Көпен Әмірбек



1 Еңбек жолы
2 Еңбектері
3 Бүгін қазақ сатирасының сардарлары
Еңбек жолын университтен бұрын Қызылкұм аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі болып бастаған. 1973-75 жылдары әскер катарында болған ол 1975-79 жылдары "Ара" журналында фелетоншы болып істеді. 1980 жылы республикалық "Білім және еңбек" журнальша жауапты хатшы, 1982-84 жылдары "Казак әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі, 1984-86 жылдары "Ара" журнальшда жауапты хатшы болып қызмет етті. 1986 жылдан бастап біраз уақыт осы журналдың бас редакторы бодды. Осъщан кейін ол Республикалык прокуратураға қызметке ауысты. Қазір өзінің "Көпен келе жатыр..." аталатын сын-сықақ театры бар.
Көпен Әмірбек қазаққа белгілі сыкдқшы-породист. Оның кдламынан туған көптеген дүниелер ресттубликалық түрлі театрларда сахналанып жүр. К.Әмірбектің "Көктем тынысат", "Аты жоқ кітап", "Тілім қышып барады", "Великан", "Бос әңгіме", "Мың бір мысал", "Надейся и жди", "Тысячи и одна басня", "Крохотные звезды" т.б. кітаптары бар.
К.Әмірбек Алматы каласында тұрады.
Қоғам қайраткері Көпен Әмірбек Елбасының алғыс хатымен марапатталды
Белгілі сатирик, қоғам қайраткері Көпен Әмірбек Елбасының алғысына бөленді. Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов сатира сардарына ҚР Президентінің алғыс хатын табыстады.
Онда: «Сіз әдебиеттің күрделі жанры саналатын сатира саласында көп жылдар бойы жемісті еңбек етіп келесіз. Өмірдегі келеңсіздіктерді сынап, қоғамның дамуына, адамның өзіне-өзі сын көзбен қарауына ықпал ететін қажырлы да табысты шығармашылық қызметіңіз үшін Сізге Алғысымды білдіремін», – делінген. Көпен Әмірбек – Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Президент гранты мен «Парасат» орденінің иегері. «Қымызхана», «Тамаша» бағдарламаларының авторы ретінде елге танылған тұлға. Жазушы әрі журналист. Бүгінде алаш қауымы сүйіп тыңдайтын «Шалқар» радиосын басқаруда. Мағыналы мысқылы мен қисынды қалжыңы арқылы көп қазақтың Көпеніне айналған тұлға, биыл 60-тың асқарына шығып отыр.Көпен Әмірбек, « Шалқар » радиосының директоры, сатирик: __ Алғыс деген сөз қазақтың ұғымында атқарған тірлігіңнің жемісі, нәтижесі және оған берілген бағасы деп есептеймін. Өйткені, мұнда ыстық ықылас жатыр. Қазақ айтады ғой: «Ішкен ас түске жетпес, ықылас естен кетпес» деп. Сондықтан, осындай еңбегімді Елбасымыз Н. Назарбаевтың бағалап, алғыс білдіргені оның ыстық ықыласы.
Көпен Әмiрбек: – Арманы жоқ адамның – пәрменi жоқ, алдымыздағы ағалардың әу бастағы арманына үңiлсек – тiптi қызық. Академик Зейнолла Қабдолов мұнайшы болғысы кеп, Политехникалық институтқа түскен. Егер, Мұхаң, Мұхтар Әуезов жеңiнен жетектеп жүрiп өзiне шәкiрт етiп алмағанда, Зәкеңнiң орны қазақ әдебиетiнде үңiрейiп тұрар ма едi, кiм бiлсiн? Олжас Сүлейменовтiң арманы – геолог, Iлияс Есенберлиннiң арманы – тау-кен инженерi, Қадыр Мырза-Әлiнiң арманы – суретшi, Оспанхан Әубәкiровтiң арманы – әртiс болу екен. Бәрiне де қазақ әдебиетiнiң қазан-ошағында пiскен дәм бұйырады.
– Бiраз жыл бұрын баспасөз бетiнен «Оңтүстiк Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында 7 университет бар» деген хабарды оқып, қайран қалған едiм. Неге дейсiз бе? Мемлекеттiк емес жеке меншiк оқу орындары пайда табудың көзiне айналғандай. Қаржыңды төлесең – қалпақтай диплом қалтаңда.
Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: “ҚазАқпарат”,2009, 1-т. — 640 б.
“Егемен Қазақстан” Республикалық газеті
№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Көпен Әмірбек 1950 жылы 29 наурызда Отырар ауданы, "Шәуілдір" ауылында
туған. Орта мектептен соң 1968 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетіне
окуға түседі. Оны 1973 жыльт аяқтап шығады.
Еңбек жолын университтен бұрын Қызылкұм аудандық мәдениет бөлімінде
автоклуб меңгерушісі болып бастаған. 1973-75 жылдары әскер катарында болған
ол 1975-79 жылдары "Ара" журналында фелетоншы болып істеді. 1980 жылы
республикалық "Білім және еңбек" журнальша жауапты хатшы, 1982-84 жылдары
"Казак әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі, 1984-86 жылдары "Ара"
журнальшда жауапты хатшы болып қызмет етті. 1986 жылдан бастап біраз уақыт
осы журналдың бас редакторы бодды. Осъщан кейін ол Республикалык
прокуратураға қызметке ауысты. Қазір өзінің "Көпен келе жатыр..." аталатын
сын-сықақ театры бар.
Көпен Әмірбек қазаққа белгілі сыкдқшы-породист. Оның кдламынан туған
көптеген дүниелер ресттубликалық түрлі театрларда сахналанып жүр.
К.Әмірбектің "Көктем тынысат", "Аты жоқ кітап", "Тілім қышып барады",
"Великан", "Бос әңгіме", "Мың бір мысал", "Надейся и жди", "Тысячи и одна
басня", "Крохотные звезды" т.б. кітаптары бар.
К.Әмірбек Алматы каласында тұрады.
Қоғам қайраткері Көпен Әмірбек Елбасының алғыс хатымен марапатталды
Белгілі сатирик, қоғам қайраткері Көпен Әмірбек Елбасының алғысына бөленді.
Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов сатира сардарына
ҚР Президентінің алғыс хатын табыстады.
Онда: Сіз әдебиеттің күрделі жанры саналатын сатира саласында көп жылдар
бойы жемісті еңбек етіп келесіз. Өмірдегі келеңсіздіктерді сынап, қоғамның
дамуына, адамның өзіне-өзі сын көзбен қарауына ықпал ететін қажырлы да
табысты шығармашылық қызметіңіз үшін Сізге Алғысымды білдіремін, –
делінген. Көпен Әмірбек – Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты,
Президент гранты мен Парасат орденінің иегері. Қымызхана, Тамаша
бағдарламаларының авторы ретінде елге танылған тұлға. Жазушы әрі журналист.
Бүгінде алаш қауымы сүйіп тыңдайтын Шалқар радиосын басқаруда. Мағыналы
мысқылы мен қисынды қалжыңы арқылы көп қазақтың Көпеніне айналған тұлға,
биыл 60-тың асқарына шығып отыр.Көпен Әмірбек,  Шалқар  радиосының
директоры, сатирик: __ Алғыс деген сөз қазақтың ұғымында атқарған
тірлігіңнің жемісі, нәтижесі және оған берілген бағасы деп есептеймін.
Өйткені, мұнда ыстық ықылас жатыр. Қазақ айтады ғой: Ішкен ас түске
жетпес, ықылас естен кетпес деп. Сондықтан, осындай еңбегімді Елбасымыз Н.
Назарбаевтың бағалап, алғыс білдіргені оның ыстық ықыласы.
Көпен Әмiрбек: – Арманы жоқ адамның – пәрменi жоқ, алдымыздағы ағалардың әу
бастағы арманына үңiлсек – тiптi қызық. Академик Зейнолла Қабдолов мұнайшы
болғысы кеп, Политехникалық институтқа түскен. Егер, Мұхаң, Мұхтар Әуезов
жеңiнен жетектеп жүрiп өзiне шәкiрт етiп алмағанда, Зәкеңнiң орны қазақ
әдебиетiнде үңiрейiп тұрар ма едi, кiм бiлсiн? Олжас Сүлейменовтiң арманы –
геолог, Iлияс Есенберлиннiң арманы – тау-кен инженерi, Қадыр Мырза-Әлiнiң
арманы – суретшi, Оспанхан Әубәкiровтiң арманы – әртiс болу екен. Бәрiне де
қазақ әдебиетiнiң қазан-ошағында пiскен дәм бұйырады.
– Бiраз жыл бұрын баспасөз бетiнен Оңтүстiк Қазақстан облысы, Сарыағаш
ауданында 7 университет бар деген хабарды оқып, қайран қалған едiм. Неге
дейсiз бе? Мемлекеттiк емес жеке меншiк оқу орындары пайда табудың көзiне
айналғандай. Қаржыңды төлесең – қалпақтай диплом қалтаңда.
Ал, бiлiм ше? Құр дипломды құшақтап, жұмыс таппай сандалу – ол өз алдына
өзектi әңгiме. Халықтың қалтасын қағып, көзбояуға айналған көп оқу орны
кiмге керек? Әлемдiк тәжiрибеге жүгiнсек, жалғыз ғана жеке меншiк
университет ұстап отырған ағылшындар ақымақ па? Немiстер ше? Жүз жоғары оқу
орнының екеуi ғана жеке меншiк. Ал, бiзде ше? Статистика бойынша оқу
орнының 46,7 пайызы жеке меншiк. Сiз оқу министрi болдыңыз. Осы бiр
ойланатын мәселе емес пе?
Сатира – күштілер қаруы деген. Қоғамның өзекті мәселелерін өткір сынға
алып, ой қозғайтын азаматтық биіктіктегі ерекше қабілет бұл. Оны шебер
пайдалану сатириктің дарынына, тәжірибесіне байланысты. Сықақшы жасаған
шымыр шығарма елдің есінде ұзақ сақталып қана қоймай, қоғамда тәрбиелік
міндетті де атқа-рып жүреді. Қазақ сықақ өнері Шона Смаханұлы, Ғаббас
Қабышұлы, Сейіт Кенжеахметовтардан бастау алып, бертінде Толымбек
Әлімбекұлы, Көпен Әмірбектермен жалғасатыны белгілі. Ал, бұлардан кейін
кімдер бар? Сатираның садағына өткір шығармасын жебе етіп жүрген бүгінгі
жастарды айтам...
Баласағұн орталық мәдениет сарайында өткен Көпен келе жатыр продюсерлік
орталығы шығармашыл тобының мақсаты да осы болатын-ды. Ауылды жерлердегі
талантты жастарды танып, өнеріне дем беру.Күллі әлемнің күлкісі атты әзіл-
сықақ, пародия және әзіл-айтыс кешінде сатира жанрында дәл қазір өндірте
жазып жүрген Алпысбай Боранбаев, Балтабай, Жуашбай, Бақытжан сынды өнер
иелері болды.
Кеш барысында көпке етене таныс сатирик Көпен Әмірбек бастаған өнер ұжымы
қоғамдағы жағымсыз құбылыстарды әзілмен әжуалап қойылымдар қойса, басқа да
жас өнерпаздар қазақ эстрадасы жұлдыздарына пародия жасап, көрермендердің
көңілін бір серпілтіп тастады. Бұдан басқа, кештің көркін қыздырған А.
Леубаева, К. Оралова мен О. Отардың әзіл айтыстары болды. Әйел туралы
әңгіме пішен. Себебі, әйел біздің заңымыз, әйел біздің жанымыз деп
бастаған Көпеннің сатиралық қойылымдарының дені отбасы, әйел тақырыбында
болды.
– Сахнаға шыққан немесе баспа-сөз бетіндегі сатиралық дүниенің барлығы –
мәтін, сөз. Құрғақ сөз емес, астары бар, айтары бар, жұртты ойландыратын,
күлдіретін, ой салатын, толғантатын сөз болуы тиіс. Сатира – қаһарлы қару.
Сондықтан бұл уытты жанр кез келген жанның қолынан келе бермейді. Біз
шығармашылық тобымызбен алғашқы сапарды Тараз өңірінен бастадық. Алдағы
уақытта бүкіл Қазақстанды аралап, жас талант--тарды іздейміз. Сөйтіп,
сатира өнерінің сарбаздарын тәрбиелейміз, – дейді белгілі сатирик Көпен
Әмірбек.
"Ақ жол"
Көпен Әмірбек
Туған жылы: 29-наурыз, 1950 жыл                       
Білімі: жоғары                                
Еңбек тәжірибесі: 44 жыл              
Адамның бойындағы қандай қасиетті жоғары бағалайсыз: имандылық
Нағыз демалыс дегеніміз: еңбек ету                             
Сүйікті тағамым: жылқы мен үндіктің еті                               
Сүйікті фильмім: Кеңес Одағындағы фильмдердің
барлығы                              
2012-ші жылға жоспарларым: халықтар достығын насихаттайтын телерадио
хабарларын жасау
Хоббиі: көп адамдардың арасында әңгіме-дүкен құру
1950 жылы 29 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданына қарасты
Ешкіқора елдімекенінде дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң
Отырардағы халық театрында еңбек жолын бастаған.
ӘлФараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін
1973 жылы бітіріп, Қиыр шығыста екі жылдық әскерипартия мектебінде оқыған.
1978 жылы Мәскеуде, 1980 жылы Ташкентте өткен бүкілодақтық жас сықақшылар
фестиваліне қатысып, Правда баспасынан шыққан Надейся и жди, Крохотные
звезды атты орыс тіліндегі ұжымдық жинақта әзілсықақтары жарияланды.
Саясисатиралық АраШмель журналында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі,
жауапты хатшы, Бас редактор, ғылымитехникалық Білім және еңбек журналында
жауапты хатшы, Қазақ әдебиеті газетінде сатира және юмор бөлімінің
меңгерушісі, Егемен Қазақстан газетінде фельетон бөлімінің меңгерушісі,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Жоғарғы сотында баспасөз
хатшысы, Қазақ радиосында Бас редактор боп қызмет істеді. Қазір
саясиқоғамдық сатиралық Ара Kz журналының Бас редакторы, Қазақстан
Жазушылар одағы сатира кеңесінің төрағасы.
Көпен ӘмірБек Қымызхана, Тамаша ойынсауық отауының белсенді авторы
ретінде, сондайақ өзі құрған Көпен келе жатыр!... атты сатиралық
театрымен көрерменге кеңінен танылды. Орыс әдебиетінің классиктері
И.Крылов, С.Михалков, С.Маршактың мысалмысқылдары мен лезгин сатиригі
Жамидиннің және өзбек әзілкеші Абдулла Қаһардың бірсыпыра сықақ өлеңдерін
қазақ тіліне аударды. Аты жоқ кітап, Алып, Тілім қышып барады, Қысыр
әңгіме, Мың бір мысал, Ауызбастырық, Өзіңді танисың ба?, Көпен келе
жатыр!..., Із, Көкемнің көзі, Па, шіркін, пародия!... атты
әзілсықақ, сын мақалалар кітабының авторы.ъ
Президент гранты мен Парасат орденінің иегері, Халықаралық Алаш әдеби
сыйлығының лауреаты.
Көпен Әмірбеков (29 наурыз 1950 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар
ауданы, Ешкіқора ауылы) - журналист, сықақшы.[1].
ҚазМУ-ді (1974) бітірген соң, Владивосток қаласында екі жылдық әскери-
партия мектебінде оқыған. 1975 жылдан бері шығармашылықпен айналысып
келеді. "Қазақ әдебиеті", "Егемен Қазақстан" газеттерінде сатира, фельетон
бөлімінің меңгерушісі, "Білім және еңбек", "Ара - Шмель" журналында жауапты
хатшы, Республиканың Бас прокуратурасы мен Жоғарғы Сотта баспасөз хатшысы
болып ұзак жылдар қызмет істеген. "Ара" журналының бас редакторы, Қазақ
радиосы директорының орынбасары болған. Қазақстан Жазушылар
одағы басқармасы сатира кеңесінің төрағасы. Мәскеу (1980)
мен Ташкентте (1980) өткен Бүкілодақтық жас сатириктер конкурсының
лауреаты. Әр жылдары жарық көрген "Аты жоқ кітап", "Алып", "Тілім қышып
барады", "Қысыр әңгіме", "Ауызбастырық", "Мың бір мысал", "Неменеңе жетісіп
күлесің?", "Өзіңді танисың ба?", "Сайдағы қойшыдан сарайдағы патшаға дейін"
атты әзіл-сықақ, пародия кітабы арқылы оқырмандарға кеңінен танымал болған.
"Тамаша" ойын-сауық отауының белсенді авторы. Өзі құрған "Көпен келе
жатыр!.." әзіл- сықақ, пародия театрымен де көрермендердің көзіне түскен.
Әу дегеннің бәрі әнші емес демекші, сақал қойғанның бәрі сатирик емес...
Қызыл кітапқа кіретін, ел-жұрты білетін сатира сарбаздарының өзі сақалға
сақпен қарайды. Әл-әзірге сонау Меккеге, қажылыққа барып қайтқан қалжыңбас
жалғыз біреу — ол республикаға белгілі сықақшы ақын, бірнеше сатиралық
кітаптардың авторы Көпен Әмірбек.
Көпеннің көзі көк болғаннан ба, университетті бітіре салысымен, өмір жолы
жасыл жарық болды. Азуын айға білеген Орталық Комитеттің үнжариясы Ара-
Шмель журналында әуелі фельетоншы, кейіннен жауапты хатшылық орынтағына
талантымен, талабымен, одан қалды, журналдың сол кездегі бас редакторы,
белгілі сықақшы Ғаббас Қабышевтің көз қырын салып, қызметке алуымен бағы
жанып, жұлдызы жарқырап шыға келді. Ол кезде Ара-Шмель журналына жауапты
хатшы болмақ түгілі, күзетшісі болып кірудің өзі жарты патшалықпен пара-пар
еді.
Күлкі артиллерисі Ғаббас ағасы Сағыныш сазы кітабында былай деп жазады:
Ара-Шмель жорналына Бас редактор болысымен (1983ж.) кадр іріктеуге
кірістім. Себебі: не қазақ редакциясында, не орыс редакциясында танымал
әзіл-сықақшылардан, фельетоншылардан ешкім жоқ екен. Бірер ай шамасында
Қажытай Ілиясов, Тоқтархан Шәріпжанов, Көпен Әмірбековтей азулыларды
шақыртып алдым.
Шынында, Көпекең тісін ақситып көрсете қалғандай болса, азулы сықақшылардың
бірегейі еді... Сатиралық кітаптары да бірінен соң бірі балалап жатты.
Кітабының атының өзі біртүрлі... Аты жоқ кітап деп аталады... Бұл қандай
аты жоқ кітап деп, ішін парақтай бастасаңыз, шымшыма шумақтар мен сатиралық
өлеңдерге, пародиялар мен эпиграммаларға тап болып, ой, бір рахаттанып
қаласыз... Сықақ өлеңдерінің ұйқасы шып-шымыр, ой-мағынасы жұп-жұмыр, әрі
қысқа, әрі нұсқа болып келеді. Ол әсіресе мысал өлеңдерді сойып салады.
Қай-қайдағыны қаузап, қай-қайдағыны мысалдап, тұспалдап, мысқылдап жазады.
Азулы сықақшы демекші, Ара журналындағы фельетондарын айтсаңшы... мақтамен
бауыздайды. Қазақ әдебиеті газетінде қызмет істеп жүрген жылдары мүйізі
қарағайдай ақын-жазушы ағаларының өзі сықақшының өткір пародиясынан, әдеби
фельетондарынан кәдімгідей қаймығатын... Әдеби фельетондарын жариялағанда,
Көпеннің кейіпкері Құдая, қаламың құрысын! деп әдебиет ауылынан қашып
кетердей боп жүретін... Қазақ әдебиетіндегі Қожанасыр қоржыны сын-сықақ
бұрышы Көпеннің қолына тиісімен гүлденіп, түрленіп, сиясы ащыланып шыға
келді. Сатира стадионы айдарын ашып, сықақшыларды футбол алаңына әкелді.
Көпен ауызекі сатираның да түбін түсіреді. Бүлдіре сөйлемейді. Күлдіре
сөйлейді. Көпен айтыпты деген әзілдер ауыздан-ауызға жұғып жатады.
Сықақшының бір топ жолдастарымен белгілі жазушы сықақшы Садықбек
Адамбековтың үйіне барып, тоңазытқышындағы
етін  балконнан  төмендегі  қағып   алушыға  қалай лақтырғанының өзі бір
хикая. Сатираның атасы Оспанхан Әубәкіровты өзінің ұстазы санайтын Көпен
игі жақсылардың жанында көп жүрді. Ос-ағаңмен Шымкент облысын бірге аралап,
шығармашылық кездесулерде от-жалындап, уытты өлеңдерін оқыды.
Тамашаның дүрілдеп тұрған тұсында интермедиялар жазып, көрермендерді
күлкісімен жылатқаны өз алдына бөлек әңгіме. Па шіркін, пародия!
театрын ашып, әртістермен бірге өзі де талай мықтыларды пародиялап тастады.
Сахнада да өзін көшеде кетіп бара жатқан Көпендей ұстады. Қысылмады,
қымтырылмады, тізгінді емін-еркін ұстады.
Біз білетін Көпеннің көзі көкшиіп қызмет істемеген жері жоқ... Жолы болғыш,
әйтеуір. Алла жолында адал жүргендігінен болар, жоғарыда айтқанымыздай,
жасыл жарық. Бір кездері республикамыздың Бас прокуратурасында, енді бірде,
қазақ радиосында... Депутат болған жоқ, тек. Өзі айтпақшы, ұйықтап отыратын
депутаттарды көңілі қаламайды...
Көпекеңнің тағы бір ерекшелігі — ел аралағанды, жер иіскегенді жақсы
көреді. Ел аралағанда, еңсесі көтеріліп, жата қалып жер иіскеп жүреді екеп
деп ойлап қалмаңыз, күлкінің иісі қайда, соған икемделіп жүреді.
Шаршамайды, базбір үйкүшік еркектер секілді үйінде жатып, теледидар
көргенді аңсамайды. Көпен қайда? Шымкентте жүр. Көпен қайда? Астанада, одан
кейін Арқалықта... Онысы шындық. 2006 жылы Ақтауда халықаралық сықақшылар
фестивалін ұйымдастырды. Күллі әлемнің күлкісі деп аталды. Астанадан,
Алматыдан мемлекет, қоғам қайраткерлері, әр саладағы министрлер мен халық
қалаулылары жиналды. Сөйтіп, Күллі әлемнің күлкісіне тамсанды... Тіпті,
күлкі кешін өзі жүргізді. Мәскеуден атақты сықақшы Аркадий Арканов келіп,
Көпеннің қолын қысып, көкшіл көзіне ұзақ қарап қалды... Менімен туыстығың
жоқпа еді? дегендей... Көпекең де балаша қуанған, тап бір Әзиз Несин тіріліп
келгендей...
Сөз жоқ, Көпен Әмір-бек қазақ сатирасының ардагеріне айналды. Талантымен
талайды тамсантқан сықақшының ертеректе жазған Бұғалтыр атты интермедиясы
есіме түсіп отыр. Диалогтарынан үзінді келтірейін:
—Бұғалтыр деген немене?
—Ол француз сөзі. Есеп-қисап деген мағынаны білдіреді.
—Жоқ, Бұғалтыр деген француздың сөзі емес, қазақтың сөзі.
- Қалайша?
— Бұғалтырдың түбірі— Бұқ. Оған Ал! деген жалғанған. Сосын Тұр!
деген сөз қосылған. Бұқ+ал+тұр. Яғни, Бұғып барып ал да, тұрып
кет!деген сөз...
Осы бір әзілі арқылы қоғамдағы келеңсіз жайларды, мерездерді аяусыз
сынайды, келемеждейді, сақтандырады. Көпеннің кітаптарынан мұндай
мысалдарды көптен келтіруге болады. Мен мұны мақсат тұтпадым, шығармаларын
талдап, ескі сүрлеумен жүргім келмеді. Сықақшының шығармаларына әділ
бағасын оқырмандар әлдеқашан беріп қойған. Менің айтпағым, белгілі сықақшы
Көпен Әмірбектің өзі айтқандай, Көпен келе жатыр! Ойбай-ау, қайда?
Қайда деймісіз? Шерағамыз айтқандай тал түске келе жатыр! Жер бусанып,
арқа басымыз кеңіп, оңтүстіктің ерте көктемі басталатын Наурызда Президент
грантының иегері, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты Көпекең
наурыз айында алпыс жасқа толғалы отыр! Алпыс жасқа!
Алпыс деген не тәйірі! Екі отыз... Көз алдыма Көпен ағамның тоқсан жасқа
толған мерейлі тойын  елестетіп   отырмын. Міне былай: 2010-60 2020-70 2030-
80 2040-90...
Мен де Көпекең айтпақшы бұғалтыр болмасам да, калькулятор арқылы есептеп
жатқаным ғой... Сонда деймін-ау, Көпен атамның сақалы беліне... кешіріңіздер,
желкеден төмен қарай сақал өспейді екен-ау, кеудесіне түседі екен. Аппақ...
Сатира шампунімен жуып алған. Бет-аузы Қазақстанның картасы сияқты... Шал.
Шалы несі, тоқсанның өзінде шау тартпаған, ширақ, еңкейіп жүрмейді, көзі де
сол баяғы көк бояу... Министрлер құттықтап жатыр: Жүз жасаңыз, Көпен
ата!деседі... Мен де Көпекеңе жүз жыл ғұмыр тілеймін, өйткені, сықақшылар
онсыз да қызыл кітапқа кірген...
 
Мұхтар ШЕРІМ,
 сықақшы, Қазақстан
Жазушылар одағының мүшесі

Бүгін қазақ сатирасының сардарлары Алматыда бас қосты. Бастауын Франциядан
алатын күлкі күні де қазақтың салтына сіңгелі қашан. КСМ: Ежелгі римдіктер
тойлаған ақымақтар күнін әзілкештердің мерекесіне айналдырдық. Осының
тағы бір айғағы бүгін күлкі күніне арналған кештің өтуі. Жүрген жерін
күлкімен жарылқап жүретін Көпен Әмірбектің де айтары бар.
Көпен Әмірбек - сықақшы
Қазақта жақсы сөз бар. Қыран топан деген. Сол қыран топан күлкіні қалай
ұйымдастырамыз. Қалай жасаймыз. Бұған сол Үмбетбай Уайдин, Ғаббас Қабышұлы,
Қажытай Ілиясұлы Астанадан Сейіт Кенжеахметұлы сондай сықақшылардың басын
қосып олардың жазуын, шығармасын баспасөзден біледі. Өздерін бетпе бет
жүздесіп көру сирек. Қазір мектеп жоғары оқу орындары болсын сен тұр мен
атайын деген жас ықрандар өсіп келеді. Соларға дем беру, қанат қақтыру
буынын бекітіп қабырғасын қатайту.
Қалтасы қалжыңға толы қазақ халқында да бұл күнге байланысты түрлі қызық
хикаялар бар. Қыстың қаһарынан құтылған елдің көңілін қалжыңмен жұбатқысы
келгендер жақын жуықтарын алдауға барын салады. Әзілден әрі аттамайтындар
көңілдеріне кірбің алмаса керек-ті. Мерекенің мәні осында.
Көпен ӘМІРБЕК, сатирик:
 Мұны қай ғасырда айтқанын білмеймін. Бірақ, сол заманнан бері билерге,
хандарға қарсы айтылып келе жатқан халық ауыз әдебиеті. Енді сол хандар мен
билердің атауы өзгергенімен, жүйе – сол жүйе. Әрі өлшеп, бері өлшеп, біздің
бабамыз Жемейтін адам – жердің астында деп, бір-ақ айтқан. Былай ойлап
қарасаңыз, мұнда бір шындық бар секілді. Шындық демекші, шындықтың түбіне
жетеміз деп, ел үшін, жер үшін, мемлекет үшін жанын салып, шын жүрегімен
шырылдап жүргендер бар. Оның кім екенін халық таниды. Тағы да сол халық
даналығы Шындықтың түбіне жете алмайсың, шындық сенің түбіңе жетеді
дегенді айтады. Былай ойлап қарасаң, шындықтың түбіне жеткендер бар, бірақ,
шындық олардың да түбіне жетіп жатыр. Қоғамда, міне, осындай күрес
жалғасуда. 
– Ендеше, осылардың барлығы Сіздің шығармаларыңызда қалай көрсетіледі,
қалай айтылады? Қоғамдағы дерттерден айықтыру жолында өз үлесіңізді қалай
қосып жүрсіз? Өйткені, ақын, жазушы, журналист мәселені көтереді, ал,
шешетіндер жоғары орындағылар.
– Әдебиеттің, мәдениеттің маңайында жүрген адамдар биліктің иесі емес.
Сондықтан, көбісі дәрменсіз. Бірақ, олар қоғамдық ойды қозғайды, халықтың
құлақ шөбін көтереді. Сосын ұйықтап, мызғып жатқан қара халықты бұлай
істеуге болмайды екен ғой ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көпен Әмірбек- сатирик
Фельетон - сатиралық жауынгер жанр
Сатира сипаты және белгілері
Қазақ поэзиясында бірқақпай өте дамыған шағын жанр
Балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиев туралы толғаныс
Сатира жанры
Драмадағы тарихи тұлға.Қазіргі қазақ комедиясы
Қазіргі қазақ поэзиясының даму барысы
Үмбетбай Уайдин – публицист, сатирик
Телевидениедегі сұхбат жанры және тікелей эфир
Пәндер