Үстеме шығындар


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

«» пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Үстеме шығындар»

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

І. Үстеме шығындар туралы жалпы түсінік

1. 1. Үстеме шығыстардың жалпы сипаттамасы және құрамы . . . 5

1. 2. Үстеме шығыстардың есебі . . . 6

1. 3. Үстеме шығыстарды бөліп тарату . . . 7

1. 4. Үстеме шығыстарды басқару есебі . . . 12

ІІ. Кәсіпорындағы үстеме шығындар есебін талдау

2. 1 Кәсіпорындағы үстеме шығындар есебі . . . 18

2. 2 Кәсіпорындағы үстеме шығындарды орналастыру қажеттілігі . . . 23

2. 3. Кәсіпорындағы үстеме шығындарды есепке алуды жетілдіру жолдары. . 27

Қорытынды . . . 31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 32

Кіріспе

“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыз Жолдауында ерекше атап өттi.

ҚР бүгiнгi таңда экономикасының тиiмдi дамуында басты мәселенiң бiрi ол негiзгi өнеркәсіптік капиталдарының басым бөлiгiнiң моралдық және физикалық жағынан тозуы болып табылады.

Осыған байланысты отандық өнеркәсіпорындарының экономикалық өнімділігі төмен, яғни өндірістік және экономикалық шығындары жоғары. Егер өндіріс көлемінің өсуі шығындардың одан да жоғары қарқынмен өс-уін қамтамасыз етеді.

Шығындар деп тек қарапайым шығындар емес, нарықта құн формасын алған ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілген өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары бар:

Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табыла-ды. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді және өндіріс шығындары экономика-лық және бухгалтерлік болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығынға - өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығын-дары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статисткалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрін алады.

Бұл тақырыптың өзектiлiгi ел экономикасының тұрақтылығының негiзi болып табылатын отандық өнеркәсiптердiң рыноктық жағдайда бәсекеге қабiлеттiлiгi ең бiрiншi сол өндiрiстiң капитал деңгейiне байланысты болып келедi. Ал осы өндірістің дамуындағы шығындарды барынша азайтып, эко-номикалық шығындарды толық зерттеп, олардың іске асуын уақтылы қар-жымен қамтамасыз ету, максималды экономикалық пайдаға қол жеткізу маңыздылығы болып табылады.

Қазіргі басқару есебі шығындарды басқаруды қаржылық жауапкершілік орталығын бюджеттендіру және басқару негізінде жүзеге асыруды көздейді. Соған байланысты кәсіпорында әр қаржылық орталыққа жеке бюджет жасалады. Қаржылық орталықтың бюджеттері кәсіпорын бюджетіне бірігеді.

Кәсіпорын үстеме шығыстарының есебін жүргізуде келесідей мәселелер-ді шешеді:

  • Негізгі үстеме шығыстардың пайда болу көздерін анықтау;
  • шығындарды азайту себептерін анықтау;
  • Үстеме шығыстардың сметасы мен бюджетін жасау үшін негізгі көрсет-кіштерді анықтау;
  • Үстеме шығыстардың динамикасын бақылау;

Үстеме шығыстарды бөлуді басқару шешімдерін қабылдау тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда келесі негізгі мәселелер туындайды:

1. Өндірістің табыстылық бағасы мен әрбір өнімді өткізу деңгейі;

2. Компанияға қай өнім түрі көбірек пайда түсіреді;

3. Шығарылатын өнім ассортиментін өзгерту туралы шешім қабылдау;

Үстеме шығыстарды басқару есебін бақылаудың бір нұсқасы АВС-талдау бойынша жүргізіледі. Бұл әдіс неғұрлым қарапайым, әрі жеңіл. АВС-талдау әдісі үстеме шығыстарды таратуда келесі принципке сүйенеді: шығындардың пайда болу көздерінің аз ғана мөлшері салыстырмалы түрдегі шығындар құнының көптігін көрсетеді. Үстеме шығыстармен байланысты негізгі мәселелерді қарастыруға болады:

-шығыстарды тікелей және үстеме шығыстарға бөлу - бұл әр кезде оңай бола бермейді, себебі шығыстардың кейбір түрі тікелей және жанама шығыстарға жатады.

-үстеме шығыстар тұрақты болып келеді;

-шығындарды ақырғы өнім арасында дұрыс бөліп тарату.

Үстеме шығыстарға өндірісті басқару, қызмет көрсету және ұйымдастыру шығыстары жатады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Үстеме шығындар құрылымының экономикалық теориясын зерттей отырып шаруашылық субъектідегі үстеме шығындар есебін талдау.

Курстық жұмыстың міндеті:

-жалпы шығындар теориясы мен олардың экономикалық мазмұнына, түрлеріне тоқтала отырып, олардың ерекшеліктерін анықтау; шығындарды төмендету жолдарын қарастыру; үстеме шығындар есебін талдау; үстеме шығындарды орналастыру қажеттілігі мен оларды бөлудің әдісін зерттеу, осы курстық жұмысты орындаудың басты міндеттеріне жатады.

Зерттеу жұмысының объектісі: үстеме шығындар

Зерттеу жұмысының мәні: кәсіпорындағы үстеме шығындар және оларды арттыру жолдары.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Үстеме шығындар туралы жалпы түсінік

1. 1. Үстеме шығыстардың жалпы сипаттамасы және құрамы

Үстеме шығыстар - негізгі және көмекші цехтардың жұмыстарын ұйымдастыру шығыстары, сондай-ақ өндіріске қызмет көрсетумен байланыс-ты шығыстар. Үстеме шығыстарды бөлудің негізгі бағыттары:

  • ақырғы өнімнің нақты құнын анықтау;
  • қолданылған ресурстарды бөлу;
  • жұмыскерлердің шығындарын қысқарту;
  • сыртқы пайдаланушылар үшін шығыстар мен кірістерді салыстыру;

Үстеме шығыстармен байланысты негізгі мәселелерді қарастыруға болады:

-шығыстарды тікелей және үстеме шығыстарға бөлу - бұл әр кезде

оңай бола бермейді, себебі шығыстардың кейбір түрі тікелей және жана-ма шығыстарға жатады.

-үстеме шығыстар тұрақты болып келеді;

-шығындарды ақырғы өнім арасында дұрыс бөліп тарату.

Үстеме шығыстарға өндірісті басқару, қызмет көрсету және ұйымдас-тыру шығыстары жатады. Бірінші кезекте олар мыналармен байланысты:

-аналитикалық шоттардың шығындар түрімен (жал төлемі, қызмет көр-сету, еңбекақы) ;

-бақыланатын шығындар орталығымен (өндірістік цех) ;

Үстеме шығыстар құрамына мыналар кіреді:

  • Жалпы өндірістік шығыстар - өндірістік жабдықтарды пайдалану және

күтіп ұстау шығыстары;

  • Өндірістік қажеттерге пайдаланылатын қосымша материалдардың барлық

түрлері;

  • Жұмысшылардың еңбекақысы. Цех персоналына, өндірістік құрал

жыбдықтарға қызмет көрсететін жұмыскерлерге есептелген еңбекақы;

  • Еңбекақыдан аударымдар;
  • Негізгі құралдарды жөндеу. Бұл шығындар түріне жалпы өндірістік

мақсатқа арналған өндіріс құрал-жабдықтары мен негізгі құралдарды жөндеу шығыстары кіреді.

  • Негізгі құралдардың тозуы мен материалдық емес активтердің

амортизациясы;

  • Коммуналдық қызметтер. Бұл шығыстарға жалпы өндірістік мақсаттарға

арналған негізгі құралдар мен өндірістік құрал-жабдықтардың жұмыс істеуі үшін тұтынылған электр қуатының, судың, жылудың, т. б. құны кіреді.

  • Жалгерлік ақы - өндірісте қолданылатын негізгі құралдарды жалдау

бойынша төленетін жалгарлік ақы сомасы;

  • Өзге де шығыстар.

Өндірістік шығындардың синтетикалық есебі 8410 “Үстеме шығыстар” шотында жүргізіледі. Бұл активті жинақтаушы, таратушы шот болып сана-лады. Бұл шоттың құрамында мынадай шоттар ашылады: 8410/ 1 - “Негізгі өндрістің үстеме шығыстары”, 8410/ 2 - “Көмекші өндірістің үстеме шығыс-тары. ”

Өндірістік үстеме шығыстар - бұл өндірісті басқару, қызмет көрсету, ұйымдастыру шығыстары. Олар бөлімше, цех, өндіріс сияқты өндірістік буындарда пайда болады. Бұл шығындардың арналымы, сипаты және функ-ционалдық ролі өндіріспен байланысты. Жалпы өндірістік үстеме шығыстар кешенді баптардан тұрады және есепті мерзім соңында өнім түрлері бойын-ша, дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс бойынша бөліп таратылады.

1. 2. Үстеме шығыстардың есебі

Өндірістік үстеме шығыстар - бұл өндірісті басқару, қызмет көрсету, ұйымдастыру шығыстары. Олар бөлімше, цех, өндіріс сияқты өндірістік буындарда пайда болады. Бұл шығындардың арналымы, сипаты және функционалдық ролі өндіріспен байланысты. Жалпы өндірістік үстеме шығыстар кешенді баптардан тұрады және есепті мерзім соңында өнім түрлері бойынша, дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс бойынша бөліп тара-тылады. Жалпы өндірістік үстеме шығыстар 8410 “Үстеме шығыстар” шо-тында есептеледі. Субсчет 8410/ 3 - “Жалпы өндірістік шығыстар” шоты. Сонымен қатар 8410 шотына бірнеше транзиттік шоттар ашылады:

8411 - “Материалдар”

8412 - “Цех персоналының еңбекақысы”

8413 - “Еңбекақыдан аударымдар”

8414 - “Негізгі құралдарды жөндеу”

8415 - “Негізгі құралдардың тозуы”

8416 - “Коммуналдық қызметтер”

8417 - “Жалгерлік ақы”

8418 - “Өзгелер”

№2 “Қорлар” ХҚЕС бойынша үстеме шығыстар екі түрге бөлінеді:

  • Тұрақты өндірістік үстеме шығыстар
  • Айнымалы өндірістік үстеме шығыстар.

Тұрақты өндірістік үстеме шығыстар өңдеу бойынша шығыстарға бөлу және өндірістік қуаттылықтың қалыпты өнімдеріне негізделеді және бұл шығыстар өнім көлеміне байланысты емес. Өндіріс көлемі өзгерсе де, тұрақ-ты өндірістік үстеме шығыстар өзгерусіз болып қалады. Бұл шығыстарға мыналар жатады:

  • Негізгі қорлардың амортизациясы,
  • Ғимараттар мен жабдықтарға есептелген амортизация;
  • Өндірістік басқару шығындары;
  • Айнымалы өндірістік үстеме шығыстар өндіріс көлеміне тікелей байланысты, тәуелді болатын өндірістік шығыстар. Бұларға жалпы өндірістік қажеттерге жұмсалатын материалдар және цех персоналының еңбекақысы жатады.

Жалпы өндірістік шығыстарды бөліп тарату белгілі бөлу базасы негізін-де жүзеге асырылады. Отандық тәжірибеде мынадай бөлу базалары қолданы-лады:

1. Өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбекақысы;

2. Өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбекақысы мен өндірістік құрал

жабдықтарды күтіп ұстау және пайдалану шығындары;

3. Өнімнің, жұмыстың, қызметтің цехтық өзіндік құны.

Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда өндіріс жабдықтарын ұстап тұру және пайдалагу шығыстарының ерекше түрдегі есебі қажет. Бұл шығыстарды 8410 - “Үстеме шығыстар” шоты құрамында “Өндіріс жабдықтарын ұстап тұру және пайдалану бойынша шығыстар” атты субшот ашылады. Өндірістік құрал жабдықтарды пайдалану және ұстап тұру шығындарына мыналар жатады:

  • Жанар-жағармайлардың құны;
  • Өндірістік құрал-жабдықтың тозуы;
  • Өндірістік құрал-жабдықтарды ағымдағы жөндеуден өткізу;
  • Жабдықтарды күтіп ұстайтын, жүргізетін жұмысшылардың еңбекақысы;
  • Еңбекақыдан аударымдар;
  • Электр қуаты, бу мен судың құны;
  • Көмекші өндірістің қызметі;
  • Басқа да шығыстар.

1. 3. Үстеме шығыстарды бөліп тарату

Шығын тасымалдаушылар - шығындар деңгейіне әсер ететін себептер, олар оң және кері әсер етуі мүмкін. Шығын тасымалдаушылар шығындар көлеміне әсер етеді және олар үстеме шығыстарды ақырғы өнім арасында бөлуге бағытталған. Шығын тасымалдаушылардың көп кездесетін түрлері:

  • Өндірілген өнім көлемі
  • Жұмыс - сағат
  • Машина - сағат
  • Бастапқы шығындар
  • Материалдық шығындар
  • Еңбек шығындары

Пропорционалды, пропорционалды емес бөліп тарату.

Тарату әдістерінің барлығы дерлік үстеме шығыстардың пропорцио-налды және прпорционалды емес тарату әдістеріне бөлінеді.

Кәсіпорында қалыптасқан шығындардың нақты деректері негізінде шығындардың әр түрі бойынша шығын тасымалдаушылар мен үстеме шығыстарды тарату коэффициенттері анықталады. Бұл коэффициент тара-туға негізделген шығындардың жалпы сомасын тасымалдаушы ретінде алынған соммалық факторға бөлу арқылы анықталады. Бұл коэффициент үстеме шығыстарды пропорционалды бөліп тарату үшін қолданылады.

Мысал А - Кеңсе заттары.

Компания кеңсе заттарына (қағазды қоса алғанда) айына 1 200 мың теңге шығын жұмсайды. Компанияда екі бөлімше бар, олардың компания табысындағы үлестері 30% және 70%.

Бөлімше
Табыс (мың тг. )
Табыстан алынатын %
Шығыстарды бөліп тарату
Бөлімше: Бөлімше 1
Табыс (мың тг. ): 70 000
Табыстан алынатын %: 70 %
Шығыстарды бөліп тарату: 1200*0, 7=840
Бөлімше: Бөлімше 2
Табыс (мың тг. ): 30 000
Табыстан алынатын %: 30 %
Шығыстарды бөліп тарату: 1200*0, 3=360
Бөлімше: Барлығы
Табыс (мың тг. ): 100 000
Табыстан алынатын %: 100 %
Шығыстарды бөліп тарату: 1200

Мысал Б. - Жал төлемі.

Жал төлемі көлемге байланысты бөліп таратылады.

Жал бойынша шығыстар (мың тг. ) 6 000

1 м 2 кеткен жалдау бойынша шығыстар 24

Аудан (м2) 250

Компанияның 1-ші бөлімшесі 200 м2 ауданды, ал 2-ші бөлімшесі 50 м2 ауданды алып жатыр. Жал бойынша шығыстарды тарату төмендегідей бола-ды.

Бөлімше
Алып жатқан аудан
Шығыстарды бөліп тарату
Бөлімше: Бөлімше 1
Алып жатқан аудан: 200 кв. м
Шығыстарды бөліп тарату: 200*24=4 800
Бөлімше: Бөлімше 2
Алып жатқан аудан: 50 кв. м
Шығыстарды бөліп тарату: 50*24=1 200
Бөлімше: Барлығы
Алып жатқан аудан: 250 кв. м
Шығыстарды бөліп тарату: 6 000

Бөліп таратудың әр түрлі коэффициенттерін қолдану мысалдары.

Дәрі шығаратын кәсіпорынның 31-ақпанға жасалған бухгалтерлік жазу-лары:

Мың. тг.
Қосымша берілгендер
Материалдар
100 000
Жұмыс-сағат
75 000
Еңбек
150 000
Машина-сағат
50 000
Алғашқы шығындар
250 000
Өндіріс көлемі
50 000
Үстеме шығыстар
150 000
Барлық шығыстар
400 000

Үстеме шығыстарды бөліп таратудың алты коэффициентін қарастыра-мыз. Жалпы өндіріс көлемі 50 000 бірлік болғанда 3 000 бірлікке жұмсалатын үстеме шығыстарды бөліп тарату. Бұл партияға материалдық шығндар 5 000 мың тг., еңбек шығындары 6 000 мың тг., (1 сағ. -2000 тг. ), машина сағат - 500.

Өндірілген өнім көлемінің коэффиценті
Үстеме шығыстар/жалпы өнім көлемі
150 000/50 000
3
Өндірілген өнім көлемінің коэффиценті: Жұмыс сағатының коэффиценті
Үстеме шығыстар/жалпы өнім көлемі: Үстеме шығыстар/жалпы жұмыс сағаты
150 000/50 000: 150 000/75 000
3: 2
Өндірілген өнім көлемінің коэффиценті: Машина-сағат коэффициенті
Үстеме шығыстар/жалпы өнім көлемі: Үстеме шығыстар/жалпы машина-сағат саны
150 000/50 000: 150 000/50 000
3: 3
Өндірілген өнім көлемінің коэффиценті: Бастапқы шығындар проценті
Үстеме шығыстар/жалпы өнім көлемі: Үстеме шығыстар/бастапқышығындар сомасы*100%
150 000/50 000: 150 000/250 000* 100%
3: 60%
Өндірілген өнім көлемінің коэффиценті: Материалдық шығындар проценті
Үстеме шығыстар/жалпы өнім көлемі: Үстеме шығыстар/материалдық шығындар*100%
150 000/50 000: 150 000/100 000* 100%
3: 150%
Өндірілген өнім көлемінің коэффиценті: Еңбекақы шығындарының проценті
Үстеме шығыстар/жалпы өнім көлемі: Үстеме шығыстар/еңбек шығындары*100%
150 000/50 000: 150 000/150 000* 100%
3: 100%

Үстеме шығыстарды бөліп тарату алгоритмі

Компания өнімнің бір түрін шығарады, бұл компанияда екі өндірістік цех бар: Құрылыс цехы, өңдеу цехы. Компанияда сондай-ақ екі қызмет көрсетуші бөлімше бар: қойма және әкімшілік. Бұл цехтар мен бөлімшелер бір ғимаратта орналасқан. Компания келесі қаржылық жылдың бюджетіне мынадай шығындарды жатқызады:

Шығындар
Мың. тг.
Шығындар: Заводты жалға алу
Мың. тг.: 486 000
Шығындар: Заводты сақтандыру
Мың. тг.: 40 500
Шығындар: Басқа да шығыстар-құрылыс цехы
Мың. тг.: 12 700
Шығындар: Басқа да шығыстар-өңдеу цехы
Мың. тг.: 13 850
Шығындар: Басқа да шығыстар-қойма
Мың. тг.: 7 375
Шығындар: Басқа да шығыстар-әкімшілік
Мың. тг.: 20 425
Шығындар: Машина мен басқа да жабдықтарды сақтандыру
Мың. тг.: 21 450
Шығындар: Машина мен басқа да жабдықтардың амортизациясы
Мың. тг.: 58 500
Шығындар: Көмекші жұмыс күші
Мың. тг.: 280 000
Шығындар: Барлығы
Мың. тг.: 940 800

Келесі ақпараттар берілген:

Бөлімше/ цех
Машина-сағат
Жұмыс сағат
Аудан (кв. м)
Негізгі жұмысшылардың саны
Көмекші жұмысшылардың саны
Машина мен басқа да жабдықт. құны
Бөлімше/ цех: Құрылыс
Машина-сағат: 12 000
Жұмыс сағат: 34 200
Аудан (кв. м): 50 000
Негізгі жұмысшылардың саны: 18
Көмекші жұмысшылардың саны: 10
Машина мен басқа да жабдықт. құны: 300 000
Бөлімше/ цех: Өңдеу
Машина-сағат: 2 200
Жұмыс сағат: 45 600
Аудан (кв. м): 25 000
Негізгі жұмысшылардың саны: 26
Көмекші жұмысшылардың саны: 15
Машина мен басқа да жабдықт. құны: 50 000
Бөлімше/ цех: Қойма
Машина-сағат:
Жұмыс сағат:
Аудан (кв. м): 3 000
Негізгі жұмысшылардың саны: 0
Көмекші жұмысшылардың саны: 6
Машина мен басқа да жабдықт. құны: 25 000
Бөлімше/ цех: Әкімшілік
Машина-сағат:
Жұмыс сағат:
Аудан (кв. м): 3 000
Негізгі жұмысшылардың саны: 0
Көмекші жұмысшылардың саны: 4
Машина мен басқа да жабдықт. құны: 15 000
Бөлімше/ цех: Барлығы
Машина-сағат:
Жұмыс сағат:
Аудан (кв. м): 81 000
Негізгі жұмысшылардың саны: 44
Көмекші жұмысшылардың саны: 35
Машина мен басқа да жабдықт. құны: 390 000

Өндірістік емес бөлімшелердің шығыстарын келесі түрде бөліп таратуға болады:

Әкімшілік: Жұмысшылырдың барлық сандары негізінде бөлімшелер-дің/цехтардың арасында;

Қойма: 80%-құрылыс цехы, 20%-өңдеу цехы.

А. Үстеме шығыстарды шығындар орталығы бойынша бөлу:

Шығын тасымалдаушылардың негізгі топтарын анықтаймыз:

Шығыстар
Шығын тасымалдаушылар
Шығыстар: 1 - топ
Шығыстар: Жал
Шығын тасымалдаушылар: Бөлменің ауданы
Шығыстар: Ғимаратты сақтандыру
Шығын тасымалдаушылар: Бөлменің ауданы
Шығыстар: 2 - топ
Шығыстар: Машина мен басқа да жабдықтарды сақтандыру
Шығын тасымалдаушылар: Машина мен жабдықтардың құны
Шығыстар: Машина мен басқа да жабдықтардың амортизациясы
Шығын тасымалдаушылар: Машина мен жабдықтардың құны
Шығыстар: 3 - топ
Шығыстар: Көмекші жұмыс күші
Шығын тасымалдаушылар: Көмекші жұмыскерлердің саны

Бөлу коэффициенттерін анықтаймыз:

Ғимаратты жалға алу мен сақтандыру
Ғимараттың ауданы
Бөлу коэффициенті
Ғимаратты жалға алу мен сақтандыру: 526 500
Ғимараттың ауданы: 81 000 кв. м
Бөлу коэффициенті: 6, 5
Ғимаратты жалға алу мен сақтандыру: Машина мен басқа да жабдықтарды сақтандыру мен амортизациясы
Ғимараттың ауданы: Машина мен басқа да жабдықтардың құны
Бөлу коэффициенті: Бөлу коэффициенті
Ғимаратты жалға алу мен сақтандыру: 79 950
Ғимараттың ауданы: 390 000
Бөлу коэффициенті: 20, 5%
Ғимаратты жалға алу мен сақтандыру: Көмекші жұмыс күші
Ғимараттың ауданы: Көмекші жұмыскерлердің саны
Бөлу коэффициенті: Бөлу коэффициенті
Ғимаратты жалға алу мен сақтандыру: 280 000
Ғимараттың ауданы: 35
Бөлу коэффициенті: 8 000 (бір адамға)

Бөлу коэффициенттеріне қатысты үстеме шығыстарды жауапкершілік орталықтарына байланысты бөлеміз:

Шығындар
Бөлу коэф.
Құрылыс цехы
Өңдеу цехы
Қойма
Әкімші лік
Барлығы
Шығындар: Басқа шығыстар
Бөлу коэф.:
Құрылыс цехы: 12 700
Өңдеу цехы: 13850
Қойма: 7 375
Әкімші лік: 20 425
Барлығы: 54 350
Шығындар: Ғимарат ауданы
Бөлу коэф.:
Құрылыс цехы: 50 000
Өңдеу цехы: 25000
Қойма: 3 000
Әкімші лік: 3 000
Барлығы: 81 000
Шығындар: Ғимаратты жалға алу мен сақтандыру
Бөлу коэф.: 6, 5
Құрылыс цехы: 325 000
Өңдеу цехы: 162500
Қойма: 19 500
Әкімші лік: 19 500
Барлығы: 526 500
Шығындар: Машина мен басқа да жабдықтардың құны
Бөлу коэф.:
Құрылыс цехы: 300 000
Өңдеу цехы: 5
Қойма: 25 000
Әкімші лік: 15 000
Барлығы: 390 000
Шығындар: Машина мен басқа да жабдықтарды сақтандыру мен амортизациясы
Бөлу коэф.: 20, 5%
Құрылыс цехы: 61 500
Өңдеу цехы: 10 250
Қойма: 5 125
Әкімші лік: 3 075
Барлығы: 79 950
Шығындар: Көмекші жұмыскерлердің саны
Бөлу коэф.:
Құрылыс цехы: 10
Өңдеу цехы: 15
Қойма: 6
Әкімші лік: 4
Барлығы: 35
Шығындар: Көмекші жұмыс күші
Бөлу коэф.: 8 000
Құрылыс цехы: 80 000
Өңдеу цехы: 12
Қойма: 48 000
Әкімші лік: 32 000
Барлығы: 280 000

В. Қызмет көрсетуші бөлімшелердің үстеме шығыстарын бөліп тарату:

Бөлу базасы
Құрылыс цехы
Өңдеу цехы
Қойма
Әкімші лік
Барлы ғы
Бөлу базасы: Әкімшілік
Құрылыс цехы: 0%
Өңдеу цехы: 20%
Қойма: 50%
Әкімші лік: 30%
Барлы ғы: 100%
Бөлу базасы: Негізгі жұмысшылар саны
Құрылыс цехы: 18
Өңдеу цехы: 26
Қойма: 0
Әкімші лік: 0
Барлы ғы: 44
Бөлу базасы: Көмекші жұмыскерлер саны
Құрылыс цехы: 10
Өңдеу цехы: 15
Қойма: 6
Әкімші лік: 0
Барлы ғы: 31
Бөлу базасы: Жұмыскерлер саны
Құрылыс цехы: 28
Өңдеу цехы: 41
Қойма: 6
Әкімші лік: 0
Барлы ғы: 75
Бөлу базасы:
Құрылыс цехы: 37, 3%
Өңдеу цехы: 54, 6%
Қойма: 8, 1%
Әкімші лік: 0%
Барлы ғы: 100%
Бөлу базасы: Қойма
Құрылыс цехы: 80%
Өңдеу цехы: 20%
Қойма: 0%
Әкімші лік: 0%
Барлы ғы: 100%
Құрылыс цехы
Өңдеу цехы
Қойма
Әкімші лік
Барлы ғы
: Цех бойынша жиынтық
Құрылыс цехы: 479 200
Өңдеу цехы: 306 600
Қойма: 80 000
Әкімші лік: 75 000
Барлы ғы: 940 800
: Әкімшілікті бөліп тарату
Құрылыс цехы: 28 000
Өңдеу цехы: 41 000
Қойма: 6 000
Әкімші лік: (75 000)
Барлы ғы: 0
: Барлығы
Құрылыс цехы: 507 200
Өңдеу цехы: 347 600
Қойма: 86 000
Әкімші лік: 0
Барлы ғы: 940 800
: Қойманы бөліп тарату
Құрылыс цехы: 68 800
Өңдеу цехы: 17 200
Қойма: (86 000)
Әкімші лік: 0
Барлы ғы: 0
: Барлығы
Құрылыс цехы: 576 000
Өңдеу цехы: 364 800
Қойма: 0
Әкімші лік: 0
Барлы ғы: 940 800

С. Үстеме шығыстарды нормаларына байланысты бөліп тарату:

Құрылыс цехы
Өңдеу цехы
: Машина-сағат
Құрылыс цехы: 12 000
Өңдеу цехы:
: Жұмыс сағат
Құрылыс цехы:
Өңдеу цехы: 45 600
: Бөлу нормалары
Құрылыс цехы: 48
Өңдеу цехы: 8

D. Үстеме шығыстарды бөлу кезіндегі жетіспеушілік немесе артықшылық.

Үстеме шығыстардың нақты бөлінуін анықтаймыз, құрылыс цехы үшін нақты үстеме шығыстар 531 500-ді құрады, өңдеу цехы үшін - 359 500 тг. құрады; нақты істелген жұмыс сағаты құрылыс цехы үшін-11 000 машина сағат, өңдеу цехы үшін 46 000 жұмыс сағат.

Құрылыс цехы
Өңдеу цехы
: Нақты жұмыс атқарылған сағаттар
Құрылыс цехы: 11 000
Өңдеу цехы: 46 000
: Бөлу коэффициенті
Құрылыс цехы: 48
Өңдеу цехы: 8
: Бөлінген үстеме шығыстар
Құрылыс цехы: 528 000
Өңдеу цехы: 368 000
: Нақты үстеме шығыстар
Құрылыс цехы: 531 500
Өңдеу цехы: 359 500
: Бөлінетін үстеме шығыстардың артық қалуы
Құрылыс цехы:
Өңдеу цехы: 8 500
: Бөлінетін үстеме шығыстардың жетіспеуі
Құрылыс цехы: 3 500
Өңдеу цехы:

Бұл мысалдан есеп жүйесіндегі үстеме шығыстарды бөлу, бөліп тарату, қайта бөлу алгоритмдерін көруге болады.

1. 4. Үстеме шығыстарды басқару есебі

Қазіргі басқару есебі шығындарды басқаруды қаржылық жауапкершілік орталығын бюджеттендіру және басқару негізінде жүзеге асыруды көздейді. Соған байланысты кәсіпорында әр қаржылық орталыққа жеке бюджет жасалады. Қаржылық орталықтың бюджеттері кәсіпорын бюджетіне бірігеді. Үстеме шығыстарды бөлуді басқару шешімдерін қабылдау тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда келесі негізгі мәселелер туындайды:

1. Өндірістің табыстылық бағасы мен әрбір өнімді өткізу деңгейі;

2. Компанияға қай өнім түрі көбірек пайда түсіреді;

3. Шығарылатын өнім ассортиментін өзгерту туралы шешім қабылдау;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үстеме шығындарды есепке алу мен оларды бөлудің әлемдік әдістемесі
Үстеме шығындар есебі
Өндірістік жабдықтарды пайдалану шығыстары
Үстеме шығындардың есебін ұйымдастыру
Негізгі өндіріс шығындарының есебі
Негізгі өндіріс шығындары
Үстеме шығындар есебі және құрамы
Өндірістік шығындардың аудиті
Дебет 8410 Үстеме шығыстар
Шығыс түрлері және үстеме шығыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz