2-сыныпта қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту


Мазмұны
Тақырыбы: 2-сыныпта қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Кіріспе
І бөлім: Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың теориялық негіздері.
1. 1 Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық мәселелері.
1. 2. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары.
ІІ бөлім. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың қазақ тілін оқыту барысында шығармашылық қабілетін арттырудың әдіснамалық негіздері.
2. 1. 2-сынып оқушыларының қазақ тілі пәнінде шығармашылығын қалыптастырудың тиімді жолдары.
2. 2. 2-сыныпта қазақ тілі сабағында шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда озық тәжірибелерді қолдану жолдары.
2. 3. сабақ жоспарларының үлгілері.
Қорытынды . . .
Әдебиеттер тізімі . . .
Қосымша . . .
Зерттеудің көкейкестілігі
Тәуелсіз мемллекетіміздің болашағын дайындауда, олардың дүниетанымын, өмірлік бағдарын кеңейтіп, жан-жақты жетілген азамат етіп шығару талабы тұр. Көп уақыт орта білім беретін мектептің негізгі міндеті - білім беру, дағды мен біліктерін қалыптастыру болып келсе, қазіргі мектептің негізгі міндеті - біршама күрделі ойы ұшқыр, шығармашылық қабілеті жоғары, өмірге икемді, жан-жақты дамыған жеке басты тұлға тәрбиелеу. Әр заманның ұсынары бар және қалай болғанда да зман ағымынан қалмай, ілгері жүру - ұлы мұрат. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық ерекшелігі қалыптасуды Елбасының халыққа арнаған «Қазақстан 2030» жолдауындағы негізгі идеяларды іске асырудағы білімнің басты миссиясын оқушылардың Қазақстандық патриотизмге, шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға, реформаға белсене қатысушы ретінде тәрбиелеу деп есептейміз. ХХІ ғасырда Қазақстанның Орта Азия барысына айналуын елестету үшін бүгіннен бастап жас ұрпақтың бойына ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік мен білімділік, шығармашылық қасиеттерін қалыптастыруымыз керек.
Мектеп - әлеуметтік мәселелердің бірі. Мектептегі оөу-тәрбие жұмыстарына жаңаша көзқараспен қарау қажеттілігі туындайды. Қазақстанның болашағын ойласақ, егемен еліміздің білім беру жүйесі мен мектептері қазіргі жағдайда шығармашыл жаңа адамды қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізуі тиіс. Адам баласының шығар биігі тек білім арқылы боларын терең пайымдаған мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев білім қызметкерлерінің І-ші құрылтайында: «Ұстаздар ескі қалыптасқан көзқарастан құтылуыкерек, өйткені ескі білімге оқушылардан сұраныс жоқ» деген еді. Бұл ойдан аңғарып отырғанымыз, қоғамның бүгінгі таңда жалпы білім беретін мектепке қоятын талаптарының өзгеріп отырғандығы. Әрбір мектептің болашағы мектебінде шыңдалады. Келешек те осы елдің тізгінін ұстайтын азаматтар - бүгінгі мектеп оқушылары болғандықтан Қазақстанның барлық мектептерге үлгі болуға тиісті қазақ тілінде оқытатын мектептердің, оқушылардың білім сапасы, даму бағыттары, қоғамның, мемлекеттің назарында болып 1999 жылы 7 маусымда «Білім туралы заңы» қабылданды. Білім туралы заңда білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының бірі - педагог қызметкерлер, оқушылардың мемлекеттік білім берустандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, баланың жеке шығармашылық қабілетінің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі көрсетілген Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш білім с тандарты министрлік алқасының 18. 07. 1996 жылы 81/2 шешімімен бекітіліп, 1998-1999 оқу жылынан бастап мектеп тәжірибесіне енгізілді. Бұл білім стандартында оқушылардың әл-қуатына қызығушылығы мен шығармашылық қабілеті мен мүмкіндіктерін ескеріп, өзін-өзі дамуына жағдай жасай отырып, міндетті деңгейлерін айқындау жұмыстары жүрггізілді. Оқу- тәрбие процесінде мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынастың ролі ерекше. Мұғалім қызығушылық қабілетін арттыра отырып, оқушының шығармашылығын, қабілетін оятуға, дамытуға жол ашады. Шығармашылық - бала бойындағы дарындылығын дамыту, тәрбиелеу - бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Баланың қызығушылық қабылетін арттыру арқылы шығармашылық қабілетін де дамыту қажет. Қызығу - бұл адамның саналы әрекеті. Қызығушылық қалай пайда болады? Баланың қызығуы үшін - оның көңіл-күйі көтеріңкі, көңілді болуы тиіс. Бала бір нәрсеге қызығу үшін қызығатын нәрселер адамға жағымды сезімдер тудыруы керек. Жалпы адамның қызығуы бірнеше түрге бөлінеді. Қызығу туралы психологтар, педагогтар көптеген еңбектерін жазып, дәлелденген, зерттелген. Олар мыналар: Э. Парондайк, У. Мак Дугал. Бұл ғалымдар қызығушылықты зерттеп, оның жемістерін де атап өтті. Мысалы:
а) қызығушылық қабілеті артта отырып оқушының шығармашылық қабілетін оятуға,
ә) бала бойында шығармашылық заңдылықтарды дамытып, тәрбиелеуге ; т. б.
«Шығармашылық» - адамның өмір шындығында өзін -өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.
«Шығармашылық» адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі табуына жәрдемдеседі. Адам әрдайым өзін жетілдіруге, ұмтылуға, өсуге қабілетті болады, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімінің ең негізгі мақсаты болып табылады деп - Қазақстан орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында. Сонымен қатар қазақтың ұлы ойшылдары да өз еңбектерінде адамның жеке басының қабілеттерінің дамуын қарастырып, тиімді жақтарын пайдаланған. Кеңестік дәуірдегі психологтар мен көрнекті ғалым педагогтар В. В. Давыдов, В. А. куртецкий, Л. Р. Выготский, Л. В. Занков, С. Л. Рубиннштейн, Б. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев, И. Л. Лернер, А. Н. Луктын, В. И. Анреев, А. Л. Яковлев, және қазақтың ағартушы ғалымдарынан А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. М. Әбділдин, Қ. Б. Жарықбаев, М. М. Мұханов, Т. С. сабыров т. б. еңбектерін тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы мен практикасына қосқан еңбектерін білеміз. Осы ғалымдардың еңбектерін тұжырымдап, пікірлерін шығармашылық, қабілет деген ұғым, түсініктерді ұғынып, оны қалыптастырудың жолдарын іздестіру қажеттілігі туындап дамыту жолдары жолға қойылуда.
Сондықтан тақырыптың өзектігілігі, қажеттілігі, жұмыстың зерттеу мақсаты мен міндеттерін айқындайды.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың қазақ тілі сабақтарында шығармашылық қабілетін қалыптастырудың жолдарын, ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің міндеттері: Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын қалыптастырудағы оқытудың ғылымы - әдістемелік, педагогикалық - психологиялық әдебиеттерді талдау, мазмұнын, мәнін ашу.
- Бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтарында оқушылардың қызығушылықтары мен қабылеттерңн дамыту үшін оқытудың тиімді жолдарын қарастыру:
- Қазақ тілі сабақтарын оқытуда жаңа технология элементтерін, педагогикалық тәжірибелерді талдау, қолданыс тағы мінін ашу;
Зерттеу объектісі: 2 сыныптың қазақ тілі сабақтарындағы шығармашылық қабілеттері.
Зерттеу пәні: 2 сынып қазақ тілі пәні.
Зерттеу әдістері: теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттер мен жаңашыл педагогтардың тәжірибелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, тест әдісін қолдану, және т. б.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
І бөлім. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың теориялық негіздері.
- Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық міселелері.
2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабілданған «Білім» мемлекеттік бағдарламасы қоғамның экономикалық және әлеуметтік маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту шығармашылық тұлға қалыптастыруға бағыт алу ақыл-ой қорын жинау сиқты мақсаттарын көздейді. Елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, мұғалімнің жаңаша жұмыс істеуін, шығармашылық ізденісін, оқушылардың белсенділігін, қабілетін арттыруды талап етеді. Қазақстанда Ж. Қараев, Ә. Жүнісбектің, М. Жанпейісованың және т. б. ғалымдардың оқыту технологиялардың өздеріне тән ерекшеліктері бар. Мысалы: тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының ерекшелігі.
- Үнемі қайталау, ірі блок пен оқыту, тіректі қолдану;
- Ізгілік, ықпал, жеке бағдарлы қарым-қатынас;
- Әр оқушының табысының жариялығын, түзетуге, табысқа жетуге жағдай жасау.
Ойын арқылы оқыту технологиясының ерекшелігі;
- Ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизм жеке бастың өзіндік талап - талғамына сүйену;
Модульдік оқыту технологиясының ерекшелігі;
- Білімді меңгерту емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық процестерді арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамыту;
- Ойын танымдық және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру; т. б.
Ұлы неміс педагогы А. Дистерверг әйгілі «неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық» атты еңбегінде «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді» деген.
Неміс педагогы И. Ф. Гербарт өзінің оқыту теориясының негізіне әр саладағы қызығушылықты алған. Адамдағы қызығушылықтар қоршаған дүниені танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты. Қызығу туралы психолог мамандар мынадай өз ой-пікірлерін жетік түсіндірген. 1) Қызығу мұқтаждықтан пайда болмайды. 2) Адамның қызығуларын соқыр сезімдерге теңейді. 3) адамның қызығуларын ерте кезден бастап нәсіл арқылы соқыр сезімдер, инстинктер ретінде ата-анасынан баласына көшіп отырады. 4) Сыртқы дүниемен байланыспайды т. б.
Қызығу мектепте оқу-тәрбие үрдісінде өте қажетті шарттар, яғни мәселелер болып табылады.
Қызығудың бастауыш мектеп жасындағы балалардың жақсы оқуына, оқығанын ары қарай дамытуына, адамгершілігі мол, шығармашыл етіп тәрбиелеуіне ықпалы зор.
Бастауыш мкетеп жасындағы оқушылар әр нәрсеге еліктегіш, қызығушылықтары соншалықты көрген нәрсесін қолымен ұстап, көзбен көргенше асығады. Сол үшін мектептегі әрбір ұстаз оқушылардың сабағын тартымды, әсерлі, қызығушылығын арттыру арқылы ұйымдастыру жұмысын жолға қойса, онда біздің еңбегіміз жемісті болар еді. Психологтардың айтуы бойынша бала ойын үстінде қалай болса, есейгенде еңбек үстінде сондай болады деген. Сондықтан ойын баланың дүниетанымы мен өміртанымының алғашқы қадамы. Баланың өмірді тануы, оны білуі, қоршаған орта мен араласуы, еңбекке, үлкендермен қарым-қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Бастауыш мектеп жасындағы балалар өздерін ойын үстінде еркін сезінеді, тапқырлық, іскерлік, ізгілік, шығармашылық әрекеттері қалыптасады. Сонымен қатар бала ойын кезінде қуанады, ренжиді, біреуге қамқор болады, ызаланады. Бастауыш сынып мұғалімдері оқушыны сабақта, ойын барысында көңілін шаттартырғандай, ойын, қиялын оятатындай, іскерлігін дамытып, қалыптастыратындай болу керек. Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың шығармашылығын, белсенділігін саналы ойлана білуін, ой-өрісінің дамуын, қиыншылыққа төзу, ептілігін қалыптастыру, үйрету, баулу мұғалімнің негізгі міндеті. Бастауыш сыныпта оқушының қызығушылығын дамытудың бірнеше жолдарын айтуға болады.
а) мадақтау;
ә) бағалау;
б) көрнекілік түрлерін қолдану;
в) ойын элементтерін пайдалану;
г) дидактикалық материалдар;
д) деңгейлік тапсырмалар беру арқылы.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуды талдап, түсіну үшін «қабілет» деген ұғымды түсініп алуымыз керек. «Қабілет» ұғымына пс ихологиялық тұрғыдан көптеген ғалымдарымыз анықтамалар берген. Академик Т. Тәжібаев «Қабілет - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті» деп түсінік берді.
Сонымен қатар қабілеттердің даму мәселесін зерттей келе көпткгкн психолог ғалымдар А. Н. Леонтьев, В. А. Куртенцкий, Б. М. Теплов, В. С. Шубин, М. Мұқанов, Т. Тәжібаев, Қ. Жарықбаев, А. В. Петровскийлер өз пікірлерін былай деп тұжырымдады. Қабілеттер оқытусыз да дамитынын, бірақ ол да онда ұзақ процеске айналатынын айтты. Қабілеттер күні бүгінгіе дейін көптеген ғалымдардың зерттеу мәселесінің назарын аударып, күні бүгінге дейін күн тәртібінен түскен жоқ. Мысалы, Н. В. Кузмина «қабілеттер» оның құрамы үш түрлі қасиеттер тобынан тұратынын анықтап, дәлелдеп, олардың бір-бірімен байланысын ашып көрсетті. А. Н. Леонтьев «қабілеттерге берген пікірі» дамытудағы әлеуметтік-жағдайлардың шешуші роль атқаратындығына назар аударды. С. Л. Рубинштейн «іс-әрекеттің» қабілетті дамытуындағы ролін анықтады. Осы негіздерге сүйене отырып ғалымдардың пікірлерін теорияда қалыптасқан біртұтастықта қарастырылатын яғни, «қабілеттердің әрекетте дамитындығы» жөнінде қағида қалыптасқан. Осы еңбектердегі теориялық түсініктерге сүйене отырып, осы проблемаға деген қызығушылықтың үнемі болып отыртындығын, оларда бір-біріне деген қарама-қайшылықтың жоқ екендігін байқадық. Осы еңбектердің әрқайсысы қабілеттер мәселесінің теориялық негіздемесін қамтамасыз етіп, оны ары дамытуға, белгілеуге үлесін қосады. Қабілеттердің дамуы әр адамда әртүрлі деңгейде болады. Бала бойындағы қабілеттер жалпы және арнайы болып табылады. Психолог ғалымдар қабілеттің екі түрлі деңгейі бар екенін дәлелдеді.
- Репродуктивті іс-әрекеті не білімді берілген үлгі бойынша қабылдай, меңгере алу деңгейі.
- Шығармашылық - нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.
«Шығармашылық» сөзінің этимологиясы «шығару, ойлап табу» дегенді ұғындырады. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау педагогика, психология ғылымдары өте ертеден зерттелген. «Шығармашылық» әлемдік мәдениет пен білімнің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғанын байқауға болады.
Ұлы ойшылдарымыз Ж. Баласағұни, Әл-Фараби. Абайды да «шығармашылық», «қабілет» деген ұғым- түсініктер ерекше толғандырып, ой салған. Сондықтан бүгінгі педагогиканың негізгі мақсаты- озық, қоғамға лайықты, жаңашыл әдіспен жұмыс істейтін, өзінің еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды көздейтін адамды тәрбиелеу болып отыр. Мысалы, көрнекті ағартушы Ы. Алтынсариннің өз шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, ал М. Жұмабаев оқушы шығармаларына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына негіздеген ғалым-педагог болды. Ал ғалым Қ. Ә. Жаманбаева өзінің зерттеу жұмысының негізгі идеясы «оқушыларды сөз өнеріне баулу, көркем шығармашылық қабілеттерді дамыту жолдарын айқындаған». Я. А. Паномарев «шығармашылық қабілетті», «даму» ұғыну мен қатар деп түсіндіреді. М. Мухаммедин ойын әрекеті арқылы шығар машылық қабілеттердің даму жолдарын түсіндіреді. «Шығармашылық әрекет» өмірде оқушының ақыл-ойын, талантын, ойлауын сонымен қоса өзін дамытатын болса, онда «даму» сөзінің немесе терминнің мәнін былай түсіндіруге болады. «Даму» сөзінің психологиялық анықтамасы «жаңару», жаңаның өмірге келіп, ескінің жойылуы деген ұғымды береді. Бала психикасы үнемі дамып, өзгеріп отырады. «Даму» процесінде үш түрлі фактор бар.
- Биологиялық фактор
- Әлеуметтік фактор
- Баланың белсенділігі
Жеке тоқталып ғылыми, психологиялық түсінік беретін болсақ: биологиялық фактор - бұл ата-анадан берілетін, дененің барлық мүшелерінің құрылысы мен ерекшілігін білдіретін бала организмінің ортамен қарым-қатынасының нәтижесі болып табылатын белсенділікті, денсаулықты қамтамасыз етеді.
- Әлеуметтік фактор - бұл бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы.
- Баламен қарым-қатынас жасайтын адамдар. Сол адамдардың мінез-құлқы, ақыл-ой белгілері, олардың пікірлері, көзқарастары, еңбекке деген көзқарасы, олардың сөздері, іс-әрекеттері, дағдылары, ұмтылыстары яғни, бала өсіп дамитын рухани ортаны құрайды.
- Баланың белсенділігі - бұл даму процесідегі әрекет ететін үшінші, негізгі күш болып табылады. Шығармашылық қабілет негізінен кіші мектеп жасындағы балаларда қалыптасатыны анық.
Осы жастағы балалар бойында шығармашылық қабілеттің бастаулары жатыр. Тек өмір тәжірибесінің, дара-дүниетанымы, дара эстетикалық көзқарастың жетімсіздігінен баланың бойындағы шығармашылық қабілетті ашып көрсете алмайды. «Бұлақ көрсең көзін аш» деген халқымыз. Жалпы шығармашылық туынды өмірге келгенге деін ұстаз шәкірттің өнеге тұтар ақылшысы, досы, бапкері болуға тиіс. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылығы үнемі ұстаз, сынып ұжымы, ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыруы тиіс. Психологтардың зерттеуі бойынша әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екен. Орта буынның шығармашылық дамуын басқарудың педагогикалық - психологиялық мәселелерін анықтауда педагог пен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастарды ұйымдастыру, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мұғалімнің теориялық білімнің болуын қажет етеді.
- Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары.
Қазіргі таңда мектептердің алдына қойған бірден-бір мақсаты - дамыта отырып, шығармашылыққа бейім тұлғаны қалыптастыру. Мұғалімдердің біліктілігін арттырып, шәкірт ке саналы білім, саналы тәрбие беру. Бүгінгі педагогикалық - дидактикалық ұсыныстарға жүгінсек, оқытудың басты міндеті- мұғалімнің білім беру және оқушының білім алуындағы шығармашылық деңгейінің дұрыс қалыптасуында. Бастауыш мектеп оқушыларына білім берудің ең басты өзгерісі өзінің мағынасында жаңа мақсат - міндеттерді қонды және мектептің іс-әрекетіне жаңа технологияны ендіруді талап етеді. Сондықтан оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, ал шығармашылқ әрекет нақты жағдайдағы мәселені шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады. Психологиялық зерттеулер мысалы, И. Я. Лернер білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді, объектінің жаңа қызметін көре білуді, жаңа шешім таба білуді, шығармсашылық әрекет деп түсіндірді. А. Н. Лук «шығармашылық әрекеті, мәселені шешудегі көрегендікке, қырағылыққа баулиды» идеяларды іске асыру, болжай білу қабілеттерін атайды. Еліміздің егемен алып, тәуелсіздіктің даңғыл жолына түсуі, саяси әлеуметтік өміріміздің басты буыны - білім смаласына да көптеген өзгерістер алып келді. Педагогика ғылымында мектеп мәселесіне арналған жалпы педагогикалық, психологиялық, әдістемелік зерттеулер әлі де жеткіліксіз болуда. Сондықтан мектептегі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қалыптастыруда кездесетін қиыншылықтарды және білу педагогтардың тікелей жұмысына байланысты. Сондықтан мұғалім де сабаққа дайындалу кезінде әр оқушының ерекшелігін ескере отырып, жеке берілетін тапсырмалар жүйесін әр оқушының белсенділігі мен қабілетіне қарап, мұқият беру керек. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыруда П. П. Блонскийдің сөзімен айтқанда «бала білім мен толтыратын бос ыдыс емес, ол - жануға тиісті шырақ, ұс таз шырақшы ғана» деген болатын. Оқушыларды оқыту барысында шығармашылық қабілетін қалыптастыру және дамытудың мынадай кезеңдерін шартты түрде топтастыруға болады.
- Жаңалықпен бетпе-бет келу;
- Шығармашылық белгісіздік, екі ұштылық;
- Шешімнің жарық көруі;
- Шығармашылық акт;
- Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Осы шығармашылықтың кезінде бала бойында әртүрлі қасиеттер қалыптасып жатады. Мысалы, жаңалықты сезіну, күдік, елес, табандылық, танымдылық, белсенділік, жоғары көңіл- күйді қалыптастырса, сол еңбектің нәтижесі баланы жаңа жетістіктерге жетелейді, жігерлендіреді. Кіші мектеп жасындағы оқушыларда бұл қасиеттердің барлығы орын табады. Бұл кезеңдер шығармашылық жұмыстың түріне, мақсатына орай араласып, ауысып, қабысып жатады. Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден: кез-келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден - кез-келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы - ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына, өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Қазіргі қоғам талабына сай, оының дамуына орай бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың кез-келгені шығармашылық тапсырманы гшешуді табысты меңгере алады. Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі -білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы. Бұл-педагогикалық, психологиялық үрдістегі өзгертулермен тығыз байланысты. Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас, жаңаша ойлау қалыптасуда. Жастарға білім беру мен тәрбие берудің негізі болып саналатын мектептердің педагогикалық үрдісін жаңарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш сынып - мұның түп қазығы, бас тауыш білімнің мемлекеттік стандарты, және оны мектеп тәжірибесіне енгізуде шешуші орынды мұғалім қызметі аталатыны айқын. Оқу үрдісін бағыттап, бағдарламаса онда жоғары сыныпқа келгенде, көбінің шығармашылық мүмкіндігі шектеліп, тоқырап қалады.
Мектепте қазақ тілін меңгерудің басты мақсаты - ең басты қатынас құралы болып табылатын тіл заңдылықтарын игерумен бірге, оқушылардың танымдық процестерінің (түйсік, ес, қиял, ой т. б. ) сөйлеу мәдениеті мен жазуды дағдыландыру, қалыптастыру көрген-білгені және естігені бойынша жүйелі де әсерлі жеткізе білуге жаттықтыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz