Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар



1. «Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті.
2. Техникалық регламентте пайдаланылатын анықтамалар мен терминдар.
3. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдері қауіпсіздігінің гигиеналық көрсеткіштері.
4. Қорытынды.
5. Пайдаланылған әдебиеттер.
«Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті. «Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленген. Техникалық регламент балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне, оларды өндіру және айналымы үдерістеріне қойылатын талаптарды белгілейді және Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 0402, 0406, 1103, 1602, 1604, 1704, 1806, 1901, 2005, 2007, 2008, 2009, 2104, 2201 тауар позициясына кіретін тамақ өнімдеріне қолданылады. Техникалық регламенттің талаптары:жас балаларға арналған балалар тағамдарына; диеталық және емдік-профилактикалық тағамдарға қолданылмайды.
Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында азайтылуы қажет балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің тіршілік циклі үдерісінде туындайтын факторларға мыналар жатады: тамақ өнімдерінің жекелеген түрі үшін техникалық регламенттер немесе санитариялық ережелер талаптарымен белгіленген, құрамындағы уытты элементтердің, микоуыттардың, пестицидтердің, антибиотиктердің, радионуклидтердің, тағамдық қоспалардың, витаминдердің, микроэлементтердің және басқа да нормаланбайтын контаминанттардың артуы, өнімнің механикалық және микробиологиялық ластануы.
1. Ә.К. Асенова, Г.Т. Туменова, Г.Н. Нурымхан, Г.Т. Кажибаева Специальные технологии перерабатывающих производств: Учебное пособие для студентов специальности 050728 – «Технология перерабатывающих производств» – Семей: СГУ им Шакарима, 2012. – 135 с.
2. Н.Ф.Ефремов, А.С. Гротов и др. Автоматизированное проектирование упаковки: учебное пособие//Университетская книга, Логос, 2008 - 248с.
3. Әсенова Б.Қ., Қасымов С.Қ. Ет және ет өнімдерінің технологиясы: Оқу құралы. – Семей: Семей қаласының Шәкәрім атындағы МУ, 2013 ж. 144 бет.

Пән: Ет, сүт, шарап өнімдері
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СОӨЖ
Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.

Орындаған: Баймендинова Қ.Н.
Тексерген: Камбарова А.С.
.

Жоспары:
Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламенті.
Техникалық регламентте пайдаланылатын анықтамалар мен терминдар.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдері қауіпсіздігінің гигиеналық көрсеткіштері.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламенті. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламенті Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу туралы 2004 жылғы 9 қарашадағы және Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленген. Техникалық регламент балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне, оларды өндіру және айналымы үдерістеріне қойылатын талаптарды белгілейді және Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 0402, 0406, 1103, 1602, 1604, 1704, 1806, 1901, 2005, 2007, 2008, 2009, 2104, 2201 тауар позициясына кіретін тамақ өнімдеріне қолданылады. Техникалық регламенттің талаптары: жас балаларға арналған балалар тағамдарына; диеталық және емдік-профилактикалық тағамдарға қолданылмайды.
Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында азайтылуы қажет балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің тіршілік циклі үдерісінде туындайтын факторларға мыналар жатады: тамақ өнімдерінің жекелеген түрі үшін техникалық регламенттер немесе санитариялық ережелер талаптарымен белгіленген, құрамындағы уытты элементтердің, микоуыттардың, пестицидтердің, антибиотиктердің, радионуклидтердің, тағамдық қоспалардың, витаминдердің, микроэлементтердің және басқа да нормаланбайтын контаминанттардың артуы, өнімнің механикалық және микробиологиялық ластануы.
Мүмкін болатын тәуекелдер балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің тіршілік циклдерінің мынадай сатылары кезінде туындайды:
балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау);
қоймаларды, өндірістік үй-жайларды, машиналарды, жабдықтарды, көлік құралдарын, қосалқы материалдарды дайындау;
өндіріске негізгі және қосымша шикі заттарды, оның ішінде тағамдық қоспаларды және ингредиенттерді қабылдау және дайындау;
балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін өндіру (дайындау);
сақтау, тасымалдау, өткізу.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің тәуекелін бағалау кезінде қазіргі заманғы өңдеу әдістері, инспекциялаудың, ішінара бақылаудың, зертханалық зерттеулердің әдістері пайдаланылады.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бағалау:
өндіру кезінде қолданылатын шикізаттар мен материалдардың қауіпсіздігімен;
құрамының артуы организмге зиянды әсер ететін химиялық және биологиялық ксенобиотиктер (уытты элементтер, пестицидтер, микоуыттар, антибиотиктер, радионуклидтер, тағамдық, қоспалар) бойынша өнімнің сипатын анықтау жолымен; а
нықталған тәуекелдің әрқайсысының балалар мен жасөспірімдердің организміне әсерін және оның салдарларын талдау жолымен;
анықталған тәуекелдерді шектеу бойынша ic-шараларды белгілеумен айқындалады.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін сәйкестендіру оны осы Техникалық регламента пайдалану саласына жатқызу және олардың атаулар мен сәйкестендіру көрсеткіштерінің, осы Техникалық регламентін, талаптарына сәйкестігін белгілеу және ықтимал бұрмалауды анықтау мақсатында жүргізіледі. Сәйкестендіру үшін мына әдістердің бірі немесе олардың үйлесімі пайдаланылуы мүмкін:
құжаттама;
аспаптық;
органолептикалық;
көзбен қару;
өнімді сынау.
Егер, ілеспе құжаттардағы және зат таңбалардағы балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдері туралы ақпарат осы Техникалық регламентте белгіленген атауларға және сәйкестендіру көрсеткіштерге сәйкес келмесе немесе дұрыс болмаса, балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдері бұрмаланған деп танылады және мәжбүрлеп кepi қайтаруға жатады.
Техникалық регламентте тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамамен белгіленген ұғымдар, сондай-ақ мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) тамақ өнімдерінің биологиялық құндылығы - тамақ өнімдерінің құнарлығы, құрамында белоктар, майлар, көмipcyлap, витаминдер, макро- және микроэлементтер қамтылатын сипаттамасы;
2) тамақ өнімі - 3 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды тамақтандыруға арналған және олардың тиісті сіңімділігін қамтамасыз ететін және баланың денсаулығына зиян келтірмейтін, балалар организмінің тиімді физиологиялық қажеттіліктеріне жауап беретін тамақ өнімі;
3) тағамдық құндылығы -- бала организмін энергетикалық құндылығымен, құрамымен және дәмдік қасиеттерімен айқындалатын қоректік заттармен қанағаттандыру дәрежесі.
Қазақстан Республикасы аумағында айналымдағы, оның ішінде әкелінетін балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдері мақсаты бойынша пайдаланылуы кезінде бip жыл ішінде адамның өмipi мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтірмеуі және олардың қауіпсіздігін растайтын құжаттармен қоса жүруі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асханадағы кондитер өнімдерін дайындау
Тамақ өнімдерін қадағалауға қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасы
Жасөспірім балалардың тәуліктік тамақтану ерекшеліктері
Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі
Биологияны оқытуда гигиеналық тәрбие жұмыстарын жүргізу
Гигиеналық тәрбиенің бағдарламасы
Доңғалақты көлік құралдарының сәйкестігін бағалау
Спортпен айналысатын адамдардың тамақтану ерекшелігі
Биологияны оқытуда гигиеналық тәрбие беру
Пәндер