Туризмді жеке экономикалық сала ретінде зерттеу
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ...5
1 Туризм түсінігі, маңызы, классификациясы ... ... ..15
2 Туризмнің экономикалық мәні ... ... ... 18
2.1 Туризм экономикасы ... ... ... ... ... ... .21
2.2 Ұлттық экономиканың тиімді дамуына туризмнің тигізетін әсері ... ... ... ... ... ... ... ..24
2.3 Әлемдік экономикадағы туризм ... ... ... ..26
Қорытынды ... ... ... ... 28
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ...29

Қазақстан тәуелсіздік алғалы ҚР заңдарын жетекшілікке алып, туристік қызметтің басқарылуына және халықтың тарихи, мәдени мұрасының қайта оралуына негіз қаланды. Сонымен қатар қабылданған заңдар, бұйрықтар мен ережелер халыққа шынымен де қызмет етуі тиіс. «ҚР туризм туралы» заңының көптеген пунктері түбірімен дұрыстауды талап етеді, өйткені, ол туристік қызметті барлық жағынан қамтымайды. Тек қана қаржылық жағдайларды, лицензияланған қарым-қатынасты, туристердің міндеттері мен негізгі құқықтарын ғана ашып бере алады. Біздің көзқарасымыз бойынша, мықты туризм индустриясын құру үшін туристік қызметтің заң шығару — нормативті базасын қатайту.
Қазақстанда туризмді дамыту үшін нормативтік – құқықтық база жасалады, 2001 жылы 13 маусымда «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» жаңа заң қабылданды. Ол туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдық негіздерін Қазақстан Республикасының экономика салаларының бірі ретінде анықтайды.
Бүгінгі таңда Қазақстанда туризмнің бет алысы көңіл көншітерлік емес. Республикада 700-ге тарта туристік кәсіпорындар іс-әрекет жасап жатса да, бұл саланың экономикамызға сүбелі кіріс түсіргенін сезініп тұрмаған сыңайлымыз. Мұндай жайттың орын алуының себептері сан-алуан. Бірақ тәуелсіздігімізді алып, дербес ел ретінде дамуымыздың барысында бірқатар туризмге тікелей қатысы бар «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңы» және басқа қаулылар қабылданған болатын. Осының бәрі туризмді өркендету жолында жасалған оң қадамдар деп есептеуіміз қажет. Дегенмен туристік қызметтің келеңсіз жақтарын айқын ұғыну үшін туризмнін даму үрдісіне егжей-тегжей талдау жасап, оған бағалау жүргізу қажеттігі туындап отыр.

1. Авдокушин Е.Ф. Международные экономические отношения: Учеб. Пособие.-М.: ИВЦ Маркетинг, 1996.
2. Байгісиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар: Оқу құралы -Алматы: Санат, 1998.-1926.
3. Бабин Э.П. Основы внешнеэкономической политики.-Учеб. Пособие.-М: ОАО Экономика, АОЗТ МИКО, 1997.
4. Буглай В.Б., Ливенцев Н.Н. Международные экономические отношения -Учеб. Пособие.-М: Финансы и статистика, 1996.
5. Доғалова Г.Н. Халықаралық экономика : Оқу құралы — Алматы: Экономика, 2000. — 886.
6. Друкер, Питер Ф. Нарық: топжарып, алға шығу: Практика мен принциптер. / Орыс тілінен аударғандар Р.Шаймерденов, Н. Бөлекбаев.-Алматы: Білім, 1994-3206.
7. Кекенова А.Т. Сыртқы қарыз мәселелері және дамушы елдерде сыртқы қарызды басқару: 08.00. И- Э.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған дис. авторефераты.
8. Кешенова Б.А. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары: Оқу құралы.-Алматы: Экономика, 2000-328б.
9. Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Актілер жинағы.-2000.- №12.-38-396.
10. Авторлар ұжымы «Турист серігі», Москва, 1998.
11. Балабанов И.Т.,Балабанов А.И. «Экономика туризма», 1999.
12. Биржаков М.Б. «Введение в туризм», Москва, «Издательский дом
Герда», 2005.
14.Вавилов П.А. «Пять континентов», Москва, 1992.
15. Воронкова Л.П. Москва, «Гранд», 2004.
16. Грицкевич А.Б. «История туризма в древности»,2003.
17. Дурович А.П. «Организация туризма», 2004.
18. Ердавлетов С.Р. «География туризма» ,2000.
19. Здоров А.Б. «Финансы и статистика», Москва, 2005.
20. Кабушкин Н.И. Минск, «Новое знание», 2004.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1 Туризм түсінігі, маңызы, классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2 Туризмнің экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.1 Туризм экономикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.2 Ұлттық экономиканың тиімді дамуына туризмнің тигізетін әсері ... ... ... ... ... ... ... .. 24
2.3 Әлемдік экономикадағы туризм ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан тәуелсіздік алғалы ҚР заңдарын жетекшілікке алып, туристік қызметтің басқарылуына және халықтың тарихи, мәдени мұрасының қайта оралуына негіз қаланды. Сонымен қатар қабылданған заңдар, бұйрықтар мен ережелер халыққа шынымен де қызмет етуі тиіс. ҚР туризм туралы заңының көптеген пунктері түбірімен дұрыстауды талап етеді, өйткені, ол туристік қызметті барлық жағынан қамтымайды. Тек қана қаржылық жағдайларды, лицензияланған қарым-қатынасты, туристердің міндеттері мен негізгі құқықтарын ғана ашып бере алады. Біздің көзқарасымыз бойынша, мықты туризм индустриясын құру үшін туристік қызметтің заң шығару -- нормативті базасын қатайту.
Қазақстанда туризмді дамыту үшін нормативтік - құқықтық база жасалады, 2001 жылы 13 маусымда Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы жаңа заң қабылданды. Ол туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдық негіздерін Қазақстан Республикасының экономика салаларының бірі ретінде анықтайды.
Бүгінгі таңда Қазақстанда туризмнің бет алысы көңіл көншітерлік емес. Республикада 700-ге тарта туристік кәсіпорындар іс-әрекет жасап жатса да, бұл саланың экономикамызға сүбелі кіріс түсіргенін сезініп тұрмаған сыңайлымыз. Мұндай жайттың орын алуының себептері сан-алуан. Бірақ тәуелсіздігімізді алып, дербес ел ретінде дамуымыздың барысында бірқатар туризмге тікелей қатысы бар Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңы және басқа қаулылар қабылданған болатын. Осының бәрі туризмді өркендету жолында жасалған оң қадамдар деп есептеуіміз қажет. Дегенмен туристік қызметтің келеңсіз жақтарын айқын ұғыну үшін туризмнін даму үрдісіне егжей-тегжей талдау жасап, оған бағалау жүргізу қажеттігі туындап отыр.
Осы атап өтілген заңға сәйкес Қазақстандағы туристік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мынадай:
* туризмді экономикалық сала ретінде қарастыру;
* туристік қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшін қолайды жағдай жасау;
* туристік қызметтің басым бағыттарын анықтау және қолдау;
* Қазақстан Республикасындағы туралы туризм үшін қолайлы ел ретінде түсінік қалыптастыру;
* Туризмнің және Қазақстан Республикасының туристтік ұйымдары мен олардың бірлестіктерінің қауіпсізідігін, құқықтарын қор мүдделерімен мүліктерін қорғау.
Туристтік қызметтің мемлекеттік және құқықтық жағдайларының негізгі мақсаттары:
* туристтік қызмет саласында азаматтардың думалуға, еркіне қозғалуға құқықтарын қамтамасыз ету;
* қоршаған ортаны қорғау;
* туризмді тәрбиелеуге, білімін арттыруға және сауықтыруға бағытталған қызмет үшін жағдайлар жасау;
* саясаттау кезінде азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін туристік индустрияны дамыту;
* жаңа жұмыс орындарын құру, туристтік индустрия есебінен мемлекет пен Қазақстан Республикасының азаматтарының табысын ұлғайту;
* халықаралық туристтік қатынастарды дамыту.
Жұмыстың мақсаты: туризмді жеке экономикалық сала ретінде зерттеу, маңызын, мәнін, қызметтерін анықтау.
Жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс 3 бөлімнен, 1 кестеден тұрады. Курстықтуризм териніне түсінік берілген, туризмнің түрлері мен сарапталған, туризмнің экономикалық мәні мен рөлі, қызметі айқындалған.
Зерттеу нысаны: туризм саласы, қызметтері.
Практикалық маңызы: Туризм - адамның бос уақытында негізінен айтқанда жұмыстық, не мәлім міндеттік мәжбүрлеумен емес, туысшылаумен емес, өз еркінше көңіл көтеру мен демалу үшін, тәуекел жасау үшін, көріп қызықтау үшін, яғни субъективті рухани қажеттілік бойынша басқа бір жерге ерікті саяхаттап, серуендеп баруы. Жақын жердегі қысқа мезетті орындалатыны - серуен делінсе, алыс жерге аттанған ұзақ мерзімдісі - саяхат делінеді. Туризм әрбір елдің экономсикасында елеулі рөл атқарады. Ол тек ел экономикасында ғана емес, мәдениет пен танымдылықтың дамуына да зор үлес қосады. Туризмнен түскен табыс мұнай, өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мың жылдықтың бас кезінде де ұсақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінде басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар. Сондықтан, туризм саласында зерттеу жұмыстарын жүргізу әрқашанда да орынды.
Теориялық маңызы: Көптеген елдерде туризм экономиканың маңызды салаларына (көлік және қатынас, құрылыс, ауылшаруашылық, халық тұтынатын тауарлар өндірісі т.б) зор ықпал етеді. Бұдан туризмның өзіне бірнеше факторлар әсерін тигізеді: демографиялық, табиғи-географиялық, әлеуметті-экономикалық, тарихи, діни және саяси-құқықтық.
Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүниежүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейін тұрақты үшінші орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мыңжылдықтың бас кезінде де сақталады деп күтілуде. әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар. Бүкіләлемдік туристік ұйым (БТҰ) 1999 жылдың қортындысын шығарды, сонда шет елге сапар шегетін туристер саны 657 млн. адам. Мемлекеттердің туризмнан түскен жалпы табысы 455 млрд.долларды құрады, соның ішінде, АҚШ 75 млрд.доллар алды, 2502 доллар-Испания, 31 млрд.доллар-Италия және 24 млрд.доллар-Франция.
Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.
1 Туризм түсінігі, маңызы, классификациясы
Қазіргі кезде адам қызметінің әр түрлі формалары бар, олар жалпы жағдай жасауға және әлемді тануға бағытталған. Халық тұрмысының жақсаруы жаңа әлемді ашуға адамның қажеттілігін, соның ішінде саяхатқа құштарлығын арттырады. Саяхат дегеніміз - туризм. Туризм тек орын ауыстыру емес, ол көптеген экономикалық және әлеуметтік аспектілерді құрайды. Соңғы он жылда туризм мықты дербес индустрияға айналды. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның мәліметтері бойынша туризм әлемнің өндірістік-сервистік нарық айналымының 10 пайызын қамтамасыз етеді. Туризм сферасына әлемдік ұлттық жиынтық өнімнің 6%, әлемдік инвестицияның 7%, әр 16-шы жұмыс орны, әлемдік тұтынушы шығындарының 11%, барлық салық түсімінің 5% келеді. Бұл сандар туризм индустриясының экономикаға тікелей әсерін көрсетеді.
Туризм түсінігіне теориялық және практикалық тұрғыдан нақты анықтама берілуі керек.
Көптеген авторлар туризмге толық анықтама беруге тырысты. Әр пікір өзгеше болып табылады және бұл терминнің көптеген өлшемін көрсетеді. Алайда туризмнің әр түрлі түсіндірмесін жинақтап қорыту, белгілі бір оптимум таңдау өте қиын.
1980ж. Манила декларациясы Туризм - халықтар өмірінде маңызды орын алатын әлеуметтік, мәдени, білім және экономика ауданына, мемлекет өміріне және оның халықаралық қатынастарына тікелей әсер ететін қызмет түрі (Филиппин, қазан 1980 ж.) деп жариялады. 1993 жылы БҰҰ-ның статистикалық комиссиясы туризмге кең анықтама берді: Туризм - бұл өзінің тұрғылықты жерінен басқа жерде болатын, 1 жылдан аспайтын уақытта демалу, іскерлік және басқа да мақсаттарда саяхаттайтын тұлға қызметі.
Халықаралық туристік Академия баспасында берілген анықтамада (Монте Карло): туризм - көңіл көтеру, демалу немесе емделу үшін жаяу немесе қандай да бір транспорт түрімен жасалатын саяхат.
П.Г.Олдактың пікірінше, қазіргі ғылыммен жинақтап айтқанда: Туризм - бұл өмір сүрумен және жұмыс орнын ауыстырумен байланыссыз халықтың қозғалысы, демалу, емделу, ғылыми іскерлік және мәдени кездесулер мақсатында саяхаттау - дейді.
Қазіргі күнге дейін туризм түсінігінің көпшілік қабылдаған нақты анықтамасы жоқ. Жоғарыда келтірілген анықтамалар оның тек кейбір жақтарын қамтиды. Бірінші анықтамада әлеуметтік және экономикалық жақтары, ал екіншісінде -- әлеуметтік және құқықтық жақтары (адам уақытын есептеуге арналған туризмнің шектелген уақыты) көрсетілген. Туризмнің әлеуметтік жақтарының басым болуы бақыланып отыр, бұл адамдардың қоғамдық-экономикалық өмірін әлеуметтендіру тенденциясымен түсіндіріледі. Бұрынғы СССР кезінде тіршілік деңгейінде барлық әрекеттің әлеуметтік аспектісі алдыңғы орында болды. Туризмде бұл мағына айтпаса да түсінікті. Профсоюз жолдаманы өзі төлеп немесе арзан бағамен және көрсетілген қызметті тегін ұсынып отырды.
Қазір туризм терминін кең және терең түрде түсіндіру керек. Біздің ойымызша туризм анықтамасы 2 бағытта беріледі: географиялық және экономикалық. Туризм географиялық тұрғыдан сұраныс және ұсыныстың кеңістік-территориялық қолданылу негізін білдіреді. Экономикалық тұрғыдан туризм сұраныс және ұсыныстың тұтынушылық шаруашылық негізі.
Туризмге экономикалық тұрғыдан бірнеше анықтама берілген:
Г.А.Папирян, туризм ол қызметтер жиынтығы, оларды тұтыну барысында ғана байқауға болады және ол өндірістік өнім сияқты жүйелі түрде ұдайы өндірілмейді.
П.В.Шульгиннің ойынша, қазіргі туризм анықтамасы 2 көзқарасты көрсетеді. Оның бірі туризм индустриясы - халық шаруашылығы құрылымында ерекше саланың қалыптасуы. Ол барлық келушілерге сұраныстарын қанағаттандыру үшін маманданған бірқатар өндірістік қызметтер мен қызмет көрсету мекемелерінің жиынтығы. Екіншісі, туризмді дербес салаға бөлу. Егер туристік мекемелерге қатысты туризмнің өзіне тән еңбек ұсынысының ортасы болса, онда бұл қызмет туризмді дамыту және ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты болады.
Біздің ойымызша, туризмнің экономикалық мәніне нақты анықтама қазіргі туризмнің экономикасы жұмысында берілген: Туризм қызмет және тауар нарығының бөлігі болып табылады және оны сұраныс пен ұсыныс жағынан қарастыруға болады. Сұранысқа ішкі және халықаралық туристік нарық жатады, ал ұсынысқа транспорт, туристік көрікті жерлер және бос уақыт түрі, туристік объектілер, қызмет көрсету жүйесі және инфрақұрылымы, сондай-ақ жарнамалық анықтамалық қызмет жатады.
Біздің ойымызша, туризм дегеніміз -- рекреация, емдік, танып білу және әр түрлі қызметпен айналысу мақсатында келген елінде тұрғылықты жерін ауыстыру немесе жұмыс істеуге байланысты емес адамдардың уақытта және кеңістіктегі қозғалысы. Бұл анықтама географиялық мәнге ие.
Туризмнің негізгі түсініктерін анықтай отырып оның дамуына себепші болатын және әсер ететін факторларға тоқтаймыз. Схема бойынша олар: экономикалық -- әлеуметтік - географиялық - демографиялық - саяси - этникалық - құқықтық. Аталған факторлар біздің мемлекетке тән және Қазақстанның әлемдік туристік бірлестікте орнын айқындайды.
Туризмнің дамуына әсер ететін негізгі факторлар статикалық және динамикалық болып бөлінеді. Статикалық факторларға табиғи-географиялық факторлар жиынтығы кіреді. Олардың өзгермейтін және қалпына келмейтін мағынасы бар. Динамикалық факторларға демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, материалды-техникалық және саяси факторлар жатады. Олар уақытта және кеңістікте өзгеретін әр түрлі бағасы, мағынасы болады.
Бұл факторлар жалпыланып айтылған және туризмнің негізгі аспектілерін көрсетпейді. Туризмге әсер ететін факторлар тағы да сыртқы (экзогенді) және ішкі (эндогенді) болып бөлінеді. Сыртқы факторлар туризмге демографиялық және әлеуметтік өзгерістер арқылы әсер етеді. Бұл факторлар тобына: тұрғындар жасы, жұмыс істейтін әйелдер санының өсуі және әр жанұяға кірістің өзгеруі, тұрмысты және жанұяны кеш құру, тұрғындар құрамында баласыз жанұяның көбеюі, иммиграциялық шектеулердің азаюы, төленетін іс-сапардың өсуі және жұмыс уақытының қолайлы графигі, зейнетке ерте шығу, туризмге жағдайлардың өсуі жатады.
Аталған көрсеткіштер тура немесе жанама түрде адамның бос уақыт құрылымына әсер етеді. Бұл туризмнің дамуына объективті әлеуметтік демографиялық жағдай туғызады. Сондықтан туризмді дамыту бағдарламасын құрғанда бос уақыт бюджетін және тұрғындардың уақыт құрылымын анықтау керек.
Сыртқы факторларға экономикалық және қаржылық факторлар да жатады. Алайда біздің ойымызша бұл факторлар ерекшеленіп тұрады және оларды бөлек қарастыру керек, өйткені олар туризмнің дамуын көбірек анықтайтын факторлар болып табылады.
Сонымен қатар сыртқы факторларға саяси және құқықтық бақылаудың өзгеруі, технологиялық өзгерістер, транспорт инфрақұрылымының және сауданың дамуы, сондай-ақ саяхаттың қауіпсіздік жағдайының өзгеруі жатады.
Ішкі факторлар - бұл факторлар туризм сферасына тікелей әсер етеді. Ең алдымен оларға материалды техникалық факторлар жатады. Бұл жерде біз ішкі факторлар туризмге ғана емес, туризм индустриясына да қатысты деп көрсеткіміз келеді. Себебі олар таза экономикалық көрсеткіштерге ие. Мысалы, орналастыру орындарының, транспорт, тамақтану орындары, рекреациялық сфера, жекеше сауда және т.б. өсуі.
Саяхаттың мақсатына, бағытына қарай, туризмді кластарға және түрлерге бөлуге болады.
Демалысты дұрыс ұйымдастыру, оны өзіне тиімді пайдалану адам организімінің шынығуына көмектеседі.
Туристердің алдарына қойған мақсат, мүдделері бойынша туризмнің түрлері: экскурсиялық немесе танымдық; емдік немесе курорттық, діни, конгрестік спорттық және т.б.
Жасөспірімдер үшін спорттық және сауықтыру түрлерінің маңызы зор, онсыз жұмыс істейтін адамдардың қоғамдық және еңбек іскерлігін көтеру де мүмкін емес.
Жоғарыда айтылған түрлері арқылы туризм бірнеше топқа жіктеледі. Туристік ағым мен оның бағытына қарай, сондай-ақ құқықтық статусына байланысты туризм екі үлкен классқа бөлінеді: Ішкі туризм (ұлттық) және халықаралық (шетелдік).
Ішкі туризм - азаматтардың өз елінің ішіндегі саяхаты. Ол жергілікті, аймақтық, аймақаралық болып бөлінеді. Халықаралық туризм - азаматтардың бір мемлекеттен екінші мемлекетке саяхат жасаулары яғни оны құрлық іші, құрлық аралық және жер шары деп бөліп қарастырамыз. Шетелдік туризм - туристік мақсатта шетел азаматтарының басқа елге кеуі.
Бұлай бөліну халықаралық туризмнің екі басқа түрімен тығыз байланысты - келу және шығу, бұлар туристік ағымның бағыты арқылы айырмашылықта болады. Туристің саяхат жасау мақсатына қарай оның шыққан елдін және баратын елін анықтайды. Туристердің саяхатқа шыққан елі шығу туризмі делінсе, ал барған елі келу туризмі деп аталынады.
Ұлттық туризм ішкі және сыртқы шығу туристік ағымдарынан құралады. Ішкі туризм дегеніміз демалу, спортпен айналысу және басқа да мақсаттар үшін адамдардың өз елінің ішіндегі қозғалысы. Бұл саяхаттарда елдің шекарасынан өтпейді туристік құжаттарды толтырмайды.
Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып басқа бір шетелдік елге барады. Кеденнен өту үшін туристік құжаттарды толтырады (төл құжат, виза жасау), валюта және медициналық бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы болып саналады.
Туризм түрлері мен класстарының өзара арақатынасына байланысты бірнеше туризм түрлерінен тұрады. Олар: қаржы көздеріне, ұйымдастыру сипатына, ұзақтығына, туристік ағындардың ырғақтығына, қатысушылардың жас ерекшеліктеріне, әлеуметтік топтарына байланысты. Олардың өздері өз ішінде төмендегідей болып ажыратылады:
1. Қаржы көздеріне қарай - әлеуметтік, коммерциялық;
2.Ұйымдастыру сипатына қарай - ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған, жеке және топтық;
3. Ұзақтығына қарай - қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді;
4. Туристік ағындардың ырғақтығына қарай - балалар немесе жасөспірімдер, жастар және ересектер;
5. Әлеуметтік топтарына қарай - қала, ауыл тұрғындары және жанұялық туризмдер түрлеріне бөлінеді.
Сондай-ақ туризм, туристік саяхаттардың немесе жорықтардың мақсаты мен қозғалу әдістерінің мүмкіндігіне қарай да бірнеше түрлерге бөлінеді.
Туристік саяхаттың немесе жорықтың мақсатына қарай рекреациялық, экскурсиялық (мәдени) және арнайы болып бөлінеді. Оның ішінде рекреациялыққа мәдени көңіл көтеру, курорттық-емдік, спорттық сауықтыру, ал экскурсиялыққа табиғи, тарихи-мәдени, шаруашылық аймақтары және этникалық, экологиялық, діни, сонымен қатар арнайыға кәсіби-іскерлік, конгрестік, оқу, қоғамдық, аң аулау шаруашылығы, фестивалдар және шопинг туризмі жатады.
Туристік жорықтарды өткізу орнына, қолданылатын транспорт құралдарынына және қозғалу түріне байланысты туризм төмендегідей топтарға бөлінеді;
1) транспорт құралдарын қажет етпейтін яғни оған туризмнің активті түрі жатады, олар жаяу, шаңғы, тау, альпинизм, су, су асты, спелео және т.б.
2) транспорт түрлерін қажет ететіндерге велосипед, ат, желкенді-қайық және тағы басқалары жатса, ал моторлы транспорт құралдарын қажет ететіндерге яғни туризмнің пассивті түріне әуе, автобус, автокөлік, темір жол, теңіз жолдары және т.б. жатқызамыз.
Аталғандардың ішінде активті туризм түрлері адам денсаулығы мен салауатты өмір салтын ұстану үшін қажетті туризм түрі болып табылады.
Туризм классификациясы ғылыми теориялық және практикалық жағынанда маңызды орын алады. Ол әлемдік туристік қозғалысты тереңірек түсініп білуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар туризм классификациясы жоғарыда аталғандармен тоқталып қана қоймайды. Қоғамдық қажеттіліктерге байланысты туризм классификациясының әліде жаңа түрлері пайда болары сөзсіз.
Туристік жиындар (слеттар) әдетте жұмыстан тыс және оқудан (сабақтан) тыс, бос уақытта: көктемде немесе жазда, табиғи көрікті аймақтарды, туризмді таныстыру, сонымен қатар көпшілік (массовый) туризмді дамыту, туристік жиындарды (слеттарды) өткізу жағдайындағы тәжірбие алмасу,сондай-ақ ең үздік туристік жұмысты таңдау мақсатында жүргізіледі.
Туристік жиындар көпшілік туризмнің негізгі жұмыс формасы. Туристік жиындарды өткізу орыны, әртүрлі спорттық жарыстарды және туристік жорықта кездесетін табиғи кедергілерден өту техникасын қолдана алатын және т.б. жерлерде өткізілуі тиіс.
Туристік жиындардың өту орнында үлкен көлемде костер орны дайындалады. Костер орнының шеті 60-80см ендікте қазылады. Алаңды ағаштардан 50м қашықтықта орналастырады, олай болмаған жағдайда орман өті қаупі туу мүмкін. Костер маңында отырған туристерді оттан сақтандыру шараларын жасаған жөн және оның маңына 3-4 тәжіребесі көп туристі кезекшілікке қою қажет.
Туристік жиындар барынша қызықтырып өткізген дұрыс. Егер туристік жиындар тек спорттық жарыстардан немесе қатысушылардың жұмыссыздығыннан тұратын болса, онда ол туристерді тез жалықтырып жіберуі мүмкін, қызығушылығын артыратын әртүрлі және жан-жақты етіп ұйымдастыру керек.
Туризм маңызы:
1. халықтың рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, күш-қуатын қалпына келтіру, шығармашылығына қайта шабыт беру, түсіңкі көңілін көтеріп, өмірге құштарлығын арттыру үшін істелген іс, т.б.) қанағаттандырады.
2. ол мол кіріс кіргізеді. Қазіргі кезде пайдалы қазбалар қоры жоқ көптеген мемлекеттер туризмді дамыту арқылы үлкен пайдаға кенеліп отыр.
3. ол рухани-мәдени дамуға, өнер мен ғылым-техникаға серпін беріп, инновацияға орай жаратады.
4. адамаралық қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеріп, интеграцияны тездетеді.
5. сол жер, сол халық, сол елді өзге ел мен халыққа танытып, шынайы жарнама жасайды.
Қазіргі туризм - бұл әлемдік экономиканың қүлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған бара бар шамамен 9 тонна тас көмір, немесе 15 тонна мұнай, немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды. . Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту -- ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.
Туризм мемелекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:
1. Шетел валютасының қүйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.
2. Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. ДТҰ мен Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа салаларда болатын 5-тен 9-ға дейін жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.
3. Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі
Қазіргі уақытқа дейін туризмге нақты классификация жасалынбаған, себебі, қазіргі туризмнің таза бір түрін, формасын бөліп көрсетуге мүмкін емес. Бірақ, классификация туризм мен оның инфрақұрылымның дамуын зерттеу үшін, белгілі бір туристік қызметтерге сұранысын анықтау үшін, сонымен қатар туризмнің материалдық-техникалық базасының дамуын жоспарлау үшін қажет.
Туризмді әр түрлі белгілеріне қарай классификациялауға болады: мақсатына қарай, саяхаттың мерзімі мен ұзақтығына қарай, қозғалу түріне, орналасу орнына, саяхатқа қатысушылардың құрамының сапасына және т. б. Бірақ, саяхаттың мақсаты - негізгі белгі болып табылады.
Туризм формасының кластардан айырмашылығы оның түрлері әр алуан болып табылады. Олар бірқатар факторларға байланысты:
- бос уақыттың пайда болуына және ұзақтығына;
- туристердің жасы мен жынысына, денсаулығы мен рухани дамуының деңгейіне, адамның жеке талғамы мен материалдық молшылығына;
- табиғи жағдай мен мезгілдің әртүрлілігіне;
- қозғалу тәсілдерінің пайда болуына және т.б.
және танымдық.
Демалысты дұрыс ұйымдастыру, оны өзіне тиімді пайдалану адам организмін жақсы шынықтырады. Өсіп келе жатқан жастар үшін спорттық және сауықтыру түрлерінің маңызы зор, онсыз жұмыс істейтін адамдардың қоғамдық және еңбек іскерлігін көтеру де мүмкін емес.
Жоғарыда айтылған түрлері арқылы туризмнің классификациясы құрастырылып жіктеледі.
Туристік ағымның бағыты бойынша, сонымен қатар құқық статусы бойынша туризм екі үлкен классқа бөлінеді: ішкі (ұлттық) және халықаралық (шетелдік). Ішкі туризм - бұл азаматтардың өз елінің ішіндегі саяхаты. Халықаралық туризм - бұл азаматтардың өз елінен тыс жердегі саяхаты, туристердің бір елден екінші елге немесе бірнеше елдерге сапарлары. Шетелдік туризм - бұл шетелдік азаматтардың туристік мақсаттармен басқа елге келуі.
Бұлай бөліну халықаралық туризмнің екі басқа түрімен тығыз байланысты - кіру және шығу, бұлар туристік ағымның бағыты арқылы айырмашылықта болады. Туристің саяхат жасау мақсаты оның шыққан елін немесе баратын елін анықтайды. Егер турист өз елінен туристік мақсатпен шықса - бұндай туризмді шығу туризмі дейді, ал баратын елі кіру туризмі деп аталынады.
1993 жылы ДТҰ-ның Оттавада өткен конференциясында туризмнің кейбір ұғымдары анықталды, жеке айтсақ жаңа ұғымдар қабылданды: ұлттық туризм және ел ішіндегі туризм. Ұлттық туризм ішкі және шығу туристік ағымдардан құрылады. Ел ішіндегі туризм - ішкі және кіру туристік ағымдарды қамтиды.
Ішкі туризм дегеніміз демалыс, спорттық, танымдық және басқа да мақсаттармен Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып басқа бір шетелдік елге барады. Кеденнен өту үшін туристік құжаттарды (паспорт, виза жасау) толтырып, валюта және медициналық бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы болып саналады.
Халықаралық туризмнің тағы да бір ерекшелігі - елдің төлем балансына тигізетін әсері. Шетелдік туристер қабылдаушы елдің бюджетіне валюта түсіреді. Сондықтан шетелдік туристердің келуін "белсенді" туризм деп атайды. Оған қарсы, туристердің шет елге кетуі ұлттық ақша мөлшерінің азаюуына әсерін тигізеді. Бұндай туризмді "белсенді емес" немесе пассивті дейді. Осындай едәуір айырмашылығына қарамастан, ішкі және халықаралық туризм бір-бірімен үнемі тығыз байланыста болады. Олар бүтін туризмнің екі бөлігі. Ішкі туризм халықаралық туризм дамуының негізін құрайды, ішкі туризмсіз халықаралық туризм дамымайды. Ішкі туризм халықаралық туризмнің катализаторы болып саналады. Ол жаңа рекреациялық ресурстар мен аудандарды игеруге, туристік инфрақұрылымның базасын құруға әсерін тигізеді, сондай-ақ бірте-бірте халықаралық туристік қозғалысқа, халықаралық туризм индустриясына енуге мүмкіндіктер туғызады.
Туризм классификациясының, оның саяхатқа шығу мақсаты бойынша бөлінуі осы уақытқа дейін көптеген пікірталастар тудыруда. Профессор Бернекер австриялық туризмологтың айтуынша Қанша авторлар бар, сонша анықтамалар ды пайда болады. Көп авторлар оның басты мәселесін бір ауыздан мақұлдайды және саяхатты мақсаты жағынан демалыс пен көңіл көтеру десе, басқа жағынан іскерлік туризм деп бөледі. Демалыс мен көңіл көтеру мақсатымен саяхаттар (рекреациялық туризм) туризм дамуының негізгі бағыты болып саналады.
Соңғы уақыттарда этникалық туризм де дамуда, яғни туысқандарына, таныстарына немесе ата-бабаларының туған жеріне қыдыруы; этникалық мақсатпен туристік сапарлар дүниежүзілік туристік ағымның 10% құрайды.
Іскерлік туризм - бұл жұмыс мақсатымен сапарға шығу, яғни съезге, ғылыми конгреске, конференцияға, симпозиумға, өндірістік семинарға және көрмелерге қатысу. Іскерлік туризм - бұл туризмнің ең перспективті саласы.
Туризмнің түрлері әр алуан белгілері бойынша классификацияланған. Ұйымдастыру жағына қарай туризм: а) ұйымдастырылған (жоспарлы); б) әуесқой (өз жоспары бойынша); в) ұйымдастырылмаған (жабайы) болып бөлінеді. Турфирмалар ұсынатын сапарларды ұйымдастырылған туризм деп атайды, себебі ұйымдастырылған туристер алдын ала белгіленген мезгіл мен маршрут бойынша турларды сатып алады.
Ұйымдастырылмағаннан айырмашылығы - әуесқой және жабайы туристер өздерінің саяхатын өзінше ұйымдастырады. Әуесқой туристердің жабайы туристерден айырмашылықтары болады. Әуесқой туристер туристік ұйымдармен байланысты жұмыс істейді. Жабайы туристер турфирмасыз, туристік ұйымдарсыз саяхаттайды.
Туризм жеке және топтық болып бөлінеді. Жеке бір адамның немесе бір жанұяның (бес адамға дейін) өздерінің жеке жоспары бойынша саяхатын жеке туризм дейді, бір топ адамның саяхатын (6-7 адамнан бастап) топтық туризм деп атайды. Топтық туризм, әдетте, қатысушылардың тілек-талаптарына сәйкес ұйымдастырылады. Бұл турлар архео-логиялық, мәдени-өнер және тарихи болуы мүмкін.
Жылжымалылық белгісіне қарай туризм стационарлық және көшпелі болып бөлінеді.
Су туризмінің серуендеу және спорттық түрлері дами түсті. Туризмнің бұл түріне кіретіндер: су-моторлы спорт, су-шаңғысы спорты, каноэда еспе, желкенді кеме спорты және т. б. Туризмнің бұл түрі суға түсу, жағажай туризмімен ұштасады және теңіз, көл, өзен жағасына орналасқан туристік кешен-дерде кең тараған.
Су астындағы аңдарды суретке түсіру, олардың өмірімен танысу мақсатын көздейтін су асты спорттық туризмі әйгілі болып келеді. Балық және аң аулау туризмі де барлығымызға таныс. Туризмнің сурет, кино, аң аулау түрлері оның таны-малдық түріне жатады. Шетел туризмінің ішіндегі ең қымбат түрі - аң аулау туризмі.
Соңғы жылдары тау шаңғысы туризмі жылдам дамуда. Арнайы тау шаңғысы курорттары салынуда. Альпинизм де туризмнің көпшілік түріне айналуда.
Сапардың ұзақтығына қарай туризм қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Адамдардың үш тәулікке дейін саяхатқа келуін қысқа мерзімді туризм дейді. Қысқа мерзімді сапар - туризмнің бұқаралық түрі болып саналады. Ұзақ мерзімді туризм (үш тәуліктен артық) каникул немесе ұзақ мерзімді демалыспен байланысты.
Саяхаттың ара қашықтығына қарай туризм жақын және алыс болып бөлінеді. Жақын саяхат өз елімізге, алыс саяхат шетелдерге бару деген сөз.
Туристік ағындардың ритмі бойынша туризм жылдық және мезгілдік болып бөлінеді. Жылдық дегеніміз жыл бойы туристік аудандарға саяхатқа, демалуға адамдардың барып тұруын айтады. Мезгілдік - ондай туристік жерге жылдың бір кезеңінде ғана баруы.
Туристік саяхаттың көрсетілген мақсатына қарай туризм келесідей бөлінеді: а) рекреациялық, б) экскурсиялық және в) арнайы туризм. Рекреациялық туризмге - емделу және сауықтыру үшін саяхат кіреді. Экскурсиялық туризм - табиғаты мен әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қызықты орындармен танысу мақсатымен саяхат, бұл бөтен аудандарға немесе елдерге саяхат жасау. Арнайы туризм - арнайы бағдарлама және маршрут бойынша саяхат.
Көлік қызметінің түріне қарай туризм автомобильмен, автобуспен, темір жолмен, теплоходпен саяхаттау болып бөлінеді. Дүниежүзіндегі жолаушыларды тасудың басым бөлігі автомобиль көлігінің үлесіне тиеді. Батыс Еуропада туристердің 70%-ы өз көліктерімен саяхаттайды, АҚШ-та бұл көрсеткіш 90% құрайды.
Соңғы 20 жылда круизді туризм шапшаң дамуда. Круиз - бұл теңіз саяхаты, жабық бір шеңбермен, белгілі бір маршрутпен көрікті, көңіл толарлық жерлерге тоқтап саяхат жасау. Круиздік саяхатта бірінші орында - Нью-Йорк порты. Круиздік туризммен айналысатын елдер - Англия, Норвегия, Греция, Италия, Франция, АҚШ.
Алғашында барлық туристік іс-әрекет коммерциялық түрде болса, онан түсетін кіріс туристік мекемелердің жұмысының басты нәтижесі болды. Бірте-бірте коммер-циялық туризмге қарсы әлеуметтік туризм деген түсінік пайда болды. Әлеуметтік туризм жүйесі тұтынушыларға ғана емес, туристік мекемелерге де өте тиімді. Сонымен, әлеуметтік туризм - бұл ақшалары аз адамдардың пайдаланатын туризмі, оларды мемлекет және мемлекетке жатпайтын құрылымдар қолдайды.
Қысқа уақыттық табиғатта уик-эндте демалудан бастап табиғи жаратылыс тақырыбына ғылыми зерттеулер жүргізуге дейін экологиялық туризм туристік ағымдарды әр түрлі мақсаттармен қамти береді.
Діни туризм бүгінгі күні айтарлықтай ауқымды көлемге жетіп отыр. Мұсылмандардың ең басты қасиетті "хаджа" орталығы - Сауд Аравиясындағы Мекке қаласы. Құдайға табынушы католиктер папа Римскийге Ватиканға барады. Туристік діни маршруттарды анықтайтын әр елде өзінің ұлттық діни орталықтары бар.
Сонымен, туризм классификациясының ғылыми және практикалық маңызы бар, ол білгеніңді реттеуге және дүниежүзілік туризм қозғалысын терең біліп-түсінуге әсерін тигізеді.
2 Туризмнің экономикалық мәні
Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүние жүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz