ПАСКАЛЬ ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



КІРІСПЕ 3
1. ПАСКАЛЬ ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 4
1.1 Паскаль тілінде өрнектер мен математикалық амалдарды 4
программалау тәсілдері 4
1.2 Қарапайым операторлар және оларды қолдану
1.3 Тармақталу және таңдау операторлары 15
2. ПАСКАЛЬ ТІЛІН ДЕРЕКТЕР ҚОРЫНДА ҚОЛДАНУ 20
2.1 "Компьютер нарығы" деректер қорын әзірлеу
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 30
Листинг 31
Жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің бірі − Паскаль. Оның алғашқы вариантын 70-жылдары Швейцария ғалымы Н. Вирт жарыққа шығарған болатын. Қазіргі кезде Паскаль тілінің кеңейтілген ондаған диалектісі бар, оның ішінде IBM PC-ге үйлесімді дербес компьютерлер жұмыс істей алатын Турбо Паскаль диалектісінің варианттары да жеткілікті.
Бейсик тілі сияқты, Паскаль оқып-үйренуге жеңіл, түрлі салалық информациямен жұмыс істеуде нәтижелі болғандықтан, дүние жүзінде көп тараған тілдердің бірі. Оның ыңғайлылығы:
 тіл алгоритм құрылымын сақтап құрылған. Мұнда программаны бірте-бірте дамыту арқылы жинақты түрде құруға болады. Ол программалау тәсілін үйрену үшін де қажет;
 тілге дамытылған берілгендер типтері енгізілген. Олар өңделетін берілгендер элементтерін толық сәйкестендіріп сипаттауға және жаңа берілгендер типтерін енгізуге мүмкіндік береді;
 мұнда кішігірім жеңіл программалармен бірге күрделі құрылымды программаларды құру да мүмкін;
 тіл синтаксисі қиын емес; нұсқаулардың (операторлардың) саны мүмкіндігінше азайтылған, т.б.
Паскаль тілінде құрылған программаны мәшинелік кіріспе тілге аудару үшін компилятор пайдаланылады.
Паскаль тілі бұрын құрылған (Фортран, Алгол және т.б.) программалау тілдерінен маңызды ерекшелігі ол құрылымдық программалау идеясын өмірге біртіндеп енгізу. Паскаль тілінің тағы бір ерекшелігі ол деректер құрылымының концепциясының алгоритм түсінігімен қатар программалаудың негізінде жатқан фундаменталды түсініктер қатарына кіруі.
1. А. И. Петров, В. Е. Алексеев и др. Вычисльтельная техника и программирование, М., 1990
2. О. Камардинов. Информатика. 1-бөлім, Ш., ЮКПО «Полигр.», 2000
3. О. Камардинов, С.Азаматов. Информатика негіздері, А., «Рауан», 1993
4. О.Камардинов. Паскаль тілінде программалау, А., РБК, 1994
5. О.Камардинов. Есептеуіш техника және программалау, а., РБК, 1997
6. Зубов В.С. Программирование на языке TURBO PASCAL. Версий 6.0 и 7.0 – М., 1997
7. Файсман А. Профессиональное программирование на языке Турбо Паскаль, 1992
8. Марченко А.Н, Марченко П.А. Программирование в среде Turbo Pascal 7.0: Торосенко В. П – 8-е изд-Киев.: Век, Спб.: Корона Принт, 2004.-506 б.
9. О.Камардинов.Паскаль тілінде программалау,А.,РБК,1994ж
10. О.Камардинов.Оқу құралы.Шымкент, 2000, 246б
11. Н.Ы.Омарова,К.У.Тұрмағамбетова,К.Н.Нүриденова.Паскаль тілінде программалау негіздері.Алматы, “Білім”баспасы,1996ж,-136б.
12. К.Боон.Паскаль для всех/Перевод с гол.В.С.Макарова.,Под ред.Н.Н.Слепова.-М.,1988г

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1. ПАСКАЛЬ ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 4
1.1 Паскаль тілінде өрнектер мен математикалық амалдарды 4
программалау тәсілдері 4
1.2 Қарапайым операторлар және оларды қолдану 11
1.3 Тармақталу және таңдау операторлары 15
2. ПАСКАЛЬ ТІЛІН ДЕРЕКТЕР ҚОРЫНДА ҚОЛДАНУ 20
2.1 "Компьютер нарығы" деректер қорын әзірлеу 20
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 30
Листинг 31

КІРІСПЕ

Жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің бірі − Паскаль. Оның алғашқы вариантын 70-жылдары Швейцария ғалымы Н. Вирт жарыққа шығарған болатын. Қазіргі кезде Паскаль тілінің кеңейтілген ондаған диалектісі бар, оның ішінде IBM PC-ге үйлесімді дербес компьютерлер жұмыс істей алатын Турбо Паскаль диалектісінің варианттары да жеткілікті.
Бейсик тілі сияқты, Паскаль оқып-үйренуге жеңіл, түрлі салалық информациямен жұмыс істеуде нәтижелі болғандықтан, дүние жүзінде көп тараған тілдердің бірі. Оның ыңғайлылығы:
+ тіл алгоритм құрылымын сақтап құрылған. Мұнда программаны бірте-бірте дамыту арқылы жинақты түрде құруға болады. Ол программалау тәсілін үйрену үшін де қажет;
+ тілге дамытылған берілгендер типтері енгізілген. Олар өңделетін берілгендер элементтерін толық сәйкестендіріп сипаттауға және жаңа берілгендер типтерін енгізуге мүмкіндік береді;
+ мұнда кішігірім жеңіл программалармен бірге күрделі құрылымды программаларды құру да мүмкін;
+ тіл синтаксисі қиын емес; нұсқаулардың (операторлардың) саны мүмкіндігінше азайтылған, т.б.
Паскаль тілінде құрылған программаны мәшинелік кіріспе тілге аудару үшін компилятор пайдаланылады.
Паскаль тілі бұрын құрылған (Фортран, Алгол және т.б.) программалау тілдерінен маңызды ерекшелігі ол құрылымдық программалау идеясын өмірге біртіндеп енгізу. Паскаль тілінің тағы бір ерекшелігі ол деректер құрылымының концепциясының алгоритм түсінігімен қатар программалаудың негізінде жатқан фундаменталды түсініктер қатарына кіруі.
Төменде Паскальда ерекше орын алатын файлдар туралы толық мағлұмат келтірілген.

1. ПАСКАЛЬ ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Паскаль тілінде өрнектер мен математикалық амалдарды
программалау тәсілдері

Амалдар негізінен математикада формуламен сипатталады, ал программада негізгі анықтауыш ретінде қолданылады. Амалдар өрнектер мен операндтардан тұрады. Операндтардың санының көптігінен өрнектер унарлы және бинарлы болып екіге бөлінеді. Унарлы өрнектер тек бір ғана операндқа ие.
Мысалы :

Амалдар
Жауабы
-5
-5
-(-7)
7
жалған
Ақиқат

Өрнектер тұрақтылардан,айнымалылардан,станда ртты функциялардан тұрады.Амалдар(арифметикалық,логика лық,символдық т.б) жай жақшалар көмегімен құрылады.Амалдарда орындалатын шамаларды операндалар деп атайды.
Арнайы символдар:
+ қосу {} фигуралы жақшалар
- алу . нүкте
* көбейту , үтір
бөлу : қос нүкте
= тең ; нүктелі үтір
үлкен $ доллар белгісі
кіші
[ ] квадрат жақшалар
( ) жай жақшалар
Программалау тілдерінде бөлінбейтін тұтас таңбалар тізбегі сөз құрайды.
Көмекші сөздер-алдын ала мағынасы анықталған, тілдің құрамының бір бөлігі болып табылатын сөздер.
Әдетте программа белгілі бір объектілермен (тұрақтылар,айнымалылар, функциялар,өрнектер т.б.) әрекет етеді. Программада осы объектілердің әрқайсысы жеке сөздермен белгіленеді,олардың рөлін айнымалылар атқарады.
Айнымалылар дегеніміз-объектілердің аттары.
Стандартты айнымалылар тілдің құрамына кіретін тұрақтылармен айнымалылардың типтерін,тұрақты және айнымалы шамаларды,процедуралар мен функцияларды белгілеу үшін тағайындалады.
Қолданушының айнымалысы белгілі бір ережелерге сүйене отырып,программа жазу барысында құрастырылады.
Айнымалыны құрастыру ережелері:
1.Айнымалыларды құрастыруға үлкен,кіші латын әріптері,цифрлар және төменгі сызықша( _ )пайдаланылады (A,b.x1,y1,AZ_1,...)
2.Айнымалыларда тек қана әріптер немесе төменгі сызықша қолданылады.Бұл ереже таңбалық айнымалыларға қолданылмайды.
3.Екі айнымалының арасына ең болмағанда бір үзіліс қойылады.(Үзіліссіз жазылған айнымалылар бір айнымалы болып есептеледі).
4.Жалпы айнымалылар ұзындығы 127 таңбадан аспауы керек. Айнымалылар бір-бірінен алғашқы сегіз таңба арқылы ажыратылады.
Тұрақтылар мен айнымалылар
Программада өңделетін мәліметтер белгілі бір объектілердің мәндері ретінде қарастырылады,олар тұрақты немесе айнымалы шама болып келеді.
Тұрақтылар дегеніміз-мәндері алдын ала белгілі және программманың орындалу барысында өзгермейтін шамалар.Тұрақтылар үшін Const қызметші сөзі қолданылады.
Жазылуы: Constтұрақтының аты=тұрақтының мәні;
Мысал: Const m=10; n=20;
P='мектеп';
Кейбір тұрақтылар тілдің құрамына енгенде алдын ала анықтауды қажет етпейді.
Мысал: P1 мәні 3.14...,Maxint мәні 32767 т.с.с
Айнымалылар дегеніміз- программаның орындалу барысында мәндерін өзгертуге болатын шамалар.
Айнымалылардың кезекті мәндері компьютер жадында оларға жаңа мән бергенше ғана сақталады.
Тұрақтылар мен айнымалылар Паскаль тіліне негізделген мәліметтердің бір типіне жатуы тиіс.Тұрақтылардың типтері олардың берілуіне байланысты және олар өздігінен анықталады.
Жазылуы: Var айымалы,...:тип айнымалысы ;...
Тип ұғымы
Амалдар мен өрнектерді қарастыру барысыеда тип ұғымы қолданылады.
Программалау тілдерінде ең бір негізгі де маңызды ұғымдардың біріне тип ұғымы жатады.Паскальда программаны құру жолдарын жеңілдету және көрнекілігін арттыру мақсатымен өңделетін мәліметтерді белгілі бір жүйеде жинақтап,тұтасымен қарастыру жолдары ойластырылған.Осындай күрделі мәліметтің типі сол жүйеге кіретін элементтердің қабылдайтын мәндерінің түрін және жинақтау тәсілін көрсетеді де жүйелі тип құрайды.Егер мәліметтер жеке дара қарастырылса,онда олар жай типті мәліметтерге жатады.Сонымен Паскальда қолданылатын типтерді екі топқа бөлуге болады: жай(негізгі) және жүйелі (күрделі).Жай тип стандартты және жасанды болып бөлінеді. Стандартты жай типтерге : бүтін(integer), нақты(real), байттық(byte), логикалық(boolean), символдық (char) типтер жатады.
Жай типтердің real және integer -ден өзгелері реттік (шектелген) тип деп аталады.Реттік типті шамалардың қабылдай алатын мәндерінің саны шектелген болады.
Мысалы,логикалық типті шамалар екі мәннің (0,1) бірін,байттық типті шамалар 256 мәннің (0-255) бірін қабылдай алады.

Мәліметтердің типтері
символдық(char)
жай
жүйелі
стандартты
жасанды
Бүтін(integer)
нақты(real)
Байттық (byte)
логикалық(вoolean)
атап өту
аралық
массив(array)
жол(string)
жиын(set)
жазба(record)
файл(file)

1-сурет. Стандартты жай типтер

Стандартты жай типтерге бүтін,байттық,нақты,символдық және логикалық типтер жатады.
Бүтін типпен сипаттау үшін integer қызметші сөзі қолданылады.
Жазылуы: Var айнымалылардың аттары: integer;
Байттық тип бүтін тип тәрізді,айырмашылығы мәндері 0-ден 255-ке дейінгі аралықты қамтиды және byte стандартты айнымалысымен сипатталады.
Жазылуы: Var айнымалылардың аттары : byte;
Нақты типті сипаттауға real стандартты айнымалысы алынады.
Жазылуы: Var айнымалылардың аттары : real;
Логикалық типті айнымалылар тек қана True (ақиқат) және False (жалған) мәндерінің бірін қабылдай алады. Бұл тип Boolean стандартты айнымалысымен сипатталады.
Жазылуы: Var айнымалылардың аттары : Boolean;
Логикалық типті айнымалының мәні бір байтқа орналасады.
Символдық тип char стандартты айнымалысымен сипатталады.
Жазылуы: Var айнымалылардың аттары : char;

Әр символға сәйкес 0 мен 1 цифрларының тізбегін сол символдың екілік бейнесі деп атайды.Символдардың бейнесі бір байтқа жазылатындықтан,char типті шамалардың мәндері бір ғана символ бола алады.Символдық тұрақтылар екі жағынан да дәйекшеге алынып жазылады.
Жасанды жай типтер
Жоғарыда стандартты жай типтердің түрлерін қарастырдық, сондай-ақ Паскальда қолданушының өзі тип анықтайтын мүмкіндігі бар,ондай типтерді жасанды типтер деп атаймыз.Жасанды типтерге атап өту және аралық типтер жатады.Оларға компьютер жадында бір байт беріледі,сондықтан жасанды типті шамалардың элементтер саны 256-дан аспауы керек. Бұл типтерді анықтауда программаның көрнектілігін,түсініктілігін,бекемд ілігін арттырады және компьютер жадын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Атап өту типі айнымалылардың қабылдай алатын мәндерін тегіс көрсету арқылы анықталады. Жеке мәндер үтірлермен айырылып,жақшаға алынады.
Жазылуы: Type типтің идентификаторы=(1-ші мән,2-ші мән, ...);
Аралық тип осы типті айнымалылардың қабылдай алатын мәндерінің аралығын көрсететін екі тұрақты арқылы беріледі.Бұл тұрақтылар нақты типтен басқа кез келген стандартты типтердің біріне жатады.Бірінші тұрақтының мәні қашанда екінші тұрақтының мәнінен кіші болуы қажет.
Жазылуы: Type типтің аты=1-тұрақты..2-тұрақты;
Var айнымалылар : тип;
Дәрежелік өрнектер және олардың түрлері
Өрнектердің орындалуы негізгі үш фактормен анықталады :
.Дәрежелік операциямен
.Реттелген операциялық өрнектермен
.Жақшаларды қолдану арқылы
Барлық дәрежелік операциялар төрт топқа бөлінеді. I (жоғарғы) операциялық өрнектер бірінші орындалады. IV (төменгі) операциялық өрнектер ең соңында орындалады. Тең операциялық өрнектер солдан оңға қарай орындалады, кейде компилятор генерацияның аса оптимальды реттелген кодына сәйкес болады. Ал жақшалар жай реттелген операцияның түрін өзгертуге қолданылады. Жақшалы амалдар ең алдымен жеке операнд ретінде қарастырылады, ал кейін оның нәтижесін операцияны орындауға қолданылады.
Дәрежелік операциялар
Дәрежесі
Операция
Операциялық категориялар
Бірінші (алғашқы)
+ -

not
@
Унарлы операция
Екінші
*
div mod
and
sh1 shr
Бинарлы операцияның көбейту типі
Үшінші
+ -
or xor
Бинарлы операцияның қосылу типі
Төртінші (төменгі)
=

= in =
Бинарлы операцияның
қатынас типтері

Күрделі өрнектерге мысал:
A*(((a-bc)*2+3)(x + y)-d*z)-12(AB) and ((IY) or (YK) and (C in D)
Өрнектердің жіктелуі
Өрнектердің жіктелуі келесі топтарға бөлінеді:
1.Арифметикалық амалдар:
.Унарлы: +, -
.Бинарлы: +,-,*,,div,mod
2.Қатынас амалдары:
=, , ,,=,=
3.Бульдік(логикалық) амалдар:
not,and,or,xor
4.Логикалық разрядты және жылжымалы амалдар:
not ,and ,or ,xor,sh1,shr
5.Қатарлы өрнек (конкатенация)
+
6.Операциялық амалдар:
+,-,*,in,=,=
7.Адресті алу операциясы:
@
Арифметикалық өрнектер
Арифметикалық өрнектерде арифметикалық амалдар қолданылады да, өрнектің нәтижесі нақты немесе бүтін сандар болады.
Арифметикалық өрнектің қарапайым түрлері: тұрақты,айнымалы және функция, өрнекке қатысты айнымалылардың мәндері алдын ала анықталуы қажет.Арифметикалық амалдар integer(бүтін),byte, real(нақты) типті шамалармен орындалады да, нәтижесінің типі осы шамалардың типіне байланысты анықталады.
Төменде Паскаль тілінде қолданылатын арифметикалық өрнектер және олардың орындалу мүмкіндігі кему ретімен көрсетілген:
+,-,*,, div, mod
Қосу(+),алу(-),көбейту(*) және бөлу() амалдары арифметикалық өрнектерде әдеттегідей орындалады. Бір өрнекте integer,byte,real типті операндтарды пайдалануға болады.Бөлу өрнегінің нәтижелік типі қашанда нақты (real),ал қосу,көбейту,алу өрнегінің нәтижелері,егер де операндтардың екеуі бүтін (байттық) типті болғанда бүтін(байттық),қалған жағдайларда нақты болады.
+,-,*, түрдегі өрнектердің орындалуы ерекше түсіндірілмейді. Тек олардың әртүрлі типтерін есте сақтау керек,тип нәтижесі аса қамтылған болады, бөлу өрнегінің нәтижесі әрдайым нақты сан болады.
div операторының нәтижесі бүтін санақты белгі, нәтиженің тең бүтін бөлігі ол- бірінші операндтың екінші операндқа бөлінуі.
mod операторының нәтижесі бүтін санақты белгі болады да,қалдық бөлігі
бірінші операндтан екінші операндқа бөлінеді.
Бүтіндей бөлу (div) өрнегі бөліндінің тек қана бүтін бөлігін анықтайды.Өрнекке қатысты шамалар бүтін (integer) типті болады.
Мысалы: 13 div 5 2
10 div 3 3
5 div 6 0
Қалдық табу (mod) өрнегі бүтін санды санға бөлгендегі қалдықты анықтайды,өрнектің нәтижесі де бүтін(integer) типті болады.
Мысалы: 11 mod 5 1
10 mod 3 1
14 mod 5 4
Арифметикалық өрнектердің қатесіз жазылуы және нәтиженің дұрыс табылуы үшін төмендегі ережелерді ескеру қажет:
1. Екі амал қатар жазылмайды(А+ -В өрнегі дұрыс жазылмаған,өрнек А+(-В) түрінде жазылуы керек).
2. Көрнекілігі жоғары өрнектер бірінші орындалады (мына өрнекте x*y-d4 алдымен көбейту мен бөлу амалдары,сонан соң алу амалы орындалады).
3. Егер барлық амалдардың орындалу көрнекілігі бірдей болса,онда олар солдан оңға қарай орналасу ретімен біртіндеп орындалады.
4. Алдымен жақшаның ішіндегі амалдар орындалады.
( (a+b)*(c+d) өрнегінде көбейту амалы ең соңынан орындалады).
5. Математикалық мағынасы жоқ өрнекті жазуға болмайды,мысалы, нөлге бөлу, нөлді логарифмдеу,теріс саннан түбір табу т.с.с.
Логикалық өрнектер
Логикалық өрнектің нәтижесі ақиқат(true) немесе жалған(false) болады.Логикалық өрнектер -логикалық тұрақты, логикалық айнымалы, логикалық функциялардан және логикалық қатынас амалдарынан және жақшалардың көмегімен құрылады.
Қатынас амалдары (=,,,,=,=) арифметикалық өрнектің нәтижелерін салыстырып, ақиқат немесе жалған екендігін анықтайды.Мысалы: 1411+4-ақиқат себебі, алдымен арифметикалық өрнектер есептелініп,сонан соң нәтижелері салыстырылады.Салыстырылатын шамалар файлдық типтен басқа кез келген типті болады.
Логикалық -өрнектерге қатысты шамалардың типі логикалық болуы қажет. Амалдардың орындалу көрнекілігі:not,and,or
Паскальда логикалық өрнектер қатынас амалдарынан бұрын орындалады.
Мысалы:А10 and D100 өрнегінде алдымен 10 and B амалы орындалуы керек, логикалық амал логикалық типті шамалармен орындалатын болғандықтан,бұл жерде қателік туады,сондықтан амалдардың орындалу ретін жақшамен көрсеткен жөн, яғни былай жазған дұрыс: (A10) and(B100). Математикада жиі кездесетін қос теңсіздік -жақша мен логикалық and өрнегі.
Мысалы: 1=x=50 теңсіздігі былайша (1=x) and (x=50) жазылады.Программалау тілдерінде логикалық өрнектер шартты операторлардың жұмысын ұйымдастыруда пайдаланады.
Қатынас таңбалары
Қатынас таңбалары математикалық тұрғыдан қарастырылады. Бұл өрнектердің нәтижесі ретінде бульдік мән (ақиқат,жалған) болып табылады. Қатар мәндеріне қатынас таңбаларын қолданғанда, солдан оңға қарай ASCII таңбалық кодымен орындаймыз.
Барлық қатар мәндері, ұзындық өлшеміне тәуелді емес.Алайда,таңбалық тип сол сияқты қатар тип белгілерімен ұзындықтары арқылы қарастырылады. Операндтарды салыстырғанда бағытталушы тип тек =(тең) және (тең емес) өрнектерінде ғана қолданылады. Егер де екі бағытталушы тип дәл сол объектіге жіберілсе,онда олар тең болады.

өрнектер
амалдар
операнд типтері
нәтижелік тип
=

тең
тең емес
қарапайым бірлескен жолдық немесе сілтеуші тип
бульдік

=
=
кіші
үлкен
кіші немесе тең
үлкен немесе тең
қарапайым бірлескен жолдық немесе сілтеуші тип
бульдік

1.2 Қарапайым операторлар және оларды қолдану

Оператор дегеніміз - белгіл бір шамаларға жүргізілетін орындалу жолдарын көрсететін нұсқау. Паскальда программаның негізгі бөлімі нүкте-үтірмен (;) ажыратылып жазылған операторлар тізбегінен тұрады. Операторлар мынадай екі топқа бөлінеді:
1. Жай операторлар.
2. Құрама оперторлар.
Жай оператор дегенміз - құрамына басқа операторлар кірмейтін операторды айтамыз.
BEGIN
Оператор
END.
Жай операторлар

Бос оператор оператор
Меншіктеу оператор
Процедуралық оператор
Шартсыз өту оператор

Енгізу-шығару операторлары
Кез-келген программа қандай да бір мәліметтерді өңдеу негізінде нәтиже береді. Өңделетін мәліметтер сыртқы құрылымдардан оқылып, компьютер жадына орналастырылады, ал нәтиже, керсінше, одан сыртқы құрылымға беріледі.
Паскальда қолданушы мен компьютердің мәліметтер алмастыру процесі программаның параметрлері болып қарастырылатын Input және Output стандартты файлдарының көмегімен іске асырлады. Программа өңделетін мәліметтерді Input файлынан оқиды да, өңделу нәтижесін Output файлына жазады. Стандартты Input файлы ретінде пернетақта, Output файлы ретінде дисплей тағайындалған. Олар программаның параметрлерінде көрсетілмеуі де мүмкін.
Жалпы, файлдарадан мәліметтерді оқу және оларға жазу әрекеттерін Read, Write, Readln, Writeln операторлары орындайды. Әзірге біз осы операторлардың мәліметтерді клавиатуадан енгізуге және дисплейге шығаруға пайдалану жолдарын қарастырамыз.
Оқу операторы (Read) программада өңделетін мәліметтердің берілген мәндерін оқып, операторда көрсетілген айнымалыларға меншіктейді. Жазылуы:
Read (айнымалылардың идентификаторлары);
Read(а1,а2,а3,...,аn);
Мұндағы а1,а2,а3,...,аn - айнымалы атаулары, оларды енгізу оператордың параметрлері деп те атайды. Айнымалылардың идентификаторлары үтірмен ажыратылады.
Read операторы орындалғанда, программа жұмысын тоқтатып, мәндердің клавиатурада терілуіне мүмкіндік береді. Мәндер міндетті түрде операторда айнымалылардың көрсетілуі ретімен араларына ең болмағанда бір бос орын тасталып теріледі де, соңынан Enter түймешігі басылады.
Readln операторы Read операторындай, бірақ Readln операторлары қатар жазылса, әрбір келесі енгізу операторына қажетті мәндер міндетті түрде жаңа жолдан терілуі керек. Мысал үшін екі программа үзіндісін және соларға сәйкес айнымалылардың мәндерін пернетақта теру жолдарын келтірейік:
1) var a,b,c,d:real; 2) var a,b,c,d:real;
Begin Begin
Read (a,b); Readln (a,b);
Read (c,d); Readln (c,d);
... ...

Бірінші жағдайда a, b, c, d айнымалыларының мәндерін бір жолда теруге болады, екінші жағдайда a, b айнымалыларының мәндері терілгеннен кейін (Enter) түймешігі басылып, c, d айнымалыларының мәндері жаңа жолдан теріледі.
Жазу операторы (Write) өрнектердің нәтижесін экранға шығарады.
Жазылуы:
Write (а1,а2,а2...аn);
Write (өрнектері);
Мұндағы а1,а2,а2...аn - жай айнымалылар немесе апотрофішіне алынған символдар тобы болуы мүмкін.
Өрнектер (тұрақты, айнымалы, тізбек,...) үтірмен ажыратылады.
Бүтін және нақты сандарды щығару үшін сандардың форматын беру қажет.
Мысал. Write (555); {өрнек тұрақты түрінде берілген}
Write (a+bc); {өрнектің нәтижесі шығарылады.}
Write (нәтиже,у); { өрнек тізбек және айнымалы түрінде}
Write (a[i]); {өрнек индексті айнымалы түрінде}
Writeln операторы Write операторы тәрізді, тек оператордағы соңғы мәлімет экранға жазылған соң, курсор келесі жолдың басына орналасады.
Бүтін және нақты сандарды шығару үшін сандардың форматын беру қажет. Формат айнымалы атынан соң қос нүкте арқылы жазылады. Нақты сан үшін формат екі саннан тұрады :
1-санға берілетін барлық орын
2- үтірден кейін алынатын бөлшек бөлік саны.
Мысал:
WRITE(Y:5:2)
Мұндағы 5-нәтижеге берілген барлық орын, 2-үтірден соң алынатын бөлшек бөлік саны.
Жалпы түрде:
Бүтін сан үшін WRITE (N: S) немесе WRITE (`K='.N:S)
Мұндаңы S- формат, яғни бүтін санға берілген орын.
Нақты сан үшін :WRITE (`Y='. Y:8 :3).
Жалпы түрде:WRITE (Y'.=Y : V: N).
Мұндағы - М барлық сан үшін берілген орын саны, N бөлшек бөліктің орындарының саны. Егер операторда формат көрсетілмесе, онда нәтижеде қанша орынды сан алынса, сол сан экранға шығады.
Айталық, Х=7, Ү=15, Z=11, ал, R=450,08 болсын оларды экранға шығарудың әр түрлі жағдайын көрсетейік.
Оператордың жазылуы: Экранда
wrte (X,У) 715
write (X,'_ _',Y); 7_ _15
write (`X=',X); X:=7
write (X,' `:3,Z); 7 11
write (`X+Y=',X+Y); X+Y=22
write (Z,'-соңы`); 11-соңы
write (`бітті'); бітті
write (R); 4.5008+2

Меншіктеу операторы
Меншіктеу операторы барлық тілдерде пайдаланылатын негізгі оператор болып табылады.
"Мені меншікте" деген бұйрықты орындайтын операторды меншіктеу операторы дейді.
Меншіктеу операторы (:=) берілген өрнектің нәтижесі болатын мәнді белгілі бір айнымалылығына меншіктейд. Айнымалы меншіктеу белгісінің (:=) сол жағына , оң жағына жазылады.
Жазылуы :
айнымалы : = өрнек ;
:= = +
Өрнек
Айнымалы атауы
Функциялық идентификатор

Өрнектің нәтижесі мән айналымы негізінде бір типті болуы керек. Бір ғана ерекше жағдай - айнымалының нақты, өрнектің бүтін типті болуы. Бұл жағдайда өрнектің нәтижесінің типі нақты типке өзгертіліп, айнымалыға меншіктеледі.
Меншіктеу операторының жалпы жазылуы түрі төмендегідей:
W:=Z;
Мұндағы: W- айнымалы атауы, ":=" - меншіктеу белгісі, Z - арифметикалық өрнек.
Бұл оператор екі міндет атқарады:
1.Айнымалылардың белгілі мәндер бойынша Z - арифметикалық өрнегінің мәнін есептейді.
2.Есептелген мән W атауына меншіктеледі (жазылады), яғни мән W-ге сәйкес зерде ұяшығына орналасады. Мұнда әдеттегі теңдік "=" белгісін шатастырмау керек. Олар тек түр жағынан ғана емес, мағынасы жағынан да өзгеше. Мысалы, х=9 өрнегі х-тің мәні 9-ға дегенді білдіреді де, х=х+5 өрнегі дұрыс мағына бермейді. Ал х:=9 өрнегі х нөмері бар ұяшыққа 9 санын саламыз дегенді білдіреді. Ендеше х:=x+5 өрнегі дұрыс, өйткені бұл бұрынғы х ұяшығында тұрған санға
5 санын қосып х шәшігіне қайта орналастыр дегенді білдіреді.
Z={тұрақты, айнымалы атауы, функция, өрнек} - түрінде берілуі мүмкін.
Мысалы, айнымалылар төмендегідей сипатталсын :
var i, j: integer ;
a, b: real ;
x, y: char ;
I, f : boolen;
онда мына меншіктеу оператоадары орынды :
і:=k + 1d 1vj ;
a:=b\c ;
x : = y:
i: = a=b ;
f = ( a = b ) and c
f : = k *j mod 2;
a : = k*j mod 2;
Соңғы оператордағы өрнектің бүтін типті нәтижесі а нақты типті айнымалысына меншіктелген. Керісінше, өрнектің нақты типті нәтижесін бүтін типті айнымалыға меншіктеуге болмайды, яғни 1: *в \ с операторы дұрыс жазылмаған.
Нақты типті шаманы бүтін типті айнымалыға меншіктеу қажет болған жағдайда арнайы Round немесе Trunc функцияларын пайдалану керек. Rount функциясы нақты шаманы дөңгелектеп , бүтін шамаға айналдырады ( Rount ( 0,35 ) = 0 , Rount (1,85) = 2, Rount (-3,14) =-3 , Rount (-3,67)= - 4 ). Trundc функциясы нақты шаманың бүтін бөлігін ғана алып, бүтін типті шамаға айналдырады (Trunc(0.85)=0,Trunc(-3.14)=-3)

1.3 Тармақталу және таңдау операторлары

Турбо Паскальда оператор екіге бөлінеді: қарапайым және құрылымдық.
Қарапайым операторға мыналар жатады:
+ Меншіктеу операторы (:=);
+ Шартсыз өту операторы (goto);
+ Процедура кіретін оператор (функция).
Құрылымдық оператор келесі операторлардан тұрады:
+ Құрама оператор (ол begin деген сөзден басталып, еnd сөзімен аяқталады);
+ Шартты оператор (if, case);
+ Қайталау оператор (repeat, while, for);
+ Біріктіру операторы (with);

Шартсыз өту операторы
Паскальда шартсыз өту операторын goto операторы және break, continue, exit, halt процедуралары кіреді. Шартсыз өту операторы программада жиі қолданылады.
Шартсыз өту операторы (goto) қарапайым оператор. Ол программа жұмысын өзгертіп тұрады. Шартсыз өту операторының жалпы түрі мынандай:
GOTO таңба
Мұндағы GOTO - Турбо Паскаль тілінде келесі шартты орындайды, ал таңба - идентификатор немесе 0 ден 9999 дейінгі бүтін сан. Егер программада бұл оператор болса, онда келесі Label-ға өтеді. Таңбадан кейін қос нүкте қойылады (таңба:).
Жалпы алғанда таңбаларды программада қолданбаған жөн. Ал егер қажет болған кезде келесі екі ережені есте сақтау керек:
1) Таңбаларды программаның орындалу ретін тек алға қарай (төмен қарай) орындалуы керек. Ал программаның ретін кері қарай орындалуы қажет болса циклді қолдану керек.
2) Таңба мен программаның орындалу ретін өзгертетін оператор ара қашықтығы жақын болуы тиіс. Олар бір бетте немесе бір экранда орналасқаны жөн.
Мысалы:
Program esep;
Uses crt;
Label 1;
Var x, y, s, z: real;
Begin clrscr;
Read (x, y); goto 1;
S:=2*x+y;
1: z:=xy;
write (`s, z =', s, z);
readkey; end.
Break процедурасы циклді жылдам аяқтауға мүмкіндік береді.
Continue процедурасы жаңа итерациялық циклді бастауға және соңғы итерацияны аяқтауға мүмкіндік береді.
Exit прцедурасы жұмысты аяқтауға көмектеседі.
Halt (n) процедурасы n кодты программаның жұмысын аяқтауға мүмкіндік береді (n-бүтін сан). Соңында n коды ERRORLEVEL командасының көмегімен MS DOS операциясының системасын талдайды.
Тармақталу командасы
Құрылыста қарай күрделі болып саналатын операторлардың (тармақталу, таңдау, қайталау) бірі тармақталу операторына тоқталайық.
Тармақталу операторы көрсетілген шартқа байланысты құрамына кіретін операторлардың орындалу орындалмауын қамтамасыз етеді. Паскаль тілінде шартты көшу операторы if операторы арқылы беріледі.
Жалпы түрі:
If шарт then 1-операторы else 2-операторы;
Мұнда еlse қызметші сөзінің алдына ";" қойылмайды.
Қысқа түрі:
If шарт then операторы;
Шартты оператордың синтаксистикалық диаграммасы төменде көрсетілген.
if
амал
then
оператор
else
оператор

Берілген оператор келесі бейнеде орындалады. Алдымен if қызметші сөзімен шарт тексеріледі. Нәтижесі бульдік тип болуы шарт. Егер шарт мәні true болса, онда then қызметші сөзінен кейінгі оператор орындалады. Егер шарттың есептеу нәижесі false болса, онда else қызметші сөзінен кейінгі оператор орындалады. Егер else қызметші сөзінен кейін шарт орындалмаса, онда басқару шарттан кейінгі операторға беріледі. Шарт қатынас немесе логикалық өрнектер түрінде жазылады.
If...ten операторының құрылымы 1-суретте көрсетілген:

If шарт
Then
Else
оператор 1
.
.
.
оператор n
операторЕ 1
.
.
.
операторЕ n

1-сурет. If...then операторының құрылымы
Мысалы:
if xy then max:=y
else
max:=x;
Орындалу кезінде қабаттасқан шартты оператор синтаксистикалық біркелкі болмауы мүмкін, ол келесі схемада бейнеленген:
if Expr1 then if Expr2 then Stmt1 else Stmt2
Берілген құрылымды келесі жолмен түсіндіреміз:
if Expr1 then
begin
if ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Паскаль тілін оқытуды интерактивті тақта арқылы ұйымдастыруды программалау
Turbo Pascal тілінің операторлары жайлы
Turbo Pascal жүйесінде процедураларды ұйымдастыру технологиясы
Турбо Паскаль жүйесінде қосалқы программаларды ұйымдастыру технологиясы
Delphi программалау ортасының графикалық мүмкіндіктері
Delphi-дің графикалық мүмкіндіктерін қолдана отырып қозғалатын бағдарлама құру
Turbo Pascal жүйесінде жолдарды ұйымдастыру технологиясы
Турбо Паскаль жүйесінде қосалқы программаларды ұйымдастыру технологиясы туралы
Турбо Паскаль тілінде программалау
Turbo Pascal тілінің сипаттамасы
Пәндер