Адвокатура және нотариат-түсінігі



1. Адвокатура және нотариат.түсінігі, түрлері.
2. Қылмыстық жаза: түсінігі,белгілері мен мақсаты. Қылмыстық жазаның жүйесі мен түрлері.
3. Еңбек құқығының пәні, әдісі және жүйесі.
Адвокатура – сотқа өз тарапынан көмек ретінде құрылған мекеме. Сотта іс жүзінде адвокат әділдікті орнатуға көмек береді. Адвокатура тұрғындарға заңды көмек беретін қоғамдық ұйым. Әрбір адвокат көмек сұрап келген тұлғаның құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін шақырылған тарап болып есептеледі1.
Кез келген ұйымның, құрылымның міндеттері бар, сол сияқты адвокатураның да, заң негізінде қызмет ететін қоғамдық ұйым ретінде өзіндік міндеттері бар, олар келесідей көрініске ие:
• Азаматтар мен заңды ұйымға қылмыстық істер бойынша заң тұрғысынан көмек көрсету;
• Азаматтар мен заңды ұйымдарға азаматтық, әкімшілік және т.б істер бойынша өкілеттілік арқылы заңи көмек көрсету;
• Азаматтар мен заңды ұйымдардың мемлекеттік билік пен басқару органдарында және басқа да тұлғалар алдындағы құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен білдіруге көмек көрсету2.
Адвокаттық қызметтің құқықтық негізі “Адвокаттық қызмет туралы” заңның 2-ші бабында бекітілген. Олар адвокаттық қызмет туралы заңынан және басқа да жандардан тұрады3.
Адвокатураның Қазақстан Республикасының қызметінің ұйымдық негізі – адвокаттар алқасы болып табылады. Бұлар он құрылтайшының басымылығы бойынша, ауқымдық белгілер бойынша құрылыды. Адвокаттар алқасын құруға мемлекеттік рогендердің арнайы рұқсаты талап етілмейді.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Билет №6
1. Адвокатура және нотариат-түсінігі, түрлері.
2. Қылмыстық жаза: түсінігі,белгілері мен мақсаты. Қылмыстық жазаның жүйесі мен түрлері.
3. Еңбек құқығының пәні, әдісі және жүйесі.

1)Адвокатура және нотариат-түсінігі, түрлері.
Адвокатура - сотқа өз тарапынан көмек ретінде құрылған мекеме. Сотта іс жүзінде адвокат әділдікті орнатуға көмек береді. Адвокатура тұрғындарға заңды көмек беретін қоғамдық ұйым. Әрбір адвокат көмек сұрап келген тұлғаның құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін шақырылған тарап болып есептеледі1.
Кез келген ұйымның, құрылымның міндеттері бар, сол сияқты адвокатураның да, заң негізінде қызмет ететін қоғамдық ұйым ретінде өзіндік міндеттері бар, олар келесідей көрініске ие:
* Азаматтар мен заңды ұйымға қылмыстық істер бойынша заң тұрғысынан көмек көрсету;
* Азаматтар мен заңды ұйымдарға азаматтық, әкімшілік және т.б істер бойынша өкілеттілік арқылы заңи көмек көрсету;
* Азаматтар мен заңды ұйымдардың мемлекеттік билік пен басқару органдарында және басқа да тұлғалар алдындағы құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен білдіруге көмек көрсету2.
Адвокаттық қызметтің құқықтық негізі "Адвокаттық қызмет туралы" заңның 2-ші бабында бекітілген. Олар адвокаттық қызмет туралы заңынан және басқа да жандардан тұрады3.
Адвокатураның Қазақстан Республикасының қызметінің ұйымдық негізі - адвокаттар алқасы болып табылады. Бұлар он құрылтайшының басымылығы бойынша, ауқымдық белгілер бойынша құрылыды. Адвокаттар алқасын құруға мемлекеттік рогендердің арнайы рұқсаты талап етілмейді.
Адвокаттар алқасы адвокаттық қызметпен шұғылданатын адамдардың ерікті бірлестігі болып табылады. Адвокаттар алқасы заң бойынша коммерциялық емес, дербес, мамандандырылған, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын адвокаттардың ұйымы болып табылады.
Адвокаттар алқасы азаматтар мен заңды тұлғаларға мамандандырылған заң
жүзінде көмек көрсету үшін, адвокаттардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру мен қорғау үшін, Қазақстан Республикасының "адвокаттық қызмет туралы" Заңында белгіленген т.б. қызметтерді жүзеге асыру үшін құрылады. Облыс, республикалық маңызы бар қала, республика астанасының аумағында бір адвокаттар алқасы құрылып, қызмет істей алады.
Адвокат алқаларының қызметін белгілейтін негізгі құжат адвокат алқаларының жалпы жиналысында қабылданған оның жарғысы болып табылады.
НОТАРИУС (лат. notarіus - хатшы, жазбашы) - нотариалдық іс-әрекеттер жасайтын, яғни түрлі заңды әрекеттер мен құжаттарды куәландыратын тұлға. Жоғары заң білімі бар, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс істеген ҚР азаматы Әділет біліктілік алқасына біліктілік емтиханын тапсырып, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған соң ғана мұндай өкілеттілікке ие болады. Н. қызмет барысында өзіне белгілі болған мәліметтерді құпия ұстауға міндетті. Н-тың ғыл., пед. немесе шығарм. қызметтен басқа қызметпен айналысуға құқығы жоқ.

2)Қылмыстық жаза: түсінігі,белгілері мен мақсаты. Қылмыстық жазаның жүйесі мен түрлері.
Жаза -- бұл мемлекеттің жасалған қылмысқа деген реакциясы. Егер қоғамға қауіпті әрекет жазаға әкеліп соқпаса, онда ол қылмыс болып есептелінбейді. Қылмыстың жазалану белгісі, қылмыстың міндетті белгісі болып табылады. Жаза -- соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Ол қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды қылмыстық заңда көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу болып табылады. Жазаның белгілері:жаза -- бұл мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы,жаза жеке сипатта болады. Ол тек қылмыскерге ғана қолданылады және ешқандай жағдайда да басқа адамдарға жүктелмейді (мысалы, кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскердің ата-анасына);жаза әрқашан қылмыс жасаған адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуге байланысты оған белгілі бір моральдық қасірет әкеледі және белгілі бір құндылықтардан айырады.XV -- XVII ғасырларда қазақтың әдет-ғұрып заңында жазалардың мынадай түрлері болған:а) рудан қуып жіберу;ә) кінәліні жәбірленушінің туыстарына беру;б) адамның жеке басына қарсы жасалған қылмыстар мүліктік қылмыстар үшін айыппұл тағайындау;в) денеге ауыр жарақат салғаны үшін, кісі өлтіргені үшін құң тағайындау;г) өлім жазасы -- жазаның бұл түрі өте сирек қолданылды;ғ) әке-шешесін сыйламаған, құрметтемеген балаларға және антты бұзғандарға тен жазасы мен масқаралау жазалары қолданылды.
Мақсаты Жазаның мақсаты деп түпкілікті әлеуметтік нәтижелерді айтады, оған жазаны қолдану мен жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады. Жазаның мақсаттары мынадай:а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру. Ол кінәлі адамға жазаны қолдану қылмыстық әрекет жасау нәтижерінде бұзылған жеке және қоғамдық мүдделерді қалпына келтіруді және қол сұғу объектісіне келтірілген зиянды өтеуді білдіреді;ә) сотталушыны түзеу. Бұл мақсат кінәлінің теріс бағдарын өзгертуге бағытталған. Егер адам басқа жаңа қылмыстаp жасамаса және қылмыстық заңның сақталуының қажеттілігін сезіне бастаса, түзеуге қол жеткізеді;б) жаңа қылмыстардың жасалуының алдын алу. Бұл мақсатты әрбір нақты қылмыс үшін қылмыстың жауапты бекітуді және жаза тағайындау мен оның орындалуын бұлтартпауды қамтамасыз ету арқылы қол жеткізіледі. Жазамен сескендіру адамдардың санасы мен әрекетіне әсер етеді.Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді. 1650 жылы Энн Грин деген азаматша өзінің жаңа туған нәрестесін өлтіргені үшін айыпталып, Англия, Оксфорд, Касл-Ярд түрмесінде дарға асылып өлітіріледі. Жіпті кескен соң, мүрдені табытқа салып Оксфорд Университетіне анатомиялық зерттеу үшін жібереді (бұл шара 1540 жылдан бастап барлық жазалаған қылмыскерлерге қатысты міндетті болған). Анатомиялық театрда Энн Гриннің тірі екендігі анықталады, ол мойнына байланған жіпке қарамастан тірі қалған. Дәрігерлер әйелді құтқарып қалады, бірқатар көрнекті шенеуніктердің ара түсуімен сот қудалауынан босатылады. Энн Гриннің дарға асылғаннан кейін 14 сағаттан соң сөйлеуге шамасы келеді, бір тәуліктен соң сауығып кетеді және бұдан кейін 9 жылдай өмір сүріп, 3 баланы дүниеге әкеледі. Оксфорд университетінің анатомиялық театрында жүз жылдың ішінде 17 дарға асылғандардың өмірге қайта келуінің 3 оқиғасы тіркелген, барлық оқиғада олар тек әйелдер болған.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі кәмелеттік жасқа толмағандарга тағайындалатын жазаның жүйесі мен тізімін бекітеді. Оларға: айыппұл, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, қамау, бас бостандығынан айыру жатқызылады. Сот тәжірибесінде анағұрлым көбірек ұолданылатын жазалардың кейбір түрлерін жеке-жеке қарастырайық. Ең алдымен, айып салу -- бұл сот тағайындайтын соманы ақшалай өндіріп алу. Айыппұл салған кезде, адам ақшалай төлемге байланысты белгілі бір материалдық шығынға ұшырайды.Айыппұл жазаның жеңіл түрі және ол айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі немесе сотталған адамның жалақысының немесе екі аптадан бір жылғы дейінгі кезеңдегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалады.Айыппұл тағайындағанда сот жасалған қылмыстың ауырлық дәрежесін және адамның мүліктік жағдайын ескеруі тиіс. Кәмелеттік жасқа толмай сотталған адамға айыппұл дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда ғана тағайындалады. Қоғамдық жұмыстарга тарту. Қоғамдық жұмыстар - бұл сотталған адамның оқудан немесе жұмысынан бос уақытында тегін қоғамдық пайдалы жұмыс атқаруы.Түзеу жұмыстары -- бұл сотталған адамды табысынын белгілі бір бөлігін мемлекет пайдасына ұстап қалу арқылы еңбекке тарту. Түзеу жұмыстарына сотталған адамның табысынан соттың үкімімен белгіленген мөлшерде, бес пайыздан жиырма пайызға дейінгі шекте мемлекет пайдасына ұстап қалу жүргізіледі.Қамау -- бұл сотталған адамды қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады, олар жазаны абақтыда өтейді. Қамау бір айдан алты айға дейінгі мерзімге белгіленеді. Қамау кезіндегі оқшаулау, қамаудан да анағұрлым қатаң жаза -- бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін екендігін еске салуы тиіс. Қамау үкім шығару кезінде он алты жасқа толмаған адамдарға, сондай-ақ жүкті әйелдер мен кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар әйелдерге қолданылмайды.
Бас бостандығынан айыру -- сотталушыны колония -- қонысқа жіберу, жалпы, қатаң, ерекше режімдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады.
Бас бостандығынан айыру кезінде сотталған адамның құқықтық жағдайына шек қойылады. Ол оған шек қоюдан көрінеді. Адам жүріп-түру еркіндігінен, еңбек қызметін тандаудан айырылады, өз уақытына билік етуі шектеледі. Бас бостандығынан айыру алты айдан он бес жылға дейін, ал ерекше ауыр қылмыстар үшін жиырма жылға дейінгі мерзімге не өмір бойына белгіленеді. Өлім жазасы -- бұл қылмыстық жазаның ең қатаң және ерекше жазалау шарасы. Өлім жазасы қылмыстардың ең тар шеңберіне тағайындалатындығымен және сирек орындалатындығымен ерекшеленеді. Өлім жазасына кесілген әрбір адам кешірім жасауды өтінуге құқылы. Сотталушыға кешірім жасау туралы өтінішті Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия қарайды. Бүгінде көптеген мемлекеттер өлім жазасын алып тастауда, оны қолдануға мораторий жариялауда немесе іс жүзінде мүлде қолданбай келеді.
3)Еңбек құқығының пәні, әдісі және жүйесі.
1. Қазақстан Республикасы еңбек құқығының түсінігі және ұлттық құқық жүйесіндегі орны.
Еңбек - адам мен қоғамның өміріне және қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі. Оны құқықтық реттеу аса маңызды болып табылады. Кез келген еңбек құқық нормаларымен реттеле брмейді. Тек өндірістік ұйымдастырылған еңбек ғана еңбек құқығының реттеу пәніне кіре алады. Еңбектің өндірістік ұйымдастырылуы дегеніміз еңбек жағдайларының, еңбекті қорғау ережелерінің, ішкі еңбек тіртібі ережелерінің нормаларын сақтай отырып, шартты негізде еңбекті ұйымдастыру.
Қазіргі қазақстандық құқық салаларының ішіндегі еңбек құқығы басты орындардың бірінде, өйткені ол еңбек қоғамдық қатынастарын реттейді. Кез-келген азамат өз өмірінде еңбек қатынастарының қатысушысы ретінде құқықтық қатынастарға түседі. Сондықтан еңбек құқығының адам өмірінде алатын орны ерекше деп айтуымызға болады.
Еңбек құқығы құқық саласының жеке саласы болуымен бірге ол басқа құқық салаларымен тығыз байланысты.Сонымен бірге еңбек құқығы өзінің атқаратын рөлі,мәні,құқықтық реттеу әдісінің ерекшеліггіне байланысты басқа құқық салаларынан оқшауланып,ажыратылады.
Еңбек құқығы азаматтық,әкімшілік және әлеуметтік қамсыздандыру құқықтарымен тығыз байланысты.
Еңбек құқығы дегеніміз - еңбек және еңбекпен тығыз байланысты қатнастарды реттейтін нормалар мен қатынастардың жиынтығы. Еңбек құқығы дербес құқық саласы болып табылады. Әрбір құқық саласының өзге құқық салаларынан ажырататын үш белгісі болады. Бұл құқық пәні, әдісі және жүйесі. Енді соларға тоқталып өтейік.
2. Еңбек құқығының пәні. Еңбек қатынастарын еңбек құқығының пәні ретінде сипаттау үшін еңбек процесінің өзін және он қолдану жағдайын регламентациялау қажет. Мәселе сонда, еңбек, міндеттемені орындаудың (мысалы, кейбір тапсырмаларды, мердігерлік жұмыстарды, қызметтерді, т.б. орындау) тәсілі ғана болып қалады. Мұндай тапсырмаларды, жұмыстарды, қызметтерді орындағаннан кейін қатынастар тоқталады. Бұл жағдайларда еңбекті және оның ақтық нәтижелерін қолдануға байланысты туындаған қатынастар еңбек құқығы пәнінің аясынан тысқары жатады.
Еңбек құқығының пәніне еңбек процесінің өзінің қоғамдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР құқық қорғау органдары және сот. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама түрлері
Адвокаттық қызмет пәнінен лекция тезистері
Адвокаттық қызметінің ұйымдық нысаны
Мамандықтың пәндер каталогы
Құқықтану мамандығы бойынша элективті пәндер тізімі
Әділет органдары
Адвокатура және адвокаттық қызметтің түсінігі және ұйымдастыру қызметінің негізгі қағидалары
Сот, адвокатура, нотариат органдарының құқықтық жағдайы
Нотариаттық қызмет және оның кепiлдiктерi туралы
Құқық қорғау органдары пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Пәндер