Колледждердегі оқушылардың сабақтан тыс уақытының ұйымдасуын анықтау


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Сабақтан тыс жұмыстар түсінігі, түрлері . . . 11
2 Колледждегі сабақ жүргізу . . . 14
2. 1Колледждердегі сабақтан тыс жұмыстар . . . 22
2. 2 Сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру . . . 24
Қорытынды . . . 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 29
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында да жүзеге асырылады. Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше. Ол демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан - жақты болуына арналады. Әр адам бос уақытын өзінше бір нәрсеге арнайды. Бірақ, бос уақытты ұтымды етіп өткізу әлдеқайда тиімді. Бос уақытты пайдалана отырып, қоғам, ұжым, отбасы оқушылардың демалысын тиімді етіп ұйымдастырылуына күш жұмсауы қажет. Дұрыс тиімді ұйымдастырылған бос уақыт - олардың рухани өмірін, көзқарасын толықтырылуын қамтамасыз етеді.
Баланың бос уақытын оның өз қалауымен өткізуге атсалысу, оған аса мән беру - қазіргі таңның басты мақсаты саналуы тиіс. Сонымен қатар, қазіргі кезеңде бос уақытты әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру мәселесі әлемдегі барлық ғылымдардың назарын аударып отыр, өйткені қоғамымыздағы әлеуметтік - экономикалық, саяси және мәдени өзгерістер тұлға санасына да жаңаша көзқарас қалыптасуын қамтамасыз етуде.
Оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оған дұрыс бағыт беріп отыру-барша қауымның ортақ ісі. Оқушы жан-жақты болып өсу тек қана оның мектепте өткізген уақытымен шектелмейді. Бүгінгі таңда жаңа білімді адамды қалыптастыру барысында мектептің қызметі күннен-күнге ұлғая түсуде. Сондай қызметтерінің бірі- сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар.
Оқушылармен сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады, ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың және олардың адамгершілік мінез құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың формасы болып табылады.
Зерттеу мақсаты. Колледждердегі оқушылардың сабақтан тыс уақыиының ұйымдасуын анықтау.
Зерттеу нысаны. Коллдеждерде сабақтан тыс уақытқа берілетін жұмыстар.
Зерттеу обьектісі. Коллдеждер, кәсіптік оқу орындары.
Жұмыс құрылымы. Жұмыс 2 бөлімнен, кіріспе, қорытынды бөлімдерінен, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың практикалық маңызы. Балалар ұйымы, ата-аналар, бүкіл жұртшылық балалардың бос уақытын өміріне пайдалы тәрбиелік мәні болатындай етіп өткізулеріне көмектесулері керек. Оқушылардын бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру оңай мәселе емес екенін де ұмытпауымыз керек.
Сонымен, оқушылардың бос уақытын пайдалану үшін, ең алдымен олардың қандай пайдалы іспен шұғылдануды ұнататынын, қабілетін зерттеп біліп, сыныптан тыс жұмыс жоспарын жасағаңда ескеру керек. Бұл ретте біз сөз еткен зерттеу шеңберін кеңейтіп, сан қилы тәсілдер түрін жетілдіріп, нәтижелілігін арттыру үшін аянбай енбек ете білу керек. Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.
Сыныптан тыс тәрбие жұмыс - тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.
Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан - жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.
Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады.
Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді.
Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады.
Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар мен жұршылық өкілдері қатыстырылады.
Жұмыстың теориялық маңызы. Мұғалім балалар тұлғасының жеке дамуына және адамгершілік тұрғысынан қалыптасуы үшін жағымды жағдайлар жасауға әрекет етеді, оның тәрбие жүйесіне қажетті түзетулер енгізеді. Оқушы тұлғасын және оның қызығушылығы мен қабілет мүмкіндіктерін зерттеуді жүзеге асырады. Жағымды өз ортасын құрып, сыныпта әр бала үшін моральдық-психологиялық ахуал жасайды. Қарым - қатынастың дамуына ықпал етеді. Баланың өз құрбыларымен, мұғалімдермен, ата-аналармен қарым-қатынасында пайда болатын проблемаларын шешуге көмектеседі. Оқушы тұлғасынан өзін-өзі тәрбиелеуіне және өзін-өзі дамытуға бағыттайды. Оқу іс-әрекетінде оқушыларға көмек береді. Үйірме, клуб, спорт секциясы мен бірлестіктер жүйесі арқылы оқушыларға қосымша білім алуға ықпал етеді. Балалардың жас ерекшеліктеріне және тұрмыстық талаптарына сәйкес сынып жетекшісі сынып ұжымы өміршендігінің мазмұнын жаңартады. Оқушылардың құқықтары мен бостандығын сақтайды, олардың өмірі, денсаулығы, қауіпсіздігі үшін жауап береді.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды шарты және осы жүйелердің қызмет ету формасы болып ұжыммен тәрбиелеу табылады. Педагогикалық әдебиетті талдау барысында салауатты өмір салтын қалыптастыру процесінде тиісті шарттарды сақтауды қажет ететінін анықтауға мүмкіндік берді.
1 Сабақтан тыс жұмыстар түсінігі, түрлері
Сабақтан тыс жұмыс - мектептің сабақтан тыс уақытта оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын, кеңейту және тереңдету үшін, дербестігін, дара кабілеттерін дамыту үшін, соны мен бірге олардың қызығушылықтарын қанағаттандыру және бос уақытын белсенді, саналы өткізуді қамтамасыз ету үшін оқушылармен жүргізілетін ұйымдастырылған және мақсатты бағыттағы сабақтар.
Сыныптан тыс оқуды белсенді ұйымдастырушы және оны басқарушы да мұғалім болуға тиіс. Сондықтан мұғалім өз оқушыларының кітапқа деген ынтасын үнемі арттыруымен бірге, олардың қандай кітап оқуға тиіс екендіктеріне де бағыт беріп отырады. Балалар бастауыш сыныпты бітіргенде, совет ақын-жазушыларының белгілі шығармаларымен таныс болулары қажет екенін де үнемі есептеп отырады.
Сыныптан тыс оқу жұмысын балалар мектепке келген кезден бастаған жөн. Өйткені сауат ашу кезінде оқушылардың ақыл-ойын, тілін дамыту жұмыстары балаларға түрлі түсті суретті кітапшаларды көрсету арқылы дауыстап, мәнерлеп оқи отырып жүргізіледі.
Екінші сыныптан бастап мұғалім балаларға мектеп кітапханасынан алған кітаптарды бере бастайды. Оларға кітапты дұрыс ұстап, күте білудің ережелерін үйретеді: кітапты газетпен не қағазбен тыстап қою, оқыған кезде кітап беттерін бүктемеу, кітап беттерін су немесе кір қолмен ұстап парақтамау т. б. Мұғалім бұл ережелерді анық етіп жазып, сыныпқа іліп қояды.
Сыныптан тыс оқу оқушылардың кітапты өзгерістерінен оқи алу дағдыларын арттыруымен бірге, «Ана тілі» оқулықтарындағы шығармалардың мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерін түсінуге көмектеседі. Балалар оқыған шығармаларындағы негізгі ойды аңғара білуге, сол оқиғаға өзінің қалай қарайтынын айтып, кейіпкерлердің әрекетіне баға бере білуге талаптануы қажет.
Сыныптағы оқу сабақтарында оқушылар көркем тілмен жазылған шығармалардан басқа тарих, табиғаттану т. б. пәндерінен мағлұмат беретін материалдармен танысады. Осындай, сыныпта алған ұғым сыныптан тыс оқу кезінде нығая, жетіле түседі.
Сыныптан тыс сабақтарында мұғалім балалардың қандай кітаптарды оқығандарын біліп отырумен қатар, алдағы уақытта не туралы оқығылары келетінін де есепке алуы қажет.
Бастауыш мектептердегі сыныптан тыс оқудың мазмұны мен ұйымдастыруы жолы жөнінде жаңа программаның жобасында былай делінген: «Сыныптан тыс оқудың мақсаты: баланың сыныптан тыс оқуы арқылы барлық пәннен алған білімін тереңдете түсу, кітаптан өзіне қажетті материалды, кітапханадан керекті кітапты іздеп тауып алуға көмектесу; өз бетімен жұмыс істеу дағдысын нығайта түсу; оқуға, білімге ынтасын, құштарлығын арттыра түсу; баланың эстетикалық және дүние тану құмарлығын арттыру.
Сыныптан тыс жүргізілетін оқуды ұйымдастырудың ең негізгі принціпі - оның сыныпта жүргізілетін оқумен тығыз байланыста болуы. Оқушының сыныптан тыс оқитын кітаптары сыныпта өтілетін сабақтардың жалғасы түрінде ұсынылады. Оны мұғалім күнделікті оқу, табиғат тану, сурет, ән, еңбек т. б. сабақтарында және оқу бойынша жүргізілетін қорытынды сабақтарда сұрап, сыныпта оқығандарына байланыстырып отырады . . . ».
Сөйтіп, сыныпта оқу сабағы жақсы ұйымдастырылса, онда көп мәселелер жөнінде әңгімеленсе, балаларды мұғалім осы мәселелер жайында тағы да біле түсуге қызықтыра алса, сыныптан тыс оқу сабағы да нәтижелі өтеді. Оқушыларға қандай кітаптарды оқу керектігі, олардың тізімі беріледі. Мысалы, сыныпта М. Әлімбаевтің «Ұқыпты бала» және «Ұқыпсыз бала» өлеңдері оқылды делік, оның жалғасы ретінде «Ұқыпты оқушы» өленің оқытуға болады. Немесе «Совет Армиясы» бөліміндегі Т. Бигилдиновтың «Қаһарлы күндерде» әңгімесін оқығаннан кейін, сөз жоқ, оқушылар Совет Одағының Батыры атағын екі рет алған, ұшқыш Т. Бигилдиновтың балалық шағы жөнінде білгілері келеді. Ол үшін мұғалім С. Бақбергеновтың «Талғат» атты кітабынан үзінді беруіне болады.
Сыныпта оқушылар жазушының бір шығармасынан үзінді оқыса, сол шығарманы толықтыра оқу сыныптан тыс оқуда іске асырылады. Кейде белгілі ақын-жазушылармен балаларды толырақ таныстыра түсу мақсатында оның сыныпта оқылғаннан басқа шығармаларымен сыныптан тыс таныстыруға болады. Мысалы, Ы. Алтынсаринның «Әдептілік» әңгімесін оқығаннан кейін, оның «Баланың айласы», «Аурудан аянған күштірек», «Өтіріктің залалы» т. б. әңгімелері сыныптан тыс оқуға беріледі.
Кейбір жекелеген шығармаларды сыныптан тыс оқу сабағында да талдауға болады. Онда талданатын шығармалардың тәрбиелік жағы күшті болуы қажет.
Оқушылардың кітап оқуға қаншалықты ынталы және бейім екендіктерін білу үшін мұғалім олардың әрқайсысымен оқыған кітаптары жөнінде жеке әңгімелеседі; салған суреттерін, жазып алғандарын қарап, -бүкіл деректермен жеке танысады. Кейде кітапханадғы карточкасын қарап көруге де болады. Осындай ыждағатты тексерудің нәтижесінде, балалардың қайсысы қандай тақырыпты жақсы көретіндері байқалады. Кейбір бала ертегілерді, кейбіреулері ерлік жайлы шығармаларды, ал бір сыпырасы қиял-ғажайып ертегілерін т. б. ұнатады.
Осыдан кейін мұғалім балаларды бір жақтылықтан сақтандыру мақсатымен, оларды басқа тақырыптарға қызықтыру жолдарын іздестіреді.
Балаларға сыныптан тыс оқуға арналған тартымды кітаптарды іріктеп немесе жаңадан шығып жатқан шығармалардың ішінен іріктеп ұсынады, әдемі суреттермен безендірілген кітап жаймаларын, түрлі әдеби ойындар ұйымдастырады т. б.
Сыныптан тыс оқылуға тиісті кітаптардың тізімі бір тоқсанға арналып әр тоқсан сайын ұсынылып отырады. Балалардың оқуға ынтасын арттыру мақсатымен мұғалім ұсынып отырған кітаптарының ішінен кейбір оқиғаларды бастап, «одан әрі не болатынын осы кітапты оқып білесіңдер» деп аяқтайды. Кейде кітаптың сыртындағы немесе ішіндегі кейбір әдемі суреттерді көрсету арқылы да қызықтыруға болады. Ал енді бір жағдайларда шығарманың, кітаптың атын, авторын ғана айтып, оның осылайша неге аталғанын білуді тапсыруға болады.
Оқушылардың сыныптан тыс оқуын ұйымдастырудың бір жолы - оқу жұмысын дұрыс жоспарлау. Сыныптан тыс оқу былайша жоспарланады: сыныптан тыс оқуға жалпы сипаттама беру; сыныптан оқуға байланысты ұйымдастыру жұмыстары; әр сынып оқушыларының жас ерекшелігіне қарай анкеталық сұрақтарға жауап алу; сыныптан тыс оқу сабағы, кеш, диспут, оқырмандар кконференциясы, семинар, ауызша журнал, әдебиет үйірмесі сияқты сыныптан тыс жұмыстардың жекелеген түрлеріне үлгі жоспар беру; оқушылардың жазған шығарма, мазмұндама үлгілері, қолжазба журналы, жинақ пен альбомдар, әдеби бюллетень, қабығы газеттерін шығару, т. б.
Осындай жоспар үлгісі жасалғаннан кейін түрлі көрнекіліктер дайындалады: әдеби стенд, альбомдар, оқушылардың көркем әдебиет күнделіктері мен шығарма үлгілері, кейіпкерлер бейнесін иллюстрияциялау, әдеби кештердің жоспарларын дайындау, диспут, конференция тақырыптарын белгілеу, әдебиет үлгілерінің тақырыптары, т. б.
Сыныптан тыс оқуға көбірек уақыт бөлген жөн. Өйткені қазір балалар кітап оқудан қалды. Көпшілігі теледидар мен компьютерге назар аударып кеткенін жақсы білеміз. Оқушылар кітапты аз оқығандықтан ойларын еркін жеткізе алмайтындықтары эксперимент нәтижелерінде анық байқалды.
Сыныптан тыс оқудың жүйелі жоспары мектептің іс жоспарына еніп, педагогикалық кеңесте бекітіледі. Атап айтқанда, сыныптан тыс оқуға қойылатын талаптар, V-IX сынып оқушыларына арналған сыныптан тыс оқу үшін ұсынылатын әдебиеттер тізімі (тізбесі, күнделікті сабаққа қажетті әдебиеттер, нұсқаулар, сабақта оқу бағдарламасы бойынша өтілетін (оқылатын) ақын-жазушылардың шығармалары, диспут, әдеби кеш, әңгіме, кітап оқушылар конференциясының жсопары, V-IX сынып оқушыларына кітаптың маңызы мен оқылуы жайлы педагогикалық басшылық, кітап туралы ұлағатты сөздер, т. б. материалдар бекітіледі.
Сыныптан тыс оқудың алғашқы ұйымдастыру жұмыстарында түрлі қажеттіліктерді өтейтін сыныптан тыс оқудың бұрышы мен кабинеттік кітапхана ұйымдастырылады.
Оқушылардың сыныптан тыс көркем шығармаларды оқуын ұйымдастыруда мынадай жұмыстар жүргізіледі:
а) әр сынып бойынша оқуға тиісті көркем шығармалардың тізімін жасау, ә) мектеп және қала (ауыл, село) кітапханаларындағы және оқушылардың тізімін жасау, б) мектеп ішіне кітап оқуға үгіттейтін плакаттар жазып ілу. Сыныптан тыс оқу жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін оқу жылының басында оқушылар конференциясы өткізіледі. Мұндағы мақсат - жазғы демалыс кезінде оқушылар қандай кітап оқығандығын білу, екіншіден, сыныптан тыс оқуды дұрыс ұйымдастыру.
Мұғалім конференцияны өткізер алдында мына мәселелерді шешіп алады:
1. Демалыс кезінде оқушылар қандай кітаптарды оқыды және оның қандай әсер қардылғанын білу;
2. Оқыған кітаптарына байланысты шығарма жаздырылады: «Менің сүйікті жазушым Билал Назим», «Кітап - менің досым», т. б.
3. Кітапханашымен бірлесіп оқуға ұсынылатын кітаптардың көрмесін ұйымдастыру, бұл жөнінде оқушылардың пікірлері жинастырылады;
4. Бірнеше оқушыны конференцияда шығып сойлеуге, оқыған кітаптары жөнінде пікір айтуға дайындайды.
Оқитын кітаптырының тізімі беріледі де, оқу жылының басында сол көрсетілген кітаптардың қайсысын оқығанөоқырмандарын тексереді. Олардың оқыған кітаптары туралы жазылғандарын, әсерлерін, пікірлерін, кейбір үзінділерді, кейіпкерлердің аттарын, суреттерін т. б. қарайды, оқытады.
Міне, осындай жұмыстардан кейін қосымша оқуға тиісті кітаптардың тізімі беріледі. Мектептерде ана тілі сабақтарының өтілу жайлы мен сыныптан тыс оқудың мазмұнына сай, бастауыш сынып оқушыларымен мынадай жұмыстар орындауға болады:
1) Көркем шығармаларды (бір шығарманы немесе тақырыбына қарай топталған бірнеше шығарманы), ертегілерді, мақалаларды талдау.
2) Күнделікті баспасөздегі мақалаларды оқу.
3) Кітаппен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Көркем шығармаларды талдау үшін сюжетті әңгіме қолайлы.
Оқушылардың өз беттерімен оқитын шығармаларына сұрау берудің қажеті жок, олар өз беттерінше қорытынды шығарған жөн, яғни әркімнің өз оқығандары жөнінде өз көзқарастары болғаны дұрыс. Кейде оқығандары жөнінде жолдастарынан сұрау, пікір алысу тыйым салынбайды.
Сыныптан тыс оқуда бір жазушының шығармасын талдауда сол жазушының өмірі мен қызметіне толығырақ мағлұмат беруге болады. Мұндай сабақ шамамен былай ұйымдастырылады:
a) мұғалім немесе балалардың бірі жазушы жөнінде қысқаша әңгімелеп береді;
ә) жазушының балаларға таныс кітабы я шығармасынан үзінді оқылады, кейде бір шығармасынан әдеби монтаж, ойын ұйымдастыруға да болады.
Бірінші сабақта сол жазушының өмірбаяны туралы айтылып, оның балалар оқыған шығармасы жайлы қысқаша әңгімеленеді де, басқа бір шығармасы тағы оқуға тапсырылады.
Екінші сабақта оқуға берілген шығарма талқыланады, ал үшінші сабақта қорытындыланады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz