Бастауыш сынып оқушыларының педагогикалық – психологиялық дамуы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық - техникалық университеті

«Педагогика» пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының педагогикалық - психологиялық дамуы»

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

І. Бастауыш сынып оқушыларының педагогикалық - психологиялық дамуы

1. 1. Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық-педагогикалық сипаты . . . 5

1. 2. Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық-педагогикалық дамуы . . . 8

ІІ. Бастауыш сынып оқушыларының педагогикалық - психологиялық дамуының іс-әрекеттері мен көрініс беруі

2. 1. Бастауыш мектеп оқушыларының жетекші іс -әрекеті . . . 11

2. 2. Бастауыш мектеп оқушыларының дамуында педагогикалық - психологиялық процестердің көрініс беруі . . . 15

Қорытынды . . . 27

Қосымша . . . 28

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 31

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында», білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын еңгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық комуникация желілерге тығу деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.

Бала мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онда мәнді психологиялық қайта өзгеріс болады. Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды әдеттерін бойына сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарымен сенімді қарым-қатынас орнатады. Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға деген жақсы көзқарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан әрі дамуы және төменгі класс оқушыларының оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу әрекетінің қалыптасу процесіне байланысты. Білім, іскерлік пен дағды ата-аналармен, құрбы-құрдастармен қарым-қатынаста, ойындар үстінде, кітаптар оқығанда және т. б. игеріледі.

Бастауыш білім беру мазмұнын жетілдіруінің қайнар көзі-мәдениет немесе әлеуметтік тәжірибе. Дегенмен, әлеуметтік тәжірибенің мазмұны, немесе мәдениет мектептегі білм мазмұнын толық анықталмайды. Білім мазмұнын құрастыруда балалардың жекелік-тұлғалық дамуының олардың қабілетінің, дарындарының, қызығушылықтарының талаптары ескерілуі тиіс. Осы мақсатқа жалпы білім беру мазмұнында міндетті пәндермен қатар оқушылардың қызығушылығына қарай дайыңдайтын таңдау пәндері де енгізілген. Бұл оқушылардың өзіндік қасиеттерінің, кәсіби бағытталуының тереңдеуіне жағдай жасайды.

Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оны үздіксіз білім беру жүйе-сіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес ең алдымен оқушы тұлғасының ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді.

Балаларға оқу іс-әрекетінің белгілі бір жүйелігін егжей-тегжейлі және асықпай көрсету, олардың арасынан заттың сыртқы тілдік немесе ақыл-ой шеңберінде орындалатындарын ерекше бөліп көрсету керек. Бұл жерде зат-тың әрекеттер тиісті дәрежеде қорытындыланып, қысқартылып және игерілу ақыл-ой формасына келетіндей жағдай жасау маңызды. Егер тапсырманы орындауда оқушылар бәрібір қате жіберсе, онда ол не оларға көрсетілген оқу-әрекеттерін бақылау және бағалаудың толық еместігінің, не осы әрекеттердің нашар жүргізілгендігінің дәлелі.

Баланың ішкі позициясы екі жағдайда маңызды. Алдымен мектеп өмірі-нін жаңалығын алдын ала сезіну және қалау баланың кластағы . мінез-құлық ережелеріне, жолдастарымен ерекше қарым-қатынас нормаларына, күн тәртібіне қатысты мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдауға көмек-теседі. Бұл талаптарды бала қоғамдық маңызды және орындамауға болмайтын талаптар деп қабылдайды. Тәжірибиелі ұзтаздарға белгілі, психологиялық жағынан расталған мынадай қағида бар: баланың класқа келген алғашқы күнінен -ақ оған оқушының сабақтағы, үйдегі және қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерін айқын да нақты мағынада түсіндіру керек.

Балаға оның жаңа көзқарасының, міндеттерінің және правосының бұ-рынғы ол әдеттенген жағдайлардан айырмашылығын дереу түсіндіру маңыз-ды. Жаңа ережелер мен нормаларды сөзсіз орындауды талап ету бірінші класс оқушысына орынсыз қаталдық жасау емес мектепке баруға даярланған балалардың өз түсініктеріне сәйкес олардың тіршілігін ұйымдастыруға қажетті шарт. Бұл талаптар орнықсыз әрі екі ұшты болса, балалар өз өмірінің, жаңа кезеңінің ерекшеліктерін сезбейді, бұлардың мектепке деген ықыласын жоюы мүмкін.

Баланың ішкі позициясының екінші жағы оның білім мен іскерлікті иге-ру процестерінде ортақ дұрыс қарым-қатынасына байланысты. Бір кездерде шын мәнінде ойын кезінде өзі қалған адам (ұшқыш аспаз, шофер) болуы үшін оқудың қажет екендігі туралы пікірге, оның мектепке дейін ақ бойы үйрене бастайды. Ол кезде бала келешекте қажет болатын білімдердін нақтылы құрамын, әрине сезбейді. Оның білімге деген пайдақорлық-прагматикалық көзқарасы әлі болмайды. Ол жалпы білімге, қоғамдық және құнды деп ойлай-тын білімдерге ұмтылады. Баланың айналасындағыларды білуге құмарлығы теориялық ықыласы осыдан көрінеді. Оқудың негізгі алғы шарты ретіндегі бұл ықылас баланың бойында оның ең өріс алған ойын әрекетін қамтитын мектепке дейінгі өмірінің барлық сәттерінде қалыптасады.

Зерттеу жұмыстың мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының педагогикалық - психологиялық дамуын айқындау.

Міндеттері:

1. Бастауыш мектеп оқушыларының педагогикалық психологиялық ерекшеліктерін талдау;

2. Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық-педагогикалық сипатын қарастыру;

3. Бастауыш мектеп оқушыларының жетекші іс -әрекетін талдау;

4. Бастауыш мектеп оқушыларының дамуында педагогикалық - психологиялық процестердің көрініс беруін бақылау.

Зерттеу жұмысының объектісі: Бастауыш сынып оқушыларының педагогикалық - психологиялық дамуы

Зерттеу жұмысының мәні: Білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының педагогикалық - психологиялық дамуын қалыптастыру және арттыру жолдары.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қосымшадан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Бастауыш сынып оқушыларының педагогикалық - психологиялық дамуы

1. 1. Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық-педагогикалық сипаты

Қазіргі уақытта бастауыш мектептің оқыту кезеңіне сәйкес келетін кіші мектеп оқушыларының жас шамасы 6-7 жастан 9-11 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезеңде мектептегі жүйелі оқыту мүмкіндігін қамтамасыз ететін баланың әрі қарайғы дене және психофизиологиялық дамуы жүзеге асады.

Мектептегі оқыту бастамасы бала дамуындағы әлеуметтік жағдайды түбірімен өзгеріске әкеледі. Ол «қоғамдық» субьект болып табылады және әлеуметтік мәні бар міндеттерге ие болады, оған қоғамдық баға алады. Кіші мектеп жасында қоршаған адамдармен жаңа қарым-қатынас түрі қалыптаса бастайды.

Кіші мектеп жасында оқу әрекеті жетекші болып табылады. Ол осы жас сатысындағы балалар психикасы дамуында болып жатқан маңызды өзгерістерді анықтайды. Оқу әрекеті шеңберінде кіші мектеп оқушыларының дамуындағы айтарлықтай жетістіктермен сипатталатын психологиялық жаңа өзгерістер қалыптасады және келесі жас сатысының дамуын қамтамасыз ететін іргетасы болып табылады. Бірте-бірте бірінші сыныпта соншалықты күшті болған оқу әрекетіне деген ұмтылысы төмендей бастайды. Бұл оқуға деген қызығушылықтың төмендеуімен байланысты. Оқу әрекетінде баланың қызығушылығын төмендетпеу үшін жаңа ерекше мәнді мәселелерге назар аудару қажет.

Ең алдымен әр ұлттың, әр халықтың дәстүрлі ойлау машығы, қабылдау ерешеліктері болатынын ескерген жөн. Осы орайда, алғашқы ғылыми психо-педагогикалық еңбектердің авторларының бірі М. Жұмабаев: «Жараты-лыстану құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиіс», - деген еді.
Бүгінгі таңда халқымыздың өмірі, тұрмыс-салты, кәсібі мүлде өзгерді. Алай-да ұлттық ойлау машығымыз, дүниені қабылдау ерекшеліктеріміз тіліміз арқылы сақталып қалды. Қазіргі қазақ мектептері оқыту үрдісінде ана тілі-міздің өзіндік ерекшелігін ескеруі тиіс. Ғұлама ғалым Х. Досмұхамедұлы тіл, сөйлеу -адам психологиясының басты белгілерінің бірі екендігін айтады. «Тіл-жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел болмайды. Тілінен айырылған жұрт-жойылған жұрт. Мектеп пен баланың тілі дұрыс болса, елдің тілін көркейтіп, байытып гүлдендіреді, мектеп пен баспада қолданудан қалған тіл-шатасқан тіл». Тіл - ойдың жемісі. Бала тілінің таза, ойының жетік болуына баса назар аудару қажет. Л. С. Выготскийдің пікірінше, мектепте оқытудың басталуымен ойлау баланың саналы әрекетінің орталығына ығысады. Ғылыми білімді меңгеру барысында жүзеге асатын сөздік-логикалық, пайымдап ойлаудың дамуы басқа да танымдық процестерді құрады. Кіші мектеп жасында зейіннің дамуы айтарлықтай өзгеріске ұшырайды, оның барлық қасиеті қарқынды даму үстінде болады: әсіресе зейіннің көлемі (2, 1 есе) тез ұлғаяды, оның тұрақтылығы артады, зейіннің бөліну дағдысы дамиды. 9-10 жасында балалар зейінін ұзақ сақтауға қабілетті болады және берілген бағдарламаны ерікті орындайды.

Мектеп табалдырығын жаңа аттаған баланың зейіні тұрақсыз болатыны белгілі. Қабылдауға қиын көрседе, ұзақ сонар әңгімеден немесе жұмыстан бала зейіні тез шаршайды. Оны шаршатпай, баланың сабақтағы тапсырмаға зейінін ұзағырақ аударуға бірте-бірте тәрбиелеу бастауыш мектептің алғашқы кезеңіндегі қиын міндеттердің бірі. Бұған кезінде қазақ тілінде «Педагогика» оқулығын жазған алғашқы авторлардың бірі М. Жұмабаевта егжей-тегжейлі тоқталып, «Абай дегеніміз сыртқы дүниедегі бір затқа, яки ішіміздегі бір жан көрінісімізге - ойға, ішкі сезімге, қайратқа жанның көнуі, нүктеленуі», -деп жазды. Оқушыларда зейін дамуы үшін әсердің күшті, жеке, жаңа болуын, жаңа алынған білім мен ескі білімнің байланысын және оның болашақ терең білімге даярлану түрінде болуын талап ете отырып, оқу жүйесінің сабақ-тастығына мұқият зер салады. «Жаңа алынатын білім мен ескі білімнің қатынасы болсын. Біз өзіміздің таныстарымыз, яки туыстарымыз туралы сөз естісек, құлақты түріп тыңдай қаламыз. Егер жат кісілер туралы сөз болса, тыңдамаймыз. Міне, балаға білім бергенде жақыннан алысқа таныс сөздерді алып, дыбыстарға ажырату керек… Ол кейбір оқушылардың зейіні болмау себептерін дененің һәм сезімнің шаршауынан, сезімнің толқып тұруынан, бейғамдықтан көреді. Сондықтан оқудың алғашқы күнінен бастап-ақ балаларды тыңдай білуге, одан тапсырмаларды дәл орындап жүруге үйрету керек. Сабақтарда пайдаланатын ойын элементтерін, іс-әрекеттің нәтижелі түрлерін, іс-әрекет формаларын жиі өзгерту балалар зейінін шаршатпай, бірті-бірте тұрақты-лыққа тәрбиелеуге көмектеседі. М. Жұмабаев еңбегінде айтылған бұл ғылыми тұжырымдар әлі күнге өз мәнін жоғалтқан жоқ. Кіші мектеп жасында барлық басқа психикалық процесстері секілді есте сақтау қабілеті де айтарлықтай өзгеріске төзеді. Өйткені бала есі біртіндеп ерікті сипатқа ие болады. Естің және есте сақтау механизмінің физиологиялық және психикалық ерекшеліктері бастауыш мектеп кезеңіндегі оқу үрдісін ұйымдастырғанда мықтап ескерілуі қажет. Онсыз баланың сөйлеу (жазу) дағдысының орнықты, сөздік қорының мол болуы мүмкін емес.

Мектепке жаңа келген баланың есте сақтау қабілетін дамыту ісінде Ж. Аймауытов осы мақсатқа қажетті төмендегідей шарттарды үнемі ескеріп отыруды талап етеді:

1. Түсіндірілген білімді немесе дағдыны балалар толық, дәл және айқын ұғынғанша қайталап пысықтау.

2. Меңгертілетін ұғымның балалар есінде қалатындай әсерлі болуы. Мысалы, оқушыларға жаңа сөздің мағынасын түсіндіру барсында оқыс оқиғаны, әдемі ойыншықты, әсерлі суретті т. б. пайдалану қажет.

3. Жаттау жұмыстары балалардың есте сақтау қабілетін дамытуға ықпал ететіні сөзсіз. Алайда, мағынасын түсінбей атүсті түсініп жаттау, жаттаған өлең, жұмбақ т. б. бөліктерінің арасындағы логикалық байланысқа мән бермеу күткендегідей нәтижеге қол жеткізбейтінін көрсетті.

4. Естің көру есі және есту есі болатыны белгілі. Сауат ашу кезінде балалар есінің осы екі түрін дамытуға да назар аударып отыруы қажет. Әйтпесе, естің, бір жақты дамуы кейін балалардың ауызекі тілі мен жазу тілі арасында елеулі алшақтықтар пайда болатынын көрсетті.

5. Үйретілген ұғымдар мен дағдылардың жүйелі, бір-бірімен байланысты болуы да оқушылардың есте сақтау қабілетін дамытуға оң ықпал жасайды. Әсіресе, сөз мағыналарын салыстыру, ұқсастыру, балалардың бұрыннан білетін сөздерімен байланыстыру әдістері сол сөздерді оқушылар-дың есінде қалдыруға мүмкіндік беретіні анықталды.

Мектеп оқушысының оқу әрекетінің негізгі түрлерінің бірі - мәтінді әңгімелеу барысында бастысын не маңыздысын ажыратып алу қиындығы айқын көрініс табады. Кіші мектеп оқушысының ауызша әңгімелеу ерек-шелігін зерттеу барысында балаларға нақты әңгімелеуден гөрі қысқаша әңгімелеу әлдеқайда қиынға түсетінін байқатты. Қысқаша әңгімелеу - бұл демек негізгісін айқындап, оны бөліктерінен бөліп қарау деген сөз, ал дәл осыны балалар айқындай алмайды.

Балалардың ойлау әрекетінің ерекшеліктері нақты кейбір оқушылардың үлгермеушілігіне себеп болып табылады. Оқудағы туындаған осындай қиын-дықтарды жеңе білмеуі кейде белсенді ойлау жұмысынан бас тартуға әкеледі. Оқушылар оқу тапсырмаларын орындаудың түрлі керағар әдіс-амалдарын қолдана бастайды, оны психологтар «айналмалы жол» деп те атайды. Оған материалды еске сақтамай-ақ механикалық жаттау жатады. балалар мәтінді жатқа сөзбе-сөз айтып бере алады, бірақ мәтін бойынша қойылған сұраққа жауап бере алмайды. Тағы айналмалы жол - жаңа тапсырманы бұрынғы тапсырмаларды орындалған тәсілімен орындау. Сонымен бірге оқушылар ойлау процесінің жеткіліксіздігінен ауызша жауап беру барысында жетекші көмекті қолданады, жолдастарынан көшіріп алуға тырысады. Осы жаста басқа да маңызды жаңа мінез-құлық көрініс табады. Бала дербестілік танытады, нақты жағдайларда қалай әрекет етуді өзі таңдайды. Осы мінез құлықтың астарында осы жаста қалыптасатын адамгершілік түрткі жатыр. Бала морал-дық құндылықтарды өзіне сіңіреді, нақты ережелермен заңдылықтармен жүруге тырысады. Бұл көбінесе өзімшілдік түрткілермен байланысты және ересектердің қолдауын қалауымен немесе құрбыластары тобында өзінің тұлғалық ұстанымын бекітумен байланысты. Яғни, олардың мінез құлығы қалай болғанда да жетістікке жетуге деген - осы жастағы басты негізгі түрткілермен байланысты.

Кіші мектеп оқушыларының ерікті мінез құлығының қалыптасуымен әрекет нәтижесін жоспарлау және рефлексия тығыз байланысты. Бала өзінің қылығын оның нәтижесі тұрғысынан бағалауға, сондай-ақ өз мінез құлығын өзгертуге оны сәйкес үлгіде жоспарлауға қабілетті. Бала өзінің әрекеттері тұрғысынан белсенді ойлана бастайды, өзінің жан күйзелісін жұбатады. Баланың жан сарайы сыртқы тұрпатына қарағанда мүлде өзгеше. Бала тұлғасындағы дәл осы өзгерістер ересектер алдында эмоциясын шығаруға, қалағанын жасатуға, қыңырлыққа әкеледі. Бастауыш мектеп оқушысының тұлғалық дамуы сабақ үлгерімімен, ересектердің баланы бағалауымен байланысты. Өйткені бала ішкі әсерге берілгіш келеді. Осының арқасында ол өзіне зияттық, сондай-ақ адамгершілік білімді сіңіреді. Адамгершілікті қалыптастыру және балалардың қызығушылығын арттыруда мұғалім зор рол атқарады, әйтседе олардың жетістік деңгейі оның оқушылармен қарым-қатынасының түріне де байланысты болады. Басқа да ересек адамдар бала өмірінде маңызды орын алады. Кіші мектеп жасында балалардың жетістікке деген ұмтылысы артады. Сондықтан да осы жастағы бала әрекетінің негізгі түрткісі жетістікке жету болып табылады. Кей жағдайда осы түрткінің басқа да түрі кездеседі, ол - сәтсіздіктен қашу түрткісі.

Бала санасында нақты адамгершілік мұраттар, өнегелі мінез-құлық қалыптасады. Бала олардың құндылығын және қажеттілігін түсіне бастайды. Бірақ бала тұлғасының қалыптасуы өнімді болуы үшін ересектердің көңіл қоюы және бағалауы маңызды. Баланың қылығына деген ересектердің эмоционалдық-бағалау қарым-қатынасы оның адамгершілік сезімдерінің, өмірлік ережелерге деген жеке жауапкершілік қарым-қатынасының дамуын анықтайды. Баланың әлеуметтік кеңістігі кеңейді - бала үнемі нақты тұжы-рымдалған ереже заңдылықтары бойынша мұғалімдерімен және сынып-тастарымен қарым-қатынас жасайды.

Осы жастағы негізгі жетістік оқу әрекетінің басты сипатымен белгі-ленеді және келесі жылғы оқытудың анықтауышы болып табылады: бала оқуға құмартуы, оқи білуі және өз күшіне сенуі қажет. Сонда ғана бастауыш мектеп оқушысы ең жауапты кезеңнен өтті деп есептеледі. Бұл кезеңдегі басты педагогикалық талап - бала психикасына салмақ түсірмей, әлгі шұғыл өзгерістерге толы таным процесін шеберлікпен, мақсаткерлікпен ұйымдас-тырып, қажетті арнаға жетелеп отыру.

1. 2. Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық-педагогикалық дамуы

Бастауыш мектеп жасындағы баланың әлеуметтік мәртебесінің өзгеруі. Кешегі мектеп жасына дейінгі бала - бүгін бастауыш мектеп оқушысы. Мектеп жасына дейінгі бала мектепке келгеннен кейін бұрынғы еркіндіктен айырылады. Оларды мектеп тәртібіне шақырады. Сондықтан бостандықта болып қалған бала тәртіпке көне алмайды. Осыдан барып ересектермен өзара түсініспеушілік пайда болады. Бастауыш мектеп жасындағы баланың өзінің іс-әрекетін психологиялық тұрғыдан қайта құруы. Бастауыш мектеп жасын-дағы бала бүрын ойынмен айналысса, енді оқумен айналысуына тура келеді. Оқу - ойынға қарағанда өте күрделі процесс. Оқуда танымдық, адами қа-сиеттер күрделене түседі. Сондықтан да іс-әрекетті психологиялық тұрғыдан қайта ңүруда мына төмендегідей кезеңдерден өтеді:

Біріншіден, мектеп өміріне кірігу. Екіншіден, мектеп, сынып үжымдары арңылы қаты-настарды реттеу, ересектермен (ұстаздармен) қарым-қатынасты орнату. Үшіншіден, мектептің ішкі тәртібіне бағыну, қабылдау. Осы үш ке-зеңнен сүрінбей өту, ішкі тәртіпті дүрыс қабылдау бастауыш мектеп оқушы-ларының үжымға мүше болып кіріп кетуіне мүмкіндік береді. Қысқасы, бастауыш мектеп оқушылары мектеп өміріне үйренуі тиіс. Дегенмен, мектеп өміріне үйренудің өзіндік қиыншылықтары да бар. 1. Бірінші қиындық. Баланың уақтысында үйқыдан ояна алмай, мектепке керекті оқу құралдарын мезгілінде жинай алмауы, сабаңта тәртіп сақтап тыныш отыру, мұғалімнің айтқанын бүлжытпай орындау, үй тапсырмасын, қоғамдың тапсырманы орындау, т. б. бастауыш сынып оқушыларына қиынға соғады. Бастауыш сынып оқушылары алғашқы күндері осыған көндіге алмайды. Ол оған психологиялық, педагогикалық тұрғыдан дайын емес. Күн тәртібіне көне алмай шатақ шығарып, мектепке барғысы да келмейді.

2. Екінші қиындық. Сыныптағы оқушылармен, ұстазымен қарым-қаты-насты үйлестіру. Бастауыш сынып оқушысы үшін алғашңы мүғалім періште, пайғамбардай болып көрінеді. Әсіресе, бірінші, екінші сынып оқушылары үшін үстаз - бәрін білетін адам. Ол бәрінен ақылды, данышпан, тек соған ғана сену керек. Дегенмен кейбір оқуда үлгере алмайтын оқушыға мүғалім ұрысқақ, зөлім, тажал болып көрінуі де мүмкін. Сондықтан бастауыш сынып оқытушысы балаларға ұрысқаннан гөрі мейірімді, қамқоршы адам болып көрінгені жөн. Сонымен бастауыш сынып мүғалімі кей жағдайда оқушы-ларына екі тұрғыдан көрінеді. Мүмкіндік болғанша мүғалім тек жағымды жағынан көрінгені абзал. Бала мұғалімнен қорықпауы керек.

Бастауыш сынып оқушыларының тағы бір мәселесі -ол балалардың сыныптағы өзара қатынасы. Бұл жерде де мүғалімнің рөлі ерекше. Себебі бастауыш сыныптағы балалар қатынасын үйлестіретін мүғалім. Мұғалімнің ақ дегені аң, қара дегені қара. Бала барлық нәрсеге мұғалімнің көзімен қарай-ды. Мұнда да балалар үжымы жағдайы жақсылар, жағдайы нашарлар болып екіге бөлінуі мүмкін. Бұл антогонистік кайшылықтарды мүғалім шешуі тиіс. Ондай болмаған жағдайда жақсы ұжым құрып, дүрыс тәрбие бере алмаймыз, педагогикалық кемшіліктер жіберіп, балаларды жастайынан жаман жолға итермелейміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттары
Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымының теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудағы жанұяның ролін теориялық - әдістемелік тұрғыда негіздеу
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық мәселелері
Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуын зерттеу
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері туралы
Оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz