Саяси элита



Жоспар

I Кiрiспе

Саяси элитаның түсiнiгi
II Негiзгi бөлiм
1. Саяси элитаның қызметi
2. Саяси элитаның қалыптасуы мен жiктелуi
3. Саяси жетекшiлiк туралы ұғым

III Қорытынды

Элитаның мәнi мен маңызы
"Элита" терминi фраңцуздың еiлне деген сөзiнең шыққан, сұрыпталған, тандалған, iрiктелген деген мағынаны бiлдiредi. XVIII ғ. бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады. XX г. бастап саясаттану мен әлеуметтануда бiлiмi, байлығы, беделi, билiгi жоғары адамдардың азғантай әлеуметтiк тобын бiлдiредi.
Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеушi тандаулыларға және олардың дегенiн iстейтiн бағаныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б. 551— 479) адамдарды асыл азаматтарға (билеушi элитаға) жәнетөменгi (карапайым) адамдарға бөлдi. Платон билеушi-философтарға, әскерлерге, егiншiлер мен кәсiпшiлерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны көзқарастар жүйесi ретiнде XX ғ. басында италия ғалымдары Г. Моска, В. Парето, немiс Р. Михельс және т.б. қалыптастырды.
Гаэтано Моска (1854-194!) элита теориясын "Саяси ғылым негiздерi" (1896) деген еңбегiнде негiздедi. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлiнедi дедi. Оған ұйтқы болатын қасиеттерге әскери ерлiктi, байлықты, дiни дәреженi (мәртебенi) жатқызды. Осы үш қасиет, оның ойынша, адамға басқарушылар (элита) қатарына кiруге есiк ашады.
""Элита" терминiн ғылыми айналымға енгiзген Вальфредо Парето (1848—1923). "Жалпыға бiрдей социология трактатында" (1916) ол "элиталардың айналу" теориясын жасады. Ол бойынша элита билiк басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуының арқасында келедi. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, iзденiсi баяулай бастайды. Одардың орнына жаңа идеяны жаңа элита билiк басына келедi. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, дейдi олар, бiр элита екiншiнi алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып отырады.
Роберт Михельс (1876-1936) "Саяси партиялар, Демократияның олигархиялық үрдiстерi туралы очерк" (19'1) Дегең еңбегiнде "олигархияның темiрдей заңын" шығарды оның ойынша, бұқара халықтың өзiн-өзi ұйымдастыруға жэне басқаруға қабiлетi жетпейдi. Парламенттiк демократия жайында кейбiреулер жұртшылықтың қолдауына ие болды. Сейтiп Кәсiби дайындалған адамдардан тұратын басқару аппараты пайда болады. Ол көпшiлiктен бiртiндеп алшақтайды, қоғамның қарапайым мүшелерiне өздерiн қарсы қояды. Соның нәтижесiнде билiктi өз қолдарынан шығармай, сақтап қалуға тырысатын томаға тұйық дөңгелек, шеңбер пайда болады. Мұнда ат төбелiндей байлар саяси және экономикалық билiкке ие болады. Халықтың егемендiгi, билiгi дегеннiң бәрi бос былшыл "Олигархияның темiрдей заңы" осы дейдi Р. Михельс.
Американың саясаттанушысы Райт Миллс (1916—1962) "Билеушi элита" атты еңбегiнде АҚШ-тың XX ғ. ортасындағы элитасына талдау жасайды. Ол элитаны мәртебелер және стратегиялық рөлдер атқаратын топ деп аныктайды. Оның ойынша, қоғам үшiн ең маңызды рөл атқаратын саяси, экономикалық және әскери институттар. Соған орай билiк элитасын мемлекет, корпорациялар және әскери басшылар қүрайдьм
Франция саясаттанушысы Р.Ж. Шварценбергер "Абсолюттiк құқық" деген еңбегiнде қазiргi элитаны жабық каста ретiнде сипаттайды. Францияда ол саясаткерлерден, жоғары әкiмшiлiктерден және iскер адамдардан тұратын билiктiң ұшбұрышын құрайды. Олар үкiметтi калыптастырадьi, мемлекеттi билейдi, iрi корпорациялар мен банктердi басқарады.
Сонда қоғамда саяси элитаны тудыратын факторлар кандай? Оларға мыналар жатады: I) қоғамға арнайы бiлiмi, тәжiрибесi, қабiлетi бар кәсiби басқарушылар керек; 2) адамдардың психологиялық (туа бiткен) және әлеуметтiк (оқу, тәрбие барысында қолы жеткен) теңеiздiктерi; 3) қоғамда басқарушы еңбек жоғары бағаланады және ынталандырылады; 4) бүқара халықтың саяси енжарлығы, селқостығы (қүнделiктi өмiрде әркiм саясаттан шалғай өз жұмысымен айналысады).
Саяси элита стратегаялық мақсатты айқындайды, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатын белгiлейдi, өз жоспарларын жүзеге асырудың тетiктерiн табады, қоғам алдына қойылған мақсаттардың жүзеғе асуына бақылау жасайды.
Сонымен, саяси элита деп қазына-байлықты белуге байланысты және т.б. саяси маңызды шешiмдер қабылдауға катысты жоғары мәртебесi мен ықпалы бар ұйымдасқан топты айтады.
Қазiргi саясаттану ғылымында бiлiмнiң, элитология деген арнайы саласы бар. Ол элиталардың қалыптасу жағдайын, оның қоғамдағы рөлiн, әлеуметтiк-саяси процестерге ықпал ету әдiс-тәсiлдерiн және т.б. зерттейдi.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I Кiрiспе
Саяси элитаның түсiнiгi
II Негiзгi бөлiм
1. Саяси элитаның қызметi
2. Саяси элитаның қалыптасуы мен жiктелуi
3. Саяси жетекшiлiк туралы ұғым
III Қорытынды
Элитаның мәнi мен маңызы

1. Саяси элитаның түсiнiгi мен қызметi.
"Элита" терминi фраңцуздың еiлне деген сөзiнең шыққан, сұрыпталған,
тандалған, iрiктелген деген мағынаны бiлдiредi. XVIII ғ. бастап ол сөзбен
жоғары сапалы товарларды атады. XX г. бастап саясаттану мен әлеуметтануда
бiлiмi, байлығы, беделi, билiгi жоғары адамдардың азғантай әлеуметтiк тобын
бiлдiредi.
Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеушi тандаулыларға және олардың
дегенiн iстейтiн бағаныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады.
Мысалы, Конфуций (б.з.б. 551— 479) адамдарды асыл азаматтарға (билеушi
элитаға) жәнетөменгi (карапайым) адамдарға бөлдi. Платон билеушi-
философтарға, әскерлерге, егiншiлер мен кәсiпшiлерге ажыратты. Алайда
элитарлық теорияны көзқарастар жүйесi ретiнде XX ғ. басында италия
ғалымдары Г. Моска, В. Парето, немiс Р. Михельс және т.б. қалыптастырды.
Гаэтано Моска (1854-194!) элита теориясын "Саяси ғылым негiздерi"
(1896) деген еңбегiнде негiздедi. Онда ол қоғам басқарушылар мен
басқарылушыларға бөлiнедi дедi. Оған ұйтқы болатын қасиеттерге әскери
ерлiктi, байлықты, дiни дәреженi (мәртебенi) жатқызды. Осы үш қасиет, оның
ойынша, адамға басқарушылар (элита) қатарына кiруге есiк ашады.
""Элита" терминiн ғылыми айналымға енгiзген Вальфредо Парето
(1848—1923). "Жалпыға бiрдей социология трактатында" (1916) ол "элиталардың
айналу" теориясын жасады. Ол бойынша элита билiк басына алдыңғы қатарлы
идеяны ұсынуының арқасында келедi. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы
азайып, iзденiсi баяулай бастайды. Одардың орнына жаңа идеяны жаңа элита
билiк басына келедi. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, дейдi
олар, бiр элита екiншiнi алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып
отырады.
Роберт Михельс (1876-1936) "Саяси партиялар, Демократияның
олигархиялық үрдiстерi туралы очерк" (19'1) Дегең еңбегiнде "олигархияның
темiрдей заңын" шығарды оның ойынша, бұқара халықтың өзiн-өзi ұйымдастыруға
жэне басқаруға қабiлетi жетпейдi. Парламенттiк демократия жайында
кейбiреулер жұртшылықтың қолдауына ие болды. Сейтiп Кәсiби дайындалған
адамдардан тұратын басқару аппараты пайда болады. Ол көпшiлiктен бiртiндеп
алшақтайды, қоғамның қарапайым мүшелерiне өздерiн қарсы қояды. Соның
нәтижесiнде билiктi өз қолдарынан шығармай, сақтап қалуға тырысатын томаға
тұйық дөңгелек, шеңбер пайда болады. Мұнда ат төбелiндей байлар саяси және
экономикалық билiкке ие болады. Халықтың егемендiгi, билiгi дегеннiң бәрi
бос былшыл "Олигархияның темiрдей заңы" осы дейдi Р. Михельс.
Американың саясаттанушысы Райт Миллс (1916—1962) "Билеушi элита" атты
еңбегiнде АҚШ-тың XX ғ. ортасындағы элитасына талдау жасайды. Ол элитаны
мәртебелер және стратегиялық рөлдер атқаратын топ деп аныктайды. Оның
ойынша, қоғам үшiн ең маңызды рөл атқаратын саяси, экономикалық және әскери
институттар. Соған орай билiк элитасын мемлекет, корпорациялар және әскери
басшылар қүрайдьм
Франция саясаттанушысы Р.Ж. Шварценбергер "Абсолюттiк құқық" деген
еңбегiнде қазiргi элитаны жабық каста ретiнде сипаттайды. Францияда ол
саясаткерлерден, жоғары әкiмшiлiктерден және iскер адамдардан тұратын
билiктiң ұшбұрышын құрайды. Олар үкiметтi калыптастырадьi, мемлекеттi
билейдi, iрi корпорациялар мен банктердi басқарады.
Сонда қоғамда саяси элитаны тудыратын факторлар кандай? Оларға мыналар
жатады: I) қоғамға арнайы бiлiмi, тәжiрибесi, қабiлетi бар кәсiби
басқарушылар керек; 2) адамдардың психологиялық (туа бiткен) және
әлеуметтiк (оқу, тәрбие барысында қолы жеткен) теңеiздiктерi; 3) қоғамда
басқарушы еңбек жоғары бағаланады және ынталандырылады; 4) бүқара халықтың
саяси енжарлығы, селқостығы (қүнделiктi өмiрде әркiм саясаттан шалғай өз
жұмысымен айналысады).
Саяси элита стратегаялық мақсатты айқындайды, мемлекеттiң iшкi және
сыртқы саясатын белгiлейдi, өз жоспарларын жүзеге асырудың тетiктерiн
табады, қоғам алдына қойылған мақсаттардың жүзеғе асуына бақылау жасайды.
Сонымен, саяси элита деп қазына-байлықты белуге байланысты және т.б.
саяси маңызды шешiмдер қабылдауға катысты жоғары мәртебесi мен ықпалы бар
ұйымдасқан топты айтады.
Қазiргi саясаттану ғылымында бiлiмнiң, элитология деген арнайы саласы
бар. Ол элиталардың қалыптасу жағдайын, оның қоғамдағы рөлiн, әлеуметтiк-
саяси процестерге ықпал ету әдiс-тәсiлдерiн және т.б. зерттейдi.

Саяси элиталардың қальштасуы.
Саяси элиталарды қалыптастырудың, жоғары лауазымды қызметке iрiктеп
алудың 2 түрi бар: антрепренерлық және гильдия жүйесi. Антрепренерлық түрде
басқарушы қызметке үмiткердiң ерекше қасиеттерi, көпшiлiк жүртқа ұнай бiлу
қабiлетi басты орын алады. Мүнда кандидаттын. байлыгына, кәсiбiне,
бiлiмiне, мамандығына, т.с.с. онша мән берiлмейдi. Ол ең алдымен өзiнiң
тапкырлығын, жасампаздығын, белсендiлiгiн көрсете бiлуi қажет. Мысалы, АҚЩ-
та актер болған Рональд Рейган да президенттiкке сайланды. Элитаны
қалыптастырудың бұл түрi өзiнiң ашықтығымен, демократиялығымен, үмiткерге
қойылатын шектеулердiң аздығымен сипатталады. Сондықтан тұрақты
демократиялық елдерде бүл түр кең тараған.
Саяси элиталарға сұрыптаудың мұндай түрiнiң кемшiлiгi -саясатқа
сырттай жағымды көрiнгенiмен шын мәнiнде кездейсоқ, принципсiз, ұрыншақ,
авантюрист адамдардың билiк басына келуi. Ондай адамдардың iс-әрекетiн
болжап, пiшiп болмайды. Сондықтан қоғам өмiрiнде дау-жанжалдар, саяси
шиеленiстердiң мүмкiндiгi көбейедi.
Гильдия жұйесiнде үмiткер билiк сатысы бойынша баяу болса да анық
көтерiлiп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үмiткерге көптеген
талаптар қойылады. Оған кандидаттық бiлiмi, адамдар арасындағы жүмыс
тәжiрибесi, партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкiн. Талапкерлер белгiлi
бiр таптың, топтьщ, тектiң, партияның мүшелерiнiң арасынан шығуы керек.
Сондықтан билiк басына тандаудың бұл түрi жабық болып саналады.
Гильдия жүйесi бәсекелестiкке жол бермейдi, билеушiнi түйық қоғамдық
топтан iрiктеп алатын, кер тартпа түр. Оның артықшылығы — саясаткердiң
болашақ iс-әрекетiн алдын ала болжауға, соған орай шара қолдануға болады.
Билеушi элитаның арасында дау-жанжалдың мүмкiндiгiн кемiтедi. Осындай
жүйенiң бiр түрiне бұрынғы социалистiк елдерде кең тараған номенклатуралық
элита жатады.
Қалай болғанда да қоғам саяси элитасыз, кәсiби маманданған
басқарушыларсыз өз қызметiн толық атқара алмайды. Орыс философы Н. А.
Бердяев қоғамның даму деңгейi мен саяси элита санының арасында өзара
байланыс барлығын ашып, "элита коэффициентам" шығарды. Ол жоғары зерделi,
зияткерлiк бөлiгiнiң халықтың жалпы сауатты санымен салыстырғанда бiр
пайызын құраса, ол қоғам емiрiн тоқырауға әкеледi. Ал элитаның коэффициент
5 пайыздан асса, қоғам дамуының жоғары мүмкiндiгi барлығын айғақтайды дейдi
ғалым.
Саяси элита әр түрлi келедi. Сондықтан ол жiктеледi, топтастырылады.
Билiкке иелiгiне карай басқарушы және оппозициялық элита деп бөледi.
Басқарушы элита деп мемлекеттiк билiкке ие, маңызды саяси шешiмдердi
қабылдаушыларды айтады. Олардың қатарына ене алмай қалған, бiрақ сол ұшiн
күрес жүрғiзетiндер билiк басындағылардың iс-әрекетiн сынап, ол-қылықтарын
тауып, қателiктерiн корсетедi. Оларды оппозициялық немесе контрэлита деп
атайды.
Саяси элитаның жаңару, қайта жасақталу тәсiлiне сай ашық және жабық
элита деп бөледi. Ашық элитада барлық әлеуметтiк топ өкiлдерiне есiк ашық.
Жабық элитада ол белғiлi бiр таптан, тектен шыққандармен ғана
толықтырылады. Мысалы, гильдия жүйесi.
Индия саясаттанушысы П. Шаран билiк ету қорына байланысты элитаны
дәстүрлi және қазiрғi деп бөледi. Дәстүрлi элитаға дiн, салт, жол-жораға
байланысты бөлiнудi кiргiзедi. Оған жоғары дiн басыларын, ақсұйектердi,
дамып қеле жатқан елдердегi әскери басшыларды жатқызады. Қазiргi элитаға
заңға, формалды ережелерге сүйенушiлердi жатқызып, оларды өз кезегiнде 4
топқа бөледi: 1) билiк құрылымдарын басқаратын, маңызды шешiмдер
қабылдайтын жоғарғы элита; 2) мемлекет қызметкерлерiнiң жоғары жiгiн
(министрлiктер, ведомстволар, комитеттер басшылары) құрайтын әкiмшiлiк
элита; 3) белгiлi бiр табысы, кәсiби мәртебесi және бiлiмi бар адамдар
(жоғары қызметкерлер, менеджерлер, ғалымдар, зияткерлер); 4) жоғарыда
көрсетiлғен үш көрсеткiштiң (табысы, кәсiби мәртебесi, бiлiмi) бiреуi
немесе екеуi жетiспейтiн аралық (марғиналдық) жағдайдағы адамдар.
Қоғамның толыққанды өркендеп, қарқынды дамуы үшiн элитамен
кереғарлыққа келiп, күреспей, қудаламай, шектеулер қойып, шеңберiн
тарылтпай, зиялы зерделi қауымның, дарын-ды тұлғалардың өзiн-өзi көрсетiп,
халыққа, елiне қызмет етуiне жағдай жасап, сапасын арттыра түскен абзал.
Бiздiң Қазақстандағы элитаға келсек, елiмiз егемендiгiн алғанымен
билеушi топ опта өзгере қойған жоқ. Олардың кәоi Кеңес Оддғы кезiнде
номенклатуралық қызметгер атқарып, коммунистiк партия ыдырағаннан кейiн
мемлекеттiк институттарға (Президент, Үкiмет әкiмшiлiгiне) қызметко көштi.
1993 жылғы конституция бойынша билiктiң 3 тармағы тең делiндi. Алайда шын
мәнiнде билiк атқарушы органның қолына тидi. 1995 жылғы Қазакстан
Республикасының Конституциясы Президенттiк билiктi бекiтiп, атқарушы
билiктiң мертебесiн арттыра түстi. Жекешелендiру кезiнде халықтың еңбегiмен
жасалған мүлiкке ие бодцы.
Қазақстан қазiргi элитасына кiмдер жатады десек, оған Президент
аппаратының құрамы (Президент, оның әкiмшiлiғiнiң бастығы, орьшбасарлары,
бөлiм басшылары, кәмекшiлерi, кеңесшiлерi), Парламент, министрлiктер
басшылары мен орынбасарлары, дииломатиялық элита кiредi. Олардың арасында
тиiмдi несиелер алып, бизнеспен айналысып, байығандар баршылық. Олар қаржы-
қаражат, экономикалық қорлар, қажеттi мағлұматтарға иелiк етедi. Аймақтық
элитаға облыс әкiмдерi жатады.
Билеушi элитаға тарту, оларды жаңғырту мәсслесiне келеек, жоғары
басшыларға берiлген немесе солардың балаларымен толығуда. Олар орындарынан
босатылса, келесi лауазымды орынға отырады. Соның салдарында ол "сырттан
келетiн" адамдарға жабық элитаға айналды. Шынайы көппартиялық болмаған сон,
саяси билiкке олардың ыкдалы шамалы. Сыбайлас жемқорлықтың саны көбеюде.
Билiк басындағылардың көбi өз күнiн күйiтеп, жалпы халықтың жағдайы
төмендеп, жүмыссыздык белен, алуда.
Мұндай жағдайды болдырмай, тығырықтан шығу, саяск элитаның саны мен
сапасын көтеру үшiн оларды ашық, жариялылық жағдайында, зерделi, бiлiмдi,
бiлiктi, елiне, халқына шынайы жаны ашып, қызмет ететiн азаматтардан
таңдаған жөн.

Саяси жетекшiлiк туралы ұғым.
Саяси iс-әрекеттi жүзеге асыруда саяси жетекшiлердiң, топ
бастаушылардың (лидер), серкелердiң орны ерекше. Оған халықтың немесе
белгiлi бiр әлеуметтiк топтың мүддесiн толық сезiнiп, қорғай бiлетiн,
бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттердi жия бiлғен адам жатады. Ол
алға қойған мақсатқа жету үшiн қаланың, аймақтың, мемлекеттiң көлемiнде
адамдардың күш-жiгерiн бiрiктiрiп, белсендi ықпал ете алады. Соңғы кезде
бұл атаудың мағынасы кеңейе тұстi. Өйткенi саяси топ бастаушыға басқарушы
қызметтi ресми түрде атқармайтың, бiрақ саяси өмiрде беделдi, аты шыққан
адамдарды да жатқызып жүр.
Саяси жетекшiлiктiң, топ бастарлықтың (лидерлiктiң) табиғатын, сыр-
сипатын ғалымдар ерте заманнан-ақ бiлгiлерi келген. Солардың iшiнде ерекше
көзге түсетiн Н. Макиавеллидiң "Патша" деген еңбегiндегi тиiмдi басшылық.
Ол басшы мен бағынушыньщ өзара катынасына негiзделген мынадай терт ережеден
тұрады: 1) басшының билiгi оны жақтаушылардың қол-дауына сүйенедi; 2)
бағынушылар өз басшысынан ненi күтедi және өз кезегiнде басшы олардан ненi
күтуi мұмкiн — соны бiлулерi керек; 3) топ бастаушының қандай жағдай
болмасын аман қаларлық қайрат-жiгерi, қабiлетi болуға тиiс; 4) басқарушы өз
жақтастарына даналық пен әдiлеттiлiқтiң үлгiсi болуы керек.
Кейiн келе топ бастаушылықтың табиғаты әр түрлi түсiндiрiлдi. Қазiр
саяси топ бастаушылар деп қоғамдық-саяси үйымға, қозғалысқа, мемлекетке
әрдайым және шешушi ықпал ететiн тұлғаны айтады.
Саяси топ бастаушылар, әдетте, мынадай қызметтердi атқарады: қоғамнын
түбегейлi қүндылықтары мен арман-аңсарлары негiзiнде әр түрлi топтардың
басын бiрiктiрiп, мүдделерiн үйлестiру, топтастыру; халықтың, топтардың
қажеттiктерiн өтейтiн және қарыштап алға басуға мүмкiндiк тудыратын саяси
бағыт-бағдарлама жасау; қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырудың
әдiстерi мен тәсiлдерiн айқындау; халықты ынталандыру арқылы қажеттi
өзгерiстердi iске асыру; жұртшылықпен, эр түрлi үйымдар, топтармен тығыз
байланыс жасау негiзiнде өзiн-өзi саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерiн
қамтамасыз ету; әдiлдiктiн, зандылықтың, тәртiптiң кепiлi болу.
Саяси көсем қандай кезде пайда болады? Халықтың немесе үлкен топтың
өмiрiнде бiр кездерде маңызды жағдайлар, оқиғалар кездеседi. Сонда көш
бастайтын көсемге қажеттiлiк пайда болады. Сонымең қатар топ бастаушы өзiн-
өзi көрсете бiлуi үшiн қоғамға белгiлi бiр саяси және азаматтық еркiндiкте
болуға тиiс. Оған пiкiр еркiндiгi, көппартиялылық, парламент пен
партиялардың iшiнде жiкшiлдiкке мүмкiндiк беру, тағы басқалар жатады.
Мүидай жағдайда әлеуметтiк мүдделердi бейнелейтiн адамдардын. саяси ойының
таласы, бәсекесi толас-сыз жүрiп жатады. Ал тоталитарлық және авторитарлық
жағдайда саяси көсемдер емес, диктатура, номенклатура мен бюрократия
жеңедi. Олар билiк басына демократиялық жолмен, жетекшiлiкке жету
заплылықтары арқылы емес, қулық-сұмдық, зорлық-зомбылық әрекеттердi
пайдаланып жетедi. Саяси топ бастаушы (кесем) болудың 2 жолы бар: 1)
көпшiлiк халықтың мақсат-мүддесiн кездейсоқ дөп басып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Элита, истеблишмент, номенклатура, үстем тап
: Саяси басшы топ саяси элита
Саяси элита және саяси көшбасшылық жайлы
Саяси элита туралы
Қазақстан қоғамын демократияландыруға интеллектуалды элитаның саяси қатысуы
Түркістан ұлттық элитасының қалыптасуы мен қызметінің тарихы (1900-1924 жж.)
Саяси элита және саяси көшбасшылық
Әкімшілік элита
Саяси элита және саяси көшбасылық
Саяси элита стратегаялық мақсатта
Пәндер