Көру мүшесі және көру талдамасы



1 Көру мүшесі және көру талдамасы
1.1 Талшықты аққабық
1.2 Тамырлы қабықша
1.3 Көзбұршағы
ІІ Көздің қосымша мүшелері
2.1 Көздің ішкі қиығы
2.2 Көзжас безі
2.3 Тік бұлшықеттер
Көру талдамасының киян (шеткі.) бөлігіне көз (лат.oculus грек. ophthamos) жатады.
Көру мүшесі немес көз(organum uisus) көзалмасынан, көз жүйкесінен және қосымша мүшелерден: қабақ жас мүшелері, козалмасының бұлшық-еттері, тамырлар, жүйкелер, кірпіктер жане қастардан түзіледі.
Көзалмасы (bulbus oculi) шар тәрізді бассүйектің бет бөлігіндегі көз шарасында орналасады. Көзалмасының алдыңғы дөңес бөлігін – алдыңғы полюсі (plus anterior), артқы ортадағы (көру жүйкесі шыққан жердің сыртқы жағы) бөлігін - артқы полюсі (polus posterior) дейді. Аталған екі полюс арасын — көз білігі (axis bulbi), ал бүйір шеңбер сызығын — экватор, экваторға перпендикуляр болып жүргізілген сызық — меридиан деп аталынады.
Көзалмасы мөлдір заттардан түзіледі. Оның құрамына қасаң қабық (соnеа), көз бұршағы (lens), мөлдір дене (corpus vitreum)және қоймалжың зат (humor agusus)жатады. Бұл заттар көздің сәулені сындыратын ортасы болып есептеледі. Көзалмасының мөлдір заттары жан-жағынан үш қабық-шамен қоршалады. Олар: сыртқы-талшықты ақ қабықша, ортаңғы-тамырлы қабықша және ішкі-торлы қабықшадан тұрады.
Талшықты аққабық (tunica fibrosa bulbu) басқа қабықшаларға қарағанда өте тығыз, берік болып келеді. Сондықтан да ол көзалмасының белгілі пішінін сақтап тұрады. Аққабықша алдыңғы және артқы бөлігіне бөлінеді. Оның алдыңғы бөлігі тамырсыз, өте тынық және дөңестенген мөлдір қасаң қабықшаға (cornea) айналған. Қасаң қабықша арқылы көзалмасының ішіне жарық сәулесі тікелей және сыймдырылып та өтеді. Артқы 50 бөлігі — ақ қабықшадан (sclera) түзіледі. Ақ қабықшаның түсі пісірілген жұмыртқаның ақуызына ұқсайды. Оның экваторының алдыңғы түсы және көру жүйкесі енген жеріндегі аймақтары қалың болып келеді.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қ. А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік
Университеті.

Факультет: АТЖ
Кафедра: Биология

Тақырыбы: Көру мүшесі және көру талдамасы

Орындаған: Шиебаев Г.
Тобы:ЖБЛ – 515
Қабылдаған:Исаев Ғ.

Түркістан 2007
Көру мүшесі және көру талдамасы
Көру талдамасының киян (шеткі.) бөлігіне көз (лат.oculus грек.
ophthamos) жатады.
Көру мүшесі немес көз(organum uisus) көзалмасынан, көз жүйкесінен және
қосымша мүшелерден: қабақ жас мүшелері, козалмасының бұлшық-еттері,
тамырлар, жүйкелер, кірпіктер жане қастардан түзіледі.
Көзалмасы (bulbus oculi) шар тәрізді бассүйектің бет бөлігіндегі көз
шарасында орналасады. Көзалмасының алдыңғы дөңес бөлігін – алдыңғы полюсі
(plus anterior), артқы ортадағы (көру жүйкесі шыққан жердің сыртқы жағы)
бөлігін - артқы полюсі (polus posterior) дейді. Аталған екі полюс арасын —
көз білігі (axis bulbi), ал бүйір шеңбер сызығын — экватор, экваторға
перпендикуляр болып жүргізілген сызық — меридиан деп аталынады.
Көзалмасы мөлдір заттардан түзіледі. Оның құрамына қасаң қабық (соnеа),
көз бұршағы (lens), мөлдір дене (corpus vitreum)және қоймалжың зат (humor
agusus)жатады. Бұл заттар көздің сәулені сындыратын ортасы болып
есептеледі. Көзалмасының мөлдір заттары жан-жағынан үш қабық-шамен
қоршалады. Олар: сыртқы-талшықты ақ қабықша, ортаңғы-тамырлы қабықша және
ішкі-торлы қабықшадан тұрады.
Талшықты аққабық (tunica fibrosa bulbu) басқа қабықшаларға қарағанда
өте тығыз, берік болып келеді. Сондықтан да ол көзалмасының белгілі пішінін
сақтап тұрады. Аққабықша алдыңғы және артқы бөлігіне бөлінеді. Оның алдыңғы
бөлігі тамырсыз, өте тынық және дөңестенген мөлдір қасаң қабықшаға (cornea)
айналған. Қасаң қабықша арқылы көзалмасының ішіне жарық сәулесі тікелей
және сыймдырылып та өтеді. Артқы 50 бөлігі — ақ қабықшадан (sclera)
түзіледі. Ақ қабықшаның түсі пісірілген жұмыртқаның ақуызына ұқсайды. Оның
экваторының алдыңғы түсы және көру жүйкесі енген жеріндегі аймақтары қалың
болып келеді. Экватор тұсындағы ақ қабықшаның қалың жерінен көздің төрт тік
(тура), бұлшықеттері бекиді. Ақ қабықша көз жүйкесінің үстін жауып, көздің
ақ қабықшасына айналады. Алдыңғы қасаң қабықша мен артқы ақ қабықша
аралығында қасаң қабықшасының жиегі ерекше білінеді. Осы жиекті бойлай ақ
қабықшаның веналық қайнауы (sinus venosis) орналасады. Көздегі веналық қан
веналық қайнаумен ағып кетеді.
Тамырлы қабықша (tunica v asculosa) ақ қабықшаның астында жатады. Ол
құрамы және қызметі жағынан бірдей емес үш бөліктен: меншікті тамырлы
қабықша, кірпікті дене және нұрлы қабықшадан тұрады.
Меншікті тамырлы қабықша (chorioidea)ақ қабықшаның ішкі беті қаптап
жатады. Бұл қабықша жұқа болса да, қан тамырына өте бай, онда коңыр рең
беретін бояулы (пигментті) жасушасы болады. Экватор тұсынан бұл кабықшаны
төрт вена тесіп өтеді. Кейбір жануарларда осы қабықшаға кальций тұзы
жиналады да жалтырақ көз айнасы түзіледі. Сондықтан да олардың көзін жарық
түссе, көздері жалтырап көрінеді.
Кірпікті дене (corpus celiare) көзалмасының ішінде ақ қабықшаның нұрлы
қабықшаға ауысатын шекарасында бұылтықтанып орналасады. Оның денесінің
артқы жиегі кірпікті дене шеңберін (orbiculus ciliare) түзіп, одан әрі
меншікті тамырлы қабықшаға айналады. Ал алдыңғы жағына кірпікті дененің 70
өсінділері орналасады. Осы өсінділерден жіңішке серпінді талшықтар
басталып, екінші үшымен көз бұршағының қабына, оның экваторын ослай бекиді.
Бұл талшықтардан көз бұршағын ұстап тұратын мүше немесе, кірпікті белдеу
(zonula ciliaris) түзіледі. Сөйтіп көз бұршағы мен талшықтар аралығында
қуыс пайда болады да оған коймалжың өнім толады.
Кірпікті дененің сыртқы қабатында біріңғай салалы бұлшықеттер (ш.
гіііагіз) орналасады. Бұл бұлшықеттер көбінесе көз бұршағының күйін
өзгертуге қатысады.
Нұрлы қабықша (iris), ортасы тесік тегеріш тәрізді болады. Тамырлы
қабықшаның ен, алдынғы бөлігі болып есептеледі. Нұрлы қабықшаның
ортатасындағы дөңгелек тесік көз қарашығы (pupilla) деп аталады. Оның басқа
қабықшалардан айырмашылығы, көз алмасының сыртқы қабықтарына шектелмей,
өзінің сыртқы жиегімен тек кірпіктік дененің алдыңғы созындысымен жалғасады
да ішкі жиегімен көз қарашығын, яғни дөңгелек тесікті түзеді.
Нұрлы қабықшаның дәнекер ұлпаны негізінде тамырлар бояулар (пигменттер)
және біріңғай салалы бұлшықеттер орналасады. Осы жердегі бояулардың көз-
аздығына және орналасу тереңдігіне қарай көздің түсі әр түрлі болады.
Көздің түсі — боз, көк көз, қара көздер аралығында болады. Нұрлы қабықшада
бояуы аз болса — көк көз, ал бояуы көп қалың болса қара көз болады.
Кейбіреулерде нұрлы бояу мүлдем болмайды. Сондықтан нұрлы қабықшаға
шағылысып тұрған тамырлы қабықшаның әсерінен қөзқызарып көрінеді, оны қызыл
көз дейді.
Нұрлы қабықшадағы біріңғай салалы бұлшықеттер екі бағытта орналасады.
Оның сәулелі (тік) орналасқан бұлшықеттері (m. Dilitator pupillae) көз
қарашығын(тесігін) жан-жағынан тартып кеңейтеді. Қарашықты шеңберлене
орналасқан бұлшықеттер (m. Sphincter pupillae) көз қарашығына жан-жағынан
қысып тартылады. Сөйтіп, бұл бұлшық еттер жәрдемімен көздің қарашығы
қараңғыда үлкейіп, жарықта кішірейеді де, көзге түсетін жарық сәулесін
реттеуге қатысады.
Тор қабықша немесe көз алмасының ішкі қабықшасы (tunica interna
(sensoria bulbi), retinа) — өте күрделі түзіліс. Тор қабықша өзінің сыртқы
бетімен тамыр қабықшаға, ал ішкі бетімен мөлдір денемен шектеседі. Тор
қабықша тең емес екі бөліктен (сәулені) қабылдайтын артқы көру бөлігінен
(pars optica retinae) және алдыңғы (аз бөлігі) жарықты сезбейтін "соқыр"
бөлігінен тұрады.
Тор қабықшаның көру бөлігі микроскоптық он қабаттан түзілген. I бояулы
қабат-тамыр қабықшасының ішкі бетіне жабысып орналасады; II жүйке
эпителийлі жасуша қабаты-тор қабықшасының жарықты және түсті ажыратқыш
жасушалары; таяқша (bacilla) және құтыша (coni) тәрізді жасушалардан
түзіледі; III сыртқы шекаралық тақташа; IV сыртқы дән қабат-ядрода
орналасқан таяқша және құтыта тәрізді жасушалардан түзіледі; V сыртқы
талшықты (фиброзды) қабат; VI ішкі дөн кабаты; VII ішкі талшықты (фиброзды)
қабат; VIII түйінді мультиполярлық жасуша қабаты; IX көру жүйке қабаты; X
ішкі шекаралық тақташа - мөлдір денеге шектеліп жатады.
Көздің қабылдaғыш жасушалары, яғни рецепторлық ұштары таяқша және
құтыша тәрізді жасушалар болып есептеледі. Бұлардың саны таяқшалары 130
миллионға, құтышалар — 9 миллионға жуық болады. Оның құтыша жасушалары —
түсті ажыратады, таяқша жасушалары - күңгірт, қараңғыда көру қызметін
атқарады. Құтыша жасушалары тор қабықшаның орталық бөлігінде, ал таяқшалар
— оның екі бүйірінде орналасады.
Тор қабықшаның көру бөлімінің артқы бетінде анық білінетін сопак
пішінді көру жүйкесінің тегеріші (discus nervi optici) бар. Бұл тегеріш тор
жасушалардың түйіндік жүйке жасушаларының аксондары шоғырланады, содан олар
ақ қабықшаны тесіп өтіп, көру жүйкесінің түйінін түзеді. Көру жүйкесінің ми
қыртысына дейінгі бару жолдары (II жұп) көру жүйкесі туралы сөз болғанда
баяндалды.
Көздің түбінде (251-сурет) жарықты сезбейтін бөлімше бар, оны соқыр
нүкте деп атайды. Осы тегеріштен 3 - 4 мм сыртқарыда, көз қарашығының тұспа-
тұсында тек құтыша жасушалардың жиынтығынан түзілген сaры дақ (macula) бар.
Бұл жерде таяқшалы жасушалар болмайды. Осыған байланысты айналамыздағы
бейнелерді анық көретін осы сары дақ болып есептеледі. Ол дөңгелек немесе
сопақ пішінді болып, ортасында орталық шұңқыры (fovea centralis) болады.
Затты өте жақсы көру үшін, оның бейнесі көздің білігі арқылы сары дақтың
орталық шұңкырына тура түсуі керек. Сары дактың айналасы немесе өзі
зақымданса, қабықша, көз нашар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көру мүшесі
Сезім мүшелері
БАЛАНЫҢ ТУЫЛҒАННАН КӘМЕЛЕТКЕ ДЕЙІНГІ ӨСІПДАМУЫ, ТӘН-ЖАН ТӘРБИЕСІ МЕН ГИГИЕНАСЫНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Көлік құралдарының соқтығысуы
Жәңгір хан көшесінде орын алған жол көлік оқиғаларының талдамасы
Қосалқы жолдың көріну қашықтығының апат жағдайына болатын әсері
Жүк қозғалысы көшелерін құру
Девиантты мінез құлықтың түрлері, типтері
Картограммадан Қонаев көшесінің көліктік ағымының қозғалыс қарқындылығы
Өндiрiске БелАЗ өзiаударғыш автомобильдерiнiң артқы белдеудiң редукторын алып-салуға арналған құралды енгiзу
Пәндер