Ауызша сөзге үйрету


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Курстық жұмысыТақырыбы: Ауызша сөзге үйрету
Жоспар
Кіріспе
І ТАРАУ. Ауызша тіл қарым -қатынас құралы
- Ауызша сөйге үйретудің маңыздылығы, мақсат-міндеттері
- Ауызша сөз түрлері
ІІ ТАРАУ. Ағылшын тілінде ауызша сөзге үйрету жолдары
2. 1. Монолог және диалог сөзге үйрету
2. 2. Ағылшын тілін оқытуда ауызша сөйлеуге үйретудің жолдары
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ұсыныстар
Жұмыстың мазмұны:
Жоспар
Кіріспе . . . 4
І Тарау. Ауызша тіл қарым -қатынас құралы
- Ауызша сөйге үйретудің маңыздылығы, мақсат-міндеттері . . . 6
- Ауызша сөз түрлері . . . 13
ІІ Ағылшын тілінде ауызша сөзге үйрету жолдары
2. 1. Монолог және диалог сөзге үйрету . . . 16
2. 2. Ағылшын тілін оқытуда ауызша сөйлеуге үйретудің жолдары . . . 23
ІІІ Қорытынды . . . 34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 36
Ұсыныстар . . . 37
Ғылыми аппарат
Зерттеу жұмысының өзектілігі
Ауызша тіл тыңдаушылардың болғанын қалайды. Сөйлеуші мен тыңдаушы бірін-бірі естіп қана қоймайды, ауызша тіл айтылған ойдың қалай қабылдануына тікелей тәуелді болады. Ауызша сөйлеу тілінің құрылымы сауатты түзілген болуы керек. Айтылған ойдың мағынасы қарапайым, әрі қысқа беріліп, көрермендердің тез, әрі оңай қабылдауларына мүмкіндік жасалуы тиіс. Демек, бастауыш мектеп оқушыларына ауызша сөйлеуді үйрету мен қатар, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу. Оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, психо-физиологиялық ерекшеліктерді ескеру арқылы ауызша сөйлеу тілін үйрету қажет.
Зерттеу нысаны
Бастауыш сынып оқушылары, сөйлеу тілі (шет тілі: ағылшын)
Зерттеу пәні
ағылшын тілі, шетел тілін оқыту әдістемесі
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Әрқашанда дұрыс, нақты, айқын, түсінікті сөйлеу маңыздылығын, ойды нақты жеткізе білу және сөйлеу объектісіне деген қатынасыңды бейнелі және эмоциялық бояумен білдіруді үйрету жолдары. Оқушының сөйлеу шеберлігін дамытып, дұрыс сөйлеуге кажетті машықтарды үйренуге, сөйлеу мәдениетін жетілдіру мүмкіндік қарастыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері :
- ауызша сөйге үйретудің маңыздылығы, мақсат-міндеттері;
-ауызша сөз түрлері;
- монолог және диалог сөзге үйрету;
-ағылшын тілін оқытуда ауызша сөйлеуге үйретудің жолдары.
Зерттеу жұмысының болжамы
Егер сөйлеу тілін үйретудің тиімді метологиясын (жолдарын) анықтайтын болсақ, онда бала оқытуда, шет тілін меңгертуде нәтижелі жұмыс атқара аламыз.
Зерттеу әдістері
Жинақтау әдісі, синтездеу әдісі, эвристикалық әдіс.
Курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұны
Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады.
Кіріспе
«Сөйлей білу - адамдарға табиғаттан берілген жан дуниенің күші, соның арқасында ол өзге тірі ағзадан ерекшелінеді. Оның көмегімен ғылым мен өнерді тани алады . . . Ол - ойды білдіретін аспап, » - деп Әбу Насыр Әл - Фараби айтқандай сөйлеу өмірдегі ең негізгі ерекшелік. Сөйлеу баланың мәдени дамуында ең басты рөлді атқарады. Әлі күнге дейін баланың сөйлеу мәдениетіне көп мән бермейміз. Алдымен балаға ана тілі ең қажеті, қосалқы тіл ретінде шетел тілін үйренуі қажет. Мысалға, алатын болсақ орыс, ағылшын, неміс, қытай және тағы да сол сияқты көптеген тілдер. Қазіргі таңда шет елмен қарым - қатынастың қарқынды дамыған кезеңі. Мемлекет жүйесінің өзі шетел тілін қарқынды қажет етіп отыр. Қазақ халқында «тіл білген жерде қалмайды, » деген нақыл сөз бар. Әрбір адам баласы мүмкіндігінше тіл үйренуге тырысып жатыр.
Адамның қоғамдық болмысы жан - жақты әрі көп деңгейлі аралық қатынастардан құралады. Ал осы қатынастар арасында өзінің ерекше мәні мен құрылымы жағынан танылатын құбылыс - бұл ауызша сөз. Тілдесу барысында адамдар өзара әрекеттік байланысқа келіп, тұрмыс - еңбек тәсілдері мен нәтижелерін, әрекетке орай туындаған болжамдар мен идеяларын, ниеттерін, қызығулары мен сезімдерін және тағы да басқа өзара бөліседі, алмасады.
Тілдестік қатынас біршама дербес құбылыс ретінде қабылдануымен, субъект белсенділігінің ерекше бір формасы ретінде көрінеді. Тілдесу қызыметінің нәтижесі - өзгертілген, болмаса қайта жасалған дүниелік не идеялық өнім емес, ол адам мен адамның, адам мен қакуым арасында орныққан байланыс қатынасы. Бұл ретте әңгіме тек бірдің екіншіге бағытталған жай әрекеті не оның ықпалы жөнінде емес, ал өзара бір - біріне болған әсері туралы. Тілдесу үшін міндетті түрде әрқайсысы өз алдына субъекттік мағынаға ие ең кемінде екі адам болуы қажет.
Ауызша сөйлеуде әр түрлі сазды үн шығады, яғни адамдар айтайын деген ойды бір-біріне үн арқылы жеткізеді. Сөйлеуде есту сезімі қатысады. Ауызша сөйлеу интонациялық құбылмалыққа өте бейім тұрады. Интонация деген ұғымға сөйлеу темпі, сөйлеу сазы, дауыстың құбылуы, екпін т. б. енеді. Адамның сөйлеу әрекеті оның көптеген психологиялық үрдістерімен (қабылдау, ерік, сезім т. б. ) тығыз байланысты. Сондықтан эмоционалды бояу басым болады. Ауызша сөйлеуде бет-жүзді құбылту, ым-ишара жасау және басқа да дене қимылдарымен толықтырылады. Сондай-ақ аффективті элементтер қолданылады. Сөйлеу диалог және монолог түрінде келеді.
Ауызша тіл - дыбысталып айтылатын тіл және бұл жерде ой білдірудің құралдары мен фонетикалық жүйесі қолданылады; ауызша тіл сөйлеу үрдісінде пайда болады; ауызша тілге сөзді суырып салып, табан астында айту шеберлігі мен тілдік ерекшеліктері тән.
Мәселен, лексиканы таңдаудағы еріктілік; қарапайым сөйлемдерді қолдану; әртекті сұраулы, лепті, жай сөйлем түрлерін пайдалану; қайталаулар; ойды қысқа түрде, толық мәнде жеткізуге болатындығы. Сөйлеуші өз сөзін табан астында құрап, ойын жүйелеп жеткізуі тиіс. Ол бір мезетте сөздің мағынасымен де, формасымен де жұмыс істейді.
Ауызша тіл тыңдаушылардың болғанын қалайды. Сөйлеуші мен тыңдаушы бірін-бірі естіп қана қоймайды, бірін-бірі көріп отырады, сондықтан да Ауызша тіл айтылған ойдың қалай қабылдануына тікелей тәуелді болады. Ауызша сөйлеу тілінің құрылымы сауатты түзілген болуы керек. Айтылған ойдың мағынасы қарапайым, әрі қысқа беріліп, көрермендердің тез, әрі оңай қабылдауларына мүмкіндік жасалуы тиіс.
Ауызша сөйлеу мәдениетін - жетілдіруде ең бастысы тұрмыстағы сөйлеу қатынасына ерекше көңіл бөлу.
Әрқашанда дұрыс, нақты, айқын, түсінікті сөйлеу маңызды, ойды нақты жеткізе білу және сөйлеу объектісіне деген қатынасыңды бейнелі және эмоциялық бояумен білдіру. "Ауру қалса да, әдет қалмайды" дегендей, күнделікті өмірде қате сөйлеуге үйреніп алсаңыз, қанша дайындалып, ескергеніңізбен көпшілік алдына шыққанда сол әдетіңізді қоя алмайсыз. Сондықтан күнделікті тұрмыстағы сөйлеу мәнеріңізге аса сақтықпен көңіл аударыңыз. Іскерлік әңгімелесулерге, кездесулерге, достарыңның арасында болатын әртүрлі мәселелерді талқылайтын пікірталастарға, пікірсайыстарға белсенді түрде қатысуға кеңес беріледі. Бұл адамның сөйлеу шеберлігін дамытып, дұрыс сөйлеуге кажетті машықтарды үйренуте, сөйлеу мәдениетін жетілдіруге мүмкіндік береді.
І Тарау. Ауызша тіл қарым -қатынас құралы
- Ауызша сөйге үйретудің маңыздылығы, мақсат-міндеттері
Ауызша тіл - адамдардың тіл арқылы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау әрекеті. Ойымызды басқа біреуге жеткізуде көрінетін жеке адамдың дербес әрекетін сөйлеу деп атайды.
Сондықтан да сөйлеудің әр түрлі коммуникативтік жағдайға сай ыңғайланған стилі болады. Сөйлеу стилі де қалыптасып көпшілікке ортақ болып келеді. Мұнымен бірге сөйлеу үстінде әр кісінің өзіне ғана тән (индивидуалдық) сөз жұмсауы, сөз тіркесі мен сөйлем құрау ерекшеліктері де болады. Бұл ерекшеліктер сөйлеушінің өз ойын әсерлі етіп немесе мәнерлеп айту талабынан туады. Тілдің дамуы, сөйлеудің жетілуі индивидуалдық творчествоға сүйенеді.
Сөйлеу - пікір алысу процесінде адамның тілді өзінше пайдалануы. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдау оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірін-сіз-бірі іске аспайды. Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт.
Біріншісі - сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі оның мәнерлілігі. Сөздің мәнерлігі сөйлеу интонациясы мен артикуляциялық аппаратқа тығыз байланысты. Ал сөздің мазмұны болмаса, ол өзінің сөздік мәнін жояды.
Сөздің мағыналығы дегеніміз - екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындылығы. Ойы таяз кісі бос сөзді болады, оның сөзі де айқын, таза болмайды.
Сөздің мәнерлігі дегеніміз - адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы. Ғұлама Жүсіп Баласағұн: «Ақылды көркі - тіл, тілдің көркі - сөз» деп тауып айтқан.
Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін екінші біреуді танып-білу, оған әсер ету үшін қызмет етеді. Сөйлеу интонациясын қабылдау кезінде артикуляциялық аппаратпен де адамның мәнерлі сөлеуі түрліше реакция тудырады. Мәселен, бұйрық интонациясы бойынша іс орындалса, тілек интонациясына келісу не келіспеушілік білдіріледі. Қазақ тілінде айтулы мақсатына қарай сөйлем хабарлы, лепті, сұраулы, бұйрық мәнін білдіреді. Ал оларды айту арқылы сезім, тілек, өкініш, қуаныш, бұйыру сияқты адамның. Әр түрлі психикалық көңіл-күйі сезіледі. Мәнерлі сөйлей алатын адамның дауыс интонациясы мен паузасы орнықты (сөз арасындағы кідіріс) болып қолайлы сөздермен сөз тіркестерін таңдап таба білушілік қабілеті оларға ілесіп отыратын кейбір ылмишараттарымен дұрыс қабысып келіп отырады. [15; 2]
Сөйлеу әрекеті - ми жарты шарларының талдау, жинақтау қызметінің нәтижесі.
Сөйлеу қабілетті - мидың анатомиялық функциясы байланысты болып келетіндігін мына мысалдан-ақ жақсы білуге болады. Егер оның сол жақ бөлігі зақымданса, адам сөйлей алмайтын жағдайға ұшырайды. Мұндай құблысты афазия деп атайды. Мұның екі түрі болады.
Бірі адамның сөйлеу органдары толық сақталғанмен ол сөзге түсінбей қиналып сөйлейді, тілі күрмеледі. Оған дыбыстау, үн шығару қиынға соғады. Афазияның енді бір түрінде адам өзі сөйлей алғанмен, басқа біреудің айтқанына түсінбейді. Мұнда ол кейбір заттардың атын ғана есіне сақтай алады. Мидың бір жеріне қан құйылу, оның тамырларының тығындалуы, жарақаттануы, қабынуы, ісуі т. б. - афазияның пайда болуына себеп болатын факторлар. Мұның емін дәрігерлер жасап отырады. Сөздік сигналдарды дұрыс талдай алу адам псикасының дамуында түрлі кезеңдерде көрінеді. Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөз арқылы жүзеге асады.
Оқу тәрбие ісінде ең қажетті мәселелер мұғалымның психологиялық жағынан дайындығы. Оқытуда мынадай психологиялық ерекшеліктерін меңгеру қажет болады: біріншіден, сөйлеу процесіндегі ерекшелік, екіншіден, жеке оқушының ана тілін меңгерудегі қабілеті ескеріледі. Сондықтан өзінің ерекшелігіне қарай психологияны жақсы білуі тиіс. Бала психологиясын сезіне білу жалпы педагогикалық бірліктілікке жатады. Онсыз балалардың оқуында болсын, тәрбиесінде болсын жеке басындағы ерекшеліктерді ажырата білу мүмкін емес. Баланың жасына, жеке басының ерекшелігіне қарай қарым-қатынас жасай білу дегеніміз оның жүрек сезіміне жол табу, оқуына, тәрбиесіне ықпал жасай алатын жұмыстың әдістері мен амалдарын белгілеу деген сөз.
Я. А. Коменский бала психикасын үшке бөледі:
1. Зерек бала
2. Ынжық бала
3. Тік мінез бала
Енді осыны алты кырынан көрсетеді
1. Білімге бейім, зерек бала.
2. Ынталы, бірақ шабан, момын балалар.
Оларды қамшыламаса, үнемі бақыламаса, өздігінен тыңдауы төмен.
3. Алғыр, тік мінез, өжет бала. Олар не көп пайда немесе зиян келтіреді.
4. Тапсырмалы орындағаш, білгісі келетін, білуге тырысатын, бірақ өте жай балалар. Оларды үнемі мадақтап, қолдау керек.
5. Қабілеті төмен, ешнәрсе қызықтырмайды.
6. мінезі бұзық, қытымыр балалар.
Тілдің қарым-қатынас қызметі жеке бірліктер түрінде емес, өзара хабар алысатын саналы әрекет түрінде жүзеге асатыны белгілі. Сондықтан тілдің әртүрлі деңгейіндегі тілдік бірліктердің ерекшеліктері, сөйлеудің коммуникативті түрлері, сөйлесімдер мен мәтіндердің коммуникативтілігіне негіз болып отыр. Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда берілетін білім мазмұны мен оқыту әдістерін жаңалау қажет ететіндігі айқындалды.
Ондағы мақсат оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізіп қана қоймай, өзара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орта мектеп білімнің негізгі мақсаты оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру. [16; 11]
Тіл дамытуда мынадай тілдік материалдарды пайдалануға болады:
а) Тіл дамыту жұмыстарын көркем-әдеби үлгілермен емес, таза «бала тілін» бақылау арқылы жүргізу.
ә) Тіл дамытуда газет-журналдардың, ресми іс-қағаздардың тілін пайдалану.
б) Тіл дамытуда көркем-әдебиет тілінен үлгі алу.
Тіл дамыту жұмыстарын үш салаға бөледі; 1. сөздікпен жұмыс; 2. сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс; 3. байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру жұмыстары.
Тіл - сыртқы дүние мен қоршаған орта туралы білім алу көзі. Пәнді оқытуда оқушылар ағылшын тіліндегі атаулармен, құбылыстармен танысады. Танысу ауызша және жазбаша түрде жүреді. Осы екі түрді меңгеру ағылшын тілін игерудің тәжірибелік мақсаты болып табылады. Яғни, оқушы ағылшын тілін ауызша және жазбаша түрде пайдалана білуі тиіс. Ағылшын тілін тыңдап түсіне білу және сөйлей білу ауызша түрге жатады. Жазбаша түрге тілдің жазбаша түрін пайдалана білу немесе жазу және ағылшын тілінде жазылған мәтінді оқи білу жатады. Тіл қатынас құралы, ол ауызша және жазбаша түрде жүзеге асады. Ауызша түрге: тыңдау, түсіну және сөйлеу әрекеті жатады. Жазбаша түрге: оқу және жазу әрекеті жатады. Тыңдау, сөйлеу, жазу және оқу дағдыларын қалыптастыру оқушының тілді ауызша да, жазбаша да жақсы меңгеруіне тікелей әсер етеді. Оқушы тілді жақсы меңгеру үшін осы төрт дағдының негізі берік қалануы керек. ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Жас ұрпаққа саналы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.
Білімді толық меңгерту технологиясының ғылыми негізін ашқан америка психологтары Дж. Кэррон мен Б. Блум болса, Россияда М. В. Кларкиннің еңбектері білімді толық меңгерту технологиясы бойынша оқушыларға бірдей уақыт мерзімінде, барлығына бірдей оқу бағдарламасын меңгерту қарастырылады. Сабақ процесінде жаңа сабақты меңгертуге көп уақыт жұмсалады да, оқығанды меңгеру нәтижесі тексерілмей қалады. Сабақтың түпкі нәтижесі негізгі шешімін таппайды. Психологтар Дж. Кэрралл мен Б. Блун бірдей қиындықтағы тапсырманы оқушылардың әр түрлі мерзімде орындауының себептерін анықтады:
• Қабілеті төмен оқушылар уақытты көп пайдаланғанның өзінде сабақты меңгеру дағдысына жете алмайды.
• Талантты балалар (небәрі 5%) басқалар орындай алмайтын жоғарғы қиындықтығы тапсырмаларды орындайды.
• 70% оқушы белгіленген мерзімде тапсырманы орындап үлгіретіндер.
Америка психологтары Дж. Кэрралл мен Б. Блум оқушыларды деңгейлік саралау барысында 3 деңгейді белгіледі:
1) минимальный (төменгі деңгей)
2) базалық (орташа деңгей)
3) шығармашылық (жоғары деңгей)
Осы үш деңгей бойынша мынадай қағидаларға тоқталады:
1) жалпы қабілетті - қабілетсіз бала жоқ, өз ісімен айналыспайды;
2) өзара сәйкестік, өзара жарысу басқа оқушыдай білмегенмен, іздені арқылы дамып жетіледі. [22; 4]
Деңгейлік тапсырмалар сынып оқушыларының жас ерекшеліктері мен білім қорларын ескеріп жасалады. Сонымен бірге мемлекеттік стандартта белгіленген білім беру қызметінің көлемі мен сапасы, жеке тұлға қалыптастыру талаптары жауап берсе, оқушының қызығушылығы мен бейімділігіне байланысты мүмкіндік деңгей жұмыстарын орындату арқылы әрі қарай дамыту жұмыстары жүргізіледі. Деңгейлік тапсырмаларды құру кезінде, 4-сынып оқушыларының физио-психологиялық ерекшеліктері ескеріліп, сөйлеудің түрлері қамтылды. Сыртқы сөйлеудің ауыз екі (бұл тілдің ең көп және кең тараған түрі) және жазбаша сөйлеу жұмыстары енгізіледі. Ауызша сөйлеудің диалог және моногол түрлері тапсырмада орындалады. Пікірлесудің қандай түрлері болса да сөйлеу кезінде сөз арқылы жүзеге асады. Ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі диалог сөйлеу болса, ол деңгейлік тапсырмаларды орындау кезінде оқушылар мынандай психологиялық ерекшеліктерімен байқалады.
а) диалогта сөз бөгелмей еркін айтылады, ойды кең жайып айтуды тілемейді;
ә) сөйлем ықшам келеді, сүйемелдеп айтуды қажет етеді, тек әңгімелесуші адамдардың өздеріне ғана түсінікті болады;
б) диалогтың қисындығы, мазмұны кемдеу болады;
в) диалог сөз кең түрде жоспарланбайды, кейде тіптен сөз айтпай, ым-ишаратпен де көрсетіле салуы ықтимал.
Ауызша сөйлеу - кезінде актив және пассив сөздер болады. Актив сөздер күн сайын жиі қолданылатын сөздер болғандықтан деңгейлік тапсырмалардың барлық түрлерінде кездеседі. Пассив сөздер сирек пайдаланылатын, мән-мағынасын түсінгенмен күн сайын қолданылмайтын сөздер болғандықтан, ол шығармашылық деңгей тапсырмаларында ғана кездеседі. Мәселен, ғылыми-техникалық атаулар, лингвистикалық, фонетикалық т. б. атаулар. Сөйлеудің ерекше бір түрі жазбаша сөз. Бұл арнаулы әдістер арқылы мектеп қабырғасына келгеннен кейін меңгеріледі. Жазбаша сөйлеу адамның сөйлеуінің біршама дамыған кезінде ғана пайда болады. Қолға қалам-қағаз ұстап жазып үйренгеннен кейін басталады.
Жазбаша сөйлеудің кейбір ерекшеліктері:
а) жазған кезде ым-ишара қолданылмайды;
ә) логикалық жағынан өте қатаң талап қойылады;
б) грамматикалық ережелерді сақтау қатаң ескеріледі;
в) жазған адам қатты зейін қойып, әр сөзін ойлап оған қажетті баламалар, мағыналы сөз тіркестерін іздейді. Бұл күрделі ой жұмысын қажет етеді.
Сөйлеудің жеке бір түрі - ішкі сөйлеу . Бұл тілдік материалдар негізінде дауысталмай - ақ сөйлей алудың көрінісі. Әр ұлттық өкілі қандай да бір нәрсе туралы ойласа да, алдымен өз тілінде ойлайды. Осындай кезде адам ішкі сөйлеуін пайдаланады. Мәселен, жиналыста сөйлейтін оқушы өзі іштей сөйлеп дайындалуы ықтимал. Сыбырлап сөйлеп дайындалуын да мүмкін. Ішкі сөйлеудің сыртқы сөйлеуге алмасуы экстериоризация деп аталады. Сөйлеуші бұл үшін жатығады. Сыртқы сөйлеуді ішкі сөйлеуге айналдыру - интериоризация деп аталады. Бұл мектепке дейінгі жастағы балаларда жиі кездеседі.
Сонымен оқушыға білім беру барысында сөйлеу тілінің дамуы үшін төмендегі жағдайларды қалыптастыруымыз қажет.
Біріншіден, тілі дамуы үшін бала міндетті түрде үлкен адамдармен сөйлеу қарым-қатынасында болуы шарт.
Екіншіден, үлкендердің сөйлегенін түсіну үшін баланың реакциясы болуы тиіс және оны эмоциялық түрде қабылдауы керек.
Үшіншіден, басқа адамдардың сөзін түсінуден баланың өзінің сөйлеу процесі өте кеш қалыптасады, сондықтан осыны ескеру қажет.
Төртіншіден, баланың сөйлеу тілінің жетілуі - оның өзінің сөйлеуінде тілдің грамматикалық және синтаксистік түрлерін дұрыс қолдана бастауы.
Сөйлеуге үйретуге арналған еңбектің ішіндегі құнды еңбектің бірі - В. Л. Скалкиннің «Өзге ұлтқа ауызша сөйлеу тілін үйретудің негізі» атты еңбегі. Бұл еңбек екі тақырыптық бөлімнен тұрады.
І. Бөлім ауызша тіл дамытудың қатысымдық, психологиялық және лингвистикалық негізіне арналып, мұнда ауыз екі тілді дамытудың клмпоненттері мен категориялары қарастырылады. Еңбектің ІІ бөлімі толығымен әдістемелік мәселелерге арналған.
Еңбекте ауызша сөйлеудің жалпы принциптері, лингво-әдістемелік негізі талқыланады және оқыту материалдарын сұрыптау, оны ұйымдастырудың, оқытудың әдістемесі, сонымен бірге сөйлеу мен тыңдауға арналған жаттығулар жүйесі берілген. Әсіресе, бұл еңбекте сөйлеуге үйретуге арналған жаттығуларды а) жаттықтыру жаттығуы, ә) қатысымдық жаттығу деп екіге бөліп, әрқайсысына жеке-жеке тақырыптық жаттығулар ұсынады.
Мәселен: қатысымдық жаттығуларды сұрақ-жауап; ситуациялық; мазмұндама; пікірлесу; ауызша мазмұндау; инициативтік жаттығу және ойын жаттығу деп бөліп берген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz