Паскаль тіліндегі програманың құрлымы



КІРІСПЕ 3
1. ПАСКАЛЬ ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ 4
1.1 Паскаль тіліндегі програманың құрлымы 4
1.3 Мәліметтердің типтері 13
2. Деректер қорын құру 16
2.1 "Қойма" деректер қорынының программасын әзірлеу 16
ҚОРЫТЫНДЫ 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ 23
ЭЕМ-дердің мүмкіндіктері барлық салаларда кең қолданылуына алып келді. Қазіргі уақытта көптеген ғылыми - техникалық мәселелерді шешу, оның ішінде алгебралық және анализ есептерін шешуде компьютерлік технологияны тиімді және жылдам қолдана білуге байланысты болып отыр. ЭЕМ-нің көмегінсіз шешу мүмкін емес. Осы мақсаттар үшін қуатты және тез жылдамдықтағы үлкен және кіші дербес ЭЕМ-дермен қатар сандық әдістер мен стандартты қолданбалы программалар түзуде. Қазіргі уақытта көптеген ғылыми-техникалық мәселелерді шешу үшін ЭЕМ-де алынған шешімнің дәлдігін бағалайтын математикалық аппарат бар болып, ол жоғары дәрежеде жетілдірілген.
Программалау кезеңі әрі қарай ЭЕМ-де программаның орындалуы және шешімнің нәтижелерін алу кезеңі келеді. Есепті шешудің соңғы кезеңі - нәтижелерді талдау. Онда алынған нәтижелерді бақылау есептеулері нәтижелерімен немесе тәжірибе нәтижесінде алынған берілгендермен (егер олар бар болса) салыстырылады. Сондай кейбір нәтижелер жарамды, ал кейбіреулері нақты есептің маңызына қайшы келуі мүмкін: мұндай шешімдер алынбайды. Алынған нәтижелердің жарамдылығының ең жоғарғы критериясы практика болып табылады.
Қазіргі кезде компьютерлер адамдардың өмірі мен қызметінің түрлі салаларында кеңінен қолданылады. Адамның компьютермен табиғи тілде тілдесуі келешектің ісі, ал қазіргі кезде компьютерлерге берілетін тапсырмалар компьютер түсінетін тілде, атап айтқанда программалау тілдерінің бірінде беріледі.
Соңғы кездері программалауға қызығушылық күрт артты. Бұл информациялық технологияның дамуымен және оның қоғамның күнделікті өміріне кеңінен енуімен байланысты. Егер адам компьютермен істес болса, онда ерте ме немесе кеш пе программалауға деген талпынысы тіптен кейде қажетсінуі пайда болады.
1. Абрамов В.Г., Трифонов Н.П., Трифонова Г.Н. Введение в язык Паскаль. - М.: Наука, 1988. - 320 б.
2. Абрамов С.А., Зима Е.В. Начала программирования на языке Паскаль. - М.: Наука, 1987. - 112 б.
3. Вирт Н. Алгоритмы и структуры данных./ Ағылшан тілінен аударылған. М.: Мир, 1989. - 360 б.
4. Грогоно П. Программирование на языке Паскаль. - М.: Мир, 1982. - 382 б.
5. Дантеманн Дж., Мишел Дж., Тейлор Д. Программирование в среде Delphi: Ағылшан тілінен аударылған. - Киев: НИПФ “ДиаСофтЛтд.”, 1995. - 608 б.
6. Епанешников А., Епанешников В. Программирование в среде Турбо Паскаль 7.0. - М.: ДИАЛОГ-МИФИ, 1993. - 288 б.
7. Йенсен К., Вирт Н. Паскаль. Руководство для пользователя и описание языка: Пер. с англ. - М.: Финансы и статистика, 1982. - 151 б.
8. Матчо Дж., Фолкнер Д.Р. Delphi: Пер.с англ.- М.: БИНОМ, 1995. - 464 б.
9. Орлик С.В. Секреты Delphi на примерах: - М.: БИНОМ. - 316 б.
10. Перминов О.Н. Программирование на языке Паскаль. - М.: Радио и связь, 1988. - 224 б.
11. Пильшиков В.Н. Сборник упражнений по языку Паскаль: Учеб. пособие для вузов. - М.: Наука, 1989. - 160 б.
12. Прайс Д. Программирование на языке Паскаль: Практ. руководство. - М.: Мир, 1987. - 232 б.
13. Рубенкинг Н. Турбо Паскаль для Windows: В 2 т.; Ағылшан тілінен аударылған - М.: Мир, 1993. - 536 б.
14. Фаронов В.В. Турбо Паскаль. В 3-х книгах. Книга 1. Основы Турбо Паскаля. - М.: Учеб.-инж.центр МВТУ-ФЕСТО ДИДАКТИК, 1992. - 304 б.
15. Фаронов В.В. Паскаль и Windows. - М.: Учеб.-инж.центр МВТУ-ФЕСТО ДИДАКТИК, 1994. - 539 б.
16. Фаронов В.В. Практика Windows-программирования. М.: Информпечать, 1996. - 247 б.
17. Федоров А., Рогаткин Д. Borland Pascal в среде Windows. - Киев: Диалектика, 1993. - 656 б.
18. Форсайт Р. Паскаль для всех: Ағылшан тілінен аударылған.- М.: Машиностроение, 1986. - 288 б.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1. ПАСКАЛЬ ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ 4
1.1 Паскаль тіліндегі програманың құрлымы 4
1.3 Мәліметтердің типтері 13
2. Деректер қорын құру 16
2.1 "Қойма" деректер қорынының программасын әзірлеу 16
ҚОРЫТЫНДЫ 22
Пайдаланылған әдебиет тізімі 23

КІРІСПЕ

ЭЕМ-дердің мүмкіндіктері барлық салаларда кең қолданылуына алып келді. Қазіргі уақытта көптеген ғылыми - техникалық мәселелерді шешу, оның ішінде алгебралық және анализ есептерін шешуде компьютерлік технологияны тиімді және жылдам қолдана білуге байланысты болып отыр. ЭЕМ-нің көмегінсіз шешу мүмкін емес. Осы мақсаттар үшін қуатты және тез жылдамдықтағы үлкен және кіші дербес ЭЕМ-дермен қатар сандық әдістер мен стандартты қолданбалы программалар түзуде. Қазіргі уақытта көптеген ғылыми-техникалық мәселелерді шешу үшін ЭЕМ-де алынған шешімнің дәлдігін бағалайтын математикалық аппарат бар болып, ол жоғары дәрежеде жетілдірілген.
Программалау кезеңі әрі қарай ЭЕМ-де программаның орындалуы және шешімнің нәтижелерін алу кезеңі келеді. Есепті шешудің соңғы кезеңі - нәтижелерді талдау. Онда алынған нәтижелерді бақылау есептеулері нәтижелерімен немесе тәжірибе нәтижесінде алынған берілгендермен (егер олар бар болса) салыстырылады. Сондай кейбір нәтижелер жарамды, ал кейбіреулері нақты есептің маңызына қайшы келуі мүмкін: мұндай шешімдер алынбайды. Алынған нәтижелердің жарамдылығының ең жоғарғы критериясы практика болып табылады.
Қазіргі кезде компьютерлер адамдардың өмірі мен қызметінің түрлі салаларында кеңінен қолданылады. Адамның компьютермен табиғи тілде тілдесуі келешектің ісі, ал қазіргі кезде компьютерлерге берілетін тапсырмалар компьютер түсінетін тілде, атап айтқанда программалау тілдерінің бірінде беріледі.
Соңғы кездері программалауға қызығушылық күрт артты. Бұл информациялық технологияның дамуымен және оның қоғамның күнделікті өміріне кеңінен енуімен байланысты. Егер адам компьютермен істес болса, онда ерте ме немесе кеш пе программалауға деген талпынысы тіптен кейде қажетсінуі пайда болады.
Сондықтан компьютерді өзінің кәсіптік мамандығының деңгейін көтеруге пайдаланғысы келген әрбір адам программалау тілдерінің бірімен және программа жасау технологиясымен таныс болуы тиіс. Әр маман өз есебін компьютерде шығару үшін керекті программаны құра білуі, жөндей білуі және оны баптай білуі тиіс. Бұл жұмыстарды орындай білу маманның программалау дағдыларын қалыптастырады.
Қазіргі кезде кеңінен таралған программалау тілдерінің көптеген түрлері бар. Бір әрекетті орындаушы адам програманы Паскаль тілінде де Бейсик тілінде де және Си тілінде де жазуға болады.

1. ПАСКАЛЬ ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ
1.1 Паскаль тіліндегі програманың құрлымы

Паскаль тіліндегі ең кішкентай программаның түрі мынандай
болады:
BEGIN
END
Бұл программа әрине ешнәрсе орындамайды. Егер біз бұл программаға бір нәрсе орындатқымыз келсе, онда бізге қажетті әрекеттерді орындауға бұйрық беретін барлық операторларды осы BEGIN және END қызметші сөздерінің арасына жазуымыз керек.
BEGIN
Writeln (2002); Writeln (2005) END.
Кәдімгі жағдайда программада айнымалылыр, тұрақтылар, бағыныңқы программаны шақырушы операторлар т.б. элементтер болады. Олардың бәрі BEGIN қызметші сөзінің жоғарғы жағына жазылуы тиіс. Мысалы: Const k=16; VAR a:=Real BEGIN
a:=6
Writeln (a+k) END.
Сонымен, Паскаль тіліндегі программа программаның тақырыбынан, блоктан тұрады және нүктемен аяқталады. Блок өз кезегінде сипаттау бөлімінен және операторлар бөлімінен тұрады.
BEGIN қызметші сөзінің жоғарғы жағына сипаттау бөлімі орналасады.
BEGIN қызметші сөзінің төменгі жағына орындалатын операторлар бөлімі орналасады. Операторлар бөлімі нүктелі үтірмен (;) бөлінген және операторлық жақшалармен, яғни BEGIN, END қызметші сөздерімен шектелген тізбегін қамтиды. END сөзінің алдына нүктелі үтір қойылмайды, бірақ оның болуы қате болып есептелмейді, қайта ең соңғы орындалатын операторымен END қызметші сөзінің арасында бос оператордың қатысатындығын білдіреді.
Сонымен, Паскаль тіліндегі программаның жалпы құрлымы мына (4-сурет) төмендегідей болады.
PROGRAM АТЫ (ФАЙЛДЫҢ АТЫ...ФАЙЛДЫҢ АТЫ),
LABEL
, ... , ТАҢБА;
CONST
ТАҚЫРЫПТЫҢ АТЫ = ТҰРАҚТЫ ;
Программаның тақырыбы.
ТАҚЫРЫПТЫҢ АТЫ=ТҰРАҚТЫ,
TYPE
VAR
ТАҚЫРЫПТЫҢ АТЫ=ТИП; ТИПТІҢ АТЫ=ТИП;
АЙНЫМАЛЫНЫҢ АТЫ, ... ,АЙНЫМАЛЫНЫҢ АТЫ: АЙНЫМАЛЫНЫҢ АТЫ...АЙНЫМАЛЫНЫҢ АТЫ: ТИП;
PROCEDURE ПРОЦЕДУРАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ;
БЛОК;
FUNCTION ФУНКЦИЯНЫҢ ТАҚЬІРЫБЫ;
БЛОК;
BEGIN
END.
ОПЕРАТОР; ОПЕРАТОР;
Таңба бөлімі
Тұрақтылар бөлімі
Типтер бөлімі
Айнымалылар бөлімі
Процедура бөлімі
Функция бөлімі
Операторлар бөлімі
Құрама оператор
Сипаттау бөлімі
Блок
Бөлімдердің берілу реттілігі қатаң анықталған, бірақ Паскаль тілінің кейбір нұсқаларында LABEL, CONST, TYRE, VAR сипаттамаларының реттілігі еркін анықталады.
Программаның тақырыбында PROGRAM қызметші сөзінен кейін программаның ішінде мағынасы жоқ және барлық программаны білдіретін программаның аты көрсетіледі. Программаның атынан кейін дөңгелек жақша ішінде файлдардың тізімі, яғни Программа қатынас жасайтын компьютерлердің сыртқы құрылғыларында орналасқан берілгендер жиыны келеді.
Кәдімгі жағдайда стандартты (INPUT) және шығыс (OUTPUT) файлдарының аттары немесе олардың біреуі пайдаланылады, мысалы:
PROGRAM CONUS (INPUT, OUTPUT);
Паскаль тілінің көптеген нұсқаларында стандартты файлдардың аттары болмауы да мүмкін, яғни олар үнсіз қабылданады.
Программа тақырыбынан кейін тамға бөлімін сипаттау (LABEL) келеді. Программадағы кез келген операторды оның алдына тамғаны, яғни төрт цифрдан аспайтын таңбасыз бүтін санды қою арқылы ерекшелеуге болады. Таңба оператордан қос нүкте арқылы ажыратылады, мысалы:
28 : READ (ХО, ҮО, ZO );
Программада тамғаның болуы басқарудың арнайы операторларына сілтеме жасауға және программаның табиғи орындалу барысын өзгертуге мүмкіндік береді. Барлық тамғалар LABEL бөлімінде аталуы керек, мысалы:
LABEL
1, 12, 988.
Егер программада тамғалар болмаса, онда LABEL бөлімін жазбауға да болады.
Таңба бөлімінен кейін тұрақтыларды сипаттау бөлімі (CONST) келеді. Программада тұрақтылар аттарымен көрсетіледі, олай болса тұрақтылардың осы аттарына кейбір мәндер (сандар, қатарлар) меншіктелуі керек, мысалы:
CONST
РІ=3.1415926;
МАХ=1000;
HEAD -- 'кесте тақырыбы'.
Тұрақтылардың атауларын пайдалану программалаушыға про-грамманың басында машинаға тәуелді немесе берілген есеп үшін тән тұрақты шамаларды топтап беруге мүмкіндік береді. Бұл жерде оларды программаның өзін өзгертпей-ақ өзгерту оңай.
Тұрақтылары топтастырылып берілген программа әсерлі әрі көрнекті болады.
Типтерді сипаттау бөлімі (TYPE) пайдаланушы енгізетін берілгендердің қарапайым және құрылымдық типтерін анықтау үшін қызмет етеді. Мұндай типтерге біз жоғарыда қарастырған аттап өту және шектелген типтер жатады. Программадағы әр түрлі шама тек бір типпен ғана берілуі керек. Тұрақтының типі оның мәнінің жазылу пішімімен анықталады. Айнымалының типі міндетті түрде арнайы айнымалыларды сипаттау бөлімінде (VAR) берілуі тиіс.
Айнымалыны сипаттау бөлімінің жалпы түрі программаның жалпы құрылымдық схемасында көрсетілген, мұндағы тип дегеніміз бүл типтің аты Стандартты немесе TYPE бөлімінде анықталады.
Егер программалаушы өзіндік программалық бірлік болып та-былатын және оған процедураның немесе функцияның атын және оның параметрлерін көрсету арқылы сілтеме жасауға болатын стандартты процедуралар және функциялардан басқа өзінің проце-дуралары мен функцияларын анықтайтын болса ғана процедураларды және функцияларды сипаттау бөлімі (PROCEDURE, FUNCTION) программада қатысатын болады.
Паскаль тіліндегі программа жеке-жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады.
Программа қатарларының алдындағы азат жол немесе бос орындар саны өз қалауымызша алынады. Бір қатарға бірнеше командалар немесе операторлар орналаса алады, олар бір-бірімен нүктелі үтір (;) арқылы ажыратылып жазылады, бірақ бір жолда бір ғана оператор тұрғаны дұрыс, ол әрі түзетуге жеңіл, әрі оқуға ыңғайлы болып саналады.
Кез келген прорамманың алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан, яғни атынан тұрады. О дан кейін программаның ішкі объектілерінің сипатталу бөлімі орналасады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала бекітіп анықтап алуға көмектеседі.
Сипаттау бөлімі бірнеше бөліктерден тұрады, бірақ программаның күрделілігіне байланысты көбінесе ол бір немесе екі ғана бөліктен тұруы мүмкін.
Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі болып табылады. Орындалатын іс-әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Операторлар бөлімінде командалар реттеліп орналасады, олардың кейбірі шартқа байланысты атқарылса, ал кейбірі қайталанып цикл немесе қосымша программа түрінде де орындалуы мүмкін.

1.2 Тілдің алфавиті, тiлдiң қарапайым объектiлерi

Тілдің алфавиті программаның элементтерін құруда қолдануға болатын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы белгілер кіреді.
Тіл ерекшеліктіріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеуге болады, олар:
:: атау ретінде (идентификатор) пайдаланылатын символдар;
:: цифрлар;
:: айыру белгілері;
:: арнайы символдар.
Атау символдарды рөлін латын алфавитінің 26 әрпі және цифрлар атқарады.
а) Әріп ретінде латын алфавитінің бас және кіші әріптері қолданылады.
Бас әріптер мен кіші әріптер бірдей болып есептеледі мысалы,
xe.qu х бір айнымалының атауы, дәл сол сияқты ALFA1, ALFAl және
alfa де бір атаудың жазылу түрлері болып саналады. Атауларда
әріптер цифрлармен араласып жазыла береді, бірақ атаудың
алғашқы символы міндетті түрде әріп болуы тиіс, мысалы, VESI, SALMAK2, Baga5,_cena7, T7S25, ART25, var8.
Ұлттық әріптер (қазақ, орыс, араб, т.б.) атау ретінде қолданылмайды, олар тек апострофқа яғни жоғарғы үтірге (') алынған тұрақты сөз тіркестері немесе жақшаларға алынған түсініктеме ретінде ғана кездеседі.
ә) Ондық цифрлар: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 тәрізді сан таңбалары.
Он алтылық цифрлар ондық цифрлардан және А дан F ке (немесе а дан (-ке) дейінгі латын әріптерінен тұрады.
Арнайы символдарға пунктуациялау және операциялардың белгілері жатады.
б) Арифметикалық, амалдардың белгілері:
:: + - қосу;
:: - - алу;
:: * - көбейту;
:: - бөлу.
:: D1V- бүтін бөлу (бүтін санды бүтін санға бөлгендегі
бөліндінің бүтін бөлігін табу), мысалы, 10 div 3 амалының нәтижесі 3.
:: MOD - қалдықты табу (бүтін сандарды бөлген кездегі бүтін
қалдықты табу), мысалы, 10 mod 3 - нәтижесі 1. в) Логикалық, амалдардың белгілері:
:: AND - және (логикалық көбейту) операциясы;
:: OR - немесе (логикалық қосу) операциясы;
:: NOT - емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;
:: XOR - арифметикалық немесе амалы;
:: SHL - биттер (1 мен 0-дер) тіркесін солға ығыстыру;
:: SHR - биттер (1 мен 0-дер) тіркесін оңға ығыстыру.
г) Айыру белгілеріне бос орын, барлық басқару символдары, тыныс белгілері, ENTER (келесі жолға көшіру) пернесін басу белгісі жөне түсініктемелер жатады. Айыру белгілері атауларды, сандарды, мағыналарына сәйкес арнаулы қызмет атқаратын қызметші сөздерді бір-бірінен бөліп тұруға арналады.
Түсініктеме {және} немесе (*және*) белгілерімен қоршалып, солардың ішіне жазылады, ол бір немесе бірнеше жолдардан тұруы мүмкін. Компиляторға арналған директиваның (түсінік белгі) алдына $ белгісі қойылады. Алдына $ белгісі жоқ түсініктемеге компиляция жасалмайды.
Сонымен, айыру белгілеріне мыналар жатады: - (бос орын), , (үтір). . (нүкте), : (қос нүкте), ; (нүктелі үтір), ' (апостроф), (.),
[,], {,}
д) Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері: алғашқы символы міндетті түрде әріп болуы тиіс, мысалы, VESI, SALMAK2, Baga5,_cena7, T7S25, ART25, var8.
Ұлттық әріптер (қазақ, орыс, араб, т.б.) атау ретінде қолданылмайды, олар тек апострофқа яғни жоғарғы үтірге (') алынған тұрақты сөз тіркестері немесе жақшаларға алынған түсініктеме ретінде ғана кездеседі.
ә) Ондық цифрлар: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 тәрізді сан таңбалары.
Он алтылық цифрлар ондық цифрлардан және А дан F ке (немесе а дан (-ке) дейінгі латын әріптерінен тұрады.
Арнайы символдарға пунктуациялау және операциялардың белгілері жатады.
б) Арифметикалық, амалдардың белгілері:
:: + - қосу;
:: - - алу;
:: * - көбейту;
:: - бөлу.
:: D1V- бүтін бөлу (бүтін санды бүтін санға бөлгендегі
бөліндінің бүтін бөлігін табу), мысалы, 10 div 3 ама-лының нәтижесі
:: MOD - қалдықты табу (бүтін сандарды бөлген кездегі бүтін
қалдықты табу), мысалы, 10 mod 3 - нәтижесі 1. в) Логикалық, амалдардың белгілері:
:: AND - және (логикалық көбейту) операциясы;
:: OR - немесе (логикалық қосу) операциясы;
:: NOT - емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;
:: XOR - арифметикалық немесе амалы;
:: SHL - биттер (1 мен 0-дер) тіркесін солға ығыстыру;
:: SHR - биттер (1 мен 0-дер) тіркесін оңға ығыстыру.
г) Айыру белгілеріне бос орын, барлық басқару символдары, тыныс белгілері, ENTER (келесі жолға көшіру) пернесін басу белгісі жөне түсініктемелер жатады. Айыру белгілері атауларды, сандарды, мағыналарына сәйкес арнаулы қызмет атқаратын қызметші сөздерді бір-бірінен бөліп тұруға арналады.
Түсініктеме {және} немесе (*және*) белгілерімен қоршалып, солардың ішіне жазылады, ол бір немесе бірнеше жолдардан тұруы мүмкін. Компьюторға арналған директиваның (түсінік белгі) алдына $ белгісі қойылады. Алдына $ белгісі жоқ түсініктемеге компиляция жасалмайды.
Сонымен, айыру белгілеріне мыналар жатады: - (бос орын), , (үтір). . (нүкте), : (қос нүкте), ; (нүктелі үтір), ' (апостроф), (.),
[,], {,}::
д) Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері:
= (тең), (тең емес), (кіші), (үлкен), = (үлкен емес, таңбасының орнына), = (кіші емес, таңбасының орнына).
Паскаль тілінде кейбір символдар пайдаланылмайды , мысалы, %, &, " т.б.
Паскаль тілінің қызметші сөздері дегеніміз бір-бірінен айыру белгілерімен бөлініп, программада алдын ала анықталған белгілі бір мағынасы бар сөз тіркестері. Паскаль тілінің қызметші сөздерін үш топқа белуге болады, олар: қордағы (резервтегі) сөздер, стандартты атаулар немесе идентификаторлар және бейнестандартты идентификаторлар.
Тілдің операторларын, яғни қарапайым сөйлемдерін жазу үшін мағынасы мен қолдану тәсілі біржола анықталып қойылған символдар тіркесінен тұратын қордағы қызметші сөздер пайдаланылады. Олардың жалпы саны 80-нен астам. Алгоритмдік тілде бұлар қазақ, орыс тілінде қысқартылып жазылса, программалау тілдерінде ағылшын тілінде жазылады.
Программалау тілдерінде өрнек, оператор, тіл синтаксисі мен семантикасы ұғымдары кең пайдаланылады.
Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар, атаулар, функциялар, жиымдар, т.б. мағынасы бар сөздер тізбегі өрнек деп аталады. Математикада формулалар, арифметикалық өрнектер, алгебрадағы көпмүшеліктер программалау тілінде тек осы өрнек ұғымы арқылы беріледі.
Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлемі оператор деп аталады.
Тіл объектілерін, яғни программада пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын ала анықтайтын сөйлемдер жиыны программаның сипаттамасы болып табылады.
Тілдің қарапайым объектілері
Тілдің қарапайым объектілеріне сандар, идентификатор, тұрақтылар, айнымалылар, функциялар және өрнектер жатады.
Программадағы негізгі амалдардың орындалуына керекті ; мәліметтердің сандық, логикалық немесе символдық (литерлік) мәндері болады. Олармен жұмыс істеу қолайлы болу үшін алгебра I курсындағы белгілеулерге ұқсас шартты атаулар пайдаланылады. Бұл атаулар әр түрлі мәндерді (сандық мәндер, символдық мәндер, 1 т.б.) қабылдауы мүмкін, сондықтан оның типі деген ұғым енгізіледі.
1. Сандар. Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты бо - лып екіге ажыратылады.
Бүтін сандар. Разрядтылығы 16 биттен тұратын дербес компьютерлер үшін қолданылатын бүтін сандар (ағылшынша
INTEGER) -32768 бен +32767 аралығында ғана жазылады. Мысалы, +4, -100, 15743, 0, т.б.
Паскаль тілінде ондық және оналтылық бүтін сандар пайдаланылады. Оналтылық сандардың алдында $ белгісі қойылады. Мысалы, $АВС немесе $8В2.
Нақты сандар кәдімгі табиғи аралас сандар тәрізді санның бүтіні мен бөлшегін нүкте арқылы ажыратылып жазылады. Мысалы, 2.65, 0.5, -0.862, -6.0. Ал өте үлкен немесе өте кіші нақты сандар көрсеткіші бар экспоненциал сандар ретінде mE=p түрінде жазылады. Мұндағы: m- санның мантиссасы деп аталады; Е - оның дәрежесі дегенді білдіреді; р - дәреженің сандық мәні.
2. Атау -- идендификатор (identification -- обьектінің белгілі бір символдар тіркесіне сәйкестігін бекіту) программаны және программадағы тұрақтыларды, типтерді, айнымалыларды, функцияларды, файлдарды белгілеп жазу үшін қолданылады.
Идентификатор -- міндетті түрде әріптен басталатын сандар мен әріптердің тізбегінен тұратын атау. Оның ұзындығын өте үлкен етудің қажеті жоқ, өйткені атауларды теру және кейіннен есте сақтау біраз уақыт пен жады көлемін қажет етеді. Бірақ оларды өте қысқартпай, мағынасына сәйкес атау беру қалыптасқан. Мысалы, X, XI, СУММА, ВЕС, P23PS6, DT54AS, ALFA, baga2, SALMAK, OMECA2,
Идентификатор стандартты және бейстандартты (өзіміз берген атау) болып бөлінеді. Бейстандартты атауды пайдаланушы өзі тағайындайды.
Тілді алғаш жасаушылар стандартты атауларды кейбір тіл элементтері типтерінің, шамалардың (тұрақты, айнымалы), стандартты функциялардың, процедуралардың аттарын алдын ала баршаға түсінікті етіп белгілеу үшін енгізген. Оларды тек сол өз мағынасында қолдануымыз керек. Мысалы, REAL (нақты сан), INTEGER (бүтін сан), VAR (айнымалы), CONST (түрақты;, SIN, COS (тригонометриялық функциялар), EXP, LOG (математикалық функциялар), FALSE, TRUE (логикалық мәндер) ағылшын тілінің қысқартылған сөздері. Паскаль тілінде программа жазуда қолданылатын басқа да қызметші сөздер жай атаулар ретінде қолда-нылмайтын стандартты идентификаторлар болып есептеледі. Оларға мыналар жатады: AND, ARRA Y, BEGIN, END, CASE, CONST, VAR, PROGRAM, IF т.б.
Өзіміздің тұрақтыларға және айнымалыларға беретін атауларымыз стандартты идентификаторлардан өзгеше болуы тиіс. Мысалы, 112, STOIMOST, CENA, F105, МАТА. Біз қарастырып отырған тіл Турбо Паскаль деп аталатын дербес компьютерлерге арналған Паскаль программалау тілінің бір нұсқасы. Мұнда идентифи - каторлар ретінде тек латын алфавитінің үлкен не кіші әріптері мен цифрлары ғана пайдалануға рұқсат етіледі.
Пайдаланушылар қойған бейстандарт атауларға әркім өз қалауынша тағайындаған атаулар, яғни стандартқа кірмейтін идентификаторлар жатады. Ол атауларды тағайындағанда төмендегі талаптар орындалуы қажет:
:: Атау тек латын әріптерінен (астын сызу белгісі де _ әріп болып саналады) басталуы тиіс. Тек белгілер (label) атауы ғана цифрдан да, әріптен де бастала береді.
:: Атаудың алғашқы емес символдары әріптерден, цифрлардан немесе астын сызу белгісінен тұруы мүмкін.
:: Қатар орналасқан екі атау арасында кем дегенде бір бос орын белгісі болуы қажет.
:: Атаудағы символдар саны 127-ден аспауы қажет.
:: Атауда бас және кіші әріптерді қатар пайдалануға рұқсат етіледі. Олардың ішкі кодтары әр түрлі болғанымен транслятор үшін ешбір айырмасы жоқ болып саналады. Бірақ мұны да ұтымды пайдаланған жөн, мысалы, ZatNomiri, BujmBagasj, т.б.
Т+-рақты, басқаша айтқанда, константа деп программаның орындалу барысында мәндері өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады.
Тұрақтыға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Турбо Паскальдағы қосалқы программалар, функциялар мен процедуралар
Турбо – Паскаль программа дайындалу жоспары
ПАСКАЛЬ ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ
Активті қорғаныс
Turbo Pascal тілінің операторлары жайлы
Turbo Pascal жүйесінде файлдармен жұмысты ұйымдастыру технологиясы
Ішкі программалар, Процедураның программада ұйымдастырылуы
«Турбо паскаль жүйесінде бір өлшемді массивтерді ұйымдастыру технологиясы»
Turbo Pascal программалау тіліне шолу
Турбо Паскаль жүйесінде қосалқы программаларды ұйымдастыру технологиясы туралы
Пәндер