Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздері
ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Бөлім.І Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Қоғамдық өндіріс және оның формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Қоғадық өндіріс жүйесіндегі адамның орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
Бөлім.ІІ Өндіріс факторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.1 Еңбек— өндіріс факторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.2 Капитал — өндіріс факторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
2.3 Жер — өндіріс факторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
2.4 Факторлық табыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
2.5 Өндірістік функция ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37

Кіріспе
Ешбір қоғам материалдық игіліктер өндірмей тіршілік ете алмайды. Сондықтан нені қалай өндіру, өндірілген өнімдерді қалай бөлу керек екені кез келген қоғамның негізгі экономикалық мәселелері болып табылады. Әдетте экономика ғылымында өндірістің үш факторын бөліп айтады, еңбек, капитал және жер. Мұнда еңбек белгілі бір пайдалылыққа, нәтижеге мақсатталған адам қызметі, іс-қимылы. Капитал материалдық игіліктерді өндіруге қажетті жинақталған жабдықтар қоры. Жер туралы әңгімелегенде, нақты жердің өзімен шектелмей адам кәдесіне пайдаланылатын табиғат сыйлаған ауа, су т.б. игіліктер туралы сөз болуы керек.
Қазіргі қоғамның экономикалық өмірінің шындығы кәсіпорындарда шығарылған өнімдер жоспарлы түрде тауар формасына айналуында. Қазіргі шынайы өмір фактілері адамзат қоғамының бүгінгі таңдағы экономикалық өмірінде әрі қарайғы даму жолын айқындау үшін теориялық тұрғыдан ой елегінен өткізілуі қажет. Саяси жүйеге, мемлекет құрылысына тәуелді емес әр түрлі қоғамдық өндіріс формалары бар екенін көрсетіп отыр. Оқулықтарда және ғылыми әдебиеттерде адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндірістің екі ғана формасы натуралдық және тауарлы өндіріс болған және солай болуда деген пікір терең тамыр жайған. Қоғамдық өндірістің жалпыға танылған формаларымен қатар әдебиеттерде тікелей қоғамдық өндіріс, сондай-ақ жоспарлы шаруашылықтар туралы да айтылады. Натуралдық шаруашылық түсінігіне жеке тұтынуға қажетті өнімді өз қолымен жасау жатады. Ол өндіргіш күштердің әлсіз дамуымен, өндірілген өнімде қосымша еңбек үлесінің жоғары еместігімен сипатталады. Еңбектің қандай түріне болсын жеке меншік немесе қоғамдық, жеке немесе бірлескен еңбекке негізделсе, натуралдық шаруашылық артық өніммен өзара айырбас жүргізбейді. Натуралдық өндірістің айқын сипатына оның бөлшек түрдегі, шаруашылық өмірдің тұйықталушылығы жатады. Осыған байланысты еңбек өнімі тек қауым шеңберінде, құл иеленушінің немесе феодалдық шаруашылығында ғана кәдеге асты. Осының салдарынан, қоғамдық байланыс қатаң түрдегі сипатта болады — өнім қауым мүшелері, құл иеленуші, феодал, олардың отбасы мен бала-шағасы тұтыну үшін ғана өндіріледі. Еңбек нәтижесі шаруашылық

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Экономическая теория национальной экономики и мирового хозяйства: Учебник / Под ред. Проф. А.Г. Грязновой, проф. Т.В. Чечелевой – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1998 г.
2. Курс экономической теории. Под общей редакцией проф. Чепурина М.Н., проф. Кисилевой Е.А. Изд – во АСАң.
3. Основы экономической теории. Учебное пособие / Под ред. Камаева В.Д. – М.: Изд – во МГТУ им. Н.Э. Баумана, 1996 г.
4. Макконелл К.Р., Брю С.Л. Экономикс: принципы, проблемы и политика – М.: ИНФРА – М, 2001
5. С.М. Климов, А.П. Селин, Т.А. Федорова. Экономическая теория. Учебное пособие. С. – П., 2000
6. Ховард К., Эриашвили Н.Д., Никитин А.М. Экономическая теория: Учебник для вузов – 2-е издание, переработанное и дополненное – М.: ЮНИТИ – ДАНА, 2000

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Бөлім-І Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1. Қоғамдық өндіріс және оның
формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Қоғадық өндіріс жүйесіндегі адамның
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
Бөлім-ІІ Өндіріс
факторлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .17
2.1 Еңбек— өндіріс
факторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...23
2.2 Капитал — өндіріс

.24
2.3 Жер — өндіріс

... ... .28
2.4 Факторлық
табыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 30
2.5 Өндірістік
функция ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 37
Кіріспе
Ешбір қоғам материалдық игіліктер өндірмей тіршілік ете алмайды.
Сондықтан нені қалай өндіру, өндірілген өнімдерді қалай бөлу керек екені
кез келген қоғамның негізгі экономикалық мәселелері болып табылады. Әдетте
экономика ғылымында өндірістің үш факторын бөліп айтады, еңбек, капитал
және жер. Мұнда еңбек белгілі бір пайдалылыққа, нәтижеге мақсатталған адам
қызметі, іс-қимылы. Капитал материалдық игіліктерді өндіруге қажетті
жинақталған жабдықтар қоры. Жер туралы әңгімелегенде, нақты жердің өзімен
шектелмей адам кәдесіне пайдаланылатын табиғат сыйлаған ауа, су т.б.
игіліктер туралы сөз болуы керек.
Қазіргі қоғамның экономикалық өмірінің шындығы кәсіпорындарда
шығарылған өнімдер жоспарлы түрде тауар формасына айналуында. Қазіргі
шынайы өмір фактілері адамзат қоғамының бүгінгі таңдағы экономикалық
өмірінде әрі қарайғы даму жолын айқындау үшін теориялық тұрғыдан ой
елегінен өткізілуі қажет. Саяси жүйеге, мемлекет құрылысына тәуелді емес әр
түрлі қоғамдық өндіріс формалары бар екенін көрсетіп отыр. Оқулықтарда және
ғылыми әдебиеттерде адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндірістің екі
ғана формасы натуралдық және тауарлы өндіріс болған және солай болуда деген
пікір терең тамыр жайған. Қоғамдық өндірістің жалпыға танылған формаларымен
қатар әдебиеттерде тікелей қоғамдық өндіріс, сондай-ақ жоспарлы
шаруашылықтар туралы да айтылады. Натуралдық шаруашылық түсінігіне жеке
тұтынуға қажетті өнімді өз қолымен жасау жатады. Ол өндіргіш күштердің
әлсіз дамуымен, өндірілген өнімде қосымша еңбек үлесінің жоғары еместігімен
сипатталады. Еңбектің қандай түріне болсын жеке меншік немесе қоғамдық,
жеке немесе бірлескен еңбекке негізделсе, натуралдық шаруашылық артық
өніммен өзара айырбас жүргізбейді. Натуралдық өндірістің айқын сипатына
оның бөлшек түрдегі, шаруашылық өмірдің тұйықталушылығы жатады. Осыған
байланысты еңбек өнімі тек қауым шеңберінде, құл иеленушінің немесе
феодалдық шаруашылығында ғана кәдеге асты. Осының салдарынан, қоғамдық
байланыс қатаң түрдегі сипатта болады — өнім қауым мүшелері, құл иеленуші,
феодал, олардың отбасы мен бала-шағасы тұтыну үшін ғана өндіріледі. Еңбек
нәтижесі шаруашылық ауқымынан аспайды, ал сыртқы байланыс болған жағдайда
ол тұрақты емес, кездейсоқ сипатта болады. Еңбекті ұйымдастыру принципі
оның негізінде (айқындауда) бола тұра қоғамдық шаруашылық жүргізуді
айқындауда шешуші рөлге ие емес. Өндіріс түрі байланыс түрімен, яғни
шаруашылық жүргізудің қайсыбір типінің бейімдік түрін айқындайтын
қатынастармен сипатталады.
Бөлім-І. Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздері
1 Қоғамдық өндіріс және оның формалары
Натуралдық шаруашылықты жүргізуде өнім жеке адамның немесе көптің
біріккен еңбегімен де өңдіріле береді. Соңғысының негізінде дара бастың,
оның еңбек жағдайының қожасы алдындағы міндеткерлігі жатады, осылайша олар
өнім арқылы бір-бірімен қарама-қарсы тұрады, бір жағында — дара еңбек,
екінші жақта — еңбек жағдайын меншіктеуші. Бірақ дара еңбек тұйықталған
шаруашылық шеңберінде, көп ретте, жалпылар еңбегінің бір бөлігін құрай
отырып, қоғамдық еңбек бөлінісінің алғашқы табиғи мәйегіне негізделеді.
Соңғысы мануфактуралық еңбек бөлінісінің осыған сәйкес кейін ірі
өнеркәсіптің мәрелік пункті болып табылады. Сөйтіп, бірлескен еңбек дами
отырып, өзгеріске ұшырайды, басқа жағдайға өтіп, шаруашылық жүргізудің жаңа
түрінің пайда болуына себін тигізеді. Натуралдық формадағы еңбектің әрқилы
түрлері және шаруашылық жүргізудің натуралдық типі бір ұғым емес. Біріншісі
қандайда болсын өндірістің табиғи элементі болып табылады. Екіншісі болса
тарихи сипатқа ие, өйткені ол адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде пайда
болып, өзінің өрлеуінде басымдық жагдайға жетті, кейін, анағұрлым жетілген
формаларға орын беріп, құлдырауға түсті. Натуралдық шаруашылықтағы бөліс,
айырбас пен тұтыну жеке жұмыскердің сіңірген еңбегіне байланысты емес.
Әсіресе өндірістің осындай типі қалыптасуының ерте кездегі сатыларында
бұл қатты байқалады. Натуралдық өзгерудегі қайта өндіру өндірілген өнімнің
жалпы санына байланысты. Натуралдық өндірістегі еңбек өнімдерімен алмасу
тікелей натуралдық, заттық өлшем бірлігі бойынша қауым мүшелерінің тірлік
етуіне, қажеттілігіне қарай жасалды. Мұнда бөліс теңдестіру сипатында
жүреді, ал тoптap арасындағы өнім алмасу болмады. Алғашқы қауымдық қоғамның
басты кезеңінде жеке меншік, қоғамдық еңбек белінісі дегенді білмеді, ал
өнімді (табысты) өздері тұтынды (қоректенді). Әрі қарай, натуралдық өндіріс
зандылықтары өз-өзінше қайшы келді де қауымдық шаруашылық заңдылықтары
емес, еңбек құралдары мен жерді меншіктеу заңдылықтарына тәуелді болды. Көп
жағдайда еңбекшілер экономикалық заңдылықтарға емес құл иеленушінің немесе
феодалдың еркі мен көңіліне тәуелді болып отырды.
Осылайша натуралдық өндірісте шаруашылық жүргізудің өктемшіл
формасының алғашқы негізі пайда болды. Тарихи жағынан шаруашылық жүргізудің
келесі дамыған формасы ретінде тауарлы өндіріс пайда болды. Тауарлық қарым-
қатынастың негізі ретіндегі қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы араларындағы
байланыс айналым арқылы сату, сатып алу түрінде орнығып, өз ерекшеліктері
бойынша оқшауланған өндірісшілердің пайда болуына алып келді. Тауарлы қарым-
қатынастардың дамуы тауар өндіруші қауымдар арасындағы байланыстан, жеке
тауар өндірушіге, ал олардан әрі қарай қарапайым тауар өндірісі заңдылығы
өзіне-өзі қайшы келген капиталистік кәсіпорындарға қарай жылыстады. Яғни,
капиталистік тауар өндірісі заңдылықтары өзінің дамуымен қарапайым тауар
өндірісін қайта жаңғыртты. Өндіріс күштерінің дамуы, өндірістік
қатынастардағы болмай қоймайтын өзгерістерге жетелей отырып, экономикалық
заңдылықтар формасын да өзгеріссіз қалдыра алмайды. Заңдылықтардың формалық
айқындық модификациясы өндіріс қатынастары арасындағы байланыстарды
өзгертеді. Бұл натуралдық да, тауарлық да шаруашылық жүргізу формаларында
айқындала түседі. Бәрі де сол, бірақ алғашқы қауымдық, құл иеленушілік,
феодалдық және капиталистік өндіріс әдістеріндегі көріністері ғана әр қилы.
Сондықтан, оларды пайдалану, қолдану немесе олардың заңдылық әрекеттерін
біріктіру туралы сөз болғанда өндірістің әрбір жаңа түріндегі заңдылық
өзгеріске ұшырайды, сондықтан оларды бастапқы түрінде қабылдауға
болмайтынын да баса көрсету керек.
Қарапайым тауар өндірісі жағдайындағы құн заңының әрекеті айырбас
эквиваленттілігімен сипатталады. Тауарлық қатынастарының дамып, шаруашылық
жүргізудің капиталистік жүйесіне өтумен қатар тауарлық қатынастардың
маңызды принципі эквиваленттілік өзгеріске ұшырайды және өз қарама-
қайшылығы пайда болады. Және де бұл өзгеріске ұшырау жаңа тауарлық
қатынастың әлпетін айқындайтын тауар — жұмыс күші алмасуы негізінде пайда
болады. Бұл алмасу басым қатынастың жаңа түрін айқындайтын эквиваленттік
негізде жүрмейді.
Өндіріс саласындағы өзгерістерге байланысты айналым, бөліс және тұтыну
саласында да өзгерістер жүріп жатады. Тұтыным құны өндіріс және айырбас
мақсатынан өз бойында құн сақтап жүрушіге, ал соңғысы — мақсатқа айналады,
осыдан барып ең соңғы толассыздық қасиетіне ие болады. Сөйтіп адамзат
қоғамы байлық арқылы билікке қол жеткізуге және керісінше болатын
қозғалыстың жаңа сапалы түріне ие болады. Осы мақсаттарды жүзеге асырудың
негізін өндіріс құралдарына меншік құрайды. Тауарлық қатынастардың дамуы
үдей түседі. Соңғысының өндірісі және оны иелену бәсекелік күрес механизмі
аркылы жүреді, бұл өндіріс күштерінің дамуын тездетеді. Бұл процесс әрі
қарайғы еңбек бөлінісін тудыруы өндіріс құралдарын қоғамдастыруды
жеделдетеді. Осының бәрі жаңа қатынастардың тарихи алғы шарттарының пайда
болуына алып келеді.
Адамзат тарихы алғашқы қауымдық құрылыста өндірістің түрлі типінің
пайда болуы мен қалыптасуының белгілі бола бастағанын көрсетті. Көп
жағдайда олар бір-бірімен тым тығыз түйіскені соншалық, мыңдаған жылдар
өткен соң зерттеушілер олардың ара жігін ажыратпайтын да болды.
Экономикалық оқулықта алғашқы қауымдық құрылыстың бастапқы кезеңі
шаруашылық жүргізудің натуралды және ұжымдық формалары ретінде сипатталған.
Оларда жеке меншік, қоғамдық еңбек бөлінісі болмады, ал өндірілген өнім
шаруашылықтың өз ауқымында тұтынуға жұмсалды. Шаруашылық топтары арасындағы
байланыс болмаған. Аталған ұқсас сипаттар зерттеушілерді бұл да
шаруашылықтың сол түрі болар деген ойға жетеледі. Бірақ осылай бола
тұрғанымен олар айырмашылықтарын байқамаған. Негізгі және басты айырмашылық
жеке және бірлескен еңбек нәтижесінде қалыптасқан еңбек ету тәсілдерінде
жатыр. Еңбек ету тәсілдерінің дамуы табиғи және қоғамдық еңбек бөлінісіне
алып келді, сондай-ақ адамның еңбек құралын жасау және онымен еңбекке
қажетті заттарды өңдеуді үйрену қабілетінің өсуіне әсер етті. Осы
процестердің барлығы бастапқы кезеңдердің өзінде-ақ олардың арасындағы
айырмашылықтың артуына қарай бастады. Шаруашылық жүргізудің қарастырылып
отырған типі бұлтартпастық сипатына ие, өйткені онда олар өмір сүруге
қажетті нәрселерді өздерінің еңбек әдістерімен тапқан жағдайда неге қол
жеткізгендерін алдын ала сезді.
Қоғамдық және ұжымдық өндірістегі тікелей қоғамдық сипаттың өз
айырмашылығы бар, біріншісінде адамдар нені жасай алатын, қанша керек
екенін өздері білді. Екінші жағдайда ұжымның мүмкін болар тұтынымы,
тауарлар өндірісінің технологиясымен анықталады. Ортақ сипаттармен қатар
бұл екі жағдайдың айырмашылық ерекшеліктері, яғни арнайы бейімдік формасы
ретінде көрініс берер қарама-қайшылығы бар. Натуралдық шаруашылықтың мұндай
сипатына тұйықтық, түрлі топтар, аймақтар арасындағы алмасудың, айырбастың
жоқтығы жатады.
Адамзат қоғамының дамуымен бірге натуралдық және ұжымдық өндіріс
арасындағы айырмашылық та айқын көрініс бере бастады. Бұлар пайда бола
бастаған өндіріс әдістерінің негіздерін байытты. Бұл процестер қоғамдық
өндірістің бір түрі екіншісіне бағынып, оның дамуына әсер еткен қоғам
дамуының өне бойында жалғасып отырды. Құл иеленуші және феодалдық өндіріс
әдістері ұжымдық еңбектің артықшылығын барынша пайдаланды және оны реттеу
әдістерін жақсы игерді. Бірақ натуралдық шаруашылық ұжымдық өндірісті емес,
тауарлы өндірісті ығыстырып шығарды. Тауарлы және ұжымдық өндірістің
арасындағы ортақ жәйт еңбек бөлінісі мен істелген шаруа нәтижесін қажетке
айырбастау. Осы бір сипаттар арқылы олардың арасындағы айырмашылық
байқалады, өйткені еңбек бөлінісі де айырбас секілді түрлі формаларға ие.
Осы түрлі формаларды өзіндік өндіргіш күштерге сәйкес шаруашылық жүргізудің
түрлі типтері қалыптаса бастады. Тауарлы және ұжымдық өндірістің пайда болу
негізіне қызмет ететін еңбек бөлінісіндегі айырмашылық өндіріс құралдарына
деген меншіктің түрлі формаларын қалыптастырады. Мұнымен қоса, тауарлы
өндіріс құралдарына деген меншік базасында болып, өзінің үрдісімен жаңа түр
— мануфактуралық еңбек бөлінісінің пайда болу негізін жасады. Соңғысы
толымды мөлшерде тауарлы қатынастардың заңдылықтарына сай болды, бірақ оның
дамуы қоғамдық шаруашылық жүргізу типі ретінде тауарлы өндірістің рөлін
шектеуге алып келді. Мануфактуралық еңбек бөлінісі, жекеменшік
қатынастардың құлашын жайғызумен бір мезгілде жинақтау процесін де дамытты.
Қоғамдық өндірісте еңбек процесі негізінен өндірістің жоғалып кетердей
болған типіне жаңа серпін берерлік сипатта дами алатын еді.
Ұжымдық өндіріс ғайыптан қайта пайда болғандай көрінгенімен оның
болмысы оған құндық қатынастардың әсер етуінен мүлдем басқа түрге айналған
формада жүзеге асты. Осылайша, тауарлы өндіріске түбірлі себеп болған
қоғамдық еңбек бөлінісі келесі формаға көше отырып, шаруашылық жүргізудің
мүлдем қарама-қайшы түрі ұжымдық өндіріске ұйытқы бола бастайды. Шаруашылық
жүргізудің жаңа жүйесінің қалыптасуы айналымнан түбірлі айырмашылығы бар
айырбастың жаңа әдісін талап етті.
Ұжымдық өндіріс қоғамдық өндіріс формасы ретінде тауарлы өндіріспен
жай орын алмасып қана қоймайды, мұнда диалектикалық өту процесі де жүреді.
Бұл процесс өз дамуының белгілі бір кезеңінде қоғамдық дамудың тұңғиық
процестерінің ықпалымен жаңа сапалы секірісті бастан өткеруі мүмкін. Сапалы
секіріске дейін және одан кейін де шаруашылық жүргізудің екі формасының да
өмір сүруі сол тұстағы бар өндіріс типінің ене бастау процесінен хабардар
етеді. Бұл өндіріс типінің ене бастауы жаңа жүйенің туа бастап, ескінің
біртіндеп өшу процесімен қат-қабат жүреді. Бірақ бұл тауарлы өндірістің ене
бастау процесімен тікелей байланысты екендігін білдірмейді. Бір заңдылықтың
пайда болуы қатарлас келе жатқан заңдылықты жояды деу емес. Қандай да
болмасын экономикалық құрылысты осындай сипат негізінде зерттесек, оны
өндірістік қатынастар жүйесі ретінде классификациялау жеткіліксіз әрі ол
толық та болмас еді, өйткені бұл пайда болу генезисін көрсетпейді, соның
салдарынан құбылыстың пайда болу процесі және даму перспективасы
көрінбейді. Қоғамдық қатынастардың әр түрлі формаларының қатынастары,
проблемалары да тиісті қарастырылмайды. Өндірістің барлық әдістері алдыңғы
формацияның аясында қалыптасып қана қоймайды, олар өзінің дамуына қолайлы
сәтті күтіп жаңа қатынастар мәйегі негізінде пайда болады. Құл иеленуші
натуралдық және капиталистік тауарлы өндірістер жағдайы да осындай. Егер
олар болмағанда, алғашқы қауымдық құрылыс ішінде құл иеленуші, ал феодалдық
қоғамдық құрылыс ішінде өндірістің капиталистік тәсілі де пайда болмас еді.
Шынында да шаруашылық жүргізу типінің алдыңғысының рөлі мен орнын айқындап
алмай, экономкалық қатынастың жаңа жүйесіндегі соңғысын түсіну мүмкін де
емес. Жаңа жағдайдың қалыптасуына нендей серпін әсер етті десек мәселе
басқаша. Бірінші жағдайда, ондай серпін қажетсіз, ал соңғысында жаңа
жүйенің қалыптасуы үшін төңкеріс керек болды. Бірақ осылардың бәріне бірдей
белгілі бір заңдылықтардың белгісі бар тарихи алғышарт жоспарлы өндіріс
концепциясында жоқ. Ал енді бұл жоқ болғандықтан, өндіріс тәсілі құбылыс
ретінде органикалық емес, механикалық қасиетке өтеді, тарихы ернектелген,
белгілі бір ретпен қатпарланған блоктардан тұрады.
Қоғамдық өндіріс мәселесі экономикалық теорияның бастапқы негізін
құрайды. Адамзат баласының тіршілігінің негізін қалайтын да қоғамдық
өндіріс. Ол материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбас және тұтыну
процесін қамтиды. Өндіріс процесінің қоғамдық формасы қандай болса да, ол
әйтеуір үздіксіз процесс болуға, яғни оқтын-оқтын сол бір сатылардан қайта-
қайта өтіп отыруға тиіс.
Тарихты материалистік жолмен ұғыну мынадай қағидаға сүйенеді:
өндірістен соң оның өнімдерін айырбастау да әрбір қоғамдық құрылыстың
негізі болып табылады, тарихи өмір сүретін әрбір қоғамда өнімдерді бөлу,
сонымен бірге қоғамның таптарға немесе топтарға бөлінуі, қоғамның нені
өндіретініне, қалай өндіретініне және өндірілген бұл өнімдердің қалай
айырбасталатынына байланысты. Өмірде болып жататын барлық қоғамдық
өзгерістер мен саяси төңкерістердің негізгі себептерін адамның ақыл-ойынан,
олардың ақиқат пен әділеттілікті түсіну деңгейінен, философиядан іздемеу
керек, оны өндіріс пен айырбас әдісінде орнаған өзгерістерден, сол заманның
экономикасынан іздеу керек. Міне, бұл елімізде болып жатқан экономикалық
саяси-әлеуметтік сілкіністер мен өзгерістердің баршасына да тікелей
қатысты. Оны тек осылай түсінуге болады. Қоғамдық өндірістің адамзат
өміріндегі орны мен рөлі ерекше. Егер өндірісті бір жыл түгіл, бірнеше апта
тоқтататын болса, адамзат аштықтан құрып кеткен болар еді. Қазіргі таңда да
рынокты қалыптастыруда қоғамдық өндіріс зор маңызға ие болып отыр. Қоғамдық
өндіріс, жоғарыда атап өткеніміздей өндіргіш күштер мен өндірістік
қатынастардың бірлігі. Ал оның орын алуы, дамуы белгілі бір факторларға
байланысты. Ол факторларға мыналар жатады: а) субъективті факторлар немесе
жұмыс күші; ә) объективті, заттық факторлар немесе өндіріс құрал-
жабдықтары. Осы арада ең алдымен еңбек туралы түсінік бере кетейік. Еңбек —
дегеніміз мақсатқа сай атқарылған қызмет, адам мен табиғат арасындағы қарым-
қатынас процесі. Мұнда адам өз қызметі арқылы өзі мен табиғат арасында
заттардың өзгеруіне себепкер болады, бұл алмасуды реттеп, бақылап отырады.
Еңбек — бұл адамның саналы әрекеті. Оның басты ерекшелігі — алдын ала
ойланып істелінеді, максатты іс-қимыл, белгілі бір нәтижеге жету
көзделінеді. Мысалы, хайуанаттар табиғатта бармен ғана қоректенеді. Ал
адамның еңбек етудегі басты ерекшелігі — табиғаттан ала да біледі, оны
өзгерте де, сақтап, қорғай да біледі. Осыған байланысты адамдардың
тәжірибесі жинақталады. Белгілі бір білімді, мамандықты игереді, оны
жетілдіре түседі. Адамды адам еткен еңбек деген даналық ой осыдан туған,
еңбек адамның дамуының және жетілуінің басты факторы. Еңбек ете отырып адам
жұмыс күшін жұмсайды. Ал жұмыс күші — адамның еңбекке деген қабілеттілігі.
Жұмыс күшін тұтынудың өзі де еңбек.
Қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты жұмыс күші өзінің
жеке ерекшелігін сақтап, дамыта отырып, бірте-бірте қоғамдық сипатқа ие
бола бастайды.
Сөйтіп жиынтық жұмыс күші пайда болады. Жұмыс күшін тек белгілі бір
коғамдық іс-қимыл негізінде ғана пайдалану мүмкін. Ол өндірістің жеке
факторы ретінде орын алады. Жұмыс күші — қоғамдағы ең басты, жасампаз күш.
Қоғамдық дамудың бүкіл тарихы көрсеткендей, қоғамдық өндірістің дамуында,
әсіресе ғылыми-техникалық прогрестің қарқындылығымен байланысты жеке фактор
рөлі барған сайын өсіп келеді, ол заңды да.
Ал заттық факторлар туралы әңгімені еңбек заттары мен еңбек құрал-
жабдықтарынан бастаймыз.
Еңбек заты дегеніміз бұл өңделетін материалдар, яғни адамның күш-
қуаты, еңбек құралы арқылы өңделетін зат. Олардың екі түрі бар: а) табиғи —
руда, көмір, мұнай, балық т. б.; ә) белгілі бір табиғи процестен, өңдеуден
өткен — шикізат, материал т. б.
Еңбек құралдары дегеніміз адамның өзі мен еңбек затының арасында
тұратын және оның осы затқа ететін ықпалын іске асырушы ретінде
пайдаланатын зат немесе заттар жиынтығы (комплекс), яғни адамның сол арқылы
табиғатқа әсер ететін, ықпал жасайтын зат. Еңбек құралдары бірнеше түрге
бөлінеді: а) еңбек құралдары, аспаптар, машина, механизмдер. Еңбек
құралдарының бұл түрін классикалық экономикалық теория өндірістің сүйек
және бұлшық ет жүйесі деп атайды; ә) өндірістің ыдыс жүйесі (құбырлар,
бөшкелер, сауыттар т. б.); б) өндірістік объектілер (өңдірістік үйлер,
құрылыстар, жолдар т. б.); в) жер де еңбек құралы болып табылады; г) еңбек
құралдарына электр қуаты, бу, химиялық, ядролық реакциялар да жатады.
Материалдық игіліктерді өндіру үшін пайдаланылатын еңбек құралдары мен
еңбек заттарының жиынтығы өндіріс құрал-жабдықтарын құрайды. Олардың жұмыс
күшінен айырмашылығы, өндірістің материалдық-заттық факторына жататындыгы.
Өндірісті жұмыс күшінің, еңбек заттары мен еңбек құралдарының жай ғана
қосындысы деп қарау дұрыс емес. Сөз жоқ, олар өзара байланысты күрделі
біртұтас жүйені құрайды. Ал біртұтас жүйенің элементтердің жай қосындысына
қарағанда сапалы айырмашылығы бар екені белгілі. Олардың өзара қатынасы,
тиімділігі өндірістің технологиясы мен ұйымдастырылуынан айқын көрінеді.
Технология өндірістің негізгі факторларының өзара әрекетін белгілейді,
адамдардың еңбек заттарына ықпалының өндірістік факторлардың (механикалық,
физикалық, химиялық) қасиеттеріне негізделгенін көрсетеді. Заттардың осы
кезге дейінгі белгісіз қасиеттерін аша отырып, адамдар жаңа өнімдерді
дайындаудың құпиясын меңгеріп, осыған байланысты аса үздік технологияны,
сапалы жаңа материалдарды пайдалануды күн тәртібіне қояды. Осымен бірге
өндірісті ұйымдастыру да өзгереді, яғни оның бүкіл факторларының бірлесіп
әрекет етуі талап етіледі. Еңбек бөлінісі, қоғамдық өндірістің салалық
жіктелуі тереңдейді, оның құрылымы күрделіленеді мамандандыру, кооперация,
шоғырлану, ұйымдастыру кеңінен дамиды. Осының нәтижесінде өндірістің
коғамдық сипаты ұлғаяды. Сөйтіп, халық шаруашылығы бірте-бірте күрделі
кешенге (комплекске), ірі салалық, аумақтық ұйымдарға айналады. Ұйымдық
қатынастардың осылайша күрделі, икемді жүйесі өндірістің маңызды факторын
құрайды.
Қазіргі ғылыми-техникалық революция өндірістің жаңа факторын —
ақпаратты (информацияны) туғызады. Ал информация қазіргі машина жүйесінің
маңызды шарты. Сонымен бірге, өндірісте орын алатын ұйымдық-экономикалық
және әлеуметтік-экономикалық қатынастарды ажырата білу керек. Ұйымдық-
экономикалық қатынастар өндіріс процесін ұйымдастырумен байланысты. Ол
адамдар арасындағы қатынасты бейнелей отырып, өндіріс жағдайын да, оның
факторларының дамуындағы ерекшеліктерін де сипаттайды. Өндірістің
әлеуметтік-экономикалық нысандары өндіріс құрал-жабдықтарына иелік етумен
байланысты орын алатын қатынастарды, яғни меншік қатынасын құрайды. Олардың
негізінде қызметкерлердің құрал-жабдықтарды қолдануының қоғамдық әдісі
жатыр. Ал мұның өзі өндірістің кімнің мүддесіне қызмет ететінін, оның
нәтижелерін қалай бөлу керектігін анықтайды. Осыдан келіп қоғамның таптық
және әлеуметтік құрылымы пайда болады. Ол өз алдына бір мәселе, яғни оны
зерттеу қоғамдық ғылымдардың басқа саласының міндеті.
1.2 Қоғамдық өндіріс жүйесіндегі адамның орны
Адам тарихи дамудың жемісі, барлық қоғамдық-экономикалық қатынастардың
жиынтығы. Ол ғажайып құдіретті күш, табиғаттың алып тұлғасы. Адам —
өндіргіш күштің басты элементі, өндірістің субъективті жеке факторы.
Қоғамдық өндіріс адамсыз іске аспайды, оның нәтижесі адамның
қажеттіліктерін қанағаттандыруға, солардың мүддесі үшін қызмет етеді.
Игіліктерді өндіруші бір ғана күш бар. Ол да адам. Қоғамды өркендетуші де
адам. Адам қоғамнан тыс өмір сүрмейді, қоғамның аясында болады, соның
өрісінде дамиды. Адам барлық қоғамдық өндіріс түрлерінің шешуші факторы.
Сондықтан қоғам дамуының сатыларына байланысты ол үнемі даму үстінде
болады. Адамның өндірістегі орны, рөлі, адамға қойылатын өндірістік,
әлеуметтік және т.б. талаптар күшейді. Еңбектің сипаты мен мазмұны,
ұйымдастыру, басқару, тиімділігін арттыру, жұмыс жағдайлары мен жұмыс
уақыты, еңбек белсенділігін арттыру және т.б. сан алуан жағдайлар қоғамда
да әр түрлі болып келгені белгілі. Сондықтан өндіріс жүйесінде адам
дамуының заңдылықтары әр түрлі қоғамдық құрылыстың дамуына сәйкес келеді,
сонымен белгіленеді. Өндірісте адам факторының барлық қоғамға тән ортақ
даму заңдылықтары бар. Олардың негізгілері: бірлескен жұмыс күшінің
қалыптасуы, еңбекшілердің жалпы және кәсіптік білімінің өсуі, мамандық
дәрежесінің көтерілуі, маманданған еңбектің нәтижелілігі мен тиімділігінің
артуы, күрделі еңбектің басым болуы, кәсіптік құрамынын және ой еңбегі мен
дене еңбегінің арақатынастарының өзгеруі, еңбек мазмұнының және
жұмысшылардың өндірістегі атқаратын қызметінің өзгеруі, адам факторының
маңызының арта беруі және т.б. Енді осыларға қысқаша тоқталамыз.
Өндірістегі адам факторының даму заңдылықтарының бірі — жиынтық жұмыс
күшінің қалыптасуы. Бірлескен жұмыс күші — тарихи ұзақ мерзімді қамтитын,
тереңдей түскен қоғамдық еңбек бөлінісінің және кооперациясының нәтижесі.
Оның материалдық негізін өндіріс-құрал жабдықтарының дәрежесінен іздеген
жөн. Қарапайым еңбек құралы, еңбек бөлінісі бұл құбылысты қажет еткен жоқ.
Әрбір деталь және жекелеген операциялар бойынша еңбек бөлінісі бірлескен
жұмыс күші құрылуының беташары болса, машина дәуірі оны біржолата
қалыптастырады. Машина еңбекті кооперациялауға, қоғамдастыруға
топтастыруға, еңбек бөлінісіне тікелей жол ашады. Өйткені машинаның жұмыс
жасауы тек қана бірігіп қоғамдастырылған еңбектің арқасында жүзеге асады,
маманданған еңбекті қажет етеді. Әрбір еңбек ететін адам өзгелермен
бірлесіп өндірісте өнім өндіреді. Бірлескен жұмыс күші өндірісте еңбек
ететін адамдардың арифметикалық сандық қосынды көрсеткіші емес. Ол
әлеуметтік-экономикалық салдар, байланыс қатынастарын сипаттайтын ерекше
сапалық бірігу процесі.
Адамның өндіріс факторы ретіндегі дамуының негізгі бір заңдылығы оның
жалпы және кәсіби білімінің өсуі. Әлемдегі дамыған елдерде адамдардың жалпы
және кәсіби білімінің биік деңгейге көтерілгені өмір талабы. Келесі
заңдылық — маманданған еңбектің салмағы өсті, берер нәтижесі және
тиімділігі артты. Бұл қоғамдық өндірістің материалдық базасының
жақсаруымен, озық техника мен технологияны пайдаланумен тығыз байланысты.
Бірдей уақыттың ішінде жоғары білікті еңбек, жай еңбекке қарағанда
анағұрлым көп тұтыну құнын өндіреді, мұндай еңбектің нәтижесі мен
тиімділігі жоғары.
Қоғамдық өндіріс дамыған сайын ондағы күрделі еңбектің басым болуы да
заңдылық. Өйткені күрделі еңбек жай еңбектен көп тиімді. Сондықтан өндіріс
оны басым пайдалануға мүдделі. Ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесі,
шаруашылықтың салалық құрамдарының өзгеруі, жаңа өндіріс салаларының
дүниеге келуі, еңбек бөлінісінің тереңдей түсуі кәсіптік құрылымның өзгеріп
тұруын заңды процеске айналдырды. Жаңа кәсіп, жаңа мамандық түрлері пайда
болды. Қоғамдық өндірістің дамуы нәтижесінде дене және ой еңбектерінің ара
салмағы да өзгеріп отырады. Адамның өндірісте атқаратын қызметтерінің
ішінде ой еңбегі басымырақ болып келеді. Дене еңбегінің де бейнесі
өзгеріске ұшырайды. Бұлар ғылыми-техникалық прогрестің озық нәтижелерін
өндіріске тікелей пайдалануға байланысты. Адамзат қоғамының даму сатысының
бәрінде еңбек мазмұны күрделі бола бермек. Өндірісті механикаландырып,
кешенді түрде автоматтандырғанда, робот техникаларды, икемді технологияны
енгізгенде және т.б. ғажайыптардың бәрі де еңбек мазмұнына сапалы
өзгерістер енгізеді. Бұл экономикалық дамудың жалпылама негіздерінің зор
ерекшелігі.
Өндірістегі адам факторының дамуындағы келесі заңдылық — адамның
өндірісте атқаратын қызметінің өзгеруі. Адам өндіріспен тікелей араласудан
қалады, оның ұйымдастырушы, басқарушы, реттеуші, бақылаушы агентіне
айналады. Сонымен қатар еңбек функцияларының деңгейі кеңейеді, әр түрлі
операцияларды атқаратын кең ауқымды жұмысшылардың жаңа типі өмірге келеді.
Барлық қоғамдық-экономикалық формациялардың даму тарихы өндірісте адамның
маңызы мен рөлі арта түсетіндігін көрсетеді. Өмір шындығы осындай.
Қазіргі қоғамдық өндірісте өнеркәсіп жұмысшыларының санының өсуі
кеміді. Бұл ғылыми-техникалық прогрестің өндірісте қолданылуына және еңбек
шығынын аз тілейтін жаңа сала мен технологияны пайдалануға байланысты.
Өнеркәсіптің келешек дамуы ғылыми сыйымдылығы басым салалар арқылы жүзеге
асуға тиіс. Барлық дамыған мемлекеттерде материалдық салада жұмыс
істеушілердің саны азайды.
Ғылыми өндіргіш күштердің тікелей элементіне айналу процесі бірлескен
жұмыс күшінің құрамын өзгертіп қана қоймайды, олардың шегін ұлғайтады. Оған
әсер ететін келесі тобы — материалдық емес саладағы сатының өзгеруі және
осы салалардың өндіріске оң әсерлерінің барған сайын артуы. Олай болса,
еңбектің мән-маңызын және еңбек белсенділігін арттыру жолдарына талдау
жасаған жөн. Еңбек материалдық және рухани игіліктерді өндірудің қайнар
көзі. Күрделі мәселелердің бірі — адамның жұмыстағы белсенділігін арттыру.
Белсенділіктің түрлері көп. Бұл жерде еңбек белсенділігі жөнінде сөз болып
отыр. Қоғамдық өндірістің дамуы сатысында еңбектің сипаты және мазмұны
өзгеріске ұшырады. Еңбектің кейбір түрлерінің мағынасы артты. Мысалы, еңбек
белсенділігі, іскерлік, кәсіпкерлік, жауапкершілік, ұқыптылығы, саналылығы,
өнегелілігі, моральдық қанағаттанушылығы, творчестволық сипаты, еңбек
нәтижесіне иелік етуі еңбек қуанышы және т. б. Бұлардың іске асу жолдары,
әдістері мен сипаты қоғамдық өндірістің нысандарына байланысты. Еңбек
белсенділігін арттырудың сан алуан амалы бар. Олардың негізгілері мыналар:
моральдық және материалдық ынталандыру еңбек жағдайын, қоғамдық
қатынастарды жақсарту, өңдіргіш күштерді жетілдіру, қоғамдық өмірді
демократияландыру, қол еңбегін азайту, әлеуметтік қорғау, әділеттік
принциптерін нығайту, әл-ауқатты және рухани байлықты өсіру, жаңа типтегі
адамдарды қалыптастыру, жаңаша ойлау және жаңа коммерциялық шаруашылық
механизмін іске қосу, еңбекті нормалауды, ұйымдастыруды және басқаруды жаңа
сапалық дәрежеге көтеру, басқару жүйесін жетілдіру, еңбек бәсекесін үнемі
қолдап отыру, өндірісті гуманизациялау, жұмыс уақытын ұтымды пайдалану және
т. б. Еңбек белсенділігін арттырудың жолдары қоғам дамуының барлық
сатыларына тән. Алайда оларды іске асыру әдістері әр түрлі. Ол нақтылы
алынған қоғамдық өндірістің сипатына байланысты. Қазіргі қоғамдық өндірісте
жаңа типтегі адамдар қалыптасып келеді. Олардың негізгі белгілері жоғары
біліктілігінде, өндірістік өзгерістерге тез бейімделуінде. Бұларға тән
қасиет ұқыптылығы мен жауапкершілігінің жоғары болуында. Жаңа типті адам
туралы түсінік мазмұны өзгермейтін мәңгілік ұғым емес, керісінше, үнемі
сапалық өзгерісте болып отыратын құбылыс. Өнеге тұтар, үлгі болар адам болу
қоғамдық өндірістің өзегі және күре тамыры. Барлық қоғамда аз да болса
өнегелі адамдардың болғаны өмір шындығы. Олай болса әлеуметтік-экономикалық
сапалы өзгерісті бейнелейтін бұл категория экономикалық дамудың жалпыға
бірдей негізі. Еңбек белсенділігін арттыратын экономикалық дамудың мұндай
негізінің келесі тобы — басқару жүйесін жетілдіру, еңбек бәсекесін үнемі
пайдаланып отыру, жұмыс уақытын неғұрлым ұтымды пайдалану, еңбек тәртібін
және басқа тәртіптерді нығайту, қол еңбегін азайту. Материалдық игіліктерді
және рухани байлықты көбейту экономикалық дамудың жалпы негізі ретіңде
еңбек белсенділігін арттыруға белгілі дәрежеде әсер етеді. Өйткені бұлар
адамның барлық жағдайын белгілейді. Еңбек белсенділігін арттыру үшін
адамның еңбекке деген ішкі сезімін ояту қажет. Әрбір адам қоғамда істелініп
жатқан әрекет әділетті де, рақымшыл, адамгершілікті, сөз бен істің бірлігі
сақталған, екіжүзділік, алдап-арбау мен бүркемеленген айлалы әрекет жоқ деп
түсінген жағдайда еңбек етуге құлшына түседі.
Өндіріс экологиясы еңбек белсенділігін арттырудың негізгі буыны.
Қазіргі кезеңде өндіріс экологиясының ахуалы мәз емес. Осының салдарынан
"заманымыздың кеселі" аллергия, улану, т. б. етек алып барады. Міндет —
өндіріс экологиясын сауықтыру. Ұжымда салауатты моральдық-психологиялық
ахуал жасау, өндіріс орындарын эстетикалық дұрыс көркемдеу жұмысқа деген
ынтаны өсіреді, еңбекті шығармашылық күшке айналдырады.
Қоғамдық өмірді демократияландырудың берер жемісі өз алдына бір төбе.
Алайда бұл істі жүзеге асыруда байыптылық кажет. Асығыстық, даурықпа іс-
қимыл, қызба сөз істі оңға бастырмайды. Экономикалық өмірді
демократияландыру басқаларға қарағанда ілгері, алда болуы шарт. Бұл шарт
бұзылса келеңсіз жағдайлар туындап, кедергілер көбейеді, көздеген мақсатқа
жету едәуір қиындыққа түседі.
Еңбек белсенділігін арттыруда рухани және қызмет көрсету жүйелерін
дамытудың берер жемісі де аз емес. Қоғамдық сана, ойлау жүйесі, іс-қимыл
әрекеті, адамның әлеуметтік рөлі, сезім мен талаптану, өнегелі адам болу
түптеп келгенде рухани байлыққа байланысты.
Бөлім-ІІ Өндіріс факторлары
Экономикалық игіліктерді өндіру үшін ресурстар, яғни қоғамның
әлеуметтік мүмкіндіктері пайдаланылады. Өндіріс үрдісінде ресурстар өндіріс
факторларына айналады. Өндіріс факторлары өндіріс факторлар нарығын
қалыптастырады.
Сурет-2.1 Өндіріс факторлар нарығы
Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату - сатып алу туралы
экономикалық қатынастардың жүйесі. Нарықтардың басқа да түрлеріне сәйкес
еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады.
Еңбек нарығына тән қасиеттер:
– жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың санының мол болуы (жұмыс
күшіне сұраныс);
– әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің санының мол болуы (жұмыс
күшінің ұсынысы);
– еңбек нарығында бірде - бір кәсіпорын және бірде - бір
еңбекккердің күш ықпалының жүрмеуі;
– жұмыс күшінің жалақының мөлшерімен бағалануы.
Қазіргі экономикалық теорияда жалақыны кең және тар мағынада
түсіндіруге болады. Кең мағынада жалақы әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің
жалпы еңбекақысы. Бұл жағдайда жалақы сомасына еңбекақымен қатар сыйлықтар
және басқа да ынталандырушылық ақылары кіреді. Тар мағынада, жалақы –
пайдаланған еңбек бірлігінің бағасы.
Жалақы номиналды және нақты түрінде ажыратылады. Номинальды жалақы
ақшаға шығарып берілетін жалақы, яғни еңбектердің өз еңбегі үшін алған ақша
санасы.
Нақты жалақы еңбеккердің алған ақша санасына өзі үшін және отбасы үшін
қанша қажетті өмір сүру тауарларын сатып алуға болатынын көрсетеді.
Нақты жалақы екі факторға тәуелді:
1. Номиналды жалақыға.
2. Еңбеккердің тұтыну және әл-ауқат тұрмыс дәрежесін сипаттайтын
тауарлар бағасының деңгейіне.
Еңбектің бағасы ретінде жалақының жалпы дәрежесі графикте сұраныс пен
ұсыныстың қисықтарының қиылысқаны арқылы көрініс табады. Еңбекке деген
сұраныстың қисығы тауарға деген сұраныс қисығына ұқсас, ал жұмыс күшінің
ұсыныс қисығы – тауар ұсынысының қисығымен ұқсас болады.
Жұмыс күшіне сұраныстың өсуі жұмыспен қамту деңгейіне және жалақыны
өсіруге әкеледі, ал сұраныстың азаюы - жұмыспен қамту жағдайына жалақыны
төмендетуге әкеледі. Сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысуы жалақының
теңдік деңгейіне (Ре) әкеледі, Е нүктесінде жұмыспен толық қамту жағдайы
орнайды: сұраныс ұсыныспен теңеледі.
П.Самуэльсонның теориясы бойынша қоғамдағы жұмыс күшінің жиынтық
ұсынысы төмендегі көрсеткіштермен анықталады:
- халықтың жалпы саны;
- жалпы халық санының ішіндегі еңбекке қабілеті бар халықтың үлесімен;
- белгілі бір мерзімдегі жұмыс уақытының орташа санымен (апта, ай,
жыл);
- халықтың сапалық құрамымен, яғни мамандық дәрежесінің құрамына
сәйкес.
Осы көрсетілген факторлармен қатар, керісінше әсерін тигізетін
теорияда екі фактор бар. Бұл алмастыру эффектісі - жұмыс орнын қамту
тиімділігі мен табыс эффектісі (тиімділігі).
Алмастыру эффектісінің пайда болу себебі жалақының өсуімен байланысты.
Жалақы өскен кезде әрбір атқарған сағатқа көп ақы төленеді. Яғни ысырап
болған бос уақыт пайда болады. Осы пайда болған бос уақыт шығынды
ұлғайтады, сондықтан еңбеккер бос уақытты қызметке жұмсаудың қажеттілігін
түсініп, ол бос уақытын қосымша жұмыспен алмастыруға тырысады. Бұл жұмыс
күші ұсынысының өсуіне әкеледі.
Табыс эффектісінің әсері алмастыру тиімділігіне қарсы бағытта қызмет
атқарады. Жалақының өсуіне еңбеккер өзінің бос уақытын өсіру мүмкіндігі
ретінде қарайды, яғни жалақы өскен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz