Жазбаша және ауызша сөйлеуге оқыту



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І ТАРАУ АУЫЗША ТІЛ
1.1. Ауызша сөз түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Ауызша сөйлеуге үйретудің негізгі әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... .8

ІІ ТАРАУ ЖАЗБАША ТІЛ
2.1. Жазбаша сөз түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.2. Жазбаша сөзге үйретудің негізгі әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Ауызша сөйлеу тілінің айтылуы мен жазба тілде қолданылуы бірдей емес. Жазба тілде ой стильдің өзіне тән, оған қажетті сөздерімен жүйеленіп, бір жақты баяндалып отырса, сөйлеу тілінде тыңдаушыларға лайықтанып, жазба тілдік үлгіден ауытқып отырады, дыбысталудағы сөйлеу тілінің жазба тілден өзгешелігі сөйлеу тілінің ауызша формасында іске асады.
Ауызша сөйлеу барысында сөйлеуші алдына қандай мақсат қойса да, ол қашанда тыңдаушы реакциясын күтеді. Бұл тағы да коммуникативті процесті сөйлеуші интенциясы мен тыңдаушы реакциясымен санаса отырып зерттеу керек екенін нақтылай түседі. Сөйлеуші өзі үшін ғана емес, басқалар үшін сөйлейді.
Ауызша сөйлеуде тілдің қатысымдық қызметі айқын көрінеді. Демек, бастауыш мектеп оқушыларына ауызша сөйлеу мен жазбаша сөйлеуді үйрету. Үйрету барысында тәжірибеде дәлелденген әдістемелер мен олардың негізін талдау. Оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, ең тиімді жолдарын ұсыну.
Зерттеу нысаны:
№162 мектеп-гиназия. Бастауыш сынып оқушылары. Сөйлеу тілі (шет тілі: ағылшын)
Зерттеу пәні:
Шетел тілі оқыту әдістемесі
Курстық жұмыстың мақсаты: Әрқашанда дұрыс, нақты, айқын, түсінікті сөйлеу маңыздылығын, ойды нақты жеткізе білу және сөйлеу объектісіне деген қатынасыңды бейнелі және эмоциялық бояумен білдіруді үйрету жолдары. Оқушының сөйлеу шеберлігін дамытып, дұрыс сөйлеуге кажетті машықтарды үйренуге, сөйлеу мәдениетін жетілдіру мүмкіндік қарастыру. Жазу сауаттылығы мен дағдысын жетілдіру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
 Ауызша сөз түрлерін қарастыру;
 Ауызша сөйлеуге үйретудің негізгі әдістерін таңдау;
 Жазбаша сөз түрлерін анықтау;
 Жазбаша сөзге үйретудің негізгі әдістерін ұсыну.
Жазбаша сөйлеуге үйретудің негізгі әдістері
Зерттеу болжамы
Егер ауызша және жазбаша сөйлеудің тиімді әдістерін қарастыратын болсақ, онда бала оқытуда, шетел тілін меңгертуде нәтижелі жұмыс атқара аламыз. Ауызша сөйлеу мен жазбаша сөздің дағдыларын дамытып, мақсатқа негізделген оқумен қамтамасыз етеміз.
Зерттеу әдістері: Жинақтау әдісі, синтездеу әдісі, эвристикалық әдіс.
1 Қаңлыбаева Ж.С. Коммуникативті акт шеңберіндегі жауап репликаның қызметі. Фил.ғыл.канд....автореф. – Алматы, 2006. – 24 б.
2 Хасанұлы Б. Жизнь языка и язык жизни. Сборник статей // сост. Шаймерденова Н.Ж., Сабитова З.К., Алтынбекова О.Б., Акберди А.К. Под общ. ред. Н.Ж.Шаймерденовой. – Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 289 с.
3 Иманғалиева Г. Типология диалогов. Фил.ғыл.канд....дисс. – Алматы, 1999. – 128 б.
4 Брыдина Г.В. Динамическая структура русской диалогической речи. Тверь, 1992, – С. 58-81.
5 Михайлов М.М. Принципы коммуникативно-прагматического конституривания диалогической речи. // Диалог глазами лингвиста. – Краснодар, 1994. – С. 29-34.
6 Арутюнова Н.Д. От образа к знаку // Мышление. Когнитивные науки. Искусственный интеллект. – М., 1988. – С. 147-162.
7 Рождественский Ю.В. Теория риторики. Изд. 2-е, М., Добросвет, 1999, – 482 с.
8 Хасанұлы Б. Тілдік қатынас негіздері. – Алматы, 2006. – 86 б.
9 Ястрежемский В.Р. Методологические аспекты лингвистического анализа диалога // Диалог: теоретические проблемы и методы исследования. – М., 1991. – С. 82-108.
10 Богушевич Д.Г. Опыт классификации эпизодов вербального общения // Языковое общение: процессы и единицы. –Калинин, 1988. – С. 13-21.
11 Бахтин М.М. Эстетика словесного творчества. – М., 1974. 360 с.
12 Ерназарова 3. Қазақ сөйлеу тілі синтаксистік бірліктерінің прагматикалық негіздері. Фил.ғыл.докт....дисс. автореф. – Алматы, 2001.- 50 б.
13 Демьянков В.В. Конвенция, правила и стратегии общения (интерпетирующий подход к аргументации) // изв. АН СССР. Серия литературы и языка. 1982. № 4, – С. 327-336.
14 Эрвин-Трип С.М. Язык. Тема. Слушатель. Анализ взаимодействия // Новое в лингвистике. -М.: Прогресс. 1975. – С. 336-363.
15 Баранов А.Н., Крейдлинг Г.Е. Иллокутивное вынуждение в структуре диалога / Вопросы языкознания. 1992, №3. – С. 84-93.
16 Чахонян Л.П., Поронян Ш.Л. Взаимодействие интенции как фактор определяющий межличностного общения // Личностные аспекты языкового общения. – Калинин, 1989. – С. 67 -79.
17 Сухих С.А. Языковая личность в диалоге // Личностные аспекты языкового общения. – Калинин, 1989. – С. 28-36.
18 Уәлиев Н. Сөз талғамы. Көркем тіл кепілі. // Қазақ әдебиеті, 1981, декабрь.
19 Винокур Г.О. О языке художественной литературы. – М.: Высшая школа, 1991.
20 Абдыкаримова Д. Типология реплик казахского и русского диалогов. Фил.ғыл.канд.... дисс. – Алматы, 1999. – 138 б.
21 Куницина В.Н., Казаринова Н.В., Погольша В.Н. Межличностное общение. Учебник для вузов. СПб, 2001. – С. 493.
22 Красных В.В. Основы психолингвистики и теории коммуникации: Курс лекций. -М., ИТДГК «Гнозис», 2001. – С. 270.
23 Дурст-Андерсон, Ментальная П.В. Грамматика и лингвистические супертипы // Вопросы языкознания. 1996, №5. – 31 с.
24 Балақаев М. Қазақ әдеби тілі. – Алматы, 1984. – 271 б.
25 Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері // Тілтаным, 2001. № 4. 39 - 44 б.
26 Леонтьев А.А. Основы речевой деятельности. – М.: Наука. 1974. – 368 с.
27 Зернецкий П.В. Динамические аспекты семантики и прагматика дискура // Личностные аспекты языкового общения. Сборник. -Калинин, 1989. – С. 75-81.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Курстық жұмысы

Тақырыбы: Жазбаша және ауызша сөйлеуге оқыту

Оқу бөлімі: Күндізгі
Мамандық:
Білімділік:

Курс:
Топ:
Орындаған:
Ғылыми жетекшісі:

Алматы

Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І ТАРАУ АУЫЗША ТІЛ
Ауызша сөз түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
Ауызша сөйлеуге үйретудің негізгі әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

ІІ ТАРАУ ЖАЗБАША ТІЛ
2.1. Жазбаша сөз түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.2. Жазбаша сөзге үйретудің негізгі әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Ұсыныстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Ғылыми аппарат

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Ауызша сөйлеу тілінің айтылуы мен жазба тілде қолданылуы бірдей емес. Жазба тілде ой стильдің өзіне тән, оған қажетті сөздерімен жүйеленіп, бір жақты баяндалып отырса, сөйлеу тілінде тыңдаушыларға лайықтанып, жазба тілдік үлгіден ауытқып отырады, дыбысталудағы сөйлеу тілінің жазба тілден өзгешелігі сөйлеу тілінің ауызша формасында іске асады.
Ауызша сөйлеу барысында сөйлеуші алдына қандай мақсат қойса да, ол қашанда тыңдаушы реакциясын күтеді. Бұл тағы да коммуникативті процесті сөйлеуші интенциясы мен тыңдаушы реакциясымен санаса отырып зерттеу керек екенін нақтылай түседі. Сөйлеуші өзі үшін ғана емес, басқалар үшін сөйлейді.
Ауызша сөйлеуде тілдің қатысымдық қызметі айқын көрінеді. Демек, бастауыш мектеп оқушыларына ауызша сөйлеу мен жазбаша сөйлеуді үйрету. Үйрету барысында тәжірибеде дәлелденген әдістемелер мен олардың негізін талдау. Оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, ең тиімді жолдарын ұсыну.
Зерттеу нысаны:
№162 мектеп-гиназия. Бастауыш сынып оқушылары. Сөйлеу тілі (шет тілі: ағылшын)
Зерттеу пәні:
Шетел тілі оқыту әдістемесі
Курстық жұмыстың мақсаты: Әрқашанда дұрыс, нақты, айқын, түсінікті сөйлеу маңыздылығын, ойды нақты жеткізе білу және сөйлеу объектісіне деген қатынасыңды бейнелі және эмоциялық бояумен білдіруді үйрету жолдары. Оқушының сөйлеу шеберлігін дамытып, дұрыс сөйлеуге кажетті машықтарды үйренуге, сөйлеу мәдениетін жетілдіру мүмкіндік қарастыру. Жазу сауаттылығы мен дағдысын жетілдіру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Ауызша сөз түрлерін қарастыру;
Ауызша сөйлеуге үйретудің негізгі әдістерін таңдау;
Жазбаша сөз түрлерін анықтау;
Жазбаша сөзге үйретудің негізгі әдістерін ұсыну.
Жазбаша сөйлеуге үйретудің негізгі әдістері
Зерттеу болжамы
Егер ауызша және жазбаша сөйлеудің тиімді әдістерін қарастыратын болсақ, онда бала оқытуда, шетел тілін меңгертуде нәтижелі жұмыс атқара аламыз. Ауызша сөйлеу мен жазбаша сөздің дағдыларын дамытып, мақсатқа негізделген оқумен қамтамасыз етеміз.
Зерттеу әдістері: Жинақтау әдісі, синтездеу әдісі, эвристикалық әдіс.

Курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұны:
Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады.

І ТАРАУ АУЫЗША ТІЛ

Ауызша сөз түрлері

Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөйлеу формалары арқылы жүзеге асып отырады. Пікір алысудың нактылы мақсаты мен жеке жағдайларына қарай сөйлеу түрлі ерекшеліктермен көрінеді. Осы айтылғандар тұрғысынан сөйлеу бірнеше түрлерге белінеді. Алдымен сыртқы және ішкі сөйлеу болып үлкен екі топка жіктеледі.
Сыртқы сөйлеу ауызша (бұл тілдің ең көп және кең тараған түрі) және жазбаша сөйлеу болын, ал ауызша сөйлеудің өзі диалог және монолог.
Ағылшын тілін үйренудің бастапқы кезеңінде монолог және диалог сөзге үйрету. Сөйлеу өзінің мәні жағынан мұндай шектеу біршама жасанды болады. Диалог сөз тілдесімнің негізгі формаларының бірі.
Диалог сөзге оқыту:
А)диалог-үлгіні пайдаланумен;
Б) адымдық құрастыру негізінде;
В) тілдесім жағдаятын жасау арқылы жүзеге асады.

Жағдаяттың әрбір түрінің анықтамасы екі тұрғыда - оған тілдік
А) дедуктивтік (диалогты бірнеше диалогтық бірліктерден тұратын кешен.)
Б) индуктивтік (диалогтың элементтерін меңгеруден оны өз бетінше жүргізу.
Кодоскоп, баспа мәтін мен күрделендірілген мағынасы ашылмаған жағдаят берілген
Ауызша сөйлеудің ең қарапайым түрі диалог, яғни қандай да бір мәселені бірлесіп талдайтын және бірлесіп шешетін әңгімелесушілердің әңгімесі болып табылады. Ауызша сөйлеуге репликалар, әңгімелесушінің жекелеген сөздері мен фразаларын қайталау, сұрақтар қою, толықтырулар, сөйлеушіге ғана түсінікті намектарды қолдану, әр түрлі көмекші сөздер мен сұраулар тән. Бұл сөйлеудің ерекшелігі әңгімелесушілердің өзара түсінісу дәрежелеріне, олардың өзара қатынастарына тәуелді.. Жабырқау, қуанған, қорыққан, ашуланған, таңданыс үстіндегі адам тыныш күйде болған кезіндегідей сөйлемейді, тек басқа интонацияларды ғана емес, сондай-ақ, басқа сөздерді де жиі қолданады.
Диалог түрлері

Диалог сөзді оқыту әңмілесушінің репликасына жауап қатуды үйретуден басталады.
P1 - Anton Pavlovich
P2 - His name is Anton Pavlovich.
P3 - I don`t know.
P4 - I don`t know what his name is.
Немесе мұғалімнің It`s a fine day today реплика-стимулына
P1 - Oh, yes. It`s great.
P2 - Not very.
P3 - It sure is.
P4 - I can`t say so. It`s windy. Etc.
Бұдан әрі ынталандырушы репликаларды балалардың өздері береді, ал жолдастары
P1- What seasons do you like, Maria Ivanovna?
T - I like spring. It's warm. The sun
Жауап қатуға үйрету формальды және коммуникативтік бағытта болмауы үшін
Do you like to play badminton?
Yes, I do.
Саn you play іt well?
Yes, I саn.
Did you play іt іn summer?
Yes, I did.
Іs it difficult to play іt?
No it isn`t.
Will you teach me to play іt?
Yes, it`s my pleasure.
Ауызша сөйлеудің екінші түрі - монолог, мұнда бір адам оны тыңдап отырған екінші адамға немесе көп адамдарға қарап сөйлейді: бұл мұғалімнің әңгімесі, оқушының жауабы,баяндама және т.с.с. монологтық сөйлеудің үлкен композициялық күрделілігі бар, ойдың аяқталуын, грамматикалық ережелерді қатаң сақтауды, монолог айтушының айтқысы келгендерінің қатаң логика мен жүйелілікпен баяндалуын талап етеді. Монологтық сөйлеудің диалогтық сөйлеумен салыстырғанда үлкен қиындығы бар, оның развергнутое формасы онтогенезде кешірек дамиды. Еркін, қиындықсыз әңгімелесе алатын, бірақ монологтық сипаты бар ауызша хабарлама жасауда (баяндама, т.с.с.) алдын-ала жазып дайындалған мәтінге жүгінетін адамдардың кездесетіні кездейсоқ емес. Бұл көбінесе мектеп оқытушыларының оқушылардың бойында монологтық сөйлеуді қалыптастыруға байланысты жұмыс жүргізуге жеткілікті көңіл қоймағандықтарының салдары.

Ауызша сөйлеуге үйретудің негізгі әдістері

.
Адамның өмірінде сөйлеудің маңызы өте зор. Ол сөйлеу арқылы өз ойын айтып жеткізеді және біреудің ойын ұсынады. Ауызша сөйлеу адам арасындағы қарым - қатынасты атқарады.
Біреудің дыбыстауынан құлағымызға жеткен сөз ауызша сөйлеу деп аталады. Ауызша сөйлеуде кеңістік және уақытқа байланысты біреу шектеулер болады. Әдетте, әңгімелесушілер бірін - бірі көріп тұрады немесе дауыс жететіндеу алшақтығы болуы мүмкін. Сөйлеуге үйрету монолог және диалог түрінде іске асырылады.
Оқушы өзіне тиісті пәндерді жан - жақты меңгеріп алғысы келеді және де шетел тілін жетік меңгеруі арнайы әдебиеттерді оқығанда оған баға жетпес көмегін көрсетеді. Шет тілінде ауызша сөйлеуге үйрету барысында оқушыларды сөйлеу әрекетінің екі түріне үйреткен жөн. Олар түсіне отырып тыңдау және сөйлеу. Бұлардың әр қайсысы өзіне тиісті жаттығуларды жүргізуді талап етеді.
Ауызша сөйлеу әдістемесін суреттеуге келгенде ауыз екі тілде ойдағыдай сөйлеудің төмендегі негізгі шарттарын ескергеніміз жөн:1) Ауызша сөйлеудің монологты және диологты формалары оқытудың барлық кезеңдерінде қатар жүреді; 2) Тілді меңгеруге кешенді түрде ықпал ету жүзеге асырылады; яғни бұл ауызша сөйлеу мен оқытуға бір мезетте үйрету, тілдік және сөйлетуге арналған дайындық жаттығуларының жүйелі түрде орындалуы;3) қосымша оқыту құралдарының жиі жиі қолданылуы; 4) лингафонда, компьютерлі кабинеттерде ауызша сөйлеуге бағытталған жаттығуларды кең көлемде қолдану.
Оқушылардың ағылшынша сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін сөйлеудің дұрыс үлгісін көрсету керек. Оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін: сөзді, сөз тіркестерін дұрыс айтуға үйрету, мәтінді, өлең сөздерді айтқанда дауыстың анық болуын қадағалау, сұрақтарға жауап беру, дұрыс сөйлеуге үйрету, сұрақ қоя білу мен әңгімені бастау, жалғастыру, аяқтай білу қабілетін қалыптастыру сияқты жұмыстар қатар өрбіп отырады. Сондай ақ берілген мәтіннің мазмұнын айту мен сөйлеу үлгілерін сауатты түрде құрастыра білуге, диалог арқылы сұхбаттасу сияқты жұмыстар кеңінен жүргізіледі. Осындай жұмыс кең түрде жүрген тұста оқушының сөйлеу ерекшелігі күннен күнге дамып, жан жақты артып отырады. Мұнда мәтіндерді көбіне оңайдан қиынға қарай өрбіткен мұғалім үшін ыңғайлы
Ағылшын тілін бастауыш мектепте оқытудың шарттарын ескере отырып, оқушылардың мектепті бітіргеннен кейін де шетел тілінде сөйлеп, оқып түсіне білу қабілеттерін қалыптастыруға мектеп қабырғасында мән берілуі тиіс. Оқушыларды шетел тілінде сөйлеуге және кітап арқылы жұмыс жасауға баулу қажет. Шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеруге үйреткенде оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулып, алған білімін, икемділік дағдыларын жаңа жағдайларға тап болған кездерде шығармашылықпен қолдана білуге машықтандыру көзделеді. Осы мақсатпен анықтама әдебиетерді пайдалана білу, мәтін мазмұнын өз бетімен түсінуге бейімделу және одан түйгенін қысқаша етіп қағазға жазып алу, шағын хабарлар дайындау және өз пікірін айтып, баға беру сияқты әрекеттерге дағдыландырудың маңызы зор.
Ағылшын тілін оқытудағы оқушының өз сөзін жоспарлай білу икемділігін, мәтін мазмұны мен ағылшын тілін үйрету құралдарын ұштастыра отырып, сөйлеу этикасын пайдалана алуын талап етеді. Оқушылар басқа халықтардың тұрмыс тіршілігімен олардың көрнекті өкілдерінің өмірімен алынған деректермен, бұл халықтар тарихының эпизодтарымен, мәдени ескерткіштерімен, көрікті жерлерімен танысады. Оқулық, оқу кітаптары, газеттегі қарапайым мақалалар арқылы оқушылардың шетелдегі адамдардың өмірімен танысуы олардың жалпы білімділік ой өрісін кеңейтеді. Оқушылардың жан жақты дамуы және олардың тұлға ретінде қалыптасуы үшін тілдік материалмен жұмыс істеу сипаты мен сөйлеу біліктілігінің елеулі мәні бар. Шетел тілі құралдарымен (лексикалық, грамматикалық, фонетикалық) және сөйлесу іс әрекетінің негізгі түрлерімен қарулана отырып, оқушылар танымдық белсенділік, дербестілік көрсетуі, қорытынды жасай алуы маңызды болып табылады.
Сөйлеуге тыңдап түсінусіз үйрену мүмкін емес. Шетел тілін меңгеруде тыңдап түсіну қабілетін дамытудың алар орны ерекше.
Ауызша сөзді түсіну адамның естіген сөздердің мағынасына талдау жасап, аяқталған ойды білдіруіне, ойша жинақтау қабілетіне байланысты болады
Тыңдап түсінудің негізгі топтарына мыналар жатады:
А) тыңдап түсіну дағдылары (мәтіннің грамматикалық және морфологиялық формаларын тани білу);
Ә) сөздерді және сөз тіркестерін түсіне білу қабілеті;
Б) дыбыстарды, дауыс интонациясын ажырата білу;
Тыңдау процесі есту қабілеті механизмімен тығыз байланысты. Есту, тыңдау қабілетін техникалық құралдар көмегімен жаттығулар жасау арқылы дамытуға болады. Логикалық түсіну механизмі талдау процесінде күрделі болып саналады.
Ауызша сөйлеуге үйрету - шетел тілім оқытудың ең қиын аспектісі болып салалатындықтан, ең негізгі мақсат - естігенін түсіне білуге үйрету.
Түсінуге тексерудің ең басты бөліктерін - сурет арқылы, екіншіден - жазбаша жауап беру арқылы жүргізуге болады.
Сурет арқылы үйрету кезінде қажетті суретті таңдау - алдымен айтылған фразаға, диалогқа, мәтінге, әңгімеге, одан соң тыңдалған материал мен суреттегі айырмашылықты табуға байланысты болады.
Шетел тілін аудармасыз түсінудің тағы бір жолы үнтаспа арқылы әртүрлі бұйрықтар беріп, орындату. Оқытушы дұрыс,не бұрыс екенін қадағалайды. Бұйрықтарды тек бұйрық рай түрінде берумен қатар әртүрлі нұсқаулар түрінде де беруге болады.
Мысалы: "When Tom walks to the window, John will write Kate's name on the blackboard" Мұндай бұйрықтар тыңдаушылардың қызығушылығын тудырады және сөздерді, шетел тілінің грамматикалық формаларын есте сақтауға көмектеседі.
Фонетикалық және грамматикалық құрылымдарды тыңдау арқылы салыстыра және ажыраты білуге арналған тапсырмалардың мұндай түрлерін бірте-бірте күрделендіруге болады.
Диалогты, әңгімелерді, мәтіндерді тыңдау шетел тілін түсініп үйрене білудің ең қажетт бөлігі болып табылады. Тыңдауға арналған мәтіндер оқылған тілдік материалдар негізінде құрылады. Оның ішіне 3-4% таныс емес лексикалық материлдар қосуға болады. Алғашқы рет тыңдауға арналған мәтінге жіберілген уақыт 1-1,5 минут көлемінде болуға тиіс. Төмендегі мәтінді мысал ретінде алуға болады:
My friend Bill is a geologist. He does not stay in town in spring and summer. He goes on expeditions. There he lives in a tent and cooks his own meals. He thinks he is a very good cook and when he comes back to town he tries to teach his wife and mother in low the art of cooking. He tells everybody that canned meat and porridge are the best dishes. His wife in his opinion spends too much time on cooking. So he does not let her stay in the kitchen.
Neither his wife nor his mother in low contradicts him, for he never stays long at home.
When he lives his children are sorry to part with him but they are glad that grandmother will cook their meals again.
Тыңдаған әңгіме бойынша төмендегідей жұмыс түрлерін орындауға болады:
Жазбаша жоспар құру, мәтінге ат қою, сөз тіркестерін жазу.
Ауызша мәтінннің қысқаша мазмұнын беру, толық мазмұнын беру. Жұмыстың мұндай түрі шетел тілін тыңдап түсіне білу мен сөйлеуге үйретеді. Шетел тілін тыңдап түсіне білуге үйрену үшін тек ұнтаспа ғана емес, сонымен бірге видео-фильм және диафильмдердің көмегіне сүйенуге болады. Шетел тілінде тыңдап түсіну қабілеттері дамып жетілгеннен кейін, радиобағдармаларды тыңдауға немесе көркем және деректі фильмдерді көрсету арқылы оқушылардың білімдерін нығайтуға болады.
Түсініп тыңдау жұмысы кезінде естіген хабарды қаншалықты түсінгендігі тексеріледі. Онда шағын мәтін немесе сөйлемдер оқылып, тыңдату, мәтінді қайталап тыңдау арқылы екі-үш сөйлемнен мәтіннің мазмұнын айту, сипаттама беру, жаңа сөйлемдер құрастыра білу сынды жұмыстарды жан - жақты жүргізген туста істің нәтижелі болатынына көз жеткізе аламыз. Түсініп тыңдау деңгейде жан-жақты жүргізіліп, естіген хабарды қаншалықты түсінгендігі тексеріледі.
Шағын әңгіме, үзінді, мақала мазмұндары оқылып, түсініп тыңдау мәтінді екі рет тыңдау арқылы екі - үш сөйлеммен мәтіннің мазмұнын айту жұмыстары жүргізіледі. Жұмыс барысында сипаттама беру, мәтін бойынша жоспар құру, сұрақ қол білу сынды жұмыстар тіл дамыту жұмыстарына негіз бола алады.
Оқушылар өздері оқығандары мен тыңдағандарының ішінен оқиғаларды және фактілерді тауып, соған өздерінің қөзқарасын қысқаша айтып берулері тиіс. Олар өз пікірін айту үшін мәтінді жоспар жазбаларын пайдалануына болады.
Шетел тілінде тыңдағанын, естігенін түсіну біліктілігі басқа кісілермен сөйлесуге, тілдік қарым-қатынас жасауға қажетті жағдайлар тудырады. Шәкірттер тыңдап түсінуге арналған аутентті мәтіндермен түрлендіре жұмыс істеуге, сөйлеуге одан ары қарай жаттығады, баяндамалар жасайды.
Ауызша сөйлеуді дұрыс жолға қою үшін ең әуелі оқушылардың шетел тілінен сөз қорын дұрыс жинақтауына көңіл бөлу керек. Оқушылар әр сабақта өтілетін жаңа сөздерді жазып алып, жаттауы міндетті. Тіл үйренуші мектептегі сабақта тілді қалай үйренудің, қалай сөйлеудің жолдарын үйрене, үйде, сабақтан тыс кезде көп оқыса білімі сөйлеу дағдысы бай болары сөзсіз. Мектеп мұғалімі шәкірті жақсы сөйлесін десе оқушылардың екеуара сөйлесуіне көп көңіл бөлгені жөн. Пәнді жақсы меңгеріп келе жатқан оқушы мен үлгерімі төмендеу оқушыны нашар үлгерімді баланың айтқанын түзеп, көмектесіп отырады.
Ауызша сөйлеуге баланы дұрыс жаттықтырудың тағы бір түрі үйренген матрериалды жаңа материалға ауыстырғызып дағдыландыру. Өтімен материалды, сөздерді бала түрлі ситуацияға байланысты өзгерте отырып қолдануға дағдыланса сөйлеу қабілеті мығымдала түседі. Оқушылардың білімін бағалағанда мұғалім бірден Сен төртке білесең, Сен екіге білесің деп бағаламауы тиіс, оқушылардың сөзінең қандай деңгейде болғанын сөзбен бағалап, содан кейін ғана баға қою керек. Тәжіребесі мол мұғалім сөйлеуге үйрету барысында сөйлеуге бейім тұратын және сөйлеуге аса ұмтылса қоймайтын міңезі ауыр балалар болатынын да ескертгені дұрыс болады.
Ауызша сөйлеуге үйрету үшін қажетті ситуацияларды мынадай жолдармен жасауға болады:
А) Көз алдыңа елестетіп көр және қиялдап кор деген сияқты т.б. тапсырмалар арқылы ситуациялар құру.
Ә) белгілі бір ситуацияны жасайтын сурет немесе ситуацияны дамыта, күшейте түсетін суреттер тізімін қарап, соның көмегімен сөйлеу;
Б) Оқушыны қоршаған орта күнделікті өміріндегі болып жатқан жағдайына ұқсас, сәйкес келетін нәрселерді сипаттау. Ситуацияны бұлайша шектеу оны оқушыны ойландыратын тапсырмаларға айналдыруға мүмкіндік береді.
Ғалым И.В. Рахманов заттық ситуация мен қарым - қатынасқа байланысты ситуация бөліп қарау керек деген пікір айтты. Ол негізінде осында ситуациялардың тақырыптарымен бірге бағдарламаға енгізуге ұсынған болатын. Заттың ситуациялар оқушылар өз жанұясын, үй-емін т.б. өзіне жақын нәрсені суреттегенде пайда болса, қарым- қатынас ситуациялары шәкірт бір нәрсеге, біреуге өзінің жеке қозқарасын, қатысын білгенде жасалынады. Бұңдай ситуациялар бір нәрсе жайлы ойлап, өз ойын білдірісі келген жағдайда құралады. Сабақта әсіресе қарым-қатынас ситуацияларын пайдалану, практикалық міндеттерді:
Шетел тілінде сөйлеуге, қарым-қатынас тіліне үйретуде оқушыларды, әсіресе, өз бетімен жұмыс істеуге, өзі ізденіп білім алуға дағдыландыруы керек. Бұл қазіргі уақыт талабы. Сонымен оқушының шаршауын сейілтіп, қызығуын арттыратын сабақ арасындағы ойын түрлері үлкен роль атқарады. Ойындар сабақтың тиімділігін, сапасын арттырумен бірге оқушының оқу белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамытады. Сондай-ақ ойын оқушының сөйлеу қабілеті әрекетін тездетеді, танымын күшейтеді. Осы тұрғыдан ойын оқушының жас ерекшелігімен мүмкіншілігіне сай және тәрбиелік, дамытушылық мәні зор болуы тиіс. Ойнау арқылы оқушының сөйлеуге деген ішкі жан дүниелік ынтасы, іздену дағдысы қалыптасады.
Ойын түрлерін пайдалану арқылы жаңа материалды жеңіл де тиянақты, нақты түсіндіруге, меңгеруге жағдай жасалып, ол оқушының санасында берік сақталатын болады. Ойын түрін қолдану оқушыға ерекше әсер етеді, оны дұрыс жоспарлау қажет. Сынып оқушылары оған түгел қатынасуы шарт. Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын түрлері болып табылады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді,іздендіруге дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.
Ағылшын тілінде ойын түрлерін мынадай мақсаттарда қолданған дұрыс:
1.Әліпбиді дұрыс меңгерту;
2.Орфографияны дұрыс оқыту;
3.Оқу дағдысын қалыптасыру;
4.Лексиканы меңгерту;
5.Грамматикалық құрылымды меңгерту;
6. Оқушының ойын дамыту, дұрыс жазу, дұрыс айту, дұрыс оқи білу дағдыларын қалыптастыру.
Таңдап алынған ойындар оқушылардың сөз байлығын, тіл қорына сай болу керек.Мұғалім кез- келген ойынды өткізу үшін алдын-ала жоспар құрып алуы керек. Тиімді пайдаланған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап берік меңгеруіне көмектеседі.
Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады.
Сонымен бірге сынып ішінде ойнайтын ойындар мен іс-әрекеттер арқылы да оқытуға болады.Біз сынып ішінде ойындарынды қашан қолдануымыз керек.Мысалы сабақ үстінде жаңа сөздерді қайталау үшін,отілген жаңа сабақты еске түсіру үшін қолданған жөн.
Сынып ішінде мынадай ойындарды ойнауға болады:
What's in the bag?
Around the world
Board Race
Order Race
Question race
Bingo
Go fish
ойындарын қолдануға да болады. Бұл ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне көп көмектеседі.
Ойындар оқушылардың танымын, ақыл - ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып,олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді,әрі пысықтауды көздейді.Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта - ықылыас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін,ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.
Ойын сабақтың әр кезеңдерінде, тақырыбына қарай мұғалім өзі таңдап алып, қолданып отырады. Сондықтан осы жобадада тілді меңгерту мақсатында сабақта қолданылатын түрлі ойындармен таныстыра кетуді жөн көріп отырмын.
1.What's in the bag? Сумкада не бар? ойыны.
Мұғалім алдымен балаларға бір сумка алып келеді. Балалардан сұрайды. Балалар сумкада не бар? Балалар ішінде дәптер, қалам, кітап бар деп айта бастайды. Мұғалім бұл ойынды сабақ соңында қолданса болады. Әсіресе жаңа сөздерді еске түсіру үшін қолдануға болады. Мұғалім сумканың ішіндегі заттармен таныстырады.Сумкада не бар? Мұғалім оқушылардан What's this? Сұрағы арқылы затты көрсету арқылы сұрайды. Мысалы: Pen, copybook, pencil, ruller, rubber деп көрсетеді. Сосын оқушыларға жеке-жеке қайталатады.Сөздерді ұмытпау керек. Сосын оқушыларға сумка ішіндегі заттарды таратып беріп,оқушылардан осы заттарды мына сұрақ арқылы сұрауға да болады.Мысалы: Who has a pencil? Who has a ruller? Жауап бергенде оқушылар кімде екенін табу керек.Оқушылар тапса Janatbek has a pencil деп табу керек. Бұл ойын оқушының cабаққа деген қызығушылығы артып, сөздік қорлары молайып, есте сақтау қабілеті артады.
2.Board race Тақта сайысы ойыны
Бұл ойынның шарты:
Мұғалім оқушыларды екі топқа бөліп,ойынның ережесімен таныстырады.Бұл ойында мұғалім түстер,сандар,сөздер айтады сол айтылған сөздерді,сандарды оқушылар қатесіз жазу керек.Келесі оқушы әрі қарай жалғасын жалғастырып отырады.Соңында оқушылардың жазғанын тексеріп қателерін жөндеп қай топтың жеңгенін анықтайды.Мысалы:
P-1 P-2
Red Red
Ten Тen
Stone Stone
Winter Winter
Book Book
Осылай рет-ретімен оқушылар жалғастырып болған соң қателерін жөндеп қай жақтын жеңгенін айтады. Бұл ойында оқушылар шапшаңдықты, дұрыс жаза білуді,есте сақтау қабілеттері артады.
3.Question Race Сұрақтар сайысы
Бұл ойынның шарты:
Мұғалім сол сабаққа қатысты сұрақтар қойылады. Осы сұрақтар оқушыларға таратылып беріледі. Оқушылар сол сұрақтарға дұрыс жауап беру керек. Мысалы жыл мезгілдерін өткен кезде суреттер арқылы да мынадай сұрақтар арқылы қолдануға болады.
1.How many seasons are there in a year?
2.What are they?
3.How many months are there in a year?
4.What are they?
5.What season is it now?
6.What month is it now?
7.How many days are there in a week?
8.What are they?
Осы сұрақтар арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеттері артып,сөздік қорлары молайып,сабаққа деген қызығушылығы арттырудың өту барысының жоспарын жасау.
Оқушының ойынға белсенді қатысуына қарай еңбегі бағалануы қажет.
І. Алфавитті дұрыс меңгеру үшін барлық әріпке карточкалар жасалады. Мысалы карточкалардағы сол әдіптен басталатын аңдардың суреттерін салуы. Бұл ойында оқушылар әріптермен қатар аңдарын аттарын қоса жаттап, әріптерді әліпби тәртібі, ретімен қойып үйретеді.
ІІ. Орфографияны дұрыс оқытуда алдыңғы сабақтармен байланыс ретінде Сөздіктен сөзді тап сөзжұмбақтары шешіледі. Тақтаға шыққан оқушы қате жіберсе, қалғандары дұрысғ керекті әрңптерді айтады. Оқушылардың тіл дамыту жұмысын осылай ауызша, жазбаша екі бағытта жүргізу. Олардың тілін дамытуда көрнекіліктің алатын орны ерекше.
ІІІ. Лексиканы меңгертуде төменгі сыныптар үшін ойынға қажетті материал: карточкада бірінші басталатын әрпі жоқ сөздер жазылады. Ойынның мақсаты-сөздің бірінші әрпін тауып жазу.
ІҮ. Дұрыс оқу дағдысын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауызша сөз түрлері
Ауызша сөзге үйрету
Орта деңгейде ағылшын тілінде ауызша сөйлеуді дамыту
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ЕРКІН СӨЙЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ
ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ
1-сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі
Шетел тілдеріне оқытудың құралдары
Ауызша және жазбаша сөйлеуге үйрету
Шет тілін оқытудың ұстанымдары және мазмұны
Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы және оның зерттелуі
Пәндер