Экологиялық құқығының пәні, әдісі, жүйесі


Билет №9

1. Өсиет бойынша мұрагерлік.

2. Экологиялық құқығының пәні, әдісі, жүйесі.

3. Зейнетақы және жәрдемақы түсінігі.

1) Өсиет бойынша мұрагерлік.

Өсиет бойынша мұрагерлік - азаматтың қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөнінде өз ықтиярын білдіруі өсиет болып танылады. Өсиетті оны жасаған кезде толық әрекет қабілеттілігі бар азамат жасайды. Азамат өзінің барлық, мүлкін немесе оның бір бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кіретін де, кірмейтін де бір не бірнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етіп қалдыра алады. Өсиетті өзі жасауға тиіс. Өкіл арқылы өсиет жасауға жол берілмейді Өсиет қалдырушы себебін түсіндірместен заң бойынша мұрагерлер біреуін, бірнешеуін немесе барлығын мұрадан айыруға құқылы. Егер өсиеттен өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагерді мұрадан айыру оның ұсынылу қүкығы бойынша мұрагерлік етуші ұрпақтарына қолданылмайды. Мұра калдырушы өзінің кез келген мүлкі, онын ішінде болашакта сатып алуы мүмкін мүлкі туралы да әкімі бар өсиет жасауға құқылы. Өсиет қалдырушы мұрагерлердін мұрадағы үлесін кез келген түрде белгілеуі мүмкін, әр түрлі мүлікке қатысты бір немесе бірнеше өсиет жасай отырып, өз мүлкіне немесе оның қандай да бір бөлігіне билік ете алады. Мұра қалдырушы жасалған өсиеттің оны жасағаннан кейін кез келген уакытта күшін жоюға және өзгертуге ерікті және күшін жоюдың немесе өзгертудін себебін көрсетуге міндетті емес. Мұра қалдырушының өсиетте өзі мұрагер етіп тағайындаған адамдарға, олар қайтыс болған жағдайда өз кезегінде өсиет еткен мүлікті белгілі бір түрде билік ету міндетін жүктеуге құқығы жоқ.

2) Экологиялық құқығының пәні, әдісі, жүйесі.

Экология дегеніміз - қоршаған ортаны қорғау, табиғи рессурстарды тиімді пайдалану. Экология ұғымын ең алңаш рет енгізген неміс ғалымы Геккель. Экологиялық түсініктер: биологиялық әртүрлiлiк - бiр түр аясында, түрлер арасындағы және экологиялық жүйелердегi жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi объектiлерiнiң әртүрлiлiгi; биологиялық ресурстар - генетикалық ресурстар, организмдер немесе олардың бөлiктерi, популяциялар немесе экологиялық жүйелердiң адамзат үшiн нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар кез келген басқа да биотикалық компоненттерi; генетикалық түрлендiрiлген организмдер - өсiмiн молайтуға немесе тұқым қуалайтын генетикалық материалды беруге қабiлеттi, табиғи организмдерден ерекше, гендiк инженерия әдiстерi қолданыла отырып алынған және құрамында гендiк-инженерлiк материал (гендер, олардың фрагменттерi немесе гендер комбинациясы) бар организмдер;
генетикалық түрлендiрiлген өнiмдер - гендiк инженерия әдiстерi пайдаланыла отырып алынған, құрамында жансыз генетикалық түрлендiрiлген организмдер немесе солардың компоненттерi бар өсiмдiктен және (немесе) жануарлардан алынатын өнiмдер;
ең озық қолжетiмдi технологиялар - пайдаланылатын және жоспарланатын салалық технологиялар, шаруашылық қызметтiң қоршаған ортаға терiс әсерiнiң деңгейiн қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi қамтамасыз етiлетiндей деңгейге дейiн азайтуға бағытталған, ұйымдастыру және басқару шараларын қамтамасыз ететiн техника және жабдық; инерттi қалдықтар - елеулi физикалық, химиялық немесе биологиялық өзгерiстерге ұшырамайтын әрi қоршаған ортаға және адамның денсаулығына қолайсыз әсер етпейтiн қалдықтар; коммуналдық қалдықтар - елдi мекендерде, оның iшiнде адамның тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде пайда болған тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы және жиналу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндiрiс қалдықтары;
қалдықтар сыныптауышы - қалдықтарды сыныптау нәтижелерi қамтылған, қолданбалы сипаттағы ақпараттық-анықтамалық құжат;
қалдықтарды есепке алу - қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамалары және олармен жұмыс iстеу тәсiлдерi туралы ақпаратты жинау және беру жүйесi; қалдықтарды жою - қалдықтарды көму және жою жөнiндегi операциялар;
қалдықтарды залалсыздандыру - механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу жолымен қалдықтардың қауiптi қасиеттерiн азайту немесе жою; қалдықтарды кәдеге жарату - қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретiнде пайдалану;
қалдықтарды көму - қалдықтарды шектеусiз мерзiм iшiнде қауiпсiз сақтау үшiн арнайы белгiленген орындарға жинап қою; қалдықтарды өңдеу - қалдықтардың көлемiн немесе қауiптi қасиеттерiн азайту үшiн олардың сипатын өзгертетiн, олармен жұмыс iстеудi жеңiлдететiн немесе оларды кәдеге жаратуды жақсартатын сұрыптауды қоса алғанда, физикалық, жылу, химиялық немесе биологиялық процестер;
қауiптi қалдықтар паспорты - қалдықтардың шығу көзi бойынша пайда болу процестерiнiң, олардың сандық және сапалық көрсеткiштерiнiң, мұндай қалдықтармен жұмыс iстеу ережелерiнiң, оларды бақылау әдiстерiнiң, бұл қалдықтардың қоршаған ортаға, адам денсаулығына және (немесе) тұлғалар мүлкiне зиянды әсер ету түрлерiнiң стандартталған сипаттамасы, қалдықтарды шығарушылар, меншiгiнде қалдықтар бар өзге де тұлғалар туралы мәлiметтер қамтылған құжат; қалдықтарды орналастыру - өндiрiс және тұтыну қалдықтарын сақтау немесе көму; қалдықтарды сақтау - қалдықтарды кейiннен қауiпсiз жою мақсатында оларды арнайы бөлiнген жерлерде жинап қою; қалдықтарды сыныптау - қалдықтардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауiптiлiгiне сәйкес оларды жiктеуге жатқызу тәртiбi; қалдықтардың түрi - шығу көзiне, қасиеттерiне және жұмыс iстеу технологиясына сәйкес жалпы белгiлерi бар, қалдықтар жiктеуiшi негiзiнде айқындалатын қалдықтар жиынтығы; қалдықтармен жұмыс iстеу - қалдықтардың пайда болуының алдын алуды және оларды азайтуды, есепке алу мен бақылауды, қалдықтардың жиналып қалуын, сондай-ақ қалдықтарды жинауды, өңдеудi, кәдеге жаратуды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды (жинап қоюды) және жоюды қоса алғанда, қалдықтармен байланысты қызмет түрлерi; қауiптi қалдықтар - құрамында қауiптi қасиеттерi (уыттылығы, жарылыс қаупi, радиоактивтiлiгi, өрт қаупi, жоғары реакциялық қабiлетi) бар зиянды заттар болатын, дербес немесе басқа заттармен байланысқа түскен кезде қоршаған ортаға және адам денсаулығына тiкелей немесе ықтимал қауiп төндiретiн қалдықтар;
қауiптi емес қалдықтар - қауiптi және инерттi қалдықтарға жатпайтын қалдықтар; қолайлы қоршаған орта - жай-күйi экологиялық қауiпсiздiктi және халықтың денсаулығын сақтауды, биоәртүрлiлiктi сақтауды, ластануды болғызбауды, экологиялық жүйелердiң тұрақты жұмыс iстеуiн, табиғи ресурстарды молықтыруды және тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ететiн қоршаған орта; экологиялық тәуекел - белгiлi бiр факторлардың ықпалы салдарынан қоршаған орта және (немесе) табиғи объектiлер жай-күйiнiң қолайсыз өзгерiстерге ұшырау ықтималдығы; эмиссиялар нормативтерi - қоршаған орта сапасы нормативтерiнiң сақталуы қамтамасыз етiлетiн жол берiлетiн эмиссиялар көрсеткiштерi; эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi - қоршаған ортаға эмиссиялардың уақыт бiрлiгiне немесе шығарылатын өнiм бiрлiгiне немесе басқа да көрсеткiштердегi, елiмiздiң экономикасы үшiн қолдануға болатын шығындар кезiнде оларды нақты техникалық құралдармен қамтамасыз ету мүмкiндігi негiзiнде айқындалатын шамалары.
2. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы қатынастарды реттейтiн нормалары бар өзге де заңдарының арасында қайшылық болған жағдайда, осы Кодекстiң ережелерi қолданылады. Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының негiзгi принциптерi: Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету; экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; экологиялық қатынастарды реттеу кезiндегi экожүйелi көзқарас; қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқару; қоршаған ортаны ластаудың және оған кез келген басқа түрде залал келтiрудi болдырмау жөнiнде алдын алу шараларының мiндеттiлiгi;
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылықтан бұлтартпау; қоршаған ортаға келтiрiлген залалды өтеу мiндеттiлiгi; қоршаған ортаға әсер етудiң ақылы болу және оған рұқсат алу тәртiбi; табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезiнде неғұрлым экологиялық таза және ресурс үнемдеушi технологияларды қолдану;
3. Экологиялық қатынастар Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер етуге байланысты шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асыру кезiнде қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтiру және сақтау, табиғи ресурстарды пайдалану мен молықтыру саласындағы қатынастар реттеледi. Жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк реттеудi және табиғи ресурстарды пайдалану саласында мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар экологиялық қатынастардың қатысушылары болып табылады.

3) Зейнетақы және жәрдемақы түсінігі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер құқығының түсінігі, пәні, әдістері, жүйесі
Қазақстан Республикасының жер құқығы жерге меншіктің құқықтық
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
«Жер құқығы» пәні бойынша контактілі дәрістер материалдары
Жерге меншік
Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидалары
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Экологияның заңдылық жүйесі. Көздері және жіктелуі
Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
Жер экономикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz