Бюджет жүйесі және бюджет кірістерінің теориялық мәні мен мазмұны



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ КІРІСТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.19
1.1 Бюджет жүйесі: мазмұны және құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрамы мен құрылымы ... ... ... ...11
1.3 Бюджет кірістерінің негізгі көздерінің есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

2 ТҮСІМДЕРДІ ЕСЕПТЕУ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20.27
2.1 Қ.Р. . ның бюджет кірістерінің атқарылуын талдау ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.2 “2009.2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” қазақстан республикасы заңының атқарылуын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
КІРІСПЕ

Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көзі еліміздің ішінде емес, әлемдік экономиканың теңгерімсіздігінің ішінде бүгулі жатыр. Дағдарыстан қашып кұтылу әрі оны алдын ала білу мүмкін болмады, — деп атап көрсетті Мемлекет басшысы. Әлемдік экономикадағы ахуал қиындай түсуде. Бір жылдың ішінде мұнай бағасы 4 есеге жуық, металдарға — 2 есеге жуық құлдырады. Экспорттан түсетін түсім едәуір азайды. Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, қазақстандықтар еліміздің бұл сынақтарға жай дайын болып қана қоймай, сондай-ақ осы дағдарыстан анағұрлым күшті әрі өркендеуші мемлекет және қоғам болып шығатынын білулері тиіс.
Курстық жұмыстың өзектілігі- мемлекеттік бюджет – бұл мемлекеттік шығыстар мен олардың қаржылық өтеу көздерінің жылдық жоспары. Ол мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді. Бюджет кез келген мемлекеттің өмірінде маңызды рольды атқарады, ол сол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік-экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің ролі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін ретеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Бюджеттің кірістері салықтық және басқа міндетті төлемдер (салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер), ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептелуге тиісті ақшалар болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде қаржы қатынастарының жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын және мемлекеттік бюджеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастар қарастырылған.
Екінші бөлімде мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер, жергілікті бюджеттердің салыстырмалы өсу қарқыны, кедендік әкімшілік жүргізу туралы салыстырмалы көрсеткіштері, мемлекеттік бюджет бойынша толық төленбеген төлемдер, жергілікті бюджеттің кіріс бөлігі, есепті кезеңде Ұлттық қорға түскен түсімдер, ағындағы жылғы Үкімет мүшелерінің және Облыстар әкімдерінің селекторлық мәжілістегі мемлекеттік бюджет шығыстарының негізгі көрсеткіштері қарастырылған.
Курстық жұмыстың мақсаты – бюджет жүйесінің буындары бойынша бюджет кірістерінің теориялық мәні мен мазмұнын зерттеу аясында бюджеттік жүйе деңгейлері бойынша кірістер бөлігінің атқарылуын талдау негізінде зерттелінетін тақырып төңірегінде теориялық және практикалық қорытындылар жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері :
- бюджет жүйесінің мазмұнын және құрылымын қарастыру;
- мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымын зерттеу;
- салықтық түсімдер бюджет кірістерінің негізгі көзі ретінде қарастыру;
- мемлекеттік бюджет түсімдерінің атқарылуын талдау;
- мемлекеттік бюджеттің жалпы атқарылу бақылауын талдау.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ :

1.Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақ халқына «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауынан. Астана. 2010 ж.
2. Назарбаев Н.А. Казахстан на пороге XXI века. – Алматы, 1996.
3.Мақыш С.Б.Банк ісі.Оқулық .-Алматы:ИздатМаркет,2009.
4.Е.С.Стояновой Финансовый менеджмент 1998.
5.Л.Е.Басовский Финансовый менеджмент 1996.
6.Іскер адамның орысша-қазақша экономикалық түсіндірме сөздігі.Алматы,2005ж.
7. Қ.Қ. Ілиясов, С. Құлпыбаев Қаржы Алматы: 2005.
8.К.Ж.Оразалин, М.М.Жантасов Орысша қазақша қазіргі уақыттағы экономикалық түсіндірме сөздігі Алматы:2004.
9.Б.А.Жүнісов Жалпы экономикалық теория Алматы:2002.
10.С.С.Сахариев,А.С.Сахариев Әлем экономикасы Астана:2005.
11.Қ.С.Сәкібаева. Коммерциялық бәсекелестік стратегияларын құру негіздемесі //Қаз ҰУ хабаршысы № 4.2006.
12.Ғ.С.Сейткасымов Ақша,несие,банк Алматы:2001.
13.А.Н.Дәуренбекова Қазақстан өнеркәсібінің индустриалдық деңгейін көтерудің экономикалық механизмі. Алматы 2005.
14.C:Т.Мыржақов Компанияның инвестицияның Қазақстандағы жағдайы
// Атамекен № 7. 2006.
15.М.А Мустафин ҚР-ғы компанияның инвестициялық даму сатылыры // Атамекен №8 2008.
16. Сейітқасымов Г.С Ақша, несие, банктер: Оқу құралы. – Алматы: "Экономика", 1999.
17. Мақыш С.Б Ақша айналысы және несие: Оқу құралы. – Алматы: "Қазақ университеті", 2000.
18. Финансы. Денежное обращение. Кредит. Под ред. Л.А. Дробозиной М.: Финансы, ЮНИТИ, 1997
19. Фридман Ц.Л. Банки и кредит в дореволюционном Казахстане. Алма-Ата, 1974.
20. Әлжанова Н.Ш.Инвестициялық жобалау:Оқу құралы.-Алматы:қазақ университеті,2006.
21. www.fingramota.kz/kz/.../show-27089

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ КІРІСТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ МЕН
МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5- 19
1.1 Бюджет жүйесі: мазмұны және құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрамы мен құрылымы ... ... ... ...11
1.3 Бюджет кірістерінің негізгі көздерінің
есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2 ТҮСІМДЕРДІ ЕСЕПТЕУ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫ
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 20-27
2.1 Қ.Р. - ның бюджет кірістерінің атқарылуын талдау ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.2 “2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” қазақстан
республикасы заңының атқарылуын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

КІРІСПЕ

Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көзі еліміздің ішінде емес, әлемдік
экономиканың теңгерімсіздігінің ішінде бүгулі жатыр. Дағдарыстан қашып
кұтылу әрі оны алдын ала білу мүмкін болмады, — деп атап көрсетті Мемлекет
басшысы. Әлемдік экономикадағы ахуал қиындай түсуде. Бір жылдың ішінде
мұнай бағасы 4 есеге жуық, металдарға — 2 есеге жуық құлдырады. Экспорттан
түсетін түсім едәуір азайды. Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей,
қазақстандықтар еліміздің бұл сынақтарға жай дайын болып қана қоймай,
сондай-ақ осы дағдарыстан анағұрлым күшті әрі өркендеуші мемлекет және
қоғам болып шығатынын білулері тиіс.
Курстық жұмыстың өзектілігі- мемлекеттік бюджет – бұл мемлекеттік
шығыстар мен олардың қаржылық өтеу көздерінің жылдық жоспары. Ол
мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен
қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен
қоғамдық өнімнің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық
қатынастарды білдіреді. Бюджет кез келген мемлекеттің өмірінде маңызды
рольды атқарады, ол сол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік-экономикалық
құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің
бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен
пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік
механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы
ретіндегі бюджеттің ролі осында көрінеді. Экономиканы реттеу
орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен
бөлудің нысандары мен әдістерін ретеу, бюджеттің атқарылу процесінде
қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Бюджеттің кірістері салықтық және басқа міндетті төлемдер (салықтар
және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер), ресми трансферттер,
мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және
мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептелуге
тиісті ақшалар болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде қаржы қатынастарының жиынтығы мемлекеттік бюджет
ұғымының экономикалық мазмұнын және мемлекеттік бюджеттің
орталықтандырылған ақша қорын жасау және ұдайы өндіріс пен қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық
өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық
өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық
қатынастар қарастырылған.
Екінші бөлімде мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер, жергілікті
бюджеттердің салыстырмалы өсу қарқыны, кедендік әкімшілік жүргізу туралы
салыстырмалы көрсеткіштері, мемлекеттік бюджет бойынша толық төленбеген
төлемдер, жергілікті бюджеттің кіріс бөлігі, есепті кезеңде Ұлттық қорға
түскен түсімдер, ағындағы жылғы Үкімет мүшелерінің және Облыстар
әкімдерінің селекторлық мәжілістегі мемлекеттік бюджет шығыстарының негізгі
көрсеткіштері қарастырылған.
Курстық жұмыстың мақсаты – бюджет жүйесінің буындары бойынша бюджет
кірістерінің теориялық мәні мен мазмұнын зерттеу аясында бюджеттік жүйе
деңгейлері бойынша кірістер бөлігінің атқарылуын талдау негізінде
зерттелінетін тақырып төңірегінде теориялық және практикалық қорытындылар
жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері :
- бюджет жүйесінің мазмұнын және құрылымын қарастыру;
- мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен
құрылымын зерттеу;
- салықтық түсімдер бюджет кірістерінің негізгі көзі ретінде
қарастыру;
- мемлекеттік бюджет түсімдерінің атқарылуын талдау;
- мемлекеттік бюджеттің жалпы атқарылу бақылауын талдау.

1 БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ КІРІСТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1 Бюджет жүйесінің мазмұны және құрылымы

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ
ерекшелктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге
болады. Мәселен, мемлекетің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және
халықпен қалыптасатын қаржы жүргізуші субъектілермен және халықпен
қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше
саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған
орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты
болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы мемлекеттік бюджет ұғымының
экономикалық мазмұнын қарайды. Демек, мемлекеттік бюджет мемлекеттің
оралықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық
өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық
өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық
қатынастарды білдіреді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік
бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер
тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында
асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен
қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік
ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен
шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына
өзгеше белгілермен сипатталады:
1) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен
және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты
бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
2) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық
өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера
қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың
салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары
арасында құнды қайта бөлуге арналған;
3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей
байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі
үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де,
өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып
жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категориялар сияқты,
өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты
материалдық-заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында затталынады. Мұның
нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер
мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағынында өзінің
көрінісін табады. Бюджеттік қор – бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың
құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс,
халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының
объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы
мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс
процесін білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы сияқты
бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс-қимылы,
мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен
айқындалды. Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол,
қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың
секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер
арасында бөлінеді. Мемлекетік бюджет арқылы бүгінде Қазақстанда жалпы
қоғамдық өнімнің шамамен 10℅ және жалпы ішкі өнімнің 20℅ бөлінеді. Сонымен
бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет
бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық
табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және
ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша
қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау
жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды. Бақылау функциясы бюджет
қорларын бөлудің сандық үйлесімдеріне, олардың қоғамдық өндіріс дамуының
қажеттіліктеріне сай келетіндігіне, бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын
анықтау және оларды жою мүмкіндігінде көрінеді.
Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек
экономикалық категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры
ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-
экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға
болады. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық
процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары
– салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар
және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің
негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір
жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған
қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі
қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды
орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ
қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша ролін айқындайды. Негізгі қаржы жоспары
мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі
қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын
қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәкес сөзсіз орындауға
жатады.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің
бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен
пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік
механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы
ретіндегі бюджеттің ролі осында көрінеді. Экономиканы реттеу
орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен
бөлудің нысандары мен әдістерін ретеу, бюджеттің атқарылу процесінде
қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Ақырында мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының
бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заң).
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары
ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік
бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға,
әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың табысы аз жіктерін қолдау, сондай-
ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерін әлеуметтік
қорғауға бағытталуы тиіс.
Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды
реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды
құралы болып табылады.
Қаржылық жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына
және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді.
Мемлекеттің ақша қорын жасау пайдалануды негізгі қаржы жоспары бола отырып,
бюджет барлық шаруашылық жүргізуші субъектілермен және ұжымдармен етене
байланысқан.
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін
басқарудың барлық деңгейлерінде тиімді қаржы базасы болуы тиіс. Осы
мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір
әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң щығарушы билікті, басқару
аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша
ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі
құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарын
қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі
бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болды. Осы элементтердің барлығы
– бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының
өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының
жиынтығы – бюджет құрылысын құрайды.
Дүниежүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің
құрылысына, аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және
нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен
ерекшеленеді.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық
қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер
бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын
білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің
жекелеген саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық
құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен
анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлы құрылымы болуы мүмкін.
Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:
Мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің
бюджеті;
Федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та – штаттардың, ГФР-да –
жерлердің, Канадада – провинциялардың, Ресейде – федерация субъектілерінің
бюджеттері);
Жергілікті бюджеттер.
Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі
қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті
бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі
дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық
процестерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі
бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте
сақталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық
типімен анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың
Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.
Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын
бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай бюджеттер
жұмыс істейді

Кесте 1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

Қайнар көзі: Қ.Қ. Ілиясов, С. Құлпыбаев Қаржы Алматы: 2005.

Республикалық бюджет;
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті;
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік
бюджеттің әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін.
2008 жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге
ұшырады. Бұған дейін қазақстанның мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас
республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, онда ел аумағының барлық
бюджеттері, соның ішінде ауылдық және поселкалық бюджеттер де қамтылып
көрсетілді. Ол одақтық бюджеттен, 15 одақтас республиканың мемлекеттік
бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрды.
Одақтық бюджетке 2006-2008жж мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы
ауқымының 52-50℅ тиді, оның 35℅ республикалардың республикалық
бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болды.
Бюджет кодексіне сәйкес, мемлекеттік бюджет – араларындағы өзара
өтілетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті
бюджеттерді біріктіретін, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және
бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.
Мемлекеттік және жергілікті бюджеттер кез келген басқа
мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны
болып табылады. Бюджет – мемлекеттің қажетті атрибуты және оның
егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және
муниципалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың
жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың
қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемелкеттің қаржы ресурстарының аса
ірі бөлігі шоғырландырылады. Бюджетте қаржы ресурстарын шоғырландыру
мемлекеттің қажы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі
республикалық бюджетте шоғырланған.
Республикалық бюджет – бұл салықтық және басқа да түсімдер есебінен
қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік орнгандардың, оларға
ведомстволық бағынышты мемлекеттік мемкемелердің міндеттері мен
функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпы
республикалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша
қоры.
Жергілікті бюджет – облыстық бюджет, республикаллық маңызы бар қаланың,
астананың бюджеті, аудандардың (облыстың маңызы бар қаланың) бюджеті.
Бюджет кодектсімен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен
қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік
органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға
ведомстволық бағыныштымемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын
қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкәмшілік-аумақтық
бірліктемемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша
қоры облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті болып
табылады.
Бюджет заңнамасымен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер
есебінен қалыптастырылатын және ауданның(облыстық маңызы бар қаланың)
жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынышты
мемлекеттік мемкемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз
етуге және тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қала) мемлекеттік саясатты
іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы
бар қалы) бюджеті болып табылады.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан
Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен
бекітіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және Қазақстан
Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық
уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен
бекітіледі.
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын
енгізу және оның күшін жою туралы Президенттің Жарлығы төтенше мемлекеттік
бюджетті енгізуге және оның қолданылуын тоқтатуға негіз болып тбылады.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан
Республикасының Парлементі дереу хабардар етіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолдану уақытына тиімті қаржы жылына
арналған республикалық бюджет туралы заңның және тиісті қаржы жылына
арналған барлық деңгейлердің жергілікті бюджеттері туралы мәслихаттар
шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады.
Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген
мерзім ішінде қолданыста болады.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы тоқтатылғаннан бастап
республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы тиісті қаржы жылына
арналған республикалық бюджет туралы заңға және тиісті қаржы жылына
арналған барлық деңгейлердің жергілікті бюджеттері туралы мәслихаттардың
шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының жекелеген
жерлерінде төтенше жағдай енгізілген ретте төтенше мемлекеттік бюджет
енгізілмейді.
Қазақстан Республикасының бірнеше аймақтарының аумақтарында бір
мезгілде төтенше жағдай енгізуге жағдайдың зардабы ұлттық мүдделерге және
республиканың экономикалық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіруі мүмкін
болатын ретте ғана төтенше мемлекеттік бюджет енгізуге негіз болады.

1.2 Мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрамы мен құрылымы

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және
пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттердің жұмыс жасауы ерекше
экономикалық нысандар - бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып
отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың
екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық
айналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз
етеді, ал шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік
қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік
кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер,
сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік
кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты
өтеу болып табылады.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-
экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет
және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде
мемлекет белгілі бір жағдайларды кірістерді қалыптастырудың және
шығыстарыды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Кірістердің көзі салықтар немесе оларға бара-бар төлемдер болып
табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің құрамы
мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы
тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады.
Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің құрылымы мына бөлімдерден тұрады:
1) кірістер:
- салықтық түсімдер;
- салықтық емес түсімдер;
- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
- ресми трансферттер түсімдері;
2) шығындар;
3) операциялық сальдо;
4) таза бюджеттік кредит беру:
- бюджеттік кредиттер;
- бюджеттік кридиттерді өтеу;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
- қаржы активтерін сатып алу;
- мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
6) бюджет тапшылығы (профициті);
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану):
- қарыздар түсімі;
- қарыздарды өтеу;
- бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептертерді
түзу осы көрстеілген құрылым бойынша жүзеге асырылады.
Бюджеттің кірістері салықтық және басқа міндетті төлемдер (салықтар
және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер), ресми трансферттер,
мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және
мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептелуге
тиісті ақшалар болып табылады. Салықтық емес түсімдер - бюджетке төленетін
міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми трансферттерден басқа,
бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша. Негізгі капиталды сатудан түсетін
түсімдерге мемлекеттік мемкемелерге бекітіліп берілген мемлекетттік
мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет
меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты
немесе жер пайдалануға беруден, мемлекетке тиесілі материалдық емес
активтерді сатудан түсетін ақшалар жатады. Ресми трансферттердің түсімдері
- бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне ұлттық қордан бюджетке түсетін
трансферттердің түсімдері, мақсатты ресми трансферттерді қоспағанда,
кірістердің нысаналы мақсаты болмайды.
Бюджеттің шығындары – қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет
қаражаттары. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.
Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:
1) мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;
2) тұрақты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты
шығындар;
3) мемлекеттік тапсырыстарға арналған шығындар – мемлекеттік саясатты
іске асыру мақсатында (мемлекеттік органдардың өздерінің тұтынуына
арналмаған) өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілген
қызметтерге) мемлекеттік органдардың ақы төлеуі;
4) жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер – қызметкерлерге еңбегі үшін
ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақша нысанындағы төлемдермен
байланысты шығындар;
5) заңи тұлғаларға субсидиялар – мемлекеттік мекемелер және қоғамдық
бірлестіктер болып табылмайтын заңи тұлғаларды өтеусіз және
қайтарусыз негізде қаржыландыру;
6) ресми трансферттер – бюджеттің бір деңгейден екіншісіне, сондай-ақ
ұлттық қорға трансферттер төлеу және мемлекеттік міндеттемелерді
орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері.
Бюджет кірістері – бюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан,
алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын
түсімдердің, салыққа жатпайтын және өзге де түсімдердің, сондай-ақ негізгі
капиталды сатудан түсетін кірістердің көлемі.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес республикалық
бюджетке түсетін кірістер мыналар болып табылады:
1) салықтық түсімдер, алымдар және басқа да міндетті төлемдер:
корпорациялық табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, соның ішінде
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген таарларға, орындалған
жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге және Қазақстанның аумағында
импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы, импортталатын
тауарларға акциздер, газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнайға салынатын
акциздер, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері,
экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы, Қазақстан
Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін
алым, телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектрін
пайдалануға рұқсат бергені үшін алынатын алым, теңіз, өзен кемелері мен
шағын көлемді кемелерді, азаматтық әуе кемелерін, радиоэлектрондық
құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды тіркегені үшін алынатын алым,
қалаарлық және халықаралық телефон байланысын бергені үшін, радиожиілік
сектрін, кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем,
әкелінетін және әкетілетін тауарларға кеден баждары, отандық тауар
өндірушілерді қорғау шаралары ретінде алынатын баждар, консулдық алым,
Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін
бергені үшін мемлекеттік баж, жүргізуші куәліктерін және көлік құралдарын
мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер бергені үшін алынатын мемлекеттік баж,
мемлекеттік нотариат кеңселері нотариустарының нотариаттық іс-әрекет
жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж және жасқа алымдар мен төлемдер;
2) салықтық емес түсімдер республикалық меншіктен алынатын кірістер
(республикалық мемлееттік кәсіпорындар мен Ұлттық банктің таза табысы
бөлігінің түсімдері, республикалық меншіктегі: акциялар пакеттеріне
девиденттер, заңи тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер, мүлікті жалға беруден
алынатын кірістер, Үкіметтің депозиттері, екінші деңгей банктерінің
шоттарында орналастырылған мемлекеттік сыртқы қарыздар, республикалық
бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар, қару-жарақ пен әскери
техниканы сатудан түсетін кірістер, республикалық меншіктен түсетін басқа
да кірістер); республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік
мекемелердің тауарларды ( жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуден
түсетін түсімдер және осы мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып
алуларды өткізуден түсетін ақша түсімдері; мемлекеттік мекемелер салатын
айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар және республикалық
бюджетке түсетін басқа да салыққа жатпайтын түсімдер;
3) негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер (республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мүлікті,
мемлекеттік қосалқы қорлардан, резервтерден тауарларды, материалдық
активтердісатудан түсетін ақшалар);
ресми трансферттердің түсімдері (облыстық бюджеттерден, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен алынған ресми трансферттер,
ұлттық қордан республикалық бюджетке алынған мақсатты трансферттер).

1.3 Бюджет кірістерінің негізгі көздерінің есебі

Жас тәуелсіз еліміздің қомақты бюджеті болуы жолында, мемлекеттік
қазынаның қаражатын молайта түсу - маңызды мәселе. Өйткені, денсаулық
сақтау органдарының, халыққа білім беру мекемелерінің, зейнеткерлер мен
студенттердің, басқа да толып жатқан халық жіктерінің тағдыры бюджетке
байланысты екені хақ. Бюджет кірістерінің құрамы, бюджетке шоғырланатын
ақша қаражаттарының формалары шаруашылық жүйелері мен әдістерінен, сол
сияқты қоғамның экономикалық шараларын шешуге тәуелді. Бұрын бюджет
кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың ақша қорларынан құралса, нарықтық
экономикаға- көшуге байланысты, ол заңды және жеке түлғалардың салықтық
және салықтық емес төлемдерінен тұрады.
Қандай да болмасын мемлекеттің атқаратын қызметінің ең маңызды, басты
түрі мемлекеттік кірістерді қалыптастыру екені бізге белгілі. Мемлекеттік
кіріс деп, мемлекет қарамағына әр түрлі түсім көздерінен келіп түсетін және
оның өзіне тән міңдеттерін шешуге, сондай-ақ, функцияларын жүзеге асыруға
пайдаланылатын қаржылық ресурстарды айтуға болады. Сол мемлекеттік
кірістердің қатарынан салықтар да өзіне тиісті, өте маңызды орын алады.
Салықтар мемлекеттің басқа да атрибуттары сияқты мемлекеттер құрыла
бастаған кезде пайда болған және олар әркашан да мемлекеттің мемлекет болып
қалыптасуының, сондай-ақ оның өсіп-өркендеуінің негізгі материалдық тірегі
болып табылған.
Алғашқы кездерде мемлекетті ұстауға қажетті қаражаттар сол мемлекет
тұрғындарынан заттай немесе ақшалай күйінде алынған болса, кейінінен олар
тұрақты, жүйелі түрде ақшалай алынатын міндетті төлемдерге - салықтарға
айналған.
Салықтардың, салықтық құқықтың мемлекеттермен қатар пайда болуы
олардың құқықтық табиғатын, мәнін ашып көрсететін сияқты. Өйткені сол
кездерден бастап мемлекеттерде әлеуметтік әділеттілік, демократиялық және
құқықтық принциптері көрініс берген. Әртүрлі меншік нысандарының теңдігі,
олардың өндіріс құралдары мен жабдықтарына негізделуі де мемлекеттің
экономикалық жүйесімен шартталған болатын.
Сонымен салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық
жүргізуші субьектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық
қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші
субьектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне
жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.
Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің
өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет қүрылымының өзгеруі,
өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен
бірге қалыптасады.
Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі
бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар - мемлекеттің тұрақты қаржы
көзі. Сондықтанда мемлекет экономиканы дамытып, тұрақтандыру барысында
қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.
Салықтардың функционалдық, сипаттамасын нақтыландыру, яғни
қызметтеріне талдау жасау арқылы салықтардың тікелей мәнін және
экономикалық табиғатын, сондай-ақ атқаратын қызметтерінің негізгі бағытын
көруге болады. Салықтардың қызметтері белгілі кезеңде өздері атқаратын
рөліне байланысты, мемлекет алдында тұрған негізгі мәселелерді шешуге
септігін тигізуге, қажетті экономикалық тұтқа және реттеуші болып табылады.
Салыктардың қалыптасқан түрдегі негізгі үш қызмет бар. Олар:
фискалдық, қайта бөлу және реттеуші қызметтер. Негізінде экономикалық
теория жене басқа тиісті оқулықтарда осы негізгі үш қызмет
көрсетілмегенімен, кейбір белгілі экономист-ғалымдардың еңбектерінде оларға
қоса тағы бірнеше қызметтер аталады.
Бірінші, фискалдық қызмет-салықтардың және басқа да міндетті
телемдердің бюджетке толығымен және уақтылы (мерзімінде) түсіп отыруын
қамтамасыз етеді. Фиск - латын тілінде мемлекеттік қазына деген мағынада
айтылған. Сондықтан, фискалдық қызмет-салықтық-бюджеттік қызмет, яғни
мемлекеттік қазына-бюджетті түсім көздері - салықтар мен басқа да міндетті
төлемдер арқылы ақшалай қаражаттармен қамтамасыз ету жөнінде қызмет болып
табылады. Қысқаша айтқанда, қаражаттарды бюджетке жұмылдыру қызметі.
Тауарлық-ақшалай қатынастардың, өндірістің дамуына байланысты бұл қызмет
-мемлекет қарамағына түсетін ақшалай кірістерді ұлғайта түседі. Ал қайта
бөлу қызметі, әртүрлі субьектілерінің табыстарының белгілі бөлігін мемлекет
пайдасына қайта бөлу қызметі. Бұл қызметтің барысында жалпы ұлттық өнім
көлеміндегі салықтардың үлесі анықталады, яғни ұлттық табысты бөлу және
қайта бөлу арқылы оның қандай бөлігінің мемлекет меншігіндегі қорға
қосылғанын көрсетеді.
Үшінші қызметі - салықтық реттеу, яғни реттеуші қызмет-салық
нарықтарының мөлшерін өзгерту, салық түрлерін азайту және негізделген салық
жеңілдіктерін енгізу арқылы, заңды және жеке тұлғаларды нарыққа бағытталған
экономикалық белсенділіктерін (қызметтерін), сондай-ақ мүдделерін
қамтамасьгз ету. Бұл қызмет өзінің осындай сипаттамасына байланысты
ынталандыру қызметі деп те аталады. Салықтық реттеу (салықпен реттеу деген
де болады) мүмкіндігінше тиімді салық түрлерін таңдау, олардың мөлшерін
өзгерту, сондай-ақ жеңілдік көрсету, кейде кейбір түрлерін алу тәсілін
өзгерту сияқты әрекеттерден тұрады. Әсіресе бұл қызметті ғылыми-техникалық
процестерді ынталандыру кезінде қолдану өте тиімді болады.
Мемлекет үстінде аталған салықтардың қызметін қолдана отырып салық
салу, салық қызметі саласындағы әртүрлі шараларды жүргізеді және салық
жүйесін анықтап, олардың қызмет атқару тұтқасын әзірлейді. Салық салу
саласыңдағы жүзеге асырылатын шараларды қоғамның нақты бір даму кезеңіндегі
әлеуметтік-экономикалық мақсаттарына байланысты экономикалық саясатпен
ұштастыру да осы қызметтер арқылы жүргізіледі.
Енді осы қызметтер жөнінде қалыптасқан, дәстүрлі көзқарастармен
шектеліп қана қоймай басқа да авторлардың пікірлеріне тоқталайық. Белгілі
экономист-ғалым Қарағұсова Г.Ж. айтуынша салықтардың атқаратын қызметтері
мына төмендегідей болып келеді:
1.фискалдық немесе жұмылдыру қызметі арқылы мемлекет тиісті шығындарын
қаржыландыруға қажетті салықтарды жиыстырады;
2.қайта бөлу қызметі арқылы мемлекет экономика ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджеті
Мемлекет кірістерінің экономикалық мәні
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қызметтері
Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
Пәннің оқу - әдістемелік кешені "мемлекеттік қаржы"
Мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасындағы бюджет тапшылығы мәселесі
Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет кірістерінің жүйесі
Жергілікті бюджеттің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Қазақстанның бюджет жүйесі
Пәндер