Саясат туралы ғылымның теориялық- әдіснамелік негіздері



Дәріс № 1. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
Лекция № 2. Саясат қоғамдық құбылыс рет інде.
Дәріс № 3. Саяси ілімдердің өркениғеттер дамуы тарихындағы дамуындағы негізгі кезеңдері.
Лекция № 4. Саяси билік.
Дәріс № 5. Саясат субъектілері..
Дәріс № 6. Саси лидерлік. Саяси элита.
Дәріс № 7. Саяси жүйе.
Дәріс. № 8. Демократия теориясы : тарихы және қазіргі жәйі.
Дәріс № 9. Мемлекет саяси институт ретінде.
Дәріс № 10. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам.
Дәріс. № 11. Саяси партиялар, партиялық жүйелер, қоғамдық.саяси қозғалыстар
Лекция № 12. Саяси процесстер. Саяси даму мен модернизация
Лекция № 13. Саяси мәдениет және идеология.
Дәріс № 13. Саясаттағы саяси қақтығыстар мен дағдарыстар
Дәріс № 14. Әлемдік сасат және халықаралық қатынастар
Саясаттану сөзі ("политология") гректін, «политика" және "логос" деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.
Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі.
Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы кұбылысын өте ерте заманнан түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдін ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстық қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарадық. Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, сол кездегі мифтарға сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Кытай мифы бойынша билік құдайдың құдіретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымем байланысты император болып есептелген. Ежелгі гректерде ен алғашқы билікті жүргізуші құдайлардың өздері болыпты-мыс.
Біздің з.б. бірінші мыңжылдықтың ортасында саясаты діни-мифологиялық танудың орнына философиялық-этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек еткендер — Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне сай келуге, адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты.
Әдетте, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді атайды. Өйткені ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. «Саясат» деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет болып есептелетін) саяси жүйесін зерттеді.
1. Антология мировой политической мысли. В 5-ти томах. М., 1997.
2. Әбсоттаров Р.Б. Саясаттану және оның проблемалары. А., 2007.
3. Жамбылов Д. Саясаттану. – Алматы., 2003.
4. Ирхин Ю. В. Политология: Учебник. –М.,2006.
5. Политология. Учсебное пособие. /Под ред.. К. Н. Бурханова, Л. А. Байдельдинова, А. В. Соловьева/- Алматы., 2000.
6. Политология: Хрестоматия / Сост. М. А. Василик, М. С. Вершинин.- М., 2000.
7. Саясаттануға кіріспе. 1, 2, және 3 бөлім –Алматы., 1994.
8. Әбсоттаров Р.Б.Саясаттану және оның проблемалары. А., 2007.
9. Жамбылов Д. Саясаттану.- Алматы., 2009.
10. Ирхин Ю. В. Политология: Учебник. –М.,2006.
11. Политология: Хрестоматия / Сост. М. А. Василик, М. С. Вершинин.- М., 2000.
12. Саясаттануға кіріспе. 1, 2, және 3 бөлім –Алматы., 1994.
13. Әбсоттаров Р.Б. Саясаттану және оның проблемалары. А., 2007.
14. Жамбылов Д.Саясаттану.–Алматы.,2009.
Ирхин Ю. В. Политология: Учебник. –М.,2006.
15. Политология. Учсебное пособие. /Под ред.. К. Н. Бурханова, Л. А. Байдельдинова, А. В. Соловьева/- Алматы., 2000.
16. Политология: Хрестоматия / Сост. М. А. Василик, М. С. Вершинин.- М., 2000.
17. Саясаттануға кіріспе. 1, 2, және 3 бөлім –Алматы., 1994.
18. Әбсоттаров Р.Б.Саясаттану және оның проблемалары. А., 2007.
19. Ирхин Ю. В. Политология: Учебник. –М.,2006.
20. Политология. Учсебное пособие. /Под ред.. К. Н. Бурханова, Л. А. Байдельдинова, А. В. Соловьева/- Алматы., 2000.
21. Политология: Хрестоматия / Сост. М. А. Василик, М. С. Вершинин.- М., 2000.
22. Саясаттануға кіріспе. 1, 2, және 3 бөлім –Алматы., 1994.
23. Токаев К.К. Очерки о внешней политике Казахстана. Алматы, 2000.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 106 бет
Таңдаулыға:   
ДӘРІСТЕР КОНСПЕКТІЛЕРІ

Модуль 1. Саясат туралы ғылымның теориялық- әдіснамелік негіздері

– 6 сағат.

Дәріс № 1. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат
Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде.
Саясаттанудың объеектісі және пәні. Саясат ілімдерінің  құрылымы. 
Саясаттанулық зерттеу әдістері мен негізгі парадигмалар. Саяси ғылымның
қызметі.
Саясаттануды ң өзге ғылымдармен ара қатынасы.
Саясаттану ғылым ретінде.
Саясаттану сөзі ("политология") гректін, политика" және "логос" деген
сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны
білдіреді.                                                                 
Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі,
адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып
келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы,
мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның
салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз.
Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне
қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі.
 Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы кұбылысын өте ерте заманнан
түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдін ойшылдары
мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді,
қоғамдық құрылыстық қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең
қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі
пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі
адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік
космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарадық. Мысалы, Мысырда
(Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, сол кездегі мифтарға
сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді
реттеп, тындырып отырады. Көне Кытай мифы бойынша билік құдайдың
құдіретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымем байланысты император
болып есептелген. Ежелгі гректерде ен алғашқы билікті жүргізуші құдайлардың
өздері болыпты-мыс.
Біздің з.б. бірінші мыңжылдықтың ортасында саясаты діни-
мифологиялық танудың орнына философиялық-этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда
аса зор еңбек еткендер — Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама
ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен
тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне сай
келуге, адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты.
Әдетте, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді
атайды. Өйткені ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән
ретінде оқытып, өзі жүргізді. Саясат  деген еңбек жазып, онда ежелгі грек
мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет болып есептелетін) саяси жүйесін
зерттеді. Дегенмен, ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі біздің -
түсінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл,
хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш
келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке,
әділеттілікке жетуді жеңілдету, адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін
саясат жүргізу керек деп түсінді. Сонымең қатар ол саясаттану мәселелерін,
фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады.
Саясаттану XIX ғасырдың екінші жартысында өз алдына жеке пән ретінде
калыптасты,.Оған бұл кезде бихевиористік, тәжірибелік (эмпирикалық)
әдістердің кеңінен пайдаланыла бастауы зор ықпалын тигізді 1857 жылы АҚШ-
тың Колумбия колледжінде (кейін Колумбия университетіне айналды) профессор
Фрэнсис Либер "Тарих және саяси ғылым" деген кафедра ашты. Соның негізінде
онда 1880 жылы саяси ғылымның жоғары мектебі құрылды. АҚШ-тағы сияқты 1872
жылыФранцияда мемлекеттік аппаратқа арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси
ғылымдар мектебі жұмыс істей бастады. 1889 жылы Американың Саяси және
әлеуметтік ғылымдар академиясы, 1903 жылы Америкалық саяси ғылымдар
ассоциациясы құрылды.
XX ғасырдың басында саясаттану бөлек академиялық пән ретінде толық
бөлініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толыққанды
қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың
халықаралық ассоциациясы зор рөл атқарды. Ол саяси зерттеудің белсенділігін
арттыру жолында казір де жемісті еңбек етуде. Саясаттануды барлық  жоғарғы
оқу  орындарында  міндетті түрде  оқыту туралы 1948 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі
қабылданған болатын. Саясаттану қазір көптеген  елдерде қоғамдық  пәндер 
қатарынан  жетекші  орын алып отыр. Бүгінгі таңда АҚШ-тың, Шығыс елдерінің
барлық жоғары оқу орындарында саясаттану жеке пән ретінде барлық
факультеттерде міндетті түрде оқытылады, әлемнін ең ірі университеттері
оған мамандар дайындайды. Мысалы, АҚШ-та саясаттанудың мамандандырылған 26
саласы бойынша білім береді. Шетелдерде, әсіресе, бұл ғылымның қолданбалы
түрі кең өріс алған. Оны бітірген маман саясатшылар маңызды саяси
шешімдердің жобаларын сараптауға, партиялар немесе басқа бірлестіктердің
сайлау алдындағы бағдарламаларын талдауға, үкіметтік дағдарыстар мен
халықаралық қатынастардағы шиеленіс жағдайларының себебін ашуға кеңінен
пайдаланады. Бұрынғы Кеңес елінде бұл ғылымды партияға, халыққа қарсы,
буржуазиялық ғылым деп айдар тағып, оқытылған болатын. Бірақ бұдан ол кезде
саяси ғылымға еш көңіл бөлінбеген екен деген ой тумауға тиіс. Саясат
мәселелері қаралып, зерттеліп жатты. Алайда, олар ғылыми коммунизм, тарихи
материализм, Коммунистік партия тарихы сияқты коммунистік  идеологияға
негізделген пәндердін шеңберінен шықпайтын және ең алдымен қандай
әлеуметтік-саяси процестер социализм мен коммунизмі әкелуі мүмкін, соның
жолдарын іздейтін. Саясаттануға деген көзқарас 80 жылдардын екінші
жартысында бұрынғы Кеңес Одағындағы түбегейлі реформаларға қоғамнын
демократиялануына, тоталитарлық жүйенің күйреуіне байланысты өзгерді. 1989
жылдан Жоғары Аттестациялау Комиссиясында саясаттанудан эксперттік кеңес
жұмыс істей бастады. 1990 жылы КСРО-ның ғылым және техника бойынша
мемлекеттік комитеті "Саяси ғылымдар" деген атпен саяси ғылым
қызметкерлерінің тізімін ресми түрде бекітті. 1989-1990 оқу жылдарында
Балтық бойы елдеріңде, 1990 жылдан бастап ТМД-ның басқа елдерінде
саясаттану оқытыла бастады. Қазір Қазақстанның барлық жоғары оқу
орындарында дерлік бұл ғылым жеке пән ретінде өтілуде. Әл-Фараби атындағы
Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университеті және Абай атындағы Алматы Мемлекеттік
педагогикалық университетт бұл салада арнаулы мамандар даярлайды. 
Саясаттану  - саясат  туралы пән. Біз күнделікті өмірде  саясатты сөз
етпей тұра алмаймыз. Әңгімені  көп  жағдайда  нақты саяси  білімі жоқ
адамдар да жасай береді.  Мысалы,  авторитарлық,  әміршіл-әкімшіл жүйе
туралы айтылатын  жайларды жиі естуге болады.  Сонда  олардың  баршасы 
істің мәнін дұрыс түсінеді ме екен? Айталық, біздің  қоғамның  даму
бағыттарын  немесе  консенсус, саяси  оппозиция,  билік  дағдарысы, т.с.с. 
саяси  ұғымдарды толығымен түсінеміз бе? Қоғам дамуының шым-шытырық 
бағдардарын  түсіндіретін  саясаттану  пәні болып табылады. Марксистік
саяси ғылым туралы пікір таласы ХХ ғасырдың 60-жылдарының ортасынан
басталған болатын. Мәселе саясаттанудың  қажеттілігі жайлы емес, керісінше,
оны басқа қоғамдық ғылымдардан ажыратып алып, оқыту қажет пе деп қойылды.
Аталған кезеңде  Г.Шахназаров, Ф.Бурлацкий, Ю.Красин, А.Бутенко сынды
беделді  ғалымдар қоғамтану ғылымдары қатарынан саясаттануға  өз алдына
 дербес орын жеңіп алуға әрекет жасады. Бастапқыда нәтижесі болмаса да
кеңес  қоғамының  тоқырау кезеңінің  тереңдей түскен сәтінің  өзінде
саясаттануға деген  оңды көзқарас қалыптаса бастағаны  белгілі. Бүгінгі 
беталысымызға қарасақ, қазіргі оқытылып  жүрген  қоғамдық пәндер - 
дүниежүзілік  мәдениеттің  ажырамас бір тармағы  екендігіне  көз жеткізер 
едік.
Ең алдымен саясаттану  пәнінің түп-төркінін, мән-мағынасын  ажыратар 
болсақ, саясаттану  политология -  грек сөзі политика - мемлекетті 
басқару өнері деген ұғым, логос - ілім деген түсінік  береді екен.  Сол
себепті  саясаттану пәніне  алдымен саяси қатынастарды оқып-үйрету өнері
жатады. Пәннің  құрамына одан  басқа мыналар енеді: қоғамның  саяси
жүйесінің  принциптері,  саяси  жүйенің  рөлі мен  негізгі құрамдарының
өзара қарым-қатынастары болып келетін  - мемлекет, саяси партиялар  мен
қоғамдық  ұйымдар; мемлекеттік саясатты жасау мен  жүзеге асырудың 
әдістері; қоғамдық-саяси қатынстарды реттеу; демократия деген  ұғымды
құратын  проблемалардың біртұтас комплексі.  Саясаттану сондай-ақ сыртқы 
саясатты да,  халықаралық  қатынастарды  да оқып-үйретеді.
Сонымен,  саясаттану – мемлекетті басқру механизмінің  қыр-сырын 
ашып,  саяси билік пен  қоғамдағы күнделікті  процестердің  өзгерістер
мен   заңдылықтардың себеп-салдарын  талдайтын  ілім.  Дамыған 
капиталистік елдердің  жоғарғы оқу жүйесінде саясаттану   негізгі
пәндердің  бірінен саналады. Біз болсақ, генетика мен кирбернетиканы оқу
үрдісінен  аластағанымыздай, саясаттану  пәнінен де ат-тонымызды алып қашып
келдік.  Әлемдік  өркениеттің  деңгейіне  көтерілем деген  елдің  әр
азаматы қоғамдық  ғылымдарды мұқият оқып-үйреніп, бес саусағындай білуге
тиіс. Өйткені  ол логикалық  ақыл-ойдың, мәдениеттің,  дүниені танып
білудің, дамудың  қайнар  көзі  деген сөз.
Саясат ілімдерінің  құрылымы.  Батыста саяси  философия, саяси ғылым,
саяси социология, саяси психология бар. Олардың  әрқайсысын ажыратып  қарау
қалыптасқан. Мысалы,  саяси  басшылықты саяси  ғылым,  саяси социология,
саяси психология қарастырады. Әрқайсысы өз  тұрғысынан  зерттейді. 
Нәтижесінде  әрбір  қоғамдық  ғылымның  иесі өз тарапынан тарихшы-
саясаттанушы, экономист-саясаттанушы, философ-саясаттанушы, заңгер-
саясаттанушы, социолог-саясаттанушы, психолог-саясаттанушы, т.с.с. болып
келеді. Десек те,  саясаттанудың объектісі: саяси жүйелердің  теориясы  мен
әдістерін, оның  ішінде саяси  қатынастарды,  саяси институттарды, саяси 
процестерді зерттеу. Саясаттанудың функциялары. Саясаттану пәні адам мен
қоғамға пайдалы  қызмет  атқарады. Бізді  қоршаған ортаны  танып-білуге
үйретеді.  Адамды саяси өмірге тартқанда саясаттанудың рөлі арта түседі.
Әртүрлі қоғамдық  ұйымдардың  қызметі  өзгерген сайын  саясаттануды
игерудің қажеттігі айқындала түседі. Мысалы, парламент депутаттарының 
қызметінің  өзгеруі қазіргі  уақытта көп мәселелерге өзгеше қарауды қажет
етуде.  Жариялылыққа,  демократияға деген көзқараста  да сондай  өзгерістер
қажет. Қоғамдағы  соңғы жаңалықтарды білмеу көптеген  адамдарға  дұрыс
саяси  бағдар ұстауға кедергі жасайтыны да содан. Мұны кейбір саяси топтар 
пайдаланып кетуі мүмкін. Депутаттардың  өздерінің  ішінде  саясаттанымдық 
білімдерінің  жетіспей жататындары  да бар.  Сондықтан  олардың саяси 
белсенділіктерінің  кеміс  түсетін  сәттері жиі кездеседі. Саясаттану  осы
кемшіліктерді жоюға жәрдемдеседі. Саясаттану теориялық - әдістемелік
функция атқарады. Белгілі бір  қоғамдық – экономикалық формацияның саяси
режимін талдауды,  баға  беруді осы ілім арқылы жүзеге асыруға болады.
Саясаттану  саяси шындықты көрсететін  пән болғандықтан  ол саясатқа әсер
ете алады. Қоғамда қолданбалы, практикалық-саяси функция атқарады.
Мемлекеттің заң актілерінің дұрыстығына саясаттанудың негізінде көз
жеткізуге  болады. Саясаттануды саяси болжамдар  жасауға да қолданады. Күні
кешегі қайта  құру процесінің  кемшілігі де дәл осы саяси болжамның  дер
кезінде толық болмауының кесірінен еді. Экономикада, әлеуметтік салада, 
ұлтаралық  қатынастарда,  мемлекеттік  құрылыста, рухани өмірде  орын
алған  кемшіліктерге алдын-ала  жасалған саяси болжам болғанда  жол
бермеуге  болар еді. Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны
ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-
бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, алықтардың тағдырымен тығыз
байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын
жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке
соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт
саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі.
Саяси билік пен қоғамның саяси жүйесі – саясаттанудың негізгі зерттеу
объектісі мен пәніне жатады. Осылар арқылы қоғамның саяси өмірін анықтауға
болады. Сондықтан саясаттану қоғам өмірінің өте қажетті қызмет саласы
туралы білімді, түсінікті қалыптастырады.. Оған жүктелген міндет әрі
күрделі, әрі маңызды,.
Дегенмен, ғылыми әдебиеттерде ортақ қорытындыға келіп, оны пән ретінде
мойындаған пікір әлі толық тиянақталған жоқ. Сондықтан бұл пән туралы
түсініктер алуан түрлі бір біріне сай келмейтін зерттеулер, бағыттар, саяси
мектептер баршылық.
1-ден . Саясаттануды пән ретінде анықтағанда оның тікелей мемлекетпен
немесе саяси билікпен, қоғамдық немесе саяси партиялар мен ұйымдар
проблемаларымен байланыстыра қарайтын шектеулі шеңбердегі көзқарастарды
атау қажет.
2-ден. Бұл пәнге саяси мәселелер мен саясат туралы білімді ғана жатқызып
қоймай, онымен мәндес келетін табиғаты жақын кейбір қоғамдық ғылымдардың
мәселелерін де жатқызуға болады. Осыдан саясаттану пәні нені зерттейді
деген заңды сұрақ өзінен-өзі туындайды. Оған жауап қайтару ұшін ең алдымен
саясаттану деген сөздің түпкі мағынасын ашу қажет. Саясат яғни
Политика деген сөз – ғылым, ілім деген мағынада қолданылады. Сондықтан
саясаттану - саяси ғылым, немесе саясат туралы ілім деген түсінік дейміз.
Саясаттану өз ерекшеліктерімен сипатталатын дербес бір пән. Оны басқалармен
араластырмай-ақ жеке дара оқып үйренуге болады. Мысалы, бұл ғылымда саяси
билік пен оның мәні, саяси жүйе, жекелей және топтық түрде билік жүргізу,
көсемдік пен демократия, биліктің шексіз феномені сияқты, күштеу мен
зорлық, авторитарлық модель түріндегі билік пен құқықтық құндылықтар және
т.б. осындай мәселелер қарастырылады.
Саясаттануда түрлі сипаттағы елдердің қоғамдық-саяси жүйесін даму
ерекшеліктерін, олардың бір-біріне қабысып икемделуін, қоғамдардағы дау-
жаңжалдар мен дағдарыстарды реттеу жолдарын зерттейтін ғылым деп та атауға
болады. Саяси оқиғаларды талдап таразылап, шындықты объективті тұрғыда
ұғындырып, осы арқылы
дағдарыстарды қалыпқа келтіру бұл ғылымның басты мақсаты деп санауға
болады. Сонымен саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму
заңдылықтарын қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы
мен жұмыс істеуін зерттейді.
Ол адамзаттың демократиялық қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттер, жеке
адамның саяси – құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәселдері,
саяси өзгерістердің тұрлері, саяси мәлениетті қалыптастырудың мазмұны мен
жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарастар, жаңаша
саяси ойлаудың мәні. Қазіргі дүниежүзілік дамудың қозғаушы күштері туралы
түсінік береді. Ол бұрынғы және қазіргі жүйелерді, адамның санасындағы,
көзқарасындағы, мақсат-мүддесіндегі
және мінез-құлық, іс-әрекеттіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол бір
жағынан жиналған, деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардан өзара
ұқсастығы бойынша болжам жасайды. Сайып келгенде, саясаттану дегеніміз
саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынастары
туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің қалыптасуы мен даму
заңдылықтарын, оның жұмыс істеуінің түрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді.
Саясаттағы рационалдық және иррационалдық секілді факторларды да
сараптайтын саясаттану. Ол, сондай-ақ, қазіргі таңда жетістіктерге жету
үшін қандай мақсаттарға сүйену қажет, іс қимыл сәйкестігі қалай орындалады,
мүмкін еместіктің себеп салдары неде, басқа қандай саяси ойда-амалдар
керек және қоғамның басты саяси құндылықтары неде деген сұрақтарға да жауап
қайтарады.
Саясаттану құбылыстарға баға бергенде, ұйғарым жасағанда идеологиядан,
идеялардан тыс тұрады және асыра сілтеуден алуақ болады. Қайта мұндай
нәрселердің саяси процестерге, саяси институттарға тигізетін кері
ықпалдарын зертейді. Мемлекеттердің бәрінде өзге ғылымдарға қарағанда
саясаттанудың ұлттық ерекшеліктерге бір табаң жақындығы бар. Себебі оның
бақылау байламдары, жасаған қортындылары, алға тартатын ұсыныстары сол
мемлекеттің өзіне ғана тән болып келеді. Ал оның басқа мемлекеттерде
қолданылуы логикалық сараптау, әлеуметтік эксперименттер, интуиция арқылы
тексеріледі. Сондықтан әрбір елде плюралистік түрдегі өзінің саясаттану
мектебі болуы мүмкін. Жеке ғылым ретінде саясаттанудың өзіне тән белгілері
болады. Ол - пәндік кескін мен зерттеу объектісі ғана емес, сондай-ақ
пәннің өзіндік, сипатын бейнелейтін және оның зерттелуіне айқындай алатын
ұғымдары, категориялары мен танымдық заңдары, әдістері, құрылымы.
Саясаттанудың пәні жөнінде алыс, жақын шетелдік болсын, біздің елдін
ғалымдарының арасында болсын бірыңғай, жалпы жұрт танып, мойындаған
анықтама, тоқтам жоқ. Оның аукымы мен мазмұны, қарастыратын мәселелер
шеңбері, жеке ғылыми пән ретінде ерекшелендіретін белгісі, өлшемі не болуы
кере деген сауалдар төңірегінде бірталай көзқарастар бар. Кейбір ғалымдар
оған қоғамда билікті жүргізетін немесе оған әсер ететін мемлекет, партиялар
және басқа саяси институттар туралы ғылым ретінде қарайдық. Әлбетте,
саясаттанудың бұл мәселелер мен айналысатынында дау жоқ. Дегенмен, оның
өрісін тек солармен шектеуге әсте болмайды, Себебі, ол солармен қатар
жалпы, саяси теориялар мен нақтылы саяси іс-әрекеттерді, саяси процестер
мен жүйелерді, халықаралық қатынастарды да зерттейді, еларалық
салыстырмалар да жүргізеді. Сондықтан мұнда көзқарас саясаттануға тар
мағынасында қараған болып шығады. Ғалымдардың екінші тобы саясаттануды
ғылымға қатаң негізделген, әсіресе тәжірибелік (эмпирикалық) әдіс-тәсілге
сүйенеген, нәтижесін тексеріп білуге болатын ілім ретінде түсінеді. Оны
жақтаушыларды. бихевиористер дейді (олар туралы кейінірек сөз балады). Олар
бұл ғылымды математика, кибернетика және т.с.с
нақтылы ғылымдарға теңиді. Бұл бағытты жақтаушылар, түптеп келгенде,
саясаттануды теориялық және практикалық жаққа бөліп, екіншісін басшылықка
алып отыр. Бұлай білімнің екі түрін бір-біріне қарсы қоюшылықпен келісуге
болмайды. Себебі, теория мен
практиканы бөліп, карау адамзат тарихында талай рет тығырыққа тірелткен.
Әрине, аталған тәсіл сайлаудын. дауыс беру нәтижесін, оған жұмсалған
қаражатты, қай партияның жақтаушылары көп не аз болғанын және т.с.с. сан
жағынан нақтылы есептеп шығуға мүмкіндік береді. Бірақ, "еркіндік",
"теңдік", "әділеттік", "егемендік", "демократия" және т. б. сияқты маңызды
категорияларды сандық мөлшерде есептеп шығаруға келмейді.
Саясаттануды зерттейтін ғалымдардың көпшілігі (үшінші топ) бұл ғылымды
саясат туралы жалпы, оның барлық көріністерін қамтып, тәртіпке келтіретін,
жинақтап біріктіретін ғылым деп санайды. Бұл пікірді Біріккен Үлттар
Ұйымының Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы
(ЮНЕСКО) басшылығымен 1948 жылы Парижде өткен саясаттанушылардың
Халықаралық коллоквиумы да мақұлдады. Оған қатынасқан дүние жүзінің белгілі
ғалымдары саясаттану пәні мына бөлімдерден тұрғанын жөн деп тапты: І) саяси
теориялар (олардың пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі қызметі); 2)
саяси институттар (конституциялар, аймақтық және жергілікті басқару;
көпшілік әкімшілігі, саяси институттарды салыстырып зерттеу); 3) партиялар
мен қоғамдық ұйымдар; 4) қоғамдық пікір; 5) халықаралық саясат (халықаралық
ұйымдар мен халықаралық құқық) Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын,
оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды,
оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық,
қоғамдағы қүқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық
жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері,
саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы
сан түрлі саяси идеялық көзқарасгар, жаңаша саяси ойлаудын мәні, казіргі
дүниежүзілік дамудың козғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол бұрынғы
және қазіргі саяси жүйелерді, адамның санасындағы, көзқарасындағы, мақсат-
мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-әрекетіндегі саяси өзгерістерді
қарастырады. Ол, бір жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан,
құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды. Сайып
келгенде, саясаттану дегеніміз саясат туралы, саясаттың адам және қоғам
арасындағы қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің
қалыптасуымен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуі мен пайдалануын,
түрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді. Саясаттану саяси құбылыстар мен
өзгерістердің мән-мағынасын түсініп-білу үшін бірталай әдістерді
пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға
салыстырмалы, жүйелеу, социологаялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік
және т. б. әдістер жатады. Оларды оны оқып-білудің маңызы зор.
Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Себебі
олардың бәрінің зерттеу объектісі ортақ—қоғамдық өмір. Олар бірталай ортақ
ұғымдарды да пайдаланаді. Бірақ та әрбір қоғамтану ғылымының өзіндік пәні
бар. Сондықтан саясаттанудың басқа гуманитарлық ғылымдар арасындағы
ерекшелігін, алатын орнын анықтап алған ләзім. Саясаттану ең алдымен
фәлсафамен (философиямен)тығыз байланысты. Фәлсафа — табиғат, қоғам және
таным дамуының неғұрлым ортақ зандылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің
түпкілікті себептерін, рухани-байлықтардың негізінде не жатқанын және т.с.с
ашып, дүниеге тұтас көзқарас туғызады. Сондықтан ол басқа пәндер сияқты
саясаттануға жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты фәлсафалық
тұрғыдан дәлелдейді, саяси кұбылыстар мен процестерді талдауға
дүниетанымдық бағдар береді. Бірақ ол мәселелерді, құбылыстарды, өмірдің
жекелеген жақтарын қарастырғанда өзінің өресі тарлығын бай-қатады.
Саясаттану қоғам өмірінің саяси саласындағы жалпы заң-дылықтарды
нақгылайды, айқындайды, саяси танымды
терңдетеді, саяси көзқарасты қалыптастырады. Саясаттану экономикалықикалық
теориямен өзара байланысты. Саяси экономия саяси процестерді экономикалық
тұрғыдан дәлелдей отырып, ол процестердің негізінде әр түрлі әлеуметтік
топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізеді.
Саясаттану экономикалық саясатты дайындау және іске асыру, ол процестерді
мемлекеттік реттеу принцип-терін ғылыми түрде негіздейді. Саясаттану
құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Құқық адамдардың қоғамдағы қатынастары
мен тәртібін, жүріс-тұрысын реттейді. Ол саяси шешімдерді дайындап, іске
асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді, кұкықтық және мемлекеттік нормалар
мен институттардың қиысқан, түйіскен жерлерін карастырады. Құқықты К.Маркс
заңға айналдырылған экономикалық үстем таптың еркі деп атаған. Саясаттану
күкықтануға жалпы теория, оның теориялық-әдістемелік негізі іспеттес. Саяси
екімет жүйесінсіз әлеуметтік, оның ішінде құқықтық ережелер мен қатынастар
жалпыға міндетті сипат алып орындалмайды. Сонымен қатар құқықтык тұрғыда
қалыптаспай саяси екімет те әдеттегі қызметін атқара алмайды. Саясаттануға
жақын ғылымдардың бірі — әлеуметтапу (социология). Саясаттану саясатты
белгілі бір заңдылықтарға бағынып, іс жүзінде белгілі бір принциптерді
жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қарайды
әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап,
леуметтік ортаның саяси салаға етер әсерін зерттейді. Оның айналысатын
мөселелері адамды және қауымдастықты дамытуға саясат не бере алады және
саясатты жетілдіру үшін адамдар не істей алады. Сайып келгенде,
саясаттанудың негізгі назары саясатта болса, әлеуметтанудың назары саясатты
жасаушы адамда болады. Олардың арасындағы байланыс әсіресе саясаттануды
сандық әдіс-тәсілдерді пайдалануға байланысты күшейе түседі. Тарих болса
жүйелі, дәйекті түрде оқиғаның болған уақытына байланысты саяси институттар
мен идеялардың дамуы туралы деректерді жинап, суреттейді. Аты аталған
ғылымдармен қатар саясаттану баска да адамгершілік ғылымдарымен байланысты.
Солай бола тұра саясаттанудың өзіне тән зерттеу объектісі бар. Оған
қоғамның саяси саласы, ондағы болып жатқан барлық саяси құбылыстар мен
процестер жатады.
Әдебиеттер:
1. Антология мировой политической мысли. В 5-ти томах. М., 1997.
2. Әбсоттаров Р.Б. Саясаттану және оның проблемалары. А., 2007.
3. Жамбылов Д. Саясаттану. – Алматы., 2003.
4. Ирхин Ю. В. Политология: Учебник. –М.,2006.
5. Политология. Учсебное пособие. Под ред.. К. Н. Бурханова, Л. А.
Байдельдинова, А. В. Соловьева- Алматы., 2000.
6. Политология: Хрестоматия Сост. М. А. Василик, М. С. Вершинин.- М.,
2000.
7. Саясаттануға кіріспе. 1, 2, және 3 бөлім –Алматы., 1994.

Лекция № 2. Саясат қоғамдық құбылыс рет інде.
1. Саясат қоғамдық құбылыс ретінде.
2. Саясат қоғамдық құбылыс ретінде.
3. Саясаттың түрлері, бағыцттары және негізгі юелгілері..
4. Саясаттың қоғамдық өмірдің басқа салаларымен өзара байланысы

Адамзат тарихында саясат негізгі роль атқарады. Себебі кез келген адам бір
мемлекеттің шеңберінде өмір сүрген жағдайда сол елдің саясатынан тыс
болатын адам жоқ. Сондықтан, саясат қазіргі адамның қажеттілігі, талап –
тілегі болады деген пікірмен келісеміз. Ол адамның тұрған жерінен,
жұмысшылардың алғашқы ұжымынан басталып, мемлекетте, мемлекеттер арасындағы
саяси қатынастарда саяси тұрғыдан басшылық етумен аяқталады. Адамзат
саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы кұбылысын өте ерте заманнан түсініп-
білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдін ойшылдары мемлекеттің,
саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық
құрылыстық қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы
қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар
негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер
бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік космостық
тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарадық. Мысалы, Мысырда (Египетте),
Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, сол кездегі мифтарға сүйенсек,
басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп,
тындырып отырады. Көне Кытай мифы бойынша билік құдайдың құдіретімен
жүргізіледі де, ал іске асырушы онымем байланысты император болып
есептелген. Ежелгі гректерде ен алғашқы билікті жүргізуші құдайлардың
өздері болыпты-мыс. Кейінірек адамзаттың іс-тәжірибесінің, ақыл-ойының,
мәдениетінің дамуына байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері,
тұжырымдамалары пайда бола бастады. Қоғамдық - әлеуметтік және саяси
құрылымы мен қатынастарының одан әрі күрделіленуі, материалдық өндірістің,
халық санының өсуі оның өміріне мемлекеттің тікелей араласуына әкеліп
соқтырды. Мұндай жағдайда ұлы ойшылдар саясатты ғылыми тұрғыдан түрініп,
оны орынды пайдаланудың, мемлекетті тиімді басқарудың жолдарын іздестіре
бастады. Бұдан келіп саяси теориялар туды.
Біздің з.б. бірінші мыңжылдықтың ортасында саясаты діни-мифологиялық
танудың орнына философиялық-этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор
еңбек еткендер — Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл
ойшылдар саясатты
теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Олар
саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне сай келуге, адамгершілікке негізделуге
тиіс деп ұқты. Әдетте, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым
Аристотельді атайды.
Өйткені ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде
оқытып, өзі жүргізді. Саясат деген еңбек жазып, онда ежелгі грек
мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет болып есептелетін) саяси жүйесін
зерттеді. Дегенмен, ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі біздің -
түсінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл,
хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш
келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке,
әділеттілікке жетуді жеңілдету, адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін
саясат жүргізу керек деп түсінді. Сонымең қатар ол саясаттану мәселелерін,
фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады. Орта ғасырда саясаттың діни-
этикалық түрі қалыптасады. Оның негізін салушы Фома Аквинский саяси
билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары кұдайдың калауына қарсы
шықса, халықтың оларды құлатуына болады деген байлам айтты.
Саясатты қазіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның XVI ғасырда өмір
сүрген ойшылы Никколо Макиавелли болды. Ол саясатты теологиялық
(құдайшылдық) түсіндіруден саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған
мәселелерді шешуге бейімдеді. Саяси зерттеулердің өзегі етіп мемлекеттік
билікті қойды және оны қалай қолға түсірудің, пайдаланудың неше түрлі әдіс-
тәсілдерін көрсетті. Соның арқасында саясаттануды біздің казіргідей
түсінуімізге жол ашылды.
Феодализмнің ыдырап, капиталистік қатынастардың қалыптасу қоғамды
демократияландырып, жалпыға бірдей сайлау құқығын кіргізуге; көпшілік саяси
партиялар мен қазыналардың кеңінен қанат жаюына, акпарат кұралдарының
өрістеуіне, ауқымы кеңейді, саясаттың қызметтері мен міндеттері күрделігіне
түсті. Сондықтан
саяси құбылыстар мен процестерді арнайы зерттеуге, саясаттану теорияларын
жасауға тура келді. Бұл ретте Дж. Локк, .Л.Монтескье, Ж.Ж. Руссо, Т.
Джефферсон, Т. Пейн, И. Кант, Гегель сынды көрнекті ғалымдар көп еңбек
сіңірді.
Қазіргі саяси ғылымда саясаттың табиғаттын түсіну өте күрделі ұғым болып
отыр.Саясаттың қоғамдық құбылыс ретінде пайда болуымен мәні жөнінде
ғалымдар арасында әртүрлі көзқарастар бар. Соның бірнеше бағыттарын
көрсеткен жөн:
- Теологиялық бағыт – мұнда саясаттың пайда болуы, құдайдың құдыретімен
түсіндіріледі.
- Географиялық бағыт- Жан Боден, Ш. Монтескье: Саясат геогроафиялық
себептерден пайда болды, бұл құбылыс қоршаған ортаның ерекшеліктеріне
байланысты түсіндіріледі.
- Биологиялық бағыт - Н. Макиавелли, Т. Гоббс зерттеулері бойынша саясаттың
көзі адамдардың биологиялық алғышарттарымен байланысты түсіндіруге бағыт
береді.Бұл
бағытты жақтаушылар саясатты ортақ игілік көпшіліктің мүддесі үшін жеке
адамның өзімшілдік мінезін тізгіндеу мақсатында пайда болған дейді.
- Психологиялық бағыт – адамның психологиялық қасиеттерінің саясат
құбылысының
түсініктеріне, сезімдеріне, данышпандығына байланысты дейді.
- Конфликтік бағыт- Шмидтің пікірінше: саясаттың табиғаттың әртүрлі топтың
мүдделеріндегі қайшылықтарға сілтеме жасап, тұтастығын сақтау үшін
шиеленусуді реттеу керектігімен түсіндіреді.Саясаттың сонау ертеде пайда
болғанынан бастап, қазіргі күнге дейін оның түсінігі жөнінде бірнеше
көзқарастар мен аңықтамалар кездеседі. Саясатпен айналыспасаң, саясат
сенімен айналысады деген өркениетті ерте дүниеден жеткен сөз бар.
Расында,  адам баласының  қоғам  мүшесі бола тұра саясаттан тыс қалуы
мүмкін емес. Саясат ең ауыр, сонымен  бірге,  ең қадірлі де қасиетті және
ең  таза жұмыс. Сондықтан онымен айналысқан жандар жоғарғы мәдениетті 
меңгеруге тиіс. Оны былғаныш саясатқа айналдыратын  да өзіміз, ішкі
мәдениеті жоқ  жан мінбеге  көтерілгенде де,  қолына қалам алғанда  да таз
қалпында қалады. Ондай адамның  іс-қимылына  қарап бүгінгі саясат пен 
демократияға баға беру үлкен  қателік.Қазақтың  ортағасырлық ірі тарихи
тұлғаларының бірі Жүсіп  Баласағұн саясаттың  маңызы туралы былай деген
екен:
Саясатпен  жұртын заңын түзетер,
Саясатпен  елін-жерін күзетер,
Бұл саясат бек қақпасын зерлейді,
Саясатпен  бектер елін  жөндейді,
Ел былығы  саясатпен арылар,
Алаяқтар  есебінен  жаңылар.
Елді  тұтас ұстағысы, әділ билегісі келетін басшыға бұлардан  басқа да 
үш қасиет керек.  Қаһарман  жігерлілік, жомарттық және  шырын  тіл. Бек
те,  ұлық та, құл да,  күң ді тілге, сөзге жүгінген. Түксиген жүз,  іріген
сөз, құр кердең елді бектен  жирендіреді,  өнерлі,  ойлы даңқы өсіп,
төрден орын тиеді, дейді тағы да сол бабамыз.
Саясатты  жетік  білу әр адамға ісінің  ілгерлеуіне кепілдік берері
рас.  Инженер бұрын тек өз ісін, өндіріс процесін ғана білсе,  қазір оның
қоғамның дамуына тигізер әсерін, пайдасы мен зиянын есептеп, біліп отыруы
тиіс. Сонда ғана қоғамымыз тірелген әлеуметтік-экономикалық,  керек
десеңіз, рухани тығырықтан  жол тауып, шыға аларымыз хақ. Қазір барлық
қоғамдық ғалымдарда саяси сипат бар деп  дәлелденетіндігі белгілі.  Рас, 
экономикалық саясат,  демографиялық  саясат,  экологиялық, жағрапиялық,
энергетикалық т.с.с. саясаттар бар. Ал қоғамдағы шиеленістердің баршасын
саясаттану шешуге  жәрдемдеседі.
Саясатта екі бағытты бөліп қарау керек. Бұл ретте Платонның  Диалог
деген  еңбегінде саясатты екі тұрғыда қарастырылады:
1) Саясат -  билік,  билікті жүргізу. 
2) Саясат – жетекшілік, басшылық ұғымын түсіндіреді.
Саясаттың қиындығы оның көптеген адамдардың тобын  қамтитындығында
жатыр. Мысалы, дүкенде нан болмай қалды делік. Осыдан барып  әртүрлі
түсініктер мен  өсек-аяңдар таратылуы мүмкін. Ол бара-бара саяси мәселеге
де айналып кетуі ықтимал. Бүгінгі таңда нарықтық  экономика да сондай
саясат  туғызып отыр. Саясатқа  жеке адамдар ғана емес мемлекеттік
құрылымдар  да қатысады. Черчилль айтқандай,  саясат әлемінде мәңгі дос
та,  мәңгі жау  да жоқ, мәңгі ұлт мүддесі ғана бар. Мемлекет тағдырының
қашанда  саясат  арқылы реттелетіндігі содан  болса керек.  Алайда
саясаттың  да әр түрі бар. Мәселен, стратегиялық  тұрғыдағы  үлкен саясат
болады,  сонымен бірге кезеңдік  шешімдерге негізделген  тактикалық 
саясаттар болады. Айталық,  Қазақстан  бұрын мұнайды Ресей арқылы  сыртқа 
шығарып жүрді. Оның толып  жатқан  күрделі жақтары бар. Іргедегі үлкен ел, 
біздің даму жолымызға әлі де ықпалы мол, сол себепті мүмкіндігінше  оларды
ренжітпеуге  тырысамыз. Алайда  тағы бір  тиімді жобаның  реті келіп тұр.
Ол – мұнайымызды Иран  арқылы  сыртқа шығару. Не істеу керек? Ресей 
ренжиді деп отыра  береміз бе,  әлде тиімді  деген ұғымнан келіп шешім
қабылдаймыз ба? Жалпы  экономикалық  мүдденің  тактикалық  саясаттан  биік
тұрғаны абзал ғой.
Саяси билік саясаттануда  жетекші рөл атқарады. Істің мәні кім кімге
билікті жүргізуінде жатыр. Мәселенің  түйіні саяси билік  жән материалдық 
билікте  тұр. Саяси билік  қоғамға экономикалық  жағынан үстем  таптардың,
топтардың, жіктердің  жүргізетін билігі.
Саясаттың басты элементі – саяси билік. Саяси билік саяси  шындықтың 
идеяларын  құрады. Осының барлығы саясаттану пәнінің  зерттеу объектісі.
Дегенмен саясаттануда негізгісі саяси биліктің  қалыптасуы туралы
заңдылықтар. Оның объектілері мен субъекті саясаттанудың  пәні болып
табылады. Мысалы зерттеушілердің бір тобы саясатты – адамдардың өз
мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған, саяси билікті басып алуға,
қолында ұстап тұруға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекттің,
ұлттың, үлкен әлеуметтік топтың, не жеке адамның қызметі деп түсіндіреді.
Ал, екіншілер, саясат - ол мемлекеттің басқарушылық істеріне қатысу, оның
қызметінің мақсаты мен мазмұнын анықтау дегенді білдіреді. Үшіншілер,
саясатты – ол басшылар мен бағынушылар арасындағы қарым қатынастардың бір
түрі.
Бірақ бәрі саясаттың негізгі маңызды мәселесі - билікке қатысты жағдайдан
көрінетіндігін байқайды. Саяси сала мен оны анықтайтын факторларды
талдампаздық модель ретінде түсіндіруге болады. Ол модель әлеуметтік
ықпалдар мен қатынастар саласын, саясат өрісі саяси құбылыстың үлкен
жиынтығын қамтиды. Сондықтан, қоғамның саяси өмірі осылардың негізінде
қалыптасады. Мұндай саясат өрісі саясаттың қызметін
факторларынан көрінетін әлеуметтік кеңістікті белгілейді.Саясаттың негізгі
мәселесі билік болып табылады. Өйткені, саясат топтар мен басқа да
әлеуметтік бірлестіктер арасындағы өзара қатынастардың ерекше түрі ретінде
мемлекеттік билікті қолға алып, ұйымдастыруымен байланысты. Сондықтан,
саясат деген ұғымның мағынасы ең кең тараған мемлекеттік билік, халықаралық
қатынастар ұғымымен байланысты. Саясат - ол қызмет болса, екіншіден ол -
өнер, мемлекетті басқару өнері болып табылады Аристотель.
Сонымен, саясат дегеніміз – адамдардың өздерінің қоғамдық мәні бар мүдде
мен қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін пайда болған әлеуметтік топтар,
ұлттар, мемлекеттер арасындағы билікке байланысты іс - әрекет болып
табылады.Саясаттың түрлері негізінен екіге бөлінеді: ішкі және сыртқы. Ішкі
саясат мемелекеттің, қоғамдық саяси ұйымның, саяси басшылықтың, қоғам
ішіндегі саяси әрекетінің процесінің негізі. Ішкі саясаттың негізгі бағыты
билік қатынастарын қалыптастыру, билік жүргізу, биліктің қолданыстарын
ұйымдастыру, біріктіру, жетілдіру болып табылады. Ол қоғамның нақтылы
кезеңіндегі даму мүмкіншіліктерін әлеуметтік күштердің ара салмағын ескере
отырып жақын арадағы, келешектегі мақсаттарын белгілейді. Оларға мыналар
жатады:
- саяси мақсаттарға жету үшін ұйымдардың, әлеуметтік күштерді
ұйымдастырудағы тиімді әдіс–тәсілдерді анықтау;
- сол мақсаттарды шешуге қолынан келетін мамандарды дайындау.
Сонымен, ішкі саясат – мемелекеттің ішкі функцияларын реттеп отырады.
Сыртқы саясат - мемлекеттің жалпы саяси жүйесін халықаралық дәрежеде ең
алдымен өз мүддесін қорғау үшін жүргізген жұмысы, басқа елдермен, ұлттармен
қарым – қатынас орнату.
Оларға мыналарды жатқызуға болады:
- достық қарым – қатынас орнату.
- сауда қарым – қатынастарын орнату.
- экономикалық қарым – қатынастарды орнату.
- әскери қарым – қатынас орнату.
Жалпы алғанда дамыған ішкі саясат, дамыған сыртқы саясатты қамтиды және бір
– бірінсіз болмайды. Қорытындылай келсек, саясат қоғамның өмір сүруін
ұйымдастыру, реттеу үшін қажет.
Саясаттың негізгі мәселесі – билікті қолға алу, ұстап тұру, айдалана білу.
Қазіргі жағдайларда мемлекеттік саясаттың негізгі мақсатты міндетті түрде
адамдардың аса маңызды мұқтаждықтарын анықтап, оларды әртүрлі жолдармен
қадағалап шешуі болып табылады.
Жалпы алғанда саясат қоғамдағы құбылыс деп айтуымыздың өзінде де үлкен мән
жатыр. Адам саясатпен араласпаса да, саясат адаммен әрқашан бірге болып,
қабаттаса жүріп араласады.
Адам – саяси жануар, жан иесі. Аристотель көрсеткендей қандай болмасын
қоғамда адаммен саясат қатар жүрген. Саясат ешқашан тұрақты болған жоқ, ол
әр кез өзіндік уақытта өзгеріп отырады. Қоғамның, заманың өзгеруіне сай,
адам баласының сол ортаға қалыптасуының өзі осы саясат тұрғысынан жекелеген
немесе қоғамдық жағынан көріп, ғылымды оқу барысында білеміз.
Міне, бұл саясаттың қоғамдық құбылыс ретінде алып қараудағы бірден бір
кепіл. Қоғамсыз адамзат баласы болмайды, ал адамзатсыз қоғам, орта
болмайды. Ендіше, саясатсыз қоғам болады деу болмас. Әрине, қоғам – саясат,
саясат барлық қоршаған
орта, халықаралық тұтастық болып саналады.
Саясаттың мәні, құрылымы және қызметі. Саясаттың түрлері, негізгі
бағыттары. Саясаттың қоғамдық өмірдің басқа да бағыттарымен байланывсы.
Адамзат тарихында саясат негізгі роль атқарады. Себебі кез келген адам бір
мемлекеттің шеңберінде өмір сүрген жағдайда сол елдің саясатынан тыс
болатын адам жоқ. Сондықтан, саясат қазіргі адамның қажеттілігі, талап –
тілегі болады деген пікірмен келісеміз. Ол адамның тұрған жерінен,
жұмысшылардың алғашқы ұжымынан басталып, мемлекетте, мемлекеттер арасындағы
саяси қатынастарда саяси тұрғыдан басшылық етумен аяқталады.
Саясаттың негізгі мәселесі билік болып табылады. Өйткені, саясат топтар мен
басқа да әлеуметтік бірлестіктер арасындағы өзара қатынастардың ерекше түрі
ретінде мемлекеттік билікті қолға алып, ұйымдастыруымен байланысты.
Сондықтан, саясат деген ұғымның мағынасы ең кең тараған мемлекеттік билік,
халықаралық қатынастар ұғымымен байланысты. Саясат - ол қызмет болса,
екіншіден ол - өнер, мемлекетті басқару өнері болып табылады
Аристотель.
Сонымен, саясат дегеніміз – адамдардың өздерінің қоғамдық мәні бар мүдде
мен қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін пайда болған әлеуметтік топтар,
ұлттар, мемлекеттер арасындағы билікке байланысты іс - әрекет болып
табылады. Саясаттың түрлері негізінен екіге бөлінеді: ішкі және сыртқы.
Ішкі саясат мемелекеттің, қоғамдық саяси ұйымның, саяси басшылықтың, қоғам
ішіндегі саяси әрекетінің процесінің негізі.
Ішкі саясаттың негізгі бағыты билік қатынастарын қалыптастыру, билік
жүргізу, биліктің қолданыстарын ұйымдастыру, біріктіру, жетілдіру болып
табылады. Ол қоғамның нақтылы кезеңіндегі даму мүмкіншіліктерін әлеуметтік
күштердің ара салмағын ескере отырып жақын арадағы, келешектегі мақсаттарын
белгілейді. Оларға мыналар жатады:
- саяси мақсаттарға жету үшін ұйымдардың, әлеуметтік күштерді
ұйымдастырудағы тиімді әдіс–тәсілдерді анықтау;
- сол мақсаттарды шешуге қолынан келетін мамандарды дайындау.
Сонымен, ішкі саясат – мемелекеттің ішкі функцияларын реттеп отырады.
Сыртқы саясат - мемлекеттің жалпы саяси жүйесін халықаралық дәрежеде ең
алдымен өз мүддесін қорғау үшін жүргізген жұмысы, басқа елдермен, ұлттармен
қарым – қатынас орнату.
Оларға мыналарды жатқызуға болады:
- достық қарым – қатынас орнату.
- сауда қарым – қатынастарын орнату.
- экономикалық қарым – қатынастарды орнату.
- әскери қарым – қатынас орнату.
Жалпы алғанда дамыған ішкі саясат, дамыған сыртқы саясатты қамтиды және бір
– бірінсіз болмайды. Қорытындылай келсек, саясат қоғамның өмір сүруін
ұйымдастыру, реттеу үшін қажет.
Саясаттың негізгі мәселесі – билікті қолға алу, ұстап тұру, айдалана білу.
Қазіргі жағдайларда мемлекеттік саясаттың негізгі мақсатты міндетті түрде
адамдардың аса маңызды мұқтаждықтарын анықтап, оларды әртүрлі жолдармен
қадағалап шешуі болып табылады.
Жалпы алғанда саясат қоғамдағы құбылыс деп айтуымыздың өзінде де үлкен мән
жатыр. Адам саясатпен араласпаса да, саясат адаммен әрқашан бірге болып,
қабаттаса жүріп араласады.
Адам – саяси жануар, жәнтік. Аристотель көрсеткендей қандай болмасын
қоғамда адаммен саясат қатар жүрген. Саясат ешқашан тұрақты болған жоқ, ол
әр кез өзіндік уақытта өзгеріп отырады. Қоғамның, заманың өзгеруіне сай,
адам баласының сол ортаға қалыптасуының өзі осы саясат тұрғысынан жекелеген
немесе қоғамдық жағынан көріп, ғылымды оқу барысында білеміз.
Міне, бұл саясаттың қоғамдық құбылыс ретінде алып қараудағы бірден бір
кепіл. Қоғамсыз адамзат баласы болмайды, ал адамзатсыз қоғам, орта
болмайды. Ендіше, саясатсыз қоғам болады деу болмас. Әрине, қоғам – саясат,
саясат барлық қоршаған
орта, халықаралық тұтастық болып саналады.
Әдебиеттер.
1. Антология мировой политической мысли. В 5-ти томах. М., 1997.
2. Әбсоттаров Р.Б.Саясаттану және оның проблемалары. А., 2007.
3. Жамбылов Д. Саясаттану. – Алматы., 2003.
4. Ирхин Ю. В. Политология: Учебник. –М.,2006.
5. Политология: Хрестоматия Сост. М. А. Василик, М. С. Вершинин.- М.,
2000. Саясаттануға кіріспе. 1, 2, және 3 бөлім –Алматы., 1994.

1.

Дәріс № 3. Саяси ілімдердің өркениғеттер дамуы тарихындағы дамуындағы
негізгі кезеңдері.
1. Ежелгі классикалық дәуір мен ортағасырдың саяси ойлары.
2. Қайта өрлеву және жаңа заманның саяси идеялары
3. Қазіргі дәуірдің саяси теориялары.
4. Отандық саяси ой тарихы мен идеялары
Зарождение политических учений в древности. Политические учения в средние
века. Развитие политических знаний в Новое и Новейшее время. Современные
политические теории.
Қай заман болмасын оның ойшылдарын ойландыратын мәселе – халықты
бақытты ету жолдарын іздеу. Оны әр ойшыл заман талаптарына сай өзінше
пайымдап, өзінше шешті. Жалпы саяси ойдың даму кезеңдері мен ойшылдарын
былай топтауға болады:
Ерте дүние: Конфуций, Будда, Заратустра, Иеремия, Пифагор, Демокрит,
Платон, Аристотель. Ортағасырлы: А. Августин, Ф. Аквинский, М. Лютер. Қайта
өрлеу мен жаңа заман: Н. Макиавелли, Томас Мор, Т. Кампанелла, Т. Гоббс, Д.
Уинстенли, Джон Локк. Ағарту Ш.Монтескье, Вольтер, Ж.Ж.Руссо, Д.Дидро,
К.Гельвеци, Ж.Ламетри, Ж.Мелье, Морелли, Г.Мабли, Р.Н. Радишев. Жаңа және
жаңаша уақыт И. Кант, И.Фихте, Ф.Шеллинг, Г.Гегель, К.Сен – Симон, Ш.Фурье,
Р.Оуэн, Н.Чернышевский, А.Герцен В.Белинский, Н.Добролюбов, К.Маркс,
Ф.Энгельс,
В.И.Ленин, Қазақ ойшылдары.
1. Ежелгі Қытай және Индиядағы, Ежелгі Греция және Римдегі саяси
ойлардың қалыптасуы.
Саяси ілімдер тарихы – адамзат баласының рухани мәдениетінің ең
маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Онда саясат, мемлекет, құқық
мәселелеріне көптеген ойшылдар ұрпағының заңғар да ауқымды еңбек
тәжірибелері көрсетілген.
Бұл еңбектер мемлекеттің пайда болуы мен даму барысындағы саяси
жүйелер жайлы мағлұмат, түсініктер беріп қана қоймай, қазіргі замандағы
көптеген мәселелерге ықпалын тигізеді. Ежелгі Египет, Қытай, Грек
халықтарының саяси ойлары адам баласының жер бетіндегі орнын мифологиялық
түсініктермен негіздейді. Ежелгі мифтер мемлекет, билік мәселелерін,
өмірдің даму заңдылықтарын аспандағы құдайдың ықпалының нәтижесі деп
түсіндіреді, яғни жер бетіндегі заңдылықтар - әлемдік, космостық
заңдылықтардың бір бөлшегі. Әйтсе де құдайлардың ықпал ету сипаты мен жер
бетіндегі мәселелер әр мифте әр түрлі болып келеді, мысалы ежелгі Қытайда
жергілікті биліктің көзі императордың қолында, себебі ол аспан ұлы, яғни
император аспанның бір бөлшегі ретінде өз халқының әкесі болып табылады.
Египет, Вавилон, Индия халықтарының мифтері басқаша – онда аспандағы
құдайлар билік көзі ғана емес, жердегі адамдар тағдырының шешуші күштері
болып келеді.
қалыптасуы және дамуы.

Орта ғасырлар мың жылдан артық дәуірді қамтиды. (V – XVI ғасырлар). Ол
дәуірді үш кезеңге бөлуге болады.

1. Бірінші кезең ерте феодалдық (V - XVIғасырдың ортасына дейін) –
феодализмнің әлеуметтік – экономикалық формация ретінде қалыптасуы, ірі
мемлекеттік ұйымдар пайда бола бастауы.

2 Европа елдеріндегі мен Мұсылман мемлекеттеріндегі саяси көзқарастардың
Екінші кезең – (XI ортасы және – XV ғасырдың аяғы) - феодализмнің өркендеп,
сословиелік монархияның пайда болуы.

Үшінші кезең – (XVғ. аяғы мен XVIIғасырдың басы) – феодализмнің құлдырауы,
капиталистік элементтердің қалыптаса бастауы.

Орта ғасырларда шіркеу - адамдардың саяси, рухани өмірінде шексіз билігін
орнатты. Орта ғасырдағы христиан діні феодалдық қоғамның өміртанымдық
негізі саналды, барлық ғылым жүйелері дін қызметінің қолында болды. Әйтсе
де Европаның саяси тарихына көз жүгіртсек, онда шіркеу мен светтік
феодалдар (шонжарлар, монархтар) арасындағы қоғамдағы билік үшін таусылмас
тартысты байқаймыз.

4. XV – XVIII ғасырлардағы еуропадағы саяси - әлеуметтік көзқарастар.

5. Қайта өрлеу дәуірі – ірі саяси оқиғалар кезеңі, ол феодалдық
қатынастардың ыдырап, капитализм элементтерінің пайда болуымен,
буржуазиялық таптың қалыптасуымен сипатталады. Қайта өрлеу кезеңінің
идеологтары саяси-әлеуметтік құндылықтарды жинақтау барысында антикалық
мәдениет мұратына жүгінеді, сол антикалық мәдениетті қайта жаңартуға
тырысады, антикалық өркениет идеяларын уағыздауы - сол кездегі феодалдық
қатынасқа, католицизм заңдарына деген наразылықтан туады. Қайта өрлеу
дүниетанымында - адам тағдыры оның тұқымына, тегіне, әлеуметтік дәрежесіне
байланысты емес, тұлғаның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заманғы саяси процесс саяси ғылымның зерттеу объектісі ретінде
Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық саясаты
Саясаттану пәні - әрі ғылым, әрі өнер ретінде
Саяси зерттеулердің негізгі әдістері
Саясаттану сабағы және оның негізгі ұғымдары
Әлеуметтану ғылымының дамуы
Саясат тарихы жайлы мәлімет
Шешендік өнердің тарихы
Орта деңгей теориясы
Саясаттану ғылым және оқу пән ретінде. Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезендері
Пәндер