«Биология» пәнінен зертханалық және практикалық сабақтар



1.сабақ Споралы және тұқымды өсімдіктермен танысу. Ұлғайтқыш құралдармен және зертханалық құрал.саймандармен танысу. Даражарнақты және қосжарнақты өсімдік тұқымдарының құрылысы.
2.сабақ
3.сабақ «Ашық тұқымды және жабық тұқымды өсімдіктер еліне саяхат» ойыны
№ 1, 2 зертханалық жұмыс.
«Көкөніс дақылдарының алуан түрлі тұқымдары еліне саяхат» ойыны
№ 3 зертханалық жұмыс.
4.сабақ Тест: «Споралы және тұқымды өсімдіктермен танысу. Ұлғайтқыш құралдармен және зертханалық құрал.саймандармен танысу. Даражарнақты және қосжарнақты өсімдік тұқымдарының құрылысы» тақырыптары бойынша.
Биология ғылымы – эксперименталдық ғылым. Оқушылардың биоло-гияға деген қызығушылығын дамыту үшін зертханалық және практикалық сабақтардың маңызы орасан зор. Зертханалық, практикалық сабақ кезінде оқушылар бұрын сабақта алған білімдерін практикада өз бетімен жұмыс жасау кезінде ұштастырып, білім деңгейін кеңейте алады. Сондықтан шағын жинақты мектептерде биология пәнінен өтікізілетін зертханалық, практи-калық сабақтар өз мәнінде өткізіліп, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, білімге деген құштарлығын ұштау қажет деп ойлаймыз.
Қазіргі таңда биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақ-тарды өткізудің жалпыға бірдей қабылданған жан-жақты әдістемесі жоқ екендігін айта кеткеніміз жөн. Дегенмен, іс жүзінде шағын жинақты мектепте зертханалық және практикалық жұмыстарды өткізуге толық жағдай жасал-мағандықтан, оларды ресурстық орталықтарда өткізу ге мүмкіндік жасалып отыр.
Биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды өткізу барысында МЖББМС (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, «Жаратылыстану» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламаcы (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген), жалпы білім беретін мектептер туралы нормативтік құжаттар, «Шағын жинақты мектеп және тірек мектебі (ресурстық орталық) қызметін ұйымдастыру Ережесі» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылдың 17 қыркүйегіндегі №375 бұйрығы) басшылыққа алынады [1-3].
Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту үшін барлық бақылаулар мен зерттеулер жүйелі және жоспарлы түрде жүргізіліп, жұмыс мақсаты нақты және оған қол жеткізу мүмкіндігі болуы керек.
Бүгінгі күні бұл талаптарды орындау шағын жинақты мектептер (әрі қарай ШЖМ) үшін мүмкін болмай отыр. Себебі шалғайда жатқан ауыл мектептерінде, яғни шағын жинақты мектептерде жоғарыда көрсетілген био-логия пәнінен зертханалық және практикалық жұмыстарды өткізуге жағдай жасалмаған. Сондықтан қазіргі күні бұл жұмыстарды шағын жинақты мектептерді біріктіретін жақын маңдағы тірек мектебі (ресурстық орталық) (әрі қарай – ТМ (РО)) базасында ұйымдастыру жағы қарастырылуда. ТМ (РО) де оқушыларға пәндік және сыныптан тыс жұмыстар, эксперименттік зерттеу, практикалық жобалау іс әрекеттері бойынша өзіндік жұмыстар ұсынылады. Әрбір ресурстық орталыққа бірнеше ШЖМ бекітілген. ШЖМ оқушылары үш рет (оқу жылының басында, ортасында және соңында) 3 - 10 күннен (сессия) тірек мектептерінде білім алады әрі онда аралық және қорытынды аттестаттау тапсырады. Сессияаралық кезеңде шағын жинақты мектепте оқыту тірек мектеп мұғалімдерінің қатысуымен және қашықтықтан оқыту технологияларының көмегімен жүргізіледі. Осылайша, ресурстық орталықтар ШЖМ оқушыларының сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.
2 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген «Жаратылыстану» білім са ласы пәндерінің оқу бағдарламаcы.
3 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылдың 17 қыркүйегіндегі №375 бұйрығы «Шағын жинақты мектеп және тірек мектебі (ресурстық орталық) қызметін ұйымдастырудың типтік ережесі.
4 Әлиева Б. Оқыту стратегиялары. // Биология және салауаттық негізі. 2006. №3 (21), -Б. 39-42.
5 Мырзабаев А.Б. Биологияны оқыту әдістемесі: Оқу құралы. -Қарағанды, ЖШС «САНАТ-Полиграфия» баспасы, 2006. -344 б.
6 Мырзабаев А.Б. О қушылар шығармашылығын дамыту (биология,
экология, валеологияны оқыту мысаланда). -Қ.: Санат. 2002.
7 Верзилин Н.М., Корсунская В.М. Общая методика преподавания
биологии. –М.: «Просвещение», 1987.
8 Байбородова Л.В., Лаптева Т.В. Методика обучения биологии. –М.:
«ВЛАДОС», 2003.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫ ӨТКІЗУ

Кіріспе

Биология ғылымы – эксперименталдық ғылым. Оқушылардың биоло-гияға деген
қызығушылығын дамыту үшін зертханалық және практикалық сабақтардың маңызы
орасан зор. Зертханалық, практикалық сабақ кезінде оқушылар бұрын сабақта
алған білімдерін практикада өз бетімен жұмыс жасау кезінде ұштастырып,
білім деңгейін кеңейте алады. Сондықтан шағын жинақты мектептерде биология
пәнінен өтікізілетін зертханалық, практи-калық сабақтар өз мәнінде
өткізіліп, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, білімге деген құштарлығын
ұштау қажет деп ойлаймыз.
Қазіргі таңда биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақ-тарды
өткізудің жалпыға бірдей қабылданған жан-жақты әдістемесі жоқ екендігін
айта кеткеніміз жөн. Дегенмен, іс жүзінде шағын жинақты мектепте
зертханалық және практикалық жұмыстарды өткізуге толық жағдай жасал-
мағандықтан, оларды ресурстық орталықтарда өткізу ге мүмкіндік жасалып
отыр.
Биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды өткізу
барысында МЖББМС (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты,
Жаратылыстану білім саласы пәндерінің оқу бағдарламаcы (Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115
бұйрығымен бекітілген), жалпы білім беретін мектептер туралы нормативтік
құжаттар, Шағын жинақты мектеп және тірек мектебі (ресурстық орталық)
қызметін ұйымдастыру Ережесі (ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылдың
17 қыркүйегіндегі №375 бұйрығы) басшылыққа алынады [1-3].
Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту үшін барлық бақылаулар мен
зерттеулер жүйелі және жоспарлы түрде жүргізіліп, жұмыс мақсаты нақты және
оған қол жеткізу мүмкіндігі болуы керек.
Бүгінгі күні бұл талаптарды орындау шағын жинақты мектептер (әрі қарай
ШЖМ) үшін мүмкін болмай отыр. Себебі шалғайда жатқан ауыл мектептерінде,
яғни шағын жинақты мектептерде жоғарыда көрсетілген био-логия пәнінен
зертханалық және практикалық жұмыстарды өткізуге жағдай жасалмаған.
Сондықтан қазіргі күні бұл жұмыстарды шағын жинақты мектептерді
біріктіретін жақын маңдағы тірек мектебі (ресурстық орталық) (әрі қарай –
ТМ (РО)) базасында ұйымдастыру жағы қарастырылуда. ТМ (РО) де оқушыларға
пәндік және сыныптан тыс жұмыстар, эксперименттік зерттеу, практикалық
жобалау іс әрекеттері бойынша өзіндік жұмыстар ұсынылады. Әрбір ресурстық
орталыққа бірнеше ШЖМ бекітілген. ШЖМ оқушылары үш рет (оқу жылының
басында, ортасында және соңында) 3 - 10 күннен (сессия) тірек мектептерінде
білім алады әрі онда аралық және қорытынды аттестаттау тапсырады.
Сессияаралық кезеңде шағын жинақты мектепте оқыту тірек мектеп
мұғалімдерінің қатысуымен және қашықтықтан оқыту технологияларының
көмегімен жүргізіледі. Осылайша, ресурстық орталықтар ШЖМ оқушыларының
сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Тәжірибе көрсеткеніндей, ресурстық орталықтарда биология пәнінің
мұғалімі зертханалық, практикалық сабақтарда зерттеу әрекеттерінің түрлі
формаларын шебер үйлестіре білуі маңызды. Олардың ішіндегі ең маңыздылары:
1. Жануарлар мен өсімдіктерге бақылау жүргізу, ағзалардың тіршілік
функцияларын оқып үйрену;
2. Ресурстық орталық жанындағы тәжірибелік - практикалық жұмыстар;
3.Табиғатта жүргізілетін бақылаудың көмегімен жергілікті биоценоз-
дардың флорасы мен фаунасын оқып үйрену;
4. Фенологиялық бақылау жүргізу;
5. Түрлі тақырыптар бойынша көрнекіліктер әзірлеу;
6. Ойындар, ертеңгіліктер, кештердің тақырыптық жоспарларын құру;
7. Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу;
8. Тәжірибенің жаңа нұсқасын әзірлеу;
9. Тәжірибенің қойылу әдістемесіне өзгерістер енгізу;
10. Жаңаларды қолданып биологиялық оқу жобасын құру;
11. Практика, зертханалық тәжірибелерінің мультимедиялық презента-
цияларын сабаққа көрнекілік ретінде әзірлеу;
12. Күрделі биологиялық және экологиялық үрдістерді компьютермен
модельдеу;
13. Компьютерлік программалар арқылы саяхаттау кезіндегі кездейсоқ
жағдайлардан шығуға түрлі ойындар әзірлеу;
14. Оқулықпен жұмыс: жаңаны үйрену, кестелермен жұмыс;
15. Үйлестірмелі материалдармен жұмыс;
16. Қосымша әдебиеттермен жұмыс;
17. Өтілген тақырыптар бойынша тірек-сызбалар әзірлеу;
18. Сабаққа қосымша материалдардардан хабарламалар әзірлеу;
19. Ғылыми практикалық конференцияларға, семинарларға баяндамалар
әзірлеу.
Мұғалімнің мақсаты: биология бөліміндегі зертханалық, практикалық
сабақтарды жоспарлап өткізу. Дұрыс ұйымдастырылған зертханалық және
практикалық сабақтың оқушы үшін тиімділігі төмендегідей:
1. Оқушы тақырыпқа байланысты ауызша алған түсінігін тәжірибе жасау
арқылы толық меңгереді.
2. Алған білімін іс жүзінде қолдану іскерлігі мен дағдысын қалыптас-
тырады.
3. Мұғалімнің түсіндіруі арқылы алған біліміндегі маңызды құбылыс-
тардың қасиеті мен құрылысы туралы білімін нақтылап мәнін терең түсінеді.
4. Зертханалық жұмыс істеу тәсілдерімен әдістерін игереді.
5. Сабақта танысқан өсімдіктердің ішкі құрылысын, дене бөліктерін толық
ажыратуға дағдыланады.
6. Зертханалық, практикалық сабақ барысында оқушылардың биология
ғылымының салаларына деген қызығушылығы артады.
7. Зертханалық, практикалық жұмыс кезінде пайдаланатын
құрал–жабдықтармен жұмыс жасау тәртібімен танысып, үйренеді.
Зерханалық, практикалық жұмыс барысында оқушылар еңбекке, ұйымшылдыққа
тәрбиеленеді және әсемдік тәрбие беріледі.
9. Бақылау сұрақтарына жауап береді.
Зертханалық сабақтардың жүру барысы:
1. Әрбір зертханалық сабақтың мақсаты болады.
2. Керекті құрал–жабдықтар.
3. Жұмыстың барысы. Зертханалық аспаптармен жабдықтарды көрсетіп,
оларды сабаққа қалай пайдалану керектігі, жұмыстың барысынан қысқаша
түсінік береді.
4. Зерттеуге алынған препаратты, онымен қалай жұмыс жасау керектігі
туралы айтады.
5. Жұмыс жасау тәсілдерін айтады.
6. Оқушылар арнайы зертханалық жұмысты қорытындылау дәптеріне жұмыстың
жүру барысын жазып, жұмыстың нәтижесін түсіндіреді.
Практикалық сабақтың кезеңдері:
1. Жұмыстың мақсатын ескертетін мәселе қою;
2. Техникалық және ұйымдастыру жөніндегі инструктаж;
3. Жұмысты орындау (анықтау, бақылау, тәжірибе қою);
4. Нәтижесін бекіту;
5. Қойылған мақсатқа сай қорытынды;
6. Есеп немесе өз жұмысы туралы хабарлама.
Әрбір практикалық жұмыста мынадай кезеңдерді атауға болады:
1. Алдын ала зерттеу сипатындағы жұмыстар.
2. Практикалық түсінікті бекітетін ары қарай істелетін жұмыстар.
Бірінші кезең оқушылар жұмысты бастағанға дейін беріледі, ал екінші
мәселені талқылап болған соң теориялық білімді практикада пайдаланады.
Жұмыстың мақсаты: шағын жинақты мектептер мен ресурстық орталықтарда
биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды өткізудің
ерекшеліктерін көрсету.
Міндеттері:
– Биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды өткізудің
әдістемелік ерешеліктерін сипаттау;
– Биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды өткізудің
тиімді әдістерін жалпылау;
– Биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтар үлгілерін
әзірлеу.
Оқушылар талапқа сай бағдарламада көрсетілген әр түрлі зертханалық және
практикалық жұмыстарды орындап, осы шарттарды қанағаттандыр-ғанда ғана
олардың тұрақты білім мен білік дағдылары тәрбиеленеді және оны орындау
қарқыны өседі. Осыған орай, ресурстық орталық базасында Биология пәнінен
зертханалық және практикалық сабақтарды ұйымдас-тырып өткізудің әдістемесін
ұсынамыз.
1 Биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды өткізудің
әдістемелік ерекшеліктері
Биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды ұйымдастыру –
өсіп келе жатқан ұрпаққа тіршілікті, өмірді аса үлкен зор құндылық деп
түсінуді қалыптастырады. Биология оқу – биосфераны қорғау азаматтың
тіршілік етуі ғана емес, бүкіл тіршіліктің (оның ішінде адамда бар)
сақталуы және дамуы үшін аса қажет жағдай екенін сезінуге әсерін тигізеді.
Білім мазмұны жаңартылған мемлекеттік жалпыға міндетті стандартымызда
Қазақстан Республикасының жалпы орта білім және білім мазмұнының
тұжырымдамаларын, жаңа базистік оқу жоспарын құрастыру кезінде орталықтан
басқарылатын білімнен бас тарту және оның үрдістік және дамытушылық жағына,
өз бетімен білім алу тәсілдеріне басымдылық беру көзделген [1]. Осы
стандарт негізінде әзірленген Биология пәніннің оқу бағдарламасында
оқушылардың жаратылыстану-ғылыми көзқарасы мен экологиялық мәдениетін
қалыптастыруға айтарлықтай көңіл бөлінген. Оқу пәнінің білім мазмұны Жалпы
биологияны оқытуға бағытталған бөлімдер мен тақырыптырды, практикалық
дағдыларды меңгеру мақсатында, қоршаған орта мен адам денсаулығын сақтау
мәселелері негізінде зертханалық жұмыстар берілген. Биология пәнінің оқу
бағдарламасында зертханалық және практикалық жұмыстардың тақырыптары әр
сыныпқа анық көрсетілген. Атап айтсақ:
6-сыныптағы базалық білім мазмұны келесі зертханалық және практикалық
сабақтардан тұрады.
Зертханалық жұмыстар:
1. Споралы және тұқымды (ашық тұқымды және жабық тұқымды) өсімдіктермен
танысу: көкек мүгі, қырықжапырақ, кәдімгі қарағай, қызанақ;
2. Ұлғайтқыш құралдармен және зертханалық құрал-саймандармен танысу;
Пияз өңінің, жапырақ эпидермисінің микропрепаратын даярлау; Осы
микропрепараттарды ұлғайтқыш құралдар арқылы, қарап өсімiдік жасушасының
құрылысын зерттеп білу;
3. Даражарнақты және қосжарнақты өсімдік тұқымдарының құрылысы. Көкөніс
дақылдарының алуантүрлі тұқымдарымен танысу;
4. Түрлі өскіндерден тамырдың сыртқы құрылысын зерттеп білу (ас
бұршақтың, асқабақтың, үрме бұршақтың және бидайдың). Тамырдың өсу (созылу)
аймағын тауып анықтау. Тамырдың түрөзгерістері;
5. Вегетативтік және гүл бүршіктерінің құрылысы. Жапырақтың сыртқы
құрылысы. Жапырақтағы лептесіктерді табу. Жапырақтың ішкі құрылысы.
Жапырақтың түр өзгерістері. Ағаштың көлденең кесіндісіндегі жылдық
сақиналарды табу. Тамырсабақтың түйнектің және пиязшықтың құрылысын қарау;
6. Гүлдің құрылысы мен танысу. Бунақденелілермен және желмен
тозаңданатын өсімдіктердің гүлдерін салыстыру;
7. Бөлме өсімдіктерін қалемшелеу;
8. Бір жасушалы және көпжасушалы балдырлардың микроскоптық және

сыртқы құрылысы. Мүктердің сыртқы құрылысы. Қырықжапырақ тәрізділердің
сыртқы құрылысы. Ашықтұқымдылардың сыртқы құрылысы. Қылқанжыпырақты
өсімдіктердің бүрлері мен тұқымдарының құрылысын зерттеп білу.
Шаршыгүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы.
Раушангүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы.
Алқа тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы. Бұршақ
тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы. Күрделігүлділер
тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы. Лалагүлділер
тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы. Пияз тұқымдасы
өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы. Астық тұқымдасы
өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы;
9. Пішен таяқшасы бактериясын микроскоп астында қарап, сыртқы
құрылысымен танысу. Бұршақ өсімдіктерінің тамырындағы түйнек бактерияларын
микроскоп астында қарап құрылыс ерекшеліктерімен танысу;
10. Микроскоптық мукор саңырауқұлағының сыртқы құрылысын зерттеп білу.
Түтікшелі және қатпарлы қалпақты саңырауқұлақтардың жемісті денесінің
құрылысы. Қабық (қаспақ) тәрізді қынаның жемісті денесінің сыртқы құрылысын
зерттеп білу. Қыналардың екі-үш өкілдерінің құрылыс ерекшелігімен танысу.
Практикалық (сарамандық) жұмыстар:
1. Бөлме өсімдіктерін күтіп баптаудың көктемдегі жұмыстары;
2. Мектептің тәжірибе учаскесі үшін тұқымдар таңдап алу және көшеттер
өсіру;
3. Мектептің оқу-тәжірибе учаскесінде және мектеп айналасында
өсімдіктер бірлестігін құрастырып, оны жабдықтау бойынша жүргізілетін
көктемгі жұмыстар. Бөлме өсімдіктерін көктемгі күтіп-баптау жұмыстары.
Мектептің оқу-тәжірибе учаскесінде орындалатын жұмыстар. Жылдың күзгі
мезгіліндегі өсімдіктердің тіршілігі.
7-сыныптағы зертханалық жұмыстар.
Зертханалық жұмыстар:
1. Ашық су қоймасынан не аквариумнан алынған су тамшысын микроскоп
астында қарап, қарапайымдардың өкілдерін табу;
2. Ұлулардың сыртқы құрылысын зерттеп білу және салыстыру. Тоспаұлудың
(немесе жүзім ұлуының) қозғалу ерекшелігін, сыртқы тітіркендіргіштерге
жауап қайтару реакциясын бақылау. Бақалшағының пішінін, оның сыртқы және
ішкі қабаттарының құрылысын қарап зерттеу. Әртүрлі тұщы су және теңіз
ұлуларының бақалшақтарын салыстырып зерттеу;
3. Бөлме шыбынының сыртқы құрылысы. Жеміс шыбыны дрозофиланың
дернәсілін және ересек дарағын қарап, оның құрылыс ерекшеліктеріне назар
аудару. Бау және бақша зиянкестерінің жинақтамасын зерттеп қарау. Зиянкес
бунақденелілерді ажырата білу;
4. Сулы ортадағы тірі балықтарды бақылау. Олардың сыртқы құрылысына
назар аударып зерттеу. Қабыршақтарындағы дөңгелектеу келген сызықтарға
қарап балықтың жасын анықтау. Балықтың қаңқасын қарап зерттеу. Балықтың
ішкі құрылысына қарап мүшелерін анықтап табу, олардың орналасуына назар
аудару;
5. Тірі бақаларға бақылау жүргізу. Бақаның сыртқы құрылысын зерттеп
білу. Қаңқасының ерекшелігіне назар аудару. Даяр ылғал препараттан бақаның
ішкі құрылысына қарап мұқият зерттеу;
6. Тірі кесірткенің қозғалысын, басқа да тіршілік әрекеттерін бақылау
(улы емес жыландарды немесе тасбақаларды бақылауға болады). Олардың сыртқы
құрылыстарына назар аударып зерттеу. Кесіртке мен бақаның қаңқаларын
салыстыру;
7. Құстардың сыртқы құрылысы. Қауырсынды жамылғысы, қауырсындарының
әртүрлі типтері. Құстардың қаңқасы, ішкі құрылысы (ылғалды препарат). Тауық
жұмыртқасының құрылысын зерттеу;
8. Аңдардың тіршілігін бақылау. Сыртқы құрылысын, қаңқасының құрылыс
ерекшелігін зерттеп білу. Даяр ылғал препараттардан ішкі құрылысын қарап
танысу.
8-сыныптағы базалық білім мазмұнындағы зертханалық және практикалық
жұмыстар.
Зертханалық жұмыстар:
1. Эпителий, дәнекер, бұлшық ет және жүйке ұлпаларын микроскоп астында
қарау, немесе Ұлпалардың құрылысы атты электрондық нұсқаны көріп танысу;
2. Тізе рефлексін зерттеу. Терінің тітіркенуі кезінде жолақтардың
түзілуін бақылау: вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімінің
әсерінен терідегі қан тамырлары тарылып теріде ақ жолақтар көрінеді, ал
одан кейін байқалатын қызыл жолақтардың парасимпатикалық бөлімнің әсерінен
қан тамырларының кеңеюіне байланысты жүреді. Көзді жыпылықтату рефлексінің
түзілуі және оның тежелуі;
3. Көздің нұрлы қабығы мен көзбұршақтың қызметін анықтау. Соқыр дақты
табу. Құлақтың есту мүмкіндігін анықтау. Саусақтардың ұшындағы
төмпешіктердегі және сыртқы бетіндегі сезімталдықты анықтау;
4. Кальцийсіздірілген және күйдірілген сүйектің қасиеттерін зерттеу.
Омыртқа жотасының иілгіштігін, бұлшық еттер мен сүйектерінің орналасуын
анықтау. Организмнің өсу және даму деңгейін антропометрлік әдіспен анықтау;

5. Адам қанын микроскоп астында қарап, құрылысымен танысу;
6. Жарақаттанған саусақты қатты қысып байлау себепті веналық
қақпақшалар жабылып, қолды төмен түсіргенде саусақтың веналық қан
тамырларында қан айналым тоқтайды. Тамырдың соғуын қолдың білезігінен кәрі
жілік артериясын саусақпен басып өлшейді. Жүрек қан-тамырлар жүмысын
тексеру үшін адамды 20 рет отырғызып-түрғызудың алдындағы және одан кейінгі
тамыр соққыларын салыстырып анықтайды;
7. Қайнатылған крахмалға сілекейдің әсерін байқау;
8. Тамыр соғуының санына сәйкес шамамен энергия жұмсау мөлшерін
анықтау. Тамақтану мөлшерін анықтау, тамақ рационын құру;
9. Еріген қар суының мөлдірлігін анықтау арқылы оның ластану дәрежесін
бағалау;
10. Қолдың алақанын және сыртқы бетін ұлғайтқыш әйнекпен (лупа) қарап
зерттеу. Терінің терморецепторларын (суық және жылу), жанасу рецепторларын
табу. Майлық қағаздың көмегімен беттің түрлі учаскелеріндегі терінің
майлылығын анықтау.

Практикалық (сарамандық) жұмыстар:
1. Тыныс алу тоқтап қалған кезде алғашқы көмек көрсету.
9-сыныптағы базалық білім мазмұнындағы зертханалық және практикалық
жұмыстар.
Зертханалық жұмыстар:
1. Тірі ұлпаларда ферменттердің катализдік белсенділігі;
2. Пияз қабықшасының жасушасындағы плазмолиз және деплазмолиз. Өсімдік,
жануар және бактерия жасушаларының құрылысы. Олардың құрылысындағы
айырмашылықтарды табу;
3. Модификациялық өзгергіштіктің вариациялық қатарын және вариациялық
қисық сызығын құрастыру. Организмдердің өзгергіштігі; Жергілікті өсімдік
іріктемелерінің фенотиптері;
4. Әр түрге жататын өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері;
5. Организмдердің мекен ортасына бейімделуі. Өсімдіктердегі
ароморфоздар және бунақденелілердегі идиоадаптациялар.

Практикалық (сарамандық) жұмыстар:
1. Қарапайым генетикалық есептер шығару, Өз ататегіңе шежіре құрастыру.

10-сыныптағы базалық білім мазмұнындағы зертханалық және практикалық
жұмыстар (қоғамдық-гуманитарлық бағыт).
Зертханалық жұмыстар:
1. Эукариоттық (өсімдік, жануар,саңырауқұлақ) және прокариоттық
(бактериялық) жасушалардың құрылысы;
2. Эукариоттық (өсімдік, жануар, саңырауқұлақ) және прокариоттық
(бактериялар) жасушалар;
3. Өсімдік фенотиптерін зерттеу.

Практикалық (сарамандық) жұмыстар:
1. Генетикалық есептер шығару.
11-сыныптағы базалық білім мазмұнындағы зертханалық және практикалық
жұмыстар (қоғамдық-гуманитарлық бағыт).
Зертханалық жұмыстар:
1. Мәдени өсімдіктердің іріктемелерінен өзгергіштікті, қолдан
сұрыптаудың нәтижесін, түр критерийлерін зерттеу;
2. Организмдердің тіршілік ортасына бейімділігін зерттеп білу.

10-сыныптағы базалық білім мазмұнындағы зертханалық және практикалық
жұмыстар (жаратылыстану-математикалық бағыт).
Зертханалық жұмыстар:
1. Эукариоттық (өсімдік, жануар, саңырауқұлақ) және прокариоттық
(бактериялар) жасушалардың құрылысы;
2. Пияз эпидермисінің жасушаларындағы плазмолиз және деплазмолиз
құбылыстарын бақылау;
3. Өсімдік жасушаларындағы цитоплазманың қозғалысын бақылау;
4. Өсімдіктер мен жануарлардағы өзгергіштікті зерттеу, вариациялық
қатар және қисық құрастыру;
5. Өсімдік фенотиптерін зерттеу;
6. Шежіре құру.

Практикалық (сарамандық) жұмыстар:
1. сарамандық жұмыс, генетикалық есептер шығару.
11-сыныптағы базалық білім мазмұнындағы зертханалық және практикалық
жұмыстар (жаратылыстану-математикалық бағыт).
Зертханалық жұмыстар:
1. Мәдени өсімдіктердің іріктемелерін пайдаланып қолдан сұрыптаудың
нәтижесін,түр критерийлерін, өзгергіштікті зерттеу;
2. Организмдердің тіршілік ортасына бейімділігін зерттеп білу.

Ескерту: Зертханалық жұмыстарды орындауға қажетті құрал-жабдықтар
болмаған жағдайда оларды көрсетілімдермен немесе электрондық нұсқалармен
алмастыруға болады. Зертханалық, практикалық сабақтар мұғалімнің жаңа
тақырыпты түсіндіру бағытында жүргізіледі, егер оған сағат бөлінбеген
болса, тарауды қорытындылау кезінде өткізуге болады.
Биология пәнінің басты міндеттерінің бірі – оқушыларға материалистік
көзқарас, дұрыс мәнді ғылыми дүниетаным қалыптастыру. Себебі пәннің мазмұны
тіршіліктің пайда болуы, дамуы және мәні заңдары негізінде берік моральды,
өмірдің мәні мен мақсатын дұрыс түсінетін, әртүрлі зиянды қылықтар мен
әрекеттерге төзе алатын ұрпақ тәрбиелеу. Тек биология пәнінен зертханалық
және практикалық сабақтарды ұйымдастыру арқылы ғана, дұрыс ұйымдастырылған
нақты мақсатты сабақтар өткізу, сабақ әдістерін жетілдіру нәтижесінде терең
де дәйекті түрде адамның табиғаттағы рөлін ашып көрсетіп, экологиялық
мәдениеті мен сауаттылығын арттырып, өз өмірлеріне сауаттылықпен қарауды
жолға қоюға болады.
Биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтар – оқушылардың
танымдық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызады, оқушылардың ойын
дамытады,өз бетінше іздеп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды. Оқушыны өз
бетімен жұмыстандыру идеясы сонау ерте заманнан-ақ Аристотель, Сократ,
Платон сияқты философтардың еңбектерімен талданған. Ары қарай дамуына Я.А.
Коменский, В.Г. Белинский, Л.Н. Толстой, К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде
жалғасын тапты. Өз бетімен жұмыс түрлерінің бірі – зертханалық, практикалық
жұмыстар.
Зертханалық сабақ пен практикалық сабақтар – оқушылардың оқу іс-
әрекетінің бір түрі; мақсаты мен міндеті ұқсас. Зертханалық және
практикалық жұмыстар оқу бағдарламасына енгізіліп, курс бөлімін немесе
тақырыпты оқығаннан кейін жүргізіледі.
Практикалық (сарамандық) жұмыстардың негізгі мақсаты – оқушыларға
теориялық білімді терең меңгеріп, эксперимент жасау дағдыларын дамыту.
Практикалық жұмыстарды жүйелі түрде орындау – анализ, синтез, салыстыру,
жалпылау, оқытудағы теория мен практиканың байланысы, оқушылардың
дербестілігі мен танымдық күшінің дамуы сияқты ойлау амалдарын меңгерудің
маңызды құралы. Бұл сабақтар білімді бекітуге және нақтылауға себепші
болады. Мазмұны мен тәсілдері оқу пәнінің ерекшелігіне байланысты
өткізіледі. Бұл әдіс оқушылардың әр түрлі іс-әрекеттерінде қолданылады.
Практикалық жұмысқа оқушылар алдымен теориялық білім алғаннан кейін
ғана кірісе алады. Бұл оқушының алдымен теориялық білімді терең меңгеріп,
жасалған жұмыстың нәтижесін дұрыс түсінуіне мүмкіндік береді.
Жұмыстың жоғары дәрежеде, дұрыс орындалуы үшін топта 10 адамнан болуы
керек, олар жеке-жеке немесе жұппен орындайды. Жұмыстың тақырыбы, мақсаты,
зерттеу объектісі, қажетті құрал-жабдықтары практикалық және зертханалық
дәптерлеріне көшіріліп, қорытындыланады. Практикалық жұмыс мектеп
шеберханаларында, оқу тәжірибе учаскілерінде өткізіледі. Ал, зертханалық
сабақтар биологиялық кабинеттер мен зертханаларда жүргізіледі.
Оқу-тәжірибе учаскісінде оқушылар өсімдіктерге фенологиялық бақылау
жүргізіледі, одан алынған мәліметтерді күнделікке жазып отырады. Тәжірибе
жұмысы аяқталғаннан кейін күделікті биология кабинетіне тапсырады. Күнделік
мәліметтері ботаника сабақтарында пайдаланады. Оқушылар практикалық
жұмыстарды толық қамтылған ресурстық орталықтың базасындағы арнайы
зертханалық сыныптарда немесе компьютер арқылы виртуалды зертханаларда
түрлі тапсырмаларды орындайды. Мәселен, өсімдіктердің көбеюі, тозаңдануы
және т.б.
Биологиялық білім берудің мақсатын, тіршілік турасындағы осы білімнің
құрылымын және жекелеген пәндерге жіктелуін (ботаника, зоология және т.б.),
ғылыми білімге тұтастық пен жүйеліліктің не беретінін біліп алмай оны
(биологиялық білімді) жетілдіру жолдарын іздестіру мүмкін емес. Ғылым мен
мәдениеттің өзара әрекеттестігі белгісіз болса, онда биологиялық білімнің
(білім берудің) бетін қазіргі мәдениетке қарай бұру мүмкін емес.
Оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастыру үшін теорияның, әдіснаманың, әлем
бейнесінің байланыс жолдарын, олардың өзара әрекеттесуі формалары мен
тәсілдерін білу маңызды.
Оқыту практикасында оқытудың әртүрлі әдістері қалыптасты. Негізгі
белгілеріне қарай, оларды:
1) Оқушының білімді алатын көзі;
2) Мұғалім әрекетінің сипаты;
3) Оқу процесіндегі оқушы әрекетінің сипаты.

Осы 3 белгі оқыту мен оқудың біртұтас процесс екенін көрсетіп, мұғалім
мен оқушының өзара байланысын қамтамасыз етеді. Ал білім көзі екеуінің
өзара әрекетіне байланысты.
Әдістердің негізгі белгілеріне сүйене отырып әдістер тобын талдап алуға
болады. Осы әдістер тобынан оқытушылар оқушыларға білім көзін жеткізетін
әдістерді таңдайды. Зертханалық және практикалық сабақтарда әдістердің
түрлері:
Білімді берудің негізгі көзі – көрсету. Оқытушының зат пен құбылысты
демонстрациялап көрсетуі болады, екінші орында – бағыттап түсіндіру.
Білімнің негізгі көзі – байқауда. Бұл жерде оқушының әрекеті
демонстрациялайтын объектіні не процесті көріп қабылдауға бағыттайды.
Оқушы өзінің жауабында нені байқағанын айтады. Кейде өсімдік пен
жануарларды демонстрациялап, не таблица арқылы әңгімелеп айтады. Бұл жерде
сөз түріндегі тыңдағаннан көрі өте қысқа болады.
Ең соңында білімді жеткізудің практикалық – әдісті пайдалану арқылы
беріледі. Оқушылар нұсқау арқылы өзбетінше тұқымның, жемістің құрылысын
қарайды немесе қоршаған ортаны ластаушы механикалық бөлшектерді
микроскоппен қарап, фракцияларға бөліп: тозаң ба? өсімдік қалдығы ма? я
тұздар ма? түрі анықталып, мөлшері белгіленеді.
Әртүрлі жағдайда жұмыс жүргізе отырып жаңа білім, білік алады. Олар
кейін автоматты түрдегі әдетке айналады.
Оқушылардың практикалық әдіс кезіндегі әрекеті зерттейтін (пинцет,
лупа, микроскоп, жабын әйнек және т.б.) және өндірістік еңбекті
пайдаланылады.
Оқытушының сөзі бұл жерде: жұмыстың мақсатын түсінуге, қандай теориялық
білімді пайдалануға болатындығына нұсқаулар беруге қажетті.
Кейбір жағдайды практикалық жұмыстарды жүзеге асыру үшін мұғалімнің
айтуы, нұсқауы мен әдебиеттерді (анықтамаларды т.б.әдебиеттерді) негізгі
білім көзіне пайдалануға болады.
Сонымен білім көзінің қай түрінің сипаты негізгі болуына қарай, оқытушы
мен оқушының әрекетіне қарай негізгі оқыту әдістері 2 топқа немесе туысқа
бөлінеді:
1. Көрнекілік әдіс.
2. Практикалық әдіс.
Көрнекілік әдісте білім көзі: көрнекті объект, оқытушы көрсету арқылы
білім береді. Оқушының меңгеруі байқау арқылы жүзеге асырылады. Ал,
практикалық әдісте білім көзі практикалық жұмыс, оқытушы нұсқау арқылы
білім береді. Оқушының меңгеруі жұмыс жасау арқылы жүзеге асырылады.
Бұл топтағы бірбірімен туысқан әдістердің де түрлері бар. Натуралды
объектілер, тәжірибелерді демонстрациялау сондайақ бейнелеу көрнекілік
құралдарды (кино, таблица, схема). Көрнекілік әдістің ең жақын түрлерін
құрайды.
Практикалық жұмыста оқушылар объектілерді тану, анықтау, дербес
жүргізілетін тәжірибелерді байқау, эксперимент қою сияқты мұғалімнің қойған
тапсырмаларын орындау практикалық әдістің әртүрлі жақын түрлері.
Барлық әдістерде де оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыруды
көздейді. Мәселен, көрнекілік әдісте өткен тәжірибені демонстрациялау, ал
практикалықта олар жүргізетін тәжірибелердің варианттары ұсынылады,
жұмыстың нәтижелері қарастырылады. Барлық әдістерде кітаппен жұмыс
жасалады.
Мұғалімнің биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды
өткізудегі әдістері өзгермейтін, статистикалық емес. Оқу материалының
мазмұнына оқушының жас ерекшелігіне сәйкес бір әдістің өзіне оның түрлері
әртүрлі дәрежеде күрделенеді.
В.Ф. Шаталовтың ұсынған әдістемелік үрдісінде тірек-сызба белгілерін
биология сабақтарында қолдану мектеп мұғалімдерінің көпшілігінен үлкен
қолдау тауып отыр. Бұл оқытудың көрнекілік принципін қолдану болып
есептеледі. Тірек-сызба белгілерде сабақтың мазмұны түйінді, жинақы
беріледі. Тірек - сызбаның оқушыға тиімділігі мынада:
1. Оқушыға оқу материалы жинақы, қысқаша беріледі.
2. Оқу материалының ішінен ең негізгісін таңдай білуді үйренеді.
3. Тандап алған танымдық – білімдік түсініктерді бір - бірімен
байланыстырып, қарапайым жүйе жасауды үйренеді;
4. Оқулықпен және басқа материалдармен жұмыс жасауға дағдыланады;
5. Өзіндік деңгейін біледі және өзін - өзі бағалауды үйренеді.
Тірек - сызба белгілерді жаңа сабақты түсіндіруге, қорытуға, қайталауға
пайдалануға болады.
Сонымен тірек - сызба белгілерін өсімдіктер дүниесінен бастап,
жануарлар дүниеснің құрылысын қалыптастыру мақсатында жалғастыру жөн.
Жануарлар дүниесінің өзіне тән ерекшеліктерін қалыптастыруға тірек -
сызба белгілердің мәні зор.
Көрнекілік әдісте де оқушылар білім алуында көрнекілікті құралдарды
пайдалану біртіндеп күрделенеді. Мұғалім әдістерді пайдаланғанда, оқушының
ойын дамыту және қандай қорытындыға келетінін алдынала білуге тиіс, бирақ
қандай нәтиже шығатынын сездірмеу керек.
Зертханалық және практикалық сабақтардағы оқыту мен тәрбиелеудің
мақсаты – оқушылардың білімін өзінше өмірге пайдалана білуге жеткізу.
Мектепті бітіргенде оқушы өз бетінше ойлауға, өз бетінше практикалық
жұмысқа дайын болуы керек. Кезкелген жаратылыстану курсында бір сабақтың
өзінде, сабақтың мазмұнының бөліктеріне қарай бірнеше әдістерді пайдалануға
болады.
Биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақты өткізуде
пайдаланылатын көрнекіліктің мынандай түрлері бар:
1. Табиғи (натуралды) көрнекілік (табиғат объектісі тірі және препарат
түріндегі тұлыптар, кеппе шөптер, ылғалды препараттар) келеді.
2. Бейнелеу түріндегі (таблица, схема, муляж, сурет). Техникалық
бейнелеу (кино, компьютер, слайд, видео құралдары). Сондықтан да көрнекілік
әдістің түріне мынадай демонстрациялаулар жатады:
тәжірибелер;
натуралды объектілер;
бейнелеу құралдары.
Практикалық және зертханалық сабақтардың құндылығы сол оқу тәрбиелік
маңызы ерекше, себебі жұмысты орындау барысындағы мақсатқа жету, міндетті
шешу үшін оқушы өзінің алған теориялық білімін іске асырады, біліктілік
механикалық түрде дамымай алған білімге сүйенеді. Сондықтанда бұл
жағдайдағы практикалық, зертханалық жұмыс білімнің көзі болады.
Зертханалық, практикалық жұмыс алдында қойылған сұраққа, проблемаға,
мақсатқа оқушылар жұмыстың нәтижесімен жауап беру керек. Дұрыс өткізілген
зертханалық және практикалық сабақ оқушыларды біраз логикалық операцияларды
жасауға мәжбүр етеді: ұқсастық және айырмашылықты, классификациялауды,
қорытынды, жинақтап шолу, ой тұжырымын жасау.
Биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды өткізуде
оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі. Әдістер белгілі бір негіз
бойынша топтарға бөлінеді.
XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б.Е. Райков, К.П. Ягодовский түсіндіру,
тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді.
Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен, тәжірибелік жұмыстардан білім
алады. Осыны ескеріп 20-30 жылдарда Н.М. Верзилин, Е.Я. Голант сөздік,
тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады. Қазір компьютерлік жүйелер
арқылы білім алу мүмкіндігі бар.
М.А. Данилов (1899-1973), Б.П. Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа
жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім алу, іскерлік
және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет,
бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері
бойынша оқыту әдісі - дидактикалық мақсатқа жету үшін оқушылардың іс-
әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың
алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген.
И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин оқыту әдістерін оқушылардың танымдық
жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой
жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді.
Оқытушының басшылығымен жұмыс істейтін оқушылардың танымдық
белсенділігі әртүрлі.
Биология пәнінен зертханалық, практикалық жұмыстар ұйымдастыруда
репродуктивтік әдіс арқылы оқушы дайын білімдерді есінде сақтап, кейін
қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсен ділігі төмен болады.
Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің
танымдық іс-әрекеті арқылы алады. Бірақ сабақты тұрақты түрде мәселелік,
эвристикалық, зерттеу әдістерімен өткізу мүмкін болабермейді.
Ю.К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады.
Ол іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын
атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру,
бақылау әдістері деп бөледі.
М.И. Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін іріктеген.
Оқыту әдістері: а) ақпарат беру әдісі, ә) түсіндіру әдісі, б) ынталандыру
әдісі, в) тәжірибелік әдіс.
Бинарлық әдістер бір-бірімен тығыз байланысты оқыту мен оқудың
тәсілдерін (хабарлау, міндеттер қою, мұғалімнің тапсырма беруі, оқушылардың
тыңдауы, жаттығулар орындауы, есептер шығаруы, мәтінді оқуы, т.б.)
қолдануды талап етеді. Мысалы, мұғалім оқушыларға фактілер мен ережелерді
хабарлайды, заттарды көрсетеді, фактілердің мәнін түсіндіреді, оларға
сұрақтар қояды. Егер оны тәсілдердің арасында түсіндіру тәсілдері, дәлірек
айтсақ фактілерді талдау, салыстыру, хабарлау, т.б басым болса, онда оқыту
әдісін түсіндірмелі деп атауға болады. Егер негізгі тәсіл - ақпараттарды,
фактілерді ұсынумен шектелсе, (мысалы: мұғалім оқушыларға ережелерді
жаттауды ұсынады, бірақ ереженің мәнін түсіндірмей, оны жаттау тәсілін
айтады), онда оқыту әдісі ақпараттық- хабарлау, немесе оны жай ғана
хабарлама әдісі деп атайды. Осыған сәйкес бірінші жағдайда оқушылар
заттарды бақылап, фактілерді есінде сақтайды, мұғалімнің түсіндіргенін
тыңдайды және ой елегінен өткізеді, ақпараттық сұрақтарға жауап іздейді.
Бұл жерде оқу әдісі репродуктивтік, дәлірек айтсақ жаңа ережені оқушылар
дайын күйінде меңгереді (оқушылар фактілерді талдап, ережелер шығармайды).
Егер оқыту әдісі хабарлау әдісі болса, оқудың негізгі тәсілі жаттау,
оқушылардың үлгі бойынша жұмыс істеуі. Мұндай оқу әдісін шартты түрде
орындаушылық деп атаймыз.
Сондықтан оқушының кітаппен жұмысы оқу әрекетінің тәсілі болып
табылады. Эвристикалық әдісті қолданғанда мәселелік деңгей (оқушылардың
белсенділігі) едәуір көтеріледі, эвристикалық әңгімелерге танымдық
(логикалық) есептер және проблемалық тапсырмалар қосылады. Оқушылар
мұғалімнің көмегімен жаңалық ашады, бірақ негізінен оқушылар өз бетімен
жұмыс істейді. Зерттеу әдісін қолданғанда мұғалім оқушыларға тәжірибелік
сипаттағы тапсырмалар (тәжірибе жүргізу, қосымша ақпарат, фактілерді жинап
оларды өз бетімен талдау және қортындылау, өз ойын дәлелдеуге керекті
материалдарды жинау, т.б.) береді. Оқушылар оларды өз бетімен орындайды,
бірақ бұдан мұғалімнің басшылығы керек емес деген сөз тумайды.
Биология пәнінен зертханалық, практикалық сабақтар өткізу кезінде оқыту
әдістерін тандау әдетте сабаққа оқу материалының мазмұнын таңдаған кезде
жүреді. Ол дидактикалық мақсатқа, оқушылардың білім деңгейіне мұғалімнің
өзінің дайындық деңгейіне байланысты.
Әңгіме – оқу материалын ауызша баяндау. Міржақып Дулатов Оқытудың
баяндау, әңгіме, түсіндіру әдістеріне ерекше мән беріп, баланы толық жауап
беруге әдеттендіру керек, - дейді. Сөйтіп, оқытушы көркемдеп оқытудың
жаңаша жолдарын ұсынып, мұғалімдерден соны іс-әрекеттерді талап етеді.
Балалар дұрыс оқи алмай, қиналған жерде мұғалім өзі оқып, көрсету лайық,
- дейді.
Сөздік әдісі ресурстық орталықтарда биология пәнінен практикалық
жұмыстар ұйымдастырудың барлық сатыларында қолданылып, әңгіменің сипаты,
көлемі, ұзақтығы өзгереді. Әңгіме арқылы жаңа білімді хабарлау үшін оған
кейбір талаптар қойылады. Олар:
• әңгіменің оқушылардың адамгершілігіне әсер етуі;
• әңгімеде дәлелді және ғылыми фактілердің болуы;
• ой пікірдің дұрыстығын дәлелдейтін жарқын және нанымды мысалдардың,
фактілердің жеткіліктілігі;
• әңгіменің жүйелілігі болуы керек;
• әңгіменің әсерлілігі;
• тілінің қарапайымдылығы және түсініктілігі;
• мұғалімнің фактілер, оқиғаларға берген бағасының болуы.
Түсіндіру – жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі құралдардың
жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау. Мысалы, Ресурстық орталықтарда
биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарда жаңа тақырыптарды
өтер алдында оқушыларға терминдік сөздердің мағынасын түсіндіріледі.
Мұғалім оқушыларға таныс емес құралдарды немесе басқа көрнекі құралдарды
сабаққа алып келіп, жаңа материалды түсіндірмес бұрын оларды оқушыларға
түсіндіреді. Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады,
бірақ бекіту кезінде оқушылар білімді дұрыс меңгермегенде де қолданылады.
Биологиялық есептерді шығарғанда теоремаларды оқығанда, табиғат және
қоғам құбылыстарының түбірлі себептерін және салдарын ашу кезінде түсіндіру
әдісі жиі қолданылады.
Түсіндіру әдісіне қойылатын талаптар:
• сұрақтарды дәл және аңық тұжырымдау;
• себеп-салдар байланысын ашып, дәлелдер келтіру;
• салыстыру, қатар қою, ұқсату, жарқын мысалдар қолдану;
• жүйелілік.
Түсіндіру – оқыту әдісі ретінде әр жастағы балалар тобымен жұмыста кең
қолданылады. Бірақ орта және жоғары сатыларда оқу материалының күрделеніп,
оқушылардың ақыл-ой жұмысының мүмкіндіктері өскенде бұл әдіс кіші жастағы
оқушылармен жұмысқа қарағанда көбірек қолданылады.
Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият
ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын
меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін
тексереді. Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер
түрде қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды.
Оқу материалының мазмұны, оқушылардың шығармашылық танымдық қызметіне
қарай дидактикалық процестегі әңгімелесу әдісінің көптеген түрлері бар.
Олар: кіріспе, немесе практикалық сабақты ұйымдастыратын әңгіме, жаңа
білімді қалыптастыру (сократ, эвристикалық), жинақтаушы, жүйелеуші және
бекітуші әңгімелер арқылы оқушылардың іс-әрекеттің жаңа түріне, жаңа
білімді тануға дайындық деңгейі анықталады.
Әңгімелесу әдісі. Оқушыны жаңа білімді алуға белсене қатыстырып, оны
білім алу әдістеріне, мұғалім қойған сұрақтарға өз бетімен жауап беруге
үйретеді. Эвристикалық әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімі мен
тәжірибесіне сүйеніп, олардың жаңа білімді түсінуін, қорытынды жасауын
жеңілдетеді. Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушылар өздері еңбектеніп, ойланып
жаңа білім алады.
Білімді жинақтайтын, бекітетін әңгіме оқушылардан теориялық білімдерін,
оны қолдану тәсілдерін жүйелеуге бағытталған. Оқушы өз білімін жаңа оқу
және ғылыми мәселелерді шешуге қолданады.
Әңгімелесу барысында мұғалім сұрақты бір оқушыға (жеке әңгімелесу)
немесе барлық сынып оқушыларына (жаппай) қояды. Әңгімелесудің бір түрі -
оқушымен әңгімелесу. Оны сыныппен, оқушылардың жеке топтарымен өткізуге
болады, әсіресе жоғары сынып оқушылары өз пікірлерін айтып, сұрақтар қойып,
мұғалім ұсынған тақырыпты талқылайды. Әңгімелесудің нәтижесі көп жағдайда
сұрақтардың дұрыс қойылуына байланысты.
Әңгімелесу әдісінің артықшылықтары:
• ес пен тілді дамытуы;
• оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсенді етуі;
• оқушылардың білімінің белгілі болуы;
• жақсы диагностикалық құрап;
• үлкен тәрбиелік күші бар.
Әңгімелесу әдісінің кемшілігі:
• уақыттың көп кетуі;
• қауіп элементі бар (оқушы дұрыс жауап бермеуі мүмкін, оны басқа
оқушылар естіп, есінде сақтап қалады.
Оқу пікірталастары оқытудың сөздік әдістерінің ішінде елеулі орын
алады. Оның оқыту процесіндегі ең басты қызметі - танымдық қызығушылықты
ынталандыру, оқушыларды қандай да мәселе бойынша түрлі ғылыми көзқарастарды
белсенді түрде талдауға қатыстыру, басқа жеке тұлғанық және өзінің
көзқарастарының негіздерін түсінуге жағдай жасау. Пікір-сайыс өткізу үшін
оқушылардың дайындығы, талданатын мәселе бойынша кем дегенде екі ңарама-
қарсы көзқарас болу керек. Білімсіз өткен пікірсайыс жүйесіз мәселеден
ауытқып, нәтижесіз өтеді. Оқу пікірсайыстары оқушылардың өз ойларын анық
және дәл тұжырымдау іскерлігінің болуын, дәйекті дәлелдерді құрастыра
білуін талап етіп, оларды ойлауға, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеуге, ой
жарыстыруға үйретеді. Мұғалім сөз мәнерінің үлгісі болып, оқушылардың ой-
пікірлерін тыңдап, оған әдепті түрде түзетулер енгізіп, өз пікірінің
ақиқаттығына таласпай, соңғы сөзді айтуға құқығы бар екендігін оқушылардың
естеріне салуы қажет.
Оқу пікірталасы негізгі мектептің жоғары сыныптарында, ішінара, орта
мектептің бастауыш сыныптарында қолданылады.
Жақсы өткізілген пікірсайыс балаларға білім және тәрбие береді,
мәселені терең түсінуге, өз пікірін қорғауға, басқалардың пікірімен
санасуға үйретеді.
Кітаппен және оқулықтармен жұмыс – оқытудың маңызды әдісі. Бұл әдіс
арқылы оқушы жеке жұмыс жасауға үйренеді. Баспа материалдарымен өз бетімен
жұмыстың кейбір тәсілдері бар. Олар:
• конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау;
• мәтіннің қарапайым және күрделі жоспарын жасау. Жоспар құру үшін
мәтінді оқып болған соң оны бөліктерге бөліп, әр бөлікке атау беру керек;
• тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау;
• цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап
(жұмыс) аты, баспасы, шьққан жылы, беттері көрсетіледі;
• аннотация — мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау;

• рецензиялау - оқу материалы туралы өз ойын қысқа жазу;
• справка жазу - тапқан кітап, т.б. мағлұмат көзі туралы мәлімет.
Анықтамалар статистикалық, библиографиялық (өмірбаяндық, терминологиялық,
географиялық, т.б) түрде болады;
• формалдық-логикалық модель - мәтіннің сызбасы;
• тақырыптық тезаурус – бөлім, тақырып бойынша негізі ұғымдарды ретке
келтіру.
Биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды өткізуде
қолданылатын көрнекілік әдістер Көрнекілік әдісі. Әл-Фараби Оқытудың 18
негізгі әдісі – көрнекілік деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін
(түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Оқу материалын меңгеру көп
жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық
құралдарға байланысты.
Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара
байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды
таныстырғанда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет,
көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін
немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен
экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін
шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация.
Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап
айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер
көрсетіледі.
Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі ретіндегі ерекшеліктері
Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы
немесе техникалық құралдардан, кино-фильмдерден, диафильмдерден
көрсетіледі.
Оқу процесіне жаңа техникалық құралдарды енгізу (теледидар,
видеомагнитофондар) оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Қазіргі уақытта көрнекі құралдың жаңа түрі – жеке тұлғалар қолданатын
компьютерлерге ерекше көңіл бөлініп, мектептерде электронды-есептегіш
техникасы кабинеттерін құру міндеті шешілуде, оқу процесіне белгілі бір
жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге мүмкіндік беретін компьютерлерді
енгізу міндеті де қолға алынуда. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен
меңгерілген көптеген процестерді қозғалыста, көрнекі түрде көруге мүмкіндік
береді. Компьютерлер, көрнекілік әдістерінің оқыту процесіндегі
мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді.
Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттарды:
• көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;
• көрнекілікті сабаөтың керек сәтінде қолдану;
• демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;
• иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу;
• құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият
ойластыру;
• демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес
келуі;
• көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті мәліметтерді
табуға оқушыларды ңатыстыру.
Оқытудың тәжірибелік әдістері арқылы оқушылар тәжірибелік қызметпен
айналысып, тәжірибелік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырады.
Тәжірибелік әдістер: зертханалық және практикалық жұмыстар.
Ресурстық орталықтарда биология пәнінен практикалық жұмыстар
ұйымдастыруда оқушылардың таным-белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған
әдістер (И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин).
Түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс. Бұл әдіс арқылы оқушылар ақпараттарды
меңгереді. Оны басқаша ақпараттық-рецепция (қабылдау) әдісі деп атайды. Осы
әдіс арқылы мұғалім дайын ақпараттарды оқушыларға түрлі құралдармен
түсіндіреді, ал оқушылар ақпараттарды түсініп, естерінде сақтайды.
Ақпараттар әңгіме, дәріс, түсіндіру, кітап, қосымша құралдар, көрнекі
құралдар арқылы беріледі. Мұғалім – есептер шығарады, теоремаларды
дәлелдейді, жоспар құруға үйретеді. Оқушылар - мұғалімнің іс-әрекетін
қайталайды, тыңдайды, көрнекіліктеріне қарайды, заттармен жұмыс істейді,
оқиды, бақылайды, жаңа оқу материалдарын бұрынғы білімдеріне қосады.
Түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс арқылы адамзат жинақтаған тәжірибені
аз уақыт ішінде беруге болады. Оның пайдасы ғасырлар бойы тексерілген және
көп елдерде қолданылады.
Көп ғасырлар бойы білім беру үшін мұғалімнің сөзі, оқу кітаптары,
жұтаңдау көрнекі құралдар қолданылады. Қазір ақпараттар техникалық құралдар
арқылы да берілуде. Олар арқылы ғалымдармен, жазушылармен, суретшілермен,
әртістермен, конструкторлармен, т.б. кездесу өткізуге болады.
Оқу кинолары, телехабарлары зат және құбылысты жақсы қабылдап, түсінуге
көмектеседі. Олар арқылы өсімдіктің қалай өсетінін, ғарыштағы
микроағзалардағы құбылыстарды көреді. Жұмыс істеп тұрған үлгілерді, табиғи
объектілерді демонстрациялауды кең қолдану керек.
Түсіндермелі-иллюстративтік әдіс биологиядан практикалық, зертханалық
жұмыстарында кең тараған. Ол арқылы білім дайын күйінде беріледі. Мұғалім
материалды қабылдауға көмектеседі, оны оқушылар түсініп, естерінде
қалдырады. Бұл әдісті шектен тыс қолдануға болмайды.
Репродуктивтік әдіс. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушының іскерлігін және
дағдыларын қалыптастырып, тапсырмалар беріп, өзі меңгерткен білімді,
үйреткен іскерлік дағдыларын оқушыларға қайталатады. Оқушылар мұғалімнің
есебіне ұқсас есептер шығарып, тіл сабақтарында үлгі бойынша жіктейді,
септейді, жоспар құрып, мұғалімнің нұсқауымен құралдармен жұмыс істеп,
биологиядан практикалық тәжірибе жасайды.
Репродуктивтік әдіс мұғалімнен ұйымдастырушылық қабілетті талап етеді.
Мұғалім сөздік, көрнекілік, тәжірибелік әдістер арқылы жаңа оқу материалын
түсіндіреді, ал оқушыл ар оларды тапсырмаларды орындау үшін қолданады.
Оқушыларға берілетін нұсқаулар жетілдіріліп, жауаптары бар
бағдарламаланған оқулықтар жасалуда. Оларға ауызша түсіндіру, қалай жұмыс
істеуді айтумен қатар, жұмыс істеуге керек сызбалар, кинодан үзінділер
көрсетіледі.
Білімнің көлемі көп болғанда репродуктивтік әдіс түсіндірмелі-
иллюстративтік әдіспен бірге қолданылады.
Оқушыларға алгоритм беріледі. Алгоритм - оқушыға зат не құбылысты толық
білуге көмектесетін бағыт беретін іс-әрекеттердің жүйесі. Оқушыларға
конспектілеудің, салыстырудың, есеп шығарудың алгоритмдері беріледі.
Алгоритмдер бірнеше операциялары бар дағдыларды қалыптастыруға пайдалы,
себебі күрделі іс-әрекеттен оның жеке операциялары бөлінеді.20
Репродуктивтік әдіс бағдарламалық оқытумен тығыз байланысты. Ол арқылы
тәжірибелік жұмыстар атқарылады. Оқушылар өз бетімен меңгере алмайтынын,
олар үшін мүлдем жаңа тақырыптарды репродуктивтік әдіспен беру керек.
Аталған әдісті шектен тыс қолдану жаттандылыққа әкеліп, оқушының
шығармашылығын, ақыл-ойын дамытпайды. Себебі репродуктивтік әдісті
қолданғанда оқушылар үлгі, нұсқау бойынша жұмыс істейді.
Мәселелік әдісті қолданғанда оқушылар орындайтын іс-әрекеттен
шығармашылық іс-әрекетке көшеді. Оқушылар мәселені шешпесе де, танымдық
қиындықтарды шешу жолдарын көреді. Мәселелік әдістің орта және жоғары
сыныптарда пайдасы көп. Қиын жағдаят мәселені шешуге керекті білімдерді,
ақыл-ой жұмысына қабілетті, үлкен белсенділікті талап етеді. Оны оқушылар
өз беттерімен немесе мұғалім көмегімен шешеді.
Мәселелік жағдаятты тудырудағы мақсат - оқуды қиындату арқылы оқу
материалдарын меңгерту, баланың ақыл-ойын жұмыс істету. Мәселелік жағдаят
сұрақтар қою, болжам айту, дәлелденбеген пікірлерді талдату арқылы
жасалады. Оқылып отырған құбылыстың сызбасы, диаграммасы жасалады. Оқушылар
шығармашылықпен жұмыс істеп, білімдерін емін-еркін естеріне түсіреді.
Мәселелік әдіс оқушыларды тапқырлыққа, қарама-қайшылықтарды түсінуге,
болжамдар айтуға, дәлелдер келтіруге, шешім табуға үйретеді.
Ішінара ізденіс немесе эвристикалық әдіс. Оқушыға мәселені өз бетімен
шешуге үйрету үшін, оған шағын зерттеу жұмыстарын беру керек. Мұғалім
картиналар, құжаттар көрсетіп, оларға сұрақ қоюды ұсынады, фактілерден
қорытынды шығартады, ұсыныстар айтқызады. Эвристикалық әдіс арқылы сабақ
өткізетін мұғалім алдын ала мәселені шешуге алып келетін, оқушылардың
білімдерін еске түсіртетін сұрақтар әзірлейді.
Эвристикалық әңгіме үшін құрастырылған сұрақтар мәселелік сипатта
болады. Оқушылар ізденеді, шығармашылықтарын көрсетеді. Оқушылар жеке
мәселелік сұрақтарды шешсе, онда ішінара – ізденіс әдісінің қолданылғаны.
Мұғалім тапсырма әзірлеп, оның қай жерлерін оқушылар зерттеу арқылы
орындайтынын белгілейді.
Зерттеу әдісі шығармашылық жұмыс тәжірибесін жақсы үйрену үшін
қолданылады. Зерттеу әдісі арқылы оқушы білімін қолданып, ғылыми таным
әдістерімен жұмыс істеп үйреніп, жаңа мәселелерді шешу тәжірибесін
жинақтайды.
Зертханалық және практикалық зерттеу жұмыстары сессия кезінде немесе
сесияаралық кезеңде бір аптада, бір айда орындалатын тапсырмалар
жоспарланады. Мысалы, өсімдіктер өсіру үшін қолданылған агротехникалық
тәсілдердің пайдасын анықтау жөнінде тапсырмалар беріліп, зерттеу жұмысының
жоспары жасалып, қорытындыларының дұрыстығы тексеріледі. Осы жоспармен
туған өлке тарихын зерттетуге болады. Оқушылар эксперимент жүргізеді,
ғылыми эксперименттерге қатысады, ұзақ уақыт кететін тапсырмалар көп болмау
керек. Әр пәннен жылына бір рет тапсырма берген жақсы. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология пәнінен зертханалық және практикалық жұмыстардың айырмашылығы
Биологиядан зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемесі
Биология сабақтарындағы оқыту технологиясы
Биологиядан жалпы әдістемелік құралдарға талдау жасау
Биологиядан жалпы әдістемелік құралдарға талдау
Биология пәнінен зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі
Оқушылардың сандық дағдыларын қалыптастыруда биология мен информатиканы кіріктіріп оқытудың тиімділігін анықтау
Зертханалық жұмыстар
БIЛIМНIҢ ЖАҢАМАЗМҰНЫ НЕГIЗIНДЕ ЖАНУАРТАНУ ПӘНIНДЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ ӨТУ ЕРЕКШIЛIКТЕРI
Мектептегі факультатив курстарды өткізу әдістемесі
Пәндер