Қылмыстың субъективті жақтары


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Билет №17

1. Қылмыстың субъективтік жағы.

2. Жер құқығының түсінігі.

3. Азаматтардың мүлкіне мұрагерліктің жалпы ережелері.

1) Қылмыстың субъективтік жағы.

1. 1. Қылмыстық субъективтік жағының түсінігі және оның маңызы.
Егер қылмыстың объективті жағы - қылмыстың сыртқы сипаты болса (қоғамдық қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік, қоғамдық қауіпті салдар, себепті байланыс, қылмыс жасау орны, уақыты, тәсілі, жағдайы, қаруы мен құралдары), субъективті жағы оның ішкі (объективті жаққа қатыстылығынан) сипаты. Бұл қылмыскердің өзі жасаған қылмысқа ішкі, яғни кінәмен, ниетпен және мақсатпен сипатталатын адамның қылмыс жасау кезіндегі психикалық қатынасы. Қылмыстың субъективті жағын құрайтын белгілерге, аталып өткендей, қылмыстық кінәсі, себебі мен мақсаты, сонымен қатар, қылмыс жасау кезіндегі тұлғаның сезім күйі жатады. Бұл белгілердің әр түрлі мазмұнына қарамастан олар субъективті жағын құрайтын бір топқа бірігеді, себебі олардың барлығы қылмыс жасаушы тұлғаның психикасында болатын процестерді сипаттайды.
Психика адам өмірінің ішкі мазмұнын, оның ойын, сезімдерін, ниетін, еркін білдіреді. Психикалық процестер, әдетте, интеллектуалдық, сезімдік және еркіне қарай болып бөлінеді. Сөйте тұра мұндай бөліну шартты түрде ғана екенін, мұндай процестер жекелеп (әрқайсысы өз бетімен) өмір сүрмейтіндігін ескеру керек. Тек бірлікпен, интеллект (таным), сезім мен еріктің тығыз бірлігімен ғана адамның психикасының түрі, қылмыстық, тұтас алғанда, субъективті жағы сияқты, оны құрастырушы белгілердің де мағынасы мен мазмұнын анықтау үшін, психиканы қүрастырушы элементтерге көңіл аудару пайдалы ғана емес, қажет те.
Қылмыстың субъективті жағын қүрайтын белгілердің эрқайсысы қылмыстың психикалық мазмүнын сипаттайды, бірақ әрқайсысы өзінше сипаттайды. Мысалы, кінэ - бүл түлғаның өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс-эрекетіне (эрекетіне немесе эрекетсіздігіне) және оңың қасақаналық немесе абайсыздық нысанындағы салдарына психикалық қатынасы. Кінә -қылмыстың субъективті жағының, тіпті оны толық қамтымаса да, негізгі белгісі. Қасақана сияқты, абайсыз кінәні де құрастыру кезінде заң шығарушы психиканың екі интеллектуалдық және еркіне қарай элементтерін пайдаланады. Қасақаналық пен абайсыздықтық қылмыстық-құқықтық сипаты үшін психикалық процестердің сезімдік мазмұны есепке алынбайды. Керісінше, әрекеттің қоздырушы себебі және субъективті жағының белгісі болғандықтан, қылмыстық сылтауында қылмыс жасаушы тұлғаның психикасында болып жатқан, көбінесе, сезім процестерінің таңбасы болады. Жеке жағдайларда қылмыс жасаушы тұлғаның сезімінің күйі (мысалы, аффект күйінде болуы, яғни аяқ астынан пайда болған жан күйзелісі), дербес қылмыстық-құқылық мағынаға ие болады (ҚР ҚК-нің 98-бабы), қылмыстың мақсаты, кінә сияқты, интеллектуалдық және еркіне қарай мазмұнымен шектеледі.
Кінә - қылмыстың субъективті жағының міндетті белгісі. Кінә болмаған күнде қылмыстық құрамы да болмайды және болуы да мүмкін емес. Бұл субъективті жақтың қылмыстық істі қылмысты емес істен ажыратып, бөліп отыратын негізгі белгісі. Заң шығарушының кінәға маңызды мағына беретіндігі соншалық, тіпті кінәлі жауаптылық қылмыстық Кодекстің қағидасына дейін көтерген. ҚР ҚК-нің 19-бабының 1-бөліміне сәйкес адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс. Осы баптың 2-бөлімінде объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық қолданылмайтыны атап көрсетіледі.
Кінәлік жауаптылық қағидасы - заңгерлердің ойлап шығарғаны емес, бұл - адам қылығын заңды және әлеуметтік адамгершілік тұрғыдан дұрыс бағалаудың қарапайым шарты. Көрнекті Кеңес психологі С. Л. Рубинштейн атап өткеніндей, "жалған, абстрактілі "объективизмге" қарама-қарсы айтылатыны: қылықты бағалау кезінде өзінше орын алғанының түгел барлығына емес сол объективті түрде өзінше орын алғанның ішінен қайсысы алдын-ала ескерілуі мүмкін еді - тек соған сүйену керек". /1/
Осыған байланысты, қылмыстық құқық теориясы мен құқықтық тәжірибе, қылмыстық жауаптылықтың тұлғаның жасайтын қоғамдық қауіпті іс-әрекетіне (әрекеті немесе әрекетсіздігіне) және оның салдарынан психикалық қатынасын (қасақаналық немесе абайсыздық күйінде) ескерумен ғана шектелмейтініне сүйенеді. Жасалған қылмыстың кез келген жағдайы (әсіресе ауырлататын) соттың оларға байланысты кінәлі қатынасын, яғни қасақаналық немесе абайсыздық түріндегі психикалық қатыйасын, анықтауынан кейін ғана айыпқа жүктеле алады (заң шығарушының бұл жағдайларды қылмыстық құқықтық нормаларда құрастыру ерекшеліктеріне байланысты) .
Қылмыстық мақсаты, себебі мен қылмыс жасау кезіндегі тұлғаның сезім күйінің кінәдан айырмашылығы - олар қылмыс құрамының қажетті белгілері болып табылмайды. Заң шығарушы оларды барлық емес, тек кейбір қылмыстардың ғана құрамының белгілерінің қатарына қосады және бұл жағдайларды оларда қылмыстық жауаптылықтың негізіне айналады. Қылмыс құрамының белгілері болмаған күнде де олар жеңілдетуші не ауырлатушы жағдай ретінде, жазаның тағайындалуына айтарлықтай ықпал жасайды. Тіпті, бұл белгілердің қылмыстық жауаптылық пен жаза үшін жеке мағынасы болмаған жағдайда да, олардың қылмысты анықтаудағы, қасақана кінә мен абайсыздықты ажыратудағы мағынасының маңыздылығы сирек емес. Сондықтанда қылмыстық құқық кінәлі жауаптылық қағидасымен ғана шектеліп қоймайды, бірақ субъективті жүктеу көзқарасын ұстайды. Оның мағынасына көшсек, қылмыс жасаған тұлғаның қылмысты жауаптылығы мен оны жазалау мәселесін шешер кезде тұлғаның өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс-әрекеті (әрекеті мен әрекетсіздігі) мен оның салдарына кінәлі қатынасы ғана есепке алынбай, қылмыстың субъективті жағының басқа элементтері де, яғни қылмыстың себебі мен мақсаты, тұлғаның қылмыс жасау кезіндегі сезімінің күйі де ескеріледі. Тергеу мен сот үшін анықтау және дәлелдеу жүмыстары кезінде қылмыс құрамының барлық элементтерінің ішіндегі ең күрделісі - дэл осы субъективті жағы болып табылады. Бұл түсінікті де, себебі қылмыс жасаушының ойына, ниетіне, тілегіне, сезіміне жол табу,
қылмыстық объективті жағын анықтаудан анағұрлым қиындау. "ішінде не барын кім білсін" деген бекер емес шығар. Сондықтанда, тұлғаның өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс-әрекеті мен оның салдарына психикалық

2) Жер құқығының түсінігі.

Қазақстан Республикасының жер құқығы дербес құқық саласы ретінде КСРО-ның ыдырауымен Қазақстан Республикасы егемендікке ие болғаннан кейін қалыптасты. Ол жай «бос жерде» пайда болған жоқ. Қазақстан Республикасының жер құқығы Қазақ КСР жер құқығының жалғасы болып табылады, бұл құқық КСРО жеріне айрықша құқық негізінде қалыптасқан жер қатынастарының кешенін реттеді. Аталған құқықтық қатынастардың сипаты мен мазмұны қазіргіге қарағанда басқаша болды, сол себепті де, олар Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидалары мен нарықтық экономиканың жаңа жағдайларына сәйкес келмеді. Қазақстан Республикасында жер реформасын жүзеге асыру - жерге айрықша мемлекеттік меншікті жою, жер учаскелеріне жеке меншікті орнықтыру, жерді сату-сатып алуды, жер нарығын, ипотеканы дамыту және басқа да шаралар жаңа жер қатынастарының пайда болуына және жер туралы заңнаманың міндеттерінің өзгеруіне алып келді. Осылай, Қазақстан Республикасының жер құқығы заң білімдерін беретін жоғарғы оқу орындарында дербес құқық саласы ретінде оқытылуға міндетті жаңа оқу пәніне айналды. Оның пәні болып жерге меншік құқығына, жерді табиғи ресурс ретінде пайдалануға, оны басқару мен қорғауға қатысты туындайтын жер қатынастарының кешені сақталды. Алайда, жаңа жер реформасын жүзеге асыру жер қатынастарының мүліктік сипатын жоймады, керісінше, оның мемлекет байлықтарын табиғи ресурс ретінде ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтті. Мүліктік емес сипаттағы жер қатынастары да өз ерекшеліктерін жоғалтпады, қоғамдық қатынастардың бұл саласы да сақталып қалды және олар болашақта одан әрі дамып, бұрынғы жер қатынастарына, сабақтас құқық салаларына, соның ішінде, азаматтық құқықтың жер-мүліктік қатынастарына қарағанда өзінің ерекше сипаттары мен айрықша ерекшеліктеріне ие болады. Егер бұрында жер қатынастарының мүліктік сипаты жерге айрықша мемлекеттік меншікпен шектелсе, бұл ереженің жойылуымен жер-мүліктік құқықтық қатынастарының ауқымы кеңейді. Және соған қарамастан, ол өзінің табиғатпен және табиғи ортамен байланысын жоғалтпады. Жер-мүліктік қатынастарының басқа мүліктік қатынастардан басты айырмашылығы осында. Жер құқығы өз пәні шегінде барлық жер қатынастарын реттейді, жер нарығын қалыптастыруға, реттеуге және нарықтық жер құқығы қатынастарын одан әрі де дамытуға белсенді түрде қатыса алады. Бұл мақсатта ол нақты құқықтық негіз бен жалпы мемлекеттік деңгейдегі қайнар көздерге ие. Оларда нарықтық экономика жағдайында қазіргі кезгі жер қатынастарының дамуына шын мәнінде әсер етуге қабілетті, кез келген жағынан алғанда салыстырмалы түрде жаңа жер құқығы саласының ұйымдастырушылық-нормативтік алғышарттары көрініс тапқан. Республикада жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалар кезеңінде жер туралы заңнаманың одан әрі де жылдам қарқынмен дамып, өзгеруі заңды құбылыс. Бұл даму бағыттары мен өзгерістер жер-құқықтық нормалардың әрекетін күшейте түсетіні сөзсіз. Қазақстан Республикасының жаңа Жер кодексін қабылдау жер қатынастарын реттеудің ерекше орнын сақтап қалды. Сол себепті де, мемлекеттің жер ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану мемлекет қызметінің айрықша бағыты болған және солай болады да. Бұл Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының саяси-құқықтық ережелеріне және республиканың алға қойған міндеттеріне сай келеді. Мысалы, азаматтық және тұрғын үй құқығы жылжымайтын мүлікке, соның ішінде, бірнеше пәтер немесе тұрмыстық емес бөлмелерден тұрған үйдің жер учаскелеріне меншіктің ерекше нысанын көздейді (кондоминиум) . 1994 жылғы 11-қарашадағы «Жеке тұрғын үй құрылысы туралы» заңда жер құқығы қатынастарына, соның ішінде, Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін берудің жариялылығына, Қазақстан Республикасының әрбір азаматының Қазақстан Республикасының аумағында Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу құқығына бес бап арналған. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кінәнің түсінігі
ЖАНАМА НИЕТ
Қылмысты объекті бойынша саралау
Қылмыс жасаудың нысаны - әрекет
Кінә нысандары
Қылмыстық құқықтың барлық ұғымдары мен категориялары
Кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмыс
Жезөкшелікпен айналысуға тарту
Қылмыс құрамының құрылымы
Адамды кепілге алу үшін қылмыстық жауапкершілік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz