Кәсіпкерлік туралы ұғым


Жоспар
І. Кіріспе
Кәсіпкерлік
ІІ. Негізгі бөлім
1. Кәсіпкерліктің мәні. Маңызы. Ерекшеліктері.
2. Кәсіпкерліктің функциялары.
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
І. Кіріспе
Кәсіпкерлік дегеніміз - адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Ал, жаңашылдық ең біріншіден жаңалықпен немесе инновациямен тығыз байланыстыруға болады. Сондықтан кәсіпкерліктегі жаңашылдыққа жетудің тиімді тәсілі болып инновация болып табылады. Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі - бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен қатар жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады. Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық және шетелдік тәжірибедегі ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталады. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп нұсқасы болып табылады. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынандай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Кәсіпкерліктің мәні. Ерекшеліктері.
“Кәсіп ету” - қандай да бір жаңа істі бастау, орындауға шешім қабылдау, қандай да бір маңызды істі орындауға кірісу.
Әкімшілік - бюрократтық үлгінің орнына келген шаруашылықтың нарықтық жүйесі мемлекет қолындағы реттеуші қызметтерді сақтай отырып, экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түріне негізделген.
Соңғы уақыттарында Қазақстанда кәсіпкерлік дамуда. Кәсіпкерлік жеке және заңды тұлғалардың пайда, табыс алуға бағытталған өзінің тәуәкеліне, өзінің мүліктік жауапкершілігіне, өз атынан жүзеге асатын бастамалық, еркін қызметі.
Кәсіпкерлік мәнін “іскерлік” сөзі, оның мазмұнын жақсы ашады. Іскерлік барлық жерде, өмірдің барлық ауқымында - тек қана экономикалық қызметте ғана емес, шоу-бизнесте, киноиндустрияда, спортта, әскерде де қажет.
Кәсіпкерлік - іскерлік белсенділік өнері.
Кәсіпкерлік - бұл алдымен ойлау процесі. Біз әр қайсымыз жеке ойлау иесі болғандықтан, осы іскерлік белсенділіктің нақты ауқымындағы әрбір кәсіпкердің табыстары да әртүрлі.
Табыс деңгейі ойлау деңгейін көрсетеді, бірақ бұнын өзі жеткіліксіз көбіне жолы болғыштық та үлкен роль атқарады. Бірақ “жолы болғыштық” ойлай алатындарға, үйренгендерге ғана көмек көрсетеді.
Оқытудың негізгі міндеті - әрбір адамға көмек көрсетуге тырысу.
Кәсіпкерліктегі ойлау, нақты іскерлікті жобалау - кәсіпкердің кез-келген жоспарлаған іскерлік операциялары немесе белсенділігінің бастапқы нүктесі түрінде көрінеді.
Философиялық көзқарас тұрғысынан кәсіпкерлік - жанның ерекше қалауы, іскерлік романтика түрі, адамның өзіне тән мүмкіндігін жүзеге асыру құралы ретінде сипатталуы мүмкін.
Кәсіби мағынада кәсіпкерлік өзінің бизнесін ұйымдастыра алуы және оған байланысты функцияларды жеткілікті, табысты жүзеге асыра алуы ретінде қарастырылады.
Кәсіпкер үнемі болашақ туралы ойлайды, сондықтан бұл жерде ұлы ағылшын жазушысы Джон Голсуорсидің (1867 - 1933) мына сөзі орынды : “Егер сіз болашақ туралы ойламасаңыз, ол сізде болмайды”.
Кәсіпкерлік іскерлік белсендікке ыңғайы бар, өз күшін салатын жаңа сфераларды іздестіретін адам қызметінің түрі.
Бірақ кез-келген бизнесменді кәсіпкер деп атауға болмайды. Кәсіпкер деп мысалы жыл сайын бір тауарды өндіретін және бір ғана қызметті көрсететін кәсіпорын иесін санауға болмайды. Ол кәсіпкерлік емес репродуктивті функцияларды орындайды.
Күнделікте өмірде кәсіпкерлерге бизнеспен айналысатындардыњ барлығын жатқызады, бірақ бұл сөз мағынасы, тек нарықтағы мінез-құлығы ізденуші сипатымен ерекшеленетін іскер адамдарға арналған. Кәсіпкер жаңа нарықты игерумен, жаңа тауарларды қызметтерді өндіруге көшумен т. б. өзі жеке айналысуы міндетті емес. Ең бастысы - ұйымдастыру, іскерлік, ұжымда, шығармашылық атмосфера жасау, сондықтан кәсіпкерлікті шаруашылық мінез-құлықтарі ретінде түсіну керек. Оған тән сипаттама:
Ең жоғары пайдаға ұмтылу;
Тәуекелге баруға дайын;
Жаңаға ұмтылу ұйымдастыру - шаруашылық жаңашылдық.
Қазіргі жағдайда кәсіпкерлік бәсекелестік күресті ынталандыратын жаңашылдықсыз, шығармашылық ізденіссіз, ойға сыймайды. өз өнімінің үнемі жаңалуынан және жоғары сапасын қамтамасыз ететін кәсіпорын ғана өмір сүре алады.
Өндіріс сферасындағы кәсіпкерліктің басты мазмұны өнімдерге (орындалатын жұмысқа, көрсетілетін қызметке) сұранымды табу жєне қалыптастыру және оны дайындау (жасау) жолымен қанағаттандыру, тауарды ретінде өнімдерді (орындалған жұмысты, көрсетілетін қызметті) сату.
ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес кәсіпкер - заңды немесе жеке тұлға, өз бастамасымен барлық шешімдерді қабылдап, заң негізінде өзінің қарауындағы мүлігін қолдануда кез келген қызметті жүзеге асыра алады уақыттың шаруашылық кеңістігінен әрбір кәсіпкер өзінің шаруашылық тауашасын (нышасын) табуы керек.
“Кәсіпкерлік” және “бизнес” түсінігі бір қатарда тұрады және оларды синоним ретінде жиі қолданды. Бұл расында да туыс категориялар.
Бизнес - кез келген табыс әкелетін жеке іс. Оны тек тұтынушылар қажет қоғамда, қызмет сферасында алуға болады.
Табысты бизнес, іскерліксіз жетілдірілмеген, үнемі дамусыз ойға сыйғысыз, яғни бизнес кәсіпкерлікте ќұрылады.
Кәсіпкерлік мемлекеттік секторды есепке алғанда барлық экономика сферасында көрінуі мүмкін. Бизнес жеке кәсіпорындарда және акционерлік компанияларда (мемлекеттік қалыптастырусыз) істі коммериялық жүргізу. Шетелде шағын бизнес деп жеке кәсіпкерлікті түсінеді.
Кәсіпкерлікті кейде өндірістің төртінші факторы деп те атайды. Өндірістің үш басты факторы: жер, еңбек, капитал екендігі белгілі.
Австриядан шыққан, жұмыс орны американдық ғалым экономист Иозеф Шумпетер өндірістің төртінші факторы ретінде - кәсіпкерлікті көрсетті.
Экономикалық қызметтің өндірістік факторы ретінде кәсіпкерлік туралы айта отырып, экономикалық қызметке қатысушылардың кәсіпкерлік мүмкіндігін, іскерлік, кәсіпкерлік белсенділігін айтады. Бұл екінші фактордың, яғни еңбектің, еңбек қорларының сапасы.
Кәсіпкерлікті барлық үш негізгі факторлар әсерін күшейтетін белсендіруге қабілетті қозғаушы күш көзқарасы тұрғысынан жеке фактор деп санауға болады.
Кәсіпкерлер мен кәсіпкерліктің маңызды қасиеттері ұтқырлық, қимылға бай, бастамалық, ізденіс болып табылады.
Кәсіпкерлікке ұйқышылдық, тыныштық тоқырау жат. “Кәсіпкерлік” атауына толық сәйкес ол жүзеге асыратын істің табысын қамтамасыз етуге бағытталған, ойдағы мақсатқа жетуге, пайдалануға күші мен шараларын кәсіп етеді.
Ол шығындардың және пайданы жоғалтудың алдын алуды қарастырады. Осылайша кәсіпкерлік - бұл тірі, үнемі жаңарып отыратын, тұрақты жұмыс көзі.
Кәсіпкерліктің жүздеген анықтамасы бар. Кәсіпкердің энциклопедиялық анықтамасында “кәсіпкерлікке” мынадай анықтама беріледі.
“Кәсіпкерлік” - пайда немесе жеке табыс алуға бағытталған азаматтардың бастамалық еркін қызметі, өзінің атынан өзінің мүліктік жауапкершілігімен немесе заңды тұлғалардың атынан, заңды тұлғанын жауапкершілігімен жүзеге асады. Кәсіпкер - заңмен тыйым салынбаған кез келген шаруашылық қызмет түрлерімен: коммерциялық; делдалдық, сату-сатып алу, кеңестік және басқа қызметпен, құнды қағаздармен жасалатын операциялармен айналыса алады.
Кәсіпкерлік теориясының негіздерін 18-19-ғасырда Ф. Кенэ, А. Смит, Ж. Б. Сэй, одан кейін Шумпетер, Ф. Хайек, А. Чаянов және т. б. салған.
Кәсіпкердің жеке мәртебесі (меншік иесі немесе оның тапсырмасы бойынша қызмет етуші адам), қызмет мақсаты - әлеуметтік тиіммен бірге пайда немесе табыс алу және атқаратын қызметтері - шығармашылық (шаруашылық тәуекелге байланысты коммерциялық идеяларды ойлап шығару және іске асыру), ресурстық (ақпарат, қаржы, еңбек және материал ресурстарын орналастыру), ұйымдастыру (ресурстарды қолайлы түрде біріктіру және олардың қолданылуын бақылау) .
А. Смит кәсіпкер ролі туралы былай жазады: “Ол өз қызығушылығын ойлайды, өзінің жеке табысын іздейді, бірақ бұл жағдайда ол еріксіз, өзінің ойына мүлдем кірмеген мақсаттарға бағытталады. өзінің қызығушылығының артына түсіп, қоғамға саналы қызмет етуге ұмтылмаса да қоғам қызығушылығына қызмет етеді”.
“Кәсіпкер” түсінігі белгілі эволюциялыќ кезеңнен өтті. Мысалы 1725 Ж. Р. Контильон мынадай ой айтты, кәсіпкер тәуекел жағдайында әрекет етеді. А Бодо (1797 ж. ) кәсіпкер - қабылдаған ісіне жауапкершілік алатын адам, яғни жоспарлайды, бақылайды, ұйымдастырады және кәсіпорынды басқарады. 1876 ж. Ф. Уокер кімнің капиталды ұсынатынын, оған пайыз алатын және кімнің өзінің ұйымдастыру қабілетінің арқасында пайда алатынын бөліп көрсетуді ұсынды. 1934 ж. И. Шумпетер кәсіпкер - жаңашыл, жаңа технологияны жасайды деді. Д. Маклелланд бойынша кәсіпкер - қуатты адам, тәуекел жағдайында жұмыс істейді.
Г. Друкер (1964 ж. ) кәсіпкер - бұл кез келген мүмкіндікті ең жоғары тиіммен қолданады.
А. Шапиро (1975 ж. ) кәсіпкер - бұл бастама көтеруші адам деп санайды.
Тәуекел жағдайында жұмыс істей отырып, ол туындаған сәтсіздікке толық жауапкершілік алады. Р. Хизрич (1985 ж. ) кәсіпкерлік - ќұны бар жаңа бірдеңені жасау процесі, ал кәсіпкер - өзіне қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекел алып, қажетті уақыты мен күшін жұмсап, ақысына ақша алады және жетістігіне қанағаттанады.
Сонымен, кәсіпкерлік - пайда алу мақсатында қаржы салу, жеке тиімді қоғамдық көмекпен үйлестіру негізіндегі ќызмет болып табылады.
Кәсіпкерлік субъектілері жеке тұлғалар немесе әріптестердің бірігуі болуы мүмкін. Кәсіпкерлік субъектілер ретінде жеке тұлғалар және жанұялық кәсіпорындарды ұйымдастыру жолымен шығады. Мұндай кәсіпорындар өз еңбектерінің шығындарымен шектелуі немесе жалдамалы еңбекті қолдануы мүмкін.
Кәсіпкерлік субъектілері ретінде әріптестерді біріктіру әртүрлі шаруашылық ассоциациялар, жалдамалы ұжымдар, ашық және жабық түрдегі акционерлік қоғамдар, әртүрлі серіктестіктер т. б. түрінде шығады. Кәсіпкердіњ бастапқы шешімі дегеніміз негізін ќалаушы, ұзаќ мерзімді шешімдер. Бұл бір-ақ рет қабылданатын шешімдер, єрі ќарай оны түзеуге болмайды, өйткені бұл біршама құқықтық мәселелер мен материалдыќ шығындармен байланысты. Мұндай шешімдерге жатады:
А) Ұзақ мерзімді кәсіпкерлік шешімдерді анықтау;
Б) Өндірісті орналастыру үшін орын таңдау.
Кәсіпкерлік мақсат - бұл белгілі уақыт ішінде жету, қажет қалайтын жағдай.
Мақсатты қалыптастыру кезінде келесі үш элементті дәл анықтау қажет:
А) мақсаттың мазмұны, қандай жағдайға жету қажет және мақсатқа жету деңгейін анықтау, белгілеу.
Б) қалаған мақсат көлемі, мақсат шексіз немесе шекті қалыптаса ма?
В) мақсаттың уақыт факторы. Әрбір мақсат үшін сұрақ анықтау қажет, қойылған мақсат қандай кезеңге дейін немесе қандай уақыт ішінде жету керек.
Өндірісті орналастыру орнын таңдау туралы шешімді, тек жаңа ұйымдастырылатын кәсіпорын үшін емес, жекелеген өндірісті кеңейту кезінде қабылдау қажет. өндірісті орналастыру орнын таңдау кәсіпорынды құру кезіндегі негізгі шешімдерге жатады. Орынды дұрыс таңдамаса болашаќта орынды ауыстырып жөндеу де қиын, шаруасы көп және үлкен шығындармен байланысты. Орналастыру орынын таңдау кезінде кәсіпорын басшылығы өндірісті орналастыруға болатын әртүрлі орындардағы шығындар мен пайданы салыстыру кезіндегі рентабельдіктің жалпы принципы шешуші болып табылады.
Кәсіпкерліктің маңызды белгілері.
Шаруашылық субъектілердің еркіндігі және тәуелсіздігі, кез келген кәсіпкер кез келген сұраќ бойынша құқықтық норма шегінде шешім қабылдауда еркін.
Экономикалық қызығушылық. Кәсіпкердің басты мақсаты ең үлкен мүмкін пайданы алу.
Шаруашылық тәуекел және жауапкершілік. Кез келген дәл есептеулерінде де тәуекелді анықтау мүмкін емес.
Кәсіпкердің көрсетілген маңызды белгілері өзара байланысты және бір уақытта әрекет етеді. Кәсіпкерлік үнемі жаңалықтармен байланысты. Экономикалық қызметтің бұл жағына И. Шумпетер және А. Маршал назар аударды. Егер И. Шумпетер кәсіпкерлік пен жаңашылдықтың теңдігін көрсетті, ал А. Маршал қоғамдағы кәсіпкердің нақты ролі, олар өздерінің жаңалықтарымен тек жаңа тәртіп құрып қана қоймайды. Қоғамдағы конструкциялық жетілген процестерді жылдамдатуын да, - деді.
Шумпетер кәсіпкерге берген бағасы дұрысырақ деп саналады. Кәсіпкер - өндірістің және қоғамның өмірін ұйымдастырудың бұрыңғы нысандарын табанды түрде бұзады. Экономикадағы революционер әлеуметтік және саяси революцияның бастаушысы. Кәсіпкер қоғамның экономикалық дамуындағы басты тұлға бола отырып, үнемі “бүлінгенді қалпына келтіруді” жүзеге асырады. Қоғамда кәсіпкерлік пен жаңашылдық өзара бір тұтасты құрайды деп қорытынды жасауға болады.
Кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін белгілі жағадайлар қажет:
Экономикалық;
Құқықтық;
Әлеуметтік және басқа.
Экономикалық жағдай ең алдымен тұтынушылар сатып ала алатын тауар түрлері, тауарды ұсыну және оларға сұраным, ақша қаржыларының көлемі, жұмыс орындарының көп болуы немесе жетіспеуі, жұмысшы күші, қызметкерлердің еңбек ақы деңгейі.
Кәсіпкерлікті қалыптастырудың әлеуметтік жағдайлары экономикалықпен тығыз қосылады. Алдымен тұтынушылардың белгілі талғам мен сәнге сәйкес тауарларды алуға ұмтылуы. Әртүрлі кезеңдерде бұл қажеттіліктер өзгеруі мүмкін.
Әлеуметтік-мәдени ортаға тәуелді адамгершілік және діни нормалар біршама рөл атқарады.
Әлеуметтік жағдайлар жеке тұлғаның жұмысқа қатынасына әсер етеді. Ол өз кезегінде оның бизнестің ұсынѓан еңбек ақы шамасына, еңбек жағдайларына қатынасына әсер етеді.
Кез келген кәсіпкерлік қызмет сәйкес құқықтық орта шеңберінде қызмет атқарады. Сондықтан қажетті құқықтық жағдайды жасаудың маңызы зор. Бірінші орында кәсіпкерлік ќызметті реттейтін, кєсіпкерлікті дамыту үшін ең қолайлы жағдай жасайтын заңдардың болуы:
Кәсіпорынды ашу және тіркеудің қарпайымдылығы мен жылдамдығы;
Кәсіпкерлікті мемлекеттік бюрократизмнен қорғау;
Өндірістік кәсіпкерлік қызметті ынталандыру бағытында салықтық заңдылықтарды жетілдіру;
Қазақстан кәсіпкерлерінің шет елдермен бірлескен қызметінің дамуы.
2. Кәсіпкерліктің функциялары.
Дамыған нарық экономикасында кәсіпкерлік кәсіпкерлік ұйымның (компания, фирма) интегрирленген индивидуальді кәсіпкерлер жиыны, сонымен қатар күрделі кәсәпкерлік ұйымдар одағы келесі функцияларды орындайды:жалпы экономикалық, ресурсты, шығармашылық іздеу (инновациялық), әлеуметтік, ұйымдастыру. Кейбір ғалымдар кәсіпкерлікке саяси функция тән деп есептейді, оны кәсіпкерлер ассоциациясы (одақтар) жүзеге асырады.
Дамыған нарықтық экономикада жалпы экономикалық функция айқындаушы болады, ол кәсіпкерлік ұйымдар роліне және нарық субъектісі ретінде индивидуальді кәсіпкерлерге объективті шартталған. Кәсіпкерлік қызмет тауарларды өндіруге (қызмет көрсету, жұмысты орындау) және нақты тұтынушыға: үй шаруасы, басқа кәсіпкерлер, мемлекетке жеткізуге негізделген, бұл жалпы экономикалық функцияны анықтайды. Кәсіпкерлік қызмет оның субъектілеріне нарық экономикасының эконимикалық заңдар жүйесінің әсері арқылы жүзеге асады (сұраныс және ұсыныс, бәсекелестік, құн және т. б. ), бұл жалпы экономикалық функциялардың объективті негізі болады. Кәсіпкерліктің үдемелі дамуы - экономикалық өсудің айқындаушы шарты, ұлттық табыс және ішкі өнімнің жалпы көлемінің өсуі, бұл өз ретінде жалпы экономикалық шаруашылық қатынас жүйесінде көрініс болады.
Кәсіпкерліктің маңызды функциясы ресурсты функция болып табылады. Кәсіпкерліктің дамуы ұдайы қалпына келтірілетін ресурстарды және шектеулі ресурстарды эффективті қолдануды қарастырады, ресурс деп барлық материалды және материалды емес жағдайларды және өндіріс факторларды атайды. әрине, бірінші кезекте еңбек ресурстары (кең мағынада), жер және табиғи ресурстар, барлық өндіріс құралдары және ғылыми жетістіктер, кәсіпкерлік талант. Кәсіпкер ғылыми-техникалық ойларды генерирлесе, өз кәсіпорнында жаңашылықты енгізу, біліктілігі жоғары жұмыс күшін пайдаланса, барлық ресурс түрлерін эффективті қолданса жоғары жетістіктерге жетуі мүмкін. Бірақ максимальді табысқа жету жиі ресурстарды жыртқыштық пайдалануға алып келеді. Осындай кәсіпкерлер өз әрекетімен зиян келтіреді.
Қоршаған ортаға және көшуге өзінің шығармашылығымен мұндай кәсіпкерлер зиян келтіреді. Осыған байланысты мемлекеттің басқару рөлі маңызды болады, ол кәсіпкерлердің функцияларын дұрыс емес қолданғаны, пайдаланғаны үшін жауапкершілік формаларын құрастырады. Формалары бір-біріне қарама-қарсы және екі жақты сипатта болады. Кәсіпкер ресурстар меншігі ретінде олардың рационалды қолданылуына қызығушылық танытады және ол сол уақытта қоғамдық рсеурстарға аяушылықсыз байланыста болу мүмкін. Бұған кәсіпкерліктің және ғылыми техникалық революцияның даму тарихы куә болады, оның салдары адам үшін қарама-қарсы.
Кәсіпкерлікке жаңа антибюрократиялық экономикалық шаруашылық типіне шаруашылық іздеу, иновациондық функция кәсіпкерлік шаруашылық процесіне жаңа функцияларды қолданғаннан басқа қойылған мақсаттарға жету үшін жаңа факторларды және құралды өндіру типі сай. Кәсіпкерліктің шығармашылық функциясы басқа функциялармен тығыз байланысты болады және кәсіпкерлік шығармашылық субъектілерінің экономикалық тәуелсіз болу деңгейі, басқарма шешіи қабылдау шартымен негізделген.
Нарықтық экономика болу процесінде кәсіпкерлік әлеуметтік функция атқарады, мүмкіндігінше әрқайсысы индивумды түрде өз жұмысын жақсы білу керек, жұмысқа өзінің индивидуальды талантын және мүмкіндігін бөлу керек. Бұл функция жаңа адам қабаты - адам ұйымшылдығының пайда болуына, өзіндік шаруашылық - экономикалық шығармашылықтың пайда болуына, өзіндік жеке жұмысын ашуға, қарсы болған ортаға төзуге және өз мақсатына жетуге алып келеді.
Сол уақытта жұмысқа қабылдаушылардың саны да өседі, өз кезегінде экономикалық және әлеуметтік жағдай кәсіпкерлік шығармашылықтың беріктігінен тәуелді болады.
Кәсіпкерлік ұйымды тиімді түрде функцияласа, әр деңгейде қаржылық заттың түсуі және мемлекеттің қаржылық емес әлеуметтік көмек көрсету шынайы болады. Сол уақытта жұмыс орнындағы адам санының өсуі, жұмыссыздар санының азаюы, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайына байланысты деңгейінің өсуі кәсіпкерліктің өсуін қамтамасыз етеді.
Кәсіпкерлердің маңызды функциясы - ұйымдастырушылық, өзінің жұмысындағы ұйым туралы, оның диверсификациясын, ішкі фирмалық кәсіпкерлердің қозғалысын, қиын кәсіпкерлік структураның пайда болуын, кәсіпкерлік фирманың шығармашылық өзгеруі және т. б кәсіпкерлер өзіндік шешім қабылдай бастайды. Ұйымдық функция көбінесе аздаған және орташа кәсіпкердің нақты тез өсетіндігін көрсету.
Ізінше, кәсіпкерліктің мәні көптеген комплексті, оның ішінде функциясының барлық мәніне, қарапайым кәсіпкерлердің объективті құрамына сәйкес келетіндігі анықталады, бірақ көбінесе кәсіпкерлік шығармашылықтың субъективтілігіне, жүйенің мемлекеттік қолдауына және кәсіпкерлікті басқаруға тікелей тәуелді болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz