Ұстаздың шеберлігі

1 Педагогикалық шеберлік
2 Мұғалімнің кәсіби шеберлігі
Ұстаздың шеберлігі - талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қажыр-қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады.
Ұлы ғұлама Әл- Фараби: "Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің барлығын жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсесін ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., меніңше шешен, өнер-білімге құштар қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ ..., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізеттілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек" дейді.
Еліміздің болашағы бүгінгі мектеп қабырғасындағы ұрпақ екені даусыз. Ертең ел тізгініне ие болар жеткіншектеріміздің ғаламдық өркениеттен қалып қоймай, білімді, тәрбиелі, жан- жақты болып қалыптасуының қамтамасыз етілуі - мемлекеттік маңызы бар іс. Бүгінгі таңда білім саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Осы өзгерістерді жүзеге асыру, әсіресе, ұстаздарымыздың біліміне, кәсіби шеберлігіне көп байланысты. Парасаттылықты, адалдықты шәкірттерінің бойларына жас кезінен ұялататын ұстаздар десек, қателеспес едік. Сондықтан да ұстаз еңбегіне еш баға жетпек емес.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Педагогикалық шеберлік

"Ұстаз дегеннің өзі - биік атауға тең. "Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз!"- деп ұлы данышпан Абай айтып кеткендей, және де ұстаздың өзі- адам құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы, қазір жаңалықтар легімен енген соны технология, технологиялық дәуір. осыған орай қазіргі кезеңнің талабына сай өскелең ұрпақты білімді, мәдениетті, ұшқыр ойлы, халқының салт-дәстүрін дәстүрлей білетін, туған Отанын, жан- тәнімен сүйетін азамат дәрежесіне тәрбиелеу және осыған жетелеудің өзі педагогикалық шеберлік демекпін.
Абай атамыздың: Ақырын жүріп анық бас, Еңбегін кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға - деп айтқанындай, мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінеміз және өмір бойы ізденішулікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жетуге болады. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Әрбір ұстаз үшін оқу - тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. Осы ретте кейбір мәселелерді жаңаша көзқараспен қарастыруды жөн деп есептей отырып, мынадай эталондарды атап өтуге жөн көрдік:

- сабаққа педагогикалық - психологиялық талдау жасау;

- дамыта оқыту жүйесінің мәні мен міндеттері;

- сабақты ұйымдастырудың педагогикалық - психологиялық негіздері;

- мұғалім жұмысының шығармашылық сипаты.

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, зерттеушілік қызметі мұғалімдік жұмысқа дайындық барысында, іс - тәжірибеде және қайта даярлау кезінде қалыптасып тәрбиеленеді.
Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы - деп бекер айтпаған.
Біліктілік деп қандайда бір еңбектің түріне дайындалудың, дайындық дәрежесінің деңгейін айтады. Кез-келген қызметкер біліктілігін ұдайы жетілдіріп отыруы қажет.
Білім сапасының арттырудың кілті педагог қолында десек, оның білімін жетілдіру басты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің өзінің педагогикалық білімін көтеру
МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ МҰҒАЛІМДІК МАМАНДЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мұғалімнің оқушыларға ықпал етуінің жолдары
ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ТӘСІЛДЕРІ
Мұғалімнің кәсіби маңызды сапалары
Педагогикалық шеберлік туралы
Мұғалімнің сөйлеу шеберлігі
Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік
Мұғалімнің сөйлеу шеберлігі туралы
Педагогикалық әдеп
Пәндер