Биология сабақтарында жаңа форматтағы жеті модульді пайдаланудың тиімді жолдары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 96 бет
Таңдаулыға:   

Биология сабақтарында жаңа форматтағы жеті модульді

пайдаланудың тиімді жолдары

Хилауова Армангүл Амангелдіқызы

І санатты биология пән мұғалімі

Әлем өзгеруімен біз де өзгереміз
Меняется мир - меняемся мы
We are changing with the changing world

“Білім беру жүйесін жаңғырту барысында…педагогтар

құрамының сапасын арттырудың маңызы зор.

…Мектептер мен жобалар оқытушыларының

біліктілігін арттыруға талаптарды

күшейту қажет. Әр өңірде педагогтардың

біліктілігін арттыратын интеграцияланған

орталықтар жұмыс істеуі тиіс. ”

Қазақстан Республикасының Президенті -

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың

Қазақстан халқына Жолдауынан,

2012 ж. 27 қаңтар

Биология сабақтарында жаңа форматтағы жеті модульді пайдаланудың тиімді жолдары

Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында дамудың жеті басым бағытын айқындады, оларды жүзеге асыру әлемдегі бәсекелестікке қабілетті елдердің қатарына біздің еліміздің де қосылуына жол ашатын міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Осындай ең өзекті басымдылықтардың бірі қазіргі білім беру мен озық ғылымды дамыту болып табылады. Білім беру жүйесі - бұл ұлттық мәдениеттің, ұлттық сана - сезімнің даму көрсеткіші болып отыр. Ол экономика, саясат, мәдениет саласындағы өзгерістерді бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге осы түбегейлі өзгерістерге белсенді ықпал етеді. Оқу-білім беру - жеке адамның әлеуметтік - экономикалық процесстерге еркін қосылуын қамтамасыз ететін басты жағдайлардың бірі. Бүгінгі таңда заман ағымына сай жас ұрпақтарды тәрбиелеуде ұстаздардың алдындағы жауапкершілік салмақтана түскендей. Осы жылы мен білім жетілдіру курсының жаңа форматтағы ұйымдастырылған облыс мұғалімдерінің курсына келдім. Атырау облыстық білім жетілдіру институтында тренерлердің алдында дәріс алу мақсатында көптеген ұстаздар қатысуға мүмкіндік алдық. Алғашқыда түсіне алмай ойымыз сан тарапқа жүгірді. Жаңа технологиялық әдістердің жеті модулін алдымызға жайып салғанда, біздер өткізіп жүрген сабақтарға ұқсамайтын жүйе екендігін түсіндік. Бағдарламаның модульдері төмендегідей:

1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

4. Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық

технологияларды ( АКТ) пайдалану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Бағдарламаның негізгі мақсаты: Қазақстандық білім беру жағдайында Бағдарламаның тұжырымдамалық негіздерінің іс жүзінде ойдағыдай жүзеге асырылуын және мұғалімнің өз бойында дағдылардың қалыптасқандығын көрсетуін қамтамасыз ету. Қазақстандық мұғалімдерді кәсіби қоғамдастығы аясында белсенді жұмыс істеуге дайындау. Өзімнің күнделікті педагогикалық тәжірибемде бағдарламадағы берілген жеті модульді кіріктіре отырып, өткізген сабақтар арқылы оқушылардың қызығушылықтары артып, тапсырмаларды жүйелі орындап, бір-бірімен топтаса отырып жұмыстар жасай білуге дағдыланды. Бағдарламадағы берілген жеті модульді кіріктіре отырып, өткізген сабақтар арқылы оқушылардың қызығушылықтары артып, тапсырмаларды жүйелі орындап, бір - бірімен топтаса отырып жұмыстар жасай білуге дағдыланды. Мұғалімнің педагогикалық біліктіліктілігін көтеру үрдісіне педагогикалық құндылықтарды, жаңа технологияларды шығармашылық іс-тәжірибелерді, ақпараттық мультимедиялық техникаларды пайдалану білім берудің тиімді, нәтижелі үрдістеріне жатады. Мұғалімнің өздігінен білім көтеру және бос уақытын дұрыс ұйымдастыру дербес жұмыс жоспарына сай іске асыру тікелей шығармашылыққа байланысты. Жаңа формациялы мұғалім кәсіби шеберлігін жетілдіретін жаңа стильдегі тұлғалық-адамгершілік бағыттарын, педагогикалық шындықты және ондағы үздіксіз іс - әрекетті, жүйелі түрде қабылдау қабілеттерін, пән саласындағы еркін бағытты меңгеріп және қазіргі педагогикалық технологияларды игеруі тиіс. Білім беру талаптарын өзгерту біліктілікті арттыру жүйесін жаңашылдандыру міндетін алға қояды, ал оның мақсаттарын жүзеге асыру біздің алдымыздағы міндетіміз. Білімді ұрпақ - болашақ еліміздің жарқында кемелденген көшін алға бастайтын білімді де білікті жеке тұлға қалыптасуы тиіс деп ойлаймын.

Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін басты орынға қойылып отыр. Жаһандану үрдісінде, шығармашылық ізденістегі, әр баланың ақыл-ой еңбегінің дамуына ықпал жасайтын негізгі тұлғаның бірі - оқушының ұстазы. Педагогикалық қызметімде теориялық білімді тәжірибемен байланыстыра отырып, жан-жақты мүмкіндіктерімді ашуға, оқытудағы Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін енгізген «Үшінші деңгейлі мұғалімдерді даярлау жөніндегі біліктілікті арттыру курстарының» маңызы зор. Осы курс арқылы көптеген жаңа тәсілдер мен әдістерді үйрене отырып, көптеген тәжірибелер жинақтадым. Биология пәнінен сабақ беру барысында жаңа форматтағы жеті модульді сабақ барысында жүйелі қолданып келемін. Жеті модульді бір сабақ өткізген кездеде қолдануға болады, кейде екі сабаққа бөліп пайдалануға болады. Ол мұғалімнің шеберлігіне байланысты болып келеді. Орта мерзімді сабақ жоспары мен қысқа мерзімді сабақ жоспары жаңа форматтағы әдіс-тәсілдердің бірі болып табылады. Жаңа форматтағы жеті модульді жүйелі пайдаланудың өзі үлкен шеберлікті қажет етеді. Орта мерзімді сабақ жоспары мен қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасақтап, өз пәніме жүйелі түрде қолданып келемін. Өз пәнім бойынша сабақ топтамаларында жеті модульді пайдалана отырып өткізген сабақтарым оң нәтижесін беруде. Ел басының 2014 жылғы жолдауында нақты айтқан нақыл сөзіне тоқталдым, ол «Біз өмір бойына жететін білім алу» моделінен «өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз. Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық. Біз осындай сабақтарды жиі өткізу арқылы көптеген нәтижелерге қол жеткізе аламыз.

Биология пәнін оқытуда пайдаланатын жеті модуль.

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс - тәсілдер
  2. Оқытуды басқару және көшбасшылық
  3. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
  4. Оқыту мен оқуда АКТ - ны пайдалану
  5. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқыту мен оқу
  6. Талантты және дарынды балаларды оқыту
  7. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Биология пәнін оқытуда алға қойған міндеттер :

- Орта мерзімді және қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жасау.

- Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, оқу дағдыларын қалыптастыру

- Жеті модульді үнемі пайдалана отырып сабақ өткізу

- Өз бетінше білім алу дағдыларына негіз салу

- Биологиялық білім деңгейлерін тереңдету

- Оқушының пәнге деген қызығушылығын дамыту

- Интеллектуалды жеке тұлғаны қалыптастыру

- Ғылыми көзқараспен белсенділікті қалыптастыру

- Оқушының шығармашылық деңгейін дамыту

- Сабақта АКТ пайдалану, электронды оқулықпен, интерактивті тақтамен жұмыс жасау

- Қосымша материалдар мен жұмыс жасауға үйрету

Биология пәнін оқытуда қазіргі заман талаптары мынандай:

Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану;

Жаңа форматтағы әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану;

Негізгі білімділік ұғымдарды терең меңгерту;

Оқытудың жаңа технологиясын пайдаланып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

Топтық негізде іздене білу дағдыларын қалыптастыру;

Тақырыптық зерттеу жүргізу;

Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, өз ойын қорытуға дағдыландыру;

Оқушының өз бетімен жұмыс жасау қабілетін жетілдіру, дамыту;

Шығармашылық тапсырмалар орындату арқылы қабілеттерін арттыру.

Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру.

Тәжірибе жүзінде білім, біліктілік дағдыларын қалыптастыру;

Жаңа терминдер мен сөздіктермен жұмыс жасауға дағдыландыру;

Жаңа технологияларды сабақта пайдалану;

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай білім беру.

Тізбектелген сабақтар топтамасындағы сыни тұрғыдан ойлау модулі.

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Сыни тұрғыдан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. [1] Сыни тұрғыдан ойлау тұлғаның өзіндік жеке ойлауы болып табылады. Оқыту процесі сыни тұрғыдан ойлауды дамыт қағидаларына негізделетін болса, әрбір оқушы өз ойымен пікірін және бағалауды басқалардан тәуелсіз құрады. Оқушының айтқан пікірі қойылған мәселе бойынша оң шешімін табуға сәйкес келмесе де «сенің пікірің дұрыс емес» деп сырттай баға беруге жол берілмейді. Оқушының жекелік (өзіндік) ой-пікірін білдіру сыни тұрғыдан ойлаудың алғашқы әрі маңызды сипаты болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мақсаттан басталады. Сыни тұрғыдан ойлаудың принципіне негізделген сабақ нақты мақсатқа негізделген мазмұнды әрекетке айналады да, нағыз өмір қиындықтарын шеше алатын болады. Сыни тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ой. Бұл деңгейдегі ойлау жоғары, орта, бастауыш сынып оқушыларына тиімді. Сабақ беру барысында биология пәнінен сабақ тақырыбына сәйкес қызығушылықты ояту бағытында, оқушылар білімдерін нақтылау мақсатында оқушыларға сұрақтар беріп, қойылған сұрақтарға нақты жауап берулері керек екенін және ойлануға бір, екі минут берілетіні жайлы айтылды. Мысалы: «Өркендер мен бүршіктер» деген тақырыбымда оқушылардың зейінін сабаққа аудара отырып, сыни тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша «Ой ашар» мақсатында оқушыларға сыныбымызға «Хат келді» деген тапсырмамен бастадым. Хат ішіндегі сұрақтар: Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелерін ата? Неге қазақ халқы жас жеткіншектерге «Жапырағың жайылсын деп бата берген?». Өсімдіктің «Жасыл асхана» деп қай мүшесін айтады? Осындай сұрақтарды бере отырып, жауап алу кезінде диалогтық оқыту - арқылы (мұғалім - оқушы, оқушы-мұғалім) арасында байланыс « Ой қозғау » бөлімінде көктемде ағаштарда қандай өзгерістер байқалады? деген тақырыпта ой тастай отырып оқушылардан тиянақты жауап алдым. «Кім жылдам?» бөлімінде әр топқа бес сұрақтан беріп отырып, жауап алдым.

1. Тыныштық күйге ауысқан бүршік? (Бұйыққан)

2. Тек ұзарған өркенде ғана орналасқан? (Өсу бүршігі)

3. Бір буын мен екінші буын арасы не деп аталады? (Буын аралық)

4. Бүршіктің сыртын не қаптайды? (Қабық)

5. Оған бүршік, жапырақ, гүл бекінеді? (Сабақ)

6. Өркеннің ең ұшында орналасқан?(Төбе бүршік)

7. Жапырақ қолтығында орналасқан бүршік? (Жанама)

8. Бүршіктің түсі қандай? (Қоңыр)

9. Өркен, бүршік, жапырақ өсетін жуандау бөлігі қалай аталады? (Буын)

10. Бастапқы өркен? (Бүршік)

11. Тек қысқарған өркенде орналасқан бүршік? ( Гүл бүршігі)

12. Жапырақтары мен жас сабағы бар жас шыбық? (Өркен )

13. Буын аралығы ұзын болса қандай өркенге жатады? (Ұзарған өркен)

14. Жапырақтың сабаққа орналасқан жері не деп аталады? (Жапырақ қолтығы)

15. Буын аралығы қысқа болса қандай өркенге жатады? (Қысқарған өркен) .

Оқушылар өз пікірлерінің бағаланатынын жақсы сезінді. Өзіне деген сезімі аздау оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып жұмысқа басқа оқушылармен бірлесе қатысуға көмегі тиді. /Қосымша 1, 2/

Сыныптағы барлық оқушылар өздерінің пікірлерін ұсынып, сұрақтарыма жауап беруге қатысты. Ұсынған стратегияларым оқушыларыма өздерінің пікірлерін ашық айта отырып, берілген сұрақтарға жауап беруге белсене қатысты. Сұраққа жауап берген кезде кейбір оқушылардың жауабы мені таңқалдырды. Бұрын сабақта көп сөйлей бермейтін оқушылар сабақ барысында өз ойларын ашық айтты. Оқушылар ХХІ ғасырда және кейінгі ғасырларда өмір сүру үшін қажетті дағдылары мен қасиеттері - ұстаздар үшін ынталандыратын күш болып табылады. «Сабақтың қызметі мен түрлері» деген тақырыптағы сабағымда Блум таксономиясы бойынша «Көпір» тапсырмалары арқылы төмендегідей сұрақтар бердім:

1. Өркен деген не?

2. Өркен қандай бөліктен тұрады?

3. Өркеннің қандай түрлері бар?

4. Өркен өсімдіктің қандай мүшесіне жатады?

5. Бүршіктің қандай түрлері бар?

6. Төбе, қолтық, қосалқы, бұйыққан бүршіктер деп қандай бүршіктерді айтамыз?

7. Бүршіктен не дамиды?

8. Бүршік қайда бекінген? деген сұрақтар бере отырып, сұрақтарға оқушылар қызығушылықпен жауап берді.

«Түсіну» жүйесі бойынша «Менен - сұрақ, сізден - жауап» тапсырмасы бойынша оқушылар бір-біріне тақырыпқа байланысты сұрақтар қойды.

Мысалы: Сабақ қандай қызмет атқарады?

Сабақтың ішкі құрылысындағы қабаттарды ата?

Жасымықша қай қабатта орналасқан, қандай қызмет атқарады?

Өзек қандай қызмет атқарады?

Бір-біріне сұрақтар беру арқылы жауаптарын тыңдай отырып, пікірлерін толықтырып отырдым. «Талдау» жүйесінде зертханалық жұмыс орындады. Зертханалық жұмыста оқушылар әр түрлі сабақ түрлерін ажырата білді. Зертханалық жұмыста берілген нұсқаулықтағы тапсырмаларды жеке - жеке орындай отырып көз жеткізу арқылы табиғи материалмен жұмыс жасады. Зертханалық жұмысты орындау барысында жекеленген оқушылар зерттеп, талдап көз жеткізе білді. «Жинақтау» жүйесінде тестілеуге арналған сұрақтар арқылы немесе өткен материалды еске түсіріп, ынталандыру үшін, жауапты ойлауға бағытталған, жинақталған білім мен ұғымды қалыптастыра отырып толықтырдым. «Жапырақ» деген сабағымда оқушылардың қызығушылығын ояту «Ой ашар» бағытында мақсатында оқушыларға төмендегідей сұрақтар бердім:

1. Жапырақ жайлы не білесіңдер?

2. Жапырақтың маңызы қандай?

3. Жапырақ жайлы не білгілерің келеді?

Бағыттаушы сұрақтар арқылы:

1. Жапырақ қандай қызмет атқарады?

2. Жапырақ өсімдікке не үшін қажет?

3. Мәтінде не жайлы айтылған? деп сұрақтар беру арқылы, үй тапсырмасын пысықтап алдым. СТО әдістерін сабақтарымда үнемі пайдаланып отырамын. Мысалы: «Түртіп алу» стратегиясы бойынша: БББ кесте толтырттым.

Білемін
Білгім келеді
Білдім
Білемін:
Білгім келеді:
Білдім:

Бұл кестені толтыртудағы мақсатым не дейтін болсам, тақырып бойынша түсініктерін қалыптастыру. Осы кестені толтырту барысында:

«Мағынаны тану» бағытында төмендегі сұрақтарды бердім. Ол төмендегі бағыттағы сұрақтар:

1. Жапырақ жайлы не білесіңдер?

2. Жапырақтың маңызы қандай?

3. Жапырақ жайлы не білгілерің келеді? Сонымен бірге бағыттаушы сұрақтар берілді. Ол қандай сұрақтар дейтін болсақ:

1. Жапырақ қандай қызмет атқарады?

2. Жапырақ өсімдікке не үшін қажет?

3. Мәтінде не жайлы айтылған? сұрақтары арқылы нақтылап алдым.

«Ой қорғау» стратегиясы бойынша

1 топ : Жапырақ құрылысына сипаттама бер.

2 топ: Жай және күрделі жапыраққа сипаттама бер.

3 топ: Жапырақтың сабақта орналасуына сипаттама бер.

Топтар осы аталған тақырыптарға «Джиксо» әдісі бойынша топтар арасында Фостер қорғап сипаттама берді. «Ой дамыту» бағытында жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтар берді. Ол оқулықтағы А; В; С тапсырмасындағы сұрақтарды топ болып орындады. Оқушылардың жас ерекшелігін, деңгейін ескере отырып, бастапқы кезеңдегі оңай сұрақтан бастап дағдыландырып, жоғары деңгейдегі сұрақтарға дейін сұрақтарды ойланып, жүйелі жауап берді. 7 сыныпқа «Қосмекенділер класы» деген тақырыпта өткізген сабағыма тоқталып кетейін. Білім берудің жаңа бағдарламасы бойынша алынған негізгі тақырып. І Ұйымдастыру бөлімінде: оқушылардың жалпы сабаққа деген көңіл күйін анықтау мақсатында оқушылар смайликтер арқылы көңіл-күйлерін білдірді. Содан кейін сыныпты әр түрлі түстер мен геометриялық таңбалар таңдату арқылы топқа бөлдім. Сынып ІІІ топқа бөлінді. І топ: қызыл түс, ІІ топ: сары түс, ІІІ топ жасыл түс. Қызыл түс таңдағандар І топқа, сары түс таңдағандар ІІ топқа, жасыл түс таңдағандар ІІІ топқа отырды. Оқушыларды сабақ кезеңдерімен таныстырдым. Ел басының 2014 жылғы жолдауында нақты айтқан нақыл сөзіне тоқталдым, ол «Біз өмір бойына жететін білім алу» моделінен «өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз. Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық. Оқушыларға сабақ басталар алдында бағалау парағы үлестірілді. Сабақтың келесі бөлімі : « Білім » минутты деп аталды. Бұл кезеңде үй тапсырмасын пысықтау мақсатында сұрақтар арқылы жауап алдым. Келесі бөлім: «Білу» жүйесі бұнда оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға арналған сұрақтар бердім. «Қазір қай мезгіл?» «Селомыздың көктемнің самал жел ескен кешкі тымық жағалауда отырмыз деп сезініп, көздеріңді жұмып жануарлар дыбыстарын тыңдай отырып қандай жан-жануарлардың дыбыстарын естідіңдер соны ажыратып айтып беріңдер?» бұл жерде жан-жануарлардың дауыстарын компьютер арқылы жіберіп қойдым. «Жағада отырып қосмекенділердің қандай іс-әрекеттерін байқадыңдар?», «Бақаға байланысты қандай ертегілерді білесіңдер?» деген бағытта сыни тұрғыдан ойлауға арналған сұрақтар арқылы оқушыларды өз ойларын ортаға салды.

Тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша өткізілген сабақтар жүйесі.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде алға қойған мақсаттарды іске асыруда ең басты жетекші рөлді мұғалім атқарады. Мұғалім мектептің жүрегі, сондықтан да мұғалім білімді өзі меңгеріп қана қоймай жас жеткіншектерге де өз білімін тиянақты етіп жеткізуге міндетті. Заман талабына сай әр мұғалім өзінше ізденіп, жаңашылдыққа ұмтылуы керек. Жаңашыл мұғалім әр уақытта үнемі жаңалыққа ұмтылуы керек. Жаңа технологиялардың қарқынды даму кезеңінде, әрбір ұстаз өзінің кәсіби шеберлігін жаңа әдіс - тәсілдер арқылы жетілдіріліп отырады. Өзіміздің курстан алған жақсы мәліметтерімізді іс-тәжірибе кезінде сабақ топтамаларында пайдаландым. Биология пәнінен дәріс берген кезімде жеті модуль бойынша сабақ топтамаларын өткіздім. Өзімнің биология пәнім бойынша өткізген сабағымның негізгі тақырыбы «Сабақтың қызметі мен түрлері». Сабақты өткізу барысын төмендегідей жоспарлау арқылы өткіздім. Сабақтың жүру барысында сыныптың атмосфералық ынтымақтастығын қалыптастыру мақсатында оқушыларды топқа бөле отырып топтастырдым. Сабақтың жүрісіне тоқталып өтейін.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Ұйымдастыру кезеңінде психологиялық дайындықтан бастадым. Сабақ барысында оқушылардың сабаққа қатыстарын тексеріп алдым. Оқушылар үш түрлі геометриялық таңбалар мен түстер таңдау арқылы топқа бөлінді. /Қосымша 3/Бірінші топ: Білімділер; Екінші топ: Зеректер; Үшінші топ : Тапқырлар болып топтастырылды. Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында «Көпір» тапсырмасы бойынша төмендегідей сұрақтар берілді:

1. Өркен деген не?

2. Өркен қандай бөліктен тұрады?

3. Өркеннің қандай түрлері бар?

4. Өркен өсімдіктің қандай мүшесіне жатады?

5. Бүршіктің қандай түрлері бар?

6. Төбе, қолтық, қосалқы, бұйыққан бүршіктер деп қандай бүршіктерді айтамыз?

7. Бүршіктен не дамиды?

8. Бүршік қайда бекиді? Сабақ барысында көшбасшы өзім және топ жетекшілері көшбасшылық қызмет атқардым. Топтар бойынша жетекшілер тағайындалды. Әр топ жетекшілері сайланып болғаннан кейін, бағалау парақтарын таратты. Бағалау парақтарын үлестіре отырып қалай бағалаулары керек екендігін айтып түсіндіріп өттім. Оқушыларға сабақ барысында оқушыларды тапсырмаларды жақсы орындағандарын қол шапалақтау отыратынымызды айтып отырдым. /Қосымша 4/

Сабақ барысында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер бойынша диалогтық оқыту арқылы оқушылар тақырыпқа байланысты бір - біріне сұрақтар қойды. Оқушы мен оқушы арасындағы байланыс орнады. «Менен сұрақ, сізден жауап» тапсырмасын орындау барысында, оқушылар бір - біріне сұрақтар бере отырып, өз білімдерін толықтырды. /Қосымша 5/

Сабақ барысында оқыту мен оқудағы ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, сабақ барысында мультимедиялық проекторды пайдаланып, видео роликтер пайдалана отырып сабақ түсіндірдім. 1 - топ: Сәйкестендіру кестесін; 2 - топ: Суреттер сыры; 3 - топ: Биологиялық диктант атты тапсырмаларды интерактивті тақтаға активстудио қаламы арқылы тапсырманы орындады. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сай оқыту мен оқу модулі бойынша СТО әдісінің «Джиксо» стратегиясы бойынша үш топқа төмендегідей тапсырмалар бердім. /Қосымша 6/

1- топ: Сабаққа сипаттама; 2- топ: Сабақ түрлері; 3- топ: Сабақтың ішкі құрылысын әр топ бір - біріне барып түсіндірді. “Қара жорға” биі арқылы оқушыларды сергіту сәті бойынша би билеп көңілденді. Сергіту сәтінің оқушылар үшін маңызы ерекше. Талантты және дарынды оқушылар модулі бойынша дарынды оқушым Амангелді Бекзат зертханалық жұмыстың тапсырмаларын өз бетімен жүйелі орындады. Тапсырманы дәлелдеп орындауда оқушы өз білімін ортаға салды. Өз дәлелдемесін сыныптастарының алдында талдап, қорытынды жасады. Өз дәлелдемесін қызығушылықпен орындай отырып, ғылыми жұмыс орындауына икемділігі бар екеніне көз жеткіздім. Бұл оқушы үнемі ізденетін оқушы. Үнемі ғаламтор материалдарын пайдаланады, биология пәнінен арналған жеке шығармашылық папкасы бар. Шығармашылық папкасын үнемі толықтырып отырады. Сонымен бірге қосымша биологиялық әдебиеттерді үнемі оқып отырады. Өзін қызықтырған сұрақтарға үнемі іздене отырып жауап таба біледі. /Қосымша 7/

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сабақ оқытудың негізгі формасы және оның маңызы
Биология пәнін оқыту процесі кезіндегі ақпараттық және коммуникативтік технологиялар
ФИЗИКА САБАҚТАРЫН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ
Оқытуды бағалау және оқуды бағалау
Биология мен экологияны оқытуда оқушыларда дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру
Биология сабақтарында ойын технологиясын пайдаланып өткізу әдстемесі
Оқытудың жаңа технологиясын пайдаланып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Модульдік оқыту технологиясы туралы
КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТУ ЖОЛДАРЫ
Кенелер және ауылшаруашылық зиянкестер тақырбын оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz