Теңге- тәуелсіздік нышаны



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Теңгенің шығу тарихы
2. Теңге 2006 жылы өз бейнесін өзгертті.
3. Өскемендегі теңге сарайы
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер
Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік,егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы Конституциялық заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдауына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.
Тәуелсіздік –біздің ұрпаққа берген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік –біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз.
1991жыл Кеңес одағы ыдырағаннан кейін әрбір ел тәуелсіздігін жариялап, өзінің мемлекеттік рәміздерін қабылдады. Қазақстан өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын заңмен бекітті. Саяси егемендігін алған ел экономикалық тәуелсіздікке де ие болуы қажет. Осы орайда барлық мемлекет бұрынғы Кеңес одағының рубльдік аймағынан шығып, өзінің ұлттық валютасын шығарды.
1993ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев”Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы”жарлық шығарды.
Ұлттық валютаны «теңге», ал оның жүзден бір бөлігін «тиын» деп атауды сол кездегі ҚР Жоғары кеңесі комитетінің төрағасы Сауық Тәкежанов ұсынған еді.
Тегенің де өз шығу тарихы бар. Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды. Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990жыл теңгенің алғашқы үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасын жасап шығарған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлеловтер еді. Олар жұмыстарын Қазақстан мәдениетінің тарихи даму аспектілерін зерттеуден бастаған.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз ұлттық ақшамызды бір-ақ рет және бір атаумен шығаруымыз керек. Екінші қайтара оның аты өзгермейді. Сондықтан оны әбден зерттеп барып, бір шешімге келуіміз қажет»,- деді.
1. Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдаулары.
2.Жамбыл Артықбаев, Әділхан Пірманов, «Қазақстан тарихы», энциклопедиялық басылым, Алматы «Атамұра» 2008.
3.«Егемен Қазақстан» газеттері.
4.«Дала мен қала» газеттері.
5.«Уақыт тынысы» газеттері.
6.«Экономика білім негіздері» журналдары.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Теңге- тәуелсіздік нышаны
Зерттеу жұмысының мақсаты: Тәуелсіздігіміздің символы - ұлттық теңгеміздің тарихын дәріптеу
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Теңгенің шығу тарихы
2. Теңге 2006 жылы өз бейнесін өзгертті.
3. Өскемендегі теңге сарайы
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер
Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік,егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн - біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Бұл мереке күнтізбеде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдауына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.
Тәуелсіздік - біздің ұрпаққа берген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік - біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз.
1991жыл Кеңес одағы ыдырағаннан кейін әрбір ел тәуелсіздігін жариялап, өзінің мемлекеттік рәміздерін қабылдады. Қазақстан өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын заңмен бекітті. Саяси егемендігін алған ел экономикалық тәуелсіздікке де ие болуы қажет. Осы орайда барлық мемлекет бұрынғы Кеңес одағының рубльдік аймағынан шығып, өзінің ұлттық валютасын шығарды.
1993ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев"Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы"жарлық шығарды.
Ұлттық валютаны теңге, ал оның жүзден бір бөлігін тиын деп атауды сол кездегі ҚР Жоғары кеңесі комитетінің төрағасы Сауық Тәкежанов ұсынған еді.
Тегенің де өз шығу тарихы бар. Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды. Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990жыл теңгенің алғашқы үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасын жасап шығарған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлеловтер еді. Олар жұмыстарын Қазақстан мәдениетінің тарихи даму аспектілерін зерттеуден бастаған.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: Біз ұлттық ақшамызды бір-ақ рет және бір атаумен шығаруымыз керек. Екінші қайтара оның аты өзгермейді. Сондықтан оны әбден зерттеп барып, бір шешімге келуіміз қажет,- деді.
Содан кейін бүкіл тарихты көтеріп, қазаққа қатысты еңбектер ақтарылып, ертеде қазақта теңге қолданған екен. Біздің академиктер: орыстың деньги деген сөздері сол теңгеден шығуы мүмкін- деді.Себебі, ақша айналымы Ресейден бұрын Азияда болған. Біздің бұрынғы түркі мемлекеттері салтанат құрып тұрған кезеңде, одан кейін де теңге қолданыста жүрген. Сөйтіп, біздің болашақ валютамыз теңге деген әдемі атауға ие болыпты.
Теңгенің әлемдік биржада 2006 жылдан бастап төбесінде сызығы бар Т әрпімен белгіленіп келеді. Ұлттық банк жарияланған үлкен байқаудың қорытындысы бойынша осы символ үздік деп танылып, оны ойлап шығарушылар миллион теңге сыйақы алды.
Ең алғашқы теңге партиясы Англияның ең көне әрі әйгілі Харрисон және ұлдарыфабрикасында басылып шықты. Теңгенің алғашқы партияларын сақтау үшін арнайы жер асты қоймалары дайындалған. Оларды төрт ИЛ-86 ұшақтары тасыды. Бір аптаның ішінде олар Лондонға 18 рет ұшып барып-қайтып келген. Жаңа валютаның айналысқа енгізілуінің көрші елдерден құпия ұсталғаны сонша барлық құжаттарда Президент Резиденциясының құрылысы үшін құрал-жабдықтар тасылуда деп жазылған. Алғашқы теңгелер жер асты қоймаларынан елдің барлық банктеріне 8 күн ішінде жеткізілген. 1993 жылы қазан-қараша айларында Қазақстан рубль аймағынан толықтай шықты. Қарашаның 12-сіндегі Президент Жарлығынан 3 күннен кейін теңге айналымға енді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада таңғы 8.00-де басталып, 20 қараша күні 20.00-де аяқталды. Ұлттық банк алғашқыда 1 теңгені сол кездегі 1000 рубльге бағалаған. Кейін еліміздің саяси және әлеуметтік, мемлекетаралық қатынастары ескеріліп 1 теңге 500 рубль болды. Ал бірінші айналымға енген 1 теңгенің АҚШ долларына шаққандағы құны 4,35 теңге болды.
1992 жылы теңге дизайнындағы бейнелер бекітілді. Ең алғашқы теңгемізде белгілі тарихи тұлғалардың портреттері, Алатау мен Көкшетау көріністері, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бейнесі, Маңғыстаудан табылған тастағы таңбалар пайдаланылды. Бір теңгелік банкнотқа Әбу Насыр әл Фараби, үш теңгелікте Сүйінбай, бес теңгелікте Құрманғазы, он теңгелікте Шоқан, жиырма теңгелікте - Абай, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық валюта – теңге
Жезқазған қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы
Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтау
ҚР Президентінің Қаулысымен Ақмола қаласы Астана қаласы боп өзгертілді
Республикадағы демократияның құқықтық сипаттамасы
Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттамасы осында
Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің айтулы жетістіктері
Қазақстан теңгесі
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қоғамдық - саяси мемлекеттік құрылымының қайта құрылуы
Тәуелсіздік жылдарындағы мәдени құрылыс
Пәндер