Қазіргі таңдағы оқыту процесінің мәні


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім:

І. Қазіргі таңдағы оқыту процесінің мәні

1. 1 Оқыту әдісінін мәні, әдіс және тәсілдерінің арақатынасы . . . 4

1. 2 Оқытудың мәні, мақсаты, міндеттері, қызметтері, зандылықтары, қозғау-шы күштері мен ұстанымдары . . . 7

1. 3 Оқыту процестің заңдылықтары . . . 13

ІІ. Қазіргі таңдағы оқыту процесіндегі жалпы мәселелер

2. 1 Тәрбие ісіндегі баланың жеке тұлғасының даму мәселелері . . . 15

2. 2 Баланың жеке тұлға тәрбиесінің қалыптасуы . . . 20

2. 3 Акселерация оның әлеуметтік және педагогикалық мәні . . . 25

2. 4 Белсенділік, оның түрлері және тұлға дамуындағы рөлі . . . 26

2. 5 Балалардың дербес ерекшеліктері . . . 34

Қорытынды . . . 35

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 36

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Оқыту процесі - екі жақты процесс болғандықтан, мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетін, мұғалім тарапынан оқушы іс-әрекетіне басшылық етуді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды талап етеді. Білім беру деп - табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңге-руін және оны омірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Дидактиканың міндеті - білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыру-ды ғылыми тұрғыдан негіздеу. Дидактика "Нені оқыту керек?", "Қалай оқыту керек?" деген пкір үлкен сұраққа жауап береді. Осы сұрақтардан басқа сұрақтар дм туындайды: "Оқыту қалай жүргізіледі, оның заңдылықтары қандай?", "Кімдерді оқыту керек?", "Не үшін оқыту керек?" "Қайда оқыту керек?". Қазіргі дидактиканың ең бір көкейтесті проблемасы - оқыту әдісін классификациялау болып отыр. Әдіс классификациясы -нақты бір белгілер бойынша ретке келтірілген жүйе. Көптеген авторлар оқыту әдістемесінің негізіне түрлі белгілерді келтіргендіктен, классификацияның алуан түрлері бар. Дәл қазіргі кезеңде бұл сұрақ төңірегінде нақты тоқтам жоқ. Оқыту педагогика ғылымының категориясы ретінде және окыту процесі немесе дидактикалық процесс бірдей мағынадағы ұғымдар емес. Процесс оқыту жағдайларының толық педегогикалық құбылыс ретінде педагогикалық іс-әректтің үзіндісі, актісі ретіңде ауысып отыруы. Іс-әрекет ретінде оқыту ұғымымен іс-әрекеттердің шеңберін, міндетін білдіретін «қызмет» ұғымы тығыз байланысты. Оқытудың қызметі оқыту процесінің мәнін сипатгайды Оқытудың әлеуметтік, педаготикалық психологиялық мәні оның қызметтері-нен біршама анық айқындалады.

Зерттелу мақсаты - Республиканың білім беру жүйесіне сипаттама беру; қоғамның даму тенденциясына сай бүгінгі білім жүйесінің даму жолдарын анықтау; жоғары білім беру жүйесін реформалаудың бағыттары мен мазмұнын көрсету.

Зерттелудің міндеттері:

  • білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптерін көрсету;
  • білім жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелерін анықтау;
  • білім жүйесін дамытуда жаңа технологиялар енгізудің мәнеіне сипаттама беру;

Зерттеу жұмысының нысаны: оқыту процесі

Зерттеу жұмысының пәні: педагогика

Зерттеу әдістері: 1) теориялық; 2) синтез; 3) салыстыру.

Практикалық маңыздылығы: курстық жұмысты орындау барысында қазіргі тандағы білім беру жүйесінің құрылымын зерттеудің маңызын анықтадық. Соған байланысты білім жүйесінің даму жолдарын білу студенттерге және мұғалімдеріне маңызды болып табылады.

І. Қазіргі таңдағы оқыту процесінің мәні

1. 1 Оқыту әдісінін мәні, әдіс және тәсілдерінің арақатынасы

Оқыту дегеніміз - оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруі, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дүниетінымын, адамгершілік, эстетикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыру үшін мұғалімнің белсенді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруы және ынталандыру іс-әрекеті.

Оқыту процесі - екі жақты процесс болғандықтан, мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетін, мұғалім тарапынан оқушы іс-әрекетіне басшылық етуді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды талап етеді.
Оқытудық маңызды міндеттері:

• Оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру.

• Оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруіне керекті оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.

• Ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту.
Осы процесте оқушылар ғылыми білімдер алып, іс-әрекет жасауға үйреніп, жақсы мен жаман туралы көзқарастарын қалыптастырады. Оқыту баланы дамытады. Ол мынадай бөліктерден тұрады: мақсат, міндет, мазмұн, нәтижелері, оны бағалау.

Білім беру деп - табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны омірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Дидактиканың міндеті - білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Дидактика "Нені оқыту керек?", "Қалай оқыту керек?" деген пкір үлкен сұраққа жауап береді. Осы сұрақтардан басқа сұрақтар дм туындайды: "Оқыту қалай жүргізіледі, оның заңдылықтары қандай?", "Кімдерді оқыту керек?", "Не үшін оқыту керек?" "Қайда оқыту керек?".
Осы сұрақтарға жауап беру үшін дидактика үздік педагоги калық тәжірибені зерттеп, қорытындылап, мектептің тәжірибесіне енгізумен айналысады.
Әрбір мұғалім дидактиканы білу керек, өйткені мектептін, алдында тұрған ірі тәжірибелік міндеттерді теориялық білімсіз шешу мүмкін емес.

Оқу процесі - бұл ұстаз бен шәкірттердің мақсатқа бағытталған өзара - әрекетінің барысында шәкірттерге білім беру міндеттерін шешу.

Оқу процесі -тұтас педагогикалық процестің бөлігі.

Оқыту таным - процесі. Оқытудың міндеті - оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қару-ландыру.

Оқыту - даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне тән екі белгіні: ағзаның өзіндік дамуына жүйелі түрде және бастың жан-жақты жетілуін түйістіреді. Оқыту - екі жақты процесс. Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетіне тұратын күрделі процесс. Өйткені оқыту - мұғалімнің білім берудегі негізгі іс-әрекеті болса, оқу - баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті.

• Оқыту - жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады.

• Оқыту - бұл күрделі процесс. Ол тұлға білім беру, тәрбиелеу және ақыл-ойы мен творчестволық қабілетін демек біліктілік мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады.

Оқыту процесінің қызметі:

Білім берушілі қызметі - ғылым негіздеріне сай оқушыларды нақты фактілермен, қағида және түсініктермен, заңдылықтармен қаруландыру және дүние құбылыстары туралы ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

Тәрбиелік қызметі - оқыту барысында теориялық білімдер жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру. Дамытушылық қызметі - оқыту барысында оқушыларға назар аударатын басты мәселесін есте сақтауға тиіс және бекітілуге қажетті қосымша материалдарды анықтау жұмыстарын атқармай тұрып, оның мақсатын белгілей алмайды.

Қалай оқыту керек? дейтін дәстүрлі дидактикалық сұрақ заңды түр-де оқыту әдісінің категориясын шығарады. Әдіс -жоспарланған мақсат пен соңғы нәтиженің арасын байланыстыратын оқу процесінің өзегі болып табылады. Оның жүйедегі айқындаушы рөлін «мақсат - мазмұн - форма - оқыту әдісінің құралдары» көрсетеді.

Әдіс (гректің mеtоdоs) деген сөзінен алынған, табиғат құбылысын және әлеуметтік өмірдің жағдайын зерттеу немесе таным жолы, құбылыстарды оқып білу жолдарын, әдіснамалық теория танымы мен шындықты зерттейтін тәсіл. Философия әдісті белгілі түрде іс-әрекетті ретке келтіретін, мақсатқа жету тәсілі ретінде қарастырады. Тұтастай алғанда, әдіс-практикалық және теориялық әрекеттерді шындығында меңгеруге бағытталған нақты міндеттерді шешудегі операциялардың, бірдей тәсілдердің жиынтығы.
Педагогтар оқыту әдісі туралы тусінікті әр түрлі етіп дәлелдеді. Біреулері оны «танымды басқаға беру әдісі» (Д. И. Тихомиров) немесе мұғалімнің іс-әрекеті мен әдіс-тәсілі (Н. В. Ельницкий) деп қарастырса, С. А. Ананьев оқыту әдісін «білім беру тәсілдерінің үйлестіру жиынтығы» деп көрсетеді.
Оқу-танымдық іс-әрекетіне сәйкес оқыту әдісі құбылыстың мәнін танып білудегі әдіс-тәсілі ретінде қарастырады. Осы түсініктегі әр түрлі дефиницияларды негізге ала отырып, мынадай тоқтамға келеміз: оқыту әдісі - бұл оқушы мен оқытушы арасындағы жүйелі, өзара байланысқан білім мазмұнын меңгеруге арналған іс-әрекет жүйесі.

Оқыту әдістері - тарихи категория, олар білім беру мазмұны мен мақсатының ауысуына байланысты өзгереді. Америкалық педагог К. Керр оқыту әдіс сапасындағы төрт «төңкерісті» бөліп көрсетеді (1972) . Біріншісі - үлгі болып табылады мұғалім - ата-аналар кәсіби мұғалімдерге орын берді, екіншісі - ауызша сөздерді жазбашаға ауыстырды, үшіншісі оқуға баспа сөздерін кіргізді, төртіншісі - осы кезде болып жатқан автоматтандыру мен компьютерлендіру оқыту процесіне енгізуді болжады.
Оқыту әдісінің маңызды белгісі - дидактикалық мүмкіндіктер. Егер осы тәсілмен жоқ дегенде бір дидактикалық мәселені шешетін болсақ, мұның өзі оқыту әдістемесі. Егер іс-әрекет әдісі қосымша болатын болса, онда біз тәсілмен жұмыс істейміз. Оқыту тәсілі -әдіс элементі, оның құрама бөлігі, әдістің көлемі бойынша кішігірім, құрылымы бойынша жай болатын болса, онда әдісті және’ әдіс модификациясын орындау жолындағы өзгеше қадам болып табылады. Әдіс пен тәсіл арасында өзара ауыспалық байқалады. Беріліп отырған пәннің мазмұнына қарай әдіс тәсілге, тәсіл әдіске айналуы мүмкін. Сөйтіп, барлық графикалық бейнелер пәндері үшін- тәсіл болып табылады (қосымша әрекеттер) .

Әдіс пен тәсілдің байланысын кітаппен жұмыс кезінде байқауға болады.

Қазіргі дидактиканың ең бір көкейтесті проблемасы - оқыту әдісін классификациялау болып отыр. Әдіс классификациясы -нақты бір белгілер бойынша ретке келтірілген жүйе. Көптеген авторлар оқыту әдістемесінің негізіне түрлі белгілерді келтіргендіктен, классификацияның алуан түрлері бар. Дәл қазіргі кезеңде бұл сұрақ төңірегінде нақты тоқтам жоқ. Дидактика тарихы ең алғашқы классификацияны 1920 ж. оқыту әдісінің екі категориясын бөліп көрсеткен Б. В. Всехсвятский атымен байланыстырады. Ол бірінші категория дайын білімді беру, екіншісі - зерттеу әдісі екендігін ашып көрсетті. Зерттеу әдісінің атқарар жүгі алғашқы категорияға қарағанда ауырлау болды. Оқытудың зерттеу әдісі білімді шығармашылық тұрғыдан
қабылдауды және оны қолдануға педагогикалық классификацияның жоғарғы деңгейін талап етеді. Бүгінде оқыту процесі көптеген классификациялармен толықтырылды, оқыту әдісі - уақыт өткен сайын өзгеріп отыратын және негізгі үш белгісімен (оқыту мақсатын білдіреді, меңгеру тәсілі, оқыту субъектісінің өзара байланысы) сипатталатын тарихи категория екендігін дәлелдеді. Қазіргі кезде мына ғалымдардың классификациялары кеңінен қолданылуда: Бабанский Ю. К., Верзилин Н. М., Перовский Е. И., Голант Е. Я., Лордкипанидзе Д. О., Махмутов М. И., Лернер И. Я., Скаткин М. Н. т. б
Оқыту әдісінің классификациясына айтылған әр түрлі көзқарастар «әдістер теориясының дағдарысын» білдірмейді, керісінше олардың әдісті обьективті, айқын көптүрлілігін, ол туралы білімінің интеграциясы мен дифференциясын табиғи процессін білдіреді.

Сонымен қатар оқыту әдісі классификацияларының басымдылығымен қатар кемшілігі де бар және бір әдіс белсенді, бір әдіс белсенді емес деген тұжырым қате болар еді. Оқыту әдісінің өздігінен аса бейтарап екендігін түсіну қажет. Ол барлығы мұғалімнің мектептегі оқу -танымдық іс-әрекетке қаншалықты дайын екендігіне байланысты болады. Көбінесе әдістер саласында педагогтардың жеке басының шеберлігі үлкен рөл атқарады. Сондықтан да оқыту әдісі педагогикалық өнердің биік шыңы болып келді және ары қарай да солай болып қала бермек. Мектептің оқу-танымдық іс-әрекетінде оқыту әдісі түрлі когнитивті функция ролін атқарады, олар: оқу материалын меңгеру, оны бекіту, білім-білік дағдыларын жетілдіру, олардың тұлғалық қасиетін дамыту, әлеуметтік-кәсіби іс-әрекетке дайындау.

1. 2 Оқытудың мәні, мақсаты, міндеттері, қызметтері, зандылықтары, қозғаушы күштері мен ұстанымдары

Оқыту үрдісі - оқушыға білім, тәрбие берудің және оны дамытудың мақсаттары шешілетін мақсатты бағытталған, бірізді өзгеріп отыратын мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттестігі.

Оқыту - қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын, білім, іскерлік және дағдыларды меңгерте отырьш, мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесі. Оқыту -қоғамдық құбылыс түріндегі ересектердің мақсатты бағдарланған жүйелі ұйымдастырыл-ған қоғамдық қатынастар тежірибесі, қоғамдық сананың даму нәтижесі, еңбек өндірісінің мәдениеті, қоршаған ортаны қорғау мен оны белсенді қайта өзгерту туралы, білімдерді аға ұрпақтың өскелең ұрпаққа үйретіп, оны олардың меңгеруі. Оқыту ұрпақ сабақтастығын, қоғамның толық құндылықты қызмет атқаруын және тұлғаның соған сәйкес дамуы-на мүмкіндік жасайды. Оның қоғамдағы объективті міндетгерінің мәні осын-да. Оқыту процесіндегі негізгі мазмұнды игеру тетігі -өзара әрекеттестіктің арнайы формасындағы мақсатты ұйымдастырылған балалар мен ересек-тердің бірлескен іс-әрекеті, олардың мазмұнды танымдық әңгімелері.

Түрлі деңгейлерде іске асырыла отырып, оқыту процесі циклдік сипатка ие болды. Оқыту процесінің циклдері дамуының ең негіз-гі көрсеткіштері, басты екі мақсатқа негізделіп топталған, педагоги-калық еңбектердің ең жақын дидактикалық мақсаттары:

-білім беру - бұл мақсат окушылардың танымдык іс-әрекеті тәсілін меңгеріп, олар арқылы ғылым негіздерін игерулерін, белгілі бір білімдердің, дағдылар мен іскерлікті үйренулерін, өздерінің рухани, физикалық және еңбек қабілеттерін жетілдірулерін, еңбек және кәсіби дағдыларды игеруін көздейді:

- тәрбиелеу - әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді шығармашылығын және әлеуметті кемелденген жоғары адамгершіліктегі үйлесімді дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етеді.
Оқытудың мақсаты - дамытудың қоғамдық - тарих тәжірибесінің жан - жақтарын: білімдер мен іскерліктері, ғылым, мораль, еңбек, әдебиет, өнер, жалпы және дене тәрбиесін меңгеруге бағытталған мұғалімнің педагогикалық әрекеті мен оқушының оқу-танымдық өзара бірлескен әрекетінен ойша күтілетін түпкі нәтиже. Жалпы мақсатта қоғам ғылымның, техникалық, сондай-ақ өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына сәйкес кетеді.

Оқыту педагогика ғылымының категориясы ретінде және окыту процесі немесе дидактикалық процесс бірдей мағынадағы ұғымдар емес. Процесс оқыту жағдайларының толық педегогикалық құбылыс ретінде педагогикалық іс-әректтің үзіндісі, актісі ретіңде ауысып отыруы. Іс-әрекет ретінде оқыту ұғымымен іс-әрекеттердің шеңберін, міндетін білдіретін «қызмет» ұғымы тығыз байланысты. Оқытудың қызметі оқыту процесінің мәнін сипатгайды

Оқытудың әлеуметтік, педаготикалық психологиялық мәні оның қызметтерінен біршама анық айқындалады. Солардың ішіндегі, бірінші кезектегі біршама мәндісі - оқушыларда білімділерді, дағдыларды және шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің іскерлігін қалыптастыруы (білім беру қызметі) . Оқытудың екінші қызметі - оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру (тербиелеу қызметі) . Ол балалар мен ересектерде объективті түрде қоршаған орта жөнінде ой толғауға мүмкіндік жасайтын білімдерінің толығуына қарай біртіндеп қалыптасады. Алдыңғы екі қызметімен тікелей байланыстағы тұлғасын және оның өз бетінше ойлауын дамыу қызметі атқарылады (дамыту қызметі) .

Адамның дамуы - бұл оның денесінің физиологиялық және психоло-гиялық сипаттамаларының олардың ішіндегі ең бірінші ақыл-ойының сапа-лы дамуын білдіреді. Сонымен қатар, оқытудың кәсіби бағдарлау қызметінің де мәні зор.

Үздіксіз білім беруде дайындау қызметі, адамды өндіріске және қоғамдық қарым-қатынастарға белсенді араласуға бағыттайды, практикалык әс-әрекетке дайындайды, өзінің политехникалық, кәсіби, жалпы білімі, толық дайындығын үнемі жетілдіріп отыруға бағыттайды. Креативтілік қызметі тұлғаның жан-жақтылығын үздіксіз дамытуды көздейді. Өзінің мәні жағынан оқьпу процесі - түрлі реттегі және деңгейдегі заңдар мен зандылықтар арнайы айқындалатын зандылықты түрде дамитын процесс. Заңдылықтар объективті, мәнді қажетті, жалпы, тұрақты және белгілі бір жағдайларда қайталанып отыратын өзара байланыстарды бейнелейді. Феномен мәнінің қатаң түрде айқындалған ерекшеліктсрі - зандарды құрайды.

Оқушының білімге деген ынтасына оқытушы әсерінің сәйкестігі. Бұл заңдылық баланың қоршаған дүниені тануға деген ықыласын жүзеге асыруға жағдай жасайды, мұғалімнің балаға өмірде қажет болатын, оларды қызықтыратын білімді берудегі белсенді ыкыласын қажет етеді.

Оқушьшардың жеке жөне ұжымдық іс-әрекеттеріне оқытушының әсерінің сәйкес болу зандылығы. Бұл заңдылык мұғалімнің, оқыту процесінде баланың айналысатын іс-әрекеттерінің әрбір түрінің оның қандай қасиетін талап етіп, сонымен бірге оны дамытып отыратынын түсінуіне мүмкіндік жасайды.

Оқушының танымдық, ақыл-ой және басқа да мүмкіндіктеріне оқыту әсерінің сәйкестігі. Бұл заңдылық мұғалімдерден оқушылардың ерекшелігі контингенттерін, олардың жеке және әлеуметтік психология-лық ерекшеліктерін, танымдық мүмкіндіктерін, сабақтың және сабақтан тыс уақыттағы қызығушылықтары мен мінез - құлықтарын ескеруді және оқу -тәрбие әсерінің балалардың жеке және топтық ерекшеліктеріне, олардың жеке және ұжымдық іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне сәйкес-тендірілуді қадағалауды талап етеді.

Оқытушы мен оқушының іс-әрекеттерін оқытудың техникалық құралдарының ОТҚ мүмкіндікгеріне сәйкестігі. ОТҚ нақты бір сабақтың мақсаттары мен міндеттеріне қатаң түрде сәйкестікпен қолданылуы керек.
Оқытушы мен оқушының іс-әркетін қазіргі таңдағы өмір мен іс-әрекеттің талаптарына сәйкес модельдеу. Соңдықтан олардың барлық оқулары ойын түріндегі тірішілік жағдайларыменен, мысалдармен кеңейтіліп оқу барысында меңгерген білімдерін, іскерліктерін және тәжірибеде қалыптасқан дағдыларын қолдануларына мүмкіндік жасайтын олардың қызығу-шылықтары артатын жағдайларды және еңбек әрекеттерімен толықтырылуы керек.

Сонымен, оқыту үрдісінің заңдылығы - құбылыстар мен үрдістердің дамуын бейнелейтін, объективті, қажетті, мәнді байланыс. Жалпы заңдылық-тар:

- оқыту талаптарына сәйкес оқыту процесін сәйкестендіру,

- ол білім беру, тәрбие және дамыту процестерімен байланысы,

- оқыту процесі оқушыны нақты оқу мүмкіндігін және сыртқы жағдайына тәуелді,

- білім беру мен оқу процесі заңды түрде өзара байланысты,

- оқытудын мазмұны ғылымның даму логикасы және деңгейіне, қоғам-ның талабын көрсететін міндеттеріне тәуелді,

- оқытудың әдістері мен құралдары және оқуды ынталандыру, оқу іс-әрекетінің бақылау және өзіндік бақылауды ұйымдастыру білім беру мазмұ-нына және міндеттеріне тәуелді,

- оқытуды ұйымдастыру формалары оқытудың міндетіне, мазмұнына және әдісіне тәуелді,

- үйлесімді жағдайға сәйкес оқу процесін барлап заңдылықтарын мен компоненттерін өзара байланысын оқытуды берік, саналы және іс-әрекетті нәтижелі қамтамасыз етеді.

- Оқытудың барлығына тән зандылықтар қандай-да бір түрінде болмыс көрінес беруі сөзсіз:

- Оқу процесі оқытушымен оқушының мақсатына сәйкес болады, егер мұғалімнің іс-әрекеті оқылатын материалды меңгерту тәсіліне сәйкес келсе.

- Жеке адамды мақсатқа сәйкес оқыту бұл іс-әрекетке тікелей қалып-тасуына байланысты.

- Оқыту мақсаты, оның мазмұны және әдістері арасында тұрақты тәуел-ділік бар; яғни мақсаты, оның мазмұнын, әдісін анықтайды, ал соңғы-сы мақсатқа жетудің шарты болып табылады. Заңдылықтар оқушы мен оқытушыны іс-әрекетінің сипатына, оның қолданатын құралдарына, оқыту әдістері және оқу материалының мазмұнына тәуелді. Оның көрініс табуы мұғалімнің оқыту мақсатына толықтығын сезінеме және мақсаты жауап беретін әдістері мен құралдарын қолдануына тәуелді.

Оқыту процесін танымньщ арнайы процесі ретінде оның үнемі қозғалыстағы, дамушы процесс ретінде - қарама-қайшылықтарында түсіңдіру керек. Осыған байланысты мұғалім ешқандай тікелей түзуліктің шыңдық жолында тұрақты қозғалыс тетіктерінің болмайтынын және керісінше үлкеңді кішілі серпілістердің, құлдыраудың, күтпеген ойлардың туындайтынын, толғаныстарын болатынын білу керек. Таным бейнемен беріле отырып, қайшылықтардан пайда болады. Онда логикалық талдау, индуция да, мәңдісі де, мәнсізі де болады.

Жалпы ретті қарама-қайшылықтар пайда болады:

- қоғамдық -тарихи білімдері көлемі мен оқушының оны меңгерген көлемі арасында;

- оқушының жеке танымдық іс-әрекеті және қоғамдық -тарихи танымы арасында;

- оқушының қол жететін даму деңгейімен оқыту барысында алға жетелейтін оқу міндеттері арасында;

- жеке ретті қарама-қайшылықтар пайда болады;

- бұрынғы білім деңгейі мен оны «жататын» жаңа білім арасында;

- білім мен оны біліктілікпен қолдану арасында;

- оқуға және оқытуға оқушыларды қол жеткен және кажетті қатынас деңгейі арасында;

- күрделі танымдық міндеттер мен соларды шешу үшін бұрынғы кемшіліктері әдістері арасында.

Негізгі қайшылықтар оқыту процесінің қозғаушы күші, себебі таным процесі де сарқылмайтын құбылыс. М. А. Данилов оны оқытудың қозғалыстағы қадамдары танымдық және практикалық міндеттермен оқушылардың білімдерінің, іскерлікгерінің және дағдыларның деңгейлерінің, олардың ой-өрісінің дамуы мен қатынастары арасыңдағы қарама-қайшылықтар деп түсіндіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың зандылықтары
Тұтас педагоикалық процестегі оқыту
Педагогикалық училищедегі оқыту формаларын ұйымдастыру жайлы
Оқытудың әдіснамалық және теориялық негізі
Оқытудың мәні, мақсаты, міндеттері, қызметтері, зандылықтары, қозғаушы күштері мен ұстанымдары
Оқытудың әдіснамалық негіздері
Ынтымақтастық педагогикасы
Қазіргі таңдағы дидактиканың оқыту және дамыту мәселелері
Оқыту процесінің мәні
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz