Биология сабақтарында қолданылатын әдістемелік құралдар және олардың маңызы туралы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

Зерттеу өзектілігі: Биолоияны оқыту әдістемесі - биологияны не үшін оқыту қажет, қалай оқыту керек, биологияны оқыту процесінде балаларды қалай тәрбиелеуге болады деген сұрақтарға жауап беретін ғылым ретінде пайда болған. Биологияны оқыту әдістемесі - мектеп пәнінің ерекшелігіне байланысты оқыту және тәрбиелеу процесінің жүйесі туралы ғылым.

Биология оқу пәні ретінде оқыту әдістері мен формаларының ерекшелігімен өзге пәндерден айырмашылығы бар. Бұнда нақтылы объекттер мен күрделі табиғат құбылыстары, және табиғаттың дамуы зерттеледі.

Оқушылар ойын дамытуда биологиядан жүргізілетін мектептік курстың маңызы зор. Биологияның басқа оқу пәндерінен ерекшелігі, ол қарапайымнан күрделіге өту жолын байқап отыруға, бөлік пен бүтіннің құрылысы мен қызметінің өзара байланыстылығы және өзара тәуелділігін айқындауға, табиғаттағы құбылыстардың аса күрделі байланыстылық себептерін түсінуге мүмкіндік береді [1] .

Кез келген басқа оқу пәндері тәрізді биология курсын меңгерген кезде оқушы әр түрлі ойлау процестерін атқарады: бақылап салыстырады, анализ жасайды, қорытындылайды, өздері бақылаған құбылыстардың себебі мен салдарын белгілейді.

Мектептегі биология пәнімен биология ғылымының арасында үлкен айырмашылық бар. Бұлардың мақсаттарымен көлемі, құрылымы және баяндау әдістерімен формалары өзгеше.

Биология ғылымының мақсаты - зерттеу арқылы табиғат туралы жаңалықтар, жаңа білім алу.

Мектеп биологиясының мақсаты - оқушыларды даяр ғылыми фактілермен, заңдылықтармен таныстыру.

Мектепте биологияны оқытуға белгілі ғана уақыт бөлінген, сондықтан оқушыларды нақты ғылыми негіздермен таныстырады және ғылыми проблемаларды артық информациясыз түсіндіреді.

Жаңа технологиялар арқылы жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор.

Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру - қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр - ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми - технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі - тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез-құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр [2] .

Зерттеу мақсаты: биология сабақтарында қолданылатын әдістемелік құралдар және олардың маңызы туралы түсінік беру.

Зерттеу міндеттері:

  • биология сабақтарында қолданылатын әдістемелік құралдар және олардың маңызы;
  • биология сабағында презентацияны қолдану арқылы оқушылардың дағдысын қалыптастыру әдістері туралы мағлұмат беру.

Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар - адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру еліміздегі мектептерде оқыту процесінің мазмұндық болмысын жаңа әдіснамалық тұрғыдан негіздеуді талап етеді. Мұндай жаңа әдіснамалық жүйе дәстүрлі оқыту процесін түбегейлі өзгертудің қажеттігін көрсетіп, оқытудың шығармашылық қызметін дамытып, білім мазмұнының ұлттық негізде берілуін жаңа өркениеттік бағдар тұрғысынан жетілдіруді қарастырады.

Білім берудің жаңа бағыттарының басты ерекшелігі - оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, оқушылардың қызығушылықтары мен ізденімпаздығы негізінде білімі мен біліктерін жетілдіріп, оны сана «сүзгісінен» терең зерделей отырып, шығармашылық әлеуетін үнемі дамытуға және рухани толысуға ұмтылысын қалыптастыруды бағдар тұтады.

Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне бағдар алуының басты өзегі - 12 жылдық білім беруге көшу мәселесі көкейкесті тақырыпқа айналуда. Жаңа білім парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде қарап, шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, танымдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды және жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғасын қалыптастыруды көздейді.

Білім беру процесін жаңаша ұйымдастыру оның философиялық, педагогикалық-психологиялық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Бүгінгі философтар мен педагог - ғалымдар білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін енгізумен ғана шектелмей, білім берудегі дүниетанымдық ұстанымдарды қайта қарау, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасау қажеттігін дәлелдеуде.

Білім беру саласындағы инновациялық процестердің күрделілігі мен қайшылықтары жаңа құбылыстармен әрекеттесу және жалпы орта білімді ізгілендірудің сапалы кезеңінде оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың мәселесін өзекті етуде.

Соңғы жылдары оқу-тәрбие процесіндегі жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқытуға үлкен мән берудің өзі еліміздегі өзгерістердің маңыздылығын көрсетеді.

Қазіргі кезеңдегі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында жеке тұлғаның танымдық бағыттылығын қалыптастыру - оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттегі шығармашылық қызығушылығына тікелей байланысты. Көрнекілік арқылы тұлғаның ізденімпаздық қабілет сапасын дамытудың негізгі өзегі болып табылады. Себебі өмірдегі құндылықтардың барлығы да жаңашылдық бағыттар арқылы ғана іс-әрекетке тұрақты шығармашылық қызығушылық нәтижесінде танылып, болашақта өміршең дамуына мүмкіндік алады. Сондықтан шығармашылық қызығушылықты жеке тұлғаның дамуына, оның рухани жетілуінде мәні терең, мотивациялық, білімділік бағдар құндылығы ретінде танылуының маңызы зор.

Жеке тұлға бойындағы ашылмаған, сыры мол мүмкіндіктерді дамытудың бастау көзі - шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру мәселесі өзінің тамырын адамзат дамуы тарихының тереңінен алады.

Зерттеу нысаны: бастауыш сыныпта оқыту үдерісі.

Зерттеу пәні: дүниетану сабағында бастауыш сынып оқушыларының көрнекілік арқылы танымын қалыптастыру жолдары.

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныптың оқыту процесінде көрнекілік жұмыстарды ұйымдастырудың педагогикалық және әдістемелік жолдарын

Зерттеудің міндеттері:

- Бастауыш сыныптың оқыту процесінде көрнекілікпен оқытудың алатын орны

- дүниетану сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы оқыту барысында танымын қалыптастырудың жолдарын көрсету.

Зерттеу әдістері: - зерттеу проблемасы бойынша ғылыми -әдістемелік әдебиеттермен танысу, талдау;

мұғалімдер тәжірибесімен танысу, жинақтау.

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, үш тармақтан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Көрнекілік арқылы оқыту оқушылардың пәндік білімдік қалыптастыру құралы

Баланы тәрбиелеу, білім беру міндеттері мектепте оқушыларды оқыту және оқу уақытынан тыс жүргізілетін оқу процесінде шешімді. Мұғалім мен оқушылардың әрқайсысының өздерінің айырмашылықтары мен өздерінің ерекшеліктері болады, алайда олар өзара бөлінбестей байланысты. Олар біртұтас оқу-тәрбие процесін құрайды.

Оқыту, мұғалімнің ерекше бағдарлы мақсат көздейтін қызметі ретінде оқушыларды біліммен, іскерлікпен, дағдымен және оларды танымдық, творчестволық қабілеттікпен қаруландыратын кең мағынадағы тәрбиенің бірі - тұтас маңызды бөлігі болып табылады.

Оқыту процесінің заңдылығын ашу, білімнің мазмұнын анықтау, оқытудың барынша тиімді әдістерін жасап шығару проблемасының ғасырлар бойы адам заты толғандырып келді. Білімді жаңа жолмен оңай және ұғымды етіп оқыту үшін, оқытудың жолын жаңа негізге салу мақсатымен ұлы ағартушы -педагогтар көрнекі әдісінің негізін салды.

Ұлы педагог, көрнекі әдіспен - оқытуды психологиялық талаптармен байланыстырған, Ян Амос Коменский (1592-1670) .

Дүниетаным әдетте сыртқы сезім мүшелеріне байланысты (мысалы, аспан әлемінің денелері және жер астындағы нәрселер немесе басқа елдерде өсетін өсімдіктер мен жануарлар т. б. ) . Бұларды оқытуда Я. А. Коменский айналадағы заттарды негізге алып, солармен салыстыра отырып оқыту керек - деді. Көрнекілікті іске асырудағы оның ұғынған құралдары: заттар, сол заттардың суреті, моделі т. б.

Атақты француз, ағартушы-философ және педагог, 17 ғасырдағы революция қарсаңындаңы буржуазиялық интиллегенцияның тамаша өкілі Жан-Жак Руссо баланың өзінің әрекетін, зеректігін, зейіндігін, байқампаздығын дамыту мақсатын көздеді. Барлық оқылатын пәндер мейлінше көрнекілікпен баланың қабылдауына баланың оқуын жеңілдету мақсатында тек әдеттегі суреттер, картиналар, приборлар т. б. ғана емес, ол табиғаттағы, өмірдегі деректер - деді. Иоганн Генрих Пестолоцци (1746-1827) оқытудың негізі оның көрнекі болып тұруында - деп санады. Көрнекілікті кең түрде қолданған жағдайда ғана айналадағы дүние туралы білім ойлау және тіл дамыту дұрыс қалыптасады - деп атап көрсетті.

Ережені жаттауға негізделген әдістің орнына Иоганн Генрих Песталоцци арифметиканы оқытуда әр санды өзінің бөлімдеріне, ондарды бірлерге бөлуді, көрнекі түрде сандардың арасындағы айырманы түсіндіруді, алдымен бірлерді, одан кейін ондарды оқуға көшуді ұсынды. Бөлшек сандарды оқытуда квадратты бүтін сан деп алып, оны екіге, төртке бөлу арқылы түсіндіруді талап етті.

Көрнекі оқытуды Адольф Дистервег (1790-1866) «жақыннан алысқа», «жай нәрседен күрделіге», «жеңілден ауырға», «белгісізден белгіліге» - деп ережені бұрын Коменский ұсынса, енді Дистерверг одан әрі дамытты.

Дистерверг сезім мүшелеріне әсер ететін заттың тікелей өзіменен балаларды таныстыруға зор мән беруімен бірге, қабылданған материалдың жете түсінікті болып, барынша ойландыратындай болуы өте қажет деп есептеді.

Белгілі орыс ғалымы, атақты хирург, 19- ғасырдың 2- ші жартысындағы халық ағарту ісінің көрнекі қайраткері, әрі ірі педагог Николай Иванович Пирогов ( 1810-1881) балалардың меңгеретін білімдерінің терең және тиянақты болуын талап етті. Ол методикалық өнердің негізгі көрнекілік пен сөзді орынды біріктіре қолдана білу. «Көрнекіліктің деп жазды Пирогов-негізгі мақсаты оқушылардың сыртқы сезім мүшелеріне әсер ету . . . Сөзде сырттан ыкпал жасай отырып, адамдардың ең негізгі, ең қажетті қабілетіне әсер етеді»

Демек, Пирогов көрнекілікпен сөздің оқу тәрбие процесіндегі бір - бірімен байланысын көрсетіп берді. Көрнекіліктің бірі өзі сөздің көмегінсіз балалардың есінде әр уақытта сақталмайды. Сөздің маңызын жоғары бағалаумен байланысты, Пирогов орта мектептегі әдістердің ролі мен маңызын да дұрыс бағалады.

Ұлы орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1 870) окытудағы көрнекіліктің көптеген мәселелеріне жаңаша талдау жасаған, оқытудағы көрнекілік оқуда жалпы үғыңдыруға емес, нақты фактілерге, нақты образдарға негіздеу. Көрнекілік әдісімен оқу - оқушыларды өз бетінше байқауға үйретуге негізделеді.

К. Д. Ушинский көрнекілік әдіске жан-жақты анализ жасай келе, «көрнекілік тек қана көру сезіміне байланысты» деген біржақты пікірді сынады. Себебі қандай нәрсе болса да қабылдағанда сезім мүшелері неғұрлым көбірек қатысса, зат я құбылыс жөніндегі қабылдаған ұғым, түсінік есімде соғырлым берік, тиянақты орнығады да, кейін олар оңай еске түседі. Сондықтан сабақта көзбен көру дыбыс органмен айту, қолмен жазу т. б сезім мүшелеріміз белсенді қатысуы тиіс, «егерде педагог баланың есінде бірдемені берік қалдыруды көздейтін болса, ол көз, құлақ, дауыс, бұлшық ет сияқты сезім органдарын, тіпті иіс, дәм сезімдеріне де әсер ететіндей етіп қатыстыруға тырысу керек» - деді.

К. Д. Ушинскийдің көрнекілік мәселесіндегі ең кұнды көзқарасын ол оқытудың көнекілігі мен жолдарын тұңғыш анықтады, бастауыш мектептегі көрнекіліктің әдістемесін жасады. Оның ескертуінше бала табиғаты үнемі көрнекілікті талап етіп отырады. Сондықтан көрнекі құралдармен оқытуды баланың ерте жасынан бастау керек. Бастапқы оқуда түр түс, дауыстарды сөзбен қамтып, оны баланың көбінің түсінігіне жететін етіп, біз өзіміздің оқытуымызды да балаларға жетілді ете отырып, өзіміз бала ойлауының сырына енеміз, - деген. Оқытудағы көрнекіліктің Ушинский мынандай құралдарын ұсынады. Нақты заттың өзі, заттың, нәрсенің оқиғаның үлгісі болатын моделі суреттер т. б. көрнекі құралдар.

Бүгінгі күнде де баланы көрнекі құралдары қолданып оқыту проблемасы оның тиімді жолдарын табу, оны дұрыс қолдану әдістемесі төнірегінде көптеген педагогтар, ғалымдар еңбек етуде. Педагогиканың арнайы дидактикалық саласында осы көрнекі оқытуға көрнекілік принципін негіздесе, оқыту әдістемесі бөлімі көрнекі оқытуды зерттейді. Сонымен көрнекілік дегеніміз балалар оқып-үйренетін білімнің моделі. Көрнекілік жағынан тану ретінде де, ой немесе әңгімені елестету үшін де, материалды есте жақсы сақтау үшін де қолданылады.

К. Д. Ушинский «егер оқу балада ақыл ойды дамытуға талап қоятын болса, онда бұл олардың байқау кабылетін жаттықтыруға тиіс» деп әділін айтқан еді. Жай байқауларды оқушы күн сайын жасап отырады. Бұлардың сипаты алуан түрлі: мысалы құтыдағы балықтардың жүріс-тұрысын байқау өсімдіктердің өсуін, жануарларды байқау т. б. болуы мүмкін. Байқау оқушыларымен бірге мұғалім белгілі бір тұжырымдаған бағдарлама бойынша жүргізіледі. Олар материалды оқуды алдын ала белгілеуші немесе жинақтаушы, қортындылаушы болуы мүмкін. Байқау кезіндегі теңестіру, салыстыру тәсілдері ұғынып ойлауды жетілдіреді, жеңілдетеді, материалдың есте берік қалуын артырады. Байқау тиімділігінің соңғы шарты оны оқушылардың практикалық жұмыстары әдісіне біріктіруі, бұл да қәзіргі кезде кеңінен таралып отыр.

Демонстрация - дегеніміз түрлі заттарды, материалды, құралдар мен тәжірбиелерді көрнекілік көрсету. Демонстрацияны кеңінен пайдалану оқу материалдарын қабылдаудың алғашқы кезіңін оқушылардың бірінші дыбыс жүйесінің қосылуын қамтамасыз етеді, кейде сөзбен санадағы ұғымдар арасында туатын үзілістерді жеңуге көмектеседі. Заттарды, схемаларды, таблицаларды, арнаулы кинофильмдерді демонстрациялау окытуды жүзеге асырудың басты құралы болып саналады. Оқу процесінде мұғалім заттарды, картиналар мен схемаларды, диапозитивтерді, диафильмдерді, оқу кинофильмдерін демонстрациялауды, тәжірибелерді демонстрациялауды қолданады.

Дидактика заттарды демонстрациялаудың төмендегідей ережелерін қалыптастырады: затты түрлі сезім органдарымен қабылдайтындай етіп көрсету. Сыныпта заттың бәрін бірдей көрсете беруге болмайды, сондықтан да оқу процесінде картиналар мен схемаларды демонстрациялаудың маңызы зор. Көптеген мұғалімдер алуан түрлі қолдан жасалған көрнекі құралдарды ойдағыдай пайдаланады. Көрнекіліктің бақылау және демонстрациялау әдістерін сабақ үстінде тиімді пайдалану мұғалімнің тәжірибесіне, біліктілігіне байланысты.

Принцип - латын сөзі (pzincipium) негіз, жетекші идея, негізгі ереже, іс-әрекетке қойылатын негізгі талап деген ұғымдарды береді оқыту теориясы мен практикасының тарихында тұрақты орын алып келе жатқан дидактикалық принциптер бар. Мысалы, «Баланы жеңіл, қызықты әрі тиянақты оқыту», «білімді саналы меңгеру», «көрнекілікпен оқыту» т. б.

Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я. А. Коменский. Ол адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам тәуелді болатын заңдарға байланысты екендігін дәлелдейді. Сондықтан, оның пікірінше оқытудың көрнекілік принципін (ең басты ережесі) - табиғатқа сай болу принципі.

И. Г. Пестолоцци оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, оны логикалық ойдауды дамытатын маңызды құралы деп санаған.

К. Д. Ушинский оқытудың халықтық сипатына баса назар аударып, оқытудың принциптерін психологиялық тұрғыдан қараған.

Ы. Алтынсарин оқыту ережелерін қазақ мектептеріндегі білім берудің ерекшеліктеріне байланысты қолдану керек деген.

Енді оқыту принциптерінің бірі - көрнекілік принципін қарастырайық.

Көрнекілік оқушыларға заттардың өзін немесе олардың бейнесін тікелей көріп байқауға мүмкіндік береді.

Оқытуда нақты білім алу көрнекілікке, сезінуге, бақылау әрекетіне негізделеді.

Көрнекілікті қолдану бала психологиясының ерекшеліктеріне, әсіресе образдық ойлауға байланысты болады.

Бұл принциптің негізгі талаптары:

- Көрнекілікті белгілі мақсатқа байланысты қолдану;

- Көрнекілікті қолдану оқушылардың бақылау әрекетін ұйымдастыруды керек етеді;

-Көрнекілікті қолданудың маңызды бір шарты мұғалімнің образбен (бейнемен) өзінің сөзін дұрыс байланыстыра алуында; Көрнекілікті артық қолдануға болмайды, оқушылардың теориялық ойлау процесінің дамуына кедергі болмауы керек;

- Көрнекі құралдардың түрлерін (заттық, бейнелік, графикалық, символикалық, техникалық т. б. ) оқу пәндерін және оқушылардын жас ерекшеліктеріне сай қолдану.

Биология пәнінде көрнекілік принціпін пайдалану бағдарламалық материалды оқыту әдісіне ықпал жасаумен қатар, оқу ісінің тәрбиелік, дамытушылық, жақтарының жақсаруына да әсерін тигізеді.

Сабақта білім берудің барлық негізгі принциптері бір бірімен тығыз байланысты жүзеге асырылады: саналық көрнекілік жүйелілік, бірізділік, жас ерекшеліктерінің ескеріліуі, жекеше қарым-қатынас т. б. Соның ішінде көрнекілік принціпінің ролі ерекше.

Көрнекі түрде оқыту - оқушылардың тиісті бақылауларына сүйеніп оқыту, бірақ көрнекі оқыту дегенді тек көрнекі құралдарды пайдаланып оқыту деп түсінбеу керек. Көрнекілік принципін жүзеге асыра отырып, бір жағынан оқушылардың қабылдауына сүйенсе, ал екінші жағынан, олардың түсініктеріне (ұғынуына) сүйенеді.

Биология пәнінде оқушыларды көрнекілік арқылы оқытқанда, мұғалімнің оқушыларда жанды, айқын образдар тудыратын, өздеріне таныс заттардың жаңа жақтарын ашатын, оқушылардың оқу материалы сапаны игеруіне көмектеседі.

Оқыту процесінде көрнекілікпен оқытудың алатын орны

Окуда көрнекілікті қолдау арқылы оқушылардың білімі нанымды, дәлелді болады, ойлауы терендей түседі. Сонымен бірге көрнекілік оқылатын нәрсе заттардың негізгі белгілері мен ерекшеліктерін білуді жеңілдетеді, нәрсе-заттардың әр жағының, салаларының байланыстары мен өзара қатынастарын түсінуге көмектеседі. Көрнекілік нәрсе-заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте берік сақтауға ықпал жасайды.

Балалар әрқашан да оқылатын нәрсе-заттармен қолма-қол тікелей танысуға әуес, ынталы келеді, сондықтан көрнекілік әрқашан да окушылардың білімдерді меңгеру үстінде белсенділігін дамытуға әсер етеді, дүние тану-білу жұмысында оқушылардың назарын белгілі бағытқа жұмылдырады.

Бірақ бүкіл оқу көрнекілікке негізделеді деуге тек көрнекілік арқылы ғана шешіледі деуге де болмайды.

Педагогиканың классиктері оқылатын нәрсе мен заттар және құбылыс оқиғаларды алғашқы рет білуді байқаудың ролін жоғары бағалай отыра, байқаудың абстрактілік ойлаумен тығыз байланысты болатындығын ескертті.

Сондықтан олар байқауларды ақыл-ой арқылы бағыттауда талап етті, адам ақылы арқылы құрылатын топтылауларды меңгерудің қажеттілігін айтты. Сыртқы сезімдер ақыл арқылы бағытталуга тиіс. Я. А. Коменский өз кезіңде егер ең жоғарғы байқаушың ақыл-ой сыртқы сезімдерді мұқият түрде қадағаламаса, сыртқы сезімдер бос, құрғақ материал болып қалуы мүмкін деген. Осы кезде байқау мен сөз сөйлеуді тиімді түрде байланыстыру мәселесін шешуде академик И. П. Павловтың адам санасындағы бірінші жөне екінші сигналдық системаларының өзара байланысы жөніндегі оқуына сүйенеміз. Бірінші сигнал қоршаған ортадан келетін нақты материалдар, екінші сигнал сөз, сөйлеу, екінші сигнал бірінші сигналсыз болмайды. Екеуі бір-бірінен айырылмайды. Адамда сөзбен ойлау дамыған сайын екінші сигнал системасының функциясы өсе береді. Бірақ, сөз сөйлеу қоздырғыштары бірінші сигналдың әрекеттері арқылы бекітілмесе, тек сөйлеу, сөз сөйлеу қайталана берсе, ол адамды ақиқат, шындықтан алыстата береді.

Сонымен бірге, бірінші сигнал системасы арқылы алынған білім сөз сөйлеу арқылы айтылмаса, ол зат нәрселерді тек қабылдау, сезіну дәрежесінде ғана қала береді, логикалық дәрежеге, топшылау-қорытындылау дәрежесіне көтерілмей қалады. Топшылау қорытындыларды ұғыну және меңгеру оқушылардың белсенділігін туғызатын әңгімелесу, есеп шығару, тапсырмаларды орындау арқылы жүргізіледі. Өз кезінде Коменский оқылатын нәрсе-заттарды оқушылардың мүмкіндігінше әр салалы сезім мүшелері арқылы қабылдауын талап етті.

Шынында да, оқуда көбінесе көзбен көру арқылы қабылдау кең орын алады. Оқушылар білімінің сапасы көзбен көрумен бірге оқуда бұлшық етпен сезіну арқылы қабылдау да арта түседі. Егер оқушылар көрсетілген тәжірибелерді көріп қана қоймай, сол тәжірибені өзі жасаса білімдері нақты және негізді болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологиядан жалпы әдістемелік құралдарға талдау
Биологиядан жалпы әдістемелік құралдарға талдау жасау
Биология сабақтарында әдістемелік құралдары қолдану жолдары
Қазіргі сабақтың педагогикалық ресурстары
Электронды оқулық дәріс
Биология сабақтарында ойын технологиясын пайдаланып өткізу әдстемесі
Адам анатомиясын оқыту үдерісінде сандық білім беру технологияларының рөлі
Заманауи педагогикалық технологиялар
Биологияны компьютерлік технологияға негіздеп оқыту ерекшеліктері
Биология сабақтарында тірі табиғат бұрышында пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz