Кезегіне 40 дана тондық қой терісін өңдіретін цехті жобалау


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

« » факультеті

« » кафедрасы

Курстық жұмыс

Пән: Менеджментті ұйымдастыру және жобалау

Тақырыбы: Кезегіне 40 дана тондық қой терісін өңдіретін цехті жобалау

Студент: Даулетұлы Қуаныш Топ: ТК - 321

Қолы : Күні:

Жетекші: Ғабдуллина Л. Б. Қолы:

Баға:

Семей 2016

МАЗМҰНЫ

Кiрiспе

1. Жоспарланатын саланың қазіргі жағдайын қысқаша сипаттау

2. Өндiрiстiк бағдарламаны құрастыру және дәлелдеу

3. Материалдық-техникалық жабдықтау жоспарын құрастыру

4. Кадрлар және еңбек ақы төлеу жоспарын құрастыру

5. Өнiмнiң өзiндiк құнын жоспарлау. Бағаның жасалуы

6. Қаржы жоспары. Инвестиция тиiмдiлiгiн есептеу

Қорытынды

Қолданған әдебиеттер тiзiмi

Кіріспе

Нарықтық экономикада кәсіпкерлер егер өз қызметін дұрыс және тиімді жобалап, мақсатты нарық жағдайларын, сондай-ақ бәсекелестер жағдайы жөніндегі ақпараттарды үнемі жинақтай отырып, өз болашағы мен мүмкіндіктерін ашық айқындай алмаса тұрақты жетістіктерге қол жеткізе алмасы анық.

Көптеген кәсіпорындар бүгінгі таңда арнайы қабылданған жоспарсыз жұмыс істеуде. Жаңа ашылған кәсіпорындардың басшыларының жұмыс бастылығы соншалықты, олардың тіптен жоспарлаумен шұғылдануға көп уақытты алудың қажеттілігі шамалы деп, экономикалық жағдайы аяқ асты өзгеріп жататындықтан үнемі бірінші алынған әрекет жобаларына өзгертулер мен қосымшалар енгізіліп жатуға бара бермейді. Жетілген кәсіпорын басшылары олардың осы күнге дейін формальді жоспарлаусыз-ақ жұмыс істегендерін мәлімдейді, олардың айтарлықтай маңыздылығының жоқтығын көрсетеді. Ол жоспарды жазбаша түрде әзірлеуге уақыт жоғалтқылары келмейді. Олардың айтуынша, нарықтағы жағдай күрт өзгереді, сол себепті құрылған жоспардан пайданың келіп-кетері жоқ, оны ойда сақтап тұруға болады деп есептейді. Міне, осындай және басқа да себепер салдарынан көптеген кәсіпорындардың өзіндік формальді жоспары жоқ. Осы формальді жоспарлау біршама мөлшерде пайда әкелетіні сөзсіз. Пайданы келесідей:

  • Кәсіпорын басшысына алдағы уақытты ойлауға көмектеседі;
  • Кәсіпорынның қолға алған іс-әрекеттерін анық үйлестіруге жағдай жасайды;
  • Іс-әрекеттердің мақсатты көрсеткіш жүйелерін жасап, оны кейіннен бақылауға мүмкіндік береді;
  • Кәсіпорын аяқ астынан болып қалатын нарықтық өзгерістерге дайындайды;
  • Барлық лауазымды адамдардың міндетті жұмыстарын өзара байланыстырады.

Маңызды мәселелердің бірі бұл инвестицияны тарту, соның ішінде шет ел инвестицияларын ағымдағы және дамушы кәсіпорындарға тарту. Бұл үшін инвестицияны талап ету жоба безендірілуін негіздеп, дәлелдеу қажет. Осы және басқа да мақсаттар үшін бизнес-жоспар қолданылады.

Дегенмен, тәжірибеде барлық кәсіпорындар инвестицияларды тартудың себебі өзінің жаңа тауар шығару үшін әдетте қаржысы жетпейді - кредит алуына тура келеді.

Менің курстық жұмысымның мақсаты кезегіне 40 дана тондық қой терісін өңдіретін цехті жобалау. Әр кәсіпкер өз қызметін бастамас бұрын қаржылық, материалдық, еңбек және интеллектуалды ресурстардағы перспективаларға қойылатын талаптарды, олардың алыну көздерін нақты, әрі анық біліп, кәсіпорын жұмыс процесінде ресурстарды қолдану тиімділігін дәл есептей алуы тиіс.

1. Жоспарланатын саланың қазіргі жағдайын қысқаша сипаттама

Берілген жұмыста тоңдық қой терісін өңдіретін цехты құру және іске қосу бизнес жоспары қарастырылып отыр. 2015 жылғы 1 мамырдағы жай-күйі бойынша Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінде 1534 кәсіпорын тіркелген , олардың ішінде, 20- ірі, 35 - орта және 1479 шағын кәсіпорын. Кәсіпорындардың ең көп саны (874) киім өндірісі бөлігінде шоғырланған, 476 кәсіпорын тоқыма бұйымдарын және 184 кәсіпорын былғары және оған қатысты өнімді шығарумен айналысады. Жеңіл өнеркәсіптегі ірі кәсіпорындардың жартысы (9) Оңтүстік Қазақстанда орналасқан. Бұл, бірінші кезекте, шикізат нарығының жақын орналасуына және еңбек ресурстарының болуына байланысты.

Тіркелген кәсіпорындардың жалпы санынан тек 58%-ы ғана жұмыс істеп тұр . Жеңіл өнеркәсіптің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санының 90%-ын шағын кәсіпорындар құрайды. Аталмыш үрдіс соңғы 7 жыл бойы сақталып келеді. Ірі бизнес нарықтағы тербелістерге өте тұрақты, ал шағын бизнес, бұған дейін айтылғандай, ол жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жалпы санының 90%-ын құрайды, бағасы жағынан, оның ішінде, ҚР және өзге де елдерге жеңіл өнеркәсіп өнімдерін импорттайтын шетелдік компаниялармен де бәсекеге шыдай алмайды. Өңдеу өнеркәсібінің құрылымындағы жеңіл өнеркәсіп үлесі 1, 1 %-ды құрады.

Өндіріс көлемі:

Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2014 жылы 2008 жылмен салыстырғанда, 2, 4 есе артты .

2014 жылы 2008 жылмен салыстырғанда, өндірістің айтарлықтай өсімі өнімнің мынандай түрлері бойынша байқалады:

- бас киімдер - 3, 6 есе;

- ІҚМ терісінен немесе жылқы терісінен былғары - 3, 5 есе;

- дайын тоқыма бұйымдар - 1, 5 есе .

2015 жылғы қаңтар-сәуір айларында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, сала өнімінің өндіріс көлемі номиналды түрде 0, 8% өсті және 21, 3 млрд. теңгені құрады, оның ішінде:

- жалпы көлемнен 11, 9 млрд. теңге немесе 56% тоқыма бұйымдар өндірісіне;

- 7, 9 млрд. теңге немесе 37% - киім өндірісіне;

- 1, 4 млрд. теңге, жалпы көлемнің бар-жоғы 6, 6%-ын ғана құрайтын - былғары және оған қатысты өнім өндірісіне тиесілі.
Қазақстанның жеңіл өнеркәсібін физикалық көлем индексі (бұдан әрі - ФКИ) серпіні 2010 жылдан бастап тұрақсыз үрдіс сипатына ие болды. Осылайша, тоқыма өнеркәсібінің ФКИ алдыңғы жылға қатынасы бойынша 2011 және 2013 жылдары қысқарды, 2010, 2012 және 2014 жылдары өсті. Былғары, былғарыдан жасалған бұйымдар, аяқ киім өндірісінің ФКИ алдыңғы жылға қатынасы бойынша 2010 және 2013 жылдары қысқарды, өсуі - 2011, 2012 және 2014 жылдары. Тұрақты өсімді соңғы 6 жыл ішінде киім өндірісі көрсетті.

2. Өндiрiстiк бағдарламаны құрастыру

Берілген жұмыста тоңдық қой терісін өңдіретін цехты құру және іске қосу бизнес жоспары қарастырылып отыр. Бұл өндірістің қуаты - ауысым ішінде 40 дана тоңдық қой терісін өңдіретін цехты жобалау. Жоспарланатын өндірісте келесі өнім түрлері қолданылмақ (кесте 1) . Жыл ішінде 300 ауысым болады деп жоспарланады.

Кесте 1 - Өнім түрлері және жылдық көлемі (мың дана)
Кесте 1 - Өнім түрлері және жылдық көлемі (мың дана): Далалық қой терісі
7
50
Кесте 1 - Өнім түрлері және жылдық көлемі (мың дана): Орыстық қой терісі
3, 5
25
Кесте 1 - Өнім түрлері және жылдық көлемі (мың дана): Романдық қой терісі
3, 5
25
Кесте 1 - Өнім түрлері және жылдық көлемі (мың дана): барлығы
14
100

Жаңа жасанды материалдардың пайда болуына қарамастан, табиға тері мен жүн өзінің әдемілігін жоғалтпай, керісінше табиғи материалдан жасалынған өнімдерге қызығушылықтарын арттырды. Инновациялық технологиялар тері мен жүннен жасалынған тоңдарға жаңа түрде енуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда Қазақстандағы өнеркәсіп орындарының негізі шикізат секторы болып табылады, мемлекеттің экономикасын, яғни экспортталушы шикізаттардың сұранысы мен баға деңгейін сыртқы жағдайдан тәуелді етеді. Мал шаруашылығы негізінде жеке аулаларда мал басының бытырап орналасуымен және мал шаруашылығы өнімі мерзімдік болып сипатталады. Мал басының - 98 % (ІҚМ шартты басына қайта санағанда) халықтың шаруашылығында орналасқан, малдың 1% ауыл шаруашылығанда орналасқан және 1% - фермерлік шаруашылықта. Берілген ситуация селекция нәтижесіне жетуге, үдемелі технологияны ұста және малдарды азықтандыруға қиыншылық тудырады.

Елдің бәсекелестік басымдығына жүргізілген талдау қорытындылары бойынша тоңдық қой терісін өңдіру барынша перспективті кластердің бірі ретінде анықталды.

Қазақстанның тоқыма өнеркәсібінің өндіріс кезіндегі шығындардың барынша төмендігін, шикізатқа және шығарылатын өнімді өткізудің әлеуетті нарықтарына жақындықты, тартымды әлеуетті ахуалды, дамыған көлік инфрақұрылымын ескере келе саланың жемісті дамуы үшін үлкен әлеуеті бар. Қазақстанның тоқыма индустриясын дамыту үшін нарықтық мүмкіндіктерінің ауқымы жоғары.

Жоспарланған цехтың басты мақсаты нарыққа ену және кейіннен онда орнығу болып табылады.

Жылжудың негізгі әдісі ретінде қызығушы нысаналы топтарға тікелей жарнаманы пайдалану қажет. Бұл үшін мынаны қолдануға болады:

- цех туралы жарнама материалдарын және оның өнімі туралы жарнамалық-техникалық құжаттарды тарату;

- тендерлерде, атап айтқанда мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер өткізетін тендерлерге қатысу;

- тегін интернет-ресурстарда кәсіпорын туралы ақпараттар орналастыру, тегін хабарландырулар беру.

Кәсіпорында өнімді өткізуді ұйымдастыруды мынадай қағидаттарды ескере отырып жүзеге асыру ұсынылады:

1. Бәсекеге қабілеттіліктің тұрақты мониторингі және оны жетілдіру жұмысы;

2. Сұранысты қалыптастыру және өткізуге ынталандыру, имидж қалыптастыру және тұрақты клиенттерді бекіту бойынша шаралар кешенін қолдану.

Сұранысты қалыптастыруды және өткізуге ынталандыруды мынадай сәттерді ескере келе жүргізу жоспарлануда:

- Басқалармен салыстырғанда барынша төмен баға деңгейі;

- Білікті құрам;

- Заманауи жабдық;

- Тоң тігуге арналған терілер жеткізу тендерлеріне қатысу;

- Сұранысқа ынталандыру бағдарламасын іске асыру.

Штатта цехқа келетін клиенттерге қызмет көрсететін сатушы қарастырылған. Кәсіпорынның жоспарында - көтерме сатушыларды ынтымақтаса жұмыс істеуге тарту.

Тондық қой терісін қылшық жүнді қой малдарын сойған кезде алады. Қой терісінің жылулық қасиеті оның шел қабатының тығыздығы мен мықтылығына, мех ұзындығы мен қоюлығына, түбіт пен қылшық арақатынасына байланысты. Жеңілдігі шел қабатының жіңішкелігіне, жүн жіңішкелігіне, мехтың оптималды тығыздығы мен ұзындығына, шайырдың аз түзілуіне негізделген.

Топтық жіңішкелігіне қой терісін үш түрге бөледі: романдық, орыс және далалық. . Романдық қой терісін романдық қой тұқымынан өндіреді; орыс қой терісін - құйрықты және елтіріні қой тұқымынан басқа барлық қылшық жүнді қой тұқымынан ал далалық қой терісін - құйрықты және елтірі қой тұқымдарынан алады.

Тондық - орыс қой терісі. Жүн жабыны әркелкі, көбінесе толқынды, тұлымды құрылымды. Өлі және құрғақ талшықтар кездеседі. Жүн ұзындығы 1, 5 см -ден жоғары.

Тондық - далалық қой терісі. Жүн жабыны тұлымды құрылымды, түбіт және қылшық талшықтарынан тұрады. Жүн ұзындығы 1, 5 см-ден жоғары. Далалық қой терісін қылшық жүнді құйрықты қойлар мен ересек қаракөл қойларынан өндіреді. Қой терісін жүн жабынының ұзындығына байланысты:жүнді, жартылай жүнді және төмен жүнді деп жіктейді. Мехтық қой терісі жүнінің ұзындығы 0, 5 см-ден төмен болса, голякқа жатқызады, яғни стандартқа сай емес тондық қой терілерінің жүн ұзындығы шерсти 1, 5 см және одан төмен болса, былғары шикізатына жатқызылады.

Тондық және мехтық қой терілерін сорттау кезінде алдын ала оларды жүн жабынының биіктігіне байланысты топтарға бөлінеді. Мех ұзындығын штапель немесе тұлымның жазылған күйінде, қой терісінің бір жақ бөлігінен өлшейді. Тері аумағынан оның ұзындығы мен енін өлшеп, алынған мәліметті көбейту арқылы анықтап, квадрат диаметрмен көрсетеді. Ақаулары үшін шартты бірліктер бекітілген.

Қой терісі партиясының өлшемін сондай-ақ терілердің жалпы ауданының, олардың жүнділігінің, қалбырлау әдісінің есебімен белгілейді.

Шикізаттың өндірістік партиясын терілердің нақты түрін өңдеудің істегі технологиясының талаптарына сәйкес жинақтайды. Сақтауға арналған терілерді жинау алдында өндірістік партияны жинақтауға жол беріледі. Шикізаттың жинақталған өндірістік партиясын өңдеуге жіберудің алдында өлшейді.

Өндірістік партияның көлемі және оны құратын терілердің сапалық сипаты туралы мәліметтердің негзінде шикізатты жіберуге жөнелтпе құжатты және өндірістік төл құжатты рәсімдейді. Партияның сапасы мен көлемі туралы мәліметтерді шикізат шығынының ведомосіне және шикізат қозғалысын есептеу карточкасына енгізеді.

Шикізат дайындау цехінің бөлмесінде жинақталған терілердің өндірістік партиясын, терілерді өңдеудің істегі технология талаптарына және шикізат партиясының техникалық құжаттама мәліметтеріне, таңбалауға терілерде дәйекті сапасының сәйкестігін тексере отырып, шикізатты бояу өндірісінің өкілі саны және сапасы бойынша қабылдайды.

Сапасы бойынша қабылдау тұтастай немесе іріктей бақылау жолымен жүргізілуі мүмкін.

Қабыл дауға ұсынылатын өндірістік партияға партияның көлемінен ауытқуларға жол берілуі, %, артық емес;

  • Өлшемді бойынша, ауданы бойынша 2;
  • Сұрыптылығы бойынша (аралас сұрыптауға) 5;
  • Ақаулардың тобы бойынша 2;
  • Кряжалар бойынша 3;
  • Түсі бойынша 5;
  • Тері ұлпасының қалыңдығы бойынша 5.

Айырмалардың жалпы қосындысы партияның құнынан 0, 5% аспауы керек. Іріктеуге терілерді жүйелеу әдісімен алады: біріншісі -алғашқы 10 теріден туынды ерікті, кейінгілері - әр бір он теріден кейін. Егер іріктеуде терілер сапасын тексеру барысында табылған ауытқулардың саны белгіленген рұқсаттардан аспаса, партия шығару құжаттары бойынша қабылдануы мүмкін. Өңдеу үдерістерінің сызбалары келесі операциялардан тұрады:

Үздікті әдіс сулау, шелдеу, пикелдеу, илеу, майлау, кептіру, жаю, әрлеу операциялары, бояу алдындағы дайындық операциялары, бояу, шаю, кептіру, жаю, жүнді жабынды мен тері ткані бойынша әрлеу операциялары;

Үздіксіз әдіс сулау, шелдеу, пикелдеу, илеу, бояу алдындағы дайындық жұмыстары, бояу, шаю, тұздау немесе майлау, кептіру, жаю, жүнді жабынды мен тері тканін әрлеу операциялары.

Үздіксіз әдісті қой терісін, мерлушканы және тондық қой терісін өңдеу үшін қолданады.

Тондық қой терісі үздіксіз әдіс бойынша шығарылады. Тері тканінің әрлеу операцияларына ерекше көңіл бөлінеді, өйткені тондық қой терісі көбірек тығыз және майланған тері ұлпасына ие. Өңдеу технологиясына келесі операциялар кіреді: сулау, жүнді жабындыны майсыздандыру, шелдеу, пикелдеу, илеу, майлау, дымқыл ажарлау, бейтараптандыру, ашыту кептіру, тері ұлпасын майсыздандыру, жүнді жабынды мен тері ұлпасын әрлеу операциялары.

Құрылатын кәсіпорынның негізгі басымдықтары:

- Киім тігу үшін сапалы шикізатты пайдалану есебінен шығарылатын өнімнің сапасы;

- Орынды баға, тұрақты клиенттер үшін жеңілдіктер;

- Кәсіпорын құрамының кәсіби шеберлігі.

Өнімді өткізу мәселесін шешу үшін арнайы маркетингтік іс-шаралар жүргізілмек. Оларға кеткен шығындар келесі кестеден көруге болады (кесте 2) .

Кесте 2-Инвестициялар есебі
Кесте 2-Инвестициялар есебі: Инвестиция құны
Үлесі
Құны
Кесте 2-Инвестициялар есебі: %
м. тг
Кесте 2-Инвестициялар есебі: Технологиялық жабдықтар
Кесте 2-Инвестициялар есебі: мен машиналар
30, 0
7529
Кесте 2-Инвестициялар есебі: Транспорт құралдары
10, 0
2510
Кесте 2-Инвестициялар есебі: Өндірістік аудан
20, 0
5019
Кесте 2-Инвестициялар есебі: Әкімшілік ғимарат
5, 0
1255
Кесте 2-Инвестициялар есебі: Құрлыстар
15, 0
3764
Кесте 2-Инвестициялар есебі: Күш машиналары
15, 0
3764
Кесте 2-Инвестициялар есебі: Жиһаз және басқа қорлар
5, 0
1255
Кесте 2-Инвестициялар есебі: Барлығы
100
25095

3. Материалдық-техникалық жабдықтау жоспарын құрастыру

Бұл бөлімнің басты мақсаты - барлық өндірістік процестің жақсылап ойластырылғаны, заңды тұлғаны дамытудың негізделген жоспары барлығы, қойылған мақсаттарға жету стратегиясының барлығы туралы сендірерлік дәлелдер келтіру. Бірақ инвестордың көңілін бөліп, оның қызығушылығын азайтатын тым жан-жақты ақпарат бермеу керек, нақты технологиялар, жабдықтар және басқалар туралы көлемді деректер беру керек.

Негізгі қорлар дегеніміз ұзақ кезең бойына қызмет ететін материалдық-заттай құндылықтардың жиынтығы; олар өндіріске қызмет көрсете отырып, өзінің табиғи-заттай нысанын сақтайды, өз құнының бір бөлігін жаңадан жасалған өнім мен көрсетілген қызметтерге көшіреді.

Негізгі қордың екі түрі болады: өндірістік негізгі қорлар және бейөндірістік негізгі қорлар.

Материалдық өндіріс саласында жұмыс істейтін негізгі қорлар - өндірістік негізгі қорлар деп, өндірістік емес салада жұмыс істейтін негізгі қорлар - өндірістік емес негізгі қорлар (тұрғын үйлер, мәдениет, спорт мекемелер, бала-бақшалар, емдеу орындары және басқа да кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер) деп аталады.

Негізгі қорлар - ұлттық байлықтың маңызды бөлігі болып табылады және олардың құрамы мен құрылымын анықтау үшін негізгі қорлардың сыныптамасын жасау қажет. Негізгі қорлар натуралдық және ақшалай түрде өлшенеді. Қолдану мақсаттарына қарай негізгі қорлардың түрлері:

  1. Ғимараттар (цехтар, қоймалар және т. б) .
  2. Құрылыстар (көпір, тоннель, жолдар, т. б) .
  3. Тасымалдау қондырғылары (құбырлар, электр тоғын тасымалдау желілері) .
  4. Машиналар мен жабдықтар:

а) күш машиналары және жабдықтары;

б) жұмыс машиналары мен жабдықтары;

в) өлшеу және реттеу аспаптары;

г) есептегіш техника;

5. Көлік құралдары.

6. Құрал-сайман, қызмет ету мерзімі бір жылдан жоғары болатын басқа да құрал-саймандар.

7. Шаруашылық және өндірістік жиһаздар.

8. Көпжылдық өсімдіктер.

9. Жұмысшы және өнім беретін мал.

10. Жер құнарлылығын өсіруге қажетті күрделі шығындар.

11. Басқа да қорлар (кітапханалық қор) .

Негізгі өндірістік қорлар құрылымына мынадай факторлар әсер етеді: шығарылатын өнім түрі, оның жалпы көлемі, автоматтандыру және , мамандандыру және бірлестіру деңгейі, кәсіпорын орналасуының климаттық және географиялық орналасуы және т. б.

Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:

Бірінші топ көрсеткіштеріне құралдарды экстенсивті қолдану құралдардың сменалық жұмыс жасау коэффициенті, құралдардың толық пайдалану коэффициенті жатады; яғни бұл көрсеткіштер құралдарды уақыт мөлшерінде қолдану деңгейін көрсетеді.

Екінші топ қорларды жедел түрде қолдану көрсеткіші негізгі қорлардың нақты өнімділігін, оның нормативтік өнімділігіне бөлу арқылы анықталады:

К инт ф н

Құралдарды интегралды қолдану коэффициенті құралдарды интенсивті және экстенсивті қолдану коэффициенттеріне көбейту арқылы анықталады және құралдардың уақыт бойынша және өнімділігі бойынша қолданылуын сипаттайды.

Жоспарланған кәсiпорынның негiзгi өндiрiстiк қорларының мөлшерін анықтау. НӨҚ жалпы құнын табу үшін келесі әдістеме қолданады. Шығарылатын өнiмнiң көлемдерi және олардың орташа нарықтық бағаларының негiзiнде, кәсiпорынның анықталады: ТПп=

мұндағы: ТПп - болжам бойынша тауарлық өнім, м. тг

В - өнделетін өнiм көлемi, т., дана

Ц - өнiм бiрлiгiнің орташа нарықтық бағасы, м. тг.

Тауарлық өнiмдi анықтағаннан кейiн, НӨҚ бағасы одан процент бойынша есептеледi.

Ет өндiрісi үшiн -25%, шұжық және консервiлiк өндiрiс үшiн -30%, сүт және тері, былғары өңдеу өндiрiсi үшiн 30-35%. НӨҚ құрамы бойынша есептеулер келесі құрылымдар бойынша жүргізіледі.

Шикізат, материалдар, отын, энергия - бұлар еңбек затына жатады, яғни олар еңбек құралы мен адам еңбегінің әсеріне тап болып, нәтижесінде адамның өндірістік және жеке қажеттілігін өтеу үшін өздерінің түрлерімен қасиеттерін өзгертеді. Бұл ресурстар өнеркәсіптің материалдық-техникалық базасының заттық элементтері болып табылады. Олар айналым қорларының құрамына кіріп, толығымен өз құнын дайын өнімге береді.

Еңбек заты ретінде шикізат пен отын-энергетикалық болып пайдаланылатын барлық материалдық ресурстар шартты түрде екіге бөлінеді.

Шикізат ресурстары әртүрлі өндірістік өнімдерін шығару үшін пайдаланылған еңбек заттарының түрі ретінде болып келеді. Өңделмеген шикізат деген жерден қазып алынған немесе өңделген және соның нәтижесінде белгілі бір өзгерістерге ұшыраған еңбек заттарын атайды.

Көмекші материалдар дайын өнім құрамына кірмейді, бірақ оның түзілуіне әсер етеді. Отын және энергия өзінің экономикалық ерекшелігіне байланысты көмекші материалдарға ресурстардың жеке тобына жатады.

Көмекші материалдарға кететін шығындар келесi формуламен анықталады:

Зк. м = В * Нр * Ц

мұндағы В - шығарылатын дайын өнім көлемi; Нр - өнiм бiрлiгi үшiн көмекші материалдардың шығындалу нормасы; Ц - көмекші материалдар бiрлiгiнiң бағасы.

Экономикалық тұрғыдан қарағанда халық шаруашылығына пайдаланатын шикізаттың барлық түрі ең үлкен екі топқа бөлінеді:

  1. Өндірістік шикізат -бұл өндірістен алынады және көбінесе саланың ауыр өнеркәсібінде қолданылады.
  2. Ауыл шаруашылық шикізатты - ауыл шаруашылық саласында өндіріп, негізінен жеңіл тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады.

Өнеркәсіпте өңделген өнімдер мен шикізаттың сапасы өңдеудің экономикасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Олар төменде көрсетілгендей сараланады:

  • Өндіріс үрдісінде аттарын рөлі бойынша : негізгі, көмекші, қосымша;
  • Экономикалық нысаны бойынша: еңбек заты, дайын өнім;
  • Алу әдісі бойынша: өндірістік, ауыл шаруашылық;
  • Шыққан тегі бойынша: мал, өсімдік, кен қазынасы;
  • Өндіріс уақыты бойынша: маусымдық және маусымдық емес;
  • Өңдеу әдісі бойынша: алғашқ және қайталама (қалдықтар, көмекші өнімдер) .

Пайдалану дәрежесіне қарай ресурстар негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгі шикізатқа жаңа дайындаған өнімнің материалдық негізін құрайтын еңбек заттары жатады. Дайын өнімді дайындауға мүмкіндік жасайтын бұйымдар көмекші шикізатқа жатады. Шикізат кей уақытта негізгі материал болып табылып, ал одан басқа уақытта көмекші материалдың қызметін атқаруы ықтимал. Әр түрлі өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша шығындар тікелей және жанама шығындар деп бөлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық өнімдерінің нарықтық жағдайы
Жүн шикізатының тауартануы
Мех өңдеу технологиясы оқу құралы
Көктемгі шикі мех, шикізат түрлері. Жіктелуі. Мехтық, тоңдық қой терілері, олардың қасиеттері, сорттауы
Жоспарланатын саланың қазіргі жағдайына қысқаша сипаттама
Қаракөл қой өнімдерін өндіру және алғашқы өңдеудің тиімді технологиясының ғылыми негіздері
«Асыл тұқымды көк түсті қаракөл қой шаруашылығында жұптау түріне байланысты селекциялық белгілерінің көрсеткіші»
Биязылау қой жүні
Былғары және мехтың сапасы мен оны басқару
Мал терісінің түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz