Ағылшын тілі сабағында жаттығуларды қолдану


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Курстық жұмыс

Тақырыбы:Ағылшын тілі сабағында жаттығуларды қолдану

Оқу бөлімі: . . .

Мамандық: . . .

Біліктілік: . . .

Курс: . . .

Топ: . . .

Орындаған: . . .

Ғылыми жетекші . . .

Алматы, 2016

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

I Тарау Жаттығулар арқылы тыңдап-түсінуге үйрету

1. 1 Мәтінді тыңдап түсінудегі қиындықтар . . . 5

1. 2 Тыңдап - түсінуге үйрететін жаттығулар . . . 9

II Тарау Ағылшын тілінде дамытушы жаттығулар

2. 1. Ағылшын тілін үйретуде үлгілеу әдісін қолданудың маңызы . . . 16

2. 2. Ағылшын тілін оқыту әдістемесінде оқуға байланысты іскерліктер . . . 18

Қорытынды . . . 22

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 24

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі

Тіл - адам қоғамының ең негізгі қатынас құралы. Тіл үйрету дидактикалық ұстанымдардың ішінен алғашқысы - оқытудың ғылымилығын қолдануға болады. Мұндағы басты мақсат - білім беру, яғни тілді ғылыми тұрғыда үйрету. Ағылшын тілінің қолдану аясының кеңеюіне байланысты қазір барлық мектептерде, жоғары оқу орындарында ағылшын тілін уйрету ең негізгі мәселелердің бірі болып отыр.

Тіл үйретуде жаттығулармен жұмыс істеудің атқаратын рөлі өте зор. Жаттығу - дербес тұтастық. Жаттығулардың негізгі көрінісі-мәтін. Оны түсіну дегеніміз - сол мәтіндегі фактілі ақпараттарды ала білу және оның мазмұнын түсіну сонымен қатар оларды біртұтас бірлікке жинақтай білу.

Әрбір жаңа тақырыпты түсіндіргеннен кейін, оны жаттығумен бекіту өте тиімді. Бірақ оқушылар жаттығудағы жаңа сөздерді, жалпы жаңа тақырыпты жақсы түсініп, есінде сақтап қалу үшін оқушыға қызық болатын әдістерді қолдану керек. Жаттығулардағы грамматикалық ережерелерді бекітіп, тәжірибе жүзінде қолдана алуға дағдыландыру қажет.

Оқушыларды ағылшын тілінде еркін сөйлеуге, тыңдай білуге және ағылшын тілінде ойлай алуға үйрету керек. Сол себепті, практикаға көп мән беру керек. Сабақ барысында әрбір оқушыны сөйлетіп үлгеру үшін және бір-бірін зейін қойып тыңдаттыра алу үшін бірінші мәтінмен жұмыс жасатып, сосын мәтінді ойындар арқылы талдаттырып, жаттығулармен бекіту әдісін қолданған дұрыс.

Зерттеу нысаны

Бастауыш сынып оқушылары

Зерттеу пәні

Ағылшын тілі

Зерттеу жұмысының мақсаты

Ағылшын тілі сабағында жаттығу жұмыстарын қолдану жолдарын түсіндіру.

Зерттеу жұмысының міндеттері

  • мәтінді тыңдап түсінудегі қиындықтар анықтау;
  • тыңдап - түсінуге үйрететін жаттығуларды талдау;
  • ағылшын тілін үйретуде үлгілеу әдісін қолданудың маңызын ашу;
  • ағылшын тілін оқыту әдістемесінде оқуға байланысты іскерліктерді айқындау.

Зерттеу жұмысының болжамы

Ағылшын тілі сабағында жаттығулардың тиімді жолдарын сараптап алсақ, тілді үйренуді жеңілдетеміз. Сөйлеу тілі мен жазба тілді дамытамыз.

Зерттеу әдістері

Үлгілеу әдісі

Курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұны

Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады.

I Тарау Жаттығулар арқылы тыңдап-түсінуге үйрету

  1. Мәтінді тыңдап түсінудегі қиындықтар

Ауызша сөз негізгі екі сыңардан тұрады: оның бірі ауызша айтылған сөзді тыңдап-түсіну (орысша аудирование) екіншісі - сөйлеу. Ауызша сөздің бұл екі компоненті бір-бірімен тығыз байланыстылығы сондай, кейбір әдіскерлер бұларды бір-бірінен ажыратпайды. Олардың көзқарасы бойынша, ауызша сөзді игеру үшін сөйлей білсе жеткілікті. Ал ауызша айтылған сөзді тыңдап-түсіну - сөйлеудің серігі. Сөйлей білген адамға тыңдап-түсінуге арнайы дағдыланудың қажеті жоқ. Ол дағдылар өз-өзінен қалыптасады. Басты дағды - сөйлеу дағдысы. Олай болса, бір тілде сөйлей білген адам сол тілде айтылған ауызша сөзді тыңдап-түсіне алады. Міне көпшілік әдіскерлердің пікірі бойынша, тыңдап-түсіну дағдыларының күні бүгінге дейін тиісті мөлшерде дамытылмай келуінің бір себебі осында.

Мұндай көзқарастың қате екенін психологиялық зерттеулер де, шетел тілдерін оқыту теориясы мен практикасы да дәлелдеп отыр.

Психологиялық зерттеулер бұл екі әрекет (тыңдап-түсіну және сөйлеу) бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, олардың әрқайсысы мүлде басқа іскерліктер негізінде қалыптасатынын көрсетіп берді. Сөйлеуші де, тыңдаушы да тілді қолдана отырып, қатынас жасайды. Бірақ олардың әрқайсысы тілді әртүрлі жолмен қолданады. Сөйлеу үстінде адам белгілі бір ойдан шығады, яғни әуелі сөйлеушінің санасында белгілі бір ой туады да, ол сол ойды басқаларға жеткізу үшін тілдік форманы пайдаланады. Демек сөйлеу процесінде сөздің мазмұны алдын-ала берілген, сол мазмұнды сөйлеуші тілдік форма арқылы өзгелерге жеткізеді. Сөйлеуші белгілі мазмұннан шығып, оны тілдің әр түрлі элементтерін қолдану арқылы басқаларға жеткізеді. Іс-әрекет бағыты: мазмұннан тілдік формаға қарай. Тыңдау процесінде іс-әрекет бағыты; мүлде басқа. Мұнда тыңдаушыға әуелі берілгені - тілдік форма. Соны қабылдау арқылы тыңдаушы тілдік формада кодталған мазмұнды ашады. Мұндағы іс-әрекет бағыты: тілдік формадан мазмұнға қарай. Ауызша сөздің бұл екі компонентін бір-бірінен ажыратудың маңызы өте зор. Бұлар сөз әрекетінің әр түрлі формаларына жатады: сөйлеу экспрессивтік формаға жатса, тыңдау импрессивтік формаға жатады. Бұлардың әрқайсысын әр түрлі жолмен оқытып, үйрету керек.

Есте бейнесі қалыптаспаған обьектіні қабылдағанда, адам оның бейнелері қалыптасқан обьектілерден өзгеше екенін ұғынады. Мысалы, таныс емес сөзді естігенде оның өзіміз, білетін сөздерден өзгеше екенін аңғарамыз.

Бұл обьектінің даралау ерекшеліктері бейнелері есте қалыптасқан басқа обьектілермен салыстыру арқылы немесе сол белгілері тану арқылы анықталады. Мысалы, (d) дыбысы таныс болмаса, оны өзімізге таныс (t), дыбысымен салыстыру арқылы (d) дыбысының даралау белгісін (ұяңдығын) анықтаймыз.

Даралау белгілерінің өзара қарым-қатынасы анықталады. Мысалы, бір сөздің бейнесін қалыптастыру үшін оның барлық даралау белгілерін анықтаумен қатар, сол белгілерінің тіркесу ретін де анықтау керек.

Тыңдап түсінуге үйрету барысында оқушылар көптеген қиындықтарға кездесер еді. Тыңдап түсінуге үйретуді дұрыс ұйымдастыру үшін мұғалім бұл қиындықтарды және оларды жеңу жоларын жақсы білуге тиіс.

Тыңдап түсінуге дағдыларын қалыптастыруда кездесетін қиындықтар негізінен екі топқа бөлінеді: а) қай тілде болмасын тыңдап- түсінуге үйретуде кездесетін жалпыға ортақ қиындықтар; ә) тек белгілі бір тілде тыңдап-үйренуде кездесетін қиындықтар.

Енді тыңдап-түсінуге үйрету барысында кездесетін қиындықтардың аталған түрлерін жеке-жеке қарастырып өтелік. Төменде аталатын қиындықтар кез-келген тілде тыңдап-түсінуге үйрену барысында кездеседі. Демек, олар қазақ оқушылары ағылшын тілінде айтылған ауызша сөзді тыңдап- түсінуге үйренгенде де кездеседі. Бұл қиындықтар тобына мыналар жатады:

Белгілі бір ойды, мазмұнды айтып жеткізу үшін сөйлеушінің қолданған тіл материалдары мен оқушылар меңгерген тіл материалдарының арасындағы алшақтық. Тіл материалын таңдауда оны қолдануда сөйлеуші оқушының тіл материалын ескермейді. Ол өзі айтып жеткізгісі келген мазмұнды неғұрлым жан-жақты ашатын тіл материалын қолданады. Сондықтан сөйлеуші қолданған кейбір лексикалық және грамматикалқ материал оқушыға таныс емес болувы мүмкін. Тыңдап отырған мәтінде кездескен таныс емес сөздер, оқылмаған грамматикалық құбылыстар тыңдаған мәтннің мазмұнын қиындатады. Бұл қиындықты жеңудің жолы - оқушылардың пассивтік және потенциалдық сөздік қорын байыту. Бұл жолда мынаны естен шығармаған жөн. Мәтінде таныс емес сөздер шамадан тыс көп деген жалған әсер жиі кездесіп отырады. Оған себеп - жеке айтылғанда аудитор (тыңдаушы) сөздерді оп-оңай танығанмен, дәл сол сөздерді тұтас сөз құрамында кездестіргенде, сол аудитор тани алмай қалды. Сондықтан таныс сөздердің өзі таныс емес сөз болып көрінеді де, оқушыға тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінуді қиындатады. Қиындықты жеңу үшін оқушылардың пассивтік және потенциалдық сөздік қорын байытумен қатар мәтінде кездесетін таныс емес сөздердің мағынасын болжауға ұсақ мәтіндерде өткен лексиканы тануға дағдыландыратын жаттығуларды орындау қажет, сондықтан оқушыларды кейбір таныс емес сөздері бар мәтіннің мазмұнын тусінуге де дағдыландыру керек.

Әр адамның дыбыстарды айту ерекшеліктері мен интонациалық ерекшеліктері болуы заңды құбылыс. Олай болса, ағылшын тілі мұғалімінің де өз ерекшеліктері мен интонациясы бар. Оқушылар мұғалімнің сөйлеу ерекшеліктеріне әбден дағдыланып алады да, басқа адам айтқан сөзді түсінбеуі мүмкін. Осыған байланысты шетел тілі мұғалімдері мен методистері мынадай сұрақ қояды: неге алты жыл бойы шетел тілін оқыған оқушы мұғалімнің қойған сұрақтарын түсінеді де, дәл сол сұрақтарды шет елдік адам қойса түсінбейді, бұл жерде сөйлеушінің дауыс ерекшеліктері де түсінуге болады. Мысалы, әйел адамның дауысы, әсіресе жіңішке, ащы дауысты түсіну қиындық келтіреді. Бұл қиындықты жеңудің жолы - сабақта техникалық құралдарды, әсіресе магнитафонды жиі қолдану. Магнитафонға ер адамның да, әйел адамның да, жас баланың да сөзін жазып алып, оны оқушыларға тыңдату керек. Сонда әртүрлі темірлі дауыстарды тыңдап, дағдыланып үйренуде оқушы өз мұғалімінен басқа сөйлеушілердің де сөзін тыңдап түсіне алады.

Әдетте мұғалім сабақта ағылшынша сөйлегенде, өте баяу ырғақпен сөйлейді. Мұндағы мақсат- мұғалімнің ағылшынша айтқанын барлық оқушылар түсінсін дегендіктен баяу сөйлесе, оқушының түсінуіне жеңіл болады деп ойлағандық. Оқушылар осындай баяу сөзге дағдыланады да, одан тезірек сөйлегенде түсінбей қалады. Оқушылар үшін мұндай жағдайда қалыпты ырғақпен айтылған сөз тым тез көрінеді де ілесе алмай қалады. Соның салдарынан олар қалыпты ырғақпен айтылған сөзді тусіне алмайды.

Мұғалім сабақта ағылшынша сөйлегенде, тағы мынадай қателік жасайды. Айтқаныңды оқушылар түгел түсінсін деген мақсатпен ол ағылшынша бір айтқанын бірнеше қайталап айтады. Осыған әбден дағдыланып алған оқушылар мұғалім сөйлей бастағанда, әуелде оның сөзіне мүлдем құлақ аспайды. Айтқанын екігші, үшінші рет қайталауын күтіп отырады. Шынайы коммуникацияда сөйлеуші айтқанын айтқанын қайталамайды, тек бір ақ рет айтады. Қайталап тыңдауға дағдыланған оқушылар алғашқыда айтылған сөзді тыңдамай, оны естімей қалады да түсінбейді. Мұндай жағдай оқушылардың тыңдап түсінуіне қиындық келтіреді.

Осы қиындыққа байланысты шетел тілі мұғалімдері мен методистері оқушыларға мазмұнын дұрыс түсіну үшін мәтінді неше рет тыңдату керек деген мәселені қойып соны шешуге күш жұмсап жүр. Бұл салада әдіскерлер мынадай қорытындыға келді. Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну үшін оны оқушыларға бір ақ рет тыңдату керек. Ал сол түсінген мәтінді қайталап айтып беру керек болған жағдайда оны екінші рет тыңдатуға болады. Олай болса ағылшын тілін оқыта бастағаннан ақ мұғалім өз сөзін қайталамауға тырысуы тиіс, сөйтіп оқушыларды бір айтқаннан түсінуге дағдыландыру керек.

Жалпыға ортақ келесі қиындық мынада: егер тыңдаушы сөйлеушінің бет әлпетін көріп, оның сөйлеу органдарының қимыл қозғалысын байқап отырса, онда орл өзі тыңдап отырған сөзді жеңіл түсінеді. Мысалы, үлкен аудиторияда соңғы қатарда отырған адам баяндаманы нашар түсінуінің себебі оның нашар естуіне байланысты емес лекторды нашар көріне байланысты.

Нағыз коммуникация барысында аудитор сөйлеушіні көре алмайтын жағдайлар кездесуі ғажап емес. Мысалы, сөйлеуші көрші бөлмеде болуы мүмкін, сондай-ақ телефонмен сөйлескенде де тыңдаушы сөйлеушіні көре алмайды. Радиохабарларды тыңдағанда да дикторды көріп, оның бет әлпетін, сөйлеу органдарының қимыл қозғалысын бақылау мүмкін емес. Бұл жағдайлар тыңдап отырған сөзді түсінуді ауырлатып көп қиындықтар келтіреді.

Аталған қиындықты жеңу үшін мұғалім сабақта магнитафонды жиі қолдану тиіс. Магнитафонға жазылған мәтіндерді тыңдауға дағдылану нәтижесінде оқушылар сөйлеушіні көрмей оның сөзін түсінуге уйренеді. Сондықтан аудитивтік іскерліктер мен дағдыларды дамытуда магнитафонның міндеті ерекше.

Жалпыға ортақ қиындықтардың келесі түрі аудитивтік мәтіннің ұзақтығына байланысты. Ұзақ уақыт тек басқа адамның сөзін тыңдағанда тыңдаушы шаршап, жалығады. Сондықтан тыңдағанын түсіне алмайды. Сөйтіп, методикада аудитивтік мәтіннің ұзақтығы, оның көлемі қандай болу керектігін анықтап алу қажеттігі туады. Бұл мәселеге байланысты Н. В. Елухина шетел тілін оқытудың алғашқы сатысында тыңдайтын мәтіннің ұзақтығы 1, 5-2 минуттен аспауы керек, ол бірте-біртеартып, шетел тілін оқытудың ақырында 3-5 минутке дейін жетуі керек деген пікір айтса, Н. Н. Пруссаков аудиомәтіннің ұзақтығы оқытудың алғашқы сатысынынң өзінде -ақ 3 минуттен кем болмауы керек деген пікірді қолдайды. Бұл екі пікірдің қайсысы дұрыс екнін айту қиын, өйткені ешқайсысы тәжірибе арқылы тексерілмеген. Дегенмен оқушылардың алғашқы счатыда тез шаршайтынын ескере отырып, 1, 5-2 минуттен ұзақтық аспауы керек деуге болады. Одан артық болса, оқушылар шаршайды да, тыңдай алмайды, түсінбейді.

  1. Тыңдап - түсінуге үйрететін жаттығулар

Қазіргі замандағы адамның өмірінде оқу үлкен орын алады, өте зор рөл атқарады, өйткені оқу бүгінгі күндегі ақпараттың негізгі әрі жетекші көзі болып табылатын кітап пен басқа баспа өнімдеріне жол ашады. Оқу іс-әрекетінің екі жағы яғни мазмұндық және процесуалдық жағы бар. Осы екуінің ішінде мазмұндық жағы жетекші рөл атқарады. Оқудың мазмұндық және процесуалдық жақтарының қосындысы (оқу) деген әрекеттің психологиялық құрылымын сипаттайды. Оқудың мақсаты жазбаша түрде берілген мәтіннің мазмұнын түсіну яғни мәтіндегі жазбаша әрекетті қабылдау. Оқу сөз әрекетінің рецептивтік түрі, себебі сөз хабарын қабылдауға бағытталған. Бірақ тұрақты процесс емес, ол оқу мақсатына байланысты өзгеріп отырады. Оқырман неғұрлым тәжірибелі болса, соғұрлым мақсатқа тез жетеді. Оқу процесін іске асыруда қажетті іскерліктер мен дағдылар :

1. оқу техникасымен байланысты іскерліктер мен дағдылар (графикалық таңбаларды қабылдап белгілі бір мағынамен ұштастыру) .

2. қабылдаған мәтіннің мазмұнын түсіну яғни әр деңгейдегі тіл бірліктерінің арасындағы мазмұнды анықтаумен байланысты дағдылар.

Оқу актісінде қабылдау процестері мен мәтін мәнін түсіну процестері тығыз байланысты, бір мезгілде өтеді, бір-біріне ықпалын тигізіп отырады. Олай болса бұлай бөлудегі мақсат - оқуға үйрету барысындағы жұмыс обьектілерін анықтау. Тәжірибелі оқырманның оқу техникасы әбден жетілген болғандықтан ол мәтіннің мазмұнына оның мағыналық жағына қарап мәтінді тез түсінеді. Мәтінді ішінен тез оқудағы мақсат оның жалпы мағынасын түсіну. Мұндай оқу процесінің схемасы:

Мәтінді көру арқылы қабылдау. Оқырман көзі жолды бірқалыпты емес, секіртпелі түрде жылжып отырады. Тәжірибелі оқырман бір жолда 4-8 рет көз тоқтатады. Мұндай тоқтау кезінде екі секунд уақыт кетеді.

Тез оқыған кезде материал мағыналық өңдеуден өтеді. Қабылданған бірліктің мағынасымен ұштастырылып сөйлемдерге ендіріледі. Мағыналық өңдеу барысында салыстыру, жинақтау, талдау, индукция және дидукция, абстракциялау және нақтылау сияқты әртүрлі ойлау операциялары талап етіледі.

Түсінудің негізгі сипаттары - толықтық, дәлдік және тереңдік. Толықтық мәтіндегі барлық ақпарат 100 пайыз деп қаралып ондағы фактілердің санымен өлшейді. Дәлдік автор ойымен оқушының қабылдауының сәйкестігі арқылы тереңдік оқырманның қабылдаған ақпартты өзінше түсіндіру арқылы қабылдайды. Оқу- шетел тілін оқытудың бір жағынан мақсаты болса, екінші жағынан ол оқытудың құралы болып табылады. Оқушылардың оқу-іскерлігін меңгеруі - шетел тілін оқытудың практикалық мақсаттарының бірі. Оқудың кемелдену дәрежесі орта мектепті бітірушілерден ең төменгі деңгейін талап етеді. Яғни деңгей оқудың сөз әрекетінің түрі ретінде қызмет атқару үшін жеткілікті. Басты қарым-қатынасты міндетке байланысты оқу ситуациялары:А) оқу барысында оқырман тек қана мәтінде берілген ақпартты қабылдауға байланысты жағдайлар. Б) сол оқу барысындағы ақпартты өзгелерге жеткізуге қатысты жағдайлар.

Кітап оқудағы аталған мақсатын жүзеге асыру үшін маман оқудың мына түрлерін меңгеру керек: қарап шығу, таныса оқу және зерттей оқу. Қарап шығудың мақсаты мақаланың мазмұны, оның тақырыбы, қарастырылған мәселелер тобы туралы мағлұмат алу. Мұндай ақпартты алу үшін кітаптың атын ірілі-ұсақты тақырыптарын, жекелеген абзацтар мен сөйлемдерді оқу жеткілікті. Таныса оқудың мақсаты - кітаптың мазмұнымен танысу яғни жалпы қамти оқу. Зерттей оқу барысында оқырман ақпаратты толық және барынша дәл түсініп оны сын елегінен өткізеді. Оқудың осы үш түрін меңгеру арқылы мектеп бітіруші ғылыми көпшілік, публицистикалық және көркем әдебиетті оқи алады. Шетел тіліне оқуға үйрету барысында ақыл ой рухани, саяси идеялық, еңбекке баулу, естетикалық т. б тәрбие жүзеге асырылады. Сондықтан оқуға арналған мәтіндердің мазмұнына көп көңілін бөлу қажет. Олар оқушыларға шынайы демократия, халықтар достастығы, ынтымақтастық патриотизм туралы нақты мәлімет беріп өз халқының тілін оқып отырған халықтың әдебиетімен мәдениетімен тарихымен, салт - дәстүрлерімен таныстыруға тиіс. Оқытудың жоғары сатысында оқу тіл материалының бекітудің ғана құралы емес, оқушылардың сөздік қорын байытудың құралы ретінде пайдаланады. Оқу үстінде тіл материалы еріксіз түрде және арнайы назар аудару арқылы еске сақталады. Еріктен тыс есте сақтау әсіресе көп оқу нәтижесінде жүзеге асырылады, сондықтан оқушыларға жеңіл мәтіндерді көптен щқу ұсынылады.

Оқудың ауызша сөзді дамытуға тигізетін әсері мынаған байланысты:

1. Оқу процесінде барлық анализаторлар соның ішінде сөйлеу анализаторлары қатысады. Сөйлеу дағдыларын жетілдірудегі жаттығулар: сұрақ жауап, әңгіме, дискусия және мәтін мазмұнын айтып беру т. б.

2. Дауыстап оқу дыбыстарды айтуға үйретуде кеңінен қолданылады. Дауыстап оқу арқылы оқушылар жекеленген дыбыстарды дұрыс айтуға ғана емес, сол дыбыстарды сөйлем құрамында дұрыс айтуға, сөйлемдегі синтагмаларды дұрыс бөліп, интонацияны дұрыс айтуға дағдыланады.

Оқудың түрлері әртүрлі критерилер негізінде анықталады. Оқудың үш түрін анықтау үшін екі көрсеткішке сүйенеміз:

А) түсінудің толықтық деңгейіне;

Б) оқудың жылдамдығына;

Сөйтіп аталған оқу түрлеріне қойылатын талаптар: таныса оқу: мәтіндегі барлық фактілердің кем дегенде 70 пайызын түсіну, бірақ мәтіндегі барлық негізгі міндетті түрде түсіну қажет. Басты ақпаратты дәл түсініп, қосалқы ақпаратты дұрыс түсіну қажет кемелденген оқудың ең төменгі сатысына жеткенде оқу жылдамдығы минутына 140-150 сөз, кемелденудің «студенттік » деп аталатын деңгейінде 250-300 сөз оқу керек.

Зерттей оқу : түсінудің толықтық деңгейі 100 пайыз, барлық ақпаратты дәл адекватты түрде түсіну қажет. Оқудың бұл түрі үшін оқудың жылдамдығы минутына 50-60 сөзден кем болмауы керек. Ал студенттік деп аталатын деңгейінде минутына 130-150 сөз.

Қарап шығу: оқудың бұл түрі оқырманнан өте жоғары дәрежеде дамыған оқу іскерлігін талап етумен қатар, өте бай тіл материалын меңгеруін талап етеді. Сондықтан орта мектепте қарап шығудың кейбір элементтерін ғана үйретеміз: мәтіннің тақырыбын не туралы екенін анықтауға үйрету керек. Оқу жылдамдығы бет. минутына 1-1, 5

Аналитикалық және синтетикалық оқу

Мәтіннің мазмұнын түсіну үшін қандай оқу операцияларын жаттықтыруға байланысты мынадай оқу түрлері болады: аналитикалық оқу және синтетикалық оқу; оқығанның мазмұнын тікелей аудармасыз түсініп оқу және ана тіліне аудару арқылы түсініп оқу. Оқу барысында оқушыға көрсететін көмектің сипаты мен дәрежесіне қарай оқудың мынадай түрлерін ажыратамыз: сөздікпен оқу және сөздіксіз оқу; қиындығы алдын ала жойылған оқу және қиындығы алдын ала жойылмаған оқу. Ұйымдастыру түріне байланысты оқудың түрлері: класта оқу және үйде оқу; мұғалімнің тапсырмасымен оқу және өз бетімен оқу; фронталды оқу және индивидуалды оқу. Дауыстап оқудың түрлері: хормен және жеке-жеке оқу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілі сабағында жоғары сынып оқушыларының аудармашылық құзіреттілігін дамыту ерекшеліктері
Компьютер арқылы ағылшын тілінде сабақтар өткізу
Ағылшын тілі сабақтарындағы драма арқылы оқыту әдісін теориялық тұрғыдан негіздеу
Қазіргі шет тілі сабағының ерекшеліктері
Шет тілін оқытудағы интернет ресурстары
Оқушыларға ағылшын тілін оқытудың маңызы
Оқыту және сөйлеу жағдаяттарының түрлері
Ағылшын тілі сабағында сурет көрнекілігін қолдану арқылы оқушының сөйлеу іскерлігін дамыту
Шетел тілі фонетикасының ерекшеліктері
Ағылшын тілі мен пәнаралық байланыстың маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz