Қазақстан республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы
Жоспар
Кiрiспе 2
I тарау Сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары 2
Ынтымақтастықтың жаңа деңгейi 2
Қазақстанның әлемнiң басқа елдерiмен ынтымақтастығы 4
II Тарау Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы 9
Қазақстан Республикасының қаржылық ұйымдармен ынтымақтастығы 9
Қазақстан Республикасының экономикалық ұйымдармен ынтымақтастығы 12
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi 19

Кiрiспе
Қазақстан Республикасы 1991ж. 16 желтоқсанда тәуелсiздiк алғаннан кейiн айқын сыртқы саясат жүргiзе бастады. Тек осы кезден бастап қана Қазақстан әлемдiк аренаға халықаралық құқықтың толық қанды субъектiсi ретiнде жұқты. Қазақстан Республикасы қабылданған «Тәуелсiздiк туралы» Заңда: Қазақстан Республикасы сыртқы саясатты халықаралық нормаларды сақтай отырып, барлық елдермен тең құқылы тең дәрежеде қарым-қатынастар жасайды, өзiнiң территориялық шекарасының мызғымыстығын қамтамасыз етедi және өзiнiң iшкi, сыртқы саясатын дербес жүргiзiледi делiнген.
1991жылдың соңына дейiнгi екi апта iшiнде Қазақстан тәуелсiздiгiн 18 мемлекет танып үлгердi, олардың iшiнде Туркия, АҚШ, Қытай, Германия, Пәкiстан бар. Қазақстан орталық езгiден құтылып, әлемдiк қауымдастықтың тең құқықты мүшесi болды. Қазақстан өз алдына сыртқы саясатты мынадай мiндеттердi қойды: жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу, демократия процестерiн дамыту, сыртқы саяси қызмет бағытын айқындау, территорияның тұтастығын қамтамасыз ету; ТМД елдерiмен тығыз байланысты халықаралық ынтымақтастық негiзiнде дамыту.
Бүгiнде Қазақстанды әлемнiң 140-қа жуық елдерi ресми түрде таныды. Қазақстан 50-ге жуық мемлекеттерде өз емдiлiктерiн ашты. Қазiргi таңда Қазақстанда 47 елдiң емдiлiктерi ашылып жұмыс iстеуде. 200-ден аса шетел компаниялары республикамызда өз офистерiн ашты. 50-ге жуық әртүрлi ұйымдардың мүшесi болып қабылданды.
I тарау Сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары
Ынтымақтастықтың жаңа деңгейi
Бiз президенттiк билiк нысанына ғана көшкен елмiз. Ол билiктiң ұңғыл-шұңғылын ұғып болғанымыз да шамалы. Сыртқы қарым-қатынас саласындағы салмағымыз қанша артты, салықтығымыз қаншама сасытлтты деген сауалдарға жауап iздеу бүгiнгi күндерi әбден орынды секiлдi. Дербес, төл сыртқы саясат дегенде, әдетте, басқа елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнату, содан кейiн саяси, экономикалық, мәдени байланыстарды өрбiту алдымен ойға оралатыны анық.
Тәуелсiздiктiң егемендiктiң басты белгiсi ел қауiпсiздiгi екенi айнымас ақиқат. Өйткенi, республикамыздың Ресей мен Қытай сияқты ядролық қаруы бар мемлекеттердiң ортасында орналасуы және оңтүстiгiнде мұсылман мемлкеттерiмен шектесуi қауiпсiздiк жараларына ерекше назар аударуды мiндет еттi. Сондықтан қазақ жерiнде орналасқан 1400 ядролық оқтұмсықпен жабдықталған СС-18 деп аталатын 104 қанатты ракетаның 40ТУ-95 стартегиялық бомбалаушы ұшақтардың жағдайы халқымызды және әлемдiк

Қолданылған әдебиеттер тiзiмi
1. Салқынбек Д.И. «Қазақстан – тәуелсiз мемлекет» (1991-2002жж.) Алматы «Қайнар» университетi, 2003ж.
2. Назарбаев Н.Ә. «Елбасы», «Ана тiлi» Алматы 1996
3. Жамбылов Д. «Саясаттану» Алматы, «Жетi жарғы» Алматы 2003ж.
4. Назарбаев Н.Ә. «Ғасырлар тоғысында» Алматы, «Өнер», 1996ж.
5. «Қазақ энциклопедиясы» Бас редактор Ә. Нысанбаев –Алматы, «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 2001ж.
6. Қазақстан Республикасы. 10 жыл шежiресi. Бас редактор Ә.Н. Нысанбаев, -Алматы; «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 2001ж.
7. Н.Ә. Назарбаев 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауы. «Егемен Қазақстан» 19 ақпан 2005жылы.
1. Салқынбек Д.И. «Қазақстан – тәуелсiз мемлекет» (1991-2002жж.) Алматы «Қайнар» университетi, 2003ж.
2. Назарбаев Н.Ә. «Елбасы», «Ана тiлi» Алматы 1996
3. Жамбылов Д. «Саясаттану» Алматы, «Жетi жарғы» Алматы 2003ж.
4. Назарбаев Н.Ә. «Ғасырлар тоғысында» Алматы, «Өнер», 1996ж.
5. «Қазақ энциклопедиясы» Бас редактор Ә. Нысанбаев –Алматы, «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 2001ж.
6. Қазақстан Республикасы. 10 жыл шежiресi. Бас редактор Ә.Н. Нысанбаев, -Алматы; «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 2001ж.
7. Н.Ә. Назарбаев 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауы. «Егемен Қазақстан» 19 ақпан 2005жылы.
Жоспар
Кiрiспе 2
I тарау Сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары 2
Ынтымақтастықтың жаңа деңгейi 2
Қазақстанның әлемнiң басқа елдерiмен ынтымақтастығы 4
II Тарау Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы
9
Қазақстан Республикасының қаржылық ұйымдармен ынтымақтастығы 9
Қазақстан Республикасының экономикалық ұйымдармен ынтымақтастығы 12
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi 19
Кiрiспе
Қазақстан Республикасы 1991ж. 16 желтоқсанда тәуелсiздiк алғаннан
кейiн айқын сыртқы саясат жүргiзе бастады. Тек осы кезден бастап қана
Қазақстан әлемдiк аренаға халықаралық құқықтың толық қанды субъектiсi
ретiнде жұқты. Қазақстан Республикасы қабылданған Тәуелсiздiк туралы
Заңда: Қазақстан Республикасы сыртқы саясатты халықаралық нормаларды
сақтай отырып, барлық елдермен тең құқылы тең дәрежеде қарым-қатынастар
жасайды, өзiнiң территориялық шекарасының мызғымыстығын қамтамасыз етедi
және өзiнiң iшкi, сыртқы саясатын дербес жүргiзiледi делiнген.
1991жылдың соңына дейiнгi екi апта iшiнде Қазақстан тәуелсiздiгiн 18
мемлекет танып үлгердi, олардың iшiнде Туркия, АҚШ, Қытай, Германия,
Пәкiстан бар. Қазақстан орталық езгiден құтылып, әлемдiк қауымдастықтың
тең құқықты мүшесi болды. Қазақстан өз алдына сыртқы саясатты мынадай
мiндеттердi қойды: жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу,
демократия процестерiн дамыту, сыртқы саяси қызмет бағытын айқындау,
территорияның тұтастығын қамтамасыз ету; ТМД елдерiмен тығыз байланысты
халықаралық ынтымақтастық негiзiнде дамыту.
Бүгiнде Қазақстанды әлемнiң 140-қа жуық елдерi ресми түрде таныды.
Қазақстан 50-ге жуық мемлекеттерде өз емдiлiктерiн ашты. Қазiргi таңда
Қазақстанда 47 елдiң емдiлiктерi ашылып жұмыс iстеуде. 200-ден аса шетел
компаниялары республикамызда өз офистерiн ашты. 50-ге жуық әртүрлi
ұйымдардың мүшесi болып қабылданды.
I тарау Сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары
Ынтымақтастықтың жаңа деңгейi
Бiз президенттiк билiк нысанына ғана көшкен елмiз. Ол билiктiң ұңғыл-
шұңғылын ұғып болғанымыз да шамалы. Сыртқы қарым-қатынас саласындағы
салмағымыз қанша артты, салықтығымыз қаншама сасытлтты деген сауалдарға
жауап iздеу бүгiнгi күндерi әбден орынды секiлдi. Дербес, төл сыртқы саясат
дегенде, әдетте, басқа елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнату, содан
кейiн саяси, экономикалық, мәдени байланыстарды өрбiту алдымен ойға
оралатыны анық.
Тәуелсiздiктiң егемендiктiң басты белгiсi ел қауiпсiздiгi екенi
айнымас ақиқат. Өйткенi, республикамыздың Ресей мен Қытай сияқты ядролық
қаруы бар мемлекеттердiң ортасында орналасуы және оңтүстiгiнде мұсылман
мемлкеттерiмен шектесуi қауiпсiздiк жараларына ерекше назар аударуды мiндет
еттi. Сондықтан қазақ жерiнде орналасқан 1400 ядролық оқтұмсықпен
жабдықталған СС-18 деп аталатын 104 қанатты ракетаның 40ТУ-95 стартегиялық
бомбалаушы ұшақтардың жағдайы халқымызды және әлемдiк қауымдастықты қатты
алаңдатады. АҚШ, Ресей, Англия, Франция сияқты ядролық державалар
Қазақстанның ядролық қаруы бар елге айналуына қарсы облды. Олар бiздiң
елiмiзге әр салада қысым көрсетiп, Қазақстан үшiн ең тиiмдi жол ядролық
қарулардан бас тарту екендiгiне сендiрiп бақты. Осы тұрғады Қазақстанға
ядролық қару қажет пе едi деген сұрақтың көлденең тұратыны рас. Өзiнiң
қауiпсiздiгi үшiн және Орталық Азиядағы қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн
оған ядролық қару қажет болатын. Екiншi жағынан алғанда, ядролық қарудың
болуы қауiпсiздiктi толық қамтамасыз ету деген сөземес. Елдiң
қауiпсiздiгi, тұрақтылығы бiр ғана ядролық қарумен шектелмейтiнi белгiлi.
Бiздiң ядролық қарқымыздан сескенген кейбiр елдер, оған қарсы өз ядролық
қаруын туралап қоятынын да қаперден шығаруға болмайды. Оның үстiне
Қазақстанда сол ядролық қарумен жұмыс iстейтiн мамандар болмады және
Қазақстан ядролық қаруды ұстап тұруға да экономикалық жағдайы мүмкiндiк
бермеген болатын. Сонымен, 1992ж. мамыр айында Президентiмiздiң АҚШ-қа
барған ресми сапарында ядролық қаруды таратпау және қазақ жерiнде
орналасқан барлық ядролық қаруды Ресейге алып кету және Қазақстанды ядролық
қарусыз аймақ ретiнде тану жөнiндегi Лиссабон хаттамасына қол қойылды. Осы
келiсiм бойынша АҚШ Қазақстаның қауiпсiздiгiне кепiлдiк бердi. Қазақстан
жерiнде орналасқан ядролық қаруларды бөлшектеу жою, тасып әкету
жұмыстарына АҚШ 84 миллион доллар көлемiнде қаржы бөлдi.
Қазақстанды ядролық қарусыз ел ету ретiндегi iргелi жұмыс 1991ж. 29
тамызда Қазақстанның Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Семей ядролық полигонын
жабу жөнiндегi жарлығынан бастау алған болатын. Қазақстан Республикасы
стратегиялық шабуыл қару-жарағын шектеумен қысқарту туралы шартқа, орта
және таяу қашықтығы ракеталарды жою туралы шарқта, Еуропалық кәдiмгi қару-
жарақ күштерi туралы шартқа қол қойды.
1993ж. желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi Ядролық
қаруды таратпау туралы шартты бекiттi. Өз кезегiнде Қазақстан да ұлы
мемлекеттерден өз қауiпсiздiгiне кепiлдiк берудi талап еттi.
Қазақстанның ядролық қарудан бас тарту жөнiндегi iзгi қадамдарына
жауап ретiнде 1994 жылы 5 желтоқсанда Еуропадағы қауiпсiздiк пен
ынтымақтастық жөнiндегi Кеңестiң Будапешттегi жоғары дәрежелi кездесуiнде
үш ядролық мемлекеттiң Ресейдiң, АҚШ-тың және Ұлыбританияның басшылары
Қазақстанның қауiпсiздiгiнiң кепiлдiгi туралы меморандумға қол қойды. Н.Ә.
Назарбаев Будапеште Барынша қауiпсiз және тұрақты дүниежүзiлiк тәртiптi
орнату жөнiндегi бiрлескен күш-жiгердi жүзеге асырудың жауапты кезеңiнiң
бейнелi шебiне жеттiк, - деп атап көрсеттi. 1995 жылы ақпанда ҚХР-да
Қазақстанның қауiпсiздiгiне кепiлдiк бердi. 1995 жылы 26 мамырда Қазақстан
жерiндегi барлық ядролық қарулар тасып әкетелдi. Қазақстан ядролық қарусыз
елге осылай айналған едi. 1992 жылдың бас кезiнде ТМД-ның бiрлескен әскери
күштерiн сақталып қалу және құру әрекеттерi сәтсiз аяқталғаннан кейiн,
бұрынғы Одақтас республикалар өз қарулы күштерiн құруға көштi. 1992 жылы 7
мамырда Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс
Министрлiгi, Қазақстан Республикасының қарулы күштерi құрылды. Сөйтiп
бұл күн елiмiздiң қарулы күштерiнiң құрылған күнi ретiнде тарихқа ендi.
Қарулы күштер құрылғаннан кейiн 1993 жылы 11 ақпанда Президент бекiткен
Республикамыздың әскери доктринасы жасалды. Ол: соғыстың алдын алу және
болдырмау; қорғанысты нығайту, ТМД елдерiмен одақ және өзара көмек
принциптерiне енгiзделдi.
Қазақстанның әлемнiң басқа елдерiмен ынтымақтастығы
Қазақстан Республикасы өз қауiпсiздiгiн нығайта отырып, ТМД аясында
осы одаққа кiретiн мемлекеттерiмен де әскери одақтасуды, бiрлесiп
қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi жалғастырып келедi.
1991 жылы желтоқсан айында Минск қаласында ТМД-ға кiретiн
мемлекеттердiң бiрлескен қарулы күштер және шекаралық әскерлер жөнiндегi
келiсiм шартына қол қойылды. Осы қадамның жалғасы ретiнде 1992 жылы 15
мамырда Ташкент қаласында Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғыстан, Ресей
Федерациясы, Тәжiкстан, Өзбекстан мемлекеттерi қол қойған ұжымдық
қауiпсiздiк туралы келiсiм-шарты құрылды. Бұл құрылған әскери одақ бұдан
кейiнгi жылдары бiраз қайта құруларды жасай отырып, өз жұмысын жалғастырып
келедi.
Қазақстан Республикасы ТМД әскери одақпен қатар, экономикалық, саяси,
мәдени қарым-қатынастарды да жандандыруға барынша күш салып келедi. 1994
жылы Қазақстан Еуроазиялық одақты құру туралы бастама көтердi. Бұл одақты
құрудағы мақсат, бұрынғы КСРО-ға кiрген мемлекеттер арасындағы
интеграциялық байланыстарды одан әрi тереңдету, шаруашылық iс-
әрекеттердегi, заңдық құжаттарды бiр iзге келтiру ТМД-ның шекарасын
бiрлесiп қорғау, ТМД-ның экономикалық байланысын бiр жүйеге келтiрiп
үйлестiрiп отыру болатын. Бiздiң Республикамыздың көтерген Еуроазияық
одақ туралы бастамасы және ұстанымы бүгiнгi күнi экономикалық және
әлеуметтiк саяси тұрғыдан алып қарастырғанда өзiнiң аса қажеттi Одақтық
құрылым екендiгiн көрсетiп осы одақ құрылым аяында ТМД-ға кiретiн
мемлекеттердi бiрiктiруге жұмылдыруда.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясат саласындағы жемiстi
еңбектерiнiң бiрi – Азиядағы өзара iс-қимыл және сенiм бiлдiру шаралары
жөнiндегi Кеңестi (АӨIСШК) құруға күш салу болды. Жоғарыда айтып
кеткенiмдей бұндай кеңестi құру туралы бастаманы елiмiздiң Президентi Н.Ә.
Назарбаев БҰҰ-ның мiнбесiнен көтерген болатын. Қажырлы жұмыстың нәтижесiнде
АӨIСШК құрылып, оған 16 елдiң мемлекеттерi мүше болды. Олар: Қазақстан,
Әзiрбайжан, Индия, Қытай, Ауғанстан, Египет, Иран, Израиль, Монғолия,
Полестина, Пәкiстан, Туркия, Өзбекстан, Ресей және Тәжiкстан мемлекеттерi
едi.
Бұл ұйымға бақылаушы ретiнде АҚШ, Индонезия, Въетнам, Австралия,
Тайланд, Ливан, Жапония, Оңтүстiк Корея, Украина, Малайзия мемелекеттерi де
қатысады.
1999 жылы Алматыда болған кездесуде АӨIСШК кiретiн мемлекетердiң
арасындағы қарым-қатынасты реттейтiн Декларация қабылданды. Ол мынадай
принциптерге негiзделген: мүшелiкке кiретiн мемлекеттердiң тәуелсiздiгi мен
құқықтарын құрметтеу, территорияның мызғымастығын сақтау, бiр-бiрiнiң iшкi
iстерiне араласпау, талас тудырып отырған мәселердi бейбiт шешу, күш
қолданудан бас тарту, қарусыздану және қару жараққа бақылау жасау,
әлеуметтiк, сауда экономикалық және мәдени саладағы ынтымақтастық, БҰҰ-ның
принциптерiне негiзделген адамзаттың құқықтарын құрметтеу.
Азиядағы өзара iс-қимыл және сенiм бiлдiру шаралары жөнiндегi Кеңес
қазiргi таңда ауқымды шараларды iске асырып келедi. Атап айтқанда, Азия
континентiндегi терроризмге қарсы бiрлесiп күресу және наркотик бизнесiне
қарсы бiрлескен iс-қимыл шаралары. АӨIСШК–нiң 2002 жылы маусым айында
Алматыда өткен саммитiнде Азия құрлығындағы күшейiп келе жатқан соғыс қаупi
туралы мәселе жан-жақты талқыға түстi. Қолдарында қарулары бар Пәкiстан мен
Үндiстан елдерiнiң басшыларын бiр үстелге отырғызып, мәмiлеге шақырудың
арқасында, Азиядағы ядролық соңғыс қаупiн болдырмаудың нақты қадамдары
жасалды.
Сонымен қатар, Республикамыз 2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-тың Нью-Йорк
қаласында орын алған террористiк әрекеттен кейiн террористiк әрекеттiң
салдарынан 4,5 мыңға жуық бейбiт, халық қаза тапқан болатын дүние жүзi
мемлекеттерiмен терроризмге қарсы бiрлесiп күресу үшiн күш жұмылдырып
келедi.
1992жылы мамыр айында Қазақстан мен Ресей арасында достық,
ынтымақтастық және өзара көмек туралы келiсiм-шартқа қол қойылды.
Бұл келiсiм шарт бойынша екi елдiң шекарасының мызғымастығы және
территориясының тұтастығына, бiр-бiрiнiң тәуелсiздiгiне құрмет принципi
заңдық тұрғыдан бекiтiлдi. Сондай-ақ, 1994 жылы және 1995 жылы екi елдiң
Президенттерi Н.Ә.Назарбаев пен Б.Н. Ельциннiң кездесулерiнде екi жақты 22-
ге жуық әртүрлi құжаттарға қол қойылды.
Олардың қатарында: экономикалық ынтымақтастық пен интеграцияны
тереңдету туралы келiсiм, екi елдiң азаматтық мәселеге байланысты
меморендум, Қазақстанға түпкiлiктi келiп тұрғысы келетiн Ресей азаматтарына
азаматық жеңiлдетiлген түрi және Ресейге түпкiлiктi келiп тұрғысы келетiн
Қазақстан азаматтарына азаматтық берудiң жеңiлдетiлген түрi жөнiндегi
келiсiм сыртқы экономикалық қызметтi бiртектес етiп реттеу туралы және
басқа да келiсiмдер бар. 1994 жылы 21 қарашада экономикалық және саяси зор
маңызы бар Байқоңыр ғарыш айлығы туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей
федерациясы арасында келiсiм-шарт жасалды. Келiсiм бойынша кешен Ресей
федерациясына 20 жылға, егер екi жақтың бiрден-бiрi шарты бұзу туралы
мәлiмдеме тағы да 10 жылға жалға берiледi. Жалдау ақысы жылына 10 жылға
жалға берiледi. Жалдау ақысы жылыа 115 миллион доллар, оның бiр бөлiгi екi
ел үкiметтерiнiң өзара келiсуi бойынша өтемдер негiзiнде жабылуы мүмкiн.
Бұл орайда, шартта 1991 жылғы тамыздың 31-iне дейiн. Қазақстан жерiнде
болған Байқоңыр кешенiнiң объектiлерi мен мүлiктерi оның меншiгi болып
табылатыны көрсетiлген.
1996 жылы 26 сәуiрде Қытайдың Шанхай қаласында ортақ шекарасы бар бес
елдiң: Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының Қытай Халық
Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжiкстан Республикасының алғашқы
кездесуi болып өттi.
Бұл бес мемлекеттiң жалпы жер аумағы Еуразияның 35 бөлiгiн, ал халық
саны дүние жүзi халқының төрттен бiрiн құрайды.
Сондықтан бестiктiң ынтымақтастығы және олар жүргiзетiн ортақ саясат
тек осы елдердiң халықтары үшiн ғана емес, барша адамзат үшiн де аса
маңызды мәнге ие. Шанхай бестiгiнiң алдыңғы кездесулерiнде Қазақстан
делегациясы айтарлықтай белсендiлiк танытты. 1996 жылы Шанхайда өткен
бiрiншi кездесуде ортақ шекарада жатқан аудандардағы әскери сенiм мәселесi
талқыланды. Мәскеуде шекарааудандарындағы әскери күштердiң санын азайту
туралы құжатқа қол қойды. Бестiктiң Алматыда өткен самитiнде негiзгi
қарым-қатынас бағыттары анықталып, өзара тиiмдi сауда-экономикалық
қатынастар мәселесi талқыланды.
1999 жылы 24-25 тамызда Бiшкекте өткен Шанхай бестiгiнiң кездесуiнде
аймақтағы қауiпсiздiк проблемалары талқыланды. Бiшкек декларациясына қол
қойылды. Бұл кездесудiң алдында Қазақстан Президентi Қытай Халық
Республикасының төрағасы Цзян Цземинмен әңгiмелестi. Елдер арасындағы даулы
территория проблемасы бойынша Ұзақ келiссөздердiң нәтижесiнде екi жақты да
қанағаттандыратын келiсiмге қол жеттi. Жалпы аумағы 1000 шаршы шақырым
болатын даулы жердiң 57%-i Қазақстанға, ал 43%-i Қытайға тиесiлi болатын
болды.
2001 жылдың 15 шiлдесiнде Шанхайда Шанхай бестiгiнiң мемлекеттер
басшыларының саммитi болды. Бұл халықаралық бiрлестiк тағы бiр мүше елмен
- Өзбекстанмен толығып, өзiнiң атын Шаңхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) деп
өзгерттi. Ұйымға мүше елдер басшыларының қоғамдастықтың iшкi қатынастарын
айтарлықтай жақсарататын маңызды құжаттарға Ынтымақтастық арқылы
қауiпсiздiкке деген ұранды ұстанған ұйымның өзiн құру туралы
декларацияға, сондай-ақ, терроризммен, сеператизммен және экстремизммен
күрес жөнiндегi Шанхай конвенциясына қол қоюы – самиттiң ең басты оқиғасы
деп санауға болады. Қазақстан өзiнiң оңтүстiк шекарасындағы көршiлерi
Орталық Азия мемлекеттерiмен, оның iшiнде ең алдымен - Өзбекстан және
Қырғызстанмен ынтымақтастық дамыту мен кеңейтудi арттырып келедi. Ол
экономика саласындағы өзара iс-қимыл, отын-энергетика және су ресурстарын
бiрлесiп пайдалану, газ құбырлары, көлiк магистральдары мен комуникациялары
құбылыстарын салу мен пайдалану болып отыр. Қазақстан үшiн өзiнiң оңтүстiк
аймағында тұрақтылық пен бейбiтшiлiктi сақтау аса маңызды.
1994 жылы сәуiр айында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекетерi
бiртұтас Экономикалық Кеңiстiк Құру туралы келiсiмге келдi. Осы келiiсм
негiзiнде Орталық Азиялық Одақ құрылды. Одақ аясында үш мемлекеттiң
мемлекетаралық Кеңесi құрылды.
1996 жылы желтоқсан айында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан
республикалары арасында мәңгiлiк достық келiсiмiне қол қойылды.
2002 жылы Өзбекстан Республикасымен арадағы шекаралық даулы мәселелер
екi елдiң Президенттерi кездесуiнде шешiмiн тауып, заңдық тұрғыда
бекiтiлдi.
Қазақстан Республикасының тәуелсiз ел болғалы берi Түркия мемлекетiмен
сыртқы қарым-қатынасы өте жемiстi дамып келедi. Тiлi, дiнi, бiр Түркия
мемлекетi ең бiрiншi болып Қазақстанның тәуелсiздiгiн таныды. Қазақстан
Республикасы да тәуелсiз ел ретiнде өзiнiң ең тұңғыш елшiлiгiн Түркияның
астанасы Анкарада, 1992 жылы 29 қазанда ашқан болатын. Содан бергi
аралықта Қазақстан мен Түркия мемлекеттерi арасында тығыз экономикалық,
саяси және мәдени байланыстар өрiстеп дамуда.
1991 жылы қыркүйек айында қазақ-түрiк iскерлiк кеңесi құрылды. Бұл
кеңес 73 қазақстандық және 183 түркиялық кәсiпорындар ассоциация, фирма,
банк және биржалардың басын бiрiктiрген болатын. Олардың құрамында
Маңғыстаумұнай, Екiбастұзкөмiр Қарағандықкөмiр өндiрiстiк
бiрлестiктерi, Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Ермак ферроқорытпа зауыты
және тағы да басқа iрi өндiрiс орындары бар. Түркия мемлкетенiң құрылыс
фирмалары қазақ жерiндегi бiрнеше архитектуралық құрылыстарды салуға
қатысты. Қазiргi заманға сай Алматыдағы Анкара, Астанадағы
Интерконтиненталь қонақ үйлерiн Түркияның құрылыс фирмалары салған
болатын. Түркия мемлекетi Қазақстанның мұнайын өз территориясы арқылы
тасымалдау жобаларына да қатысып келедi. Мұнай шикiзат қоры аз Түркия үшiн
Каспийдiң мұнайын пайдалану өте тиiмдi.Сондықтан да Түркия мемлекетi Ақтау-
Баку-Жейхан құбырының тартылуына аса мүдделiк танытып келедi.
Қазақстан Республикасы өзiнiң сыртқы саясат саласында шығысымыздағы
үлкен мемлекет Қытаймен қарым-қатынасқа үлкен мән беруде. Кеңестер
дәуiрiнде Қытай мемлекетiмен арадағы айында Қытай Халық Республикасы мен
Қазақстан Республикасының үкiметi екi ел арасындағы сауда-экономикалық
байланысты дамыту мақсатымен достық ынтымақтастық, теңдiк және өзара
тиiмдiлiк негiзiнде сауда-экономикалық келiсiмiн жасады. 1992 жылы ақпанда
Қазақстан Қытай үкiметаралық мазмұндамасына қол қойылды. Онда авиация,
темiржол автомобиль транспорты, экономика, сауда, ғылым ментехника
саласында екi жақты ынтымақтастықты дамыту көзделген болатын. 1992 жылдың
сәуiр айыннан бастап Қытай мемлекетiмен темiржол қатынасы орнатылып, Дружба-
Алашанкөу темiр жол қатынастары жұмыс iстей бастады. 1992 жылы тамыз айында
Қазақстан мен Қытай мемлекеттерi өзара өкiлдiктер ашу туралы келiсiмге қол
қойды. 1992 жылдың қазан айында Қазақстан Президентi Н.Ә. Назарбаев
Пекинде болып, Қытай Халық Республикасының төрағасы Цзян Цзэминьмен
кездесiп ұзақ мерзiмге арналған келiсiмге қол қойды. Онда екi ел арасында
дипломатиялық қатынастың ресми түрде орнағаны атап айтылды. ҚХР мен
Қазақстанның 1994 жылғы шекараларының өту тұстары туралы мәселелердi реттеу
жөнiндегi келiсiмiнiң маңызы үлкен болды. Соның нәтижесiнде Қытай
мемлекетiмен сыртқы дипломатиялық қарым-қатынастағы бiздiң елiмiздiң
жетiстiгi 1999 жылы арадағы шекаралық даулы мәселелердiң шешiлiп, ресми
бекiтiлуi болды. 1995 жылы ақпанда ҚХР-дiң Қазақстан қауiпсiздiгiне
кепiлдiк бергенi екi елдiң қарым-қатынасын одан әрi баянды ете түстi. Соңғы
жылдары қарым-қатынасын одан әрi баянды ете түстi. Соңғы жылдары Қазақстан
–Қытай қатынастары сапалық жаңа деңгейге шықты.
1996 жылы ҚХР төрағасы Цзян Цзэминнiң Алматыға келген бiрiншi ресми
сапарында арадағы достық қарым-қатынастарды тереңдетудiң ұзақ мерзiмдi
негiзi қаланды.
2002 жылы елiмiздiң Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Қытай мемлекетiне
жасаған ресми сапарында Қазақстан мен Қытай арасындағы саяси және
экономикалық мәселелердi түгел қамтыды. Оның iшiндегi аймақтық қауiпсiздiк,
лаңкестiкпен, сепаратизммен және экстремизммен күрестi де айтуымызға
болады. Қазақстан мен Қытайдың Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болуы
өзара түсiнiктеме, ынтымақтастыққа жол ашып отыр.
Шығыстағы Жапониямен және Корея Республикасымен де екi жақты
байланыстар қарқынды дамып келедi. Жапония мемлекетi бiздiң елiмiзге iрi
қаржы қоюшы елдердiң бiрi болып табылады. 1991 жылы шiлде айында Маңғыстау
мұнай өңдеу зауыты құрылысының жобасы дайындалып, онда үш жапон
компаниясының консорциулы өз жұмысын бастады. Құрылыс жобасын Жапонияның,
Эксим Банк банкiсi қаржыландырып отыр.
1994 жылы шiлде айында Жапонияның IIОСНИ фирмасы Қарағанды
металлургия комбинатында кокс газын тазарту цехының құрылысын бастау
жөнiндегi шартқа қол қойды. Жапонияның компаниялары елiмiздегi жол
құрылыстарын, көпiрлердi және тағы басқа құрылыстарды салуға белсене
қатысып келедi.
Елiмiздiң Президентi Н.Ә. Назарбаев ел басшысы ретiнде 1990 жылы
алғашқы сапарларының бiрiн Корея Республикасына жасаған едi. 1992 жылы
қаңтарда екi елдiң арасында толық дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.
Соның нәтижесiнде Кореяның Самсунг фирмасы Қарағандыда тоңазытқыштар
шығара бастады. Ал сол Кореяның Самсунг компаниясы Қазақстанның мысын
игерiп келедi.
Қазақстанның таяу және Орта Шығыс елдерiмен, оның iшiнде Иранмен,
Сауд Арабиясымен, Егитпен дипломатиялық және экономикалық байланыстарды
дамытуға да ерекше көңiл бөлiп келедi. Қазақтан Республикасы Иран Ислам
Республикасымен 1992 жылы қаңтар айында дипломатиялық қатынас орнату
туралы келiсiмге қол қойды. Ол бiрiн-бiрi өзара құрметтеу, территориялық
тұтастығы мен iшкi iсiне араласпау принциптерi негiзiнде құрылды. Қазақстан
Иран елiмен дипломатиялық қатынас орнағалы берi Каспий теңiзiндегi
порттарын кеңейте отырып сол арқылы Иранға теңiз мұнайын жеткiзу
мүмкiндiгiн қарастырған болатын. Нәтижеде, 1996 жылы 30 желтоқсанда Каспий
теңiзi арқылы Қазақстанның алғашқы мұнайы Иранның солтүстiгiне жеткiзiлдi.
1994 жылы Қазақстан Иранға 30 мың тонна қой етiн, 1000 тонна астық сатуға,
ал Иран бiздiң елiмiзге полиметалл концентратын, халық тұтынатын тауарлар
сатуға келiстi. Алдағы уақытта Иран мемлекетiмен сыртқы қарым-қатынасты
дұрыс жолғп қоя бiлсек Қазақстанның астығын, мал өнiмдерiн экспорттаудың
iрi көзi ашылмақ.
Сонымен қатар, Иран Ислам Республикасымен Қазақстан Республикасы
арасында Каспийдiң статусына байланысты қарама-қарсы пiкiрлер де жоқ емес.
Мәселен, Иран елi Каспий теңiзiн оның айналасындағы орналасқан бес мемлекет
20 пайыздық үлес бойынша теңдей бөлiсуi керек деген көзқарасты ұстанып
келедi (қазiргi шекара бойынша Иран елiне 13% тиесiлi). Ал Қазақстан
Каспийдi теңiз жағалауы бойынша бөлiсуi табанды жақтай отырып, Ресеймен
осы принцип бойынша Каспийдiң оңтүстiк бөлiгiн бөлiсiп, келiсiм-шартқа қол
қойып үлгердi, Қазақстан Ислам елдерiмен де диломатиялық және экономикалық
қарым-қатынастарды да дамытуға мүдделi болып отыр. 1994 жылы Президент Н.Ә.
Назарбаев Сауд Арабиясына жасаған сапары негiзiнде бiрсыпыра келiсiмдерге
қол қойды. Сауд Арабиясы елi жаңа Астанамыздағы сенат ұйының құрылысына 15
миллион доллар қайтарымсыз қаржы бөлiп, көмегiн көрсеттi.
Египет елiмен дипломатиялық қатынас орнағаннан кейiн Египетте Египет-
Қазақ Ассоциациясы, Қазақстанда Қазақстан – Египет Ассоциациясы құрылып
жұмс iстеп келедi. Египет Алматыда ислам мәдениет орталығы мен Нұр Мүбәрәк
Ислам университетi бой көтерiп, жұмыс жасауды.

Қазақстан Республикасының қаржылық ұйымдармен ынтымақтастығы
Жалпы алғанда, 1995 жылдың желтоқсаннында Қазақстанның Ислам
Конференциясы Ұйымының толық құқылы мүшесi болды, iрi инвестициялық
мүмкiндiктерi бар мұсылман әлемiмен бiздiң өзара қарым-қатынастарымызды
нығайта түстi.
Қазақстанның АСЕАН-ға мүше елдермен, оның iшiнде ең алдымен
–Индонозиямен, Малайзиямен және Сингапурмен қарым-қатынастары жақсы дамып
келедi. Бұл елдердiң экономика саласында iлгерi өркендеуi мен табыстары
бiздiң жас мемлекетiмiз үшiн үлкен тәжiрибе болып табылады және сауда –
экономикалық қарым-қатынастарды кеңейтуге үлкен мүмкiндiктер туғызып отыр.
Қазақстан Республикасы алыс шетелдермен сыртқы қатынаста Америка
Құрама Штаттарына үлкен маңыз берiп отыр. Үлкен қуатты мемлекеттердiң
iшiнде АҚШ Қазақстанның тәуелсiздiгiн алғашқылардың бiрi болып таныды.
Қазақстан Америка Құрама Штаттарымен саяси, экономикалық, дипломатиялық
және мәдени қатынастарды қалыптастырып, дамытуға айрықшамаңыз берiп келедi.
1992 жылы мамыр айында Президентiмiз Н.Ә. Назарбаевтың АҚШ-қа барған
ресми сапары барысында Президент Дж. Буш екеуi үш келiсiмге қол қойды, олар
сауда, экономика және инвестициялар саласындағы байланыстарды кеңейту үшiн
құқылық негiз қалады.
Сонымен бiрге, инвестицияларды қорғау жөнiндегi кепiлдiктер бойынша да
келiсiмге және таяу арада салықтар туралы, келiсiм жасау жөнiндегi
хаттамаға қол қойылды. Бұнда Қазақстан үшiн қолайлы жағдай жасауды
қарастыратын сауда жөнiндегi ереже қабылданды.
1993 жылы 6 сәуiрде Қазақстан мен американдық мұнай компаниясы
Шевронмен бiрлескен кәсiпорын Теңiзшевройл құру туралы келiсiмге қол
қойды. Ол 40 жыл мерзiмге жасалып, алынған пайданың 80 пайызы Қазақстанға,
20 пайызы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz