Абайсызда, қасақана қылмыс түсінігі



1. Абайсызда, қасақана қылмыс түсінігі.
2. ҚР Прокуратурасы: жүйесі, құрылымы, функциясы.
3. Неке бұзу, ажырасу. АХАТ органдарында некені бұзу.
Қылмыстық іс-кимылдардың, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату, дәрігерлік сипаттағы мәжбүрлеу шараларын колдану барысында қалыптасады. Қылмыстык кодекстің 9-бабында көрсетілгендей,Қылмыстық кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады.Қылмыстың төмендегідей 4 белгісі бар:қоғамдық қауіптілігі, кұкыққа карама-қайшылығы, кінәлілігі, қылмыстық жауаптылығы)
Кінә. Адам соларға қатысты өз кінәсі анықталган қоғамдык кауіпті әрекеті (іс-әрекет немесе әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс. Объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыкқа жол берілмейді. Қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана кылмысқа кінәлі деп танылады. Абайсызда жасалған әрекет Қылмыстык кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында арнайы көзделген жағдайда ғана қылмыс деп танылады.
Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін үғынып, онын қоғамдық кауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Билет №12
1. Абайсызда, қасақана қылмыс түсінігі.
2. ҚР Прокуратурасы: жүйесі, құрылымы, функциясы.
3. Неке бұзу, ажырасу. АХАТ органдарында некені бұзу.

1) Абайсызда, қасақана қылмыс түсінігі.
Қылмыстық іс-кимылдардың, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату, дәрігерлік сипаттағы мәжбүрлеу шараларын колдану барысында қалыптасады. Қылмыстык кодекстің 9-бабында көрсетілгендей,Қылмыстық кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады.Қылмыстың төмендегідей 4 белгісі бар:қоғамдық қауіптілігі, кұкыққа карама-қайшылығы, кінәлілігі, қылмыстық жауаптылығы)
Кінә. Адам соларға қатысты өз кінәсі анықталган қоғамдык кауіпті әрекеті (іс-әрекет немесе әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс. Объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыкқа жол берілмейді. Қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана кылмысқа кінәлі деп танылады. Абайсызда жасалған әрекет Қылмыстык кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында арнайы көзделген жағдайда ғана қылмыс деп танылады.
Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін үғынып, онын қоғамдық кауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) коғамға қауіпті екенін үғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де, бүған саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайды караса, кыл-мыс жанама ниетпеи жасалған деп танылады.
Менмендікпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда жасалган қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) коғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекстінің (әрекетсіздігінің) қоғамдык қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайлықпен жасалған қылмыс деп танылады.
Қылмыс секілді қоғамдык қауіпті әрекеттің объективті және субъективті белгілерінің қылмыстық заңмен бекітілген жиынтығын қылмыстық кұқыкта қылмыстың құрамы дейді. Кылмыстың кұрамы -- белгілі бір қылмыстык іс-қимылдың тек типтік белгілерін бекітетін нормативті санат. Егер қылмыс жасау, қылмыстық жауаптылыктың нақты негізі болса, қылмыс құрамы оның заңдық негізі болады. Сондыктан бұл екі жағдайлар өзара тығыз байланыста, бір тұтастықты құрайды. Заң ғылымдары қылмыс құрамының міндетті 4 бөлшегін көрсетеді: қылмыстың объектісі, қылмыстың объективті жағы, қылмыстың субъектісі, қылмыстың субъективті жағы. Бұлар өзара байланысты. Егер жасалған қылмыста қылмыс құрамының аталған бөлшектерінің біреуі болмаса, онда қылмыс кұрамы болмайды және қылмыс жасаған тұлғаны қылмыстық жауаптылыкқа тартуға болмайды.
Қылмыстық кодексте көзделген әрекеттер сипатына және қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай қылмыс онша ауыр емес қылмыстарға, ауырлығы орташа қылмыстарға, ауыр қылмыстарға және ерекше ауыр қылмыстарға бөлінеді.
Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза екі жылға бас бостандығынан айырудаң аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін Қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес қылмысдеп танылады.
Жасалғаны үшін Қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін Қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін Қылмыстық кодексте он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы көзделген касақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің белгілі бір бабында немесе бабының бөлігінде көзделген екі немесе одан да көп әрекетті жасау -- қылмыстардың бірнеше рет жасалуы деп танылады.
Осы Кодекстің түрлі баптарында немесе баптарының бөліктерінде көзделген, адам солардың бірде-біреуі үшін сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екі немесе одан да көп әрекеттерді жасау қылмыстардың жиынтығы деп танылады.
Бұрын қасақана жасаған кылмысы үшін соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады.
Қылмыс бір ғана адам емес бірнеше тұлғалардың ұйымдасуымен де жасалуы мүмкін. Екі немесе одан да көп адамның қасақана кылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады. Ұйымдастырушы, айдап салушы немесс көмектесуші орындаушымен бірге қылмысқа қатысушылар деп танылады.
Қылмысты тікелей жасаған немесе оны жасауға басқа адамдармен (қоса орындаушылармен) бірге тікелей қатысқан адам, сондай-ақ жасына, есінің дұрыс еместігіне немесе осы Кодексте көздслген басқа да мән-жайларға байланысты қылмыстық жауапқа тартуға болмайтын басқа адамдарды пайдалану арқылы, сол сияқты әрекетті абайсызда жасаған адамдарды пайдала-ну жолымен қылмыс жасаған адам орындаушы деп танылады.
Кылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылык, еткен адам, сол сияқты ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастық (қылмыстық ұйым) құрған не оларға басшылық еткен адам ұйымдастырушы деп танылады.
Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады.
Кеңестерімсң, нұсқауларымен, ақпарат, қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен не қылмысты жасауға кедергілерді жоюымен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ қылмыскерді, қаруды немесе кылмыс жасаудың өзге құралдарын, қылмыстың ізін не қылмыстық жолмен табылған заттар-ды жасыруға күні бұрын уәде берген адам, сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уәде берген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кінә дәрежесі
Қылмыс жасаудың нысаны - әрекет
Абайсызда кісі өлтіру
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢДАҒЫ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ СУБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ
Қылмыс түсінігі белгілері
Қылмыстың қайталануының жалпы
Қылмыстың ұғымы мен белгілері
Абайсызда адам өлтіру түсінігі
Кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмыс
Қылмыстың белгілері
Пәндер