Жылына қуаты 30 млн дм2 ірі қара мал терісінен аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған былғары өңдіретін зауытты жобалау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
« » факультеті
« » кафедрасы
Курстық жұмыс
Пән: Менеджментті ұйымдастыру және жобалау
Тақырыбы: жылына қуаты 30 млн дм2 ірі қара мал терісінен аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған былғары өңдіретін зауытты жобалау
Студент: Топ: ТК - 321
Қолы : Күні:
Жетекші: Ғабдуллина Л. Б. Қолы:
Баға:
Семей 2016
МАЗМҰНЫ
Кiрiспе
1. Жоспарланатын саланың қазіргі жағдайын қысқаша сипаттау
2. Өндiрiстiк бағдарламаны құрастыру және дәлелдеу
3. Материалдық-техникалық жабдықтау жоспарын құрастыру
4. Кадрлар және еңбек ақы төлеу жоспарын құрастыру
5. Өнiмнiң өзiндiк құнын жоспарлау. Бағаның жасалуы
6. Қаржы жоспары. Инвестиция тиiмдiлiгiн есептеу
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер тiзiмi
Кіріспе
Көптеген кәсіпорындар бүгінгі таңда арнайы қабылданған жоспарсыз жұмыс істеуде. Жаңа ашылған кәсіпорындардың басшыларының жұмыс бастылығы соншалықты, олардың тіптен жоспарлаумен шұғылдануға көп уақытты алудың қажеттілігі шамалы деп, экономикалық жағдайы аяқ асты өзгеріп жататындықтан үнемі бірінші алынған әрекет жобаларына өзгертулер мен қосымшалар енгізіліп жатуға бара бермейді. Жетілген кәсіпорын басшылары олардың осы күнге дейін формальді жоспарлаусыз-ақ жұмыс істегендерін мәлімдейді, олардың айтарлықтай маңыздылығының жоқтығын көрсетеді. Ол жоспарды жазбаша түрде әзірлеуге уақыт жоғалтқылары келмейді. Олардың айтуынша, нарықтағы жағдай күрт өзгереді, сол себепті құрылған жоспардан пайданың келіп-кетері жоқ, оны ойда сақтап тұруға болады деп есептейді. Міне, осындай және басқа да себепер салдарынан көптеген кәсіпорындардың өзіндік формальді жоспары жоқ. Осы формальді жоспарлау біршама мөлшерде пайда әкелетіні сөзсіз. Пайданы келесідей:
- Кәсіпорын басшысына алдағы уақытты ойлауға көмектеседі;
- Кәсіпорынның қолға алған іс-әрекеттерін анық үйлестіруге жағдай жасайды;
- Іс-әрекеттердің мақсатты көрсеткіш жүйелерін жасап, оны кейіннен бақылауға мүмкіндік береді;
- Кәсіпорын аяқ астынан болып қалатын нарықтық өзгерістерге дайындайды;
- Барлық лауазымды адамдардың міндетті жұмыстарын өзара байланыстырады.
Маңызды мәселелердің бірі бұл инвестицияны тарту, соның ішінде шет ел инвестицияларын ағымдағы және дамушы кәсіпорындарға тарту. Бұл үшін инвестицияны талап ету жоба безендірілуін негіздеп, дәлелдеу қажет. Осы және басқа да мақсаттар үшін бизнес-жоспар қолданылады.
Дегенмен, тәжірибеде барлық кәсіпорындар инвестицияларды тартудың себебі өзінің жаңа тауар шығару үшін әдетте қаржысы жетпейді - кредит алуына тура келеді.
Менің курстық жұмысымның мақсаты жылына қуаты 30 млн дм2 ІҚМ терісінен аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған былғары өңдіретін зауытты жобалау жобалау. Әр кәсіпкер өз қызметін бастамас бұрын қаржылық, материалдық, еңбек және интеллектуалды ресурстардағы перспективаларға қойылатын талаптарды, олардың алыну көздерін нақты, әрі анық біліп, кәсіпорын жұмыс процесінде ресурстарды қолдану тиімділігін дәл есептей алуы тиіс.
1. Жоспарланатын саланың қазіргі жағдайын қысқаша сипаттама
Берілген жұмыста жылына қуаты 30 млн дм2 ІҚМ терісінен аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған былғары өңдіретін зауытты жобалау бизнес жопары қарастырылып отыр. Былғары аяқкиім өнеркәсібі - жеңіл өнеркәсіптің бір саласы. Қазақстанда Былғары аяқкиім өнеркәсібі ертеден дамыған. Ісмерлер былғары аяқкиімдерді өздері тіккен. Теріні қолдан илеп, оның жеткілікті шикізат қорын жасап отырған. Кейінірек былғары шығаратын зауыттар іске қосыла бастады. 19 ғ-дың басында Петропавл қаласында, сол ғасырдың аяғында Семей қаласында сиыр, қой терілерін илеп, аяқкиім тігетін арнаулы кәсіпорындар ашылды. 1941 - 65 ж. Жамбыл, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында былғары шығаратын зауыттар салынды. Ұлы Отан соғысы қарсаңында республикада Семейбылғары комбинаты, Петропавл хром зауыты және Алматы тері-қайыс бұйымдары кәсіпорындары жұмыс істеді. Соғыс жылдары көшіріліп әкелінген былғары зауыттарының жабдықтары негізінде Жамбыл, Қызылорда және Петропавл қаласыларында жаңа кәсіпорындар құрылып, Былғары аяқкиім өнеркәсібі жеке сала ретінде қалыптаса бастады. Қазіргі уақытта (1999) аяқкиім фабрикалары Алматыда, Қостанайда, Қызылордада, Семейде орналасқан. Олар жылына шамамен 14 млн-ға жуық былғары аяқкиім өнімін шығарып келеді. Алматы қаласындағы “Жетісу” былғары аяқкиім тігу фабрикасы жылына 2 - 3 млн. жұп аяқкиім өндіреді. Қостанай былғары аяқкиім фабрикасы 1942 ж. Симферополь қаласынан көшірілген былғары аяқкиім комбинат негізінде құрылған. 1980 - 85 жылдары ол жылына 2, 5 - 3, 0 млн. жұп аяқкиім шығарды. Қазіргі кезде оның өндірістік қуаты толықтай пайдаланылмағандықтан, бұл көрсеткіш 1, 2 млн. жұпқа дейін төмендеді (1997) . Қызылорда былғары аяқкиім фабрикасы 1943 ж. Мәскеу қаласынан көшірілген “Париж коммунасы” фабрикасының жабдықтары негізінде құрылған. Ол ұзақ жылдар бойы 2, 6 млн. жұп аяқкиім шығарып келсе, кейін оның мөлшері екі есе азайды (1997) . Семей аяқкиім ф-касы 1941 ж. Киевтен Семейге көшірілген аяқкиім фабрикасы негізінде құрылған. Алғашқы кезде ол 20, 5 мың жұп аяқкиім өндірсе, 1983 ж. оның мөлшерін 5, 2 млн. жұпқа жеткізді.
2. Өндiрiстiк бағдарламаны құрастыру
Берілген жұмыста жылына қуаты 30 млн дм2 ІҚМ терісінен аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған былғары өңдіретін зауытты жобалау құру және іске қосу бизнес жоспары қарастырылып отыр. Бұл өндірістің қуаты - бір жыл ішінде 30 млн дм2 ІҚМ терісінен аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған былғары өңдіретін цехты жобалау. Жоспарланатын өндірісте келесі өнім түрлері қолданылмақ (кесте 1) . Жыл ішінде 300 ауысым болады деп жоспарланады.
Кесте 1 - Өнім түрлері және жылдық көлемі
Ірі қараның терісі әрбір іске арнайы пайдаланылған. Соған қарай олардың әр түрлі атаулары бар. Мысалы, сиыр терілерін қолөнер шеберлері сиыр терісі, егіз терісі, тайынша терісі, бұзау терісі деп төртке бөліп атайды да, әр терінің өн бойы - жондың, қабырғалың, үйек бас тері, пұшпақ, мойын болып бірнеше түрге бөлінеді. Жылқы терісін - бие терісі, жабағы және құлын терісі деп үшке бөледі. Түйе терілерін атан терісі, бота терісі деп екіге ғана бөледі. Атан терісі, өгіз терісі және олардың жондықтары қол істеріне ең қолайлысы. Қой терілерін: жабағы тері, қырықпа тері, күздік тері, соғым терісі, тақыр тері, тоқтышақ терісі, сеңсең, елтірі, мари, жылбысқа тері деп он түрге бөліп атайды. Осы терілер киім түрлерінің бәріне жарай береді. Ешкі терілерін - жүндес тері, тақыр тері, түбітті тері, серке терісі, лақ терісі, лақ мариі деп бөледі. Ешкі терілері төзімді келеді. Сондықтан одан алуан түрлі киім тігеді, бөстек, тулақ, торсық, саба, қапшық жасайды.
Мал терілерін илеп, бояп, ең беру ертеден келе жатқан ең жақсы дамыған және жетілген өнер. Илеуі қанып, бояуы сіңген былғары су тартып езілмейді. Одан жасалған мүлік шегені берік ұстайды, тігісі де ыдырамайды және өзі тұтынуға төзімді, әрі әдемі. Былғарының бірнеше түрі бар. Олар: көксауыр, опайке, былғары, құрым (хром), көзел, шегірен, сақтиян, ұлтан т. б.
Көксауыр - жылқы терісі мен серке терілерінің сауырынан (жондығынан) жасалады. Көбінесе ол көкпен, кейде қызыл, сары, жасыл түстермен боялып, өң беті жалтырап тұрады. Көксауырдың әр түстілерін өзара мүйіздеп, өюластыры немесе бір түсті көксауырдың әзін әр түрлі жібек жіппен кестелеп, өрнектеп, кебіс, мәсі, етік, кісе, аттұрман тігеді. Бұл заттарды да көксауыр деп атай береді. Көксауырларға алтын, күміс, жез шегелер қағып, кейде маржаннан моншақ жүргізіп, өкше сірінің артына, тұмсығына, қоныштың әр жеріне неше түрлі жарқырауың асыл тастар отырғызып әсемдейді. Мұндай заттар өте жарасымды және бағалы жиһаз саналады. Көксауырдан тоқым, қорамсақ, дулыға сияқты заттармен қатар тұскиіз, тон, сәукеле сияқты өте сәнді мүліктер де жасалған. Сондықтан көксауыр ісі кебінесе зергерлер қолына тән.
Былғары - қазақ арасында былғарыдан ең көп тігілетін киімнің бірі етік болғандықтан былғарыны өңдеумен айналысатын шеберлерді етікші дейді. Тоқым, шілия, белдік, жүген, құйысқан сияқты былғарыдан жасалатын мүліктерді де сол етікшілер тігеді. Халық арасына көп тараған былғары аяқ киімдерінің қазақ атауында мынадай түрлері бар:
Саптама - бұл қонышы ұзын, кең, киіз байпақпен, шалбардың балағын іштен салып киетін аласа өкшелі етік. Оның ішкі табанына киіз ұлтарақ салып және байпақтың ішінен қалың шұлғау орайды, кейде киіз байпақтың ішінен шұлғаулы мәсі киеді. Саптамалардың қонышы бітеу қусырылады да, тізеден асыңқырап тұрады. Тақымға қарайтын жағы әнтек төмен ойылып келеді. Оны кобінесе қыстыгүні алыс сапарға шыққанда, жылқы баққанда, шанамен жол жүргенде киеді.
Шоңқайма - саптаманың бір түрі. Оның өкшесі биігірек, өкше сірісі аласа, тұмсығы үшкір, қонышы тізеден аспайды. Кеңдігі саптаманың кеңдігіндей. Қонышы екі жақ жанынан жармаланып тігілген. Сондықтан оны кейде «жарма қоныш» деп те атайды.
Мықшима - өкшесінің түбі жуан, жер басар жағы жіңішке, тұмсығы жоғары қарай қайқы келген биік өкшелі саптама етік. Мықшиманы бұрын жас жігіттерге, ойын сауықшыл серілерге арнап тігетін. Оның қонышын, өкшелігін көксауырлап, тұмсығына қатырғы салады.
Көк етік - көксауырдан оюлап тіккен жеңіл, үшкір тұмсық етік. Оны көксауыр етік деп те атайды. Көк етіктің қонышы, ойындысы, күлшіні оюланып, кестеленіп жасалады. Көк етікті көбіне серілер, батырлар, салдар киетін. Қазақтын: «Көк етікті кез келмей, көк етіктіге бармай отырған қыз» дейтін мәтел сөзі осыдан қалған.
Кебіс - көбінесе былғарының сауырларынан тігіліп, қалыпқа қатырылады. Шажамайы мен ернеуі жақсы былғарымен астарланады. Сыны бұзылмау үшін кебістің ұлтарақшасы мен өкшеліктеріне ең шымыр ұлтандар мен тоздар (қайыңның қабығы) салынып, кепкен қайың шегемен шегеленіп, тарамыспен қайып тігіледі. Кебіс атаулары да көксауыр, мықшима, жезөкше, қазықөкше, үшкір бас деген сияқты бірнеше түрлерге бөлінеді. Кебістің өкшелігіне мық қағып, өкшесіне жезден, мыстан нәл орнатып, шажамайларын күміспен өрнектеп, ернеуіне сызықты ою батырып әшекелейді.
Мәсі - мұны кей жерлерде іш байпақ, іш етік (ичиги), былғары байпақ, көзел, сақтиян дейді, өйткені мәсі құрымнан, шегіреннен, көзелден, жұмсақ былғарыдан тігіледі. Көбінесе мәсінің қонышы астарланып, көмкеріліп, машинамен жүргізеді. Мәсінің ұлтаны жалаң қабат болады. Ол тек тарамыспен ішкі жағынан жөрмеп, немесе жара шаншып өбістіре тігу арқылы ұлтарылады. Мәсінің өкшелігі бір қабат қана оюлап жапсырған былғарыдан жасалады, оны мәсінің күлшіні дейді. Күлшін көбінесе басқа түсті былғарыдан тігіледі. Мәсілерді көк, қызыл шегірендермен оюлап, әр түсті жіппен кестелейді. Мәсіні етіктің ішінен киеді.
Етікшілер етікті, кебісті, мәсіні сондай-ақ былғарыдан жасалатын басқа да заттарды тарамыспен тігеді. Тарамыс дегеніміз - ірі қараның жіліншік сіңірінен ширатылып алынған жіп. Тарамыс былай жасалады. Сойылып жатқан ірі қараның сирағындағы көк етпен аралас тұрған сіңірлерді алып кептіреді. Әбден кепкен сіңірді ағаш тоқпақпен ұрып жаныштайды. Сіңір тарамданып, шашақталады, оны тарамыс есуші тарамдап, талшықтарын бір-бірімен жалғастыра екі тін етіп ширатады. Тарамыстың жуан-жіңішкелігіне қарай қаю тарамыс, бүрме тарамыс, тігіс тарамыс деген үш түрі бар. Тарамыс біздің ізімен өткермелеп немесе жұлдызға сабақтап тігуге ыңғайлы. Тарамыс жіп өзге жіптерден берік, ол шірімейді де, езілмейді де.
Құрылатын кәсіпорынның негізгі басымдықтары:
- Киім тігу үшін сапалы шикізатты пайдалану есебінен шығарылатын өнімнің сапасы;
- Орынды баға, тұрақты клиенттер үшін жеңілдіктер;
- Кәсіпорын құрамының кәсіби шеберлігі.
Өнімді өткізу мәселесін шешу үшін арнайы маркетингтік іс-шаралар жүргізілмек. Оларға кеткен шығындар келесі кестеден көруге болады (кесте 2) .
3. Материалдық-техникалық жабдықтау жоспарын құрастыру
Бұл бөлімнің басты мақсаты - барлық өндірістік процестің жақсылап ойластырылғаны, заңды тұлғаны дамытудың негізделген жоспары барлығы, қойылған мақсаттарға жету стратегиясының барлығы туралы сендірерлік дәлелдер келтіру. Бірақ инвестордың көңілін бөліп, оның қызығушылығын азайтатын тым жан-жақты ақпарат бермеу керек, нақты технологиялар, жабдықтар және басқалар туралы көлемді деректер беру керек.
Негізгі қорлар дегеніміз ұзақ кезең бойына қызмет ететін материалдық-заттай құндылықтардың жиынтығы; олар өндіріске қызмет көрсете отырып, өзінің табиғи-заттай нысанын сақтайды, өз құнының бір бөлігін жаңадан жасалған өнім мен көрсетілген қызметтерге көшіреді.
Негізгі қордың екі түрі болады: өндірістік негізгі қорлар және бейөндірістік негізгі қорлар.
Материалдық өндіріс саласында жұмыс істейтін негізгі қорлар - өндірістік негізгі қорлар деп, өндірістік емес салада жұмыс істейтін негізгі қорлар - өндірістік емес негізгі қорлар (тұрғын үйлер, мәдениет, спорт мекемелер, бала-бақшалар, емдеу орындары және басқа да кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер) деп аталады.
Негізгі қорлар - ұлттық байлықтың маңызды бөлігі болып табылады және олардың құрамы мен құрылымын анықтау үшін негізгі қорлардың сыныптамасын жасау қажет. Негізгі қорлар натуралдық және ақшалай түрде өлшенеді. Қолдану мақсаттарына қарай негізгі қорлардың түрлері:
- Ғимараттар (цехтар, қоймалар және т. б) .
- Құрылыстар (көпір, тоннель, жолдар, т. б) .
- Тасымалдау қондырғылары (құбырлар, электр тоғын тасымалдау желілері) .
- Машиналар мен жабдықтар:
а) күш машиналары және жабдықтары;
б) жұмыс машиналары мен жабдықтары;
в) өлшеу және реттеу аспаптары;
г) есептегіш техника;
5. Көлік құралдары.
6. Құрал-сайман, қызмет ету мерзімі бір жылдан жоғары болатын басқа да құрал-саймандар.
7. Шаруашылық және өндірістік жиһаздар.
8. Көпжылдық өсімдіктер.
9. Жұмысшы және өнім беретін мал.
10. Жер құнарлылығын өсіруге қажетті күрделі шығындар.
11. Басқа да қорлар (кітапханалық қор) .
Негізгі өндірістік қорлар құрылымына мынадай факторлар әсер етеді: шығарылатын өнім түрі, оның жалпы көлемі, автоматтандыру және , мамандандыру және бірлестіру деңгейі, кәсіпорын орналасуының климаттық және географиялық орналасуы және т. б.
Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:
Бірінші топ көрсеткіштеріне құралдарды экстенсивті қолдану құралдардың сменалық жұмыс жасау коэффициенті, құралдардың толық пайдалану коэффициенті жатады; яғни бұл көрсеткіштер құралдарды уақыт мөлшерінде қолдану деңгейін көрсетеді.
Екінші топ қорларды жедел түрде қолдану көрсеткіші негізгі қорлардың нақты өнімділігін, оның нормативтік өнімділігіне бөлу арқылы анықталады:
К инт =В ф /В н
Құралдарды интегралды қолдану коэффициенті құралдарды интенсивті және экстенсивті қолдану коэффициенттеріне көбейту арқылы анықталады және құралдардың уақыт бойынша және өнімділігі бойынша қолданылуын сипаттайды.
Жоспарланған кәсiпорынның негiзгi өндiрiстiк қорларының мөлшерін анықтау. НӨҚ жалпы құнын табу үшін келесі әдістеме қолданады. Шығарылатын өнiмнiң көлемдерi және олардың орташа нарықтық бағаларының негiзiнде, кәсiпорынның анықталады: ТПп=
мұндағы: ТПп - болжам бойынша тауарлық өнім, м. тг
В - өнделетін өнiм көлемi, т., дана
Ц - өнiм бiрлiгiнің орташа нарықтық бағасы, м. тг.
Тауарлық өнiмдi анықтағаннан кейiн, НӨҚ бағасы одан процент бойынша есептеледi.
Ет өндiрісi үшiн -25%, шұжық және консервiлiк өндiрiс үшiн -30%, сүт және тері, былғары өңдеу өндiрiсi үшiн 30-35%. НӨҚ құрамы бойынша есептеулер келесі құрылымдар бойынша жүргізіледі.
Шикізат, материалдар, отын, энергия - бұлар еңбек затына жатады, яғни олар еңбек құралы мен адам еңбегінің әсеріне тап болып, нәтижесінде адамның өндірістік және жеке қажеттілігін өтеу үшін өздерінің түрлерімен қасиеттерін өзгертеді. Бұл ресурстар өнеркәсіптің материалдық-техникалық базасының заттық элементтері болып табылады. Олар айналым қорларының құрамына кіріп, толығымен өз құнын дайын өнімге береді.
Еңбек заты ретінде шикізат пен отын-энергетикалық болып пайдаланылатын барлық материалдық ресурстар шартты түрде екіге бөлінеді.
Шикізат ресурстары әртүрлі өндірістік өнімдерін шығару үшін пайдаланылған еңбек заттарының түрі ретінде болып келеді. Өңделмеген шикізат деген жерден қазып алынған немесе өңделген және соның нәтижесінде белгілі бір өзгерістерге ұшыраған еңбек заттарын атайды.
Көмекші материалдар дайын өнім құрамына кірмейді, бірақ оның түзілуіне әсер етеді. Отын және энергия өзінің экономикалық ерекшелігіне байланысты көмекші материалдарға ресурстардың жеке тобына жатады.
Көмекші материалдарға кететін шығындар келесi формуламен анықталады:
Зк. м = В * Нр * Ц
мұндағы В - шығарылатын дайын өнім көлемi; Нр - өнiм бiрлiгi үшiн көмекші материалдардың шығындалу нормасы; Ц - көмекші материалдар бiрлiгiнiң бағасы.
Экономикалық тұрғыдан қарағанда халық шаруашылығына пайдаланатын шикізаттың барлық түрі ең үлкен екі топқа бөлінеді:
- Өндірістік шикізат -бұл өндірістен алынады және көбінесе саланың ауыр өнеркәсібінде қолданылады.
- Ауыл шаруашылық шикізатты - ауыл шаруашылық саласында өндіріп, негізінен жеңіл тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады.
Өнеркәсіпте өңделген өнімдер мен шикізаттың сапасы өңдеудің экономикасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Олар төменде көрсетілгендей сараланады:
- Өндіріс үрдісінде аттарын рөлі бойынша : негізгі, көмекші, қосымша;
- Экономикалық нысаны бойынша: еңбек заты, дайын өнім;
- Алу әдісі бойынша: өндірістік, ауыл шаруашылық;
- Шыққан тегі бойынша: мал, өсімдік, кен қазынасы;
- Өндіріс уақыты бойынша: маусымдық және маусымдық емес;
- Өңдеу әдісі бойынша: алғашқ және қайталама (қалдықтар, көмекші өнімдер) .
Пайдалану дәрежесіне қарай ресурстар негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгі шикізатқа жаңа дайындаған өнімнің материалдық негізін құрайтын еңбек заттары жатады. Дайын өнімді дайындауға мүмкіндік жасайтын бұйымдар көмекші шикізатқа жатады. Шикізат кей уақытта негізгі материал болып табылып, ал одан басқа уақытта көмекші материалдың қызметін атқаруы ықтимал. Әр түрлі өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша шығындар тікелей және жанама шығындар деп бөлінеді.
Тікелей шығындар деп экономикалық жағынан біртекті шығындарды айтады, олар негізделген мөлшер мен нормативке сәйкес өнімнің нақты түрінің өзіндік құнына тікелей жатады. Оларға жататындар: шикізат пен материалдарға, тасымалдау - дайындауға, техникалық мақсатқа жұмсалатын отын мен энергияға, өндірістік жұмыскерлердің еңбек ақысына, әлеумектті төлемдерге кететін шығындар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz