Заңды тұлға түсінігі және негізгі ерекшеліктері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Билет №15

1. Құқықтық мемлекет.

2. Айыппұл түсінігі.

3. Заңды тұлға түсінігі және негізгі ерекшеліктері.

1) Құқықтық мемлекет - конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.

Құқықтық мемлекет - өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқығы бұзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін И. Кант жасады.
Қазіргі ғаламдық әлемде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы мемлекет, қоғам және азаматтың арақатынасын қалыптастырудың әмбебап идеалы болып отыр. Құқықтық мемлекет идеясының мәні - оның бірізді демократиялылығы, билік көзі ретіндегі халық егемендігін бекіту, мемлекеттің қоғамға бағынуы. Құқықтық мемлекет идеясындағы бастысы - мемлекеттің және оның органдарының зорлық-зомбылығынан, басынуынан азаматтарды қорғау кепілі болатын мемлекеттің құқықпен байланыстылығы. Құқықтық мемлекет ең алдымен, барлық мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және азаматтар бағынуы тиіс өзіндегі құқықтық ережелермен өзін-өзі шектейтіндігімен ерекшеленеді, ал ондағы басты принцип - құқық үстемдігі.
Құқық үстемдігі деген ең алдымен заң үстемдігін білдіреді. Басты, маңызды, негізгі қоғамдық қатынастар заңмен реттеледі. Қоғам өмірінде заң үстемдігі арқылы, барлық саяси институттарда жоғарғы құқық бастаулары, құқық рухы енгізіледі. Осылайша, азаматтардың құқықтарының шынайылығы әрі мызғымастығы, олардың сенімді құқықтық мәртебесі, заңдық қорғалуы қамтамасыз етіледі. Құқықтық мемлекет - ең алдымен, құқықтық мемлекет идеялары іске ас¬қан конституциялық мемлекет. Конституциялық құрылымның негізгі қағидаттары, қоғам дамуының маңызды бағыттары, оның басты идеялары конституциялық деңгейде бекітіледі. Конституция құқықтық жүйенің орталығы болып табылады. Соның негізінде құқықтық мемлекеттегі заңдылық тетіктері қалыптасады.

Құқықтық мемлекет атауы алғаш рет ХIХ ғасырдың бірінші ширегінде пайда болып, кейін Еуропаның бірқатар елдеріне таралды. Бірақ құқықтық мемлекет туралы негізгі көзқарастар антикалық заманда қалыптасып, мемлекет пен құқықтың арақатынасы жайлы тұжырымдамалар жасалған еді. Жаңа заманда құқықтық мемлекет туралы көзқарастардың қалыптасуы табиғи құқық доктринасының бекітілуі, зайырлы заң дүниетанымының пайда болуы мен нығаюы, абсолюттік және полициялық тәртіпті сынға алу, адамдардың бостандықтары мен теңдігін, мызғымас құқықтарын тану, биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөліну тұжырымдамасының қалыптасуы, конституционализм теориясы мен тәжірибесінің дамуы арнасында жүрді. Бұл ережелердің жасалуына Г. Гроций, Б. Спиноза, Дж. Локк, Ш. Монтескье, Д. Адамс, Д. Медисон, т. б. қомақты үлес қосты. Құқықтық мемлекетте биліктің, азаматтың, қоғам мен құқықтың теңдігі және олардың заң алдындағы құқықтық теңдігі негізгі орын алады. Құқықтық мемлекетте қоғам өмірі заңмен реттеледі, заң үстемдік еткен жағдайда, сот ісі тәуелсіз болып, тек заңға бағынады. Құқықтық мемлекет әрбір жеке адамның заңды мүдделерінің, ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына кепілдік беруі, барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, олардың бірлестіктері мен қауымдастығын қамтамасыз етуге тиіс. Оның негізгі белгілері: құқықтық заңның үстемдігі, билік бөлінісі қағидаларын конституциялық-құқықтық реттеу негізінде егеменді мемлекеттік биліктің ұйымдасуы мен қызмет етуі, индивид, қоғам мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының құқықтық нысаны. Құқықтық мемлекетте қоғам, топ мүшелері мен азаматтар қауымдастықтарының мемлекет алдында, жалпы мемлекеттің, оның органдары мен басқармаларының, лауазымды адамдардың қоғам, азаматтар алдындағы жауапкершіліктерінің қатаң тәртібі орнауы қажет. Құқықтық мемлекетте биліктің бір адамның, органның немесе әлеуметтік топтың қолында шоғырлануына жол берілмейді. Өзінің жетілген үлгісінде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы биліктің барлық институттарының өкілді болуын, лауазымды адамдардың сайлануын білдіреді. Құқықтық мемлекет жағдайында сот әділдікті жақтаушы, кең мағынада құқықты қорғаушы, негізгі міндеті - адам құқықтарын қорғау болуы тиіс. Қоғам мен мемлекеттің өзара байланысы, өзара тәуелділігі мемлекет заңдарында көрсетілген құқықтар мен міндеттер арқылы жүзеге асады. Қазіргі кезде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы адам құқықтарымен тығыз байланыста қарастырылады және адамның жеке, азаматтық, саяси және экономикалық құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын білдіреді. [1]

2) Айыппұл түсінігі.

Айыппұл салу - әкімшілік құқық бұзушылық үшін ӘҚБК-тің ерекше бөлімінің баптарында көзделген жағдайларда және шекте әкімшілік жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сай келетін дәрежеде салынатын ақшалай жаза түрі.

Жалпы және ерекше бөлімдердің баптарында көзделген жағдайларда, айыппұл мөлшері ҚР-ң заң актілерінде белгіленген салықты міндеттемелерінің орындалмаған сомасының, сондай-ақ ҚР-сы заңдарының нормалары бұзыла отырып жүргізілген операциялар сомасының процентімен көрсетіледі. Әкімшілік тәртіп бойынша салынатын айыппұл ең көп тараған әкімшілік жаза шарасы болып табылады. Мысалы, бір теріс қылық үшін салынатын айыппұл он немесе жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек.

Айыппұл келесі жағдайларда қарастырылады:

Нақты заттың құнына байланысты

Қайталанып жасалған құқық бұзушылық үшін екі есе төлеу (жұмыс берушінің кінәсінен еңбек ақыны ұстап қалу)

Еңбек ақының минималды мөлшеріне байланысты.

ӘҚБК-нің 48-бабына сәйкес айыппұл келесі түрлерде қаралады:

Ақшалай өндіріп алу

ӘҚБК-те белгіленгендей айыппұл салу

Айлық есептік көрсеткішке сәйкес сома түрінде

Жеке адамға салынатын айыппұлдың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің оннан бір бөлігінен, лауазымды тұлғаға салынатын айыппұл - бес айлық есептік көрсеткіштен, ал заңды тұлғаға салынатын айыппұл - жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем болмайды. '

Ерекше жағдайда әкімшілік жауапкершілікті қатайту шарасына байланысты ҚР заңды актілерімен ӘҚБК-те көрсетілген мөлшерден көбірек айыппұл сомасы анықталуы мүмкін. Айыппұл тағы да тиым салынатын кәсіпкерліктің түрімен айналысса салынады. Айыппұл құқық бұзушымен қаулы шыққан күннен бастап 15 күннен кешіктірмей төлеуі қажет.

Заңда күштеп және өз еркімен айыппұлды орындау көрсетілген, егер айыппұл өз мерзімінде төленбесе, құқық бұзушыдан айыппұл сомасының 1 процент өсімі өндіріліп алынады, әр мерзімі өткен күні үшін. Егер 16 жастан 18 жас аралығында тұлға құқық бұзушылық жасаса, онда айыппұлды ата-анасы немесе қамқоршысы төлейді.

ҚР-сы заң актілерінде белгіленген салықтық міндеттемелердің орындалмаған немесе тиісті дәрежеде орындалмаған сомасының, сондай-ақ ҚР-сы заңдарының нормалары бұзыла отырып жүргізілген операция сомасысың процентімен көрсетілген айыппұл 48-баптың 3-бөлігінде аталған айыппұлдар мөлшерінен асатын мөлшерде белгіленуі мүмкін.

Айыппұл заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет кірісіне өндіріліп алынады.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою, оны мәжбүрлеп алып қоюдан және алынатын затты өткізу жөніндегі шығыстарды, түскен соманы бұрынғы меншік иесіне бере отырып, ол затты өткізуден тұрады. Өтемін төлеп алып қоюды судья қолданады. Өтемін төлеп алынып қойылған заттар арнайы сақтау органдарына жіберіледі және құқық бұзушылық туралы іс қозғалмайынша сот органдарында сақталады.

Аңшылық қаруды, атыс оқ-дәрілерін және аңшылықтың басқа да қаруларын өтемін төлеп алып қоюдың аң аулау өмір сүруінің негізгі заңды көзі болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.

Өтемін төлеп алып қою ӘҚБК-тің жалпы және ерекше бөлімінің тиісті бабында әкімшілік жаза ретінде көзделген жағдайларда да, тек қасақана құқық бұзушылық үшін ғана қолданылуы мүмкін.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдары немесе оның тікелей объектілері болған заттарды тәркілеу , сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді (дивиденттерді), ақшаны, бағалы қағаздарды тәркілеу, оларды заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекет меншігіне тегін аударудан тұрады. '

Тәркілеу- бұл мүлікке байланысты әкімшілік жаза ретінде затты мәжбүрлеп, өтеусіз алып қою. Тәркілеу негізгі және қосымша жаза ретінде де қолданылады. Тәркілеу арнайы әкімшілік-құқықтық шара ретінде қолданылмаса да, бірақ көбінесе құқық бұзушылық жасаған объектісіне (контрабанда) немесе құқықтық бұзушылық жасалған қару-жарақтарға тікелей қатынасы бар тұлғаларға қолданылады.

Тәркілеу кезінде арнайы органмен тәркілеу туралы қаулы шығарылады, ал тікелей тәркілеу күні қаулының орындалу актісі шығарылады.

Аңшылық қаруды, атыс оқ-дәрілерін және басқа да рұқсат етілген аң аулау және балық аулау құралдарының тәркілеуді аң аулау өмір сүруінің негізгі заңды көзі болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.

Тәркілеуді судья қолданады, және жалпы және ерекше бөлімдерінің тиісті баптарында көзделген әкімшілік жаза ретінде тағайындалуы мүмкін.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдары немесе оның тікелей объектісі болған мүлікті тәркілеу туралы қаулы келесі органдармен жүзеге асырылады:

  • Сот атқарушысы
  • Ішкі істер органдары
  • Қаржы органдарының өкілетті тұлғалары
  • Аңшылық ережелерін сақтауын қадағалайтынорган
  • Балық қорын сақтау органдарының өкілетті тұлғалары
  • Кеден органдарының өкілетті тұлғалары

3) Заңды тұлға түсінігі және негізгі ерекшеліктері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тасымалдау шарттың түсінігі мен жүйесі
Азаматтық құқық пәнінен лекция тезистері
Коммерциялық заңды тұлғалардың түсінігі
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер кешені
Ауылшаруашылықтық (аграрлық) құқық негіздері (Дәрістер жинағы)
Заңды тұлға - азаматтық құқық қатынастарының субъектісі
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (жалпы бөлім) «Юриспруденция» мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz