Қазақ және түрік әйел антропонимиясы
КІРІСПЕ
Жұмыстың негізгі мазмұны
ҚОРЫТЫНДЫ
Жұмыстың негізгі мазмұны
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі тіл білімінде ұлттың рухани және мәдени қазынасы ретіндегі тілді зерттеудің ауқымы кеңейе түсуде. Оның себебі, әр тіл – өз бойында ұлт тарихын, мәдениетін, танымы мен талғамын, мінезі мен санасын, кәсібі мен салтын, дәстүрі мен даналығын тұтастықта сақтай білген таңбалық жүйе.
Әрбір халықтың тілі арқылы сол халықтың өмірінің рухани қазынасын, мәдениетін білуге болады. Бұл жөнінде академик Ә. Қайдаров: «Әрбір халықтың тілі тек қатынас құралы ғана емес сонымен қатар, рухани болмысы мен мәдени байлығының күзгері барлық болмысы мен өмір тіршілігін, дүниетанымы мен әдет-ғұрпын бойына сіңіріп, ата мұрасын, асыл қазынасы ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, отыратын қасиеті бар» деп тілге анықтама берген [1, 34 б.].
Антропонимика – тіл тарихын, ұлт мәдениетін зерттеуде құнды да бағалы мұра болып табылады. Антропонимдердің жүйесі адамдардың өткендегі тұрмысын, қоғамдық-әлеуметтік құрылысын, материалдық, рухани және мәдени өмірінің түрлі құбылыстарын көрсете алады.
Жалқы есімдер тарихи қалыптасқан тілдік бірлік бола отырып, жалпы есім сөз сияқты өзіндік уәжділігі бар және сол уәжділік қолданыс барысында қалыптасып бекіген тілдік бірлік. Жалпылай алар болсақ, объективті шындықты бейнелейтін, объективті өмірдегі заттардың атауын білдіретін лексикалық мағынасы бар тілдік бірлік. Демек, антропонимдер адамның объективті не субъективті шындыққа деген көзқарасының тілдегі көрінісі.
Антропонимдердің тілдік аспектісі оны ұлттық белгі ретінде айқындайды. Антропоним бір тілге қатыстылығы тұрғысынан ғана қарастырылмай, сонымен қатар, оның шығу тарихы, қолданылу аумағы, сол есімді қолданған халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы, тарихы мен әлеуметтік жағдайы жайлы көптеген маңызды мағлұмат беретін тілдік бірлік ретінде қарастырылады.
«Есімдер мен атаулар – әр дәуірдің ескерткіші, ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын құнды шежіре, ұлттық ерекшелігімізді әйгілей түскен тарих айнасы» [2, 105 б.]. Осы және де басқа себептерге байланысты жалқы есімдерді зерттеу жалпы алғанда тарих үшін оның ішінде тіл тарихы үшін өте маңызды. Ономастика ғылымының зерттеу нәтижелері тіл білімі тарихы үшін, халықтың тарихы үшін, диалектолoгия, этнография, археология, география, философия ғылымдары үшін құнды да маңызды дереккөз болып табылады.

1 Қайдаров Ә. Қазақ тілінің тарихи лексикологиясы: проблемалары мен міндеттері. // Қазақ тілінің тарихи лексикологиясының мәселелері. – Алматы, Ғылым, 1988.
2 Қожанов О. Қазақ ономастикасының нормативтік актілерінің жай-күйі // Қазақ ономастикасының өзекті мәселелері. Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Астана: «Ақжол-Баспа» 2004. – 224 бет. 105-106 беттер.
3 Жанұзақов Т.Ж. Қазақ есімдерінің тарихы. Алматы, Ғылым, 1971 – 218 бет. (Лингвистикалық және тарихи этнографиялық талдау).
4 Юркенас Ю. Онимизация аппелятивов и развитие индоевропейских антропонимических систем. АДД. М., 1979. – 48 с.
5 Султаньяев О.А. Об основах положительной экспресии в казахских именах. // Антропонимика. В.А. Никонов, А.В.Суперанская. М.: 1970 – 360 с. С. 74-77.
6 Никонов В.А. Имя и общество. Главная редакция восточ¬ной литературы издательства «Наука», 1974. 278 стр.
7 Джанузаков Т.Ж. Очерк казахской ономастики. – Алма – Ата: Наука, 1982. – 176.
8 Abdurrahman V. Tűrklerin Ad Koyma Gelenekleri Üzerine Bir İnceleme // Milli Folklor, 2004, yıl 16, C. 8, sayı 61. S. 124-133.
9 Yetişen R. “Köyde Doğum ve Ad Verme”, Türk folklor Araştırmaları, Ekim 1972, Yıl 24, C. 14, s. 6450.
10 Uca А. Türk Toplumunda Ad Verme Geleneği // А.Ű. Тűrkiyat Araştırmaları Enstitűsű Dergisi. Sayı 23. Erzurum 2004. S. 145-150.

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазіргі тіл білімінде ұлттың рухани және
мәдени қазынасы ретіндегі тілді зерттеудің ауқымы кеңейе түсуде. Оның
себебі, әр тіл – өз бойында ұлт тарихын, мәдениетін, танымы мен талғамын,
мінезі мен санасын, кәсібі мен салтын, дәстүрі мен даналығын тұтастықта
сақтай білген таңбалық жүйе.
Әрбір халықтың тілі арқылы сол халықтың өмірінің рухани қазынасын,
мәдениетін білуге болады. Бұл жөнінде академик Ә. Қайдаров: Әрбір халықтың
тілі тек қатынас құралы ғана емес сонымен қатар, рухани болмысы мен мәдени
байлығының күзгері барлық болмысы мен өмір тіршілігін, дүниетанымы мен әдет-
ғұрпын бойына сіңіріп, ата мұрасын, асыл қазынасы ретінде ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізіп, отыратын қасиеті бар деп тілге анықтама берген [1, 34 б.].
Антропонимика – тіл тарихын, ұлт мәдениетін зерттеуде құнды да бағалы
мұра болып табылады. Антропонимдердің жүйесі адамдардың өткендегі тұрмысын,
қоғамдық-әлеуметтік құрылысын, материалдық, рухани және мәдени өмірінің
түрлі құбылыстарын көрсете алады.
Жалқы есімдер тарихи қалыптасқан тілдік бірлік бола отырып, жалпы есім
сөз сияқты өзіндік уәжділігі бар және сол уәжділік қолданыс барысында
қалыптасып бекіген тілдік бірлік. Жалпылай алар болсақ, объективті шындықты
бейнелейтін, объективті өмірдегі заттардың атауын білдіретін лексикалық
мағынасы бар тілдік бірлік. Демек, антропонимдер адамның объективті не
субъективті шындыққа деген көзқарасының тілдегі көрінісі.
Антропонимдердің тілдік аспектісі оны ұлттық белгі ретінде айқындайды.
Антропоним бір тілге қатыстылығы тұрғысынан ғана қарастырылмай, сонымен
қатар, оның шығу тарихы, қолданылу аумағы, сол есімді қолданған халықтың
салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы, тарихы мен әлеуметтік жағдайы жайлы
көптеген маңызды мағлұмат беретін тілдік бірлік ретінде қарастырылады.
Есімдер мен атаулар – әр дәуірдің ескерткіші, ұрпақтан ұрпаққа
жалғасатын құнды шежіре, ұлттық ерекшелігімізді әйгілей түскен тарих
айнасы [2, 105 б.]. Осы және де басқа себептерге байланысты жалқы
есімдерді зерттеу жалпы алғанда тарих үшін оның ішінде тіл тарихы үшін өте
маңызды. Ономастика ғылымының зерттеу нәтижелері тіл білімі тарихы үшін,
халықтың тарихы үшін, диалектолoгия, этнография, археология, география,
философия ғылымдары үшін құнды да маңызды дереккөз болып табылады.
Антропонимиканың теориялық негіздері В.Д. Бондалетов, Н.А. Баскаков,
С.И. Зинин, Ю.А. Карпенко, А.А. Реформаторский, А.М. Селищев,
О.Н. Трубачев, Н.М. Тупиков, В.П. Морошкин, В.К. Чичагов, Л.В.
Успенский, А.А. Белецкий, В.А. Никонов, Н.В. Подольская, А.В. Суперанская,
Р.Г. Алеев, Г.Ф. Саттаров, К.М. Мусаев, Т.Ж. Жанұзақов сияқты
ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.
Антропонимка саласы жалпы тіл білімі мен түркітану саласында, оның
ішінде қазақ тіл білімінде көптен зерттеліп келеді. Қазақ ономастикасы
тақырыбына Т.Ж. Жанұзақовтың, А.Т. Қайдаровтың, Г.Б. Мадиеваның,
Б.М. Тілеубердиевтің кешенді еңбектері арналған.
Түрік ономастикасына келер болсақ, алғаш болып түрік әйел есімдері
тақырыбын зерттеген атақты венгриялық ғалым Л. Рашони болған. Сонымен
қатар, түрік ономастикасын зерттеген басқа да ғалымдар жоқ емес. Олардың
қатарына В.А. Гордлевский, А. Ерол, Ф. Сүмер, С. Сакаұлы сынды ғалымдарды
жатқызуға болады.
Қазіргі таңда тіл білімі ғылымының жан-жақты дамуымен қатар ономастика
ғылымының да қарқынды дамуы байқалуда. Қазіргі ономастика ғылымы тілдің
ономастикалық бірліктерін салыстырмалы, салғастырмалы және типологиялық
тұрғыдан зерттеу өрістеп келеді. Мұндай зерттеулер әр тілдің өзіндік
антропонимиялық жүйесін, қорын, лингвомәдени ерекшеліктерін анықтауға
мүмкіндік туғызады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Халықтың тарихына, мәдениетіне деген
қызығушылық артқан сайын, қазақ ономастикасы мен әсіресе, оның ішінде
антропонимика саласын жан-жақты зерттеудің маңыздылығы артып отыр.
Кез келген халықтың антропонимдері сол халықтың дүниетанымы туралы
білімді жинақтай отырып, семантикасында ер не әйелге тән ұлттық, мәдени,
әлеуметтік құбылыстарды бейнелейді. Осы тұрғыдан алып қарар болсақ, көне
түркі антропонимдері негізінде қалыптасқан екі тілдің антропонимдік қоры,
типологиялық ұқсастықтар мен есім беру салтындағы орын алған ұлттық
ерекшеліктерді анықтау жұмысымыздың өзектілігін айқындайды.
Туыстас екі халықтың әйел есімдерінің зерттелуі антропонимиядағы әйел
есімдерінің орнын, антропонимдік қордағы орын алған өзгерістерді, екі
халықтың есім беруімен байланысты әдет-ғұрпының ұқсас тұстары мен
ерекшеліктерін, әйел және ер адам есімдерінің арақатынасын, қазақ және
түрік әйел есімдерінің лексика-семантикалық және құрылымдық жағынан
ұқсастығы мен ерекшелігін, ресми емес әйел есімдерінің жасалу және
қолданылу ерекшелігі мен халық ауыз әдебиеті шығармаларындағы әйел
есімдерінің қолданылу ерекшеліктерін, аты-жөн жүйесіндегі ерекшеліктер мен
олардың пайда болу себептерін, есім беру принциптерінің өзара ұқсастықтары
мен сыртқы және ішкі факторлар нәтижесінде орын алған өзгешеліктерді
анықтауға мүмкіндік береді.
Қазақ және түрік тілдері түркі тілдері тобына жататынына қарамастан,
екі тілдің антропонимиялық жүйесі мен қорында айтарлықтай өзгешеліктер бар.
Бұл өзгешеліктер, әсіресе, әйел антропонимиясында айрықша көрініс табады.
Сол себепті осы екі жүйенің салыстырмалы-тарихи анализі ғылыми тұрғыдан
қызығушылық тудыруда.
Түркі ономастикасының антропонимика саласын зерттеудің тіл тарихы мен
тарихи этнография үшін маңызы зор. Себебі, осы антропонимиялық материалдар
арқылы тілдегі көне лексикалық қабаттарды, грамматикалық формалар мен
синтаксистік құрылыстарды, халықтың әдет-ғұрпын, дүниетанымы мен салт-
дәстүрлерін толығымен көруге болады. Қазақ және түрік ономастикасының
барлық салаларына қатысты келелі мәселелерінің бірі ғылыми тұрғыдан
зерделей зерттеу болғандықтан бұл да біздің ғылыми жұмысымыздың
маңыздылығын арттыра түсуде.
Зерттеудің нысаны. Қазақ және түрік тілдеріндегі әйел антропонимдері.
Зерттеудің пәні. Қазақ және түрік тілдеріндегі әйел антропонимдерінің
құрылысы, типологиялық ұқсастықтары мен ұлттық ерекшеліктері.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Зерттеудің мақсаты – түрік және
қазақ тілдеріндегі әйел антропонимдерінің қалыптасуы, тілдік құрылымы мен
құрылысын, лексико-семантикалық ерекшеліктері мен ұқсастықтарын,
қалыптасқан түрлі тілдік варианттарын анықтау, халық ауыз әдебиеті
шығармаларындағы әйел есімдері, етістік тұлғалы әйел есімдері, ресми
қаратпалар, ресми емес есімдер және олардың құрылымы мен жасалу жолдарын
анықтай отырып барынша ашып көрсету болғандықтан, осы алға қойған
мақсаттарды орындау үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
- жалпы ономастика ғылымына қатысты, оның ішінде түркі ономастикасы,
түрік және қазақ антропонимдеріне қатысты бұрын-соңды жүргізілген
еңбектерге тарихи-лингвистикалық сипаттағы ғылыми шолу жасау;
- түрік және қазақ әйел антропонимдерінің құрылысына қарай талдау
жасау;
- түрік және қазақ әйел антропонимдерінің лексико-семантикалық типтерін
анықтап, жүйесін жасау арқылы антропонимдердің уәжділігін ашу;
- түрік және қазақ әйел антропонимдерінің тілдік құрамын анықтай
отырып, түркі негізді антропонимдер мен шет тілден енген антропонимдердің
сандық үлесін анықтау;
- әйел есімдерінде қолданылатын есім қосымшаларды анықтап мағыналары
мен қолданылу ерекшеліктерін ашып көрсету;
- халық ауыз әдебиетіндегі әйел есімдерін жинау, оларды семантикалық
және этимологиялық тұрғыдан қарастыру;
- екі тілдегі аты-жөн жүйесін қарастыра отырып есім беру принципінің
өзіндік ерекшеліктері мен олардың туындау себептерін анықтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Ұсынылып отырған зерттеу жұмысы түрік және
қазақ әйел антропонимиясының типологиялық ұқсастықтары мен ұлттық
ерекшеліктерін анықтау мен оларды қарастыру барысында бірнеше ғылыми
жаңалық ортаға шықты. Атап айтар болсақ:
- екі тілдегі әйел есімдерінің антропонимиядағы орны анықталып, түрік
тілінің әйел антропонимдері қазақ әйел антропонимдеріне қарағанда біршама
аз екендігі және оның себептері айқындалды;
- зерттеу жұмысымызда алғаш рет қазіргі қазақ және түрік әйел
антропонимдік қорының тілдік құрамына талдау жасау негізінде екі тілдің
антропонимдік қорының жартысынан басым көпшілігін түркі негізді есімдер
құрайтындығы және шет тілдерден енген антропонимдер мен олардың пайыздық
үлесі анықталды;
- алғаш рет қазақ және түрік әйел антропонимдерінің лексикалық
классификациясы мен семантикалық жүйесі жасала отырып екі халыққа ортақ
уәжділіктер айқындалды;
- қарастырылып отырған екі тілдегі әйел антропонимдерінің құрамындағы
формальді көрсеткіштер алынып олардың қолданылу ерекшеліктері талданды;
- қазақ және түрік тілдеріндегі әйел аты-жөн жүйесі, олардың қалыптасуы
мен түрлері қарастырыла отырып ат қою принципінің ұқсастықтары мен
ерекшеліктері сараланды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- қазақ және түрік халықтарының антропонимиясы ұлттың төлтума
қасиеттерін, дәстүрлі дүниетанымын, арман-аңсарын, түрлі тарихи
кезеңдердегі саяси-әлеуметтік ахуалын, табиғатпен қойындасқан өмір салтын,
әлеуметтік қатынастарын, қоршаған орта мен жан-жануарлар дүниесіне дейін
айғақтай алатын аса мәнді тарихи дерек көзі болып табылады;
- қазақ және түрік антропонимиялық жүйесінің қалыптасуы мен әрі қарай
дамуы көне түркі мәдени дәстүрлерімен тығыз байланысты;
- бір жағынан ислам дінін қабылдау мен мұсылман мәдениеті, екінші
жағынан көне түркі салт-дәстүрлері қазақ және түрік есім беру салты мен
антропонимиялық жүйесінің дамуының негізгі бағыттарын айқындап берді. Бұл
антропонимилық жүйені гендерлік тұрғыдан қарастырғанда анық байқалады;
- түрік және қазақ тілдеріндегі әйел есімдері жасалу жолдарына,
құрылымы мен құрылысына, тұлғасына қарай негізінен ұқсас болып келеді. Екі
тілде де дара тұлғалы әйел есімдеріне қарағанда күрделі тұлғалы есімдер көп
кездеседі де жиі қолданылады;
- екі тілдің антропонимиялық жүйесінде тек ерекшеліктері орын алады, ол
сол халықтардың саяси тарихының салдарынан туындаған.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ және түрік ономастика ғылымы
ғылымның жас саласы болғанымен жан-жақты зерттеу жұмыстары жүргізілген.
Солардың нәтижесінде көптеген ғылыми-теориялық еңбектер жарық көрген. Қазақ
және түрік тіл білімінде антропонимика әр түрлі аспектіде зерттелгенімен
әйел есімдері жеке дара жүйелі түрде зерттелмеді. Сондықтан да бұл тақырып
жайлы еңбектер жоқтың қасы деуге болады.
Осы уақытқа дейінгі антропонимдерге байланысты зерттеулерде белгілі бір
тарихи кезеңдердегі кісі аттары, түрлі әдеби шығармалардағы антропонимдер,
шет тілден енген антропонимдер сияқты тақырыптар зерттеліп келді. Алайда,
осы еңбектерде әйел антропонимдері тұтастай қарастырылып, арнайы түрде сөз
болған емес.
Зерттеудің теориялық маңызы. Қазақ және түрік әйел есімдерін теориялық
тұрғыдан қарастырудың нәтижелері мен материалдарын аталмыш екі тілдегі
ономастикалық, салыстырмалы-тарихи және салғастырмалы зерттеулерде кеңінен
қолдануға болады.
Зерттеудің практикалық құндылығы. Жұмыстың қорынтындылары мен
тұжырымдарын, талдауға түскен тілдік материалдарды келешекте қазақ және
түрік антропонимиясын зерттеуде қолдануға болады. Бұған қоса әйел
есімдерінің энциклопедиялық сөздігін жасауда қолданыла алады деген ойдамыз.
Зерттеу материалдарын жоғарғы оқу орындарында қазақ тілінің ономастикасы,
лингвомәдениеттану, түркі ономастикасы салалары бойынша оқытылатын арнаулы
курстарда пайдалануға болады. Сонымен қатар, екі халықтың тілін,
дүниетанымын, мәдениетін тануға арналған дәрістерде, қазақ және түрік
тілдері оқытылатын оқу орындарында көмекші құрал бола алады. Қазақ және
түрік халықтарының мәдени қарым-қатынастарын зерттейтін шығыстанушы
мамандардың да қажетін өтеуге белгілі дәрежеде септігін тигізеді деген
сенімдеміз.
Зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Сипаттамалық әдіс, салыстырмалы,
құрылымдық талдау, атауларды топтастырып жіктеу сияқты әдіс-тәсілдер
қолданылып сандық есеп жүргізілді.
Зерттеудің дереккөздері. Жұмысты жазу барысында Т.Ж. Жанұзақов (1965,
1971, 2006), В.У. Махпиров (1990, 1997), Г.Б. Мадиева (2003, 2004), В.А.
Никонов (1974), А.В. Суперанская (1973, 1986), Ф. Сүмер (1999), А. Ерол
(1992), С. Сакаұлы (2001) сияқты ғалымдардың теориялық тұжырымдары
басшылыққа алынды. Қажетті тілдік деректер қазақ және түрік тіліндегі
есімдерге байланысты лексикографиялық еңбектерден, мерзімді басылым
беттерінде жарияланған материалдар мен ақпараттар, әдеби шығармалар сияқты
дереккөздерден жиналды.
Жұмыстың жариялануы мен мақұлдануы. Зерттеудің негізгі мазмұны мен
нәтижелері төменгі ғылыми-теориялық және ғылыми-тәжірбиелік
конференцияларда баяндалды: Мәдениетаралық коммуникация және аударма атты
Республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференциясында (Алматы, 2007),
Молодежь и духовное единство народов Казахстана (Материалы научной
конференции студентов, аспирантов и молодых ученых вузов Алматинского
региона) атты ғылыми конференциясында (Алматы, 2007), Қазақ тілінің
лексикология, лексикография, фольклортану мен көркем аударма мәселелері:
қалыптасуы, дамуы мен болашағы атты халықаралық ғылыми-теориялық
конференцияда (Алматы, 2007), Шығыстану білімі мен ғылымының іргелі және
инновациялық мәселелері: Шетелдік ғалымдар, отандық шығыстанушылар және әл-
Фараби атындағы университетінің ОҚП қатысуларымен өткен халықаралық ғылыми-
теориялық конференцияда (Алматы, 2009), Әдебиет, тіл және мәдениетке
қатысты еңбектерде бір білім категориясы ретінде әйел атты үшінші
халықаралық семпозиумда (Түркия, Конья, 2010) баяндамалар жасалды.
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Тілтаным журналында
(Алматы, 2008), Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ хабаршысы “Филология
сериясында” (Алматы, 2008), Шығыстану сериясында (Алматы, 2009), әл –
Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің хабаршысы Шығыстану сериясы
филология бөлімінде (Алматы, 2009) мақалалар жарық көрді.
Жалпы ғылыми жұмыс бойынша тоғыз мақала жарық көрді.
Диссертациялық жұмыс Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ шығыс тілдері
кафедрасының кезекті мәжілісінде талқылудан өтіп, мақұлданды (10
қараша, 2009 ж. хаттама №4).
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі
тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады (193).
Диссертация 150 бетте баяндалған.
Жұмыстың негізгі мазмұны
Диссертациялық жұмыстың кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының
өзектілігі негізделіп, жұмыстың мақсаты мен міндеттері белгіленді,
зерттеудің нысаны мен пәні айқындалды және зерттеудің дереккөздері, ғылыми
жаңалығы, әдістері, теориялық маңызы мен практикалық мәні, тақырыптың
зерттелу деңгейі мен қорғауға ұсынылатын тұжырымдар, жұмыстың талқылануы
мен зерттеу нәтижелерінің жарияланымы көрсетілді.
Зерттеудің теориялық алғышарттары деп аталатын бірінші тараудың
мазмұндық тұтастығы бес тараушадан тұрады. Бұл тарауда антропонимдерге,
оның пайда болуы мен қалыптасуына қатысты теориялық тұжырымдар сараланып,
түркі ономастикасы мен қазақ және түрік антропонимиясына қатысты еңбектерге
шолу жасалған. Бірінші тараудың қысқаша нәтижелері ұсынылған.
1.1 Адам есімдерінің пайда болуы мен қалыптасуы. Антропонимдердің
пайда болуы өте ұзақ уақытты талап ететін күрделі процесс. Ол процесс әр
халықта, әр ұлтта өзіндік саяси, әлеуметтік және ең бастысы қоғамдық
жағдайларға байланысты қалыптасып, дамиды. Антропонимиялық жүйе қоғамның
талаптарына сай өзгертіле отырып жетілдіріледі.
Адам есімдерінің қоғам құрылысына байланысты дамып отырғанына көз
жеткіземіз. Қоғам дами түскен сайын дамып, қоғам құрылысы күрделене түскен
сайын күрделе отырып, қоғам ағымына сай өзгертіледі. Антропонимдер мен
антропонимиялық жүйе қоғамның құрылысына, оның дамуына сәйкес өзгеріп,
түрленіп қоғамдық талаптарға жауап беріп отырады.
Әрбір халықтың ұлттық антропонимиялық қоры сол халықтың ұлттық
тарихына, тіліне, салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына, дініне, дүниетанымына және
тағы да басқа өзіндік ерекшеліктеріне тікелей байланысты қалыптасады.
Көп халықтың адам аттары мен лақап аттарының табиғи түрде қалыптасуы
жалпы есімдерді лайықтау, бейімдеу арқылы пайда болған.
1.2 Тіл білімі ғылымында антропонимдердің зерттелуі. Қазақ және түрік
есімдерінің зерттелу тарихы. Ономастикалық бірліктер ертеден зерттеуші
ғалымдардың назарында. Соның ішінде жалқы есімдер ғалымдардың назарын өзіне
ертеден-ақ аударып келеді.
Түркі ономастика тақырыбын көптеген ғалымдар еңбегінің өзегі еткен.
Соның ішінде атап айтар болсақ, В.В. Радлов, В.В. Бартольд, Э. Бегматов,
А.Н. Самойлович, Т.Ж. Жанұзақов, В.У Махпиров., Ф. Сүмер. Түркі
халықтарының әйел антропонимиясы Л. Рашони, Т.Ж. Жанұзақов,
А. Гафуров, Г. Сапарова, Г.Ф. Благова, Н.Н. Тыдыкова, М.З. Валиева сынды
зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Қазақ тіл білімінің бір саласы болып табылатын ономастика ғылым ретінде
кеңестік тіл білімінде де, тәуелсіздік алғаннан кейін қазіргі қазақ тіл
білімінде де кеңінен дами бастады. Осы сала бойынша бірнеше монографиялар
жазылып, көптеген ғылыми жұмыстар жарық көрді. Қазақ ономастикасының
негізін қалаушы ғалымдар ретінде Т. Жанұзақ, Ә. Әбдрахманов, Е. Қойшыбаев,
Ғ. Қоңқашбаев, В.Н. Попова, Қ. Рысберген сияқты ғалымдарды
атауға болады.
Түрік антропонимдері тақырыбын Л. Рашони, А. Ерол, С. Сакаұлы,
М. Өлмез, Н. Емеджан, Е. Боз сынды ғалымдар өз еңбектерінің өзегі
еткен. Аталған еңбектерде жалпы антропонимдер мен олардың негізгі
мәселелері орын алған. Әйел антропонимдері жеке өз алдына зерттеу нысаны
болмады.
1.3 Әйел антропонимиясының жалпы ономастика ғылымы мен түркі
ономастикасында зерттелу жағдайы. Ономастика ғылымында жалпы антропонимдер
кеңінен қарастырылып келеді. Антропонимдер синхрония, диахрония тұрғысынан,
лексико-семантикалық классификациясы тұрғысынан, этнолигвистикалық сипаты
жағынан, лингвомәдени жүйесі тұрғысынан кеңінен қарастырылып олардың
этимологиясы анықталып келеді. Осы зерттеулер жалпы антропонимдерге
жасалады. Яғни әйел және ер адам есімдері бірге қарастырылады.
Қазақ және түрік тіл білімдерінде антропонимика әр түрлі аспектіде
зерттелгенімен әйел есімдері жеке дара жүйелі түрде зерттеле қойған жоқ.
Тек антропонимия ғылымының бір саласы ретінде ғана ер адам есімдерімен
бірге қарастырылып келеді.
Қол жеткізген материалдарды саралай келе, түрік тілінде есім
сөздіктерінің көп болуы мен зерттеу материалының жеткілікті болғанына
қарамастан, әйел есімдерінің жеке зерттеу тақырыбы болмағандығы ортаға
шықты.
1.4 Тіл біліміндегі гендер мәселесі және антропонимикадағы әйел
есімдерінің орны. Соңғы он жылдық ішінде тіл білімінде тілдік құбылыстарды
антропоцентристік бағыт тұрғысынан зерттеу салалары қарқынды түрде дамып
келеді. Бұл салалардың ішінде ерекше орын алатыны гендерлік зерттеулер
болып табылады.
Көне түркі жазба ескерткіштерінен сол кездегі қоғамның саяси, мәдени,
әлеуметтік құрылымы мен жағдайынан басқа сол қоғамда өмір сүрген адамдардың
антропонимдері жайлы мағлұматтарды ала аламыз. Өкінішке орай мұндай
жазбаларда әйел есімдері өте сирек кездеседі.
Бүгінгі антропонимия ғылымында әйел есімдерінің алар орны ерекше. Әйел
есімдері де ер адам есімдері сияқты ұлт тілінің, тарихының, мәдениетінің,
дінінің, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының бізге жеткен мол мұрасы.
Түркиядағы гендерлік зерттеулер тарихи-әлеуметтік, мәдени және
этнографиялық бағыттарда жүргізіледі. Түркиядағы аты-жөн мәселесіндегі
гендерлік теңсіздік әйелдердің қыз кезіндегі өз тегін қолдана алу мәселесі
төңірегінде ғана өрбиді.
Қазақ антропонимия ғылымында гендерлік зерттеулер есім беру салты мен
есімдерлің лексико-семантикалық жүйесі төңірегінде өрбиді. Біз өз
зерттеуімізде лексико-семантикалық жүйедегі әйел есімдерінің уәжділігімен
аты-жөн жүйесінің гендерлік аспектілерін қамтыдық.
1.5 Әйел антропонимдерінің әлеуметтік мәні. Жалқы есімдердің дамуы
олардың пайда болған қоғамының даму тарихымен, мәдениетімен, қоғамдық
санамен тығыз байланысты бола отырып олар өзінің пайда болған қоғамының,
кезеңінің жемісі, туындысы болып саналады.
Қазақ және түрік әйел антропонимдері дәуірлерге бөлініп қарастырылады.
Қазақ тіліндегі әйел антропонимдерін Т.Ж. Жанұзақов бірнеше дәуірге бөліп
қарастырады [3, 27-72 бб.]. Біз де осы жүйеге сүйене отырып әйел
антропонимдерінің дамуы мен олардың пайда болуы мен қолданыстан шығып қалу
себептерін анықтауға тырыстық.
Бірінші дәуір – көне түркі кезеңі (V-Хғғ.) пұтқа табынуға байланысты
жалқы есімдер. Бұл дәуір екі халыққа негізінен ортақ болып келеді. Бұл
дәуір үй жануарлары, жабайы аң-құстар, бағалы металдар, өсімдіктер мен
астрономиялық атауларға байланысты туындаған антропонимдер беріліп отырған.
Мысалы: Айкүн, Айсұлу, Күнсұлу, Айтолды, Айжарық, Күнай, Gün, Ay, Yıldız,
Günay, Yıldızay, Günhan, Ayhan, Ayfer, Aytuğ, Aygüzel, Altunhan, Gümüşhan,
Kunduz, Ay Kağan, Ay Çiçek, Umay.
Жан-жануарлардың атауларының антропонимге айналуының басты себебі,
атаудың сол жануардың қасиеттерінің символы ретінде қабылданатындығы [4, с.
30]. Бұны есім берердегі өзара бөлінушіліктен-ақ байқауға болады. Мысалы,
ер балаларға үй жануарлары, жабайы жыртқыш аңдар мен құстардың атауларынан
жасалған есімдер, ал қыз балаларға табиғатынан нәзік, дене бітімі келіскен
сымбатты жануарлардың, құстардың атауынан жасалған есімдер береді. Қазақ
халқында Арыстан есімін ешқашанда қыз балаға бермейді, қыз балаларға
арналған сымбатты, үркек Ақбөкен, Ақтоқты не Ақбота есімдері бар [5, с.
74].
Екінші дәуір – ортағасырлық кезең (Х-ХVІІ ғғ.). Бұл Х – ХVІІ
ғасырлардағы қазақтардың тайпалық одақ болып тұрғандағы, одан кейін халық
болып қалыптасу кездеріндегі антропонимдерді қамтиды. Бұл дәуірдегі
антропонимдер көбіне туыстық атаулар, тайпа, ру атауларымен, мәдениет пен
тұрмыс, әлеуметтік-саяси терминдермен байланысты болып келеді.
Орта ғасырларда шыққан антропонимдердің басым көпшілігі Ислам дінінің
ықпалымен жасалған есімдер болды. Арап текті есімдердің ену көздері болып
діни шығармалар, жырлар, дастандар, бір сөзбен айтқанда ауыз әдебиеті және
жазба әдебиеті шығармалары болып табылады. Көне түркі антропонимдері
қолданыстан араб-парсы тілінен енген және араб-парсы тілінің әсері
негізінде пайда болған антропонимдермен бірте-бірте ығыстырыла бастайды.
Орта ғасырлық қазақ антропонимиясының құрамында феодалдық қоғамға тән
сословиелік титулдар оның ішінде әйелдерге қатысты ханым, бикем сияқты
титулдар қолданылғандығы белгілі. Сондай-ақ, бұл кезеңде ертеден келе
жатқан дара тұлғалы сөздерден жасалған есімдерге жаңа сөздер қосу арқылы
біріккен тұлғалы есімдерді жасау және кеңінен қолдану өрістеді. Мысалы:
Ақжібек, Ақшолпан, Ақкүміс, Айғаным, Ақтолқын, Бибіжамал, Бибісара,
Қаншайым.
Үшінші дәуір – ХVІІ – ХІХ ғасырларды қамтиды. Бұл дәуір – негізінен
аппелятивтік лексикамен байланысты қалыптасқан жаңа атаулармен
ерекшеленеді. Мысалы: Жібек, Баршын, Қамқа, Шекер, Алуа және т.б. Осы
үшінші дәуірде әйел есімдерінде айтарлықтай өзгешеліктер болмады. Келесідей
әйел есімдерінің енгенін білеміз: Анна, Мариям, Сәтен, Бәтес, Кәмпит,
Теңгегүл. Бұл есімдер орыс тіліндегі әйел есімдері мен тұрмыстық зат
атауларын қазақ тіліне аудару жолымен жасалған.
Төртінші дәуір – Совет кезеңі. Орыс тілінен жалқы есімдер, әсіресе әйел
есімдері төртінші кезеңде яғни, Октябрь революциясынан кейін, Кеңес
заманында кеңінен жайыла бастағандығы байқалады. Мысалы: Лиза, Марина,
Клавдия, Римма, Рита, Светлана, Тамара, Клара, Мира, Мая, Жеңіс сияқты
есімдер көбіне ХХ ғасырдың орта кезінде дүниеге келген балаларға берілген.
Кеңес үкіметінің тұсында сол кездегі қоғамдық ұғымдардан туындаған
антропонимдер қолданысқа енеді. Т. Жанұзақов Совет есімінің ХХ ғ. 30
жылдары шыққанын алға тартады. [3, 70 б.]. Съезд, Советия, Советгүл,
Совета, Советнұр, Советхан, Кеңес, Кеңесгүл, Кеңесхан есімдерін беру сол
кездегі жаңа ұғымдарға байланысты жаңалықтың нышаны болса керек.
Орыс тілі арқылы Жанна, Луиза, Клара, Роза, Дина, Элеонора, Рига, София
сияқты интернационалдық есімдер де көптеп енді және кеңінен болмаса да
қолданыс тапты.
Түрік антропонимиясының дамуына қатысты нақты, кешенді мағлұмат беретін
еңбекті не мақаланы кездестірмедік. Сол себепті қолда бар материалдарды
саралай келе түрік антропонмиясының дамуын үш дәуірге бөліп қарастырамыз.
Түрік халқының антропонимиясының даму кезеңі қазақ халқының
антропонимиясының даму кезеңімен алғашқы дәуірі сәйкес келеді.
Түрік әйел антропонимиясының екінші кезеңі Х-ХХ ғасырлардың аралығын
қамтиды. Бұл кезең түркі негізді есімдердің, есім жүйесінің негізінен араб
текті есімдермен және есім жүйесімен ығыстырылғанын көре аламыз. Яғни бұл
кезеңде түрік халқы араб негізді есімдер мен араб үлгісіндегі есім жүйесін
қолданған. Бұл жағдай Осман империясының күйреуіне дейін жалғасты.
Үшінші кезең ХХ-ХХІ ғасырлардың арасын қамтиды. Бұл кезеңде түрік
антропонимиялық қоры мен антропонимиялық жүйесінде айтарлықтай өзгерістер
болды. Араб-парсы негізді есімдердің тысында басқа шет тілдерден түрлі
есімдер ене бастады. Шет тілдерден енген есімдер түркі негізді есімдердің
көп бөлігін қолданыстан ысырып тастады. Сондай-ақ, 1934 жылы Тек Заңына
байланысты түрік халқы ресми тек иемдене бастады.
Түрік халқының есім беру салтында қазақ халқының есім беру салтынан бір
өзгешелігі бар. Ол екі есім беру салты. Немесе оны кіндік ат деп те
атайды. Түрік халқында қалыптасқан салттың бірі кіндік ат (göbek ismi) қою.
Ең алдымен бала дүниеге келгеннен кейін кіндігін кескен кісі сол сәтте
кіндік атын қояды. Кіндік ат ретінде Алланың аттарынан бірі,
пайғамбарлардың есімі мен олардың жақындарының атын, қасиетті кітаптарда
кездесетін есімдер мен ұлы кісілердің есімдерін беріп отырады. Көп жағдайда
кіндік аты ретінде ер балаға Mehmet, қыз балаға Fatma есімдерін береді. Бұл
баланың ең бірінші есімі болып есептеледі. Екі есімдерге мысал келтірер
болсақ: Fatma Canan, Fatma Meltem, Emine Ecem, İpek Nur, Elif Damla, Melis
Seren, Sude Sezen, Ayşenur Kübra.
Қарастырылып отырған екі тілдің антропонимдік қорында сол халықтардың
басынан өткерген түрлі саяси, мәдени, әлеуметтік жағдайларының өз өшпес
ізін қалдырғанын көруге болады.
Түрік және қазақ әйел антропонимиясы: типологиялық ұқсастықтар мен
ұлттық ерекшеліктер атты екінші тарау жеті тараушадан тұрады. Олар өз
ішінде тағы да бөлінеді. Бұл тарауда көне түркі әйел антропонимдерінің
құрамында кездесетін лауазым атауларына талдау жасалды, қазақ және түрік
әйел антропонимдерінің лексикалық және семантикалық топтары анықталды.
Ресми емес есімдердің жасалу жолдары, аты-жөн жүйесінің қалыптасу
ерекшелігі мен ондағы өзгешеліктер қарастырылды. Сондай-ақ, екінші тараудың
аяғында осы тараудың негізгі нәтижелері баяндалды.
2.1 Әйел антропонимиялық жүйесінің қалыптасу көздері. 2.1.1 Көне түркі
әйел антропонимиясының ерекшеліктері. Жазба ескерткіштер көне заманымыздың
тарихы, мәдениеті, діні, тілі, қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік жағдайы мен
қатар, сол заманның ономастикалық атаулары, антропонимиялық жүйесі жайлы
баға жетпес мағлұмат береді. Жазба ескерткіштердегі әйел есімдері көбіне
сол кездегі ел басқарған адамдардың аналарының, жұбайларының және
қарындастарының аттары. Бұған қоса бірнеше күң есімі де аталып өтеді. Қай
жазба ескерткішті алып қарамасақ та, ол жерде әйел есімдері ер адам
есімдерімен салыстырғанда анағұрлым аз екені анық көрінеді. Бұны сол
кездегі патриархалды қоғамдық құрылыспен қатысты деп түсінуге болады. Қолда
бар материалдарды саралай келе көне түркі әйел есімдері көбіне Hatun,
Teñrim, Begim (Begüm, Bigim), Ağa лауазымдарымен қолданылатындығы
анықталды.
Әйел антропонимиялық жүйесінің қалыптасу көздеріне келер болсақ, әйел
антропонимдері асыл тас атауларынан, қымбат метал атауларынан, мата
атауларынан, астрономиялық атаулардан, абстрактылы ұғымдарды білдіретін,
әдемілікті, көріктілікті білдіретін сөздерден жасалып отырған. Көне түркі
антропонимиялық жүйесі екі құрамдас бөлік есім және лауазымнан тұрған. Есім
бірінші, лауазым екінші тұрады. Кейде бірнеше лауазымнан құралған
антропонимдерді де кездестіруге болады. Лауазым атауларын негізінен текті
отбасынан шыққандар мен, жоғары мансапқа ие адамдар иемденген. Бұл лауазым
атаулары оны иемденген адамның қоғамдағы орны мен билеуші тапқа қандай
дәрежеде жақын екендігінің көрсеткіші болған.
Ерте заманның өзінде түркі халықтары аттарды жынысқа қарай ажыратқан.
Әр жынысқа тиісті, сәйкес мағыналы сөздерден жасалған есімдерді беріп
отырған. Көне түркі есімдерінің көбісі дерлік лауазыммен жасалған және ер
адамдарға бөлек, әйел адамдарға бөлек лауазымдарды қолданған.
2.1.2 Қазақ және түрік тілдеріндегі шет тілдерден енген әйел
антропонимдері. Әр тілдің ономастикалық қоры түрлі кезеңдерде, түрлі
тілдерде пайда болған тілдік бірліктердің жиынтығын құрайды. Әдетте әрбір
тілдің сөздік қоры көне заманнан келе жатқан сөздерді түрлендіру жолымен
молайып отырады. Сөздік қордың молаюының тағы бір басты қайнар көзі ол
жергілікті халықтың басқа да елдермен (тікелей болмаса да) қарым-қатынаста
болуының нәтижесі ретінде сол елдердің тілінен енген сөздер және оларды
түрлендіру. Қарастырылып отырған екі тілдің лексикасы сан алуан қат-
қабаттан құралған.
Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы жағынан біркелкі емес. Тіліміз
түркі сөздерімен қатар, араб, парсы, орыс және де басқа шет тілдерден енген
сөздер арқылы баю үстінде.
Қазақ және түрік тілдеріндегі шет тілдерден енген әйел есімдерінің
пайыздық үлесі анықталды. Шет тілдерден енген жалпы есім сөздер мен жалқы
есім сөздердің ену кезеңдері мен жолдары қарастырылды. Осылайша екі тілде
де шет тілден енген антропонимдердің ішінде ең көбі араб-парсы негізді
есімдердің үлесінде екендігі мәлім болды.
Әйел есімдерінің тілдік құрамын анықтар болсақ 19% – парсы негізіді
есімдер, 20% – арап негізді, 1% – латын, монғол, француз, грек, күрд,
италиян және тағы да басқа тілдерінен енген болса, қалған 60% – түркі
негізді есімдер болып табылады.
Қазақ антропонимиясындағы әйел есімдерінің 8% парсы тілінен, 18% жуығы
арап тілінен енген, 72% түркі негізді сөздерден жасалған есімдер мен 2%
орыс, латын, монғол, француз, грек, тәжік, хинди, көне еврей тілдерінен
енген есімдер құрайды.
Араб тілінен енген аттарды екі топқа бөліп қарастырамыз. Біріншісі,
діни есімдер, пайғамбарлардың, олардың жарлары мен қыздарының аттары,
лақаптары сияқты діни мағыналы есімдер. Екіншісі, қарапайым тұрмыстық
сөздерден жасалған есімдер.
Бірінші топтағы есімдерге Айша, Әмина, Фатима, Rukiyye, Sare,
Ümmügülsüm, Zehra, Halime, Hafsa, Hacer, Gülsüm сияқты Мұхаммед пайғамбар
(ғ.с.) және басқа да пайғамбарлардың әйелдері, қыздары (олардың лақап
аттары) мен аналарының аттарын жатқызуға болады.
Екінші топтағы жалпы сөздерден жасалған есімдерге мысал: Айна, Әсем,
Махаббат, Шаттық, Жамал, Алуа, Маржан, Меруерт, Гауһар, Бақыт, Ayna,
Firuze, İnci, Cevher, Çınar, Lale, Bülbül, Kumru.
Көріп отырғанымыздай қарастырылып отырған екі тілде де басқа шет
тілдерден енген антропонимдермен салыстырғанда көбіне араб және парсы
тілдерінен енген сөздер пайыздық көрсеткіші жағынан басым келеді.
Түрік тілінде араб-парсы тілінен енген жалқы есімдер саны жағынан қазақ
тіліне қарағанда көп. Түрік тіліндегі шет тілдерден енеген жалқы есімдер
негізінен еш қосымша алмаған күйінде қолданылатын болса, қазақ тілінде
керісінше көбіне түрлі қосымша жалғанған күйінде қолданылады.
Қазақ әйел антропонимдік қоры мұсылман әйел антропонимдерімен қатар,
түркі негізді сөздерден жасалған антропонимдерден құралған. Түрік тілінің
антропонимдік қоры мұсылман антропонимдік қоры негізінде жасалғандықтан,
мұсылман әйел есімдері басым, түркі негізді есімдер өте аз.
2.1.3 Қазақ және түрік халықтарының халық ауыз әдебиеті
шығармаларындағы әйел антропонимдері. Қазақ және түрік халқының ауыз
әдебиеті шығармаларындағы есімдерді саралай келе әйел антропонимдерінің
кейіпкердің жас ерекшелігіне, қоғамдық, әлеуметтік жағдайына байланысты
бөлініп қолданылғандығы анықталды.
Екі халықтың ауыз әдебиеті шығармаларының тілдік құрамына келер болсақ,
әрине біркелкі емес. Себебі, қандай болмасын халық сан ғасырлық мәдени,
саяси, әлеуметтік қарым-қатынастың нәтижесі ретінде өз шығармаларының
тысында басқа да халықтардың ауыз әдебиеті туындыларымен танысып оны өз
халқы арасында кеңінен таратқан. Қазақ ертегілеріндегі әйел есімдерінің
көбі түркі және араб негізді есімдер. Парсы негізді есімдер аз. Түрік
халқының ертегілерінде көп жағдайда араб-парсы негізді есімдерді
кездестіреміз.
Араб негізді есімдер көбіне қисса дастандарда кездессе, түркі негізді
есімдер көбіне ертегі мен батырлар жырында кездеседі. Батырлар жырында
көбіне тек қазақ есімдерінің болуы, аталған шығарма түрінің қазақ халқының
төл шығармасы болғанына тікелей байланысты болса керек. Қисса дастандар
көбіне шет тілдерден, әсіресе араб-парсы тілдерінен енгендіктен мұндай
шығармаларда негізінен арап-парсы негізді есімдер қолданылады.
Қазақ және түрік ертегі кейіпкерлерін алар болсақ, түрік ертегілерінде
әйел есімдері біршама аз. Көбіне әйел есімдерінің орнына kız (қыз), ortanca
kız (ортаншы қыз), kocakarı (кемпір), kadın (әйел), annesi (анасы) сияқты
сөздер қолданылады. Қазақ тілінде де мұндай жағдайлар кездескенімен аса көп
емес.
Қазақ ертегі кейіпкерлерінің ішінен әйел есімдерін жинақтай келе ең көп
қолданылатын есімдер тізімін анықтадық. Олар: Күнекей, Қанікей, Қарашаш,
Қарлығаш, Тінікей, Күлше, Гүлбаршын, Маржан. Түрік ертегілеріндегі ең көп
кездесетін әйел есімдері Zeynep, Fatma, Nartane, Züleyha.
2.2 Қазақ және түрік әйел есімдерінің лексико-семантикалық жүйесі.
Түрік тіліндегі жалқы есімдердің толық әрі жүйелі лексико-семантикалық
классификациясын алғаш болып Л. Рашони жасаған. Ғалым еңбегінің маңыздылығы
оның есімдерді беру уәжділігіне байланысты жүйелендіруі. Алайда, осы жүйені
жасау кезінде ғалым тек кітаптарға негізделген [6, с. 95].
Қазақ есімдерінің лексикалық және семантикалық жүйесін
Т. Жанұзақов жасады [7, 23-26 бб.]. Аталған жүйелерге негізделе
отырып қазақ және түрік әйел антропонимдерінің семантикалық
классификациясын жасадық.
І. Тілек, ниетке байланысты (дезидеративтер):
1) нәрестеге бақыт тілеумен байланысты есімдер: Бақыт (Бахыт),
Бақытгүл, Гүлбақыт, Ayşe, Bahtiyar, Mesude, Kamran, Saadet.
2) қыз баланың көркем де көрікті, ажарлы да сұлу болуын тілеумен
байланысты қойылатын есімдер: Айсұлу, Күнсұлу, Сұлу, Әсем, Әдемі, Көркем,
Ажар, Melâhat, Meliha, Naime, Nermin, Hasene, Özgen, Afife, Esma.
3) сәби мәдениетті, сыпайы, мінезі жақсы болсын деген тілекпен
қойылатын есімдер: Жібек, Мақпал, Барқыт, İffet, Nazmiye, Kibar, Nezaket.
4) бала ақылды болсын деген тілекпен қойылатын есімдер: Ақыл,
Ақылғайша, Әлима, Дана, Парасат, Alime, Bilge, Fehmiye, Fatine, Derya.
5) қыз балаға молшылық, баршылық ішінде өмір сүрсін деген тілекпен
Береке, Несібелі, Ganiyye, Gülhayat, İhtişam есімдері беріліп отырады.
6) ата-ананың өздеріне тілек-ниетін білдіретін есімдер. Баланы зарығып
жүріп тапқан немесе баласы тұрмай, шетіней берген ата-ана баласына
Есенгүл, Тұрсынай, Dursun, Yaşar, Durhanım, Ömür, Satılmış, Hayat сияқты
есімдерді берсе, балаға зәру ата-ана İstek, Dilek, Арман, Сағыныш, Аңсар,
Аңсаргүл, Аңсағаным сияқты есімдерді береді. Егер отбасында ылғи қыз
туылатын болса, онда соңғы туылған қыз балаға келесі бала ұл болсын деген
үмітпен келесідей есімдер беріледі: Ұлболсын, Ұлжан, Ұлтай, Ұлбала, Жаңыл,
Тойдық, Дәметкен, Қызтумас, Döne, Döndü, Gülyeter, Nokta, Kızsonu, Kızyeter
(Gızyeter), Songül. Аталған ырыммен байланысты түрік халқында қыз балаға
ер бала есімін беру салты бар. Осылайша келесі бала қыз емес ұл болады
деген ырым қалыптасқан. Мысалы: Oğulhan, Umithan, Saadet, Kudret, Fikret,
Emre [8, s. 125].
ІІ. Нәрестенің сипатына қарай (дескриптивтер) берілетін есімдерге
келесідей факторлар әсер етеді:
1) баланың физиологиялық ерекшеліктері, денесіндегі қалы, тәнінің түсі
және бет-әлпеті: Ақмеңтай, Ботакөз, Айторы, Karakaş, Gülben, Tonbul;
2) отбасында нешінші бала екендігі: Кенжебибі, Кенжехан, Ақкенже,
Rabia, İlkin, Songül;
3) нәрестенің туылуымен байланысты жағдайлар (күні, айы, жыл мезгілі,
жері, ауа райына не сол кездегі ірілі-ұсақты оқиғаға байланысты): Ақнаурыз,
Құрбанкүл, Жұмабике, Жұмагүл, Айтгүл, Таңат, Arife, Tandan, Deniz;
4) бала дүниеге келген кездегі ата-ананың сезімі: Шаттық, Қуаныш,
Сағыныш, Бақыт, Sinem, Şadıman, Ümran, Feriha;
ІІІ. Басқа біреудің атынан алынған (меморативтер) антропонимдерге
келесідей себептермен берілетін есімдерді жатқыза аламыз:
1) тарихта болған атақты адамдар, әдеби шығармалардың кейіпкерлері:
Айғаным, Томирис, Belkıs, Aslı;
2) өмірден озған ата-баба мен жақын туыстар. Түрік халқында отбасында
дүниеден озған бірінің есімін жалғастыру үшін жаңа туған сәбиге сол есімді
беру салты бар [9, s. 279]. Әсіресе, осы салт бойынша бірінші туылған
балаға әкесінің не шешесінің есімі беріледі. Дүниеден қайтқан кісілердің
есімін беру сол есімнің қасиетті күшіне сенумен тікелей байланысты бола
отырып, сол есімді жалғастыру мақсатымен беріледі [10, ss. 172-175].
ІV. Мәдени-тарихи себептермен берілетін есімдерге келесілер жатады:
1. Діни мағыналы есімдер.
1) Пұтқа табынушылықпен байланысты туындаған антропонимдер: Айкүн,
Айсұлу, Күнай, Күнсұлу, Ayçulpan, Aybirdi, Günay, Gökçiçek, Yıldızay;
2) тотемге байланысты есімдер: Asena;
3) Ислам дініне байланысты есімдер: Айша, Фатима, Әмина, Latife,
Zeynep, Lübeyne, Emine, Fatma, Ümmügülsüm, Ayşe, Hatice;
4) Табумен байланысты есімдер: Еркежан, Ақерке, Әппаққыз, Еркетай.
Әйел есімдері екі тілде де негізінен әйел табиғатына тән сұлулықты,
пәктікті, нәзіктікті, білдіретін заттардың атауларына байланысты қалыптасып
отырады. Қазақ және түрік әйел антропонимдерінің лексикалық жүйесінен
гендерлік айқын айырымды көре аламыз. Балаға жануарлардың, құстардың
атауынан жасалған есім берерде жыртқыштардың атауынан жасалған Арыстан,
Жолбарыс, Бүркіт, Сұңқар, Қаршыға, Лашын, Aslan, Kartal, Şahin, Atmaca
сияқты есімдерді ер балаларға, ал қыз балаларға табиғатынан нәзік, әдемі,
пішіні келіскен жануарлардың атауынан жасалған Марал, Құралай, Аққу,
Қарлығаш, Kumru, Ahu, Ceylan сияқты есімдерді беріп отырған.
Әшекей жасауда қолданылатын металдар мен асылтас атауларынан жасалған
есімдер әрдайым қыз балаға беріліп отырған. Мысалы: Алтын, Меруерт, Гауһар,
Gümüş, Altun, Zümrüt, İnci, Yeşim. Мықтылықты, қаттылықты білдіретін метал
атауларынан жасалған есімдер тек ер балаларға беріліп отырған. Мысалы:
Алмас, Болат, Құрыш, Polat, Çelik, Demir.
Түрлі өсімдік атауларына байланысты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz