Қазақ хандығының құрылуы және нығаю кезеңдері



1 Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы
2 Хақназар хан
3 Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі саясаты және сыртқы саясаты
Қорытынды
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-17 ғғ.) Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдевІ 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.
Әсіресе Әбілхайыр (1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.Бір орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы - Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында, қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.
1.Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін 5 томдық, 2-том. Алматы: Атамұра, 1998
2. http://kk.wikipedia.org
3. Қазақ хандығының қайта дәуірлеуі Қазақтың көне тарихы.- Алматы, 1993.-
4. XVI-XVII ғасырлардағы қазақ хандықтары. Хақназар хан туралы // Қазақ ССР тарихы.- Алматы
5.Мағауин М. Қиғылық жылдар: (Хақназар хан туралы) // Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі.- Алматы

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-17 ғғ.) Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдевІ 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.
Әсіресе Әбілхайыр (1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.Бір орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы - Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында, қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.
Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде , хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталыпына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моголстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы . Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар Дулати Қазақ хандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады.
Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей , Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды.
Сыр өңірі мен Қаратау - қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз құқықтарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ Сырдың төменгі және орталық сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді.
70-жылдары Сауран, Созақ түбінде, үлкен шайқастар болды. Асыны (Түркістанды), Сығанақты біресе қазақ хандары, біресе Мұхамед Шайбани басып алып отырды. Осындай шайқастардың бірінде көрнекті қолбасшы Керейдің ұлы Мұрындық болды. Ол 1480 жылдан бастап хан болды. Соның нәтижесінде 15 ғ. 70-ж-да қазақ хандығының шекарасы кеңейе берді. Оңтүстік қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да толастамады. Батыс Жетісудағы иеліктеріне оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға (Созақ, Сығанақ, Сауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы өкімет билігіне талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты. Дешті Қыпшақта қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге мәжбүр етті. Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана отырып, өкімет билігін басып алды.
Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер - саяси және этникалық процестер болды. Оның басты этапы - Керей мен Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға - Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақстан атана бастады.
16-17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында "жерді біріктіру" процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым. Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты.Бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс мемлекетімен байланыс болды. Ұлы князь 3 Василий (1505-1533) билік құрған кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Батыс Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып білді. "Қасым ханның қасқа жолы" деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдары жасалынды.
Қасым өлгеннен кейін бірден байқалды. Өзара қырқыс, таққа талас басталды. Моғол және өзбек хандарының қазақ билеушілеріне қарсы одағы қалыптасты. Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты. Қасым ханның немере інісі Таһир (1523-1532) хан болды. Оның айырықша елшілік әне әскери қабілеті болмады. Маңғыт және Монғол хандарымен әскери қақтығыстар басталды. Бұл соғыстар қазақтар үшін сәтті болмады. Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің бір бөлігінен айрылып, оның ықпалы тек Жетісуда сақталып қалды. ТаҺир ханның інісі Бұйдаштың (1533-1534) тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқталған жоқ.
16 ғ. 2 ж. әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Хақназар (1538-1580 жж.) өз үлесін қосты.

Хақназар хан
Қазақ хандығының тарихында өшпес із қалдырған Хақназар хан - әйгілі Қасым ханның қасқа жолы атты заңдар жинағын қалдырған Қазақ хандарының бірі Қасым ханның ұлы. Анасы - Қаныкей сұлтан-ханым. Хақназардың дүниеге келген жылы белгісіз. Сондай-ақ ол әкесі Қасым хан қайтыс болғаннан кейін де жас болғандықтан билік басына бірден келмеген. Хақназардың дүниеге қай жылы келгені анық болмаса да, көрнекті жазушы, тарихшы М. Мағауин өзінің еңбегінде бұл жайында былайша болжам жасайды: 1580 жылы жорық үстінде қапыда қаза тапқан шағында әлі қайраты қайтпаған, соған орай Хақназар 1510 - 1520 жылдар аралығында туды деп шамалауға болады .
ХVІ ғасырдың басында біршама нығайған Қазақ хандығының жағдайы аталмыш ғасырдың 20-жылдарынан бастап қайтадан әлсірей бастады. Қазақ хандығын нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсаған Қасым хан қайтыс болғаннан кейін ел ішінде оның мұрагерлері арасында билікке деген талас-тартыс күшейеді. Мұны Тарих-иРашиди еңбегінің авторы М.Х. Дулатидің: Қазақ сұлтандары арасында дау-шар басталды, - деген бір ауыз сөзінен де аңғаруға болады. Сол кезеңде Қасым ханның баласы Мамаш әкесінің орнына хан болып, бірақ көп ұзамай өзара қырқыстың бірінде қаза тапты.
Мамаш қайтыс болғаннан кейін 1523 - 1533 жылдары Тахир хан таққа отырды. Алайда оның ел билеуде қабілетінің төмендігі, әскери-саяси және елшілік істерге олақтығы өзін тарихи сахнада жақсы қырынан көрсете алмайды. Тахир ханның ел ішінде болып жатқан феодалдық талас-тартысты тоқтатуға шамасы келмеді, сондай-ақ оның өзі көрші елдермен, нақтылай түссек, Шайбани әулетімен, Ноғай Ордасымен, Моғолстан хандарымен де жауласты. Соның салдарынан көптеген жер иелігінен айырылып, ықпал жүргізетін аймағы Жетісумен ғана шектеліп қалды. Мемлекеттік билік құлдыраған үстіне құлдырап, Қазақ хандығының шекара аумағы қысқара түсті.
Тахир хан қайтыс болғаннан кейін билік басына оның інісі Бұйдаш келеді (1533 - 1534 жылдары). Ол қазақ-қырғыз халықтарының басшысы бола алды. Бұйдаштың билігі кезінде де ел ішіндегі феодалдық талас-тартыстар толастай қойған жоқ.
ХVІ ғасырдың 30-жылдарында Қазақ хандығының аумағында Бұйдаш ханмен қатар өзге қазақ хандары да, мысалы, батыс өңірде Ахмет хан, Жетісуда Тоғым хан билік жүргізді. Бұл жағдай осы тұста Қазақ хандығының феодалдық бытыраңқылыққа ұшырағандығынан хабар береді.
Міне, осы уақытта Қазақ хандығының басына бытырай бастаған хандықты біріктіріп, ел басқаруда, әскери-саяси істерде қажырлы еңбек еткен қабілетті қайраткер Хақназар билік басына келеді. Қазақ хандығы тарихында Хақназар хандай елді ұзақ билеген хан болған емес-ті. Ол 42 жыл ел басқарды.
Осы ретте П.И. Рычковтың Орынбор тарихы атты еңбегінде берілген башқұрт биі Қадыряс (Қыдырілияс) Мулакаевтың әңгімесіндегі мына бір деректі келтіре кеткеннің артықтығы жоқ сияқты. Ол кісі бұл деректі кезінде башқұрт көтерілісі тұсындағы аласапыранда жоғалтып алған бір татар кітабынан оқыған көрінеді. Онда: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығының нығаю жолдары
Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы
Бұрындық және Қасым хандар билеген кезеңдегі қазақ хандығы.
Қазақ жеріндегі XV-XVI ғғ. саяси және тарихи -әлеуметтік өзгерістер мен Мұхаммед Хайдар Дулатидың тұлға ретінде қалыптасуы
Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясының дамуы
Қазақ хандығы құрылуы
Бұрындық хан
Қазақ хандығы мен Ноғай Ордасы
Қазақ хандығының және қазақ халқының құрылуы. XV-XVIIIғғ. басындағы Қазақ хандығы
Тарихи сана негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік
Пәндер