ҚР Конституциялық Кеңесі, қылмыс түрлері және неке шарты: құқықтық негіздер мен институционалдық аспектілер


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Билет №10

1. ҚР Конституциялық кеңесі.

2. Қылмыс түрлері.

3. Неке шарты.

1) ҚР Конституциялық кеңесі.

Конституциялық Кеңес Қазақстанның саяси жүйесінде айрықша орынға ие. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі өкілеттіктері алты жылға созылатын жеті мүшесінен құралған. Конституциялық Кеңестің өмір бақилық мүшелігіне Республиканың Экс-Президенттері құқылы болып табылады. Конституциялық Кеңестің ТөрағасынРеспублика Президенті тағайындайды және дауыс теңдей бөлінген жағдайда оның дауысы шешуші болып табылады.

Конституциялық Кеңестің екі мүшесі Республика Президентімен, екеуі Сенат төрағасымен, екеуі Мәжіліс төрағасымен тағайындалады. Конституциялық Кеңестің қалған мүшелері әр үш жыл сайын жаңартылып тұрады.

Конституциялық Кеңестің ұйымдастырылуы мен қызметі конституциялық заңмен реттеледі.

Конституциялық Кеңес:

  • Республика Президентінің сайлауы;
  • Парламент депуттарының сайлауы;
  • Республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселеге қатысты туған таласты шешеді.

Конституциялық Кеңес:

  • Парламентпен қабылдаған және Президент қол қойған заңдардың Конституциямен сәйкестігін;
  • Халықаралық келісімдердің Конституцияға сәйкес бекітілуін қарайды.

Конституциялық Кеңес:

Конституция нормаларына ресми түсінік береді;

  • Республика Президентін қызметінен мерзімінен бұрын босату туралы Парламентпен тиісті шешім қабылданғанша, Республика Президентін қызметінен босату туралы соңғы шешімге келгенге дейін белгіленген конституциялық рәсімдерді сақтау туралы ұйғарым жасайды.

Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімі қабылдаған күннен бастап күшіне енеді және шешім шағымдануға жатпайды, республиканың барлық аумағында жалпыға бірдей міндетті болып табылады. Басқа да шешімдердің өз күшіне ену тәртібі Конституциялық Кеңеспен айқындалады.

Республика Президентінің қарсы пікірін еңсермеген жағдайда Конституциялық Кеңестің шешімі қабылданбаған болып саналады және конституциялық өндірісі тоқтатылады.

2. Қылмыс түрлері.

Қылмыс - бұл құқық бұзылушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзыушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді.

Жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туғызбаған іс-әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып табылмайды. Бұл анықтамада қылмыстың формальды белгісі де (құқыққа қарсылық), материалдық белгісі де (қоғамдық қауіптілік) қамтылады. Сондай-ақ айыптылық пен жазаланушылық та қылмыстың қажетті белгісіне жатады.

Криминологияда және құқықтық статистикада - әрқайсысы үшін қылмыстық жазалау қарастырылған, іс жүзінде жасалған барлық құқыққа қарсы әрекеттердің жиынтығы. Сонымен бірдерлікте қылмыс - жекелеген қылмыстардын тек қана саны (немесе жиынтығы) ғана емес, бұл белгілі бір заңдылықтарды иеленген құбылыс.

Қылмыс жағдайы заңнамадағы өзгерістер немесе оны іс жүзінде қолдану салдарынан өзгеруі мүмкін. Тіпті заң аясында сот тәжірибесінің ауытқуы да қылмыс статистикасын өзгерте алады. Сол немесе басқа әрекет үшін немесе қылмыстық әрекетті жоятын қылмыстық жауапкершілікті тағайындайтын қылмыстық заңды қабылдау, ол да қылмыс жағдайының әрдайым өзгеріп отыруына әсер етеді.

Қылмыстың құрылымы мен сипатының өзгеруі түрліше әлеуметтік жағдайларға, құбылыстар мен үдерістерге, мысалы, тұрғындардың көші-қон және жас құрамына; аймақтың немесе басқа аумақтың экономикалық жағдайына; қалыптасқан ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер және т. б. ; қылмыс заңнамасының өзгеруіне, қылмыстың алдын алу бойынша жұмыс сапасына және басқа факторларға тәуелді болады.

3) Неке шарты.

Некелік шарт - біздің тұрмысымызға салыстырмалы түрде жақында енген ұғым. Некелік шарт деп - некеге тұратын адамдардың немесе ерлі - зайыптылардың некеде тұрғандағы немесе оны бұзған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісімдері танылады. Некелік шарт міндетті түрде жазбаша жасалуы және нотариуспен куәландырылуы қажет.

Некелік шартты некеге отыратын адамдардың тікелей өздері, сондай - ақ адвокат не нотариус толтыруы мүмкін екендігін айырықша атап көрсету қажет. Некелік шартты нотариалды куәландыру үшін жекеменшік немесе мемлекеттік нотариусқа жүгіну керек. Некелік шартты некені тіркегенге дейін, сондай - ақ некеде тұрған кез келген уақытта жасасуға болады. Некелік шарттың субъектілері не ерлі - зайыптылар, не некеге енді тұруға әзірленіп жатқан адамдар болуы мүмкін (күйеу мен қалыңдық) . Ерлі - зайыптылар, яғни АХАТ органдарында тіркелмеген, бірақ бірге тұратын және бір - біріне қамқорлық көрсететін адамдар некелік шарт жасаса алмайды.

Некеге тұратын кәмелетке толмағандар (18 жасқа дейінгі адамдар) ата - аналарының немесе қамқоршыларының келісімімен ғана некелік шарт жасаса алады. Бұл кәмелетке толмағандардың өз бетінше некелік шарт жасасуына тыйым салынады деген сөз.

Некелік шарт жасасу - некені тіркеу үшін қажетті шарт болып табылмайтындағын атап өту керек. Некеге отыратын адамдардың немесе ерлі - зайыптылардың неке шартын жасасуы немесе оған қол қоюдан бас тартуы ерікті түрде шешіледі, өйткені бұл олардың міндеті емес, құқығы болып табылады. Бірақ сонымен бірге неке шартында ерлі - зайыптылардың немесе некеге тұратын адамдардың ортақ еркі білдірілуі тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы және неке құқығы: некенің құқықтық тәртібі мен неке шарты
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі: құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктері
Қазақстандағы неке шарты: құқықтық негіздері, мазмұны және қолдану мәселелері
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі: құрылымы, мәртебесі және конституциялық іс жүргізу
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі: құрылуы, құзыреттері мен мүшелерінің мәртебесі
Қазақстан Республикасының заңдары бойынша неке шарты: теориялық маңызы мен құқықтық реттелуі
Шетелдік элементі бар неке қатынастарының халықаралық жеке құқықтық мәселелері және неке шарты мен жалған некенің құқықтық реттелуі
Қазақстан Республикасының неке және отбасы құқығы: құқықтық табиғаты, ерлі-зайыптылардың құқықтары және неке шарты
ҚР қылмыстық құқығында қылмыс субъектісінің теориясы мен құқықтық мәселелері
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі: құрылымы, мәртебесі және құзыреті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz