Заңды тұлғалар азаматтық құқықтың субъектісі ретінде



1. Заңды тұлғалар азаматтық құқықтың субъектісі ретінде, олардың түрлері.
2. Ұжымдық еңбек шарттары және келісімдер.
3. Сот органдарының қызметінің және ұйымдастырылуының құқықтық негіздері
Азаматтық-құқықтық қатынасқа қатысушылардың келесі түріне заңды тұлгалар жатады. Заңды тұлға — бұл белгілі бір әрекеттерді жасауға және азаматтық айналымға қатысуға құрылған адамдардың бірлестіктері. Оларға: университеттер, институттар, емханалар, дүкендер, фирмалар, мемлекеттік органдар, фабрикалар, зауыттар, т.б. жатады.
Заңды тұлға деп шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікке өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік жене мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйымдар танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы, сметасы және өз атауы, мөрі болады. Заңды тұлға өз қызметін жарғы немесе құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады. Заңды тұлғаның құқыққабілеттілігі мен өрекетқабі- әрекетқабілетілігінің жеке тұлғалардікіне қарағанда өзгешелігі болады. Заңды тұлғалардың құқыққабілеттілігі мен әрекет- қабілеттілігі бір мезгілде, яғни заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап пайда болады. Арнайы лицензия алып қызметпен айналысуды қажет ететін заңды тұлғалар болады. Оларға банктер, күзет агенттіктері, айырбас мекемелері және т. б. жатады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Билет №18
1. Заңды тұлғалар азаматтық құқықтың субъектісі ретінде, олардың түрлері.
2. Ұжымдық еңбек шарттары және келісімдер.
3. Сот органдарының қызметінің және ұйымдастырылуының құқықтық негіздері.

1) Заңды тұлғалар азаматтық құқықтың субъектісі ретінде, олардың түрлері.
Азаматтық-құқықтық қатынасқа қатысушылардың келесі түріне заңды тұлгалар жатады. Заңды тұлға -- бұл белгілі бір әрекеттерді жасауға және азаматтық айналымға қатысуға құрылған адамдардың бірлестіктері. Оларға: университеттер, институттар, емханалар, дүкендер, фирмалар, мемлекеттік органдар, фабрикалар, зауыттар, т.б. жатады.
Заңды тұлға деп шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікке өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік жене мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйымдар танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы, сметасы және өз атауы, мөрі болады. Заңды тұлға өз қызметін жарғы немесе құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады. Заңды тұлғаның құқыққабілеттілігі мен өрекетқабі- әрекетқабілетілігінің жеке тұлғалардікіне қарағанда өзгешелігі болады. Заңды тұлғалардың құқыққабілеттілігі мен әрекет- қабілеттілігі бір мезгілде, яғни заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап пайда болады. Арнайы лицензия алып қызметпен айналысуды қажет ететін заңды тұлғалар болады. Оларға банктер, күзет агенттіктері, айырбас мекемелері және т. б. жатады.
Лицензия дегеніміз -- заңда көрсетілген кәсіп түрімен шұғылдану үшін өкілетті мемлекеттік орган беретін рұқсат. Мысалы: жеке оқу орны мемлекеттің арнайы рұқсатын алғаннан кейін ғана өзінің қызметін атқара алады.
Заңды тұлғаның құқыққабілеттілігі мен әрекетқабілеттілігі сол лицензия алған кезден бастап пайда болады да, оның мерзімі біткенде немесе жарамсыз деп танылғанда тоқтатылады.
Заңды тұлғалар заңға сәйкес коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалар болып екі түрге бөлінеді: Қоммерциялық заңды тұлғалардың мақсаты пайда табу. Коммерциялық емес заңды тұлға пайда табуды көздемейтін Және оны қатысушыларына үлестірмейтін ұйым болып табылады.
Коммерциялық заңды тұлғалар:
мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, өндірістік коопертив нысандары.
Ал коммерциялық емес заңды тұлғалар:
мекеме, қоғамдық бірлестік, қоғамдық қор, діни бірлестіктер, т.б. Қоғам өмірінде әр түрлі жағдайлар болады. Осындай кезерде заңды тұлғалар қайта құрылып немесе таратылып ты жатады.
Заңды, тұлғаны қайта құру дегеніміз -- бұрынғы заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің басқа заңды тұлғаға өтуі. Заңды тұлғаларды қайта құрудың бес түрі: қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту екені белгілі.
Заңды тұлғаны тарату дегеніміз -- тұлғаның өз қызметін тоқтатуы.
2) Ұжымдық еңбек шарттары және келісімдер.

Ұжымдық шарттың түсінігі және қағидалары. Ұжымдық шарттар және әлеуметтік - әріптестік келісімдер жұмыс берушілердің қанауына қарсы жұмысшылардың күресінің нәтижесінде ғана пайда болды. Алғаш рет ұжымдық шарттар Англияда XIX ғасырдың ортасында еңбек пен капитализмнің үйлесу негізі ретінде пайда болды. Алайда, оларды құқықтық реттеу, соның ішінде, Халықаралық еңбек ұйымының халықаралық-құқықтық актілерімен реттеу тек XX ғасырдың екінші жартысынан бастап қана мүмкін болды.
Бұрынғы Кеңестер Одағының аумағында бірінші ұжымдық шарт Ресейде 1904 жылы Баку мынау өндіру орындарындағы қарулы қақтығыстың нәтижесінде бекітілді. Алайда, ұжымдық шартты алғаш рет құқықтық реттеу 1918жылғыбекітілді, ал 1922 жылғы Еңбек туралы заңдар кодексі ұжымдық шарттарды құқықтық реттеуді одан әрі дамыта түсті. ҚР Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы заңында ұжымдық шарттарға жеке тарау арналған.
XIX ғасырдағы жабайы капитализм жұмысшылар қозғалысының нәтижесінде икемдірек бола түсті, жұмысшылар табының өз құқықтарын қорғауына мүмкіндік берді, олардың жағдайына икемделе түсті. Әлеуметтік әріптестіктің дамуының нәтижесінде өнеркәсібі дамыған батыс елдерінде еңбек пен жұмысшылар табына жаңа көзқарасты қалыптастырған өнеркәсіптік демократия пайда болды. Әлеуметтік әріптестік еңбек пен капиталдың арасындағы қарама-қайшылықтарды жояды, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің қарама-қайшы мүдделерінің үйлесімді шешімі болып табылады, өндірістегі жетістіктерге әкеледі. Сонымен катар, қызметкерлер ұжымдық шарттарды бекіту жөнінде ұжымдық келіссөздерді жүргізуге де мүдделі, себебі, осы актілер арқылы олар еңбек пен тұрмыс жағдайын жақсартуға жете алады. Қазіргі кезде көптеген дамыған батыстық мемлекеттерге өмір сүрудің жоғары деңгейі, қызметкерлердің әлеуметтік қорғанғандығы тән.
Әлеуметтік әріптестікті реттеудегі негізгі нормативтік құқықтық акт болып ҚР Ұжымдық шарттар туралы заңы табылады. Бұл заң ұжымдық шарттар мәселесін де құқықтық тұрғыдан реттейді.
ҚР Ұжымдық шарттар туралы заңының мәні мыналардан көрініс табады:
:: алғаш рет Қазақстан Республикасының еңбек құқығында ұжымдық шарттарды жүргізу тәртібін бекітті және әлеуметтік - әріптестік қатынастарды ұйымның деңгейінен жоғары деңгейде реттеуді көздеді;
:: ұжымдық шарттарды жасаудың, бекітудің және олардың әрекет етуінің қағидалары мен құқықтық негіздерін бекітті;
:: еңбек жағдайы мен әлеуметтік-еңбек мәселелерін ұжымдық-шарттық және әлеуметтік - әріптестік тұрғыда реттеуді кеңейтті;
:: ұжымдық шарттың заңдық түсінігін бекітті, мұндай шарттардың мазмұнын және оларды кепілдеуді анықтады;
:: еңбек заңнамасының шарттық заңнамамен арақатынасын белгіледі;
:: ұжымдық шарттардың қай жерде және қалай бекітілетінін жаңаша белгіледі, оларды қолдану салаларын анықтады және ұжымдық шартты бекіту - бекітпеу құқығын еңбек ұжымдарына тиесілі етті;
:: ұжымдық келіссөздерді жүргізу кезіндегі келіспеушіліктерді шешу жолын белгіледі;
:: ұжымдық келіссөздерге қатысудан бас тартқаны және ұжымдық шарттарды орындамағаны үшін жауапкершілікті көздеді.
ҚР Ұжымдық шарттар туралы заңының қысқаша сипаттамасы осындай.
Нарықтық қатынастардың қалыптасу және меншіктің әр түрлі түрлерінің орын алу жағдайында еңбек қатынастарын реттеудің ұжымдық - шарттың әдісінің рөлі ерекше өседі. Бұл жағдайда еңбек заңнамасы жалданбалы еңбектің кызметкерлері үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтың құқықтың субъектілері
Азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері
Авторлық құқық субъектілері
Заңды тұлға түсінігі мен қалыптасу тарихы
Авторлық құқық субъектілерінің түсінігі
Халықаралық жеке құқықтың жалпы жағдайы
Авторлық құқық субъектілері, түрлері
Авторлық құқықтың түсінігі туралы
Азаматтық құқықтық қатынастар туралы
Қоғамдық қатынастардың азаматтық – құқықтық реттеу тәсілдері
Пәндер