Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты


Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
Жезқазған политехникалық колледжі
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты»
Жезқазған-2011
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І. БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ
1. 1. Қазақстанның сыртқы саясаты басымдықтары мен міндеттері . . . 5
1. 2. Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауындағы Қазақстанның сыртқы саяси дамуы . . . 12
1. 3. Қазақстан Республикасының саяси дамуы . . . 15
ІІ. БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР
2. 1 Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазақстанның ролі . . . 19
2. 2. Қазақстанның бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі . . . 28
2. 3. Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтармен халықаралық байланыстары . . . 33
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 38
КІРІСПЕ
Сыртқы саясаттағы басымдықтарымыз ХХІ ғасырдың ығытына қарсы тұруға қабілетті әрі ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған, белсенді, жан-жақты және үйлесімді сыртқы саясат.
Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамыту басым бағыттар болып қала береді. Азия мен Таяу Шығыстың негізгі елдерімен өзара іс-қимылға зор маңыз беріледі.
Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ел ішіндегі реформаларға қолайлы жағдай туғызу мақсатында Үкіметтің алдында осы мемлекеттермен арадағы негізгі шарттар және келісімдерді бұлжытпай жүзеге асыру міндеті тұр.
Осындай маңызы зор шарттардың бірі Мәскеуде қол қойылған Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараларды делимитациялау туралы шарты. Тарихымызда тұңғыш рет біз өзіміздің стратегиялық әріптесіміз Ресеймен заң жүзінде ресімделген мемлекеттік шекараға ие болдық. Осылайша соңғы жылдары ұзына бойы 14 мың километрден асатын шекараны толығымен межелеуге қол жеткіздік. Бұл еліміздің мемлекеттік құрылыстағы жоспарларымызды жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызатын ұлттық қауіпсіздігіміздің маңызды кепілі.
Біз стратегиялық тұрғыдан Қазақстанның мүдделері толығымен ескерілген жағдайда Бүкілдүниежүзілік Сауда Ұйымына тезірек кіруге ықыластымыз.
Қазақстан Шанхай Ытымақтастық Ұйымына, ТМД, ЕурАзЭҚ-ты реформалауға, ЕЭК-ті құру жөніндегі жұмыстарға ерекше мән береді.
Біздің еліміз үшін барлық бағыттар бойынша ЕҚЫҰ-мен бұрынғысынша іс-қимыл жасау маңызды болып қала береді. 2009 жылы осы ұйымға төрағалық етуге біздің кандитатурамыздың ұсынылуына барынша жауапкершілікпен қараймыз. Біздің сыртқы саясатымыздағы негізгі басымдықтар осы мақсаттарға қол жеткізуді көздейді.
Ұзақ мерзімді басымдығымызды ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттік тәуелсіздік пен аумақтың тұтастықты сақтау - еліміздің іргелі құндылықтары. Бұл - біздің басты ұлттық байлығымыз, біз оны сақтауға және болашақ ұрпақтарға жеткізу басты міндет. Бүгінде, «Қазақстан-2030» Стартегиясын іске асыра бастағалы бері 10 жыл өткенде қазақстандық мемлекеттік орнықты деп нық сеніммен айтуға болады.
Халықаралық практика мен нормаларға сәйкес мемлекеттік шекарамызды толық қатталып, Қарулы Күштерінің реформасы жүзеге асырылды, осы заманғы армия жасақталып, оны қайта жарақтандыру ісі жүргізілуде. Елдің Қарулы Күштерін қаржыландыруды елеулі түрде арттырылды. Құқық қорғау органдарын, арналу қызметтерді қоса алғанда, іс жүзінде мемлекет қауіпсіздігінің инфрақұрылымы қайта құрылды.
«Қазақстан-2030» Стратегиясының бір бөлігі ретінде қауіпсіздікке төнетін қатерлерді алдын ала бейтараптандыруға бағдарланған мемлекеттің Ұлттық қауіпсіздігі стратегиясы әзірленіп бекітілді. Қазақстанның бастамасы бойынша құрылған мемлекетаралық бірлестіктер өзінің қажеттігін дәлелдеп шықты. Өңірлік бірлестіктер - АӨСШК, ШЫҰ, ҰҚШҰ-ның қызметі өңірдегі тұрақтылық пен өзара ықпалдыстық үшін берік негіз қалады.
Бүкіл шекараның бойындағы көрші мемлекеттермен Қазақстанның достық қарым-қатынастары орнатылды. Сонымен қатар ХХІ ғасырдың басы көбірек тұрақтылық пен қауіпсіздік әкеле қойған жоқ. Керісінше, халықаралық лаңкестік, экстремизм, есірткі саудасы, қару-жарық пен ядролық материалдардың заңсыз айналымы секілді қателерге қарсы күрес ұзаққа созылатыны айқын болды.
Қазақсатнның әлемде қуатты экономикасы бар әрі халықаралық қоғамдастықтағы тұғыры берік өңірлік держава ретінде қабылданатынын да есептен шығармаған жөн. Бұдан әрі экономикалық, әлуметтік және саяси жаңаруымыздың жолында елеулі кедергі болуы ықтимал ХХІ ғасырдың қазіргі кезде көрініп жүрген объктивті қатерлері еліміздің бейбіт еңбегі мен прогресі баршамызға және әлемдік қоғамдастықтың ұстаныма байланысты.
Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастады.
Екіншіден, географиялық орналасуы жағынан алғанда Қазақстан белортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы.
Сондықтан да біз осы проблемаларды шешу үшін барлық мүдделі мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен бұрынғысынша белсене ынтымақтастықты орнату.
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ
НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ
- . Қазақстанның сыртқы саясаты: басымдықтары мен міндеттері
Қазақстан президенті Н. Назарбаевтың күш-жігерінің арқасында мемлекет аралық қатынастың жалпы жұрт таныған нормаларны ұстанатын мемлекет ретінде әлемдік архитектоникаға сәтімен кірікті және текетірес пен экстермизмнің қандай да бір элементтеріне ада саясат жүргізеді деп сеніммен айтуға болады.
Саясат бағытының мұндай сындарлылығы қазірдің өзінде белгілі бір нәтижелер әкелді. Егер бірнеше жыл бұрын басымдықты міндеттердің тұрғысынан Қазақстанның сыртқы қауіпсіздігінің қамтамасыз етужәне жетеші державалар тарапынан тиісті кепілдіктер алу қажеттілігі туралы айтылса, қазір бірінші кезекке жаңа императивтер шығып отыр деп айғақтауға барлық негіздер бар. Қазақстанның басқа мемлекеттермен өзара қатынасының инфрақұрылымын дамытуға бағытталған «күнделікті» дипломатияның, тынымсыз жұмыстың уақытысы туды. Мұдай қорытынды сыртқы саясат саласындағы нақты болмысқа негізделген.
Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуда 1993 жылы қазанда қол қойлған қазақстан-қытай декларациясының зор маңызы бар. Осы негізде алынатыфн құжатқа өздерінің қолдарын қоя отырып, ҚХР төрағасы Цзян Цзэминь және Қазақстан президенті Н. Назарбаев іс жүзінде оңтүстіктегі ұл көршімен өзара қарым-қатынаста қауіпсіздік сияқты маңызды проблеманы шешті. Шартттық тәртіппен Қытай Қазақстанға қатыты ядрлық қаруды қолданбауды, күш қолданудан немесе күш қолдану қаупін туғызудан бас тартуға, біздің мемлекетіміздің егемендігімен аумақтық тұтастығын құрмет тұтуға міндеттенеді.
Осы тұрғыдан АҚШ-пен «демократиялық әріптестік туралы хартияға» жоғары деңгейде қол қойылуының зор маңыза болды. Сондай-ақ Қазақсмтан Ресеймен қарым-қатынасын да негізге алынатын құжатпен - Достық, ынтымықтастық және өзара көмек туралы шарт пен ресімдеді. Осы шарт бір қатар келісімдермен уағдаластықтарға негіз қызметін атқарады. Қазақстан Ресей қатынасына құқықтық құрылысын жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасуда.
Осындай жолмен Қазақстанның сыртқы саясатының бірінші кезеңінің басты мақсатына дипломатиялық акциялар мен қол жеткізілді. Енді Қазақстанның ұзақ мерзімді мүдделеріне республиканың әлемдік істерге анағұрлым кеңінен тартылуы сәйкес келеді деп айтуға болады, олар атап айтқанда республиканың аймақтық және ғаламдың деңгейлердегі процестерге, халықаралық құрылымдарды қалыптастыруға белсенді түрде қатысуы, мұның бәрі халықаралық құқық нормалары үстемдігінің нығайуына үлес қосады.
Сонымен бірге Қазақстанның стратегиялық мүдделерін қамтамасыз ету үшін біздің диломатиямыздың саяси маневр үшін кеңістіктің болуын қолдауы, демократиялық әрі сындары әріптестік қатынастарды дамытуы, барлық елдемен ізгі көршілік және өзара тиіңмді ынтымақтастықты дамытуы қажет. Түбегейлі мүдделерді талап ету кезіндегі проинциптілік пен табандылық, ұзақ мерзімді мақсатқа қол жеткізумен ұштасып, Қазақстанның сыртқы саясатының ерекшеліктеріне айналуы тиіс. Еуразиялықтың айқын белгілері бар Орталық Азиялық мемлекет болғандықтан, Қазақстан сыртқы саяси жолдармен өз ұстанымдарын және ғаламдық сондай-ақ аймақтық деңгейлердегі беделін нығайтуға қол жеткізуі тиіс. Осыған байланысты Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтарын мынадан көруге болады.
Қазақстандық дипломатия «кеңестен кейінгі кеңістік» деп аталатын мемлекеттермен ынтымақтастықты ұлғайту бағытын жалғастыруы тиіс. Бұл саясат қатарлас екі деңгейде жүргізілуі мүмкін. Біріншіден, екі жақты негіздегі байланысты дамыту керек. Екіншіден, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын іс-әрекетте қабілетті бірлестікке айналдыру жөніндегі белсенділікті төмендетпеу маңызды. ТМД тиісті елдердің экономикғасына тиімділігін арттыру және оларлдың арасындағы ынтымақтастықты жетілдіру үшін ірі міндеттерді шешуге қабілетті ұйым болуы керек.
Мұндай проблемаларды шешу үшін бір-бірінің әлеуетін пайдалануға ұмтылатын мүдделі елдердің сапалы таңдауы болып табылатын Еуразиялық мемлекеттер одағы көпжақты өзара іс-қимылдың анағұрлым тиімді түрі. ЕМО-ның құндалығы мынады: оның перспективалық сипаты бар ол болашаққа бағдарланған.
Басымдықтар айтқанда, Ресей Федерациясы мен өзара туелділіктің зор маңызы бар екенін атап көрсету керек. Бұл жерде экономикалық тарихи жақындықтың және демографияның өзара тәуеділігі факторлар той көрсетеді. Бұндай ынтымақтастық, егер ортақ экономикалық, қорғанытық, гуманитарлық ақпараттық және білімдік кеңістікті нығайтуда стратегиялық мақсатын назарға алатын болсақ, тең құқықты өзара тиімді сипатта жүруі тиіс. Қазақстан-Ресей достық қарым-қатынастары Еуразиялық кеңістіктің орасан зор бөлігінде жағдайды тұрақтандырудың қуатты факторы, жаһандық тұрлаулылық пен қауіпсіздікке қосқан зор үлес.
Қазақстан сыртқы саясатының басты басымдықтарының бірі - АҚШ пен өзара қатынасты дамыту. Қазақстанның АҚШ-пен қарым-қатынасы еліміздің дүние жүзілік қоғамдастыққа үйлесімді түрде кірігуінің және халықаралық саяси, сондай-ақ қаржылық институттарда оның позициясын нығайтудың, сондай-ақ озық технологияларға қол жеткізудің аса маңызды алғышарттарының бірі.
Сонымен қатар, халықаралық құрылымдардың да рөлі өсіп отыр. Азия - Тынық мұхит аймығы елдерін әлеуметтік экономикалық дамыту (ЭСКАТО), қоршаған ортаны қорғау (ЮНЕП), БҰҰ-ға мүше мемлекеттерге арналған дамыту бағдарламасы (ПРООН), денсаулық сақтау (ВОЗ) және басқалары сияқты беделді ұйымдармен өзара түсіністік пен ынтымақтастықты дамыту жөнінде пәрменді күш жігер жұмсау қажет. Қазақстан үшін халықаралық ұйымдардың басымдығын ескере отырып, БҰҰ-ның қызметіне белсенді түрде қатысуды жалғастыру керек. Осы дүние жүзілік ұйым Қазақстан үшін әлемдік саясатқа «терезе» ашады және тиісінше республиканың геосаяси процестерге тартылуына кепілдік береді.
Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) шеңберінде де үлкен жұмыс күтіп тұр. Хельсинки Қорытынды актісінде және қаңа Еуропаға арналған Париж Хартиясында юелгіленген міндеттемелерді өзіне ала отырып Қазақстан Еуропалық процестерге қатысты негізге алынатын құжаттарды әзірлеуге үлес қосуы тиіс.
Сонымен бірге Азиялық бағытта сыртқы саяси қызмет өзара саяси іс-қимыл мен сенім білдіру шаралары жөніндегі құрылықтық форумды шақыру идеясын өмірге енгізуді жалғастыратын болады. Бұл идея түрлі нұсқада айтылып, бір қатар Азиялық елдер мен топтар оны іс жүзіне асырып жатса да Президенттің бастамасы Азиялық тұрақтылық пен қауіпсіздікке үлес қосудағы Қазақстанның шынайы ұмтылысы ретінде танылады және оның сыртқы саяси қызметінің ажырамас бөлігі ретінде қабылданады.
Қазақстан БҰҰ - ға мүше болған он бес жыл ішінде Қазақстан «Қазақстан 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясының бірінші ұзақ мерзімді басымдығында белгіленген принциптерге негізделген белсенді сыртқы саяси ұстанымды иеленетіндігін көрсетті. Атап айтқында, басқа елдермен көп жақты қатынастрды белсенді жақтаушы ретінде әрекет етеді. Осы басымдылықтың 3 - ші құрамбөлігінде халықаралық ұйымдардың рөлі туралы, және бірінші кезекте, БҰҰ рөлі жөнінде айтылады. Қазақстан БҰҰ - ны бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін бірден - бір және ең маңызды халықаралық орган деп біледі. Қазақстан Республикасының Президенті былай деп атап көрсетті: «Қазақстан БҰҰ - дан соғыс және бейбітшілік мәселелеріне тиімділікпен ықпал етуге қабілетті бірден - бір халықаралық органды көре отырып, оның рөлі мен беделін көрсетуге әзір мемлекеттермен ынтымақтастықта болады» (Президент Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 62 - ші сессиясында сөйлеген сөзі, 25 қыркүйек 2007 жыл) .
Экономикалық әл - ауқат пен бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға жауап беретін ұйым ретінде БҰҰ - ға мүдделілік өсіп отырған жағдайда Қазақстан соңғы жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымын ұлғайтуға бірқатар шараларды қабылдады. Мысалы, Қазақстан БҰҰ - ның қорлары мен бағдарламаларының жұмысына штаб - пәтер деңгейінде де, сондай - ақ елдің деңгейінде де белсенді қатысуды бастады. Қазақстан төтенше жағдайларға көмектесетін орталық қоры үшін донор болып табылады, ол дүлей аппараттардан кейін адамдарды бірден құтқару үшін өмірлік қажетті ресурстармен қамтамасыз етеді. Ондай көмектің ауқымы әзірге соншалықты үлкен болмаса да, әсіресе елдің көлемінде алғанда, аталған үрдіс жалғасатын болады және ондай көмектің ауқымы көбейеді деп сеніммен айтуға болады. Ең бастысы, Қазақстан өз елінен тыс жердегі, мысалы, Ауғанстандағы және Орталық - Азиялық республикалардағы, әлеуметтік және экономикалық дамуға қолдау көрсететін жаңа доор болуға деген өзінің ниетін мәлімдеді. Қазақстан БҰҰ - ға алға қойылған міндеттерді орындау үшін мәселе қоя алады.
Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ - ға төрағалық бекітілуін, оны Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) ағымдағы төрағалығын, сондай - ақ Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымдағы (ШЫҰ), Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастықтағы және өзге де өңірлік ұйымдардағы маңызды рөлін, сондай - ақ Қазақстан Президентінің БҰҰ - ға арнап ұсынылған бірқатар маңызды бастамаларын назарға алатын болсақ, Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымын, сондай - ақ БҰҰ - дағы өзінің рөлін нығайтуды жалғастыра беретіні анық.
Қазақстанның соңғы жылдар ішіндегі айтарлықтай дамуына қарамастан, әлі болса «Қазақстан 2030» - да белгіленген ұзақ мерзімді міндеттеріне жету жолында едәуір кедергілерге кездесіп отыр. Әзірге өңірлер арасында, сондай - ақ ауыл мен қала арасында үлкен айырмашылықтар орын алған (мұны кейбір облыстардағы кедейшіліктің жоғары деңгейі, сондай - ақ елдің облыстары бойынша халықтың кірістерінің тым алшақтығы дәлелдейді) . Әлеуметтік сектордың кейбір көрсеткіштері әлі күнге экономикалық жетістіктердің деңгейіне сәйкес келмейді. Биліктің әртүрлі құрылымдарына сенім арту мен оны қабылдай қою мәселесі әлі де өзекті болып табылады.
Бұл айтқандарды Бүкіләлемдік банк пен «Dоing Вusіnеss » Халықаралық қаржы корпорациясының есебі, Бүкіләлемдік Экономикалық Форумның бәсекеге қабілеттілік индексі, сондай - ақ билік құрылымдарына сенімге қатысты басқа да зерттеулер мен шолулар дәлелдейді. Қазақстан сондай - ақ кейбір орта және ұзақ мерзімді уақыт сынына кездесіп отыр. Несие берудің қаржы нарығындағы жақында болған дағдарыс макроэкономикалық жағдайлардың тұрақсыздығын және халықаралық нарықтағы құбылмалық қауқарсыздығын көрсетеді. Экономикалық стандарттар мен келісім - шарттарды орындау жөніндегі Үкімет пен трансұлттық компаниялар арасындағы жақында орын алған проблемалар жаһанданудың келеңсіз нәтижесінің бөліктері болып табылады, сондай - ақ ұзақ мерзімді кезеңге ұлттық мүдделерді қорғаудың қажеттігін көрсетеді. Қазақстан аумағының үлкендігі мен елдің тұрғындары санының салыстырмалы түрде шектеулі болуы ұлттық экономиканы әртараптандыру міндетін орындауға кедергі келтіретіндігін бәріміз де білеміз. Теңізге шығу жолының болмауы, білікті кадрларды үшін еңбек нарығының шектеулі болуы, көші - қон саясаты саласындағы басқару тиімділігінің қажеттігі және климаттың өзгеруі тәрізді жаһандық экономикалық проблемалардың әсері және су ресурстарын басқару қосалқы, бірақ ескеруді қажет ететін факторлар болып табылады.
Қазақстан тәуелсіздік жылдары ішінде халықаралық қауіпсіздік жүйесі мен таратпау режимін бекітуге тарихи үлесін қосты. Еліміз басшылығының ядролық арсеналды иеленуден бас тарту туралы тарихи шешімі және халықаралық міндеттемелерді қатаң ұстану ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өз кезегінде, Қазақстанның әлемдегі 50 неғұрлым бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қатарына кіру жөніндегі маңызды міндет қоюға мүмкіндік жасаған, бұрынғы кеңестік кеңестікте экономикалық дамуымен, көшбасшылығымен назарға ілініп, инвестициялар ағынын құру үшін жағдайлар жасау туралы шынайы қамқорлықты білдіреді. Бүгінгі Қазақстан - бүкіл еуразиялық кеңестікте ұжымдық қауіпсіздік пен тұрақтылықты жүйесін құрудағы белсенді жақтаушы.
Соңғы жылдары әлемде таратпау режимін бұзуға жол беретін көптеген келеңсіз оқиғалар орын алғаны белгілі. Соның ішінде Солтүстік Кореяның ядролық қаруды таратпау туралы Шарттан (ЯҚТШ) шығуын және оның ядролық сынақты жасауын, бірқатар елдерде бұрынғы ядролық бағдарламалардың анықталуын, ядролық материалдардың «қара нарығын» кеңейту, иран ядролық бағдарламасы айналасындағы күрделі жағдайды, және тұтастай алғанда, ядролық қарусыздану мен таратпау саласындағы өздерінің халықаралық міндеттемелерін сақтамау дағдарысын бөліп айтуға болады.
Сонымен қатар Қазақстан есірткінің заңсыз айналымы мен ұйымдасқан қылмыс жүйесінде күш салуды арттыра түсуде. Алматы қаласында БҰҰ - ның ұйымдастыруымен есірткі трафигінің, ең алдымен Ауғанстаннан, каналдарына тосқауыл қою жөніндегі құқық қорғау құрылымындарында қатысушы - мемлекеттердің өзара іс - қимылын қамтамасыз ету мақсатында Орталық - азиялық өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының жұмысы іске қосылды.
Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтің қатысушыларға жолдаған Жолдау хатында біздің еліміздің бітімгершілік таңдауы былай атап өтілді, «әлемдік қоғамдастыққа жаппай қырып жоятын қаруды одан әрі тарату қаупі бүгінгі таңда ерекше өзекті және қажетті болып отыр.
Бүгінгі Қазақстан көптеген өңірлік ұйымдарының мүшесі болып табылады, олардың аясыеда сындарлы сыртқы саясаттағы бастамалар көтереді.
Үстіміздегі жылы 30 қарашада ЕҚЫҰ-ға мүше-елдердің 56 мемлекетті біріктіретін осы беделді ұйымға Қазақстанның 2010 жылы төрағалық етуі туралы тарихи шешімі біздің еліміз басшылығының тәуелсіз, экономикалық жағынан қуатты және демократиялық мемлекет құрылысы жөніндегі қол жеткізген жетістіктерін нақтылы мойындауы, этникаралық және дінаралық келісімді қолдау және жаһандық және өңірлік, оның ішінде Ванкувер мен Владивосток арасындағы кеңістікте, қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтудағы қосқан үлесін жоғары бағалау болып табылады.
АӨСШК шақыру жөніндегі қазақстандың бастаманы іс жүзіне асыру Азиядағы қауіпсіздіктің жаңа жүйесін құру жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Қазақстанның тәуелсіздіктің алғашқы сатыларында қабылданған ядролық мұрадан бас тартуы және Ядролық қаруды таратпау қосылуы туралы шешімі ядролық қарусыздануға орай қабылданған батыл шешімнің басты нәтижесі болды. осы жылдың 29 таммыздың Астанада Семей ядролық палигонының ьжабылғанына 16 жыл толуына орай болған «Ядролық әлемге қазақстандық жол» халықаралық симпозиумы өткізілді. Біз сонымен қатар қауіпсіздік саласындағы сыртқы саясат және саясат мәсілелері жөніндегі Еуропалық Одақтың Жоғарғы өкілі Хавьер Солананың осы жылы қараша айында Брюссельде ядролық қаруды таратпау мәселелері бойынша халықаралық конференция өткізуді жоспарлағанын да біліміз. Қазақстан маңызды әрі қазіргі заманға сай бастаманы толық қолдайды және осы шараға қатысуға ниеті бар.
Біз сондай-ақ БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүшесінің бәріне Қазақстанға қауіпсіздік кепілдерін бергені үшін алғысымызды білдіреміз. Мұндай кепілдіктер Еуразияда едәуір кеңістікті алып жатқан біздің мемлекетіміз үшін өте маңызды. Бұл орайда әңгіме экономиклық және саяси реформаларды жүргізуге сырттан қандай да бір қатердің болмауына сенім туралы болып отыр.
Біз экономикалық дағдарыстан ойдағыдай шыға білдік, мемлекеттік басқарудың тиімділігін көрсеттік, нарықтық жаңаруларды жүргіздік, және ашық демократиялық қоғамның институттық базасын жасадық.
Экономиклық, әлеуметтік дамудың және халықтың өмір сүру деңгейінің негізгі көрсеткіштері бойынша Қазақстан бүгінде ТМД-да көшбасшылық ұстанымды иеленеді және жоғары қарқынмен дамуды жалғастыруды.
1996 жылдан бастап он жыл ішінде жан басына шаққанда ішкі жалпы өніммөлшері 700-ден 5040 долларға өсті. Күтілетін болжам бойынша бұл көрсеткіш 2007 жылы жеті мың долларға жетуі тиіс. Былайша айтқанда, Қазақстан табыстары орташа деңгейдегі елдер тобына сеніммен орнығуда.
Қазіргі кезде келелі міндеттер Қазақстанның әлемнің неғұрлым бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына қосылу Стратегиясын жүзеге асырумен байланысты. Бұл экономиканы әртараптандыру жағдайында жоғары қарқынды сақтауды, реформаны тиімді жүргізуді білдіреді.
Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан үшін тұрақтылықты сақтаудың маңызды факторларының бірі этникааралық толеранттылықты сақтау болды. Тоталитаризм бізге қоғамның күрделі этникалық коняигурациясын мұраға қалдырып кеткен болатын. Реттеудің қандайда бір тетіктерінің болмауы күтпеген жағдайларға әкеп соқтыру қаупін туғызды. Мұндай жағдайда ахуалды сындарлы арнады ұстау, этникааралық өзара іс-қимылдың қажетті қоғамдық институттарын қалыптастыру тек тиімді әрі жігерлі мемлекеттік бақылау мен ғана мүмкін болды. Ұлтаралық келісімді сақтау біз үшін аса қажетті құндылық еді, тіпті оны келешегіміздің бастауы десе де болатын еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz