Қоғамның даму тенденциясына сай бүгінгі білім жүйесінің дамуы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. Қазақстан республикасындағы білім беру жүйесі
1.1.Республиканың білім беру жүйесінің басты сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3. Білім жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
ІІ. Қоғамның даму тенденциясына сай бүгінгі білім жүйесінің дамуы
2.1. Осы заманғы білім берудің сапасын арттыру тәсілдері ... ... ... ... ... ... ...12
2.2. Білім жүйесінде ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мәселелері ... ..16
ІІІ. Жоғары білім беру жүйесін реформалаудың бағыттары мен мазмұны
3.1. Білім жүйесін дамытуда жаңа технологиялар енгізудің мәні ... ... ... ... ..21
3.2.Білім беруді технологияландыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
3.3. «Білім туралы» жаңа Заң . қазіргі білім жүйесінің дамуының кепілдігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді.
Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіліктеріне сай болуды талап ете отырып әсерін тигізеді.
Жедел өзгеріп отыратын әлем мен ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы болып табылмайды. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қарастыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілген жүйесінің болуы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штат санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер етеді.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” занының 5-тарауындағы 41-баптың 1-бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін арттыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан – 2030” стратегиялық бағдарламасында Елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамытуды өзекті мәселелер етіп енгізіп отырғаны белгілі. Мектеп – еліміздің халыққа білім беру жүйесінің күрделі тармағы. Еліміздің жарқын болашағы, мектеп болашағы – ұстаздардың ізденісінде, балаларға деген сүйіспеншілігінде, кәсіптік деңгейіне байланысты екендігінде. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.
Еліміздегі қоғам дамуының барлық саласындағы өзгерістерге орай білім саласы да жаңаруда. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау» делінген. Осы міндеттерді жүзеге асыруда басты нысана – білім сапасы. Сапалы білім беру педагогтардың шеберлігі мен іскерлігіне байланысты. Ал педагогикалық шеберлік пен іскерлікті дамытуда жаңа технологияны қолданудың маңыздылығы зор.
1. Андреева В.И. Педагогика творческого саморазвития.- Казань, 1996. - 182 б.
2. Білім туралы. - Об образовании: Қазақстан Республикасының Заңы. - Алматы: Литера, 2000. - 96 б.
3.Бүркітбай А.Б.Қазақ ұлттық энциклопедия.6 –том. – Алматы,2009.–408 б.
4. Бүркітбай А.Б.Қазақ ұлттық энциклопедия.3 –том. – Алматы,2007.–408 б.
5. Бүркітбай А.Б.Қазақ ұлттық энциклопедия.5 –том. – Алматы,2007.–408 б.
6. Жарықбаев Қ. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. - Алматы: Сана, 1995. – 128 б.
7. Кабаев Р.Н. Шығыс Қазақстан облысы экономикалық жағдайы// География және табиғат– 2003. - №4. – 9-10 б.
8.Кадиров О.Н.Т.Қазақстан мемлекетінің даму болашағы. – Алматы, 2002. – 180 б.
9. Қазақстан аймақтары. Статистическалық жинақ.- Алматы, 2011.– 8 – 10 б.
10.Қазақ ұлттық энциклопедиясы. – Алматы,2003. – 276 б.
11. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Дидар. - №4.- 2010. – 6 – 12 б.
12. Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан. --№ 5. - 2004. - 3-4 б.
13. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // // Егемен Қазақстан. - № 1.- 2004. -28б.
14. Қоянбаев Ж., Р.Қоянбаев. Педагогика.- Астана, 1998.- 314 б.
15. Макаренко А.С.Педагогические сочинения.- М., «Педагогика»,1988. - 257 б.
16. Макаренко. А.С. Психология труда учителя.- М., «Просвещение», 1993. - 94 б.
17. Мұқанов С.С.Халық мұрағасы. – Қазақстан,1999.- 178 б.
18. Нұрғалиева Г.Қ., С.Мусин. Салыстырмалы педагогика. -Алматы: Ғылым, 1999.- 245 б.
19. Сағындықұлы Е. Педагогика. - Алматы, 1999. – 120 б.
20. Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. -2005.- 174 б.
21.Увалиев Т.Т.Қазіргі дүние географиясы. – Алматы,2007. – 452 б.
22.Хуторской В.А. Ключевые компетенции как компонент личнос-тноориентированной парадигмы образования. // «Народные образования», №2, 2003. 58-94 б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. Қазақстан республикасындағы білім беру жүйесі
1.1.Республиканың білім беру жүйесінің басты
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .5
1.2. Білім беру жүйесінің құрылымы мен
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3. Білім жүйесін жетілдірудің өзекті
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..9
ІІ. Қоғамның  даму тенденциясына сай бүгінгі  білім жүйесінің дамуы
2.1. Осы заманғы  білім берудің сапасын арттыру 
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. .12
2.2. Білім жүйесінде  ұлттық құндылықтарды қалыптастыру  мәселелері ... ..16
ІІІ. Жоғары  білім беру жүйесін реформалаудың  бағыттары мен мазмұны
3.1. Білім жүйесін  дамытуда жаңа технологиялар 
енгізудің мәні ... ... ... ... ..21
3.2.Білім беруді 
технологияландыру ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...24
3.3. Білім туралы  жаңа Заң - қазіргі білім жүйесінің 
дамуының кепілдігі ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 32

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасын әлемдік
қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің
қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып,
экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді.
Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен
ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам
ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі
өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына
барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіліктеріне сай болуды
талап ете отырып әсерін тигізеді.
Жедел өзгеріп отыратын әлем мен ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында
іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы
болып табылмайды. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру
кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық
базасы, құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру
мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне
құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қарастыра отырып даярлауға
бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілген
жүйесінің болуы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штат санының
жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер етеді.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” занының 5-тарауындағы 41-
баптың 1-бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін арттыруға
міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан – 2030” стратегиялық бағдарламасында
Елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен
достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл
ағартушы қауым алдында оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық
технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру,
шығармашылық қабілетін дамытуды өзекті мәселелер етіп енгізіп отырғаны
белгілі. Мектеп – еліміздің халыққа білім беру жүйесінің күрделі тармағы.
Еліміздің жарқын болашағы, мектеп болашағы – ұстаздардың ізденісінде,
балаларға деген сүйіспеншілігінде, кәсіптік деңгейіне байланысты
екендігінде. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие
беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты
мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл
мұғалім керек.
Еліміздегі қоғам дамуының барлық саласындағы өзгерістерге орай білім
саласы да жаңаруда. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңында:
Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпы адамзаттық мәдени
құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау
делінген. Осы міндеттерді жүзеге асыруда басты нысана – білім сапасы.
Сапалы білім беру педагогтардың шеберлігі мен іскерлігіне байланысты. Ал
педагогикалық шеберлік пен іскерлікті дамытуда жаңа технологияны қолданудың
маңыздылығы зор.
Қазақстан Республикасындағы білім  беру жүйесін зерттеуге Сағындықұлы
Е.,Мұқанов С., Тұрғынбаева Б.А.  және т.б. зерттеушілерде үлкен үлес
қосқан.
Қазіргі таңда білім беру жүйесін Білім туралы заңында қарастыру және
дамыту заман талабы болып табылады.Сондықтан бұл тақырыпты жан – жақты
қарастыру және зерттеу өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Зерттелу мақсаты – Республиканың білім беру жүйесіне сипаттама беру;
қоғамның даму тенденциясына сай бүгінгі білім жүйесінің даму жолдарын
анықтау; жоғары білім беру жүйесін реформалаудың бағыттары мен мазмұнын
көрсету.
Зерттелудің міндеттері:
• қолданылған әдебиеттер тізімімен танысу;
• Қазақстан Республиканың білім беру жүйесінің сипатын анықтау;
• білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптерін көрсету;
• білім жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелерін анықтау;
• білім жүйесін дамытуда жаңа технологиялар енгізудің мәнеіне
сипаттама беру;
• Білім туралы жаңа Заң - қазіргі білім жүйесінің дамуының
кепілдігін көрсету.
Зерттеу жұмысының нысаны: Қазақстан Республикасының білім беру жүйесің
Білім туралы заңы.
Зерттеу  жұмысының пәні: Қазақстан Республикасының білім беру жүйесің
қалыптасуы мен даму ерекшеліктері болып табылады.
Зерттеу әдістері:1) теориялық; 2) синтез; 3)
салыстыру.                     
Практикалық маңыздылығы: курстық жұмысты орындау барысында қазіргі
тандағы білім беру жүйесінің құрылымын зерттеудің маңызын анықтадық.Соған
байланысты білім жүйесінің даму жолдарын білу студенттерге,мектеп және
жоғарғы оқу орындарының мұғалімдеріне маңызды болып табылады. 
 
 
 
 

І. Қазақстан республикасындағы білім беру жүйесі
  
  1.1.Республиканың білім беру жүйесінің басты сипаты

Қай мемлекеттің де негізгі тірегі - асқақтаған күмбездер де, ғимараттар
да, экономикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер де, белсенді
адамдар. "Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер,
инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер,
зауыттар мен биржалардың иелері болады (Қазақстан-2030 бағдарламасы).
Әрине, "келешектің иесі - жастар". "Жастар өзінің ата-анасынан гөрі
заманына көбірек ұксас келеді. (И.С.Кони). Сондықтан қоғам талабына сай,
сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбелеу ең маңызды мәселе екені
даусыз. Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару
жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны
жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа
мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы келеді.
Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін
ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең
негізгі қызметі - адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық
қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының
ең басты алғы шарты - білім беру жүйесінің білім ғасырындағы міндеті мен
мазмұнын айқындап берді.
Білім беру сатыларының сабақтастығын камтамасыз ететін білім беру
процесінің үздіксіздігі, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білім беруді басқарудың
демократиялық сипаты, білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы,
ақпараттануы, оқушыларды кәсіптік бағдарлау, білім беруді саралау,
ізгілендіру, гуманитарландыру және т.т. – білім беру саласындағы
мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері. Сонымен қатар Қазақстан
Республикасының ғылым және ғылыми-техникалық саясат тұжырымдамасында да
ғылымды демократияландыру, интеграциялау, инновациялық процестің білім,
ғылым саласында кең өріс алуы да атап көрсетілген. [6,  67-70 б.]
Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты – ұлттық білім
моделін жасау.
Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты — адамды қоғамның ең негізгі
құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік
жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани
жан-дүниесінің баюына, саяси көзқарасының, шығармашылық еркіндігі мен
белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік
беру. Яғни, XXI ғасырдың маманы – жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар
бойынша ой-өрісі кең, жан-дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары, кәсіби
білікті маман, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын, басқаның
пікірімен санасатын, кез келген ситуациядан шығудың жолын таба алатын,
жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын,
қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. Ал мұндай мүмкіндіктің негізі -
жоғары білімде. Өйткені жоғары білім – үздіксіз білім беру жүйесінің шешуші
тетігі. Сондықтан білімгерді тек маман ретінде ғана қарамай, оны өз
қоғамының азаматы, жеке тұлға, келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған
мүмкіндік жасау қажет. Ұлттық үлгідегі жаңа парадигманың негізгі бір
мәселесі – білімгерге іргелі де терең, тиянақты да жүйелі білім беру.
Іргелі білім берудің міндеті – адамды ғылыми ойлауға, болмысты тану, оны
қабылдаудың әдіс-тәсілдерін білуге, өзін-өзі дамытуға, өз бетімен білім
алуға, ізденуге іштей қажеттілігін туғызу.
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім
беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы
кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау
қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы
білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде. Атап айтқанда:
• Есте сақтауға негізделген  оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді 
пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын  оқуға көшу;
• Білімнің статистикалық үлгісінен  ақыл-ой әрекетінің динамикалық 
құрылым жүйесіне көшу;
• Оқушыға орташа деңгейде  білім беретін бағдарламадан 
жекелеп, саралап оқыту бағдарламасы на  көшу.
Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің
жоғарлығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің
технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа
технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға
қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі.
Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі экономика, ғылым және
мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше
қазіргі заманның ақпараттық технологиясын игеру міндетіміз.
Білім беру – аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны
реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі Республикамызда
қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық-
ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған
біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты. Білім беру ісіндегі жаңа
үрдістің мән-мағынасы, сипаты мен бағыт-бағдарын айқындаушы дәйекті
факторлар:
•   Қазақстан    Республикасының     тәуелсіз    егеменді мемлекет  бо-
лып қалыптасуы;
•   экономиканың нарықтық  моделін ұстанып, меншіктің түрлі  пішім-
дерін дамыту;
•   ұлттық білім беру ісінің  әлемдік білім жүйесіне кіруі  болып отыр.
Кез келген диалектикалық даму үрдісі секілді нарықтық экономика
жағдайына байланысты білім беру жүйесін реформалау ісі де қарама-
қайшылықтарсыз емес. Мұның өзі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты,
сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру
жағдайындағы біліктілікті талап етеді.
Білім беру реформасын одан әрі тереңдете жүргізу жаңа замандық база
жасауды қажет етіп отыр. Ең алдыменен, ел экономикасының  нарықтық жаңа
кезеңіне өту барысындағы білім жүйесін қалыптастыратын заң баптары керек
болды. Азаматтардың білім алу құқығын айқындайтын Қазақстан Республикасы  
Конституциясының   30-бабының   қағидасын толығырақ   мазмұндап,   білім  
берудің   мемлекеттік   емес секторларының орны мен рөлін, шетелдік,
халықаралық, діни білім  беру ұйымдарының  құқықтық негіздерін  нақтылап,
білім      мекемелерінің      жаңа      әлеуметтік-экономикалық
жағдайдағы    қызметтік    міндеттерін    белгілеу    қажеттілігі туындады.
[3,  55-60 б.]
 
 
1.2. Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері
1999 жылы қабылданған "Білім туралы" Заңда құрылымы мен мазмұны жағынан
да жаңартылған ұлттық білім беру жүйесінің жаңа моделі жасалды. Осы жаңа
модельге сай білім беру жүйесі 4 деңгейге: мектеп жасына дейінгі тәрбиелеу
мен оқытуға, орта білімге, жоғары кәсіби білімге, жоғары оқу орнынан
кейінгі кәсіби білім беруге бөлініп, 1997 жылы ЮНЕСКО ұсынған халықаралық
білім беру жіктемесіне мейлінше сәйкестендірілді.
Мектеп жасына дейінгі тәрбиелеу мен оқыту шеңберінде 5 (6) жасар
балаларды міндетті түрде мектепалды даярлықтан өткізу көзделген. Бұл -
мектепке оқуға қабылдау барысында балаларға бірегей бастау мүмкіндігін
тудыратын маңызды шара болмақ.
Жаңа модельге сәйкес орта білім беру жүйесі жалпы орта, бастауыш кәсіби
және орта білім беруді қамтиды.
Базалық білім мектеп қабырғасында беріледі. Тоғызыншы сыныпты
бітіргеннен кейін оқушылар тек кәсіптік мектептерде ғана емес, сонымен
қатар кәсіби орта білім беретін оқу орындарында да оқуын жалғастыра алады.
Орта білім беру Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік оқу
орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріледі. Орта білім алу
міндетті. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың 2010 жылға
дейінгі бағдарламасы негізінде жалпы орта білім үш сатылы:
✓ бастауыш (1-5 сыныптар);
✓ негізгі (6-10 сыныптар);
✓ жоғары (11-12 сыныптар) жалпы орта білім беретін оқу орнында
кезең-кезеңмен алынады.
Жалпы білім беретін орта мектептің мақсаты адамгершілігі, әр жақты
дамыған өзінің және қоғамдық мүдделерді ұщтастыра білетін, халық мәдениетін
жетілдіру ісінде өз ұлты мен жалпы адамзат қазынасын тиімді пайдаланатын
адамды тәрбиелейді. ҚР азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта
білім алуға кепілдік беріліп, орта білім алу міндеттеледі. Жалпы орта білім
– үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі деңгей. Жалпы орта білім 3
сатылы: бастауыш (1-5 сыныптар) негізгі (6-10 сыныптар) және жоғарғы (10-12
сыныптар). Жалпы білімнің нұсқалығына, білім берудің ауқымды инфрақұрылымын
қалыптастыруға, жалпы орта білім беретін ұйымдардың әр алуан түрлері мен
үлгілерін дамытуға жалпы білім беретін мектеп, гимназия, лицей және
басқаларды құру арқылы қол жеткіземіз.
Гимназия – негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске
асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп,
салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны.

Лицей – негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске
асыратын, жоғары сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге
асыратын жалпы білім беретін оқу орны.
Лицейлердің ең басты ерекшеліктері – ақыл-ой қабілеттері жоғары
жастарды топтап оқытып, оларды жоғары оқу орындарына даярлайтын біріңғай
элитарлық мектеп болуында. Лицейге жастарды қабылдау ең алдымен олардың
табиғи мүмкіндіктерін, интеллектуалдық ерекшеліктерін айқындау негізінде
жүргізіледі, кейін де бала дамуын қадағалай отырып, бірнеше іріктеу
сатыларынан өткізеді. Ал оны аяқтаған жастар жоғары оқу орнында білім алу
құқығына ие болады. Бұл оқу орындарының басты принципі баланы дәл болашақ
мамандығына сәйкес қабілетіне қарай іріктеу және сол мамандықты жоғары
деңгейде меңгеруіне көмектесетіндей бірнеше жыл бойы арнайы дайындықтан
өткізу болып табылады.
Кәсіптік мектепте оқу мерзімі – 2-3 жыл, кәсіптік лицейде – 3 жыл,
ерекше күрделі кәсіптер бойынша, сондай-ақ бірегей жабдықтарға қызмет
көрсетуге байланысты жұмыстар үшін- 4 жылға дейін болады.
Кәсіптік бастауыш білім, кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлерде
негізгі жалпы білім беру базасында алынып, жалпы орта білім алумен
ұштастырылады. Және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша білікті
еңбек қызметкерлерін (жұмысшы, қызметкерлерді) даярлауға бағытталған.
Кәсіптік орта білім колледждерде, училищелерде негізгі, жалпы білім
беру базасында конкурстық негізде алынып, жалпы орта орта білім алумен
ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға
бағытталған. Колледжде, училищеде оқу мерзімі – 3-4 жыл. Ұқсас мамандықтар
бойынша жалпы орта және кәсіптік бастауыш білімі бар азаматтардың
қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша кәсіптік орта білім
алуына болады. Кәсіптік орта білім колледждерде, негізгі жалпы орта білім
алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар
даярлауға бағытталған. [23,  9-13 б.]
Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар университеттерде,
институттарда, академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында
білім алады.
Жоғары кәсіби білім беру құрылымы үш сатыдан тұрады:
➢ жоғары базалық білім (бакалавриат);
➢ жоғары арнаулы білім;
➢ жоғары ғылыми-педагогикалық немесе мамандандырылған білім
(магистратура).
Республика азаматтарға аспирантураларда, докторантураларда оқып, ғылым
кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен прфессор атақтарын
алуға мүмкіндік береді, ғылыми кадрларға деген қажеттігін қанағаттандыруды
қамтамасыз етеді. Жұмысшылар мен мамандардың, басшы қызметкерлердің
біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау арнаулы білім беру
мекемелерінде, кәсіпорындарында, ғылым мен оқу орталықтарында
ұйымдастырылады.

1.3. Білім жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері
Білім – қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін
жоғары құндылық.Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат
қоғамы алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі,
ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне,
даму бағытына байланысты. XXI ғасыр деңгейінде білім беру және кәсіптік
даярлау жөніндегі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың
Қазақстан халқына 2007 жылғы 28 ақпандағы Жолдауында Біз бүкіл еліміз
бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге
қол жеткізуіміз керек. Әр оқушының білім мен қабілет деңгейінің тиімділігін
бағалаудың біртұтас жүйесін жасау қажеттігін, оқу жоспарларына
жаратылыстану бейініндегі арнаулы сыныптар құруды қарастырған жөн екендігі
атап көрсетілген болатын. Жаңа ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды
инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің
басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр
болмайды дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен
білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Қазіргі кезеңде жалпы білімнің
міндеті – баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы,
оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы
әзірлей білу. Жасөспірімдердің шығармашылық тұлғасының белсенді бағытын
оның тек сабақтарға жалпы қатынасы және оның қажеттілігі мен мұқтаждығы
ғана емес, сондай-ақ білімді тәжірибелік іскерліктерді қабылдау мен меңгеру
үрдісінің өзі де анықтайды. Оның ішінде таңдау курстары – шығармашылық
ізденістің алғашқы баспалдығы. Қандай да бір таңдау курсына қатысқан
оқушының өзіндік талпынысы, ізденісі болары анық.
Белгілі педагог-ғалым А.Құсайынов алдыңғы қатарлы дамыған елдердің
(Америка, Германия, Жапония, Франция, Нидерландия, Англия, Канада) жалпы
білім беру жүйесіне талдау жасай келіп, бұл елдерде  7-сыныптан бастап
дифференциялап  (саралап) білім беру іске асырылып, оқушылардың өздеріне
таңдау мүмкіндігі беріледі. Әрбір оқушы өз қабілеті мен қызығушылығына
қарай өзінің білімін дамыту жобасын жасайды. 10-сыныптан бастап міндетті
пәндер көлемі азайып, профилдік және оқушылардың өздері таңдаған пәндер
көлемі көбейеді дейді. Демек, олелдерде жоғары дамуға негіз болып отырған,
бірбіріне соншалықты жақын әрі қатаң бірыңғай кәсіби бағдарлы білім беру
жүзеге асырылады.
Қазіргі кезеңдігі оқытудың негізгі мақсаты – болашақ мамандығына
байланысты әрбір балаға тереңірек білім беру, білімді өзгермелі өмір
жағдайларына пайдалана білу дағдысын қалыптастыру. Сондықтан қазіргі
қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік экономикалық өзгермелі
жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны
жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты
талаптар: шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары
интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. [11,  42-45 б.]
Жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың тұжырымдамасы баланы жанжақты
дамытумен бірге жеке және жас ерекшелігіне қарай қоғамдағы өзгерістерге
бейім даму мүмкіндігін айқындауды қарастырады. Жеке тұлғаға бағдарланған
оқыту проблемалы бағыттағы шығармашылық сипатқа ие бола отырып жаңа білімді
іздену арқылы тәжірибеде қолдана білуге ықпал етеді, мұндағы басты міндет –
баланың жалпы және өзіне ғана тән қабілеттерінің даму мүмкіндігі мен білім,
білік, дағдыларын қалыптастыру және қолдану.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” занының 5-тарауындағы 41-
баптың 1-бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін арттыруға
міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан – 2030” стратегиялық бағдарламасында
Елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен
достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл
ағартушы қауым алдында оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық
технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру,
шығармашылық қабілетін дамытуды өзекті мәселелер етіп енгізіп отырғаны
белгілі. Мектеп – еліміздің халыққа білім беру жүйесінің күрделі тармағы.
Еліміздің жарқын болашағы, мектеп болашағы – ұстаздардың ізденісінде,
балаларға деген сүйіспеншілігінде, кәсіптік деңгейіне байланысты
екендігінде. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие
беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты
мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл
мұғалім керек.
2006-2007 оқу жылында Қазақстан мектептерінде жалпы орта білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын біртіндеп енгізудің маңызды кезеңі
басталды – бейіндік оқытуға көшу, оқытуды даралау мен оқушылардың
әлеуметтенуіне бағытталған, жалпы білім беру мекемесінің жоғарғы сыныбы
оқушыларын арнайы дайындау жүйесі құрылды.
    Бейіндік оқыту бір немесе екі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
-    жаратылыстану-математикалық;
-    әлеуметтік-гуманитарлық.
Бейіндік оқытуды жүзеге асыру үшін мұғалімнің келесі кәсіби білімі мен
іскерлігі болуы керек:
-  оқытудың тұлғалық-бағдарлық, жеке-даралық құзырлығының әдістемелік
негізі мен оларды жүзеге асырудың механизмін;
-   базалық және бейіндік деңгейіндегі пән бойынша білім мазмұның,
-  элективтік курстарды әзірлеу мен ұйымдастырудың әдістемесін;
- оқушылардың жобалық, ғылыми-зерттеушілік қызметін ұйымдас-тырудың
әдістемесін білуі керек;
-  өзінің білімін жетілдірумен айналасу керек:
1.  Педагогиқалық әдебиетердің  жаңалықтарын, оқытатын пән бойын-ша 
қосымша ғылыми материалдарды  оқып-қарастыру. 
2. Жаңа бағдарламалар мен оқулықтарды қарастыру, оның талаптары мен
ерекшеліктерін аңықтау.
3. Жұмыс дағдыларын компьютерде қолдану, сабақта оқытудың техникалық
құралдарын пайдалану.
4. Ғылыми-зерттеу тақырыбында жұмыс істеу.
Педагогтер мен оқушыларды базистік оқу жоспарының бейінді компоненті
бойынша қазіргі оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету бейіндік оқытуға
көшудің өзекті және тез шешуді талап ететін мәселесі болып табылады.
Бейінді компонент мазмұны мен білім беру стандартының талаптар жүйесіне
сәйкес келетін курстар, оқу пәндері, модульдер, оқытылатын элективтік
курстар жиынтығынан тұрады. [9,  15-22 б.]
Элективтік курстарды оқытудың мақсаты – оқытуды дараландыру мен
оқушының әлеуметтенуіне бағдарлану, өзінің болашақ кәсіби қызметін таңдауға
жауапты және саналы түрде дайындалу. Элективтік курстар әр түрлі функциялар
орындай алады: қазіргі уақыттың негізгі мәселерін зерттеу, болашақ кәсіби
қызметінің ерекшелігіне бағдарлану, кәсіби сынама, танымдық,
ұйымдастырушылық қызметінің дағдыларын жетілдіруге бағдарлану, базалық
пәндік білімнің терендетілуі, бейіндік пәнді оқытудың кемшіліктерінің орнын
толтыру. Көрсетілген функциялардың әрбірі негізгі рөл атқаруы мүмкін,
алайда, элективтік курс оларды кешенді түрде орындау керек.
 
 
 
ІІ. Қоғамның  даму тенденциясына сай бүгінгі  білім жүйесінің дамуы

2.1. Осы заманғы  білім берудің сапасын арттыру  тәсілдері
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы
Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басым бағыты атты
халыққа арнаған кезекті Жолдауында мемлекетіміздің барлық салаларына
қатысты мәселелер жан-жақты қамтылып, жүзеге асырылуға тиісті он нақты
міндеттерді айқындап берді.
Осы жолдаудағы маңызды мәселелердің бірі жетінші бөлімдегі білім беру
мен денсаулық сақтау саласы. Дәл қазіргі жаһандану заманында білім беру
жүйесін одан әрі дамытуға қатысты мәселелерді Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаев осы жолдауда айқындап берді. Атап айтар болсақ,
бұл жолдауда Президент Н.Ә.Назарбаев былдай деген болатын:
Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды
жүзеге асырудың маңызы зор.
Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер ментехнология-
ларды енгізу. Бүгінде  халықаралық стандарттар негізінде  Назарбаев уни-
верситеті мен Зияткерлік мектептер табысты жұмыс істеуде. Кәсіптік-техни-
калық білім берудің  озық мекемелерінің желісі дамып  келеді. Олар-
дың тәжірибесін бүкіл  қазақстандық білім беру жүйесіне таратып, барлық
білім беру мекемелерін солардың деңгейіне тарту қажет.
Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор.
Арқаулық педогогтық білім берудің үлгі-қалыптарын, мектептер мен
жобалар оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет. Әр
өңірде педогогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар
жұмыс істеуі тиіс.
Үшіншіден, біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет.
Мемлекет бір мезгілде білім беру қызметтерін көрсетуге  әрі олардың са-
пасына баға беруге тиіс емес.
Үкіметке үстіміздегі жылы қанатқақты режімде салалық ассоциациялар
арқауында 1-2 салаларда тәуелсіз Біліктілікті бектіу орталықтарын құруды
тапсырамын, -деді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев [1,
1].
Биылғы жылдан бастап базалық педогогикалық білім стандарттары мен
біліктілікті арттыруға қойылатын талаптарды күшейту бойынша көптеген
ұйымдастыру шаралары қолға алынғалы отыр. Сондай-ақ педогогтардың
біліктілігін растайтын тәуелсіз мекемелер қызметіне жүгінетін боламыз.
Қысқаша айтқанда, кадр сапасын сараптау міндетін сол кадрды даярлаған ЖОО-
дан өзге бейтарап мекеме атқарғаны өте дұрыс, — деп ойлаймын.
Мемлекетіміздегі жастардың еңбектен ажырамай, қалаған мамандығын
игеруге мүмкіндік алуын жаһандық дағдарыс кезеңінде оларға жасалған зор
қамқорлық деп, бағалаған жөн болар. Қазақстандық ғылымды өркендатуге
байланысты ойлардың өткен 2011 жылғы Жолдаумен сабақтастықта өрбігені
байқалады.
Елбасы Жолдауында студенттердің тоқырап қалмай, көп тілді білуін,
шетелде білім алып, білімін одан әрі көтеруге, мәдениетін арттыруға, алған
білімімен елдің дамуына үлес қосуға мүмкіндік жасап отыр. Бұл жерде әрбір
педагогтың, әрбір ғалымның, әрбір жетекшінің, министрліктер мен
мекемелердің ауқымды жұмыс атқаруына үлкен мүмкіндіктер бар. Елбасымызды
толғандырған өзекті мәселелердің бірі елімізді инновациялық тұрғыда дамыту
жолына түсіру. [7, 36-38 б.]
Елбасы Жолдауында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру тетіктерінің тағы
бір маңызды тұсы студенттердің теориялық білімімен қатар, тәжірибелік
біліктілігін шыңдау мәселесі. Ол үшін бұрынғы өндірістік-тәжірибелік
базаларды қалпына келтіріп, кәсіби машықтарын жетілдіруге мүмкіндік жасауды
жоспарлап отырмыз. Яғни, студенттеріміз біліммен қатар тәжірибені меңгеріп
шығуы керек. Мысалы, Американың Лэндгранд ауыл шаруашылығы
университеттерінде (Бұл оқу орнының құрамында бірнеше ірі ғылыми
институттар бар.) студенттер алғашқы 2 жылында теориялық білім алып, қалған
2 жылда олар өндіріс орындарында, ғылыми зертханаларда тәжірибе жинақтаумен
айналысады. Әрбір студенттің ғылыми жетекшісі болады. Жалпы алғанда, батыс
елдерінің бір ерекшелігі олар әрбір адамның, тұлғаның генетикалық
мүмкіндігін ашуға жағдай жасайды. Әрбір адамның өзінің талантын ашады.
Бұлардың бағыты соған арналған. Біздің де негізгі көздегеніміз осы
бағыттағы жетістіктерді қабылдай отырып, өзіміздің үлгімізді
қалыптастыру.[2, 1 – 5 б.].
Соңғы 10-15 жылда шетел мемлекеттерінің білім жүйесінде жоғары
деңгейдегі қарыштық даму жағдайы жүзеге асып жатқаны бәрімізге белгілі.
Әрбір мемлекеттің қоғам өмірінде ғылыми, мәдени, экономикалық, саяси
жүйелеріндегі қалыптасқан ескі көзқарастар түбегейлі
өзгеріске                    ұшырады. [3, 11-12 б.];
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің
басты міндетi – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу
үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім
беруді ақпараттандыру – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері
көзделуде. [7, 8-9 б.].
Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып
ақпараттық ресурстардың қажеттілігі айқын көрінеді. Сондықтан білім беру
саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты
тұлғаға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай
алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болып отыр. Жаңа ақпараттық
технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында
тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.
Қазіргі таңда әлемнің дамыған мемлекеттерінің ЖОО кредиттік оқыту
технологиясы бойынша білім береді. Кеңес Одағының ыдырауы және жаңа
тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы жаңа білім жүйесінің дамуындағы
ізденістерге әкелді. Әлемде танылған батыс елдерінің экономикалық,
әлеуметтік прогрестері Қазақстан үшін үлкен бағдар болды. Әрине, оқу
бітіруші түлектер бәсекелестік қабілеттілігімен білім беру кеңестігінің
таңдауында оқушыға дербестік беру, оқытудың деңгейін көтеру, еңбек
сұранысына бағдарланған, оқу бағдарламаларының жоспарлауын икемді ғана
болуы мүмкін, әлемдік білім беру көрсеткендей казіргі білім талаптарына
кредиттік оқыту технологиясы сай келді. [4, 19-20 б.].
Біздің республикамыздың жоғары оқу орындарында кредиттік жүйені
енгізуде шетел мемлекеттерінің тәжірибесі мен халықаралық тәжіриебенің
маңызы өте зор. Солай болғандықтан, осы технология Қазақстанның жоғары оқу
орындарында белсенді жұмыс еткендіктен отандық тәжірибені оқу мәнді болады,
одан басқа да аймақтық жоғары оқу орындарының жинақталған тәжіриебесін
есепке ала отырып, консультация және әдістемелік көмек көрсету қажет [5, 17-
18 б.].
Қазақстан Республикасында кредиттік оқу жүйесі 19 ғасырдың 90-шы
жылдарының ортасынан біртіндеп қалыптаса бастады. Елімізде 2007 жылы 15
тамызда Білім туралы жаңа заң қабылданды. Осы заңның 11 бабында білім
жүйесі мәселелерінің бірі болып оқытуда жаңа технологияларды тиімді
пайдалану және енгізу, сонымен қатар кредиттік, дистанциялық, ақпараттық-
коммуникациялық оқыту кәсіби білімнің қоғамда және еңбек нарығында болып
жатқан өзгерістер қажеттілігіне тез үйлесуге мүмкіндік туғызатыны атап
көрсетілген. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңын іске асыру
мақсатында №66-шы кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін
ұйымдастыру ережесі әзірленген және бекітілген. Кредиттік оқыту
технологиясы — бұл білім беру технологиясы, өз бетімен білім алу деңгейін
көтеру және дара негізінде шығармашылық білімді меңгеру, оқу процесін және
білім көлемін кредит негізінде есепке алуды, білім беруді таңдап алған
траекториясын регламенттеу болып табылады [6, 15-16 б.].
1999 жылы 19 маусымда жоғары білімнің бірыңғай құрылымын енгізу үшін
Болон декларациясы қабылданған болатын. Оған 29 ел қол қойды. Барлық ұлттық
жүйелерде, жоғары білім жүйесінің сынақтық бірлігін енгізу үшін European
Credit Transfer Sustem (ESTS) немесе басқа, ESTS жүйесімен бірігіп, қайта
сынақтауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ жинақтаушы қызметін, және де
академиялық оқу кепілдігін шет елде тану туралы шешім қабылдану (1999 ж.
ESTS 1062 европалық жоғары оқу орындарына енгізілді)
Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мақсаты Қазақстан
Республикасында бiртұтас бiлiмдiк ақпараттық ортаны құру болып табылады.
Олай болса, бiлiм беру саласында жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға,
Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңiстiктi әлемдiк бiлiм беру
кеңiстiгiмен сабақтастыруға мүмкiндiк бередi.
Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мiндеттерi:
–  ақпараттық және телекоммуникациялық  техникалық құралдар-
мен қамтамасыз ету;
 –  бiлiм берудi  ақпараттандыру бойынша практикалық  шаралар-
ды анықтап, жүзеге асыру;
 –  оқу-тәрбие үдерісіне  жаңа ақпараттық технологияны  енгiзудi қам-
тамасыз ету бойынша  ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстем елiк  жұмыста-
рын жүргiзу;
– пәндер бойынша жасақталатын жалпыға мiндеттi бiлiм стандарттары-ның 
және оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң  мазмұнын ақпараттық технология-ны
пайдалану  мүмкiндiктерiмен жетiлдiру бiлiм берудi басқаруда ақпарат-тық
жүйенi құру;
– бiлiм беру мекемелерiнiң  қызметкерлерi үшiн бағдарламалық-техни-
калық құралдарды қамтамасыз ету және мультимедиялық бағдарламаларды,
электрондық оқулықтарды  жасақтау;
 – педагог кадрларды  жаңа ақпараттық технологияны  өз қызметтерi-
не еркiн пайдалана  бiлуге дайындау және жүйелi  түрде бiлiктiлiкте-
рiн көтеру.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың білік-
тілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі екендігі даусыз.
Педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру, қажеттілікті шешу
барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық техно-логияны өз
қызметтеріне пайдалану, педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын,
ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді
қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.
Адамзат өркениеті жер бетінде орныққалы бері одан өз орнын ойып тұрып
алып келе жатқан мемлекеттердің жөні ерекше. Олар: Сингапур, Малайзия
мемлекеттері. Халқының басына күн туып, тағдырдың тәлкегіне түсіп,
мемлекеттің келешегі қыл үстінде тұрған кезде де жоқтан бар жасап, артта
қалған мемлекетті әлемнің алдыңғы қатарына шығарған көшбасшыларды тарих
ұмытпайды. Соның ішінде Азияның Ли Куан Ю (Сингапур), Махатхир Мохамад
(Малайзия) секілді данышпан көшбасшылардың басынан кешіргені таңғаларлық
жағдай. Ұлыбританияның әскери базаларына әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан
тәуелді болған Сингапур, Қытай мен Үндістан саудагерлері мен
қолөнершілерінің қолына қарап отырған Малайзия данышпан көшбасшыларының
саясаты арқасында 30-40 жылдың ішінде әлем мойындайтын деңгейге көтерілді.
Ал, біздің еліміз – аталған елдерге қарағанда халқы анағұрлым сауатты,
көзі ашық, көкірегі ояу, тарихы терең, жері мен табиғаты бай мемлекет.
Сондықтан, Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның әлеуметтік
жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам атты мақаласы
Қазақстанның тиімді және әлеуметтік даму жолында екендігінің нақты белгісі
болып табылады. Сонымен қатар, әрбір ЖОО-ды тамамдаған жас маман еңбекке
тартылып, жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүруді өзіне жат нәрсе деп
тауып, халқым үшін, — деп қызмет етсе, қазақ елінің Сингапур мен
Малайзияның тәжірибесін әлемге қайта танытуына толық мүмкіндігі бар [8, 2-3
б.].
Президентіміздің Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ
Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам атты мақаласы халықтың әлеуметтік жағдайын
көтеруге, қоғамдағы әділетсіздік пен теңсіздікті жоюға бағытталған. Сонымен
қатар, бұл мақала қоғам мен мемлекеттің келешегін ойлаған мыңдаған
ғалымдардың көңілінен шықты және біздерге, яғни ЖОО-ның профессор-
оқытушылар құрамына да нақты іс-қимылдар бағытын айқындап отыр.
Қазіргі таңдағы адамзаттың тіршілігінің негізгі тұғырнамасы – білім
болып табылады. Жаңа заман жаңа көзқарас тудырып, іргелі жаңғыртулар жасау
мен білімді дамытудың жаңа сапалық деңгейін қажет етіп отырған кезеңде
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өз назарында ұстап
отыруының орны ерекше.
 
 
2.2. Білім жүйесінде  ұлттық құндылықтарды қалыптастыру  мәселелері

Білім беру — тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның
танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам
мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің
адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында,
кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие
мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды
және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің
басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.
Білім беру жүйесінің басты міндеттері — ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтар, ғылым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамның даму тенденциясына сай бүгінгі білім беру жүйесінің дамуы
Педагогика ғылымының мазмұны оның тарихында қалыптасқан рухани мұралар мен құндылықтар әлемі
Қазақстан Республиканың білім беру жүйесінің сипатын анықтау
Педагогикалық білім берудің үздіксіз жүйесін сипаттау
Қазақстандағы жастар саясаты
Педагогика - тәрбие туралы ғылым
Компанияның қызметінің негізгі көрсеткіштері
Экологиялық туризм дамуында Қазақстанның ерекшеліктері
Балабақша тәрбиешілерінің білімін жетілдіру
Білім беру процесін басқару сапасы
Пәндер