Өнім сапасын анықтайтын әдістер


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СОӨЖ
Тақырыбы: Өнім сапасын анықтайтын әдістер.
Орындаған: Баймендинова Қ. Н.
Тексерген: Камбарова А. С.
- .
Жоспары:
- Өнім сапасы.
- Өнім сапасын көрсететін техникалық құжат.
- Өндірістік қызметтің тәжірибесінде сапаны басқарудың деңгейлері.
- Пайдаланылған әдебиет.
Өнім сапасын анықтайтын әдістер.
Өнім сапасы - өнімнің сатып алушының белгілі бір қажеттерін қанағаттандыруға жарамдылығын сипаттайтын сапалық қасиеттерінің жиынтығы және тиімділігінің өлшемі. Өнім сапасының көрсеткіштері абсолюттік, салыстырмалы немесе меншікті көрсеткіштер болуы мүмкін. Өнімнің сапалық қасиеттері өнімнің өндірістік және тұтынушылық қасиеттері болып бөлінеді. Өнімнің өндірістік қасиеттері оны әзірлеу барысында қалыптасады және оған өнімді дайындау сатысында қол жеткізіледі. Өнімнің тұтынушылық қасиеттері тұтынушылардың нақты сұранымын қанағаттандыруға бағытталған. Қолданыстағы стандарт талаптарына сай келетін өнім тұтынуға жарамды деп есептеледі. Осы талаптарға сай келмейтін өнім сапасыз өнімге жатқызылады. Жоғары сапалы өнімде жақсартылған немесе жаңа тұтынушылық қасиеттер болуға тиіс және өнімділік, беріктік, төзімділік, материал сыйымдылығы, энергия сыйымдылығы, шикізат шығыны жөнінен орташа көрсеткішпен салыстырғанда елеулі сапалық және сандық көрсеткіштерге ие болуға тиіс. Өнім сапасына қойылатын талаптарды тұтынушылар (тапсырыс берушілер), сарапшылар, дайындаушылар, сондай-ақ мемлекеттік органдар қалыптастырады және тиісті нормативтік-техникалық құжаттар мен шарттарда баянды етіледі. Қолданыстағы заңдар тұтынушылардың мүдделерін көздей отырып, қоғамдық өндіріске қатысушылардың ғылыми-техникалық, өндірістік, құрылыс, ауыл шаруашылық өнімдерінің, көлік, жабдықтау, сауда, т. б. қызмет түрлерінің сапасын қамтамасыз етумен байланысты міндеттерін айқындап, заң жүзінде бекітеді.
Өнім сапасын жақсарту - өндірістің тиімділігін арттырудың маңызды шарты. Өнім сапасын арттыруға әсер ететін факторлар: еңбектің саналы түрде ұйымдастырылуы, технологиялық үдерістердің ойдағыдай жүргізілуі, шикізат пен басқа да материалдардың сапасы, т. б.
Өнім сапасын көрсететін техникалық құжаттар:
Зерттеу әдістері мемлекеттік бүкіл одақтық стандарттарда (ГОСТ), техникалық жағдайларда (ТУ) және нормативті құжаттарда беріледі. Стандарт аты және қызметтік жазба орысша және ағыл(шынша беріледі. Осы бөлімде стандарттың мүмкін болатын уақыты да көрсетіледі.
Кіріспе бөлім: стандарттанлатын өнімнің сипаттамасы, анықтамасы, қолданылатын ауданы және токсикалық әсері беріледі.
Техникалық талаптар: бірінші бөлімінде өнімге қойылатын талаптар: өнімнің сұрыптары (сорт) маркасы, сапа көрсеткіштері және нормалары беріледі.
Зерттеу әдістері: үлгі алу ережелері мен қадағалау әдістері беріледі. Арнайы ГОСТ болған жағдайда белгілі бір көрсеткіш бойынша өнім сапасын зерттеу әдістері, сәйкес стандарттарға нұсқау (ссылки) беріледі.
Орау (упаковка), маркілеу, сақтау, орау жолдары, маркілеу түрлері, тұтынушыға жеткізу және сақтау көрсетіледі. Қажетті жағдайда өнімді сақтаудың кепілді уақыты да беріледі.
Әрбір стандарт 5 жылға бір рет қарастырылып, реттік нөмірін өзгерпей қайта қаралады. Соңғы цифрлар өзгертілмейтіндіктен стандартты қарастырғанда алдыңғы цифрларғақарау керек.
ГОСТ барлық өнім түрлеріне таралады және мемлекет бойынша заңды түрде жүргізіледі. Басқа стандарттар шектеулі түрде қолданылады. Мысалы ОСТ белгілі бір өндіріс саласында, ТУ шектеулі жауапкершілікті өнім түрлерін, ВТУ жаңа өнімдерге 1 жылға немесе жаңа технология болған жағдайда қолданылады. ВТУ уақыты біткенде ТУ тұрақты құжатқа айырбасталады. РТУ өнімнің белгілі бір шамасына (париясы) таралады.
Мемлекеттік стандарттар белгілі бір құрылымда болады. Сандық индекс сандардың екі тобынан тұрады: 1 - тіркелу нөмірін көрсетсе, екінші бөлімнің соңғы 2 цифры стандарттың бекітілген жылын көрсетеді. Мысалы, ГОСТ 3584-73 3584 - тіркеу нөмірі, 73 - бекітілген жылы.
ОСТ стандарттың төрт тобынан тұрады: біріншісі дайындаушы нөмірі, екіншісі саланың нөмірі, үшінші - тіркеу нөмірі, соңғысы - бекітілген жылы.
РСТ - екі сандардың тобының орнына мемлекеттің қысқартылған атауларынан тұрады.
Өндірістік қызметтің тәжірибесінде сапаны басқарудың (СБ) үш деңгейін бөліп көрсетуге болады:
1) өндірістік, материалдарды, құрал-жабдықтарды, персоналдың біліктілігін жетілдіру;
2) технологиялық, шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту бойынша компанияның барлық өндірістік қызметін үйлестіру үшін функционалдық басқарушылық құрылымдарды құру;
3) басқарушылық, компанияның барлық құрылымында, соның ішінде басқарудың жоғары және орта буындарында, технологияда, өндірісте сапаны басқару жүйесін қалыптастыру.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Ә. К. Асенова, Г. Т. Туменова, Г. Н. Нурымхан, Г. Т. Кажибаева Специальные технологии перерабатывающих производств: Учебное пособие для студентов специальности 050728 - «Технология перерабатывающих производств» - Семей: СГУ им Шакарима, 2012. - 135 с.
- Н. Ф. Ефремов, А. С. Гротов и др. Автоматизированное проектирование упаковки: учебное пособие//Университетская книга, Логос, 2008 - 248с.
- В. И. Бобров. Системы автоматизированного проектирования упаковочного производства учебное пособие// М. : МГУП, 2006 - 314 с.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz