Мұрагерлік құқық, неке және отбасы құқығы, мемлекеттің жалпы түсініктері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Билет №29

1. Азаматтардың мүлкіне мұрагерліктің жалпы ережелері.

2. Отбасы - неке заңдары.

3. Мемлекет туралы жалпы түсініктер.

1) Азаматтардың мүлкіне мұрагерліктің жалпы ережелері.

Мұрагерлік - қайтыс болқан азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адамқа (адамдарқа) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы. Қайтыс болқан азаматтың мұрасы басқа адамдарқа әмбебап құқық мирасқорлықы талаптарымен, егер осы бөлімнің ережелерінен өзгеше туындамаса, бірыңқай тұтас нәрсе ретінде және бір-ақ мезгілде ауысады. Қазақстан Республикасында Мұрагерлік Азаматтық кодекспен, ал тікелей өзі белгілеген жақдайларда өзге де заң актілерімен реттеледі1.
Халықаралық жеке құқықта Мұрагерлік мәселесі өте маңызды орын алады. Себебі, бұрыңқы заманқа қарақанда, кәзіргі заманда көліктің түрлері дамып, адамдардың бір мемлекеттен екінші мемлекеттке жүріп тұруы қиынқа соқпас және де қалақан мемлекетте тұрқылықты өмір сұруы бола береді. Бірақта әр бір мемлекеттерде мұрагерліктің ережелері әр түрлі болуы сөзсіз және де оны бір ортақ реттейтін норма жоқ.
Латын тілінде Hereditas lacens деген ұқым бар, ол жатқан, яқни әлі қабылданбақан Мұра. Және Immissio bonorum - ол мұрагерлікке кіргізу деген ұқымды білдіреді.
Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады.
Мұра қалдырушының қайтыс болқан күні, ал оны қайтыс болқан деп жариялақан кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген құн мұраның ашылу уақыты болып табылады2.
Егер бірінен кейін бірі мұрагер болуқа құқылы адамдар бір күнде қайтыс болса олар бір мезгілде қайтыс болқан деп танылады және олардың әрқайсысынан кейін мұрагерлік ашылады да олардың әрқайсысының мұрагерлері мұрагерлікке шақырылады.

2) Отбасы - неке заңдары.

Біздің әрқайсысымыз отбасы мүшесі болып табыламыз. Өзінің жаңа отбасын құрмағандар, әдетте ата-аналарымен, ағаларымен, апаларымен және басқа туыстарымен өмір сүреді. Олар бірлесіп отбасын, қоғамның ұясын, кішкентай ұжымды құрайды. Отбасында балалар туылады және тәрбиеленеді, оның қартайған және еңбекке жарамсыз мүшелері қамқорлыққа алынады, тұрмыс және демалыс ұйымдастырылады. Тату отбасында адам өз бақытын табады, балалар қоғамның салауатты және лайықты мүшелері болып өседі; адамның қалай оқитыны, жұмыс істейтіні, өзін-өзі тұрмыста, қоғамда қалай ұстайтыны көпшілігінде отбасындағы жағдайға байланысты болады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы неке және отбасының, ана, әке болудың және балалықтың мемлекет қорғауында болатынын анықтайды (27-бап) .

Мемлекет отбасын сақтау және нығайту, оны әлеуметтік қолдау, азаматтардың отбасылық құқықтарын қамтамасыз ету бойынша алуан түрлі мемлекеттік шаралар қабылдау жолымен отбасы жайында қамқорлық көрсетеді. Мемлекет балалар мекемелерінің жұмысын құрайды және жетілдіреді; отбасына көмек ретінде әлеуметтік қызметтер жүйесін дамытады; көп балалы және табысы аз отбасыларға, мүгедек балаларды тәрбиелейтін отбасыларға; асырап алған отбасыларға; жалғыз басты аналарға жеңілдіктер белгілейді; балалары бар азаматтарға жәрдемақылар төлейді және отбасын, ана, әке болуды және балалықты әлеуметтік қорғау бойынша басқа шаралар қабылдайды.

Көп жағдайларда отбасының және отбасылық құқықтық қатынастардың пайда болу негізін неке құрайды. 1998 ж. 17 желтоқсанда қабылданған «Неке және отбасы туралы» ҚР Заңының 1-бабында неке - бұл ерлі-зайыптылардың арасында мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар тудыратын, отбасын құру мақсатында заңмен белгіленген тәртіпте тараптардың еркін және толық келісімінде жасалған, ер мен әйел арасындағы тең құқықты одақ екені танылады. Ол махаббат сезіміне, шынайы достыққа және құрметке - отбасын құрудың адамгершілік принциптеріне негізделеді.

3) Мемлекет туралы жалпы түсініктер.

Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты

  • Унитарлық(лат. unitas- біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т. б. осы түрге жатады.

Унитарлы мемлекет - әкімшілік-территориялық бірлестіктердің саяси дербестігі болмайтын мемлекеттік құрылыс түрі. Мемлекеттік құрылысқа келесі сипаттамалар тән: елдің бүкіл территориясында тең жүретін біртұтас конституция; заңды күші бүкіл территорияға таралатын жоғарғы мемлекеттік билік органдарының біртұтас жүйесі; біртұтас құқық жүйесі; биліктің муниципалды органдарының жалпы мемлекеттік органдарға бағынуы. [1]

  • Федерация(лат. foederatio- одақ, бірлестік) - белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы. Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады) . Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Алмания, Малайзия, т. б. жатады.

Мемлекет басқаруы бойынша

  • Монархия(гр. μοναρχία- біртұтас билік) - абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың әдет-ғұрып құқығы: отбасы-неке, әмеңгерлік және мұрагерлік институттары
Рим отбасы құқығы: патерфамилия, cum manu және sine manu неке жүйесі, патриархалдық билік және мұрагерлік
Отбасы және неке құқығы: некенің құқықтық тәртібі мен неке шарты
Отбасы құқығы, заң бойынша мұрагерлік және жәрдемақының құқықтық негіздері
Қазақ қоғамындағы отбасы-неке әдет-ғұрыптық құқықтары: патриархат, қалыңмал, әмеңгерлік және мұрагерлік
Қазақстандағы отбасы құқығы мен отбасы заңдары: пәні, принциптері және неке тәртібі
Неке және отбасы құқығы: ұғымы, пәні және құқықтық реттелуі
Неке және отбасы: ұғымы, туыстық түрлері және отбасылық құқық
Қазақстан Республикасындағы неке және отбасы құқығы: ұғымы, неке шарттары, қорғаншылық, патронат және алименттік қатынастар
Отбасы құқығы және тәрбиесі: неке, құқықтық реттеу және дағдарыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz