Қазақстанның сыртқы саясаты: басымдықтары мен міндеттері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ
1.1 Қазақстанның сыртқы саясаты: басымдықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.3 Мемлекеттік шекара . Қазақстаннның тәуелсіздігінің белгісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19

ІІ. БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР
2.1 Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазақстанның ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
2.2. Қазақстанның Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48
2.3 Қазақстанның әлімдік қоғамдастықпен халықаралық байланыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .65
КІРІСПЕ

Диплом тақырыбының өзектілігі. Сыртқы саясаттағы басымдықтарымыз ХХІ ғасырдың ығытына қарсы тұруға қабілетті әрі ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған, белсенді, жан-жақты және үйлесімді сыртқы саясат.
Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамыту басым бағыттар болып қала береді. Азия мен Таяу Шығыстың негізгі елдерімен өзара іс-қимылға зор маңыз беріледі.
Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ел ішіндегі реформаларға қолайлы жағдай туғызу мақсатында Үкіметтің алдында осы мемлекеттермен арадағы негізгі шарттар және келісімдерді бұлжытпай жүзеге асыру міндеті тұр.
Осындай маңызы зор шарттардың бірі Мәскеуде қол қойылған Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараларды делимитациялау туралы шарты. Тарихымызда тұңғыш рет біз өзіміздің стратегиялық әріптесіміз Ресеймен заң жүзінде ресімделген мемлекеттік шекараға ие болдық. Осылайша соңғы жылдары ұзына бойы 14 мың километрден асатын шекараны толығымен межелеуге қол жеткіздік. Бұл еліміздің мемлекеттік құрылыстағы жоспарларымызды жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызатын ұлттық қауіпсіздігіміздің маңызды кепілі.
Біз стратегиялық тұрғыдан Қазақстанның мүдделері толығымен ескерілген жағдайда Бүкілдүниежүзілік Сауда Ұйымына тезірек кіруге ықыластымыз.
Қазақстан Шанхай Ытымақтастық Ұйымына, ТМД, ЕурАзЭҚ-ты реформалауға, ЕЭК-ті құру жөніндегі жұмыстарға ерекше мән береді.
Біздің еліміз үшін барлық бағыттар бойынша ЕҚЫҰ-мен бұрынғысынша іс-қимыл жасау маңызды болып қала береді. 2009 жылы осы ұйымға төрағалық етуге біздің кандитатурамыздың ұсынылуына барынша жауапкершілікпен қараймыз. Біздің сыртқы саясатымыздағы негізгі басымдықтар осы мақсаттарға қол жеткізуді көздейді.
Ұзақ мерзімді басымдығымызды ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттік тәуелсіздік пен аумақтың тұтастықты сақтау - еліміздің іргелі құндылықтары. Бұл – біздің басты ұлттық байлығымыз, біз оны сақтауға және болашақ ұрпақтарға жеткізу басты міндет. Бүгінде, «Қазақстан-2030» Стартегиясын іске асыра бастағалы бері 10 жыл өткенде қазақстандық мемлекеттік орнықты деп нық сеніммен айтуға болады.
Халықаралық практика мен нормаларға сәйкес мемлекеттік шекарамызды толық қатталып, Қарулы Күштерінің реформасы жүзеге асырылды, осы заманғы армия жасақталып, оны қайта жарақтандыру ісі жүргізілуде. Елдің Қарулы Күштерін қаржыландыруды елеулі түрде арттырылды. Құқық қорғау органдарын, арналу қызметтерді қоса алғанда, іс жүзінде мемлекет қауіпсіздігінің инфрақұрылымы қайта құрылды.
«Қазақстан-2030» Стартегиясының бір бөлігі ретінде қауіпсіздікке төнетін қатерлерді алдын ала бейтараптандыруға бағдарланған мемлекеттің Ұлттық қауіпсіздігі стратегиясы әзірленіп бекітілді. Қазақстанның бастамасы бойынша құрылған мемлекетаралық бірлестіктер өзінің қажеттігін дәлелдеп шықты. Өңірлік бірлестіктер – АӨСШК, ШЫҰ, ҰҚШҰ-ның қызметі өңірдегі тұрақтылық пен өзара ықпалдыстық үшін берік негіз қалады.
Бүкіл шекараның бойындағы көрші мемлекеттермен Қазақстанның достық қарым-қатынастары орнатылды. Сонымен қатар ХХІ ғасырдың басы көбірек тұрақтылық пен қауіпсіздік әкеле қойған жоқ. Керісінше, халықаралық лаңкестік, экстремизм, есірткі саудасы, қару-жарық пен ядролық материалдардың заңсыз айналымы секілді қателерге қарсы күрес ұзаққа созылатыны айқын болды.
Қазақсатнның әлемде қуатты экономикасы бар әрі халықаралық қоғамдастықтағы тұғыры берік өңірлік держава ретінде қабылданатынын да есептен шығармаған жөн. Бұдан әрі экономикалық, әлуметтік және саяси жаңаруымыздың жолында елеулі кедергі болуы ықтимал ХХІ ғасырдың қазіргі кезде көрініп жүрген объктивті қатерлері еліміздің бейбіт еңбегі мен прогресі баршамызға және әлемдік қоғамдастықтың ұстаныма байланысты.
Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастады.
Екіншіден, географиялық орналасуы жағынан алғанда Қазақстан белортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы.
Сондықтан да біз осы проблемаларды шешу үшін барлық мүдделі мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен бұрынғысынша белсене ынтымақтастықты орнату.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі басымдықтары мен міндеттерінің деңгейін анықтау; ұзақ мерзімді басымдығымызды ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттік тәуелсіздік пен аумақтың тұтастықты сақтау қызметтегі заңдылықтардың кейбір қайшылықтарын ашып көрсету; халықаралық лаңкестік, экстремизм, есірткі саудасы, қару-жарық пен ядролық материалдардың заңсыз айналымы секілді қателерге қарсы күрес мәселелерін шешу жолдары біздің сыртқы саясаттағы басты басымдықтардың бірі болғандықтан, олармен күресті күшейту мақсатында халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасты жетілдірудің мақсаттары мен міндеттері зерттеудің объектісін анықтайды.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері. Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдықтары мен міндеттерін анықтау; Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамыту; шекараларды делимитациялау мәселерін сипатту; көш-қон саясатын жетілдіру; Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселелерін шешу; Қазақстанда есірткінің таратылуына жол бермеу саясатын жүзеге асыру; лаңкестіктің алдын алу шараларына байланысты жүзеге асырылып жатқан халықаралық келісімдердің бағытын анықтау; Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының негізгі басымдықтарын жүзеге асыру жолдары зерттеу; Қазақстанның әлемдік қоғамдастықпен халықаралық байланыстары мен екі
Пайдаланылған әдебиеттер

1. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан».-Астана, 2007 ж. 28 ақпан
2. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында». – Алматы, 2005
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Жеті Жарғы, 2005
4. Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Заңы // Егемен Қазақстан, 1997, 17 маусым
5. Послание Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева народу
Казахстана «Казахстан – 2030». - Астана; Фолиант, 2000
6. Дипломатия жаршысы, 2005, №4(6)
7. Дипломатическая служба Республики Казахстан. – Алматы, 2004
8. Еуразиялық интеграция және қазақ диаспорасы. – Алматы, 2007
9. Авдокушин Е.Ф. Международные экономические отношения: Учебное пособие. – М.,1996
10. Атымтаева Ж.А. Терроризмге қарсы күрестегі Еуропалық саясат. – Алматы, 2004
11. Всемирная торговая организация (ВТО) // В кн.: Внешнеэкономическая деятельность КР: состояние и перспективы развития. – Мониторинг. Вып.5 – Бишкек: ЦЭ и СР. – 1999, с.70-74
12. Габиани А.А. Наркотизм вчера и сегодня. - Тбилиси: Сабиота Сакартвело, 1988. - 260с .
13. Ермекбаев А.Б. ЮНЕСКО в Казахстане. – Алматы
14. Есжан А.К Казахстан и Мировое Сообщество. – Астана
15. Лукьянов И.П. ООН Сегодня и Завтра. – Москва
16. Мухамеджанов М.Б. Формирование Основных Приоритетов Внешней Политики Казахстана. – Алматы
17. Миньковский Г.М. Современные социально-правовые проблемы борьбы с наркотизмом в России. Совершенствование борьбы с наркотизмом: материалы конференции.-М., 1997, с.448
18. Сайранқызы Н. ДСҰ шеңберіндегі кемсітпеушілік қағидасы. – Астана, 2007
19. Сарсеков Б.С. Контробанда наркотиков в Казахстане: проблемы и пути их преодоления: Монография.-Алматы,1998, б.160
20. Ситников Б.П. Наркотики и политика // Политика, 1987, №3
21. Сыдыков Б.С. Взаимодействия национальной, региональной и глобальной модели международного сотрудничества в ЦА. – Бишкек, 2002, с.62
22. Токаев Қ. Беласу. Дипломатиялық очерктер. – Алматы, 2003
23. Элебаев Н. Реалии и перспективы сотрудничество центральноазиатских государств с Организацией экономического сотрудничество Центральная Азия и Кавказ. № 2 (8) - 2000 – С. 18
24. Чжен Кун Фу. Геополитика Казахстана. – Алматы
25. Токаев К. Внешняя Политика Казахстана в Условиях Глобализации. – Алматы
26. Степаненко Б.В. Программы ООН в СНГ. – Москва
27. Оңғарбаев Е.Ә., Смағұлов А.А. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы.- Қарағанды: Болашақ-баспа, 2005









ЕврАзЭс – Еуропалық Азиаттық Экономикалық Қауымдастық

ЕО – Еуропалық Одақ

ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

ЦАЭС – Орта Азиалық Экономикалық Қауымдастық

ШЫҰ – Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы

КСРО – Кеңес Социал Республикалар Одағы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ
1.1 Қазақстанның сыртқы саясаты: басымдықтары мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.3 Мемлекеттік шекара – Қазақстаннның тәуелсіздігінің
белгісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
ІІ. БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР
2.1 Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазақстанның
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39
2.2. Қазақстанның Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіру
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48
2.3 Қазақстанның әлімдік қоғамдастықпен халықаралық
байланыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..53
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... 62
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..65

КІРІСПЕ

Диплом тақырыбының өзектілігі. Сыртқы саясаттағы басымдықтарымыз ХХІ
ғасырдың ығытына қарсы тұруға қабілетті әрі ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерді
қамтамасыз етуге бағытталған, белсенді, жан-жақты және үйлесімді сыртқы
саясат.
Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамыту басым
бағыттар болып қала береді. Азия мен Таяу Шығыстың негізгі елдерімен өзара
іс-қимылға зор маңыз беріледі.
Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ел ішіндегі
реформаларға қолайлы жағдай туғызу мақсатында Үкіметтің алдында осы
мемлекеттермен арадағы негізгі шарттар және келісімдерді бұлжытпай жүзеге
асыру міндеті тұр.
Осындай маңызы зор шарттардың бірі Мәскеуде қол қойылған Қазақстан мен
Ресей арасындағы шекараларды делимитациялау туралы шарты. Тарихымызда
тұңғыш рет біз өзіміздің стратегиялық әріптесіміз Ресеймен заң жүзінде
ресімделген мемлекеттік шекараға ие болдық. Осылайша соңғы жылдары ұзына
бойы 14 мың километрден асатын шекараны толығымен межелеуге қол жеткіздік.
Бұл еліміздің мемлекеттік құрылыстағы жоспарларымызды жүзеге асыруға
қолайлы жағдай туғызатын ұлттық қауіпсіздігіміздің маңызды кепілі.
Біз стратегиялық тұрғыдан Қазақстанның мүдделері толығымен ескерілген
жағдайда Бүкілдүниежүзілік Сауда Ұйымына тезірек кіруге ықыластымыз.
Қазақстан Шанхай Ытымақтастық Ұйымына, ТМД, ЕурАзЭҚ-ты реформалауға,
ЕЭК-ті құру жөніндегі жұмыстарға ерекше мән береді.
Біздің еліміз үшін барлық бағыттар бойынша ЕҚЫҰ-мен бұрынғысынша іс-
қимыл жасау маңызды болып қала береді. 2009 жылы осы ұйымға төрағалық етуге
біздің кандитатурамыздың ұсынылуына барынша жауапкершілікпен қараймыз.
Біздің сыртқы саясатымыздағы негізгі басымдықтар осы мақсаттарға қол
жеткізуді көздейді.
Ұзақ мерзімді басымдығымызды ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттік
тәуелсіздік пен аумақтың тұтастықты сақтау - еліміздің іргелі құндылықтары.
Бұл – біздің басты ұлттық байлығымыз, біз оны сақтауға және болашақ
ұрпақтарға жеткізу басты міндет. Бүгінде, Қазақстан-2030 Стартегиясын
іске асыра бастағалы бері 10 жыл өткенде қазақстандық мемлекеттік орнықты
деп нық сеніммен айтуға болады.
Халықаралық практика мен нормаларға сәйкес мемлекеттік шекарамызды
толық қатталып, Қарулы Күштерінің реформасы жүзеге асырылды, осы заманғы
армия жасақталып, оны қайта жарақтандыру ісі жүргізілуде. Елдің Қарулы
Күштерін қаржыландыруды елеулі түрде арттырылды. Құқық қорғау органдарын,
арналу қызметтерді қоса алғанда, іс жүзінде мемлекет қауіпсіздігінің
инфрақұрылымы қайта құрылды.
Қазақстан-2030 Стартегиясының бір бөлігі ретінде қауіпсіздікке
төнетін қатерлерді алдын ала бейтараптандыруға бағдарланған мемлекеттің
Ұлттық қауіпсіздігі стратегиясы әзірленіп бекітілді. Қазақстанның бастамасы
бойынша құрылған мемлекетаралық бірлестіктер өзінің қажеттігін дәлелдеп
шықты. Өңірлік бірлестіктер – АӨСШК, ШЫҰ, ҰҚШҰ-ның қызметі өңірдегі
тұрақтылық пен өзара ықпалдыстық үшін берік негіз қалады.
Бүкіл шекараның бойындағы көрші мемлекеттермен Қазақстанның достық
қарым-қатынастары орнатылды. Сонымен қатар ХХІ ғасырдың басы көбірек
тұрақтылық пен қауіпсіздік әкеле қойған жоқ. Керісінше, халықаралық
лаңкестік, экстремизм, есірткі саудасы, қару-жарық пен ядролық
материалдардың заңсыз айналымы секілді қателерге қарсы күрес ұзаққа
созылатыны айқын болды.
Қазақсатнның әлемде қуатты экономикасы бар әрі халықаралық
қоғамдастықтағы тұғыры берік өңірлік держава ретінде қабылданатынын да
есептен шығармаған жөн. Бұдан әрі экономикалық, әлуметтік және саяси
жаңаруымыздың жолында елеулі кедергі болуы ықтимал ХХІ ғасырдың қазіргі
кезде көрініп жүрген объктивті қатерлері еліміздің бейбіт еңбегі мен
прогресі баршамызға және әлемдік қоғамдастықтың ұстаныма байланысты.
Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая
бастады.
Екіншіден, географиялық орналасуы жағынан алғанда Қазақстан
белортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы.
Сондықтан да біз осы проблемаларды шешу үшін барлық мүдделі
мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен бұрынғысынша белсене
ынтымақтастықты орнату.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі
басымдықтары мен міндеттерінің деңгейін анықтау; ұзақ мерзімді
басымдығымызды ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттік тәуелсіздік пен
аумақтың тұтастықты сақтау қызметтегі заңдылықтардың кейбір қайшылықтарын
ашып көрсету; халықаралық лаңкестік, экстремизм, есірткі саудасы, қару-
жарық пен ядролық материалдардың заңсыз айналымы секілді қателерге қарсы
күрес мәселелерін шешу жолдары біздің сыртқы саясаттағы басты
басымдықтардың бірі болғандықтан, олармен күресті күшейту мақсатында
халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасты жетілдірудің мақсаттары мен
міндеттері зерттеудің объектісін анықтайды.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері. Қазақстанның сыртқы саясатындағы
басымдықтары мен міндеттерін анықтау; Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақпен
ынтымақтастықты дамыту; шекараларды делимитациялау мәселерін сипатту; көш-
қон саясатын жетілдіру; Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз
ету, Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселелерін шешу; Қазақстанда
есірткінің таратылуына жол бермеу саясатын жүзеге асыру; лаңкестіктің алдын
алу шараларына байланысты жүзеге асырылып жатқан халықаралық келісімдердің
бағытын анықтау; Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының негізгі
басымдықтарын жүзеге асыру жолдары зерттеу; Қазақстанның әлемдік
қоғамдастықпен халықаралық байланыстары мен екі жақты және көп жақты
ынтымақтастық шараларының мән-жайын баяндап көрсету тақырыптың басты
міндеті болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы
негізгі басымдықтарымызды анықтай отырып, оны жетілдіру болып табылады.
Зерттеу заты - Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі басымдықтарды
жүзеге асыруды жетілдіру.
Зерттеу объектісі Қазақстанның сыртқы саясаттағы мәселесі жөніндегі
әлемдік қауымдастықпен халықаралық байланыстары болып табылады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Сыртқы саясатттағы
негізгі басымдықтарды шешу және жүзеге асыру мәселелері, еліміздің
қауіпсіздігі мен әлеуметтік-экономикалық жағдайын жетілдіру бағыттарын
бейнелейтін классиктер еңбектері, отандық және қазақстандық ғалымдар
жұмыстарынан тұрады.
Негізгі тұжырымдамалар. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы
негізгі басымдықтарды дамытуға жағдай жасау; елдермен достық ынтымақтастық
байланыстарды жетілдірудің нәтижесінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық
жағдайын жетілдіруге бағыттау; дамыған 50 елдің қатарына қосылу; сыртқы
саясат мәселелерін қазіргі кездегі Қазақстанның жаңа сатыдағы дамуының
міндеттерімен сәйкестендіру.
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. кіріспе, екі тарау
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ
НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ

1. Қазақстанның сыртқы саясаты: басымдықтары мен міндеттері

Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың күш-жігерінің арқасында мемлекет
аралық қатынастың жалпы жұрт таныған нормаларны ұстанатын мемлекет ретінде
әлемдік архитектоникаға сәтімен кірікті және текетірес пен экстермизмнің
қандай да бір элементтеріне ада саясат жүргізеді деп сеніммен айтуға
болады.
Саясат бағытының мұндай сындарлылығы қазірдің өзінде белгілі бір
нәтижелер әкелді. Егер бірнеше жыл бұрын басымдықты міндеттердің тұрғысынан
Қазақстанның сыртқы қауіпсіздігінің қамтамасыз етужәне жетеші державалар
тарапынан тиісті кепілдіктер алу қажеттілігі туралы айтылса, қазір бірінші
кезекке жаңа императивтер шығып отыр деп айғақтауға барлық негіздер бар.
Қазақстанның басқа мемлекеттермен өзара қатынасының инфрақұрылымын дамытуға
бағытталған күнделікті дипломатияның, тынымсыз жұмыстың уақытысы туды.
Мұдай қорытынды сыртқы саясат саласындағы нақты болмысқа негізделген.
Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуда 1993 жылы қазанда қол қойлған
қазақстан-қытай декларациясының зор маңызы бар. Осы негізде алынатыфн
құжатқа өздерінің қолдарын қоя отырып, ҚХР төрағасы Цзян Цзэминь және
Қазақстан президенті Н. Назарбаев іс жүзінде оңтүстіктегі ұл көршімен өзара
қарым-қатынаста қауіпсіздік сияқты маңызды проблеманы шешті. Шартттық
тәртіппен Қытай Қазақстанға қатыты ядрлық қаруды қолданбауды, күш
қолданудан немесе күш қолдану қаупін туғызудан бас тартуға, біздің
мемлекетіміздің егемендігімен аумақтық тұтастығын құрмет тұтуға
міндеттенеді.
Осы тұрғыдан АҚШ-пен демократиялық әріптестік туралы хартияға жоғары
деңгейде қол қойылуының зор маңыза болды. Сондай-ақ Қазақсмтан Ресеймен
қарым-қатынасын да негізге алынатын құжатпен – Достық, ынтымықтастық және
өзара көмек туралы шарт пен ресімдеді. Осы шарт бір қатар келісімдермен
уағдаластықтарға негіз қызметін атқарады. Қазақстан Ресей қатынасына
құқықтық құрылысын жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасуда.
Осындай жолмен Қазақстанның сыртқы саясатының бірінші кезеңінің басты
мақсатына дипломатиялық акциялар мен қол жеткізілді. Енді Қазақстанның ұзақ
мерзімді мүдделеріне республиканың әлемдік істерге анағұрлым кеңінен
тартылуы сәйкес келеді деп айтуға болады, олар атап айтқанда республиканың
аймақтық және ғаламдың деңгейлердегі процестерге, халықаралық құрылымдарды
қалыптастыруға белсенді түрде қатысуы, мұның бәрі халықаралық құқық
нормалары үстемдігінің нығайуына үлес қосады.
Сонымен бірге Қазақстанның стратегиялық мүдделерін қамтамасыз ету үшін
біздің диломатиямыздың саяси маневр үшін кеңістіктің болуын қолдауы,
демократиялық әрі сындары әріптестік қатынастарды дамытуы, барлық елдемен
ізгі көршілік және өзара тиіңмді ынтымақтастықты дамытуы қажет. Түбегейлі
мүдделерді талап ету кезіндегі проинциптілік пен табандылық, ұзақ мерзімді
мақсатқа қол жеткізумен ұштасып, Қазақстанның сыртқы саясатының
ерекшеліктеріне айналуы тиіс. Еуразиялықтың айқын белгілері бар Орталық
Азиялық мемлекет болғандықтан, Қазақстан сыртқы саяси жолдармен өз
ұстанымдарын және ғаламдық сондай-ақ аймақтық деңгейлердегі беделін
нығайтуға қол жеткізуі тиіс. Осыған байланысты Қазақстанның сыртқы
саясатының негізгі басымдықтарын мынадан көруге болады.
Қазақстандық дипломатия кеңестен кейінгі кеңістік деп аталатын
мемлекеттермен ынтымақтастықты ұлғайту бағытын жалғастыруы тиіс. Бұл саясат
қатарлас екі деңгейде жүргізілуі мүмкін. Біріншіден, екі жақты негіздегі
байланысты дамыту керек. Екіншіден, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын іс-
әрекетте қабілетті бірлестікке айналдыру жөніндегі белсенділікті
төмендетпеу маңызды. ТМД тиісті елдердің экономикғасына тиімділігін арттыру
және оларлдың арасындағы ынтымақтастықты жетілдіру үшін ірі міндеттерді
шешуге қабілетті ұйым болуы керек.
Мұндай проблемаларды шешу үшін бір-бірінің әлеуетін пайдалануға
ұмтылатын мүдделі елдердің сапалы таңдауы болып табылатын Еуразиялық
мемлекеттер одағы көпжақты өзара іс-қимылдың анағұрлым тиімді түрі. ЕМО-ның
құндалығы мынады: оның перспективалық сипаты бар ол болашаққа бағдарланған.

Басымдықтар айтқанда, Ресей Федерациясы мен өзара туелділіктің зор
маңызы бар екенін атап көрсету керек. Бұл жерде экономикалық тарихи
жақындықтың және демографияның өзара тәуеділігі факторлар той көрсетеді.
Бұндай ынтымақтастық, егер ортақ экономикалық, қорғанытық, гуманитарлық
ақпараттық және білімдік кеңістікті нығайтуда стратегиялық мақсатын назарға
алатын болсақ, тең құқықты өзара тиімді сипатта жүруі тиіс. Қазақстан-Ресей
достық қарым-қатынастары Еуразиялық кеңістіктің орасан зор бөлігінде
жағдайды тұрақтандырудың қуатты факторы, жаһандық тұрлаулылық пен
қауіпсіздікке қосқан зор үлес.
Қазақстан сыртқы саясатының басты басымдықтарының бірі – АҚШ пен өзара
қатынасты дамыту. Қазақстанның АҚШ-пен қарым-қатынасы еліміздің дүние
жүзілік қоғамдастыққа үйлесімді түрде кірігуінің және халықаралық саяси,
сондай-ақ қаржылық институттарда оның позициясын нығайтудың, сондай-ақ озық
технологияларға қол жеткізудің аса маңызды алғышарттарының бірі.
Сонымен қатар, халықаралық құрылымдардың да рөлі өсіп отыр. Азия –
Тынық мұхит аймығы елдерін әлеуметтік экономикалық дамыту (ЭСКАТО),
қоршаған ортаны қорғау (ЮНЕП), БҰҰ-ға мүше мемлекеттерге арналған дамыту
бағдарламасы (ПРООН), денсаулық сақтау (ВОЗ) және басқалары сияқты беделді
ұйымдармен өзара түсіністік пен ынтымақтастықты дамыту жөнінде пәрменді күш
жігер жұмсау қажет. Қазақстан үшін халықаралық ұйымдардың басымдығын ескере
отырып, БҰҰ-ның қызметіне белсенді түрде қатысуды жалғастыру керек. Осы
дүние жүзілік ұйым Қазақстан үшін әлемдік саясатқа терезе ашады және
тиісінше республиканың геосаяси процестерге тартылуына кепілдік береді.
Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ)
шеңберінде де үлкен жұмыс күтіп тұр. Хельсинки Қорытынды актісінде және
қаңа Еуропаға арналған Париж Хартиясында юелгіленген міндеттемелерді өзіне
ала отырып Қазақстан Еуропалық процестерге қатысты негізге алынатын
құжаттарды әзірлеуге үлес қосуы тиіс.
Сонымен бірге Азиялық бағытта сыртқы саяси қызмет өзара саяси іс-қимыл
мен сенім білдіру шаралары жөніндегі құрылықтық форумды шақыру идеясын
өмірге енгізуді жалғастыратын болады. Бұл идея түрлі нұсқада айтылып, бір
қатар Азиялық елдер мен топтар оны іс жүзіне асырып жатса да Президенттің
бастамасы Азиялық тұрақтылық пен қауіпсіздікке үлес қосудағы Қазақстанның
шынайы ұмтылысы ретінде танылады және оның сыртқы саяси қызметінің ажырамас
бөлігі ретінде қабылданады.
Қазақстан БҰҰ – ға мүше болған он бес жыл ішінде Қазақстан Қазақстан
2030 ұзақ мерзімді Стратегиясының бірінші ұзақ мерзімді басымдығында
белгіленген принциптерге негізделген белсенді сыртқы саяси ұстанымды
иеленетіндігін көрсетті. Атап айтқында, басқа елдермен көп жақты
қатынастрды белсенді жақтаушы ретінде әрекет етеді. Осы басымдылықтың 3 –
ші құрамбөлігінде халықаралық ұйымдардың рөлі туралы, және бірінші кезекте,
БҰҰ рөлі жөнінде айтылады. Қазақстан БҰҰ – ны бейбітшілік пен қауіпсіздік
үшін бірден – бір және ең маңызды халықаралық орган деп біледі. Қазақстан
Республикасының Президенті былай деп атап көрсетті: Қазақстан БҰҰ – дан
соғыс және бейбітшілік мәселелеріне тиімділікпен ықпал етуге қабілетті
бірден – бір халықаралық органды көре отырып, оның рөлі мен беделін
көрсетуге әзір мемлекеттермен ынтымақтастықта болады (Президент
Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 62 – ші сессиясында сөйлеген сөзі, 25
қыркүйек 2007 жыл).
Экономикалық әл – ауқат пен бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті
қолдауға жауап беретін ұйым ретінде БҰҰ – ға мүдделілік өсіп отырған
жағдайда Қазақстан соңғы жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымын ұлғайтуға бірқатар
шараларды қабылдады. Мысалы, Қазақстан БҰҰ – ның қорлары мен
бағдарламаларының жұмысына штаб – пәтер деңгейінде де, сондай – ақ елдің
деңгейінде де белсенді қатысуды бастады. Қазақстан төтенше жағдайларға
көмектесетін орталық қоры үшін донор болып табылады, ол дүлей аппараттардан
кейін адамдарды бірден құтқару үшін өмірлік қажетті ресурстармен қамтамасыз
етеді. Ондай көмектің ауқымы әзірге соншалықты үлкен болмаса да, әсіресе
елдің көлемінде алғанда, аталған үрдіс жалғасатын болады және ондай
көмектің ауқымы көбейеді деп сеніммен айтуға болады. Ең бастысы, Қазақстан
өз елінен тыс жердегі, мысалы, Ауғанстандағы және Орталық – Азиялық
республикалардағы, әлеуметтік және экономикалық дамуға қолдау көрсететін
жаңа доор болуға деген өзінің ниетін мәлімдеді. Қазақстан БҰҰ – ға алға
қойылған міндеттерді орындау үшін мәселе қоя алады. [6; 117 - 123]
Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ – ға төрағалық бекітілуін, оны Азиядағы өзара
ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) ағымдағы
төрағалығын, сондай – ақ Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымдағы (ШЫҰ),
Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастықтағы және өзге де өңірлік ұйымдардағы
маңызды рөлін, сондай – ақ Қазақстан Президентінің БҰҰ – ға арнап ұсынылған
бірқатар маңызды бастамаларын назарға алатын болсақ, Қазақстанның Біріккен
Ұлттар Ұйымын, сондай – ақ БҰҰ – дағы өзінің рөлін нығайтуды жалғастыра
беретіні анық.
Қазақстанның соңғы жылдар ішіндегі айтарлықтай дамуына қарамастан, әлі
болса Қазақстан 2030 - да белгіленген ұзақ мерзімді міндеттеріне жету
жолында едәуір кедергілерге кездесіп отыр. Әзірге өңірлер арасында, сондай
– ақ ауыл мен қала арасында үлкен айырмашылықтар орын алған (мұны кейбір
облыстардағы кедейшіліктің жоғары деңгейі, сондай – ақ елдің облыстары
бойынша халықтың кірістерінің тым алшақтығы дәлелдейді). Әлеуметтік
сектордың кейбір көрсеткіштері әлі күнге экономикалық жетістіктердің
деңгейіне сәйкес келмейді. Биліктің әртүрлі құрылымдарына сенім арту мен
оны қабылдай қою мәселесі әлі де өзекті болып табылады.
Бұл айтқандарды Бүкіләлемдік банк пен Dоing Вusіnеss Халықаралық
қаржы корпорациясының есебі, Бүкіләлемдік Экономикалық Форумның бәсекеге
қабілеттілік индексі, сондай – ақ билік құрылымдарына сенімге қатысты басқа
да зерттеулер мен шолулар дәлелдейді. Қазақстан сондай – ақ кейбір орта
және ұзақ мерзімді уақыт сынына кездесіп отыр. Несие берудің қаржы
нарығындағы жақында болған дағдарыс макроэкономикалық жағдайлардың
тұрақсыздығын және халықаралық нарықтағы құбылмалық қауқарсыздығын
көрсетеді. Экономикалық стандарттар мен келісім – шарттарды орындау
жөніндегі Үкімет пен трансұлттық компаниялар арасындағы жақында орын алған
проблемалар жаһанданудың келеңсіз нәтижесінің бөліктері болып табылады,
сондай – ақ ұзақ мерзімді кезеңге ұлттық мүдделерді қорғаудың қажеттігін
көрсетеді. Қазақстан аумағының үлкендігі мен елдің тұрғындары санының
салыстырмалы түрде шектеулі болуы ұлттық экономиканы әртараптандыру
міндетін орындауға кедергі келтіретіндігін бәріміз де білеміз. Теңізге шығу
жолының болмауы, білікті кадрларды үшін еңбек нарығының шектеулі болуы,
көші – қон саясаты саласындағы басқару тиімділігінің қажеттігі және
климаттың өзгеруі тәрізді жаһандық экономикалық проблемалардың әсері және
су ресурстарын басқару қосалқы, бірақ ескеруді қажет ететін факторлар болып
табылады.
Қазақстан тәуелсіздік жылдары ішінде халықаралық қауіпсіздік жүйесі
мен таратпау режимін бекітуге тарихи үлесін қосты. Еліміз басшылығының
ядролық арсеналды иеленуден бас тарту туралы тарихи шешімі және халықаралық
міндеттемелерді қатаң ұстану ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өз
кезегінде, Қазақстанның әлемдегі 50 неғұрлым бәсекеге қабілетті
мемлекеттердің қатарына кіру жөніндегі маңызды міндет қоюға мүмкіндік
жасаған, бұрынғы кеңестік кеңестікте экономикалық дамуымен, көшбасшылығымен
назарға ілініп, инвестициялар ағынын құру үшін жағдайлар жасау туралы
шынайы қамқорлықты білдіреді. Бүгінгі Қазақстан – бүкіл еуразиялық
кеңестікте ұжымдық қауіпсіздік пен тұрақтылықты жүйесін құрудағы белсенді
жақтаушы.
Соңғы жылдары әлемде таратпау режимін бұзуға жол беретін көптеген
келеңсіз оқиғалар орын алғаны белгілі. Соның ішінде Солтүстік Кореяның
ядролық қаруды таратпау туралы Шарттан (ЯҚТШ) шығуын және оның ядролық
сынақты жасауын, бірқатар елдерде бұрынғы ядролық бағдарламалардың
анықталуын, ядролық материалдардың қара нарығын кеңейту, иран ядролық
бағдарламасы айналасындағы күрделі жағдайды, және тұтастай алғанда, ядролық
қарусыздану мен таратпау саласындағы өздерінің халықаралық міндеттемелерін
сақтамау дағдарысын бөліп айтуға болады.
Сонымен қатар Қазақстан есірткінің заңсыз айналымы мен ұйымдасқан
қылмыс жүйесінде күш салуды арттыра түсуде. Алматы қаласында БҰҰ – ның
ұйымдастыруымен есірткі трафигінің, ең алдымен Ауғанстаннан, каналдарына
тосқауыл қою жөніндегі құқық қорғау құрылымындарында қатысушы –
мемлекеттердің өзара іс – қимылын қамтамасыз ету мақсатында Орталық –
азиялық өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының жұмысы іске қосылды.
Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтің қатысушыларға жолдаған Жолдау
хатында біздің еліміздің бітімгершілік таңдауы былай атап өтілді, әлемдік
қоғамдастыққа жаппай қырып жоятын қаруды одан әрі тарату қаупі бүгінгі
таңда ерекше өзекті және қажетті болып отыр.
Бүгінгі Қазақстан көптеген өңірлік ұйымдарының мүшесі болып табылады,
олардың аясыеда сындарлы сыртқы саясаттағы бастамалар көтереді.
Үстіміздегі жылы 30 қарашада ЕҚЫҰ-ға мүше-елдердің 56 мемлекетті
біріктіретін осы беделді ұйымға Қазақстанның 2010 жылы төрағалық етуі
туралы тарихи шешімі біздің еліміз басшылығының тәуелсіз, экономикалық
жағынан қуатты және демократиялық мемлекет құрылысы жөніндегі қол жеткізген
жетістіктерін нақтылы мойындауы, этникаралық және дінаралық келісімді
қолдау және жаһандық және өңірлік, оның ішінде Ванкувер мен Владивосток
арасындағы кеңістікте, қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтудағы қосқан
үлесін жоғары бағалау болып табылады.
АӨСШК шақыру жөніндегі қазақстандың бастаманы іс жүзіне асыру Азиядағы
қауіпсіздіктің жаңа жүйесін құру жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Қазақстанның тәуелсіздіктің алғашқы сатыларында қабылданған ядролық
мұрадан бас тартуы және Ядролық қаруды таратпау қосылуы туралы шешімі
ядролық қарусыздануға орай қабылданған батыл шешімнің басты нәтижесі болды.
осы жылдың 29 таммыздың Астанада Семей ядролық палигонының ьжабылғанына 16
жыл толуына орай болған Ядролық әлемге қазақстандық жол халықаралық
симпозиумы өткізілді. Біз сонымен қатар қауіпсіздік саласындағы сыртқы
саясат және саясат мәсілелері жөніндегі Еуропалық Одақтың Жоғарғы өкілі
Хавьер Солананың осы жылы қараша айында Брюссельде ядролық қаруды таратпау
мәселелері бойынша халықаралық конференция өткізуді жоспарлағанын да
біліміз. Қазақстан маңызды әрі қазіргі заманға сай бастаманы толық қолдайды
және осы шараға қатысуға ниеті бар.
Біз сондай-ақ БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүшесінің
бәріне Қазақстанға қауіпсіздік кепілдерін бергені үшін алғысымызды
білдіреміз. Мұндай кепілдіктер Еуразияда едәуір кеңістікті алып жатқан
біздің мемлекетіміз үшін өте маңызды. Бұл орайда әңгіме экономиклық және
саяси реформаларды жүргізуге сырттан қандай да бір қатердің болмауына сенім
туралы болып отыр. [8;86-89]
Біз экономикалық дағдарыстан ойдағыдай шыға білдік, мемлекеттік
басқарудың тиімділігін көрсеттік, нарықтық жаңаруларды жүргіздік, және ашық
демократиялық қоғамның институттық базасын жасадық.
Экономиклық, әлеуметтік дамудың және халықтың өмір сүру деңгейінің
негізгі көрсеткіштері бойынша Қазақстан бүгінде ТМД-да көшбасшылық
ұстанымды иеленеді және жоғары қарқынмен дамуды жалғастыруды.
1996 жылдан бастап он жыл ішінде жан басына шаққанда ішкі жалпы
өніммөлшері 700-ден 5040 долларға өсті. Күтілетін болжам бойынша бұл
көрсеткіш 2007 жылы жеті мың долларға жетуі тиіс. Былайша айтқанда,
Қазақстан табыстары орташа деңгейдегі елдер тобына сеніммен орнығуда.
Қазіргі кезде келелі міндеттер Қазақстанның әлемнің неғұрлым бәсекеге
қабілетті елу елінің қатарына қосылу Стратегиясын жүзеге асырумен
байланысты. Бұл экономиканы әртараптандыру жағдайында жоғары қарқынды
сақтауды, реформаны тиімді жүргізуді білдіреді.
Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан үшін тұрақтылықты
сақтаудың маңызды факторларының бірі этникааралық толеранттылықты сақтау
болды. Тоталитаризм бізге қоғамның күрделі этникалық коняигурациясын мұраға
қалдырып кеткен болатын. Реттеудің қандайда бір тетіктерінің болмауы
күтпеген жағдайларға әкеп соқтыру қаупін туғызды. Мұндай жағдайда ахуалды
сындарлы арнады ұстау, этникааралық өзара іс-қимылдың қажетті қоғамдық
институттарын қалыптастыру тек тиімді әрі жігерлі мемлекеттік бақылау мен
ғана мүмкін болды. Ұлтаралық келісімді сақтау біз үшін аса қажетті құндылық
еді, тіпті оны келешегіміздің бастауы десе де болатын еді.
Қазақстандық қоғам тұрақтылығына құрылымдың жағынан жақын, бірақ
маңызы одан кем емес фактордың бірі ретінде оның көп конфессиялығын айтуға
болады. Дінаралық диалогты және толеранттылықты қалыптастыра отырып, біз
демократияның классикалық принципін ұсынуды жөн көрдік: көпшіліктің еркі
азшылықтың мүдделерін сақтау арқылы. Конфессияаралық өзара іс-қимылдардың
қазақстандық тәжірибесі біздің елімізде өткізілген әлемдік діндер лидерінің
екі Съезі барысында әлемдік конфессиялардың ең жоғарғы иерархтарының
қолдауына ие болды.
Халықаралық тұрақтылықпен қауіпсіздіктің дәстүрлі және жаңа қыр
көрсетулеріне ұтымды жауап қайтаруды іздеумен қатар, жаңа ғасырда жаһандық
энергетикалық тепе-теңдікті қамтамасыз етудің маңызы бірнеше есе артып
кетті. Энергетикалық ресурстар барлық мемлекеттер үшін өмір сүру деңгейін
жақсарту және мүмкіндіктерді кеңейте түсу үшін өте маңызды мәнге ие болып
отыр. Сондықтан нарықтық экономиканың іргелі принциптерін білдіретін
бағалар бойынша тиімді, сенімді және экологиялық жағынан қауіпсіз
энергиямен қамтамасыз ету бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін маңызды
талаптарының біріне айналды.
Жаһандық геосаяси ауқымды энергетикалық құрам соғұрлым маңызды
аргументке айналуда. Шиеленіске жол бермеу үшін халықаралық тәсілдің
жалпыға ортақ және үйлестірушілік аясында бұл жүйедегі тұрақтылық пен
қауіпсіздікке қол жеткізу қажет.
Соңғы кездері энергетикалық қауіпсіздік ұғымын тұжырымдауда белгілі
бір өзгерістерді байқауға болады. Егер бұрындары энергия қауіпсіздігі
дегенді көмір сутекті ресурстар мен негізгі тұтынушыларды айрықша тұрақты
түрде қамту деп түсіндіріліп келсе, ал енді бұл одан кеңірек тұжырымдалады
және ол өндіру, тасымалдау және әлемдік нарықта сатуды қамтитын болды.
Тиісінше, тек жеткізуші елдер ғана емес, сонымен бірге транзиттік
мемлекеттер, тұтынушылар, сондай-ақ трансұлттық энергетикалық
корпорациялар, яғни энергетика тізбегінің барлық буындарының өкілдері
өзінің үлесіне қарай бірлескен жауапкершілікті көтеруге тиіс.

1.2. Мемлекеттік шекара – Қазақстаннның тәуелсіздігінің белгісі

Мемлекеттік шекара әрбір елдің тәукелсіздігінің белгісі. Қазіргі
жаһандану заманында қандай да бір мемлекеттің халықаралық құқық нормаларына
сәйкес айқындалған мемлекеттік шекарасы болмаса, онда ол елді толыққанды
тәуелсіз мемлекет деп айтуға болмайды. Өйткені, көршілес елдермен шекара
мәселесін толық шешпейінше, кез келген шектес мемлекеттің ол елге шекаралық
талап қоюы әбден мүмкін. Сол себепті де шекараны айқындау ұлттық
қауіпсіздік пен мемлекеттік тәуелсіздік мәселесімен ұштасып жатыр. Шекара
мәселесі мен жер дауы әлемдік тарих тәжірибесі көрсетіп отырғандай бұрынғы
замандарда да, қазіргі кезеңде де көптеген елдер арасындағы соғыстар мен
жанжалдар себепші болғаны белгілі. Оған Х\ІІІ ғ. қазақ – жоңғар, орыс –
швед соғыстары, ХІХ ғ. орыс – түрік соғыстары, ХХ ғ. Иран мен Ирак,
Үндістан мен Пәкистан, Израиль мен араб елдері арасындағы соғыстар мысал
бола алады.
Қазақ жері мен оның шекарасын біздің ата – бабаларымыз ақ найзаның
ұшымен, аң білектің күшімен қорғап әрі нығайтып, кейінгі ұрпаққа аманат
етіп қалдырды. Ал, патшалық отарлық саясаттың салдарынан бөлшектеліп
тасталған Қазақ жерін кеңестік тоталитарлық жүйе тұсында Ә.Бөкейханов,
А.Байтұрсынов, М. Сералин, Ә. Ермеков, С. Садуақасов сынды т.б.
қайраткерлер Қазақ кеңестік автономиялы республика аумағына қайта
біріктіруге қол жеткізді. Бұл оңайлықпен келген жоқ еді. Ол ұлт
зиялыларының тарихты терең білуімен бірге, саясаткерлігі мен дипломатиялық
шеберлігінің, қажырлы күресінің нәтижесінде жүзеге асырылған болатын. Бұл
азаматтар Қазақ жерлерінің шекарасының заңдық әрі құжатты түрде
айқындалуының іргетасын қалап кетті. Міне, осынау игі дәстүрді тәуелсіздік
жағдайында Қазақстан басшылығы қалай жалғастыра алды деген сұрақтың әрбір
көкірегі ояу азаматтың көкейінде тууы әбден заңды болып табылады.
Жаңа заман талаптары тәуелсіз Қазақстан үшін мемлекеттік шекараны
айқындауда аса жауапты да күрделі мәселелерді ұсынды. Олар, біріншіден,
біздің елмен көршілес Ресей мен Қытай сияқты алпауыт мемлекеттермен
шекараларды белгілеу үшін күрделі келіссөздер жүргізу қажет болды.
Екіншіден, барлық көршілес елдермен мемлекеттік шекараға қатысты көптеген
мұрағаттық деректермен, заңдық құжаттармен, мемлекетаралық шарттармен ұзақ
жұмыс істеп, әрбір құжаттың егжей – тегжейін зерттеуге тура келді. Бұрынғы
Кеңес Одағынан тәуелсіздік алған уақытта Қазақстан үшін көршілес
республикалармен халықаралық құқық талаптарына жауап бере алмайтын
әкімшілік – аумақтық шекара сызығы мен Қытай Халық Республикасымен заңды
түрде бекітілмеген шекара мұраға қалды. Міне, осындай шешуі қиын мәселелер
жас тәуелсіз Қазақстан басшылығының алдына қойылды. Бұл біздің еліміздің
жетекшілеріне артылған тарихи сын, аса зор жауапкершілік еді. Бұл жерде
бірден атап көрсететін мәселе, Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаев барлық көршілес елдермен мемлекеттік шекараны айқындау
барысында біржақты аумақтық шығынға жол бермеу ұстанымын негізгі талап
ретінде қойды. Сондай – ақ, шекара мәселесін шешу халықаралық құқықтық
нормалар мен әлемдік тәжірибеде қабылданған қағидаларға сәйкес өркениетті
түрде жүзеге асырылу қажеттілігіне басты назар аударылды. Осылайша,
мемлекеттік шекараны айқындауда Шекаралық мәселелер жөніндегі үкіметтік
комиссия құрылып, іске кірісті. Қазақстан өзінің құрылық бойынша өтетін
шекараларын қысқа мерзімде, яғни 1992 – 2005 жылдар аралығында белгілеп
алды. Шекара мәселесі бойынша жүргізілген келіссөздерді екі кезеңге бөлуге
болады: бірінші кезең Қытаймен, екінші кезең бұрынғы Кеңес Одағының
құрамында болған республикалармен жүргізіледі.
1992 – 1998 жылдары Қытай Халық Республикасымен Қазақстан
Республикасының мемлекеттік шекарасын делимитациялау, 1998 – 2002 жылдары
аталған шекараны демаркациялау жүргізілді. 1999 жылғы қыркүйек – 2005 жылғы
қаңтар кезеңінде ТМД – ның шектес елдерімен мемлекеттік шекараны
делимитациялау (мемлекеттік шекара өтетін сызықты айқындау, картаға түсіру
және оның толық сипаттамасымен шартқа қол қою) жүргізілді. Нәтижесінде
Түркіменстанмен, Қырғызстанмен, Өзбекстанмен және Ресеймен Қазақстанның
мемлекеттік шекарасын делимитациялау туралы тиісті шарттарға қол қойылды.
Жалпы, Қазақстан мен Қытай арасында мемлекеттік шекараны орнатудың
ежелгі және күрделі тарихы бар. Қазақстан мен Қытай арасындағы шекаралық
белгілер тұтас алғанда үш ғасыр бойы қалыптасты. Бірақ ең алғаш рет
құжаттамаға түсіру 140 жыл бұрын басталды, ол кезде Қазақ елі Ресей
империясына бодан болатын. Бұл жұмыстың басталуына 1860 жылғы Пекин шарты
және 1861 жылғы Шәуешек хаттамасы негіз қалады. Кейінірек, 1881 жылғы
Петербург шарты жасалып, Орталық Азия аумағында Ресей мен Қытай шекарасын
орнату аяқталды.
Қытай тарапымен шекараны делимитациялауды жоғарыда аталған ХІХ
ғасырдағы тарихи шарттардың негізінде, яғни осы құжаттарда шекара сызығының
өтуі қалай түсіндірілсе, солай жүргізу туралы уағдаласттыққа қол
жеткізілді. Кеңестер Одағы түрлі идеологиялық және саяси себептерге
байланысты 35 жыл ішінде жасай алмағанын Қазақстан үш жыл ішінде өтіп,
Қазақстан мен Қытай мемлекеттік шекарасы ұзақтығының (шекараның бүкіл
ұзақтығы – 1723 км) 90 пайыздан астамын келісті. 1994 жылғы 26 сәуірде екі
ел басшылары Қазақстан мен Қытай мемлекеттік шекарасы туралы келісімге қол
қойды. Сонымен бірге, Келісімді жасасқан кезде Шаған Оба асуы ауданындағы
(Шығыс Қазақстан облысы) және Сарышілде өзені ауданындағы (Алматы облысы)
даулы учаскелер келісілген жоқ. ХХ ғасырдың 80 жылдары әуелі кеңес
делигациясы, содан кейін біздің делегация ескі уақыттағы картографиялық
материалдардың дәлме дәл еместігіне, сондай – ақ орыс және маньчжур
тілдеріндегі шекара сипаттамасының мәтіндері әртүрлі оқылатынына сілтеме
жасап, осы учаскедегі шекара сызығы өтуіне қатысты өз көзқарасын сақтап
қалды.
Келіссөздер барысында қазақстандық делегация осы учаскелердің кейбір
бөліктерін қазақстандың тараптың шаруашылық тұрғысынан игергендігіне екпін
түсіріп, қытай тарапының назарын аударды. Қытай тарапы ұзақ уақыт осы
факторды аумақтық межелеу кезінде ескерудің орындылығын танығысы келмеді
және осы проблеманы ХІХ ғасырдың шарттарының ережелері негізінде реттеуді
талап етті. Проблеманы шешудің барлық ықтимал жолдары зерттелгеннен кейін
екі келісілмеген учаскеде қазақ – қытай мемлекеттік шекарасы өтуінің
қабылдауға болатын нұсқасы әзірленді. Тараптар Шаған Оба асуы ауданындағы
жердің 70 пайызға жуығы Қазақстанға, 30 пайызға жуығы Қытайға, ал Сарышілде
өзен ауданындағы учаскенің 30 пайызға жуығы Қазақстанға, 70 пайызға жуығы
Қытайға тиесілі деп шешті. Екі келісілмеген учаскенің жалпы алаңының
(шамамен 944 шаршы км) Қазақстанға 537 шаршы км (57 пайыз), Қытайға 407
шаршы км (43 пайыз) өтті. 1998 жылғы шілдеде мемлекет басшылары осы
учаскелер бойынша Қосымша Келісімге қол қойды. Ал, Қытаймен шекара туралы
екі келісім негізінде 1998 – 2002 жылдары Қазақстан – Қытай мемлекеттік
шекарасын демаркациялау жүргізілді, яғни шекаралық белгілер орнатылды.
Шекаралық мәселелер жөніндегі үкіметтік комиссия мүшесі М.Атанов:
...Қытайға қатысты ірі маман ретінде біздің министр (Қасымжомарт Тоқаев –
авт.) КСРО Сыртқы істер министрлігіндегі және оның ҚХР дағы елшілігіндегі
жұмысы кезеңінде КСРО мен ҚХР арасындағы шекара жөніндегі келіссөздерге
қатысты және осы учаскелердің бүкіл тарихын және келіссөздердің егжей –
тегжейін жан жақты білетін. Біздің ұстанымымызды алдын ала әзірлеуде және
қазақстандық тарапқа нұқсан келтірместен, келіссөздер үдерісінде ірі
нәтижелерге қол жеткізуде зор маңызы болды. деп, ерекше атап көрсетеді.
Қытай сияқты әлемдік алпауыт елмен мемлекеттік шекара мәселесі
байсалды түрде шешілгеннен кейін еліміздің басшылығы бұрынғы Кеңес Одағының
құрамында болған көршілес елдермен шекараларын белгілеуді қолға алды. 1991
жылғы желтоқсанда ТМД – ны құру туралы Алматы Декларациясында ТМД – ға
қатысушы барлық мемлекеттер бір бірінің аумақтық тұтастығын және КСРО
ыдыраған уақытта қалыптасқан қазіргі шекарасын танитындығы әрі
құрметтейтіндігі туралы ереже қабылданған еді. Сондықтанда, ТМД – ға мүше
елдердің мемлекеттік шекарасы ретінде бұрынғы әкімшілік – аумақтық
шекаралар танылды.
Қазақстанмен көршілес Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан бұрын
бір мемлекеттің құрамында болғанымен, олардың әкімшілік – аумақтық
межелеріне бірқатар ерекшеліктер тән болды. Мысалы, Қазақ КСР мен РСФСР
арасындағы шекара біздің басқа көршілерімізге қарағанда құқық тұрғыдан
әлдеқайда нашар деңгейде ресімделген еді. Сондай – ақ, шекаралардың ресми
сипаттамалары болған жоқ. 1920 жылы Қазақ АКСР – і құрылғаннан бастап
Қазақстан шекарасы бірнеше рет өзгеріске түсті, олар көп жағдайда
шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы келісім бойынша жасалды және
кейінірек барлық жағдайда болмаса да облысаралық деңгейде бекітілді.
Шекараны айқындауда келіссөз жүргізуші тараптар көптеген құқықтық
материалдар мен мұрағат деректеріне терең талдаулар жасап отырды. Ал, қажет
болған жағдайда шекаралық белдеулерді аэро және космофотоға түсіру әдістері
қолданылды. Мемлекеттік шекараны айқындауда Қазақстан мен Ресей арасында
келіссөздердің 50 кезеңі жүргізілген. Олардың ішінде 26 жалпы отырыс, 13
жұмыс топтарының кездесулері және делегация басшыларының 11 шағын
форматтағы кездесулері өткізілген. Бес жылдан астам уақытқа созылға
Қазақстан мен Ресей мемлекеттік шекарасын делиминтациялау жөніндегі
келіссөздер тарихи маңызды құжатқа қол қоямен аяқталды. Құжатта уағдаласу
жолымен ұзақтығы 7591 км Қазақстан мен Ресей мемлекеттік шекарасы
белгіленді. Бұл тарихи құжаттың маңызы туралы Ресей Федерациясының
Президенті В. Путин: Біз мемлекеттік шекара туралы шартқа қол қойдық. Екі
жақты қарым қатынастың келешегі үшін бұл аса үлкен табыс. Аталған тарихи
шешім елдеріміз арасында тең құқықты және өзара тиімді байланыстарды
өрістетуге және бауырлас халықтардың игілігі мен келешегі үшін қызмет
етпек. Бұл Ресейдің Қазақстан егемендігіне құрметпен қараудың айғағы.
Шынайы достықтың үлгісін көрсететін бұл шартқа ұзақ жылғы қажырлы еңбектің
арқасында қол жеткізілді. Шекараны белгілеуде, әрине, даулы тұстары да
кездесіп отырды. Соның бірі ретінде Имаш газ конденсаттық кеніші аумағын
айтуға болады. Біз өзара түсіністіктің арқасында аумақты және кенішті тең
бөлу туралы уағдаластық. деп, атап көрсеткен еді.
Қазақстан мен Ресейдің өзара қарым қатынасы тарихында тұңғыш рет
ұлттық мүдделердің қатаң сақталуы жағдайында және қандайда болсын біржақты
аумақтық құрбандыққа бармастан Қазақстан мен Ресей шекаралары белгіленді.
Қазақ - өзбек мемлекеттік шекарасын делимитациялау туралы келіссөздер
2000 жылдың ақпанынан 2002 жылдың тамызы аралығында жүргізілді. Бұл
келіссөздер 1991 жылы 21 желтоқсанда қабылданған Алматы Декларациясы, 1998
жылы 31 қазанда қабылданған Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан
Республикасы арасындағы мәңгілік достық туралы Шарт және т.б. екі ел
арасында қабылданған құжаттар негізге ала отырып жүргізілді. Дегенмен,
Қазақстанның Өзбекстанмен шекарасын айқындауда бірқатар қиындықтар
кездескен. Оның себебі, Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш және
Мақтаарал аудандарында шекараның елеулі бөлігі халық жиі қоныстанған,
құрылысы тығыз және шекарадағы тұрғындар белсенді шаруашылық қызметімен
ерекшеленетін учаскелер арқылы өтті. Бұл жерде әкімшілік аумақтық шекара
соңғы рет бейнеленгеннен кейін қырық жылдай уақыт өткенін де айта кету
керек. Дегенмен шекара мәселесіндегі шешуі қиын аумақтар Бағыс және
Түркістан кенттері мен Шардара су қоймасындағы Арнасай бөгеті болды.
Мәселен, Бағыс кентін Қазақстан мен Өзбекстанның әкімшілік шекарасы екіге
бөліп тастады. Ал, Түркістан кенті бұрынғы КСРО әскери ведомствосына
қарайтын еді. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін ол Өзбекстанның қарулы
күштерінің қарауына өткен болатын. Бұл жерде ерекше айта кететін жәйт Бағыс
кентінің тұрғындары мен Түркістан кенті тұрғындарының бір бөлігі Қазақстан
Үкіметінен және Шекара мәселелері жөніндегі делегациядан шекараны жүргізген
кезде екі кентті де Қазақстан шегінде қалдыруды табандылықпен талап еткен
болатын. Бірінші кезекте, шекара аймағындағы халықтың мүддесін ескеру
ұстанымында болған қазақстандық делегация күрделі келіссөздерден кейін
өзара өтемақы шарттарымен Бағыс кенті мен оның маңайындағы 748 га жерімен
Қазақстанда қалдыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Сонымен бірге,
Өзбекстан аумағындағы қазақтардың ата бабалары жерленген және ауыз суға
пайдаланатын бұлақ орналасқан 517 га аумақ та Қазақстанға өтті. Оның
өтемақысы ретінде Қызылорда облысындағы Нысан І, Нысан ІІ Баймұрат елді –
мекендері Өзбекстанға берілді. Бұрынғы Кеңес Одағының заңдық құжаттары
бойынша Түркістан кенті де Өзбекстан аумағында қалатын болып келісілді. Ал,
Арнасай бөгеті туралы мәселе Президент Н.Назарбаевтың тікелей араласуымен
шешілді. Арнасай бөгеті әкімшілік – аумақтық шекараға сәйкес екі бөлікке
бөлінетін болған. Оның бірі – Қазақстанда, екіншісі - өзбек тарапында
қалатын. Қазақстан тарапы бөгеті толығымен Қазақстан шегінде қалдыруды
ұсынды, бірақ өзбек тарабы ұзақ уақыт бұл мәселені шешкен жоқ. Ақырында
Президент Н.Назарбаевтың тікелей араласуымен бүкіл Арнасай бөгеті бір
гидротехникалық торап ретінде Қазақстанға тиесілі аумақта қалатындай етіп,
шекараның жаңа сызығын жүргізу қажеттілігіне Өзбекстан Президентінің көзін
жеткізді. Қазақ - өзбек мемлекеттік шекарасы да халықаралық құқық талаптары
негізінде айқындалды. 2002 жылы 9 қыркүйек Қазақстан мен Өзбекстан
арасындағы мемлекеттік шекараның кейбір аумақтары туралы Шартқа қол
қойылғаннан кейін екі ел арасындағы шекара мәселесі толық шешілді. Екі
мемлекет арасындағы шекара ұзындығы 2351 км құрады.
Қазақстан Республикасының Түркіменстандағы Төтенше және өкілетті
елшісі, Шекара мәселелері бойынша ҚР Үкіметтік делегациясының бұрынғы
жетекшісі М.Атановтың атап көрсетуіне қарағанда, Қазақстан делегациясының
Қырғызстанмен және Түркіменстанмен мемлекеттік шекараны белгілеу бойынша
келіссөздерінде айтарлықтай қиындықтар туған жоқ. Түркіменстанмен шекара
туралы шарт жобасы қысқа мерзімде дайындалды. Бұл жерде шекара адам
қоныстанбаған шөлейтті дала арқылы өтетіндіктен, тараптар арасында айрықша
проблема туындаған жоқ. Сол себепті екі ел басшылары 2001 жылы шілдеде
Астанада мемлекеттік шекараны бекіту туралы шартқа қол қойды.
Қырғызстанмен шекара мәселесі бойынша келіссөздер екі жылдан астам
уақытқа созылған. Екі елдің түсіністігі нәтижесінде ұзындығы 1242 км
болатын Қазақстан мен Қырғызстан мемлекеттік шекарасы туралы шарт жобасы
дайындалып, оған 2002 жылы 15 желтоқсанда қол қойылды.
Осылайша, Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздік тарихындағы аса
күрделі әрі маңызы зор мәселені шешті. Бүгінгі Қазақстан басшылығы ата баба
аманатын толық орындады деп айтуға болады. Оны орындап қана қоймай, тұңғыш
рет келешек ұрпақтарға халықаралық құқықтық нормалармен қорғалған, бейбіт
әрі мызғымас мемлекеттік шекараны мұраға қалдырып отыр. Мұны әрбір азамат
білуі және құрметтеуі тиіс. Сондай – ақ еліміздің тарихи тұрғыдағы осынау
маңызды жетістігін мектепте, жоғары оқу орындарында, бұқаралық ақпарат
құралдарында әлі де насихаттау қажет деп білеміз.
Бүгінде мемлекеттік шекара халықаралық, экономикалық, мәдени достық
қарым – қатынастың, халықтарды жақындастыратын, ағайын – туыстың барыс –
келісіне жол ашатын дәнекер көпірге айналып отыр. Елбасының салиқалы
саясатының арқасында шекаралас елдердің барлығымен өзара тиімді шарттарға
қол жеткізіліп, көптеген маңызды салалардың өрлеуіне жол ашылды. Осының
нәтижесінде шекара арқылы өтетін жеке тұлғалар, көлік құралдары, тағы
басқалар күннен – күнге арта түсуде. Өткен жылы 20 млн. – нан астам жеке
тұлға және шамамен 3 млн көлік құралдары өткізілді. Шекаралас аймақтарда
тұратын тұрғындар үшін олардың көршілес елдердегі ағайын – туыстарына
қатынасын дамыту, жол қысқарту мақсатында қосымша өткізу бекеттерін ашу ісі
жалғасуда Мемлекет тәуелсіздігі шекарадан басталатындығын ескерер болсақ,
оны қорғау мәселесіне басты назар аударыла беретін болады. [7; 97-107]

3. Еуразиялық интеграция және қазақ диаспорасы

Қазақ диаспорасы халқымыздың қазіргі тарихи кезеңдегі маңызды
мәселелерінің қатарына жатады. Себебі елімізді тәуелсіздігімен қоса оның
тарихи санасында ерекше қасиеттер пайда бола бастады. Ол өзінің оңы мен
соңын түгендей бастады, болашағына үлкен стратегиялық жоспарлар жасап,
әрбір қандасымыздың тағдырынша көңіл қойып оның жеке өмірінің халықтың
ділімен астарласып жататындығына назар аудара бастады. Бұл әрине,
халқымыздың әжептеуір есейгендігінің белгісі. Оқырмандарға отырған бұл
ұжымды монография өз кезеңдегі екінші жүйелі еңбек болып табылады. Бірінші
еңбекте ғылыми жетекшілігімен орындалған жұмыстар авторлар ұжымының күшімен
барынша қазақ диаспорасына қатысты теориялық әдіснамалық тарихи-мәдени
негіздегі қайнар көздік ұғымдық мәселелер қарастырылғаны белгілі. Ол
еңбектегі көптеген мәндік нұсқалар еліміздің әр түрлі баспасөз орындарында
жарық көріп, конференцияларда кеңінен баяндалғаны отандастарымызға да,
шетелдік қандастарымызға да белгілі. Осы игі дәстүрді орындалған екінші
ғылыми жобада да жалғастырып отырмыз. Ұжымдық монографияның авторлары өз
белсендіктерін барынша сақтауға тырысты.
Жалпы ғылыми жобаның тақырыбы ХХІ ғасырдағы Еуразиялық кеңестіктегі
көптеген ғаламдық мәселелермен тығыз байланыста болғандықтан өздерінің
жазаға тарауларында қазақ диоспарасы мәселенің қазіргі таңдағы ең
зәруліктегі әлуметік-мәдени және дүние танымдық қырларына тоқталады.
Әсіресе,еңбекте тереңірек қарастырылған мәселелер қатарына қазақ
репатрианттарының, яғни оралмандарының жиһандау кезеңіндегі бірегейлену мен
әлуметтік психологиясы мен көңіл-күйін ашып көрсетуі жатады. Сонымен қатар
алысжәне жақын шетелдегі қазақ бауырларымыздың етенелесу проблемалары жан-
жақты талқылаудан өтеді. Соның ішінде Еуразиялық интеграцияға біршама
енетін Ресей, Моңғолия және Қытайдағы қазақтардың өмір сүруіндегі әр-түрі
ерекшеліктері мен діліне айрықша көңіл бөледі. Өкінішке орай Өзбекстан,
Түркіменстан сияқты елдердегі қазақтар жайлы мәліметтер келтіріледі.
Еуразиялық кеңістіктегі қазіргі кезеңдегі күрделі процестер әлемнің
тағдыры үшін үлкен маңызы бар болып тұр. Көрші мемлекеттегі үлкен-кішілі
әлуметтік, саяси өзгерістер, кикілжіңдер мен проблемалары, оларды алға
өркениеттік мағынадағы жылжу үрдістері еліміздегі зертеушілерді алаңдатпай
қоймайды. Өйткені қазіргі кезеңдегі ақпаратық өзара байланыстар, хабардың
жету шапшаңдығы, тіптен, алыстағы елдердіде өзара бірін-біріне жақындата
түскендей. Міне осындай жағдайда қазақ диаспорасының келелі философиялық-
социологиялық мәселелері тек зертеушілердің ғана назарын аудартпай
халқымыздың алдыңғы қатарлы ұлдары мен қыздарын аландататынына сенеміз.
Халқымыздың өз тағрырына деген ерекше ықылас ХХ ғасырдың басында ерекше
көрініс бергені баршаға белгілі. Ол ХХІ ғасырдың басында да солай болып
отыр. [15; 111-119]

Әрбір халықтың еуразиялық кеңістікте өмір сүру салтындағы өзгешіліктер
жалпы дүниежүзілік тарихтың даму үрдісін, ішкі тұтастығын, жалпы жүйесін
бұзбайды. Қайта тереңдеп қараған сайын, ол ерекшеліктер жалпы тарихи
санамызды гүлдендіре түсері анық. Міне, қазақ диасопра мәселесіне деген
қызығушылық осы қырларды айқындай түсуге бағыттайды. Яғни халықтар арасында
жік түсіру, немесе бір ұлтың мәселесін басқа мәселеден жоғары биіктеу ниеті
жоқ екені айқын. Сондықтан бұл таза ғылыми негіздегі еңбектің ҚР-ның басқа
да ұлт және ұлыс өкілдеріне барынша теориялық мағынадағы маңыздылығы
барекенін де ескерте аламыз. Еңбек қазақ және орыс тілдерінде жазылған.
Көптеген тұжырымдардың ғылыми-практикалық мәнділігі де жоғары деген
ойдамыз.
Географиялық оқшаулықтың Батыс пен Шығыс деп аталатын бұрынғы
горизонтальды оппозициясы бүгінгі күні ғаламшарлық деңгейдегі әлеуметтік
вертикаль Солтүстік пен Оңтүстік оппозициясымен алмастырылып, трансұлттық
экономиканың орталығы солтүстік Америкада орналасқан жиһандану процесі де
күнделікті өмірге еніп үлгірді. Бұл процес өмірлік стандарттарды
жоғарлатуға әкелетін ерекше еліктіруші жол, әсер беретін аса тартымды күш
ретінде халықтардың барлық топтарын алдымен матариал тұрғыда қызықтырып,
ал саяси тұрғыда либералды демократия қағидаттарын алға тарта отырып,
социолистік жүйенің ыдырауы себепті өтпелі қоғамдар деп аталатын
тубулентті, аморфты еуразиялық кеңістікті қамтиды. Біртұтас
жалпыпланеталық қаржылық, ақпараттық және өндірістік технологиялық
шаруашылықтың пайда болуымен түсіндірілетін бұл феномен еркін рынок
капитализм тарату нәтижесінде ұлттық мемлекеттердің трансұлттық өзара
әрекет жүйесін тартып, дербестік ықпал ете отырып, олардың егемендік
өкілеттерінің бір бөлігіне қол сұғады.
Жаһандану – бұл өте жаңа ақпараттық және қаржылық технологияларды,
сондай-ақ халықаралық өндірістік, саяси-құқықтық және ұйымдастырушылық-
экономикалық әрекеттің жаңа түрлерін пайдалана отырып, бәсекелестердің
ұлттық әлеуметтік-мәдени стереотиптеріне қысым жасау арқылы экономикалық
әрекетті ұлттан тыс қоюдың жаңа түрлеріне негізделген бәсекелестік
артықшылықтады қалыптастыру процесі. Бұл процестің терең астарлы мәні
ұйымдастырушылық-технологиялық және валюталық-қаржылық факторлармен қатар,
әлеуметтік-мәдени, тегеуірінді де айқындалады.
Шаруашылық өмірдің интернационалануы барысында еуро-американдық
типтегі дамыған елдердің әлуметтік-мәдени базасына негізделген шаруашылық
жүргізу үрдісінің таралу орын алады. Осы қырынан алғанда жаһандауды әлемдік
шаруашылық байланыстардың жаңа формасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның сыртқы саясаты тұжырымдамасы (талдау, сипаттамасы)
Көші-қон саясаты
ПРЕЗИДЕНТТІК ДИПЛОМАТИЯ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСИ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ
Банк көрсететін қызметтер
Қазақстанның банк жүйесіндегі қызметті талдау
Көші-қон
Қазақстанның халықаралық қатынастардағы геосаяси және экономикалық орны мен рөлі
Кәсіпқой мемлекет
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Нарықтық экономиканы қалыптастырудың заңдылықтары мен ерекшеліктері
Пәндер