бірлестіре қолдану. Ұсынылған нұсқаларды кеңінен қарастырайық:
1.Өз бетінше оқыту Персоналды өз бетінше оқыту ұйымның дамуының бірден бір қайнар көзі. Ол қажетті білім, дағды және іскерлікті өз бетінше жұмыс орнында немесе одан тыс алу жүйесі және үрдісі. Өз бетінше оқытуды әдетте дұрыс бағаламайды. Бірақ, өз бетінше оқуды тек ұйымдасқан, өзіне талап қоя алатын, жеке бас потенциалы және ішкі ынталандыру дәрежесі жоғары, өз дамуының мәнін жете түсінетін адам ғана атқара алады. Сол себепті дәл осы оқытудың түрі ең тиімді болып табылады. Ол үшін бірқатар шарттар орындалуы тиіс. С.В. Шекшня Заманауи ұйымның персоналын басқару атты кітабында өз бетінше оқыту - оқытудың ең қарапайым түрі болып табылады, себебі ол үшін инструктордың да, арнайы бөлменің де, арнайы уақыттың да қажеті жоқ ... деп жазады.Бірақ өз бетінше оқыту ұйымға өзі тікелей осы процеске қатыспайынша ешқандай нәтиже әкелмейді. Ұйымның персоналды өз бетінше оқытудағы рөлі:
1). Ұйым персоналды басқару қызметі ретінде персоналдың өз бетінше оқу дағдысын дамытуға міндетті, немесе оқуға оқыту. Ұйымдасқан оқытудың негізгі атрибуттары: мақсаттың, жазбаша жоспардың болуы, приоритеттерді ерекшелеу.
2). Оқуға ынталандыру жүйесін құрумен байланысты өзін-өзі оқытуға мотивация жасау өте маңызды.
3). Қызметкерлерге өзін-өзі оқытуға қажетті барлық шарттарды жасауы керек: арнайы бөлмелер бөлу; мамандандырылған оқу, анықтамалық және әдістемелік әдебиетпен, сол секілді баспа әдебиетімен, мультимедиялық компьютерлік курстармен, интернетпен қамтамасыз етуі керек; Қызметкерлерге семинар, конференция, симпозиум, курстар және тағы басқаларға қатысуға мүмкіндік жасау; Қызметкерлерді түрлі көрмелер мен жәрмеңкелерге жіберу; Қызметкерлердің оқуға жұмсаған шығындарының бір бөлігін немесе түгелдей өтеп беру; ақылы оқу демалыстарын беру және т.б. Өз бетінше кәсіптік оқытудың екі жүйесі бар:
1. Толықтай өз бетінше, адамнан қажетті ұйымдастырушылық дағды мен шеберлік талап етіледі.
2. Құрамдас, онда өз бетінше жұмыс та, сол секілді қандай да бір ұйымдастыру формаларын (тақырыптық семинарлар, кеңестер, талқылау, қандай да бір кеңес немесе ғылыми қоғамның жұмысына қатысу) қолдану. Өз бетінше оқудың өз технологиясы бар, ол белгілі бір реттілік, логикалық схема, білім, дағды және іскерлік қалыптастыру нысандары мен әдістері. Өз бетінше оқудың кең тараған технологиялары: Жоғары класты маманмен, өз ісінің шеберімен әңгімелесу (тәлімгерлікке ұқсас); басқа жұмысқа, басқа бөлімге ауысу (алмастыруға (ротация) ұқсас); практикалық мәні бар міндетті, проблеманы шешу; персоналды жоспарлы алмастыру (ротациялау) немесе кезең бойынша бір жұмыс орнынан басқаға алмастыру; қателіктер, жаңсақ кету, келеңсіздіктер және оларды келешекте ескеру.
Кейбір авторлар өз бетінше оқуға қашықтықтан оқытуды да жатқызады. Бірақ бұл тәсіл тек жартылай ғана жатады, себебі қашықтықтан оқытудың қазіргі түсінік бойынша міндетті түрде оқытушы (тьютор) оқу процесіне қатысуы шарт, оның міндеті - топқа немесе жеке студентке кеңестер беру, оқу процесін ұйымдастыру және мазмұны бойынша рекомендациялар беру, материалды меңгеру бойынша бақылау жүргізу. Қашықтықтан оқыту дегеніміз - ақпараттық технологиялар және мультимедиа жүйелерінің мүмкіндіктерін пайдалануға негізделген оқыту түрі. Олар - компьютерлік оқыту жүйелері, аудио және видео, электрондық пошта, электрондық және бейне конференциялар, компьютер желілері, сол секілді ғаламтор Интернет және т.б.
2.Жұмыс орнында оқыту. Жұмыс орнында қолданылатын оқыту тәсілдері әдеттегі жұмыс ситуациясындағы әдеттегі жұмыспен тікелей әрекеттесумен сипатталады. Мұнда анықтаушы белгі ретінде оқыту қандай да бір ұйымға, ұйым жұмысшыларына, олардың ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы ұйымдастырылып жүргізіледі. Сонымен қатар, ол өзінің тәжірибеге бағытталуымен ерекшеленеді, сол себепті жұмыс орнында оқыту тәсілдері ағымдағы өндірістік міндеттерді орындау үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруға көп ықпал етеді.
Оқуға бірдей қажеттіліктері бар жұмыскерлер саны жеткілікті болса, қажетті жабдықтар болса, кәсіпорында оқыта алатын оқытушылар бар болса, кәсіпорын үшін тиімді болады. Қатысушылар кейбір мәселелерді өз әріптестері арасында немесе басшының қатысуымен ашық, әрі батыл талқылай алмайды. Егер оқу материалы жұмыспен тікелей байланысты болса, онда оқу мысалдарынан жұмысты тікелей орындауға көшу мүмкіндігі бар.

1 кесте. Жұмыс орнында оқыту тәсілдерінің артықшылығы мен кемшіліктері
Артықшылықтары
Кемшіліктері
Курстың мазмұны мен өткізілу мерзімі ұйым қажеттіліктеріне сай болуы
Қатысушылар тек өз ұйымы жұмыскерлерімен ғана кездесе алады
Қатысушылар өндірістік қажеттілікке байланысты жұмыста туындаған мәселелерді шешу үшін қарапайым хабарлама арқылы шақыртылады
Ақысы төленіп қойған,қайтарусыз сыртта оқылатын курстарға қарағанда қатысушылар қарапайым шақырту арқылы жиірек шақыртылады
Оқуға бірдей қажеттіліктері бар жұмыскерлер саны жеткілікті болса, қажетті жабдықтар болса, кәсіпорында оқыта алатын оқытушылар бар болса, кәсіпорын үшін тиімді болады
Қатысушылар кейбір мәселелерді өз әріптестері арасында немесе басшының қатысуымен ашық, әрі батыл талқылай алмайды

2 кесте. Жұмыс орнынан тыс қолданылатын оқыту тәсілдерінің артықшылықтары мен кемшіліктері
Артықшылықтары
Кемшіліктері
Қатысушылар ақпарат алмаса алады, проблемаларымен бөлісе алады, басқа ұйымдарда олардың шешілу жолдары тәжірибесін ала алады
Ұйымның қажеттіліктеріне сай келмеуі мүмкін
Ұйым қабырғасында қол жетпейтін аса қымбат оқу қондырғысы қолданылуы мүмкін
Жиілігі мен қол жетімділігі сыртқы ұйым арқылы орнатылады
Қатысушылар өндірістік қажеттілікке байланысты жұмыста туындаған мәселелерді шешу үшін қарапайым хабарлама арқылы шақыртыла алмайды
Егер қатысушы курстан шақыртылып алынса, онда төлемақы қайтарылмайды, ал оқу тиімділігі төмендейді
Квалификациялы оқытушы персонал ұйым қабырғасынан тыс қана қол жетімді
Оқудан тікелей жұмыс орындауға көшуде проблема туындауы мүмкін

3.Корпоративтік оқу орталықтары. Ұйымның оқу орталығының міндеті - қызметкерлерді мақсатты түрде оқыту, олардың квалификациясын фирма талаптарына сай етіп ойластыру. Кейбір оқу орталықтары жаңа қызметкерлер үшін кіріспе курс жүргізеді, соның арқасында адам ұйымға бірден бейімделеді, оның тарихын, корпоративтік мәдениетін, бөлімдер жұмысы ерекшеліктерін, қолданылатын терминологияны, қондырғылар сипаттамаларын және т.б. біледі. Жетекші халықаралық компаниялар тәжірибесінде менеджерлерді даярлау орталықтары кеңінен қанат жаюда, олар бизнес-мектеп ретінде жұмыс істейді де, корпоративтік колледж, институт немесе университет деп аталады, мысалы: Disney University, Federal Express Leadership Institute, General Electric компаниясындағы Crotonville оқу орталығы, AT&T фирмасындағы бизнес мектебі, Motorolla университеті және т.б. Өз оқу орталығын ұйымдастыру кезінде лицензия алу қажеттілігі, оны білім басқарудың мемлекттік органы эксперттік комиссияның қорытындысы және басқа да нормативтік-құқықтық актілер негізінде беріледі. Осындай жағдайда ғана кәсіпорын қызметкерге кәсіптік дайындық бойынша құжат бере алады.
4.Қосымша оқыту жүйесін қолдану Қосымша оқыту жүйесінің бір деңгейі ретінде оқытудың ұзақ мерзімді (1000 сағаттан артық) бағдарламаларын атауға болады, оларға әртүрлі магистрлік бағдарламалар, екінші жоғары білім бағдарламалары және МВА бағдарламалары жатады. МВА бағдарламасы (Master of Business Administration - Мастер Делового Администрирования) жоғары білімі бар адамдарға іскерлік басқару облысында тереңдетілген білім алуға мүмкіндік береді.





2 Кәсіптік білім беру мәні

Техникалық және кәсіптік білім беру орта білім берудің қоғамдық-пайдалы кәсіптік қызметтің негізгі бағыттары бойынша білікті техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандарын даярлауға бағытталған құрамдық бөлігі болып табылады.
Техникалық және кәсіптік білім беру студенттерді даярлаудың біліктілік деңгейі мен бағдарлама мазмұнына байланысты келесі оқу бағдарламаларына бөлінеді:
1) техникалық және қызмет көрсету еңбегінің жалпы мамандықтары бойынша кадрлар даярлауды көздейтін және оқушыға деңгейді аяқтағанда нақты кәсіп бойынша кәсіптік біліктілік (разряд, класс, категория) беретін техникалық және кәсіптік білім беру;
2) техникалық және қызмет көрсету еңбегінің қиын (ұйқас) мамандықтарын, жоғарғы технология мен кәсіптік қызметпен байланысты экономиканың барлық салаларындағы мамандықтар мен тәжірибелік жұмыстарды атқаруды көздейтін және оқушыға жоғарғы деңгейді ақтағанда нақты кәсіп бойынша кәсіптік біліктілік беретін техникалық және кәсіптік білім беру;
3) техникалық еңбектің жоғарғы білікті мамандарын даярлауға, оларды қайта даярлау мен біліктілігін көтеруге бағытталған техникалық және кәсіптік білім беру;
Орта білімнен кейін (арнайы медицинадан басқа) кәсіптік оқу бағдарламаларын игеру мерзімі келесіні құрайды:
Жалпы орта білімі барларға - 2 жылдан кем емес;
Техникалық және кәсіптік білімі барларға -1 жылдан кем емес.
Орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларының мазмұны жоғарғы оқу орындарының 1-2 курс кәсіптік оқу бағдарламаларымен сәйкес келетін кәсіптік, әлеуметтік-гуманитарлық және жаратыластану ғылымдарының пәндерін оқытуды қамтиды және оқуды аяқтаған соң қызмет көрсету мен басқару еңбегінің кіші маманы біліктілігін береді.
Орта білімнен кейінгі кәсіптік және техникалық білімді мемлекеттік немесе жеке меншік болуы мүмкін кәсіптік лицейлерде, кәсіптік мектептер, колледждерде алуға болады.
Кәсіптік және техникалық білім беру жүйесі келесі деңгейлерден
1) бастапқы кәсіптік білім ;
2) орта кәсіптік білімнен тұрады.
Бастапқы кәсіптік білімді кәсіптік лицейлер мен кәсіптік мектептерде негізгі жалпы білімнен соң (9 сынып) алуға болады және ол еңбек қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша білікті жұмысшыларды (жұмыскерлерді, қызметкерледі) даярлауға бағытталған. Бастапқы кәсіптік білім алу жалпы орташа білім алумен ұқсас болып келеді.
Бастапқы кәсіптік білімді жеке мамандықтар бойынша оқу мерзімінің қысқартылған түрі бойынша жалпы орта білімнен (11 сынып) соң да алуға болады.
Бастапқы кәсіптік білім мекемелері Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына кәсіп, мамандық және біліктілік алуда олардың қызығушылықтары, мүмкіндіктері мен денсаулықтарына байланысты тең мүмкіндіктер қарастырған.
Кәсіптік білім беру білім беру қызметін іске асыру құқығын беретін лицензия болған жағдайда өндірісте, оқу-өндірістік комбинаттарында, оқу орталықтарында, курстарда және тағы басқа жұмысшыларды даярлайтын оқу-өндірістік құрылымдарда жүргізуге болады.
Кәсіптер бойынша оқу бағдарламаларының мазмұны, оларды игерудің нормативтік мерзімдері білім берудің жалпыға міндетті стандарттарымен анықталады және бастапқы кәсіптік білім мекемелерімен жасалған жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Бастапқы білім беру мекемелерінде техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті кадрларын даярлау, оларды қайта даялау мен біліктілігін жоғарылату оқу орындары мен жұмыс берушілер, жұмыспен қамту қызметтері және жеке азаматтармен бірігіп анықтаған кәсіптер (мамандықтар) және кәсіптер топтары бойынша жүргізіледі.
Бастапқы кәсіптік білім мекемелерінде күндізгі, кешкі және қашықтықтан оқыту түрлері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде білім алуға болады.
Филиалдар, біліктілікті көтеру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика бойынша практика
Ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолдану арқылы болашақ мамандардың даярлау
Дене тәрбиесінің теориялық негіздері
Жаңа педагогикалық технологиялар
Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудағы педагогикалық шарттар
Коучинг бағдарламасын әзірлеу
Гигиеналық дене шынықтыру
Ақпараттық технологияларды қолдану
БОЛАШАҚ АҒЫЛШЫН ТІЛІ МАМАНДАРДЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ АРҚЫЛЫ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУЫ БОЙЫНША ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ӘЗІРЛЕУ
Сабақтарда педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастырудың технологиялық ерекшеліктері
Пәндер