Паскаль программалау тілінің мүмкіншіліктері



КІРІСПЕ 3
1. ПАСКАЛЬ ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІНІҢ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ 4
1.1 Паскаль . программалау тiлi 4
1.2 Паскаль тілінің негізі элементтері 4
1.3 Мәлімет типтері 5
1.4 Паскаль тіліндегі программа дайындау жолдары 7
1.5 Сандық мәліметтерді енгізу операторы 8
1.6 Символдық мәліметтерді енгізу операторы 10
2. ДЕРЕКТЕРДІҢ КҮРДЕЛІ ТИПТЕРІ .ЖАЗБАЛАР
2.1. Паскаль тілінде жазбаларды сипаттау 15
2.2. Сатылы жазбалар 17
Листинг 20
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 24
Қазіргі кезде Паскаль аты программалау тілдерінде – тіл аты ретінде кеңінен қолданылады. Паскаль программалау тілі ХVII ғасырда өмір сүрген француз ғалымы Блез Паскальдің құрметіне аталып отыр.
Блез Паскаль 1623 жылы Франция мемлекетінің Клермон – Ферран қаласында дүниеге келген. Ол жастайынан – ақ білімділігі, алғырлығы, зеректігімен, әсіресе математика саласына бейімдігімен баршаның көзіне түсті. 1662 жылы Блез Паскаль қайтыс болған соң, әлем білген қайталанбас аса дарынды математиктердің бірі болып тарихқа кірді. Ол математика ғылымының дамуына үлес қоса отырып, математика ғылымының бір саласы – ықтималдар теориясының ірге тасын қалады.
Осы жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің бірі – Паскаль тілінің құрастырушысы Швейцария мемлекетінің Цюрих информатикалық институтының профессоры, жоғарғы политехникалық мектептің оқымысты адамы – Никлаус Вирт ( 1968-1971).
Паскаль тілі жөніндегі алғашқы дерек 1971 жылы пайда болды, содан бері бұл жыл тілдің дүниеге келген жылы болып табылады. Ол Алго 60 тілінің жетілдірілген түрі болып табылады. 1983 жылы Паскаль тілі Халықаралық стандартқа: ISO:7185:1983 болып енгізілді.
Қазіргі кезде Паскаль тілінің кеңейтілген ондаған диалектісі бар. Оның ішінде IBM PS –ге үйлесімді дербес компьютерлер жұмыс істей алатын Турбо Паскаль диалектісінің варианттары да жеткілікті. Келесі қатарда оның соңғы (7.0) вариантымен жұмыс істеу тәсілдері қарастырылған. Бұл вариант Турбо Паскальдың алғашқы варианттарымен де үйлесімді.
1. А. И. Петров, В. Е. Алексеев и др. Вычисльтельная техника и программирование, М., 1990
2. О. Камардинов. Информатика. 1-бөлім, Ш., ЮКПО «Полигр.», 2000
3. О. Камардинов, С.Азаматов. Информатика негіздері, А., «Рауан», 1993
4. О.Камардинов. Паскаль тілінде программалау, А., РБК, 1994
5. О.Камардинов. Есептеуіш техника және программалау, а., РБК, 1997
6. Зубов В.С. Программирование на языке TURBO PASCAL. Версий 6.0 и 7.0 – М., 1997
7. Файсман А. Профессиональное программирование на языке Турбо Паскаль, 1992
8. Марченко А.Н, Марченко П.А. Программирование в среде Turbo Pascal 7.0: Торосенко В. П – 8-е изд-Киев.: Век, Спб.: Корона Принт, 2004.-506 б.
9. О.Камардинов.Паскаль тілінде программалау,А.,РБК,1994ж
10. О.Камардинов.Оқу құралы.Шымкент,2000,246бет
11. Н.Ы.Омарова,К.У.Тұрмағамбетова,К.Н.Нүриденова.Паскаль тілінде программалау негіздері.Алматы, “Білім”баспасы,1996ж,-136б.
12. К.Боон.Паскаль для всех/Перевод с гол.В.С.Макарова.,Под ред.Н.Н.Слепова.-М.,1988г
13. Гофман В. Хомоненко А. Delphi 5. - СПб.: БХВ-Петербург, 2001.
14. Дантеманн Джефф, Мишел Джим. Программирование в среде Delphi.
15. Конопка Р. Создание оригинальных компонент в среде Delphi.
16. Н. Культин. Delphi в задачах и примерах. – СПб.: БХВ-Петербург, 2003.
17. Сван Т. Основы программирования в Delphi для Windows 95.
18. Шумаков П.В. Delphi 3 и создание приложений баз данных.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1. ПАСКАЛЬ ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІНІҢ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ 4
1.1 Паскаль - программалау тiлi 4
1.2 Паскаль тілінің негізі элементтері 4
1.3 Мәлімет типтері 5
1.4 Паскаль тіліндегі программа дайындау жолдары 7
1.5 Сандық мәліметтерді енгізу операторы 8
1.6 Символдық мәліметтерді енгізу операторы 10
2. ДЕРЕКТЕРДІҢ КҮРДЕЛІ ТИПТЕРІ - ЖАЗБАЛАР 15
2.1. Паскаль тілінде жазбаларды сипаттау 15
2.2. Сатылы жазбалар 17
Листинг 20
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 24

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде Паскаль аты программалау тілдерінде - тіл аты ретінде кеңінен қолданылады. Паскаль программалау тілі ХVII ғасырда өмір сүрген француз ғалымы Блез Паскальдің құрметіне аталып отыр.
Блез Паскаль 1623 жылы Франция мемлекетінің Клермон - Ферран қаласында дүниеге келген. Ол жастайынан - ақ білімділігі, алғырлығы, зеректігімен, әсіресе математика саласына бейімдігімен баршаның көзіне түсті. 1662 жылы Блез Паскаль қайтыс болған соң, әлем білген қайталанбас аса дарынды математиктердің бірі болып тарихқа кірді. Ол математика ғылымының дамуына үлес қоса отырып, математика ғылымының бір саласы - ықтималдар теориясының ірге тасын қалады.
Осы жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің бірі - Паскаль тілінің құрастырушысы Швейцария мемлекетінің Цюрих информатикалық институтының профессоры, жоғарғы политехникалық мектептің оқымысты адамы - Никлаус Вирт ( 1968-1971).
Паскаль тілі жөніндегі алғашқы дерек 1971 жылы пайда болды, содан бері бұл жыл тілдің дүниеге келген жылы болып табылады. Ол Алго 60 тілінің жетілдірілген түрі болып табылады. 1983 жылы Паскаль тілі Халықаралық стандартқа: ISO:7185:1983 болып енгізілді.
Қазіргі кезде Паскаль тілінің кеңейтілген ондаған диалектісі бар. Оның ішінде IBM PS - ге үйлесімді дербес компьютерлер жұмыс істей алатын Турбо Паскаль диалектісінің варианттары да жеткілікті. Келесі қатарда оның соңғы (7.0) вариантымен жұмыс істеу тәсілдері қарастырылған. Бұл вариант Турбо Паскальдың алғашқы варианттарымен де үйлесімді.
Бейсик тілі сияқты Паскаль тілі оқып үйренуге жеңіл, түрлі саналық инфорциямен жұмыс істеуде нәтижелі болғандықтан, дүние жүзінде көп тараған тілдердің бірі. Паскаль тілінің мынадай ерекшеліктері бар:
:: Тілдің қарапайымдылығы оны тез арада жете меңгеруге мүмкіндік береді;
:: Тіл алгоритмді сақтап құрылған. Мұнда программаны бірте - бірте дамыту арқылы жеке блоктар түрінде құруға болады. Ол программалау тілін үйрену үшін өте қажет;
:: Деректердің құрылысына қарай сандық, белгілік және екілік информациямен жұмыс жүргізуге және күрделі алгоритмді бағдарлама жасауға қызмет етеді;
:: Тілге дамытылған берілгендер типтері енгізілген. Олар өңделетін берілгендер элементтерін толық сәйкестендіріліп сипаттауға және жаңа берілгендер типтерін енгізуге мүмкіндік береді;
:: Жүйелік бағдарламалауда кеңінен қолдануына оның өте тиімді бағдарламалау құру мүмкіндігі септігін тигізді;
:: Мұнда кішігірім жеңіл программалармен бірге күрделі құрылымды программаларды құруға болады.
1. ПАСКАЛЬ ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІНІҢ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
1.1 Паскаль - программалау тiлi

Паскаль тiлiн 1968 - 1971 жылдары швейцариялык. ғалым Никлаус Вирт оқып - үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің стандарты кейiнiрек бекiтiлдi, ол сол кездері кең таралған АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК тiлдерiне қарағанда жетiлдiрiлген, жұмыс iстeyгe ыңғайлы тiл болды. Паскаль тiлi өзінің қарапайымдылығының және тиiмдiлiгiнің арқасында дүние жүзіне тез таралды. Қазiргi кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде жұмыс iстей алады. Паскаль тiлiнде жазылған программаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жiберiлген қатенi тузету оңай.
Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тiлiне аударылады), объектiк программаға түрлендіріледі де содан кейiн ғана орындалады. Осы сәтте компьютерде программаның екі нұсқacы болады, оның бiрiншiсi - алгоритмдiк тiлдегi алғашқы түпнұсқасы, ал екiншiсi - объектiк кодтағы жазылған программа. Есеп нәтижесін машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал программаны түзету қажет болғанда, оның алгоритмдiк тiлде жазылған алғашқы нұcқacы өңделеді.
Қазiргi кезде Паскаль кез келген күрдлі есептерді шығара алатын, кең таралған стандартты оқу тіліне айналды.

1.2 Паскаль тілінің негізі элементтері

Программалар белгілі бір мәселені, есепті шешуге арналған. Есеп шығару барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, оларды қалай өңделетіндігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қандай құрылғыға шығарылатыны айтылады.
Паскаль тілінде программа жеке - жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар атқарылады. Программа алдындағы азат жол немесе бос орын саны өз қалауымызша алынады. Бір қатарда бірнеше команда немесе оператор орналаса алады, олар бір - бірімен нүктелі үтір (;) арқылы ажыратылып жазылады, бірақ бір жолда бір ғана оператор тұрғаны дұрыс, ол түзету жеңіл, әрі оқуға ыңғайлы.
Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.
Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объектілерінің сипаттау бөлімі жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі. Сипаттау бөлімі бірнеші бөліктерден тұрады, бірақ программаның күрделілігіне байланысты көбінесе ол бір немесе екі ғана бөліктен тұруы мүмкін.
Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі - болып табылады. Орындалатын іс - әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады.
Ол begin түйінді сөзінен басталып, бірақ атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке - жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады.
Program BASTAU:
Сипаттау бөлімі
begin
Операторлар бөлімі
End

Операторлар бөлімінде командалар ретімен орналасады. Олардың кейбірі шартқа байланысты атқарылса, ал кейбір қайталанатын цикл немесе қосымша программа түрінде орындалады. Операторлар бөлімінде орнатылатын негізгі әрекеттерді қарастырайық.
Деректер - сан мәндері мен мәтін түріндегі сөз тіркесін мән ретінде қабылдай алатын тұрақтылар, айнымалылар т.б. осы тәрізді құрылымдар немесе солардың адрестері.
Дерек енгізу - бастапқы деректерді пернетақтадан, дискіден немесе еңгізу - шығару порттарынан еңгізу арқылы жүзеге асады.
Операциялар немесе амалдар - берілген және есептелген мәндердің меншіктеу, соларды өңдеу, салыстыру операцияларын орындайды.
Шартты түрде атқарьшу белгілі бір көрсетілген шарттың орындалуына байланысты, командалар жиыны атқарылады, әйтпесе олар аттап өтіледі немесе басқа командалар жиыны орындалады.
Цикл - белгілі бір шарттар орындалған жағдайда көрсетілген командалар жиынын бірнеше рет қайталанып атқарылады. Қайталау саны бүтін санмен беріледі.
Көмекші программа - алдын ала қандай да бір атаумен атымен атымен аталған командалар тобы. Олар программаның кез келген жерінен оның атауын көрсету арқылы шақырылып атқарыла береді.
Түсініктеме - программа жолдары соңында немесе оның түйінді сөздері арасында қазақша (орысша) түсінік беретін пішінді жақшаға алынып жазылған сөз тіркесітері. Олар программа операторларының орындалуына ешқандай әсер етпейді.

1.3 Мәлімет типтері

Программада пайдаланылатын мәліметтердің немесе шамалардың мәндері Паскаль тіліндегі алдын ала келісілген типтердің біріне тән болуы тиіс.
Мәліметтердің немесе шамалардың типі деп, олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиының анықтауды айтады, яғни тип дегеніміз - шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттама.
Мәліметтердің әр типі тек өзіне ғана сәйкес келетін операциялар жиынын орындата алады. Мысалы, 1 мен 2 мәндері бүтін сандар типіне жатады, оларды қосуға, азайтуға, көбейтуге және бөлуге болады.АJI, ІВМ және РС мәндері сөз тіркесі типіне жатады, бұларды біріктіріп жазуға ғана болады (ІВМ РС). Қосуға, азайтуға, көбейтуге, бөлуге болмайды. Кез келген тұрақты, айнымалы функция немесе өрнек өзіне тән бір типпен ғана сипатталады. Паскаль тілінде шамалардың типін көрсету міндетті болып табылады. Сондықтан программа алдына оның сипаттау бөлімінде пайдаланылатын барлық шама атаулары және оның типтері көрсетілуі қажет.
Паскаль тілінде пайдаланылатын барлық типтер скалярлық (қарапайым) және құрылымдық (структуралық) болып үлкен екі топқа бөлінеді. Скалярлық (қарапайым) типке шамалардың стандартты типі және жасанды тип (тағайындалған) жатады. Стандартты типтерге:
:: Бүтін - INTEGER;
:: Нақты - REAL;
:: Логикалық - BOOLEAN;
:: Тіркестік - (STRING);
:: Мәтіндік (ТЕХТ) тәрізді типтер жатады.
Құрылымдық типтері жиымдар - ARRAҮ, жазбалар - RECORD, жиындар - SET және файлдар - FILE түрлеріне бөлінеді.
Бұлардан өзге типтер программаның типтері сипаттау бөлігінде анықталуы қажет. Тұрақты сандардың типін олардың сыртқы пішініне қарап - ақ ажыратуға болады, ал айнымалылар мен функциялар типтері программаның сипаттау бөлімінде көрсетіледі.
Ол үшін type түйінді сөзі қолданылып, жазылу пішімін былай көрсетугеболады:

Туре тип атауы =тип мәндері;

Логикалық шамалар екілік сандар жүйесіне сәйкес 1 және О деген мәндерді ғана қабылдайды. Мұндағы 1 тексерілетін белгілі бір шарттың - логикалық тұжырымның орындалатынын, яғни ақиқат екенін, ал О сол шарттың орындалмайтынын - тұжырымның жалған екенін көрсетеді. Бұл екі мән программада ағылшын тіліндегі айтылуына сәйкес true (1) және false (О) болып жазылады.
Символдық шамалар апострофқа алынған бір символды ғана мән ретінде қабылдай алады, мысалы, 'R','Л','%'тағы басқа. Бірақ әрбір таңбаны оның кодына байланысты реттелген бүтін сандармен де өрнектеу мүмкіндігі бар.
Мәліметтердің қарапайым түрлерін стандартты типтер деп атау қалыптасқан. Стандартты типтердің real түрінен өзгелері реттелген деп аталады, өйткені оларды бүтін сан арқылы өрнектей отырып өсуі не кемуі бойынша реттеп орналастыруға болады.
Стандартты типтер. Паскаль тілінде төмендегі қарапайым типтер пайдаланылады:
:: Бүтін типтер - SHORTINT, INTEGER, LONGINT, ВУТЕ, WORD;
:: Нақты тип - REAL, SINGLE, DOUВLE, EXTENDED, СОМР;
:: Логикалық - BOOLEAN;
:: Симводық - CНAR;
:: Ауқымды (диапозонды) тип;
:: Саналатын тип;

1.4 Паскаль тіліндегі программа дайындау жолдары

Программа құрылымы.
Паскаль тілінің программасы блоктардан құрылады. қандай да бір блок ішінде басқа да кішігірім блоктар орналасуы мүмкін. Блоктар екі бөлімнен тұрады, олардың алғашқысы - мәліметтерді сипаттау бөлімі, ал екіншісі.- сол мәліметтерді пайдаланып, әр түрлі іс - әрекеттерді (операцияларды, амалдарды) атқару бөлімі.
Мәліметтерді сипаттау бөлімінің болуы міндетті емес, ал екінші негізгі бөлімінің болуы міндетті. Басқа блокқа кірмейтін блок негізгі (глобальді) блок болып саналады. Ал блок ішіндегі блок - жергілікті (локальді) блок деп аталады.
Негізгі блок - негізгі программа блогы, сондықтан ол басқа блоктарға кірмеуі тиіс. Жергілікті блоктарға процедуралар мен функциялар кіреді, олар кейбір программаларда болмауы да мүмкін.
Программалардың негізг объектілері болып саналатын айнымалы, тұрақты және oлapдың типтері орналасқан блогына байланысты басты немесе жергілікті деп аталады. Программа объектілерінің де жұмыс істеу, ықпал ету аймағы сол өздері орналасқан блокпен шектеледі. Блоктық құрылым программа мәтінін тиянақты түрде қатесіз құрастыруға мүмкіндік береді.
Турбо Паскаль программасының тақырыбын (атауын) жазбай кетуге де болады, бірақ жалпы Паскаль тілінің стандарты бойынша программада тақырып болуы қажет.
Сонымен Паскаль тіліндегі кез келген программаның тақырыбы, одан кейін сипаттау бөлімі және begin және end сөздерімен қоршалған операторлар бөлімі болуы керек.Сипаттау бөлімі толық жағдайда, 7 бөліктен тұрады, олар:
1) Программамен байланысатын кітапханалық модульдер атауларыныңтізімі (ол uses түйінді сөзімен басталады);
2) Белгілерді (lаbеl) сипаттау;
3) Тұрақтыларды (const) сипаттау;
4) Мәліметтер типтерін (true) анықтау;
5) Айнымалыларды (var) сипатгау;
6) Процедураларды (procedure) сипатгау;
7) Функцияларды (function) сипатгау;

1.5 Сандық мәліметтерді енгізу операторы

Берілген мәндерді айнымалыға беру ушін меншіктеу операторы пайдалануға болады. Мысалы, А:= -15; ВЕС:=16,4; тағы басқалар. Бірақ бұл жағдайда программада жалпылық қасиет болмайды, яғни ол тек көрсетілген мәндер үшін ғана есептеу жұмысын жүргізіп, қалған кез - келген мәндер үшін дұрыс нәтиже бермейді. Программаны дұрыс әрі әмбебап етіп жасay үшін айнымалылардың мәндері өзгерілетін түрде жасалып oлap пернетақтадан енгізілуі қажет, мұндайда программа айнымалының әр түрлі мәндері үшін дұрыс жұмыс атқара алады.
Паскаль тілінде мәліметтерді енгізу және шығару үшін, яғни адам мен компьютер арасында мәлімет алмасу мақсатында алдын ала анықталған Input, Output файлдары қолданылады. Программа берілген мәндерді Input файлынан алады да, алынған нәтижені Output файлына орналастырады. Стандартты енгізу файлы болып пернетақта, ал шығару файлы болып дисплей экраны саналады. Ол үшін енгізу операторы пайдаланылады.
Паскаль тілінде мәлімет енгізетін READ ( READ - ағылшынша оқy )
операторының жалпы турі (пішімі) төмендегідей:
READ (а1, а2 ... ап);
READLN (а1, а2, ... , ап);
READLN;
Мұндағы а1, а2, ..., аn - айнымалы атаулары, оларды енгізу операторының параметрлері деп те атайды. Алғашқы оператор көрсетілген айнымалылардың мәндері пернелер арқылы араларына бір бос орын қалдыру арқылы енгізілген соң, курсорды келесі қатарға көшірмейді. Ал readln ( read lіnе - қатарды оқу деген сөздің қысқартылуы) алдыңғы оператордағыдай пернетақтадан мәндер енгізілгеннен кейін курсорды келесі қатарға көшіріп жібереді. Соңғы қатарда жазылған параметрсіз оператор ешбір мән енгізбей, тек курсорды келесі қатарға көшіруді ғана атқарады.
Енгізілетін айнымалылардың мәндері integer, reаl, char немесе stгіпg (сөз тіркесі) типтеріне жатуы мүмкін. Логикалық айнымалылардын мәндері өз типтеріне сәйкес Паскаль тілінің ережесі бойынша енгізіледі. Егер ол шарт бұзылса (мысалы, а1 типі integer болса, ал енгізгенде сhаг типтес мән терілсе), онда экранға енгізу-шығару қатесі шығады, оның пішімі мынадай болып келеді:
ІО error ХХ,
мұндағы ХХ - бүтін сан түріндегі қaтенің сипатына сәйкес коды.
READ операторы орындалtанда параметрлер өздеріне сәйкес мәндері қабылдайды, бұл міндет INPUT енгізу файлы арқылы жүзеге асырылады. Параметрлер жаңа мән қабылдағанда, оларда бұрын орналасқан (жазылған) ескі мән өшіріліп, орнына жаңа мәндер жазылып отырылады да, прогрaмма параметрдің жаңа мәні бойынша жұмыс атқарады.
Мысал.
Var І: real;
J: integer;
К: cҺar;
Begin
Read (І, J, К);
...
Программаға мынадай бастапқы мәндер енгізіледі 212.5 38 `п'. Осыдан кейінгі келесі мәндер енгізілсін: 'л' 121.35 25.
Алғашқы нұсқасында мәлімет енгізу дұрыс орындалады, өйткені енгізілетін мәндер өз ретімен орналасқан айнымалылар типтеріне (І, J. К) сәйкес келіп тұр. Екінші нұсқа коды 10 болып келетін қате бар екенін айтады, себебі real типтес 1 айнымалысы үшін char типіндегі мән енгізіліп отыр.
Егер енгізу пернетақта арқылы емес, дискіден немесе файлдан жүзеге асырылса, онда жақша ішіне алдымен файл аты жазылады.
READ (FN, аl, а2 ... ап);
READLN (FN, аl, а2, ... , ап);
READLN (FN);
Мұндағы FN - енігізілетін мәндер жазылған дискідегі файлдың аты; а1- айнымалылар идентификаторлары, файлдарда да мәндер бір қатардан немесе келесі қатардан оқыла береді, сол себепті мұнда да жоғарыда көрсетілген операторлардың үш түрі қолданылады. Файлдағы мәліметтер де бір-бірінен бос орын немесе енгізу пернесін басу арқылы бөлінуі тиіс, яғни файлға енгізілгеннен кейін _, ал енгізу соңында Enter пернесі басылады.
Файлдардан мәлімет енгізу мысалдары кейінірек қарастырылады.
READ операторы кез келген сандармен, символдармен және сөз тіркестерімен жұмыс атқара алады.
Сонымен, параметрлердің сандық мәндері бір - бірінен бос орын арқылы ажыратылып жазылады. Мәндерді беріп болдық дегенді білдіру үшін Enter (енгізу) пернесі басылады. Мысалы, енгізу операторы READ (А,В,С); түрінде берілсе, парметрлерге мәндер былай беріледі: 5 _ 6.2 _ 4.5 Enter. Бұл жағдайда А=5, В=6.2, С=4.5 мәндер қабылдайды. Осы мәндер арқылы программа орындалып болған соң, басқа мәндер үшін программаны қайталау қажет болса, онда программа басынан бастап қайта орындау қажет.
Бүтін айнымалыларға бүтін, нақты айнымалыларға нақты мәндер берілуі қажет.
Айнымалы сипатталғанда нақты ретінде көрсетілсе, оған нақты да, бүтін де мән беруге болады, себебі нақты сан құрамына бүтін сан енеді. Ал машина өзі бүтін санды нақты сан түріне келтіріп алады.
Мысалы:
VAR
А, В: REAL;
BEGIN
READ (А, В);
...
END.
түрінде беріліп А,В айнымалылары үшін 4 5 Enter орындалса, онда машина оларды А= 4.0, В=5.0 түрінде қабылдайды.
Сандар арасында бір немесе бірнеше бос орын қалдыруға болады, себебі сан енгізілгенде бос орын есепке алынбайды.
Мәндерді енгізгенде мән енгізілген жолдан келесі жаңа жолға өту үшін параметрсіз немесе параметрге сәйкес READLN; READLN (аl, а2, ... ,аn); операторларын пайдалану қажет. Сонымен, READ (аl, а2,...,an); READLN; операторларының орнына бір ғана READLN (аl, а2,...,an) операторын пайдалануға болады.

1.6 Символдық мәліметтерді енгізу операторы

Символдық деректерді пернетақтадан енгізу READ (READLN) операторы арқылы жүргізіледі, оларды енгізудің төмендегідей ерекшеліктері бар.
1. Бос орын таңбасы - '_' Паскаль тілінде символ орнына жүретіндіктен,
символдық айнымалылардың мәндері (символдар) бос орынсыз жазылады.
2. Бір айнымалыға бір ғана символ меншіктеледі. Мысал ретінде төмендегі программа үзіндісін қарастырайық:
... ... ... ... ... ..
VAR А, В, С: CHAR;
... ... ... ... ... ...
READ (А, В, С);
... ... ... ... ... ...
Бұл мысалдағы READ операторы орындаларда пернетақтадан мынадай мәндер SNR енгізсек, онда айнымалылар өз орындарына сәйкес: A='S', B='N', C='R' мәндерін қабылдайды. Егер мәндерді S_N_R түрінде берсек, онда айнымалылар орындарына сәйкес A='S', В='_', С=' N' мәндерін қабылдайды да, соңғы екі таңба ешқайда енгізілмейді.
3. Символдық айнымалыларды енгізудің тағы бір ерекшелігі - тек Eпter
пернесі басылса да, оны READ операторы бос орын символы ретіндe қабылдайды. Мысалы, айнымалыларға: А=3, В=4, C='W', D='F' ,мәндерін меншіктеп, оны экранға шығару қажет болса, онда оған мынадай программа жазу керек:
VARA, В: INTEGER;
С, D: CНAR;
BEGIN
WRlTELN (' А, В, С, D мәндерін енгізіндер :');
READ (А, В);
READ (С, D);
WRlTELN (А, В, С, D);
END.
Бұл программа орындалу кезінде пернетақтадан мынадай мәндер енгізілген болса:
3 4
WF ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Turbo Pascal жүйесінде массивтерді ұйымдастыру технологиясы
Turbo Pascal жүйесіндегі графиканы ұйымдастыру технологиясы
TURBO PASCAL ИНТЕГРАЛДЫҚ ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ
Turbo Pascal жүйесінде қайталанатын процестерді ұйымдастыру технологиясы
Turbo Pascal тілінің операторлары жайлы
Паскаль программалау тіліне жалпы түсінік
Turbo Pascal жүйесінде процедураларды ұйымдастыру технологиясы
Турбо Паскаль жүйесінде қосалқы программаларды ұйымдастыру технологиясы
Турбо Паскаль жүйесінде қосалқы программаларды ұйымдастыру технологиясы туралы
Turbo Pascal жүйесінде жолдарды ұйымдастыру технологиясы
Пәндер