Құқық негіздері пәніне кіріспе


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

Құқық негіздері пәніне кіріспе.

Жоспар:

Құқық негіздері -мемлекет және құқық туралы білімнің негізін құрайтын кешенді оқу пәні.

Құқық - мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, әділеттік туралы адамдардың козқарастарынан көрініс табатын жалпыға бірдей нормалар жиынтығы.

Құқық нормалары -өзара үйлесімді істеуі қажет. Осы мақсатта олар салаларға, салашықтарға және құқық институттарына бөлінеді. Мұндай құрылым құқық жүйесі деп аталады.

Құқық жүйесі - құқық нормаларынан турады, аталған нормалар құқық саласын құрайды, салалар ішінде құқық нормаларына, құқық институттарына топтастырылады.

Кез келген құқық саласы өзінің пәінімен құқықтық реттеу әдістеріне ие. Құқық нормалары арқылы реттеленетін біртектес қоғамдық қатынастар құқықтық реттеу пәні болып табылады.

Құқық реттеу әдісі дегеніміз - біртектес қоғамдық қатынастарды сапалы құқықтық жүзеге асыруға көмектесетін заңдық тәсілдер.

Құқық реттеу мынандай негізгі әдістері бар:

  • имперактивті -тыйым салу, міндеттеу және жазалауға негізделген жазбаша өкілі әдісі.
  • диспазитивті -рұқсат етілуге, үйлестіруге бостандық пен теңдікке негізделген тараптардың тең құқықты әдісі.
  • көтермелейтін-құрметтеуге лайықты іс-әрекет үшін марапаттау әдісі,
  • ұсынылатын-мелекет пен қоғам үшін лайықты мінез-құлықты жүзеге асыруға кеңес беру әдісі.

Қоғамның негізгі тірегі -құқық. Құқық орнықпаған жағдайда қоғам өмір сүре алмайды. Өйткені құқық анықталған талаптар. Осы талаптар қоғам заңдарында көрініс табуы тиіс. Құқықтың негіздерінде әділеттік идеясы жатады. Әділдікті грек философтары кең ауқымды мағынада қарастырған. Ағылшынша justice-нің (грек. баламасы-әділдікпен теңдік сондай-ақ ол сөз ізгілік, рахымшылық, әділ, шыншыл деген ұғымды білдіреді. Әділдік ұғымы осы кезге дейін 2400 жыл бұрын Аристотель белгілі берген категориялар арқылы түсіндіріліп келеді.

Қазақ қоғамының көшпелі кезендегі құқығы әдет-ғұрыппен тікелей байланысты. Мұнда әділдік идеясы туралы ой-пікірлер мен жинақталған зерденің сақтаушысы билер болған.

Билер - қиянатқа бармайтын, дүниеге қызықпайтын, сөзге ұста, тілге шешен, данагөй кісілер, халықтың мұң-мұқтажын терең білетін, рухы биік азаматтар болған.

Би - әлеуметтік даралық, бәсекелестік жағынан көп реттерде мемлекеттің бас билеушісінен де жоғары тұрған. Халық аузында «Ханда қырық кісінің ақылы бар. Биде қырық кісінің ары, білімі бар» деген мақал сақталған.

Шығыс елдерін зерттеуші XIX ғ қазақ ғалымы Ш. Уәлиханов бплер туралы жазбаларында, олардың беделді, абыройлы, ізгі тұлғалар болғанын, даулы мәселесін шешкенде әділдікке негізделгенін атап көрсеткен. Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ.

Дін талаптарында әділдік қағидаттары көрініс тапқан. Адамдар арасындағы қатынастарды әділдіәк жолымен шешуді құдайдың Мұса пайғамбарға жіберген «Көне өсиет» деген кітабы өсиет және заңдар болып түскен. Бұлардың мазмұнында қызметшілермен қатынастар орнатудың отбасы мүліктерімен жеке адам мінез-құлықтарының қандай болуын реттейтін әділетті заңдар мен ережелер болған.

Құқық негіздері. Оқу курсының құрылымы.

Қоғамдық орындарда адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жиынтығын әлеуметтік нормалар дейміз. socitac - қоғам, ал латынша norma- ереже, үлгі деген мағына береді. Әлеуметтік нормалар- адам өмірінің барлық жағын, оның қоғамдық қызметін атқару кезінде немесе түрлі өмірінде өзге адамдармен қарым-қатынас жасау үдерісіндегі сөйлесу, өзін ұстау, киіну сезімін білдіруде ұстанатын құндылық бағдарларын қамтиды. Сыпайылық ережелері адам мен адамның ара-қатынасын көрсететін жүздесу формаларын айқындайды. Дәстүр, мораль, құқық және этикет бірігіп адамдардың ірі топтарының тәртібін ретке келтіретін жалпыға бірдей, маңызды, әлеуметтік нормаларды құрайды. Әлеуметтік норма құқық және мораль атты 2 салаға бөлінеді. Әлеуметтік нормалардың мемлекеттің пәрменімен заңдастырылған бөлігі құқықты мемлекеттің пәрменімен заңдастырылмаған бөлігі моральді құрайды. Құқықтың пайда болуы мемлекеттің пайда болуымен байланысты.

Мемелекет тарапынан бақылауға алынған нормативтік актілерде нақтыланған орындалу тетігі қалыптастырылған жиынтық болғандығын құқық ережелерін сақтау, мемлекеттің барлық азаматтары үшін міндетті болып табылады.

Құқық дегеніміз-мемлекет тарапынан заңдастырылған және қадағаланатын жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.

Қоғамдық ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың жарғылық тәртіп ережелері олардың мүшелері үшін ғана міндетті. Ұлттық этностық топтардың да, тек өздеріне ғана тән өз адамдары ғана орындауға міндетті әдеп-дәстүрлері болады. Құқық негіздеріне: мемлекеттің басты негізгі заңы конституциясы, салалық заңдары және басқа құқық нормал. тұжыр. мемлекеттік нормативті актілер жатады. Қазақстанның ерекшелігі оның норм. бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатынында. Ал моральдік тәртіпті бұзған үшін адам заңды жауапкершіге тартылмайды, бірақ көпшіліктің жазғыруына душар болады, айналасына жағымсыз пікір туғызады.

Құқық жүйесі 3 құрауыштан, құқықтан, құқықтық идеялогиядан және құқықтың мекемелердің қызметінен тұрады.

Құқық мемлекет тағайындаған және мемлекетке әрекет ететін құқық нормаларының жүйесі. Құқықтың нормалар тек заңдардан ғана тұрмайды, басқа нормативті. Мемелекеттік органдарға нормативті құқықтық актілер қабылдау құқығы берілген. Президент нормативтік жарлықтар, үкімет нормативтік қаулылар, министірліктер нормативтік бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік шешімдер қабылдайды.

Құқықтық идеялогия - мемлекеттен таңылған құқықтық көзқарастар, идеялар, мәдениет. Құқықты яғни қоғамда қабылдайтын және қолданыстағы құқық норм. жүзеге асыру және қорғау үшін құқықтық мекемелерді мемлекет құрады. Құқық жүйесінде заңдар ерекше орын алады. Заңға мемлекеттік биліктің жоғары органы парламент қабылдаған нормативтік, құқықтық актілер жатады.

Заң - ең жоғары юрисдикциялық күш. Заңдар адамның құқық мәртебесін анықтайды.

Мемлекеттің түсінігі және оның негізгі белгілері.

Мемлекет- деген ұғым бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден қоғамды басқаратын аппарат, екіншіден қоғам мүшелерінің ассоцияциясы. Мұнда халық, ел, қоғам сөздеріне сәйкес. Мемлекет саяси жүйенің негізгі бөлігі болып саналады.

Мемлекеттің пайда болуы туралы әр түрлі анықтамалар бар:

  1. патриархтық теория. Оның негізін салушы XYIIIғ. өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филлер. Ол мемлекеттің пайда болуы рулардың тайпаға-қауымдастыққа-мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды.
  2. Қоғамдық келісім теориясы. Негізін салушылар: Г. Гоббс, Г. Гроций, Ж. Руссо. Мемлекет тәуелсіз әміршімен оның қол астындағы адамдардың келісімі арқылы п. б.
  3. Теологиялық теория. Негізін салушылар: А. Августи мен Ф. Аквинский. Мемлекет құдайдың құдіретіне п. б.
  4. Зорлық жасау теориясы. Негізін салушылар: Е. Дюринг, А. Гумплович, К. Каутский. Мемлекет бір елді екінші елдің басып алуы нәтижесінде арасындағы қатынастарды реттеу үшін п. б.
  5. Георафиялық теория. Негізін салушылар: А. Гатцем, В. Соловьев, Б. Чичеринмемлекеттің п. б. Географиялық ортаның өзгешеліктерінен деп түсіндіреді.
  6. Психологиялық теория. Адамдарға бағынумен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған деген айтады.
  7. Марксистік теория. Мемлекет жеке меншікпен таптың пайда болуынан туған.
  8. Шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәнін, таптық күресті татуластыруда деп біледі.

Мемлекет деп - белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің элементін айтамыз.

Мемлекеттің белгілері:

  1. Өзінің шекарасы бар, белгілі теориториясы болады.
  2. Ерекше үкімет аппараты болады: мемлекетке әр түрлі мәселелерді шешу үшін қарулы әскер шенеунікті аппарат, полиция, сот, барлау, шіркеу, баспасөз т. б. құралдар қажет болады.
  3. Мемлекет егеменді болу керек. Ол сыртқы және ішкі істерін атқарудағы толық тәуелсіздігі, дербестігі.
  4. Ішкі істер органдары, тергеу комитеті, прокуратура.
  5. Салық салу.
  6. Мемлекеттің азаматтығын алу қажет.

Мемлекет

Монорхиялық Республикалық

Абсолюттік Конституциялық Парламенттік Президенттік

Унитарлық Конфедерациялық

Федерациялық

Конституциялық монархия - Бельгия, Голландия, Дания, Иордания, Испания, Норвегия, Луксенбург, Морокка, Жапонияда сақталған.

Абсолюттік монархия . Қазір басқарудың мұндай түрі жоқ.

Унитарлық құрлыста саяси билік бір орталыққа бағынады.

Федерация деп - белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекет құрылымын айтады.

Конфедерация - өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағы.

Мемлекеттің сыртқы және ішкі функциялары.

Мемлекеттің ішкі, сыртқы қызметтері болады. Ішкі:

  1. Экономикалық салада мемлекет кәсіпкер, жоспаршы, үйлестіруші ретінде мәселелерді шешеді. Экономикалық бағдарламаны жасайды.
  2. Әлуметтік өмірді ұйымдастырады. Халықтың әл-аухатын, өмір деңгейін көтеру, денсаулықты сақтау ісін жақсарту, тұрмыс қажетін өтеуді жетілдірумен айналысады.
  3. Заңдылықты қамтамасыз етеді.
  4. Мәдени тәрбиелік салада мемлекет халыққа білім беру ғылымды, әдебиет пен өнерді дамыту жөнінде қамқорлық жасайды.

Сыртқы:

  1. Мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау.
  2. Өзін-өзі билеу. Егемендігін сақтау басқа елдермен тиімді қарым-қатынасты орнату.
  3. Өз елінің саяси мүддесінің ықпалдығына, ұтымдылығына, тиімділігіне жағдай жасау.
  4. Жалпы азаматтық, аймақтық, саяси негізде интеграциялық процестерді дамыту.

Мемлекеттің ең басты міндеті қоғамның тұрақтылығын орнатып, қалыпты тіршілігіне жағдай жасау.

Мемлекеттің пайда болу түрлері:

  1. Шығыс елдерінде (Иран, Индия, Қытай, Араб т. б. мемлекеттердің қалыптасуы негізінен қоғамдық меншікті қорғаумен байланысты. Себебі алғашқы қоғам ыдырау кезінде бұл елдерде күрделі құрылыстар болды. Ірі су каналдарын жасау.
  2. Суармалы жүйелер құру.
  3. Құрғақшылықпен күресу. Осы күрделі жұмысты жүргізу үшін қоғамдық мемлекеттік меншік қалыптасты.

Меншіктің иелері:

Ру, тайпа басшылары, хандар, корольдер мен императорлар. Шығыс елдерінде мемлекеттің қалыптасуының себептері: 1) Ірі эрригациялық жүйелерді жасау. 2) Оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру, біріктіру. 3) Жұмысшыларды бір орталықтан басқару.

Еуропалық елдерде: мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты. Афины мен Римде Алғаш қоғамның ыдырауы кезінде таптар мен топтар мемлекеттік билікті өз қолдарына алды.

Құқықтың негізгі белгілері және анықтамасы .

Құқықтың белгілері:

  1. Ерікті сипат;
  2. Жалпыға міндеттілігі;
  3. Нормативтілігі;
  4. Мемлекеттердің байланысы;
  5. Формальді анықталғандығы;
  6. Жүйелілігі.

Көпшілік (бұхаралық құқық) - бұл мемлекеттік істер облысы, яғни мемлекеттің құрылымы мен қызметі көпшілік (бұхаралық билік) . Барлық көпшілік институттар сияқты билікпен бағыныштылық бастауларынан субардинация қатынастықтарына орнатылған.

Жеке құқық - бұл жеке істер облысы, яғни дербестікке субъектілердің заңды теңдігіне, олардың бір-біріне бағынбаушылық бастауларына негізделген жеке бастың ерікті мәртебелерінің облысы.

Құқық қағидасы:

Бұл құқықты арнайы әлеуметтік реттеуші ретіндегі мәнін білдіретін негізгі алғашқы бастаулар, жағдайлар, ережелер, иеялар.

Құқық функциялары. Бұл құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рольін көрсететін құқықтық ықпалдың негізгі бағыттары.

Құқық функцияларының түрлері: сыртқы (экономикалық саяси тәрбиелік) және ішкі (реттеуші, қорғаушы)

Құқықтық нормалардың түсінігі және құрылымы.

Құқықтық норма- қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасыз етілетін ереже, қағида.

Құқықтың пайда болу белгілері:

  1. Норма мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен актісі. Оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлгісіне айналады. Өйткені ол нормаларды халықтың көпшілігі дұрыс орындайда.
  2. Нормада субъектінің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық әрі нақты көрсетіледі. Егер көрсетілмесе субъектілер өз еркімен іс-әрекет етуге, тек заңға нұқсан келтірмеу керек.
  3. Норма ерікті түрде орындалмаа мемлекет орындатуға мәжбүр етеді.
  4. Құқықтың нормаларының жүзеге асырылуын мемлекет қамтамасыз етеді.
  5. Адамдардың қоғам тәртібінің кепілдігі ретінде жұмыс істейді.

Құқықтық нормалардың элементтері:

  1. Диспозиция
  2. Гипотеза
  3. Санкция

Диспозиция қатынас мазмұны мен субъектілерді көрсетеді. Мысалы: 2 немесе көп жақты шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетіледі.

Диспозицияның 3 түрі бар:

  1. Жалпылама түрі. Нормада субъектілердің, міндеттердің құқығы айқын көрсетілмейді.
  2. Толық айқын түрі. Мазмұны туралы басқа бір нормаға сілтеу жасалады. Мысалы: азаматтық кодекстің бірнеше бастарында сілтеме қолданылады.

Гипотеза - диспазициясы қашан басталады, аяқталады, нормативтік келісім қалай орындалуы керек осы жағдайды көрсетеді. Мысалы: бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзу керек.

Гипотезаның жалпылама күрделі альтернативті түрлері бар.

Санкция- құқықтық норманың диспозиясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтың норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекеттік қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді.

Санкцияның түрлері:

  1. Абсолютті- анық
  2. Баламалы
  3. Салдыстырмалы.

Құқық нормалар бірнеше түрге бөлінеді. Қоғамның әр саласына қарай өндірістік, ауыл шаруашылық, құрылыс, мәдениет, білім, экономика, ғылым т. б. бағыттық орны бар . Атқаратын жұмысыфна қарай 2 бөлінеді:

  1. Ретттеуші
  2. Қорғаушы

Мазмұнына қарай 3-ке бөлінеді :

  1. Міндеттеуші
  2. Тыйым салушы
  3. Ерік беруші нормалар.

Мамандандырылған құқық нормалар қоғамның мамандық салаларының қарым-қатынасын реттеп басқаратын нормалар. Мысалы: азаматтық, дәрігерлік, қылмыстық, заңгерлер, мұғалімдер т. б. нормалар.

Конституциялық құқық. Қазақстан Республикасының жетекші құқық саласы ретінде.

Құқық дегеніміз - мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін әділеттік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы.

Құқық нормалары - өзара үйлесімді жұмыс істеуі қажет. Осы мақсатта олар салаларға, салашықтарға, құқық институттарына бөлінеді. Мұндай құрылым құқық жүйесі деп аталады. Құқық жүйесі-құқық нормалары-құқық саласы-құқық институттарына топтастырылады.

Конституциялық құқық- құқық жүйесінің басты саласы. Конституциялық құқық құқықтың басқа салалардың жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні 20-дан астам. Мысалы: әкімшілік құқық, қаржы құүқық, азаматтық құқық, қылмыстық ұқық.

Конституциялық құқық мынадай мәселелерді реттейді:

  1. Қоғам мен мемлекект құрылымының негіздерін;
  2. Мемлекеттік билікпен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін;
  3. Адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін.

Конституциялық құқық - адам, мемлекет пен қоғамның өз тіршілік әрекетін құруына өте қажетті оған лайықты басты ережелерді белгілейді. Мемлекеттік билікті жүзеге асыру мен байланысты пайда болу қоғамдық қатынастар конституциялық құқық құқықтың мәнін құрайды. Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге бағытталған әдістер мен тәсілдер арқылы реттейді. Олар:

  1. Міндеттеу әдісі
  2. Тыйым салу
  3. Ерік беру әдісі
  4. Мойындау әдісі.

Қоғамдық құбылыс ретінде құқықтың ішкі және сыртқы түрі болады. Құқықтың ішкі пішіні оның мазмұнын құрайтын бөлшектердің құрылымы мен жүйесі. Құқықтың сыртқы пішіні құқықтық тәртіп ережелері арқылы бекітілетін заңдық қайнар көздерінің жиынтығы.

  1. Конституция
  2. Конституциялық заңдар
  3. Әдеттегі заңдар
  4. Президенттің нормативтік жарлықтары
  5. Үкімет қаулылары.

Қоғамның негізгі құрылымын мемлекеттік билік ұйымдарының ұйымдастырылуын реттейтін басқа да құқықтық нормативтік актілер Қазақстан Республикасы Конституциялық құқығының қайнар көзі болып табылады. Көрсетілген актілердің әрқайсысының нақты заңдық күші бар. Оны қабылдаудың, өзгерістер енгізудің, жариялаудың, күшін жоюдың тәртібі болады. Аталған мәселелердің барлығы Қ. Р «нормативтік құқық актілері» туралы заңында толық қарастырылған. Қ. Р. Конституциялық құқығының ең басты қайнар көзі Конституция болып табылады. Конституцияның нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени т. б. салаларына ықпал етеді.

Конституциялық құқық нормалар мемлекеттік органдар арқылы қабылданады. Олар басқа да заңдық нормалар сияқты 2 түрлі:

  1. Реттеуші
  2. Құқық қорғаушылық

Осыған сәйкес реттеуші және құқық қорғаушылық нормаларға бөлінеді.

Реттеуші нормалар - құқықтық қатынастарға түсушілерге құқық беру және міндеттер жіктеу арқылы мемлекет пен қоғамға пайдалы мінез-құлықты белгілейді.

Құқық қорғаушылық нормалар. Мұндай нормалардың талаптары бұзылған жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілеу қарастырылған.

Қазақстан Республикасының Конституциясы.

Адам қоғамының заңсыз өмір сүре алмайтыны белгілі, ал қоғамның барлық өмір аяларында болып жататын құбылыстардың бәрін заңмен басқару үшін қажетті нормативті актілердің саны қанша болуы керектігін ешкім дәл тауып айта алмас еді. Дамыған демократиялы елдерде әрекет ететін заңдар мыңдап саналады. Сол заңдардың бәрінің бастау олар негізі- конституция.

Мемлекетті басқарудың (монархия әлде республика) формалары анықталады. Мемлекеттің жоғары органдарының құрылымы, азаматтардың негізгі құқықтары, бостандықтары мен міндеттері көрсетіледі.

Конституция (латынның constitution- құрылу, өкім мағына береді) қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, айқындайтын мемлекеттің негізгі заңы. Конституцияны жасауға саясатшылардың, философтардың, әлеметтанушылардың, құқықтанушылардың, экономистердің өзге де мамандық иелерінің бірнеше ұрпағы қатысады.

1-ші Конституция 1993ж 28 қаңтарда қабылданды. Бұл конституция өтпелі кезеңнің негізгі заңы ретінде 2 жыл өзінің миссиясын атқарып, ел тарихында қалды. Бұл кезде жоғары кеңестің өкілеттігі президент пен үкімет билігінен күшті болуынан туындаған мемлекетті басқару жүйесі туралы мәселе шиеленісіп тұрды. Ақыры президенттің өкілеттігін кеңейту арқылы ел экономикасының реформалауды жеделдету қажеттіліктерін жақтаған бағыт үстемдік алды. Нәтижесінде 1995жылы 30 тамызда бүкіл халықтың референдумда Қ. Р. конституциясы қабылданды. Конституция 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады.

I Бөлім. Жалпы ережелер.

II Бөлім. Адам және азамат.

III Бөлім. Президент.

IY Бөлім. Парламент.

Y Бөлім. Үкімет.

YI Бөлім. Конституциялық кеңес.

YII Бөлім. Соттар мен сот төрелігі.

YIII Бөлім. Жергілікті мемлекеттік басару және өзін-өзі басқару.

IX Бөлім. Қортынды және өтпелі ережелер.

Қазақстан Республикасындағы адамдардың және азаматтардың жағдайларының конституциялық негіздері.

Адам және азамат құқықын қарастыру алдында «адам», «жеке адам», азамат санаттарының арақатынасын білу маңызды. Адам ұғымы табиғи тұрпатта сипатталады., яғни арнайы физиологиялық қасиеттерді бойына сіңірген тіршілік әлемінің өкілі ретінде.

Жеке адам ұғымы адамды әлеуметтік тұрғыда сипаттайды, яғни қоғамда өзінің рөлімен орнын және оның алдындағы жауапкершілігін сезіну.

Азамат ұғымы ад/ды заңды тұрғыда сипатталады, яғни адамның нақты бір мемлекетпен тұрақты құқықтық байланыстылығын қарастырады.

Адам құқықы- адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған, заңмен қорғалатын демократиялық құндылық.

Адам құқығына мынадандай белгі тән:

  1. Олар қоғамда өмір жағдайларының үнемі өзгеріп отыруына байланысты, адамдардың табиғи және әлеуметтік мәнділігі негізігде туындайды және дамиды.
  2. Объективті түрде қалыптасады және мемлекеттің мойындауына тәуелді емес.
  3. Туғанынан беріледі.
  4. Табиғи (су, жер, ауа т. б. ) қажеттілік болып табылады, ажыратылмас сипатта болады.
  5. Ең жоғары әлеуметтік құндылық болып табылады.

Конституциялық құқықтық мәртебе - конституциямен өзге де конституциялық құқықтық нормалдарда бекітілген, мемлекет таныған және кепілдікке алған, адам және азаматтың негізгі құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің жиынтығы.

Мәртебе - (статус деген сөз латын тілінен аударғанда «ах уал», «жағдай» деген мағына береді) . Конституциялық мәртебе құрылымына мынандай бөліктер кіреді:

  1. Негізгі құқық, бостандықтар, заңды мүдделер мен міндеттер.
  2. Азаматтық
  3. Құқықтың мәртебенің кепілдіктері

Құқықтық мәртебенің түрлері :

  1. Азаматтардың жалпы немесе конституциялық мәртебесі.
  2. Азаматтардың кейбір санаттарына арнайы және туғаннан берілетін мәртебесі.
  3. Жеке адам мәртебесі.
  4. Жеке және заңды тұлғалардың мәртебесі.
  5. Шетелдіктердің, азаматтығы жоқтардың, босқындардың мәртебесі.
  6. Шет елдерде жүрген Қазақстан азаматтарының мәртебесі.
  7. Кәсіби жеке лауазымдық мәртебе (депутат, министр, судья, прокурор)
  8. Әр түрлі шұғыл жағдайда және еліміздің арнайы аймақтарында жұмыс істейтін тұлғалардың мәртебесі.

Қ. Р. азаматтарының конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері 3 топқа бөлінеді.

1 ) жеке

2) саяси

3) экономикалық, әлеуметтік, мәдени .

Жеке адамның кепілдік құқығы- жеке адамның өзінің құқықтарын, бостандықтарын және мүддесін жүзеге асыру үшін теңдей мүмкіндік тудыратын әлеуметтік, экономикалық, саяси адамгершілік, заңдық жағдай құрал және әдістерінің жүйесі.

Кепілдіктің мынандай түрлері бар:

  1. Материалдық кепілдік
  2. Саяси кепілдік
  3. Рухани кепілдік

Сонымен адам мен азаматтың конституциялық құқықтық мәртебесі- конституция заңдар және басқа да құқықтық нормаларда бекітілген адам және азаматтың негізгі құқықтың, бостандықтарының заңдық мүдделері мен міндеттерінің жиынтығы.

Қ. Р азаматтығының қағидалары.

Жоспар:

  1. Азаматтық деген не?
  2. Азаматтықты алу және тоқтату
  3. Қосарлы азаматтық.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, ЖҮЙЕСІ
Азаматтық құқықтың қағидалары
Азаматтық құқықтың мүліктік және мүліктік емес қатынастары
Еңбек құқығының әдісі
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Азаматтық құқық субъектілерінің азаматтық құқықпен өзара байланысы
Жеке тұлға түсінігі
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СУБЪЕКТ ҚҰҚЫҚТАРЫ
Құқық пәнін оқытудың бағдарламасы әдіс-тәсілдері және жетілдіру жолдары.
Мемлекет пен құқық теориясы пәні және функциясы мен әдісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz