Құқық нормалары туралы түсінік


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Билет №14

1. Құқық нормалары.

2. Некеге турудың шарттары мен тәртібі. Неке жасы.

3. ҚР министрлігі және оның органдары; жүйесі, құрылымы, орны, мақсаты. Міндеттері;

1) Құқықтық нормалар.

Құқықтық норма - қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғауaдың мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзіне асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін арнайы ережелермен реттейді.
Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі норма болмайды. Құқық деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іске асыруды толық қамтыған нормативтік актілер жиынтығын айтамыз. Сонда да құқықтың маңызы зор. Оның мазмұны өте күрделі нәрселерді біріктіреді. Қоғамдық мүддені, саясатты, мемлекеттік билікті, бостандықты, теңдікті, әділеттікті, адамгершілікті, заңдылықты, тәртіпті, білімді, ғылымды, рухани сананы, халықтың әлеуметтік жағдайын, тағы басқа демократилық іс-әрекеттерді.
Құқықтық норманың құндылығы:
• Құқықтық нормалар қоғамды реттеп, басқарудың құралы, сол арқылы адамдардың, заңды тұлғалардың қарым-қатынастарына дұрыс бағыт беріп отырады.
• Құқықтық нормалар қоғамдық құрылыс жүйені қорғаудағы ең сапалы құрал, нормативтік актілер қоғамға зиянды іс-әрекеттерге жауапкершілікті күшейтіп отырады.
• Құқытық нормалар қоғамның дамуына пайдалы қатынастарды қолдап, қолайсыздарын қысқартып, экономиканың, әлеуметтік жағдайдың жақсаруына мүмкіндік жасап отырады.
• Құқытық нормалар қоғамда әділеттілікті, теңдікті, бостандық т№б№ демократиялық қағидаларды қалыптастырады.
• Құқытық нормалар халықаралық, мемлекетаралық байланысты, қатынасты жақсартудың құралы.
Құқық - жалпыға бірдей міндетті, мемлекетпен қамтамасыз етілетін,

2) Некеге турудың шарттары мен тәртібі. Неке жасы.

Некелік шарт.

Некелік шарт - біздің тұрмысымызға салыстырмалы түрде жақында енген ұғым. Некелік шарт деп - некеге тұратын адамдардың немесе ерлі - зайыптылардың некеде тұрғандағы немесе оны бұзған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісімдері танылады. Некелік шарт міндетті түрде жазбаша жасалуы және нотариуспен куәландырылуы қажет.

Некелік шартты некеге отыратын адамдардың тікелей өздері, сондай - ақ адвокат не нотариус толтыруы мүмкін екендігін айырықша атап көрсету қажет. Некелік шартты нотариалды куәландыру үшін жекеменшік немесе мемлекеттік нотариусқа жүгіну керек. Некелік шартты некені тіркегенге дейін, сондай - ақ некеде тұрған кез келген уақытта жасасуға болады. Некелік шарттың субъектілері не ерлі - зайыптылар, не некеге енді тұруға әзірленіп жатқан адамдар болуы мүмкін (күйеу мен қалыңдық) . Ерлі - зайыптылар, яғни АХАТ органдарында тіркелмеген, бірақ бірге тұратын және бір - біріне қамқорлық көрсететін адамдар некелік шарт жасаса алмайды. Некеге тұратын кәмелетке толмағандар (18 жасқа дейінгі адамдар) ата - аналарының немесе қамқоршыларының келісімімен ғана некелік шарт жасаса алады. Бұл кәмелетке толмағандардың өз бетінше некелік шарт жасасуына тыйым салынады деген сөз.

Некелік шарт жасасу - некені тіркеу үшін қажетті шарт болып табылмайтындағын атап өту керек. Некеге отыратын адамдардың немесе ерлі - зайыптылардың неке шартын жасасуы немесе оған қол қоюдан бас тартуы ерікті түрде шешіледі, өйткені бұл олардың міндеті емес, құқығы болып табылады. Бірақ сонымен бірге неке шартында ерлі - зайыптылардың немесе некеге тұратын адамдардың ортақ еркі білдірілуі тиіс.

3) ҚР министрлігі және оның органдары; жүйесі, құрылымы, орны, мақсаты. Міндеттері;

Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының жүйесі. ҚР Конституциялық Кеңесі: оның мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны, ролі, маңызы және функциясы. ҚР Әділет Министрлігі және оның органдары; жүйесі, құрылымы, орны, мақсаты, міндеттері. ҚР Прокуратурасы: жүйесі, құрылымы, функциясы. Заңдылыққа жоғары қадағалау: түсінігі, жүзеге асыру нысандары, қызметінің қағидалары. ҚР Ішкі Істер Министрлігі: жүйесі, мақсаты және міндеттері. ҚР ІІМ органдарының қызметінің қағидалары. ҚР Қауіпсіздік Комитеті: органдарының жүйесі, мақсаттары және міндеттері. ҚР Президентін қорғау қызметі: қызметінің және ұйымдастырылуының қағидалары. Адвокатура және нотариат. Олардың құқық қорғау қызметіндегі орны мен маңызы. Заңи көмек - түсінігі, түрлері. Басқа құқық қорғау органдары.

Бөліну функциялары құқық қорғау органдарының жүйесінің негізі ретінде. Құқық қорғау органдарының бағыныштылығының иерархиясы, олардың өзара әрекет етуінің негізі, мақсаттарының біртұтастығы, міндеттерді шешу құралдары және тәсілдері.

Сот органдарының қызметінің және ұйымдастырылуының құқықтық негіздері. Соттың мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны, ролі және маңыздылығы. Қазақстан Республикасындағы Сот жүйесі: 1) аудандық және оған теңестірілген соттар; 2) облыстық және оған теңестірілген соттар; 3) ҚР Жоғарғы Соты; 4) мамандырылған соттар.

Соттардың ұйымдастырушылық және ресурстық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын органдар.

ҚР Жоғарғы Соты - мемлекеттің жоғарғы сот органы ретінде. ҚР Жоғарғы Сот қарамаңындағы ғылыми кеңес беру советі және басылым органы.

Сот органдарының құрылымы: алқалар (азаматтық және қылмыстық істер бойынша қадағалау), соттың пленарлық мәжілісі.

Соттың қызметін және ұйымдастырылуының қағидалары, соттардың кепілдіктері және тәуелсіздігі. Сот лауазымына кандидаттарды таңдау тәртібі.

ҚР Сот әділдігін жүзеге асыру - Қазақстан Республикасының соттарының негізгі функциясы ретінде.

Сот жүйесінің даму және жетілдірілу жолдары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭТИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ
Құқық нормасының түсінігі
Саяси жүйе және мемлекет. Құқықтың әлеуметтік нормалар
Құқықтық норма түсінігін игеру
Құқықтық нормалардың элементтерінің құрылу тәсілдері
Құқық нормасын талқылау
Құқық нормаларын талқылау түрлері
Құқықты түсіндіру мәні
Құқық туралы түсінік
ҚҰҚЫҚТЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz