Паскаль тіліндегі жиын типті мәліметтер түсінігі



КІРІСПЕ 3
1. ПАСКАЛЬ ТІЛІНДЕГІ ЖИЫН ТИПТІ МӘЛІМЕТТЕР ТҮСІНІГІ 4
1.1 Мәліметтердің жиын типін сипаттау 4
1.2 Жазбалар типті мәліметтерді өңдеу технологиялары 7
1.4 Программалау технологияларында RECORD типін пайдалану 10
Студент 12
1.5 ЖАЗУЛАР. WITH ОПЕРАТОРЫ 13
1.6 Жиын 15
2. ДЕРЕКТЕР ҚОРЫНЫҢ ПРОГРАММАСЫН ӘЗІРЛЕУ 17
2.1 "Кітап дүкені" деректер қорын құру 17
ҚОРЫТЫНДЫ 19
ЛИСТИНГ 21
Информатика ғылым ретінде ақпаратты өңдеу мен берудің заңдарын, әдістерін және жинақталу тәсілін ең алдымен ЭЕМ арқылы оқытумен айналысады.
Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың қарқынмен дамып, күнделікті тұрмысқа енуіне байланысты соңғы кездері программалауға деген қызығушылықтың арта түскені белгілі. Қазіргі уақытта компьютерсіз қандай да бір жұмыс істейтін адамға қандай да бір ұмтылысты тудыруы мүмкін.
Программалау іскерлігін үйрену үшін нақты есептер шығарып, программасын жаза білу қажет. Ол үшін программалау тілі мен оны құру ортасын меңгеру керек. Объектілі бағдарланған программалау жүйелерінде программалаудағы негізгі ерекшелік алдымен программалау синтаксисі мен компоненттерді пайдалануды үйренуде болып табылады.
Көп жылдық зерттеулердің нәтижесінде объектіге бағытталған деп аталатын тәсіл (ОБТ) зерттеліп дайындалған және сынақтан өткен (1967 жылы – Simula67 тілі, ал 1983 жылы – С++ тілі). ОБТ-ның программалық жүйелерінде құрудың бұрынғы әдістерінен негізгі артықшылығы – деректердің және олармен бірге істейтін кодтардың тығыз байланыста болуы.
Программалау технологиясы – бұл программалауды дайындаудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы және осы әдістер мен тәсілдерді қолданудың тәртібі. Программалаудың дамуының бастапқы кезеңдерінде, машина коммандаларының реттілік түрінде жазылғанда, ешқандай программалау технологиясы болмаған. Технологияны дайындаудың алғашқы қадамы программаларды операторлардың реттілігі түрінде көрсетуден тұрған. Операторлық тәсіл программа құраушы деп аталатын программаны жасауды автоматтандыру үшін алғашқы программаларды дайындауға мүмкіндік жасады.
Программа жабдықтарын күрделі жүйелерден жасау тиісті алгоритмді машиналық тілде жазу ретінде болса, онда жұмыс өте күрделі, тіпті мүмкін емес болар еді. Сондай-ақ, әрбір іс-әрекеттерді талдап, көптеген детальдармен жұмыс істеу өте ыңғайсыз болар еді. Сондықтан программалау тілдері жасалып шығарылды. Программалау тілдерінің көмегімен алгоритмді адамдарға түсінікті формаға келтіреді, яғни машиналық кодтық инструкцияларға айналдырудың ыңғайлы жолы ретінде қарастырылады. Бұл тілдер программалар құру кезіндегі регистр лабиринттерінде, жады адрестерінде және машиналық циклдерде шатасулардан сақтайды және де берілген тапсырманы, орындауларды, ерекшеліктерді толық қарастыруға мүмкіндік береді. Алғашында программалау үрдісі программисттердің барлық алгоритмді тікелей машиналық тілде жазуын талап ететін. Программалау үрдісін жеңілдету жолындағы алғашқы қадам командалар мен операндаларды жазу үшін цифрларды түзетуден бас тарту болып табылды.
1. Абрамов В.Г., Трифонов Н.П., Трифонова Г.Н. Введение в язык Паскаль. - М.: Наука, 1988. - 320 б.
2. Абрамов С.А., Зима Е.В. Начала программирования на языке Паскаль. - М.: Наука, 1987. - 112 б.
3. Вирт Н. Алгоритмы и структуры данных./ Ағылшан тілінен аударылған. М.: Мир, 1989. - 360 б.
4. Грогоно П. Программирование на языке Паскаль. - М.: Мир, 1982. - 382 б.
5. Дантеманн Дж., Мишел Дж., Тейлор Д. Программирование в среде Delphi: Ағылшан тілінен аударылған. - Киев: НИПФ “ДиаСофтЛтд.”, 1995. - 608 б.
6. Епанешников А., Епанешников В. Программирование в среде Турбо Паскаль 7.0. - М.: ДИАЛОГ-МИФИ, 1993. - 288 б.
7. Йенсен К., Вирт Н. Паскаль. Руководство для пользователя и описание языка: Пер. с англ. - М.: Финансы и статистика, 1982. - 151 б.
8. Матчо Дж., Фолкнер Д.Р. Delphi: Пер.с англ.- М.: БИНОМ, 1995. - 464 б.
9. Орлик С.В. Секреты Delphi на примерах: - М.: БИНОМ. - 316 б.
10. Перминов О.Н. Программирование на языке Паскаль. - М.: Радио и связь, 1988. - 224 б.
11. Пильшиков В.Н. Сборник упражнений по языку Паскаль: Учеб. пособие для вузов. - М.: Наука, 1989. - 160 б.
12. Прайс Д. Программирование на языке Паскаль: Практ. руководство. - М.: Мир, 1987. - 232 б.
13. Рубенкинг Н. Турбо Паскаль для Windows: В 2 т.; Ағылшан тілінен аударылған - М.: Мир, 1993. - 536 б.
14. Фаронов В.В. Турбо Паскаль. В 3-х книгах. Книга 1. Основы Турбо Паскаля. - М.: Учеб.-инж.центр МВТУ-ФЕСТО ДИДАКТИК, 1992. - 304 б.
15. Фаронов В.В. Паскаль и Windows. - М.: Учеб.-инж.центр МВТУ-ФЕСТО ДИДАКТИК, 1994. - 539 б.
16. Фаронов В.В. Практика Windows-программирования. М.: Информпечать, 1996. - 247 б.
17. Федоров А., Рогаткин Д. Borland Pascal в среде Windows. - Киев: Диалектика, 1993. - 656 б.
18. Форсайт Р. Паскаль для всех: Ағылшан тілінен аударылған.- М.: Машиностроение, 1986. - 288 б.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1. ПАСКАЛЬ ТІЛІНДЕГІ ЖИЫН ТИПТІ МӘЛІМЕТТЕР ТҮСІНІГІ 4
1.1 Мәліметтердің жиын типін сипаттау 4
1.2 Жазбалар типті мәліметтерді өңдеу технологиялары 7
1.4 Программалау технологияларында RECORD типін пайдалану 10
Студент 12
1.5 ЖАЗУЛАР. WITH ОПЕРАТОРЫ 13
1.6 Жиын 15
2. ДЕРЕКТЕР ҚОРЫНЫҢ ПРОГРАММАСЫН ӘЗІРЛЕУ 17
2.1 "Кітап дүкені" деректер қорын құру 17
Қорытынды 19
ЛИСТИНГ 21

КІРІСПЕ

Информатика ғылым ретінде ақпаратты өңдеу мен берудің заңдарын,
әдістерін және жинақталу тәсілін ең алдымен ЭЕМ арқылы оқытумен айналысады.
Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың қарқынмен дамып,
күнделікті тұрмысқа енуіне байланысты соңғы кездері программалауға деген
қызығушылықтың арта түскені белгілі. Қазіргі уақытта компьютерсіз қандай
да бір жұмыс істейтін адамға қандай да бір ұмтылысты тудыруы мүмкін.
Программалау іскерлігін үйрену үшін нақты есептер шығарып,
программасын жаза білу қажет. Ол үшін программалау тілі мен оны құру
ортасын меңгеру керек. Объектілі бағдарланған программалау жүйелерінде
программалаудағы негізгі ерекшелік алдымен программалау синтаксисі мен
компоненттерді пайдалануды үйренуде болып табылады.
Көп жылдық зерттеулердің нәтижесінде объектіге бағытталған деп
аталатын тәсіл (ОБТ) зерттеліп дайындалған және сынақтан өткен (1967 жылы
– Simula67 тілі, ал 1983 жылы – С++ тілі). ОБТ-ның программалық жүйелерінде
құрудың бұрынғы әдістерінен негізгі артықшылығы – деректердің және олармен
бірге істейтін кодтардың тығыз байланыста болуы.
Программалау технологиясы – бұл программалауды дайындаудың әдістері
мен тәсілдерінің жиынтығы және осы әдістер мен тәсілдерді қолданудың
тәртібі. Программалаудың дамуының бастапқы кезеңдерінде, машина
коммандаларының реттілік түрінде жазылғанда, ешқандай программалау
технологиясы болмаған. Технологияны дайындаудың алғашқы қадамы
программаларды операторлардың реттілігі түрінде көрсетуден тұрған.
Операторлық тәсіл программа құраушы деп аталатын программаны жасауды
автоматтандыру үшін алғашқы программаларды дайындауға мүмкіндік жасады.
Программа жабдықтарын күрделі жүйелерден жасау тиісті алгоритмді
машиналық тілде жазу ретінде болса, онда жұмыс өте күрделі, тіпті мүмкін
емес болар еді. Сондай-ақ, әрбір іс-әрекеттерді талдап, көптеген
детальдармен жұмыс істеу өте ыңғайсыз болар еді. Сондықтан программалау
тілдері жасалып шығарылды. Программалау тілдерінің көмегімен алгоритмді
адамдарға түсінікті формаға келтіреді, яғни машиналық кодтық
инструкцияларға айналдырудың ыңғайлы жолы ретінде қарастырылады. Бұл тілдер
программалар құру кезіндегі регистр лабиринттерінде, жады адрестерінде және
машиналық циклдерде шатасулардан сақтайды және де берілген тапсырманы,
орындауларды, ерекшеліктерді толық қарастыруға мүмкіндік береді. Алғашында
программалау үрдісі программисттердің барлық алгоритмді тікелей машиналық
тілде жазуын талап ететін. Программалау үрдісін жеңілдету жолындағы алғашқы
қадам командалар мен операндаларды жазу үшін цифрларды түзетуден бас тарту
болып табылды.

1. ПАСКАЛЬ ТІЛІНДЕГІ ЖИЫН ТИПТІ МӘЛІМЕТТЕР ТҮСІНІГІ

1.1 Мәліметтердің жиын типін сипаттау

Жиын — белгілі бір қасиеттерге сай іріктеліп, біртүтас қарастырылатын
жүйелі типті мәліметтер тобы. Жиын моліметтердің құрылымды типі. Жиындағы
әр мәлімет жиынның элементтері деп аталады. Жиын элементтерінің типі тек
реттік тип болуын естен шығармау керек. Жиын элементтерінің типі жиынның
базалық типі деп қарастырылады. Базалық тип аралықпен немесе дараланып
беріледі. Паскаль тілінде өрнектерде жиынның элементтері тік жақшаларға
алынып жазылады: ['а','Ь','с'], [1,2,3,4], ['a',...'z']. Егер жиында ешбір
элемент болмаса, ондай жиын бос жиын болады да, былай [ ] белгіленеді.
Жиындық типті сипаттау үшін set оf қызметші сөздері қолданылады.
Жазылу жалпы түрі:

Type

типтің аты = set of жиынның элементтері;

Var

айнымалылар : типтің аты;
Немесе алдын ала Туре тарауында сипаттау жүргізбей - ақ жиындық типті
Var тарауында жариялауға да болады:
Var айнымалылар: set of типтің аты ;
Мысалы,
Type
Day =(Sun, Mon, Tue, Wed, Thu, Fri, Sat);
Days =set of Dat
Turakti=set of (3,5,7,11,13,17);
Holidays = set of 1..31;
Var
Max : Turakti; К : Holidays;
Letter: set of ('a','e','i','j'); {Letter жиыны типтер тарауында
жарияланбай сипатталған}
Мұнда Max, Letter, К жиын типті айнымалылар, оларға сипаттауларында
көрсетілген жиындарға кірмейтін элементтерден тұратын жиынды меншіктеу
қателік тудырады. Жиынның элементтер саны 256-дан аспауы керек. Жиынның бір
элементі бір байт орын алады.
Жиындардың негізгі қасиеттері:
1. Жиынды қүрайтын барлық элементтері түрлі болып бір бірін
қайталанбауы тиіс. Мысалы, жиын элементтерін былай жазу (2,2,3,4) дүрыс
емес, себебі екі бірдей элементі бар.
2. Жиында элементтерінің әрналасуы реттелмеуіде мүмкін (алдын ала
белгіленбейді).
3. Егер де жиын мына түрде [I..J] берілсе және Ij болса, онда бұл
[I..J] бос жиын деп білеміз.
Жиындағы қолданылатын амалдар. Паскаль тілінде жиындарға нәтижесі True
немесе False болатын қатынас (=, ,+,=) және"тиісті" - (in) амалдары
қолданылады. Сонымен қатар жиындарға біріктіру (+), қию (*), айыру (-)
амалдары да жүреді.
"Теңдік" (=) амалы. Егер екі жиынның элементтері бірдей болса, онда ол
жиындар тең деп саналады. Салыстырылатын жиындарда элементтерінің әрналасу
реті әр түрлі болуы мүмкін.
[1,2,3,4] = [1,2,3,4]( True
[5,6,7,8] = [8,5,7,6]( True
['а',b','с'] =['c','b']( False
['a'..'s'] = [‘s’..’a’] ( True
"Тең емес " ( ) амалы. Егер екі жиынның ең болмағанда бір элементі
өзгеше болса, ондай жиындар тең емес деп саналады.
[1,2,3] [3,1,2,4] ( Тruе
['a'..'z'] =['z'..'a'] ( False
['a'..'s'] ['b'..’s’] ( Тruе
"Үлкен немесе тең" (=) амалы. А=В амалының нәтижесі ақиқат (True),
егер В жиынының элементтері түгелдей А жиынында кездессе, кері жағдайда
нәтиже жалған (False).
[1,2,3,4] = [2,3,4] ( Тruе
['a','z'] =['c'.'b','z']( False
[‘a’..’s’] = ['b'..'t'] ( True
"Кіші немесе тең" (=) амалы. A=B амалының нәтижесі ақиқат (Тruе),
егер А жиынының элементтері В жиынында түгелдей кездессе, кері жағдайда
нәтиже жалған (False).
[1,2,3,4] = [2,3,4] ( False
['d','h'] =['z'..'a'] ( Тruе
['a’,’v'] = ['a’,’n',’v’] ( True
"Tuicmi" (in) амалы. Бұл амал қандайда бір шаманың көрсетілген жиында
кездесетіндігін анықтайды, кездессе нәтижесі ақиқат (True), әйтпесе жалған
(False), әдетте, бұл амал шартты операторларда пайдаланады.
2 in [1,2,3] ( Тrue
'р' in ['a',..'n'] ( False,
хі in [x0,x1,x2,x3] - True
" Біріктіру" (+) амалы. Екі жиьшның қосындысы осы жиындардың
элементтерінен тұратын үшінші жиын болып табьшады.
[1,2,3] + [1,4,5] - [1,2,3,4,5]
"Қию " (*) амалы. Екі жиынның қиюы — осы екі жиында да кездесетін
элементтерден тұратын үшінші жиын:
[1,2,3] * [1,4,2,5] - [1,2]
['a'..'z'] * ['b'..'r'] - [‘b’..’r’]
[]*[]-[]
"Айыру" (-) амалы. Екі жиынның айырмасы — екінші жиында кездеспейтін
бірінші жиынның элементтерінен тұратын үшінші жиын:
[1,2,3,4]- [3,4,1] - [2]
['a'..'z'] - ['d'..'z'] - ['а'..'с']
[x1,x2,x3,x4] - [x4,x1] - [х2,хЗ]
Көрсетілген амалдардың нәтижесі көрнекті түрде 1-суретте келтірілген.

Қию Біріктіру Айыру

1-сурет. Жиын амалдарының нәтижелері.

Жиындар көбінесе шартты операторларда күрделі шарттарды ықшамды
жәнекөрнекті түрде жазуға пайдаланылады. Мысалы, мына оператәрдағы шартгы
If (a=l) or (a=2) or (a=3) or (a=4) or (a=5) or then... былайша If a in
[1..5] then... жазуға болады. Көріп отырғанымыздай, мұндай түрде жазу өрі
ықшамды, әрі көрнекті болып табылады.
Ескерту.
1. Паскаль тілінде барлық қатынас операторларының приәритеті бірдей.
2. Жиын өңдеуде біртұтас объект ретінде қарастырылатын
болғандықтан оған "сұрыптау" амалы жүргізілмейді.

1.2 Жазбалар типті мәліметтерді өңдеу технологиялары

Тек бір типті компоненттерден тұратын мәліметтердің жүйелі типті
түрлерімен таныстық. Алғашында көптеген инженерлік есептерді шешуде он
шақты айнымалыларды пайдаланып – ақ алгоритмін құруға болатын еді. Кейіннен
түрлі кестелерде берілген өңдеуге арналған программаларын түзу мәселесі
туындайды. Бұл мәселені шешуде массив, жол және жиын типтер көп жеңілдік
беретін болды. Бір типті мәліметтерді өңдеудегі массивтердің даусыз
артықшылығы бар. Бірақ массивтермен жұмыс атқарудағы негізгі шектеу – ол
массив элементтерінің барлығы бір типті болуы. Іс жүзінде кездесетін
кестелерде тек сандық информацияны ғана емес текстік мәліметтерді де өңдеу
керек болады.
Программалауда қандай да бір объектіге қатысты әр түрлі мәліметтерді
жинақтап қарастыру жиі кездеседі. Шынайы объект туралы мәліметтер түрлі
типті шамалармен сипатталынады. Мысалы, қоймадағы тауарлар келесі
мәліметтер арқылы сипатталынады: тауар аты, тауар мөлшері, бағасы, сапалық
сертификаты бар болуы т.с.с. Бұл мысалда тауар аты-string типті мәлімет,
тауар мөлшері-integer типті, бағасы-real типті, сапалық сертификатының бар
болуы-boolean типті. Сөйтіп, қоймадағы тауарлар туралы есепті шешуде түрлі
типті мәліметтерді бірге өңдеуге тура келеді. Сондықтан бұл құрылымды типті
мәліметтерді өңдеуге арналған құрал қажеттілігі туындады. Турбо Паскальде
осындай құрал ретінде жазба-RECORD атты мәліметтердің құрылымдық типі
пайдаланылады.

1.3 Мәліметтердің жазба типін сипаттау

Жазба типі массивке ұқсас болғанымен негізгі өзгешілігі болып оның
компоненттерінің әр қайсысының өзінше аты бар болады. Жазба типті
шамалардың компоненттерін өрістер деп атаймыз. Сонымен, жазба аралас типті
информациялық өрістерден құрылып әр өріске ерекше атау беріледі. Мысалы,
студенттер туралы мәліметтер: аты, жөні, фамилиясы, туған жылы, мекен-жайы,
т.б. бір топқа біріктіріп, жазба түрінде қарастыруға болады. Енді жазба-
RECORD типті мәліметтердің құрылымы қандай болатынын қарастырайық.
Var тарауында жарияланған жазбаның түрі:
Жазба аты:RECORD
Жазба өрістері жарияланады
End;
Жазба өрістері түрлі типті мәліметтерден тұратын болғандықтан
Турбо Паскаль тіліне тән қасиеті – ол мәліметтер типімен өңдеу операторын
бір бірімен байланысты болуы.
Жазбаны сипаттау Record қызметші сөзінен басталып, End қызметші
сөзімен аяқталады, араларына өрістерінің идентификаторлары мен типтері
келтіріледі.
Жазылу жалпы түрі:
Type типтің аты=Record
1-ші өріс:1-ші өрістің типі;
1-ші өріс:1-ші өрістің типі;
... ... ... ...
End;
Var жазбалардың атаулары:типтің аты;

Мысалы, Type
T=Record
R:integer;
Name:string[20];
V:real;
Art:string[10];
End;
Var Tauar, U:T;
Мұнда Tauar, U айнымалылары T типті төрт өрістен (R(реті),
Name(тауар аты), V(мөлшері), Art(артикулы)) тұратын жазбалар. Жазбаны
тұтасымен типі сәйкес келетін басқа жазбаға меншіктеуге болады, мысалға
U:=Tauar.
With операторы. Жазба өрістерінің мәндеріне өту үшін жазба типті
айнымалының және өрістің аттарын қоса көрсету керек, мысалы, Tauar
жазбасының өрістеріне өту былай жазылады: Tauar.R, Tauar.Name, Tauare.V,
Tauar.Art. Бір тауар туралы мәліметті экранға шығаратын программа үзіндісін
келтірейік:
...
Tauar. R:=1;
Tauar. Name:= 'кездеме';
Tauar. V:=1860;
Tauar. Art:='0199-215';
Write (Tauar.R:3, Tauar.Name:15, Tauar.V:9, Tauar.Art: 10);
Бұл мысалда өріс санына сәйкес Tauar идентификаторын бірнеше рет
жазуға мәжбүр болдық. Осы ыңғайсыздықтан құтылу үшін Паскаль тілінде арнайы
With операторы қолданылады.
Жазылу жалпы түрі:
With жазба типті айнымалы аты Do оператор;
Мұндағы жазба типті айнымалы аты - жазба аты.
Жазба типті айнымалы With операторында бір рет көрсетіледі де осы
операторға кіретін басқа операторларда қайталанбайды, тек қажетінше
өрістерінің аты ғана көрсетіледі. Жоғарыдағы мысалды With операторының
көмегімен жазайық.

With Tauar do
Begin

R:=1;
Name:= 'кездеме';
V:=1860;
Art:= '0199-215';
Write (R:3, Name: 15, V:9, Art: 10);
End;
Турбо Паскаль тілінде жазбалар да массивтердің элементтері бола
алады. Мысалы, 30 тауар атауларынан тұратын (Name) массивтің сипатталуы:
Type
T=Record
R: integer;
Name: string[20];
End;
Var
Tizim: array[1..30] of T;

1.4 Программалау технологияларында RECORD типін пайдалану

Программалау технологияларын игеруде көптеген ережелерді тек жаттап,
білу жақсы нәтиже бермейтіндігі белгілі. Ол үшін көптеген тәжірибелік
есептерді шығарып оларға программа түзу барысында ғана программалау тілінің
"қыр-сырын" тереңінен түсініп игеруге болады. Дайын программаға талдау
жүргізіп те көптеген программалауәдістерімен танысуға болатындығын
ұмытпаған жөн. Сондықтан сіздерге келесі программаны ұсынамыз.
Студенттер туралы белгілі бір түрде мәліметтерді енгізіп жазбалар
массивін қүрастыру керек. Кейіннен топ нөмірі бойынша немесе жазбаның
нөмірі бойынша экранға керекті мәліметтерді шығаратын программаны түзу
қажет болсын. Студенттер туралы мәліметтер: фамилиясы, аты, жасы,
мамандығы, топ нөмірі, оқуға түскен мерзімі.
Студенттер туралы мәліметтер түрлі типті болғандықтан оларға
сипаттаманы тиімді түрде жүргізу үшін типтер тарауында Record_Type деген
типті енгізуге тура келеді. Бұл жазбаның құрылымы келесі түрде
сипатталынады:
Record_Type = Record
LastName : string[20];
Name : string[10];
Age : Byte;
Speciality: strmg[20];
Group : integer;
DataPost : data;
End;
мұндағы Name — студенттің атьш жазуга арналған өріс
(10 символдан тұратьн жол) ;
LastName - фамилия өрісі (20 символдан тұратын жол);
Age — студенттің жасын жазуға арналған өріс (жас көрсететін
айнымалының мәні 255 аспайтын болғандықтан оны байттық деп алуға болады);
Speciality — студенттердің мамандығы (20 символдан тұратын жол) ;
Group — оқу тобы — бүтін сан типті;
DataPost - оқуға түскен мерзімі — мерзім (data) типті. Айнымалылар
тарауында Record_Type типті 10 жазбадан тұратын Record_Array массивіне
сипаттама берейік: Record_Array: array[1.. 10] of Record_Type
Массив элементтерін белгілеу үшін Number_of_Array атты айнымалыны
қолданамыз, ол тек 1-ден 10 дейінгі бүтін сандардың мәндерін қабылдайтын
болады.
Студенттер туралы мәліметтерді енгізуді арнайы процедура арқылы
орындайық. Бұл процедура пайдаланушыға ыңгайлы және түсінікті болу үшін
енгізуді диалог түрінде ұйымдастырған жөн.
Record_Array массивіне кезекті жазбаны енгізуге арналған процедура:
Procedure Input_infor;
Begin
Writeln ('Нөмірі', Number_of_Array,'-ші жазбаның
элементтерін енгізіңіз:');
Writeln ('фамилиясы ?');
Readln (Record_Array[Number_of_Array].Last Name);
Writeln (' аты ?');
Readln (Record_Array[Number_of_Array].Name );
Writeln (' жасы ?');
Readln (Record_Array[Number_of_Array].Age) ;
Writeln (' мамандығы ?');
Readln (Record_Array[Number_of_Array] .Speciality);
Writeln (' тобы ?');
Readln (Record_Array[Number_of_Array] .Group);
Writeln (' оқуға түскен мерзімі ?');
Readln (Record_Array[Number_ofiArray]. DataPost);
Writeln
End;
End.

Массивте сақталынатын информацияны экранға шығаруды with...do арқылы
шығаруға болады. Бұл оператордың артықшылықтарын жоғарыда атағанбыз.
Мәліметтерді экранға шығару әрекетін келесі процедура арқылы көрсетейік:
Procedure Write_Infor;
Begin {Экранға шығару процедурасының басы}
with Record_Array[Number_of_Array] do
Begin {with Record_Array[Number_of_Array] do сөйлемінің
денесі}
Writeln(Фамилиясы :', LastName);
Writeln(Аты:', Name);
Writeln('Жасы:', Age );
Writeln('Мамандығы:', Speciality);
Writeln(Toбы :', Group);
Writeln('Оқуға түскен мерзімі:', DataPost);
End; { with... сөйлемінің соңы}
End; {процедура соңы}
Студенттерді тобының нөмірі бойынша іздеу әрекетін орындайтын
программаның үзіндісін келтірейік:
Writeln(Toп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Паскаль программалау ортасында "Телефонная книга" программасын құру
Жалпы білім беретін орта мектепте информатика курсының мазмұны
Информатика пәнінен әдістемелік нұсқау (программалық тілдер)
Информатика пәнінен лекция тезистері
Паскаль тілінде сызықтық бағдарлама құру
Turbo Pascal 7.0 интегралдық программалау ортасын пайдалану
Паскаль программалау тілінде білімді бақылау жүйесін жасау
Паскаль тілінің негізі
Құрыдымдық типтер.жиындар
Объектілі бағдарланған программалау
Пәндер